Наркоздың түрлері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

А) Жансыздандыруға алдын-ала дайындық (премедикация) және наркоздың өту сатылары.

Ә) Наркоздың түрлері.

Б) Жергілікті жансыздандырудың жіктелуі.

В) Ингаляциялық наркозға арналған дәрілер

Г) Ингаляциялық емес наркозға арналған дәрілік заттар.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Наркоз (грек. narkosіs - мелшию, ұйып қалу) - орталық жүйке жүйесіне арнайы дәрілер жіберу арқылы организмде жасанды түрде шақырылған терең ұйқы. Наркоздан кейін жануар есінен толық не жартылай айырылып, ауыру сезімін жоғалтып, тіндер жансызданады.

Анестезиологтар жіберілетін дәрінің мөлшерін аппарат (электрэнцефалограф) арқылы бақылап, тамырдың соғуын, қан қысымын өлшеп отырады. Өйткені науқастың организмі жіберілген дәріге реакция беріп, анафилакстік шок (естен тану) болуы не наркоз беретін түтік тыныс жолдарын жарақаттап, ауаның өтпей қалуы мүмкін.

ХХ ғасырдың басына дейін жануарларға операция жалпы жансыздандыру жасалмай жасалды. Қатты ауырсыну сезімінің нәтижесінде, мал мазасызданып, операция жүргізу қиындыққа соқтырған, сонымен қатар малда, оташы да қасындағы көмекшілері зақым алатын болған. Аурсыну сезімі қатты болғанда мал операциялық шокқа ұшырап, өлім жағдайларыда кездескен. Көптеген зерттеулер дәлелдеген, ауырсыну сезімі жануарлар организіміне қолайсыз жағдай туғызады. Орталық жүйке жүйесінің қызметі өзгереді, соған байланысты ұлпаның қоректенуі, бүкіл ағзаның және жүйенің жұмысы бұзылады. Қазіргі кезде ветеринарлық хирургияда операцияның барлық түріне жансыздандыру жасалады, тек қарапайым немесе қысқа мерзімді операцияларда жасалмайды. Барлық үй жануарларының ауырсыну сезімі жоғары, тек құстың сезімталдығы төмендеу. Терінің, көздің, ауыздың, танау қуысының, қынаптың, тік ішектің кілегейлі қабықтарының және т. б. сезімталдығы жоғары. Құрсақтың, өкпенің, ішектің, талақтың, жатырдың, мидың ауырсыну сезімі төмендеу.

Жансыздандырудың 2 түрін ажыратады: жалпы және жергілікті. Жалпы жансыздандыру немесе наркоз - жануарларға есірткі препараттарды енгізу арқылы орталық жүйке жүйесінің қайтымды тежелуі. Есінің, сезімталдықтың, бұлшықет тонусының және кейбір рефлекстердің жоғалуы байқалады, бірақ сопақша мида орналасқан тыныс алу, 18 тамырқозғағыш және тегіс бұлшық еттердің өмірлік маңызы зор орталықтардың жұмыс қабілеті сақталады.

Наркотикалық заттарды енгізу жолдарына қарай, наркоздың мынадай түрлерін ажыратады:

ингаляциялық наркоз-наркотикалық затты тыныс жолдары арқылы енгізеді; (бу тәрізді наркотикалық препараттарға эфир, хлорэтил, хлороформ, флюотан және т. б. немесе газ тәрізді препараттарға азот тотығын, циклопропан, этилен және т. б. )

ингаляциялық емес наркоз-наркотикалық затты басқа жолдармен енгізеді: веналық-есірткі зат венаға енгізіледі, ректальді - есіртікі затты әртүрлі майлардың немесе қайнатпалардың көмегімен тік ішекке, пероральді- азық немесе зонд арқылы ауызға, перитониальді-құрсақ қуысына, бұлшықетке және тері астына есірткі затты енгізеді.

Қолданылатын заттардың саны бойынша:

  1. Мононаркоз- бір зат қолданылады;
  2. араласнаркоз - бір мезгілде екі немесе одан да көп заттар қолданылады;
  3. қосарланған(комбинирлеген) наркоз-операциялардың әр кезеңінде әртүрлі наркотикалық заттарды қолдану немесе оларды басқа затпен қосып енгізу (миорелаксанттар, анальгетиктер және т. б. )

Наркоздың мынадай түрлерін ажыратады:

  • енгізу наркозы - аз уақыт әсер етеді, әсері тез басталады, қозу сатысы болмайды;
  • негізгі наркоз - операция жасау барысында қолданылады;
  • базисті наркоз немесе беткейлі наркоз-негізгі наркозбен бірге немесе оның алдында анестетикалық зат енгізіледі, ол негізгі наркотикалық заттың мөлшерін төмендету үшін жасалады.

Ингаляциялық наркоздың түрлері есірткелік қоспаларды енгізу тәсіліне қарай - маскалық, эндотрахеалді және эндобронхиальді болып бөлінеді. Ингаляцилық наркоздың негізгі түріне эндотрахеальді (интубациялық) наркоз жатады. Бұл кезде есірткелік қоспа тікелей кеңірдекке жіберіледі. Ол үшін кеңірдектің интубациясы жасалады. Интубация дегеніміз - кеңірдекке ауа өткізетін түтікшені енгізу.

Веналық жансыздандыру - вена тамырына ауырсыздандыратын заттарды енгізу арқылы жүргізілетін жансыздандырудың түрі болып табылады. Негізгі артықшылығы -техникалық қарапайымдылық және сенімділік болып табылады. Веналық наркозды жүргізу үшін, қолданылатын заттар қысқа уақыт әсер ететін барбитур қышқылының туындылары - гексенал және тиопентал натрий; өте қысқа уақыт әсер ететін барбитур қышқылының туындыларына жатпайтын анестетик - пропанидид; гормональді белсенділігі жоқ стероидты анестетик - виадрил; мидың метаболитінің аналогы - гаммааминомайқышқылы - натрий оксибутираты. Сонымен қатар, кетамин (калипсол, кеталар) және диприван анестетиктерін де пайдаланады.

Негізгі бөлім

А) Жансыздандыруға алдын-ала дайындық (премедикация) және наркоздың өту сатылары.

Қазіргі уақытта наркоздың ең маңызды кезеңі фармакологиялық дайындық - премидикация. Ол наркоздың жасау техникасын жеңілдетеді, есірткінің жағымсыз әсерін жояды, қауіпті вегетативті рефлекстерін азайтады немесе жояды. Премедикация қолданатын препараттардың есіртке заттарынан айырмашылығы жүйке жүйесінің арнайы бөлімдеріне әсер етеді. Олардың әсерінен наркозға қолданылатын есірткелік препараттардың дозалары кемітіледі. Премидикациялық препараттыр келесі топтарға бөлінеді:

1. Седативтік препараттар немесе нейролептиктер (транквилизаторлар; лат. tranquillare - тыныштандыру) . Олорға фенотиазин қатарының препараттары - аминазин, трифтазин, пропазин, феназепам, амизил, мепротан, дроперидол, комбелен және т. б. жатады.

2. Миореласканттар. Анестезиологияның негізгі жетістігі кураретәрізді заттарды бұлшықеттердің босаңсуы үшін қолдану болып табылады. Диплацин, диоксоний, ардуан, дитилин және т. б. препараттар операция кезінде кең қолданылады.

3. Холиналитикалық препараттар. Бұл топтың басты өкілі - атропин, скополамин, платфилин. Олар бездердің секрециясын тежейді, ларинго- және бронхоспазмды төмендетеді. Коллапс, жүрек және тыныс алудың тоқтауын алдын алады.

4. Анальгетикалық препараттар. Олар екі топқа бөлінеді: есірткелік (морфин, промедол, кодеин, фентацил) және есірткелік емес (анальгин, антипирин, амдопирин) . Осы препараттар аурсынуды есті бұзбай 21 төмендетеді. Бұл препараттардың мөлшерден тыс берілуі жалпы қозуды шақырады, ал өз мөлшерден аспаса тыныс алудың тежелуі байқалады.

5. Ұйқы келтіретін препараттар . Ингаляциялық наркоз алдында барбитураттар (барбитал, фенобарбитал, барбамил) немесе ниртазепам, метаквалон, хлоралгидрат, бромизолвал және т. б. препараттар қолданылады.

6. Антигистаминді препараттар . Операция барысында және ұлпаларға зақым келгенде көп мөлшерде гистаминнің бөлінуі байқалады. Егерде гистамин қанға түссе, наркоздың өтуі және операцияны жүргізу қиындайды (қан қысымы төмендейді, қан тамырының өткізгіштігі жоғарылайды) . Белсенді антигистаминді препарат димедрол болып табылады.

Наркоздың клиникалық ағымы 4 сатыдан өтеді:

I сатысы - анальгезия. Наркоздың басталуынан 3-5 минут өткеннен кейін басталады. Есі жоғалады, бірақ терісінің түсі өзгермеген, гемодинамика мен тыныс алуы өзгеріссіз болады. Рефлекстері жоғарылаған. Ауыру сезімі үдемелі түрде тежеліп, толық анальгезия дамиды. Оны қысқа уақыт жасалатын операция кезінде қолданылады.

II сатысы - қозу. Есі толық жоғалғаннан кейін пайда болады. Бұл кезде ауру мал қозушаң болады, тынысы жиілеген, тахикардия, көздің қарашықтары кеңейген, жарыққа жауап бермейді. Ауру мал құсуы мүмкін.

III сатысы - хирургиялық ұйқы - жансыздандырудың міндеті болып табылады. Бұл сатыда хирургиялық операция жасалады. Хирургиялық ұйқы сатысы 4 деңгейге бөлінеді. Олар бір - бірінен тыныс алу жағдайына, жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметіне, бұлшықеттердің босаңсуы мен рефлекстердің жойылуына қарап ажыратылады. Хирургиялық ұйқы сатысының деңгейін көздің рефлекстері арқылы анықтау ыңғайлы, өйткені олар сопақша мидың көзді қозғаушы орталығымен тығыз байланыста болады және тыныс алу мен қан айналым орталықтарына жақын орналасады. Сондықтан, қарашықтардың реакциясына қарап, тыныс алу мен жүрек қызметінің жағдайын анықтауға болады.

1 деңгей - көз алмаларының қозғалу деңгейі. Осы деңгейдің аяғында көз алмаларының еріксіз қозғалысы тоқтап, олар орталық қалыпқа келеді.

2 деңгей - қасаң қабық рефлексі. Бұл деңгейдің аяқталуы қасаң қабық рефлексінің жоғалуымен сипатталады.

3 деңгей - қарашықтардың кеңею деңгейі.

4 деңгей - диафрагмальді тыныстың қатты тежелуі байқалады. Наркоздың ары - қарай тереңдетсе, тыныс алу және тамыр қозғалтқыш орталықтардың салдануы дамып, өлімге алып келуі мүмкін. )

IV сатысы - ояну. Наркоздың сатылары осы тәртіппен кері қарай жүреді, бірақ ояну уақыты ұзағырақ болады.

Ә) Наркоздың түрлері.

Жалпы наркотикалық заттарды енгізу жолына байланысты наркоздың мынадай түрлері ажыратылады:

Ингаляциялық наркоз - наркотикалық затты тыныс жолдары арқылы енгізеді. Ингаляциялық емес наркоз - наркотикалық затты баска жолдармен енгізеді.

Ингаляциялық емес наркозды келесі тәсілдермен енгізеді:

  1. Күре тамыр арқылы
  2. Тері астына
  3. Бұлшықетке
  4. Тік ішекке

Әсер ету уақытына байланысты ингаляциялық емес наркозды мынадай уш топқа бөлеміз:

  • Аз уақыт әсер ететіндер (10-15мин) пропанидид, кетамин.
  • Орташа уақыт әсер ететіндер (20-40мин) гексобарбитат, тиопентал натрий.
  • Узақ уақыт асер ететіндер (60-мин) нартий оксибутират.

Күре тамырлық анестезия - күре тамырына ауырсыздандыратын заттарды енгізу арқылы жүргізілетін жансыздандырудын түрі.

Негізгі артықшылыгы - техникалық қарапайымдылық және сенімділік болып табылады. Күре тамырлық наркозды жүргізу үшін келесі заттар қолданылады: барбитураттар, гексенал, тиопентал натрий, пропанидид, натрий оксибутираты, кетамин, диприван қолданылады.

  • Сүйекішілік анестезия. Анестезия заттардын таралуы.
  • Күретамырлық анестезия
  • Орталық аналгезия.

Орталық аналгезияда морфин, фентанил, иснтазоцин препараттары қолданылады. Бұл препараттар ауру сезімін тарататын рефлекстердін қызыметін бұзу арқылы асер етеді.

Нейролептаналгезия (НЛА) - веналық анестезия әдісі. Ол күшті нейролептикті және наркотикалық анальгетиктерді қосып қолдануға негізделген. Бұл кезде науқастың қозғалу тынымсыздығы жоғалады, хирургиялық агрессияға реакциясы томендейді және науқаста қоршаған ортаға деген немқұрайлық пайда болады.

Миорелаксанттар - жүйке-ет талшығы синапсындағы Нм - холинорецепторларына таңдамалы әсер етіп, қаңқа бұлшық етінің қайтармалы параличіне әкелетін дәрілер. Бұл топтың дәрілерін анестезиологияда қолданады.

миорелаксанттар (пахикураре)

миорелаксанттардың қатаң молекулалары арасындағы ширек азот атомдары қашықтығы 1, 0 ±0, 1 нм. Молекула құрамына гидрофобты ароматикалық және гетероциклды радикалдар енеді.

миорелаксанттардың механизмі - қаңқа мускулатурасы Н - холинорецепторларында ацетилхолинмен бәсекелес антогонизмге түсу. Миорелаксанттар рецепторлардың аниондық орталығын тежейді, сонымен қатар аниондық орталықты қоршап тұрған рецептор бөліктерімен вандерваальс байланыстарын түзеді. Шеткі пластинкада тыныштық потенциалын тұрақтандырып, Н - холинорецепторларды тежеу қаңқа еттерінде әлсіз паралич шақырады. Миорелаксанттар жағары концентрацияда қаңқа еттерінің ашық натрий каналдарында өткізгіштікті тікелей бұзады.

Деполяризациялаушы миорелаксанттар (лептокураре) . Деполяризациялаушы миорелаксанттардың өкілі - дитилен. Бұл ширек амин екі ацетилхолин янтарь қышқылының дихолин эфирі молекуласының қосылған сызықты структуралы, ширек азот атомдары ара қашықтығы 1, 45 нм болады (лептокуаре - «жіңішке куаре», грекше - жіңішке, нәзік) . Дитилин Н - холинорецепторлармен гидрофобты байланыс түзбейді, миорелаксанттарға қарағанда ет талшықтарында 20 есе артық жиналады.

Дитилин, Н-холинорецепторларды қоздыра отырып, қаңқа еттерінің ұшындағы пластинкаларында қайтымсыз, тұрақты деполяризацияға әкеледі. Бұл әсер потенциалын өткізуді бұзады. Дитилин енгізген алғашқы кезде еттердің фасцикуляциясы, кейін әлсіз паралич дамиды. Деполяризация кезінде қаңқа еттері калий иондарынан айырылып, ет әлсіздігінің себебі болып, әрі аса жоғары гиперкалиемия байқалады.

Соңғысы жүрек тоқтауына жүрек шамасыздығы бар, жүрек гликозидтерімен зәр айдаушы дәрілер қабылдаушылар, сонымен қатар күйікте, жарақатта, рабдомиолизде, жұлын жарақаттанған ауруларды әкеледі

Миорелаксанттарды қолдану

  • Өңеш пен жұтқыншақ еттерін ингаляциялық наркозды жеңілдетумен өкпені жасанды желдету үшін босаңсыту үшін (қысқа әсерлі миорелаксант - дитилин қолданылады) .
  • Шығуларды салу, сүйек сынықшыларын репозициялау (дитилинді тыныс мускулатурасының параличіне әкелмейтін аз мөлшерде салынады) .
  • Кеуде мен іш қуыстарындағы операцияларда өкпені жасанды желдендіру жүргізілетін наркозда (наркоз терңдігін тек естен айырылу мен рефлекстер тоқтау шегіне дейін ғана береді) .

Тырысқақ, ауыр тырыспа ұстамалары электротырысу терапиясы.

Пирамида мен экстрапирамида жүйесі жмыстары бұзылғанда, арахноидитте, энцефалитте, Парксинсон ауруларында тырысуда (милликтинді транквилизаторлармен немесе баклофенмен бірге ішуге беру) .

Миорелаксанттарды қолданғанда болатын асқынулар. Тубокурарин хлорид вегетативті ганглийлерді тоқтатып, артериалды гипертензия секрециясы тежелуінен артериалды гипотензия байқалады. Танкуроний бромид басқа миорелаксанттарға қарағанда М-холинорецепторларды күштірек тежеп, тахикардия мен артериалды гипертензия дамытады.

Б) Жергілікті жансыздандырудың жіктелуі.

Жергілікті жансыздандыру - жануарлар денесінің белгілі бір аумағының ауырсыну сезімін уақытша жоғалтуы. Сезімтал жүйке талшықтары арқылы импульстердің өткізілуін немесе рецепторларды тежеу арқылы іске асырылады. Анафилаксиялы шоктың немесе аллергиялық реакцияның алдын алу үшін жергілікті жансыздандыруды жүргізбестен бұрын жануардың қолданылатын анестетиктерге сезімталдығын тексерген дұрыс. Егер малдың осы анестетикке сезімталдығы жоғары болса, онда оны анестетиктің басқа түрімен ауыстыру қажет, немесе жалпы жансыздандыруды қолдану керек. Тек ауырсыну сезгіштіктің жоғалуы аналгезия, ал сезгіштіктің барлық түрлерінің жоғалуы - анестезия деп аталады.

Жергілікті жансыздандырудың келесі түрлері бар:

1. Терминальді.

2. Инфильтрациялық.

3. Регионарлық немесе аумақтық:

• паравертебральді;

• қабырға аралық;

• бағандық;

• сакральді;

• бас аумағының анестезиясы.

4. Жұлындық (субарахноидалді) .

5. Перидуралді (эпидуралді) .

6. Сүйек ішілік - сүйек каналына.

7. Вена тамырлары арқылы аумақтық жансыздандыру.

8. Көлденең кесінді бойымен жансыздандыру.

Жергілікті жансыздандырғыштардың әсер ету мерзімін ұзарту және артериальдік қан ағыс қысымын азайту үшін анестетик ерітіндісіне адреналинді (инфильтрациялық жансыздандыру үшін адреналиннің 0, 1% 24 ерітіндісінің 2-5 тамшысын анестетик ерітіндісінің 100 мл, ал терминальді жансыздандыру үшін новокаин немесе тримекаин ерітінділерінің 1 мл 1 тамшыдан қосу керек. Адреналиннің орнына эфедринді қолдануға болады 5% ерітіндісінің 1 тамшысын анестетиктің 5 мл қосып терминалді жансыздандыру үшін қолдануға болады. Адреналинді және эфедринді тек анестетикті қолданудың алдында ғана қолдануға болады.

Терминальді жансыздандыру - «беткейлік жансыздандыру немесе ауырсынуды басу» Ағза ұлпаларының жансыздандырғыш ерітінділермен тікелей әсерлесуі арқылы іске асырылады. Хлорэтилді тері бетіне бүрку өңделген аумақтың салқындауына және ауырсынуды сезу қабілетінің төмендеуіне әкеледі, осы әдіс майда абсцестерді, гематомаларды кесіп өңдеуге мүмкіндік береді. Осы жансыздандыруды қолдану арқылы күрделі хирургиялық операцияларды жүргізе алмаймыз. Терминальды анестезия негізінен офтальмологияда, стоматологияда және урологияда кең тараған. Терминалді анестезияның тәсілдері: кілегейлі қабаттарға жағу немесе тамызу арқылы іске асырылады. Терминалді анестезияны қолданбастан бұрын седативтік препараттарды қолдану қажет. Осы тәсілді іске асыру үшін: 1-3% кокаин ерітіндісі, 0, 25-2% дикаин, лидокаиннің және ксилокаиннің, және тримекаина 1-5% ерітіндісі қолданылады. Инфильтрациялық жансыздандыру - күрделі операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді, ол ұлпалардың әр қабатына жергілікті анестетикті жіберу арқылы іске асырылады. Құрсақ немесе кеуде қуысы ағзаларына операция жасағанда 0, 25% новокаинді алдымен тері ішіне, кейін тері астына, шандырлар немесе бұлшықет апоневроздарына егіледі Бүйрекке операция жасағанда новокаин бүйректің қос шандырларын арасына егіледі Осы тәсіл қауіпсіз болғандықтан кәрі, әлсіз жануарларға қолдануға болады, бірақ алдын ала седативтік премедикацияны жүргізу қажет.

Аумақтық немесе регионарлық анестезия . Регионарлық анестезия - анестетиктерді тиікелей ірі жүйкелер бойына немесе жүйке шоғырларына, жұлынның түбіршектері аумағына жіберу арқылы іске асырылады. Бұл осы тежелетін жүйкелер немесе жүйке шоғыры жүйкелендіретін аумақты толығымен жансыздандыруға және ауырсынуды басуға мүмкіндік береді. Малдарда негізінен бас аумағы және аяқтарының жүйкелері тежеледі. Аяқ жүйкелерін тежеу диагностикалық мақсаттарда да жүргізіледі. Паравертебралді тежеу - люмбаго, радикулитов, омыртқалардың соғылулары мен сынуында қолданылады. Инені омырқаның өсіндісінің 1-1, 5 см шетке, теріге перпендикуляр етіп сүйекке тигенше енгізеді. Осыдан кейін инені артқа қарай тартып 5-10 мл 0, 5-2% новокаина ерітіндісін салады. Радикулиттерді емдеу үшін 100-250 мкг В12витаминін және 10-15 мг преднизолонды қосып салады. Тежеуді екі жағынан бірге жүргізеді. Негізінен тежеу бір рет жасалады, ал созылмалы патология болса 2-3 рет қайталауға болады. Қабырға аралық тежеу - негізінен патогенетикалық терапия ретінде қолданылады. Емдік тежеу жүргізу үшін 5-15 мл 0, 5% новокаин ерітіндісі қолданылады. Осы тежеу қабырғалар сынғанда, қабырғааралық невралгияда, плевропневмонияны емдеу үшін қолданылады. Қабырғалардың резекциясын жүргізу үшін 2 % новокаин ерітіндісі қолданылады. Жүйке бағандарын жансыздандыру - анестетик тікелей жүйке бағаны бойымен салынады. Мысал ретінде вагосимпатикалық бағанды тежеу негізінен өкпе және трахея ауруларын емдеу үшін қажет. Ол үшін 5-10 мл антибиотик қосыған новокаиннің 0, 5 % ерітіндісін қоданамыз. Мосин тежеуі - негізнен құрсақ қуысы және несеп жыныс ағзаларының ауруларын емдеуде қолданылады. Осы тежеуді жүргізу үшін 0, 5 % новокаиннің 1 кг тірі салмаққа 0, 5 мл ірі малдарға және 3-4 мл ұсақ жануарларға есептеліп салынады. Бас аумағының жүйкелерін тежеу Негізінен мал тістеріне операция жасағанда, осымен бірге патогененикалық терапия әдісі ретінде қолданылады. Патогенетикалық терапия әдістері ретробульбарлы тежеу, көз жүйкесін тежеу, краниальді жұлдызша түйінін тежеу. Хирургиялық өңдеу үшін қажет тежеулер - көз асты жүйкесі, төменгі және жоғарғы жақ жүйкелері, маңдай жүйкесі. Сакральді анестезия Орындалу техникасы паравертебральді тежеуге ұқсас. Негізінен патогенетикалық терапия әдісі ретінде қолданылады. Новокаин ерітіндісі құйымшақ аумағына екі жағынан салынады. Негізінен құйымшақ сынғанда, жамбас аумағындағы патолгияларды емдеу үшін қажет. Эпидуральді жансыздандыру. Новокаин ерітіндісі жұлын каналына /жұлынның қатты қабатының үстінен салынады, бұлда негізінен патогенетикалық терапия әдісі ретінде қолданылады. Ол үшін 0, 5-1, 0 % новокаин немесе новалгин ерітінділері қажет. Дозасы мал түріне байланысты болады. Омыртканың 1/10 ұзындығы бойынша /ұсақ жануаларға/ немесе құйымшақ өсіндісі мен мықын аралығының 1/3 бөлігін құрайды.

Сүйек ішіне анестетиктерді жіберу. Сүйек ішілік анестезия дәрілік заттарды тікелей сүйек кемігіне енгізу. Анестезия дәрілер салынғаннан кейін 15-20 мин. кейін басталады да ұзақ уақыт бойы әсерін тигізеді. Ол үшін 20-100 мл 0, 5% новокаина ерітіндісі қажет болады. Қан тамыры арқылы аумақтық жансыздандыру -40-100 мл 0, 5% новокаин ерітіндісін вена тамырына енгізеді. Көлденең кесінді бойымен жансыздандыру. Негізінен аяқ ауруларын емдеуде немесе аяққа операция жасағанда қолданылады. Осы әдісте де 40- 100 мл 0, 5% новокаин ерітіндісін қолданылады. Беткейлік анестетиктер ¬ Тетракаин - офтокаин ¬ Лидокаин - 4 % ксилокаин ерітіндісі ¬ Оксибупрокаин немесе новезин ¬ Проксимеметакаин пропакаин Инфильтрациялық анестетиктер ¬ Прокаин - новокаин ¬ Лидокаин ¬ Прилокаин ¬ Хостокаин ¬ Артикаин ¬ Этидокаин ¬ Гарбостезин

Ингаляциялық наркозға арналған дәрілік заттар
Ингаляциялық емес наркозға арналған дәрілік заттар
Ингаляциялық наркозға арналған дәрілік заттар: 1. Ұшқыш сұйық заттар: - наркозға арналған эфир - фторотан (галотан) - метоксифлуран (пентран) - трихлорэтилен (трилен) - энфлуран - изофлуран - десфлуран - флороксен 2. Газ тәріздес заттар: - азот тотығы - циклопропан
Ингаляциялық емес наркозға арналған дәрілік заттар: 1. Барбитура қышқылының туындылары: - тиопентал - натрий - гексенал - метагекситал (бриетал) 2. Барбитура емес препараттар: - пропанидид (сомбревин, эпонтол) - натрий оксибураты (ГОМК) - кетамин (кеталар, калипсол) - пердион (виадрил) - альфаксолон (альтдресин) - этомидрат (раденаркон, гипномидат) - пропофол (диприван)

В) Ингаляциялық наркозға арналған дәрілер

Наркозға арналған эфир - Aether pro narcosi (Б) : флакон 100мл және 150мл, эфир түссіз, ұшқыш, өзіндік иісі бар, мөлдір зат, қайнау температурасы 34-35ºС, жанғыш, оттегімен, ауа, азот тотығы мен қосылғанда жарылғыш қасиеті пайда болады. Наркотикалық әсері өте жоғары белсенді, қолданғанда терең әсер етеді, бұлшық еттерді босатады және белсенді анальгетик әсерін көрсетеді. Ояну ұзақ уақытқа созылады, наркоздан кейінгі депрессия пайда болады. Шырышты қабаттар тітіркенеді жөтел, құсық, рефлекторлы бродикардия, кей кезде тыныс алуы тоқтап қалу мүмкін сондықтан алдын алу шаралары ретінде атропин қолданамыз. Жоғары дозада гипергликамия және жүрек аретмиясы наркоздан кейінгі кезеңде пневмания және бронхит болу мүмкін.

Фторотан - Phthorothanum (Б) : флакон 50мл, өзіндік тәтті иісі бар жанбайтын ұшқыш, сұыйқ зат, жарылмайды, белсенділігі эфирге қарағанда 3 есе артық. Наркотикалық әсері жоғары, наркоз ретінде қолданғанда дозасын жақсы тағайындауға болады. Тез наркотикалық әсер көрсетеді 3-5 минут ішінде, ояну кезеңі жоқ. Наркоздан кейінгі ұйқы қысқа эфирге қарағанда. Шырышты қабаттарды тітіркендірмейді, бездердің секрециясын тежейді, орташа анальгетикалық әсер көрсетеді, тыныс алуды тежейді, гипотония, бродикардия шақырады, бұл кезде атропин енгіземіз, аретмия шақыруы мүмкін, сол кезде адреналин немесе норадреналин енгіземіз, қан қысымын көтеру үшін мезатон қолданамыз. Бауыр органикалық дерттерінде фторотанды қолдануға болмайды, миометрияның тонусын төмендетеді, қынаптың операциядан кейінгі кезеңінде қанның көп кетуіне әсер етуі мүмкін.

Метоксифлуран - фторотанмен эфирге қарағанда белсенділігі жоғары бірақ ояну кезеңі ұзақ.

Кері әсері: фторотанға ұқсайды, бірақ миометрияның релаксациясын шақырмайды. Жоғары анальгетикалық белсенділігі бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы және жергілікті жансыздандыру
Жануарларды наркозға дайындау
Наркоздың өту сатылары
Антигистаминді препараттар
Наркоздың сатысы және дәрежесі
НАРКОЗДЫҢ САТЫЛАРЫ
Жануарды наркозға енгізу кезінде
Жануарларды жалпы наркозға дайындау
Наркоз .ИНГАЛЯЦИЯЛЫҚ НАРКОЗДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Жалпы жансыздандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz