Шығармашылықты арттырудың теориялық мәселелері
Кіріспе
Қазіргі таңда еліміздің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеу бағытындағы білім беру мәселесі - мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Жаһандық заманның білім беру жаңа парадигмасы жағдайында жеке тұлғаның шығармашылық бағыттылығын қалыптастыру , оқу-танымдық іс-әрекеттегі шығармашылық қызығушылығына тікелей байланысты. Шығармашылық қызығушылық - тұлғаның ізденімпаздық қабілет сапасын дамытудың негізгі өзегі болып табылады. Себебі өмірдегі құндылықтардың барлығы да жаңашылдық бағыттар арқылы ғана іс-әрекетке тұрақты шығармашылық қызығушылық нәтижесінде танылып, болашақта өміршең дамуына мүмкіндік алады. Сондықтан шығармашылық қызығушылықты жеке тұлғаның дамуына, оның рухани жетілуінде мәні терең, мотивациялық, білімділік бағдар құндылығы ретінде танылуының маңызы зор.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі еліміздің саяси басты принциптері ретінде жеке адамның шығармашылық әлеуетін дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелерінде басты міндеттер қатарында қою, жаһандану заманында экономикалық, инновациялық даму мен өркендеу кеңістігінде білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндетімен астасып жатыр.
Демек, болашақ жастарымыздың кәсіби құзырлы, шығармашыл болуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңа парадигмасы оқытудың субъектін және оқушының әлеуетіне тікелей әсері мол шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық, әдіснамалық, дидактикалық тұғырларын айқындау міндеттерін алдыңғы қатарға шығарады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында білім бағдарламаларының елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанын айта келіп, табыс тізгіні - білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса назар аударды. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сондай - ақ рухани жан дүниесі бай, шығармашыл ұрпақ тәрбиелеу - осы ұстанымдардан туып отырған өзекті мәселелердің бірі. Заманға лайық білім беру міндетін іске асыруға мүмкіндік беретін негізгі тетік ретінде Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы қолға алынды. Кең көлемді бұл жоба қазақ тілін халықаралық ғылыми лексикамен байыта түсуге, ғылыми терминалогияны дамытуға, академиялық жазу стилін жетілдіруге, қазіргі ғылыми зерттеу және баяндау әдістерін игеруге зор мүмкіндік беретіні сөзсіз. Бұл өз кезегінде гуманитарлық салалар бойынша білім алатын жастардың заман талабына сай білім алуына жағдай жасап әлемнің ілгері ғылыми орталықтарының деңгейіне шығуына мүмкіндік тудырады. Мұндай тереңдетілген, жан - жақты білімдендіру қуаты мықты оқулықтармен білім алған жас ұстаздардың келешекте өздері білім беретін жас буынның шығармашылық іс - әрекетіне жағдай тудырып, жаңаша білім берудің басты міндеттері: дүниетанымдылық, шығармашылық және терең білімділікке жетейлейтіні сөзсіз.
Қазақтың кемел талантты ұстазы Ахмет Байтұрсынов: Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек, - деген ойымен жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екенін ұқтыратындай. Қазіргі ұстаздар алдында жаңартылған білім бағдарламасына сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізіп, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ету болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларын оқытудың өзекті мәселелерінің бірі - бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Күннен күнге өзгеріп отырған әлемде мектепте білім берудің міндеттері өзгеріске ұшырап немесе түзетіліп отырады. Бұрын жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаның негізін қалыптастыру басты мақсат болса, қазір адамзаттың маңызды мәселелерін сезінетін, оларды шешуге барынша қатысуға дайын белсенді және шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуге баса назар аударылып отыр.
Оқушыны қоршап тұрған әлем жыл өткен сайын әр түрлі және күрделі болып, одан үйреншікті әрекеттерді ғана емес ойдың тереңдігін, жылдам бағдар алуды, үлкен және кіші міндеттерді шешуде шығармашылық көзқарасты талап етеді.
Қазіргі таңда білім беру үрдісінде бастауыш сыныптан бастап шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр. Бұл міндет баламалы білім беру бағдарламаларында, қазіргі мектепте болып жатқан инновациялық процестерде көрініс табады. Шығармашылық белсенділік шығармашылық сипатқа ие қызмет процесінде дамиды, оқушыларды таным мен бейстандартты жағдайларда шешім табуға үйретеді. Сондықтан бүгінгі күні педагогикалық ғылым мен практикада оқытудың жаңа, стандартты емес формаларын, әдістер мен тәсілдерін қарқынды іздеу жүріп жатыр. Шығармашылық - жаңа нәрсені ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Бұл мәселе төңірегінде жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер жетерлік. Ежелден-ақ ұлы ойшылдар Ж. Баласағұн, Әл-Фараби және ұлы Абайды ерекше толғандырған. Ғұламалардың сөзіне сүйене отырып шығармашыл тұлға бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық, талдап-жинақтай білу сияқты кешенді қасиеттермен қатар, ерекше ой қызметі қиыншылықтарды түсіну, шығармашылыққа деген құштарлығы болуы керек деген ой түйдік. Жаңартылған білім бағдарламасының негізгі міндеті - осы қасиеттерді кез-келген оқушының бойында қалыптастыру.
Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Білім туралы заңындағы білім беру жүйесі туралы бабында: жеке адамның шығармашылық, рухани және жеке мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыру. Жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектік байытумен қатар әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу міндеттері айтылған[1].
Зерттеудің өзектілігі қазақ тілі сабағында балалардың шығармашылығын арттыруға бағытталған. Қазақ тілі сабағында балалардың шығармашылығын арттырудың әртүрлі құралдарын жеткіліксіз пайдалануы, ғылыми зерттеу жұмыстарының авторлары көбінесе жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелеріне назар аударып, білім берудің бастауыш буынына жеткіліксіз көңіл бөлмеуі, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың әзірленген тәсілдерін толыққанды жүзеге асырылмауының негізгі себептерінің бірі болып табылады.
Бастауыш білім беру тәжірибесіндегі балалардың шығармашылық белсенділігін дамытудың маңыздылығы мен өзектілігі "қазақ тілі сабағында балалардың шығармашылығын арттыру" атты дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға негіз болды.
Зерттеу нысаны- қазақ тілі сабағында балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Зерттеу пәні-қазақ тілі сабағында балалардың шығармашылығын арттыру үдерісі.
Зерттеудің мақсаты-қазақ тілі сабағында балалардың шығармашылығын арттырудың жаңа мүмкіндіктерін ашу.
Зерттеу барысында келесі міндеттер орындалды:
- балалардың шығармашылығын арттыру процесінің психологиялық-педагогикалық мәнін анықтау - ;
- балалардың шығармашылығын арттыру ерекшеліктерін айқындау;
- балалардың шығармашылығын арттыру мүмкіндіктері тұрғысынан оқулықтарын талдау;
- қазақ тілі сабағының бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін жетілдіру бойынша әдістемелік оқулықтарға талдау жасау.
Зерттеу әдістері: теориялық (психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау, қазақ тілін оқыту бойынша мектеп оқулықтарын талдау.
Ғылыми жаңалығы қазақ тілі сабағында балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған әдістемелік оқулықтарға жаңартылған білім бағдарламасы тұрғысынан қарастырып, қазақ тілі сабағында балалардың шығармашылығын арттыруда инновациялық технологияларды енгізу.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы талданған теориялық ережелер мен практикалық материалдар қазақ тілі сабақтарында сөйлеу қабілеттерін арттыруда мектеп практикасында қолданылуы мүмкін.
Дипломдық жұмыс: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Шығармашылықты арттырудың теориялық мәселелері
1.1 Оқытудың шығармашылығын арттырудың педогогикалық және психологиялық негіздері
Шығармашылық қабілеттілікті арттыру мәселесі ғылыми әдебиетте жаңа бағыт болып табылады. Барлық уақытта адам қабілеттерінің мәселесі адамзаттың үлкен қызығушылығын тудырды. Шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін талдау көбінесе осы ұғымның мағынасымен анықталады. Әдеттегі санада шығармашылық қабілеттер көркем қызметтің әр түрлі түрлеріне қабілеттілікпен, әдемі сурет салу, өлең жазу, композиторлық және т. б. қабілеттермен көрінеді.
Біз қарастырып отырған ұғым "шығармашылық", "шығармашылық қызмет" ұғымымен тығыз байланысты. Ғалымдардың шығармашылық деп түсінуіне қатысты пікірлері қарама-қайшы. Күнделікті өмірде шығармашылық әдетте, біріншіден, өнер саласындағы қызметті, екіншіден, жаңа жобаларды құрастыру, жасау, іске асыру, үшіншіден, ғылыми таным, жаңа идея, төртіншіден, пайда болған міндеттерді шешу үшін анықталған тәсілден өзгерек, шеберлік пен бастаманың шарты болып табылатын қиял ретінде көрінетін белгілі тәсілдермен ойлау деп атайды. Көптеген ғалымдар шығармашылықты бұрын болмаған, жаңа нәрсе тудыратын қызмет ретінде анықтайды[16, 23].
Шығармашылық қызмет нәтижесінде туындайтын жаңашылдық объективті де, субъективті де сипатқа ие болуы мүмкін. Объективтік құндылық қоршаған болмыстың белгісіз заңдылықтары ашылатын шығармашылық өнімдерінде танылады, ол өз арасында байланысты емес деп саналған құбылыстардың арасындағы байланыстармен анықталады және түсіндіріледі. Шығармашылық өнімдерінің субъективті құндылығы жаңа шығармашылық өнімі өзімен өзі емес, объективті, оны алғаш жасаған адам үшін жаңалық болған кезде орын алады. Сурет салу, мүсіндеу, өлеңдер мен әндер жазу саласындағы балалар шығармашылығының өнімдері осындай. Еуропалық ғалымдардың қазіргі зерттеулерінде шығармашылық ұғымы зияткерлік және жеке факторларының үйлесімі ретінде анықталады. [Гликман, 2002].
Сонымен, шығармашылық-бұл нәтижесі жаңа материалдық және рухани құндылықтар болып табылатын қызмет; психикалық белсенділіктің, жоғары нысаны, жаңа, бірегей нәрсе жасау қабілеті. Шығармашылық іс-әрекет нәтижесінде шығармашылық қабілеттер қалыптасады және дамиды. П.Торренс жасампаздық ұғымын білім игеруде кездесетін қиындықтарды, білімдегі ақауларға немесе үйлесімдіктердің бұзылуына жоғары сезінушілік ретінде қарастырып, осы мәселелердің анықталуының, олардың шешімдерін іздестірудің, болжамдарды ұсынудың және оларды тексерудің, болжамдарды өзгерту мен қайта тексерудің, сонымен қатар шешімдердің нәтижесін қалыптастыру мен жариялаудың қабілеті болып табылады - деп түсіндірген[45, с. 56].
Тұлғаның шығармашыл болуына ықпал етудің түрлі аспектілері бойынша ТМД елдерінде психология мен педагогика саласында жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесіне елеулі үлес қосқан ғалымдар бар. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігін дамыту ерекшеліктерін зерттеу отандық ғалымдар Мірсейтова С., Іргебаева А., Салыхова Б., Хазимова А., Бейсебекова М., Жазыбаева М., Нагашыбаева Ә., Наурызбаева А. және ресейлік Выготск Л. С., Теплов Б. М. , Рубинштейн С. Л. , Лейтес Н. С., педагог Амонашвили Ш. А., Щукин Г. И. , Дружинина В. Н., Шадриков В. Д., Харламов И. Ф. еңбектерінде қарастырылған.
Шығармашылық қызмет құрылымында ол келесідей ажыратылады:
1) мәселені қабылдау;
2) шешімді іздеу;
3) гипотезаның пайда болуы және тұжырымдалуы;
4) гипотезаларды тексеру;
5) олардың түрленуі;
6) нәтижелерді табу.
Шығармашылық қызметте темперамент ерекшеліктері, тез меңгеріп, идеяларды тудыру қабілеті, оларға сыни тұрғыдан қарау емес; шығармашылық шешімдер релаксация жағдайында, назар аудару кезінде келеді [Рыжкова, 2007].
Қалай дегенмен де шығармашылықтың түгел дерлік түрлеріне жалпы желідей тартылған ұйытқысы, ол - еңбек. Ертегі, саяхат, сайыс ойын секілді тәсілдер балалардың өзіндік ізденіс, оқу ісіне барынша құлшынысын, жаңа бірдеңе тудыру тұрғысындағы танымдық әрекетін дамытады.
Шығармашылық үрдіс деңгейлерінің сипаттамасы П.К. Энгельмейер еңбектерінде негізгі мәселе болып, өнертапқыштық жұмыс үрдісін үш сатыға бөледі.
а) интуиция мен тілін (пікірдің туындауы)
ә) білім мен пікір
б)жаңалықты бағытты орындау біліктілігі.
С. Медниктің пікірінше, шығармашылықтың мәні қауымдастықтардың кең өрісін пайдалану және ойлау синтезінің соңғы кезеңінде таптаурындарды жеңу қабілеттері деген ойда [33, б. 89].
О. Ю. Богданов шығармашылық қабілеттерінің негізгі көрсеткіші ретінде интеллектуалдық белсенділікті ерекшелейтін екі компонентті: танымдық және мотивациялық деп топтастырады. Шығармашылық қағидалары көрінісінің өлшемі адам ұсынған ойлау міндеттерін орындау сипаты болып табылады[3, 41 б.].
М. Р. Львовтың пікірінше, шығармашылық-эмоциялардың көрінуі емес, ол білім мен шеберліктен ажыратылмайтын, эмоциялармен сүйемелденетін, адамның іс-әрекетін жандандырады және тудырушы адамның жұмысын арттырады, оған күш береді. Бірақ шығармашылық әрекет тек қатаң, тексерілген білім мен іскерлікті оятады [30, 21 б.].
Осылайша, жалпы түрде шығармашылық қабілеттердің анықтамасы қандай да бір іс - әрекетті орындау табыстылығына қатысы бар алынған білімге, іскерлікке, дағдыларға жатпайтын адамның жеке - психологиялық ерекшеліктері.
Шығармашылық- бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі,дұрыс ой түюуі, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай алуы, шығару, ойлап табу, жетістікке қол жеткізу деген сөз.
Шығармашылық элементі адам қызметінің кез келген түрінде болуы мүмкін болғандықтан, тек көркем шығармашылық қабілеттер туралы ғана емес, сонымен қатар техникалық шығармашылық қабілеттер, математикалық шығармашылық қабілеттер және т. б. туралы айтуға болады. Адамның шығармашылық әлеуетінің құрамдас бөліктері туралы мәселе әлі күнге дейін ашық күйінде қалып отыр, бірақ қазіргі уақытта осы мәселеге қатысты бірнеше гипотезалар бар.
Оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың тағы бір қажеттілігі қоғам талаптарына негізделген. Қазіргі кезеңде мамандық атауы тек бейімділікті,ептілікті, шапшаңдықты,өзіндік ойлау қызметін,бай шығармашылық мүмкіндігін ,оның қоршаған әр түрлі жағдайларға тез бейімделуін ғана емес, сонымен қатар қажетті бағытта шығармашылықпен бағдарлау қабілетін талап етеді.Сондықтан
психологтар тұлғаны қалыптастыру қажеттілігін кешенді сапамен байланыстырады.Қазіргі қазақ педагогикасының міндеті-бұл қасиеттерді кез келген қазақ оқушысында қалыптастыру. Жас оқушылар үшін, ертеңгі шаруашылық күні, қазақтың қоғам алдындағы дәрменсіздігін бітірген кез-келген салада, қажетті,жалпы іскерліктер мен дағдыларда болуы мүмкін, бұл мектептен шығу керек. Өз ұлтымызды ,мемлекетімізді өркендететін білімді
шәкірттер тәрбиелеу үшін ең алдымен балалардың тәрбиесінен бастап санасын, тілін дамытуды қолға алған жөн деп ойлаймын. Оқушыларды шығармашылыққа баулу,өз еңбегінің нәтижесіне,оны бағалауға бағыттау-өте күрделі үрдіс.Оқушының шығармашылық әлеуеті оның жеке тұлғасы
қалыптасу процесінде. Егер шығармашылық оқушы жас кезінде құнды бағдар болмаса, онда болашақта оның қалыптасуы екіталай қазіргі ұстаздар қауымының алдында өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, талапшыл және жаһандық үдерістен сырт қалмайтын тұлға тәрбиелеу мақсаты тұр. Оқушылардың шығармашылығын дамыту бойынша жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. Бұл қоғам талаптарынан туындайтын қажеттілік. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі жеке тұлғаның қоғамдағы шығармашылық әлеуетіне байланысты. Көптеген психологтар қабілеттерді шығармашылықпен, ең алдымен ойлау ерекшеліктерімен байланыстырады. Атап айтқанда, адам ақыл-ойының мәселелерімен айналысқан әйгілі американдық психолог Дж.Гилфорд, дивергентивті ойлау шығармашылық адамдарға тән деп тапты [4, с. 336].
Дамыта оқыту теориясы шеңберінде де әр түрлі мәселелер бойынша қатар
зерттеулер жүргізілді. Олар - бастауыш сыныптарда дамыта оқытуды теориялық және әдістемелік қамтамасыз ету (В.Репкин), оқу барысында жеке тұлғаның дамуы (А.Дусавицкий), оқу барысындағы қатынас түрлері (Г.Цукерман), оқу қызметінің қалыптасу деңгейіне баға беру (Г.Репкин, Е.Заика) және т.б.[7]
Алынған нәтижелерге теориялық талдау А. Дусавицкийдің "Жеке тұлғаны оқу барысында дамыту" еңбегінде жасалған. [11]
Талдау бастауыш мектепте оқуды ұйымдастыру әдісі және бала тұлғасын дамыту арасындағы байланыстың психологиялық механизмдерін айқындауға мүмкіндік берді. Қазіргі жағдайда бастауыш мектеп кезеңі - қоршаған ортаға деген субъективтік эгоцентристік көзқарастың объективтік қөзқарасқа ауысуына ең қолайлы мезгіл екендігі көрсетілді. Балалар қарым- қатынасында алуан түрлі тұлғааралық байланыстар құрудың өзгермелі үрдісі бала тұлғасы сана-сезімінің дамуына ықпал егеді: алдымен, оқудағы жетістіктерін дәл бағалауға қатысты, екіншіден жеке тұлғаның моралдік қасиеттеріне байланысты. Қарым-қатынас барысында белгілі жұмысты атқаруға орай қасиеттер емес, баланың тұлғасы, оның адамгершілігі үлкен маңызға ие болады. Ойлаудың осы түріне ие адамдар мәселені шешкен кезде бар күш-жігерлерін жалғыз дұрыс шешім табуға жұмсамайды, керісінше мүмкіндігінше көп нұсқаларды қарастыру үшін барлық мүмкін бағыттар бойынша шешім іздей бастайды. Мұндай адамдар көпшілік білетін және белгілі бір жолмен қолданатын элементтердің жаңа тіркесімдерін немесе екі көзқарастың арасында бір-біріне ұқсамайтын байланыстарды қалыптастыруға бейім. Ойлаудың дивергентивті тәсілі шығармашылық ойлаудың негізінде жатыр, ол келесі негізгі белгілермен сипатталады:
жылдамдық - идеялардың максималды санын білдіру мүмкіндігі (бұл жағдайда олардың сапасы емес, олардың саны маңызды);
икемділік - сан алуан идеяларды жеткізе білу;
өзіндік - жаңа стандартты емес идеяларды қалыптастыру мүмкіндігі (мұны жауаптарда, жалпы қабылданғанға сәйкес келмейтін шешімдерден көруге болады);
- тұтастығы - өнімді жақсарту немесе оған дайын көрініс беру мүмкіндігі.
Көрнекті ғалымдардың, өнертапқыштардың, суретшілер мен музыканттардың өмірбаянына сүйене отырып, шығармашылық проблемасын зерттеудің танымал ресейлік зерттеуші А.Н.Лук келесі шығармашылық қабілеттерді анықтайды:
мәселені басқалар көрмеген жерде көру мүмкіндігі;
бірнеше ұғымдарды біреуімен алмастырып, ақпараттық тұрғыдан анағұрлым сыйымды белгілерді қолдана отырып, ақыл-ой операцияларын азайту мүмкіндігі;
бір мәселені шешуде алған дағдыларын басқасын шешуге қолдана білу;
шындықты бөліктерге бөлмей тұтастай қабылдау қабілеті;
алыстағы ұғымдарды оңай байланыстыру мүмкіндігі;
есте сақтау қабілетінің қажетті сәтте қажетті ақпаратты беру мүмкіндігі;
ойлаудың икемділігі;
мәселені тексермес бұрын оны шешудің альтернативаларының бірін таңдау мүмкіндігі;
жаңадан қабылданатын ақпаратты қолданыстағы білім жүйелеріне қосу мүмкіндігі;
заттарды сол қалпында көре білу, түсіндіру арқылы алынған нәрсені ажырата білу. Идеяларды құру жеңілдігі;
шығармашылық қиял;
бастапқы ойды жетілдіру үшін бөлшектермен жұмыс жасау [4, б. 6].
Ғалымдар тарихи және мәдени материалға (философия тарихы, әлеуметтік ғылымдар, өнер тарихы, практиканың жекелеген салалары) сүйене отырып, адамзат тарихы барысында қалыптасқан келесі жалпы шығармашылық қабілеттерін анықтады. Қиялдың реализмі - бұл адам нақты түсінікке ие болғанға дейін және оны қатал логикалық категориялар жүйесіне сыйғыза алмастан, тұтас объектіні дамытудың белгілі бір маңызды, жалпы тенденциясы немесе даму заңдылықтарын бейнелі түрде түсіну. Бөлшектердің алдында бәрін көру мүмкіндігі. Шығармашылық шешімдердің жоғары жағдаяттық - өзгермелі сипаты, мәселені тек сырттан таңдалған баламаларды таңдап қана қоймай, өз бетінше жасау мүмкіндігі. Эксперимент - саналы және мақсатты түрде жағдай жасау қабілеті, бұл жағдайда объектілер қарапайым жағдайда жасырылған олардың мәнін ашады, сонымен қатар осы жағдайларда объектілердің мінез-құлқының ерекшеліктерін байқап, талдай алады [14, б. 55].
Шығармашылық қабілеттердің құрамдас бөліктері туралы жоғарыдағы пікірлерді талдай отырып, оларды анықтаудағы көзқарастардың айырмашылығына қарамастан, зерттеушілер шығармашылық қиял мен шығармашылық ойлаудың сапасын шығармашылық қабілеттің ажырамас компоненттері ретінде анықтайды деп қорытынды жасауға болады.
А.Осборнның пікірі бойынша шығармашылық қызметті жандандыруға төрт қағиданы сақтау арқылы қол жеткізіледі:
1) сынды алып тастау принципі (кез-келген ойды жаман деп танылады деп қорықпай айтуға болады);
2) ең қауырт қауымдастықты мадақтау (идея неғұрлым жабық болып көрінсе, соғұрлым жақсы);
3) ұсынылған идеялардың саны мүмкіндігінше көп болуы туралы талаптар;
4) айтылған идеялар ешкімнің меншігі болып табылмайтындығы, оларды монополиялауға ешкімнің құқығы жоқтығы; әр қатысушы басқалардың айтқан идеяларын біріктіруге, өзгертуге және жетілдіруге құқылы [14, б.254].
Заман талаптары мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында "білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттер мен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын
қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім - тәрбие мазмұнын анықтап құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта отырып оқыту идеясы" алынатындығы атап көрсетілген. М.Н.Скаткин бастауыш сыныпта оқушыларға өз беттерімен танымдық міндеттерді шештіруді, сабақ мазмұнында берілетін материалдарды проблемалық мәселе ретінде ұсынуды дұрыс деп есептейді. Сабақта берілетін білім мазмұнын жан - жақты ашу үшін оқушыларға тек соңғы нәтиже ғана айтылып қоймай, оның жүзеге асатын жолдары түсіндірілуі тиіс дейді. Ғалым - дидакдик В. В. Давыдов, М. Н. Скаткиннің бастауыш сыныпта жаңа әдістерді енгізуін мақұлдап, оқушылардың теориялық түсініктерін қалыптастыру мүмкіндігін, бала психикасын дамыта оқытудың тиімді шешімін табуды алға қояды. Осы тұжырымдарды мұғалімдердің озат тәжірибесімен ұштастыра отырып, қазіргі бастауыш сыныптардың білім мазмұны мен әдістерін жетілдіру мәселелері шешімін күтуде.
В.В.Давыдовтың пікірі бойынша, төменгі сынып оқушыларына танымдық міндеттерді шешудің жолын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады. Нәтижесінде білім, білік және дүниеге көзқарас қалыптасады.
Осы жағдайда бастауыш сыныпта тәрбиелеу мен оқыту баланың жеке бас қасиеттерін дамытады. В.В.Давыдов дамыта оқыту қағидасын бүтін жүйе ретінде қарастыруды ұсынады. Оның құрылымы оқу қызметі мен мақсаты, міндеттерінен, оқыту әдістерінен тұрады. Оқыту әрекетіне оқу операциялары, оқуды игеру, бақылау, оқылатын материалды меңгеру дәрежесі, ал қабылдау әрекетіне дағдылар мен біліктер жатады.
Л . В. Занков жасаған дамыта оқыту жүйесін жеке тұлғаны жеделдете, қарқынды, жан - жақты дамыту жүйесі деп те атауға болады. Технология ерекшелігі, оқу әрекетінің негізгі себебі танымдық қызығушылық болып табылады. Үйлесімділік идеясы ұтымды және сезімдік, ұжымдық және жеке, ақпараттық және проблемалық, түсіндірме және ізденгіштік сияқты әдістерін үйлестіруді талап етеді[2; 43 б.].
Қазіргі күнгі ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада сәулеленуіне яғни танымдық тәжірибені және әрекетті меңгеруіне, меншіктеуіне байланысты деп қарайды. Бұл - оқу, білім алу деген сөз. Оқу адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Даму ұғымының психологиялық анықтамасы - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz