Қазақ отбасында тәрбиеге мейлінше ықпалды ата мен әже



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Отбасындағы мектепке дейінгі баланы тәрбиелеу ерекшеліктері
Кіріспе
Бала тәрбиесі - ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуіне балабақша, мектеп пен отбасының орны бөлек. Тәлім - тәрбиелік жарасымдылық қоғам мен ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс жасағанда жағдайда ғана үйлесімділік табады. Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Халық Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер дейді. Жас шыбық иілгіш болса, жас адамда сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға аян. Ата-ананың үйдегі іс - әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан ата-ананың жақсы мен жаман әдеті бала тәрбиесіне ықпалы зор.
Бүгінгі бәсекеге қабілетті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол мүддесіне сай, оның мұң-мұқтажын өтерлік, елін, жерін, халқын көзінің қарашығындай қорғайтын ұлтжанды, отаншыл азамат етіп тәрбиелеу көзделінеді. Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы дейді сондықтан қазіргі біздің алға қойған мақсатымыз - қазіргі қоғам мұратына сай жан-жақты жарасымды тұлға өсіру.
Зерттеу нысаны - мектепке дейінгі балалардың отбасындағы тәрбие процесі
Зерттеу пәні - Отбасындағы мектепке дейінгі баланы тәрбиелеу ерекшеліктері
Мақсаты - мектепке дейінгі балардың отбасындағы тәрбиесін қарастыру
Міндеттері - Отбасы, бала, тәрбие терминдеріне анықтама беру
- Отбасы тәрбиесіне қатысты психолгтардың пікірлерін көрсету
- Отбасындағы бала тәрбиесіне қатысты қағидалар мен ережелерін анықтау

1. Отбасындағы мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктерінің теориялық негіздері
1.1Отбасы, мектепке дейінгі бала, тәрбие түсініктері
Отбасы- адамның туған ошағы, кім-кімге болса да қымбат ұғым. Отбасы-ғасырлар бойы қалыптасқан, адам баласының ең алғақы тәрбиені қабылдап, алғаш рет өмір туралы ойлаған ұғымы. Сондықтан отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасының бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың бірегей адамгершілік талаптарын, бірегей саяси көзқарасты ұстануынан, соған орай өзара көмек қарым-қатынасын, ерлі-зайыптылық және ата-аналық сезімін терең түсіне білуінен көрінеді.
Отбасының негізгі міндеті - баланы еңбекке, адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Сондай-ақ отбасының аса маңызды мәселелерінің бірі жас ұрпақты жарқын сезімдерге, нұрлы мұраттарға тәрбиелеу болып табылады. Ал тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндері дегенді білмейді, ол оқу еңбек, ойын үстінде, тұрмыста адамдармен араласып сұхбаттасқан барлық кезде де жүре береді. Сондықтан бала өз өмірінің әр сәтінен тағылым алады және ол неғұрлым ойланған, қимылдаған, оқиғаларға тез әсірленген сайын соғұрлым жедел қарқынмен тәрбиеленеді.
Қазақ отбасында тәрбиеге мейлінше ықпалды ата мен әже. Әкеге әке болып келетін тұлға, отбасы педагогикасына ерекше ықпалды бейне - Ата. Беделі жағынан әкеден жоғары, өмірлік тәжірибесі бай, эмоциялық- мейірімділік тұрғыда тәрбие беруді меңгерген, отбасының тірегі. Бала тәрбиесіне үлес қосуға мүмкіндігі бар. Отбасындағы ең үлкен рөл- атаныкі. Өз отбасы мен басқа балаларының, ағайын-туыстың әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысатын ақсақалдар этноәлеуметтік қарым-қатынастың реттеліп, этноәлеуметтік рөлдердің сақталуына басшылық жасап отырады.
Әже - жанұядағы ғана емес, өзінің басқа балаларының отбасындағы қарым-қатынасты реттейтін, балаларды өмірге бейімдеудің қарапайым түрлерін мейірім арқылы, отбасылық құндылықтарды дәріптеу арқылы этноәлеуметтік қарым-қатынастарға ықпалды жол көрсетуші.
Ата мен әже педагогикасы арқылы отбасында тәлім алған, өмірлік дағдылары қалыптасқан баланың жан-жақты әлеуметтенгендігі мен әлеуметтік рөлдерге бейімделгендігі адамгершілік сипаттарымен көрініс
береді. Бұл бір жағы тәжірибелік нәтижесі болса, екінші жағынан, тұрақты да ерінбей жалықпай мейірім арқылы берілген тәрбиенің жемісі.
Әке - отбасының иесі, ерекше беделді тұлға, шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматтарға жүктеледі. Отағасы деп аталуының себебі де осында болса керек. Үйге табыс кіргізу, жан басы мен мал басының қамқорлығы, өз балаларын өсіріп-тәрбиелеуге мүмкіндік жасау, ағайын туыс арасындағы байланыс ер адамның басшылығымен жүзеге асырылуы тиіс.
Әйел - отбасының ұйытқысы. Өмірге бала әкелуден бастап, бағып-қағып, өсіріп тәрбиелеу - әйел-ананың тікелей міндеті.
Әке мен шеше - отбасында баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар. Өз перзенттерінің заманға лайық білім алып тәрбиеленуге жағдай жасайды. Барлық істе өздері үлгі болады. Шын жанашырлық та туған ата-ананың көңілінен табылады.
Мектепке дейінгі жас - бұл 3-тен 7 жасқа дейінгі баланың ақыл-ой дамуының кезеңі. Оның аясында үш кезең бар:
кіші мектеп жасындағы балалар - 3-тен 4 жасқа дейін;
мектепке дейінгі жастағы орташа - 4-тен 5 жасқа дейін;
Үлкен мектепке дейінгі жаста - 5-тен 7 жасқа дейін.
Мектепке дейінгі балалық шақта балалардың сүйектері қатайып, бұлшық еттері өседі, дамиды. Бойы 90 сантиметрден 114 снтиметрге дейін өседі де, салмағы 14 килограмнан 22 килогамға дейін артады. Бұл кезде балалар күнделікті тұрмысқа байланысты жеңіл еңбекке қатысады. Олардың сүйек, бұлшық ет жүйесі ұзақ уақытта еңбекті көтермейді. Сондықтан ата - аналар балалардың күш - қуатын еске алып, еңбек тәрбиесінің түрлеріне бірте - бірте үйрету тәсілдері арқылы жаттықтыруы қажет.
Бұл жастағы балалар ертегі немесе өлеңмен жазылған қысқа әңгімелерді тыңдауға, айтып беруге өте құштар болады. Негізгі іс - әрекеті ойын. Ойынның барысында баланың қабілеті айқын көрінеді.
Тәрбие
Жас бала- жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді - дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.
Тәрбие кездойсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет. Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.
Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым-қатынасын, өмірге көз-қарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру құралы.
Тәрбие - біз кімдерді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне ықпал ету... Тәрбие - бізге мәлім адамгершілік әдет-ғұрыптарын меңгеруді мақсат көздеп, бір адамның екінші ықпал етуі Л.Н.Толстой
Тәрбие - кең мағынасында - бұл рухани жағынан үнемі жетілу және баюда көпсалалы процесс В.А.Сухомлинский
Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі М.Жұмабаев
Тәрбие - бұл адам жанының жетілдіру өнері. Тәрбиеде адам табиғаттың жетілдірудің ең күшті сыры бар (Имманул Кант)
Н.К.Крупская Тәрбие атты мақаласында Тар мағынада алып қарағанда тәрбие деген сөз арқылы балалар мен женкіншектердің мінез-құлқына әдетте ересек адамдардың алдын ала ойластырылған және жүйелі түрде жасайтын белгілі бір ықпалы ал кең мағынасында ... қоғамдық мекемелер, айналаны қоршаған бүкіл жағдай, бүкіл қоғамдық құрылыс тәрбиелейді - деп түсіндіреді.
Жалпы айтсақ, тәрбиенің мәнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін - оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Тәрбие процесі деп - қоғамның талап-тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойын, сана сезімін, ерік-жігерін, мінез-құлық ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекетін айтамыз.

1.2.Бала тәрбиесі жөніндегі педагог- психологтардың пікірлері
Джон Локк
Локктың ойынша тәрбиенің түпкі мақсаты - жан тазалығына сәйкес тән саулығын қамтамасыз ету. Тәрбиенің құрамдас бөліктерінің бәрі өзара байланыста болуы қажет, алайда олардың әрқайсысы Локктың көрсетуінде , белгілі бір басымдылық сипатқа иелік етеді. Мәселен, ақыл - ойдың дамуы мінезді қалыптастыруға бағынуы тиіс.
Локк тәрбие мен оқытуға аса зор мән берді. Біз кездестіретін он адамның тоғызы тәрбиеге байланысты қайырымды немесе мейірімсіз, пайдалы неме пайдасыз болып шығады. Адамдар арасындағы айырмашылық осыдан туады. Локктың педагогикалық көзқарастары Тәрбие туралы ойлар атты еңбегінде жан-жақты баяндалған.
Локк дене тәрбиесіне үлкен мән берді. Сондықтан, бала кезінен бастап баланың денесін қыздырып, оның тез шаршағыштыққа, қолайсыздыққа және өзгеріске төтеп беруін қамтамасыз ету керек. Локк балалар өміріндегі қатаң режимнің маңыздылығын егжей-тегжейлі түсіндірді, киім, тамақтану, серуендеу және спорт туралы кеңестер берді. Дұрыс дайындалған дене тәрбиесі батылдық пен табандылықты дамытуға ықпал етеді. Джентльмен кез-келген уақытта қару-жарақ қойып, әскери қызметші болуға дайын болу керек.
Адамдар ақылды болуы керек және олар қалаған нәрсеге қол жеткізіп қана қоймай, нақты мүмкіндіктерді де ескеруі керек. Демек, адамның мінез-құлқы ақылға қонымды, ол өзінің құмарлықтарын басқара білуі керек, болу керек тәртіпті. Ол өзін ақылдың диктатурасына бағынуға қабілетті болуы керек. Мінез-құлықты дамыту, ерік-жігерді, адамгершілік тәртіпті дамыту - тәрбиенің маңызды міндеттері.
Баланы еркелету мүмкін емес, бірақ оның заңды тілектерін қанағаттандыруға болмайды. Біріншіден, қорқыныш пен құрмет мұғалімге баланың мінез-құлқына билік беруі керек, ал жетілген жылдары бұл күш сүйіспеншілік пен достықпен қамтамасыз етіледі.
Оқытудың негізгі құралдары әрдайым ақылға сыймайды, бірақ баланың қоршаған ортасы, үлгісі. Тәрбиелеу әдеті кішкентай кезден басталуы керек. Дөрекілік, зорлық-зомбылық, жылы сөздер арқылы оң нәтижеге жету мүмкін емес, ол қажетті нәтиже береді. Сіз бір уақытта бірнеше әдетті оята алмайсыз. Тәрбиешінің міндеті - алдымен бір әдетті шоғырландыру, содан кейін басқасын тәрбиелеуге көшу.
Бүкіл оқу үрдісінің дұрыс бағыты үшін баланың жеке ерекшеліктерін мұқият зерделеу керек, баланы оның ештеңеге күдіктенбейтінін байқау керек, оның басымдықтары мен басымдықтарын байқау керек. бейімділіктер , баланың әртүрлі қасиеттерін байқау керек, осы қасиеттердің айырмашылығына байланысты сіздің әдістеріңіз де өзгеше болуы керек ...
Локк құлдық тәртіп құлдың мінезін тудырады деп сеніп, дене жазасына қарсы шықты. Бірақ баланың өсиетті түрде мойынсұнғысы келмейтін жағдайларда ол дене жазасын алуға толықтай жол берді.
Локк діни білімге мән берді, бірақ бастысы балаларды ырым-жырымдарға үйрету емес, ең жоғары тіршілік ретінде Құдайға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін ояту деп санайды. Локктың ойынша, джентльменнің жаттығуы сол кезде қабылданғаннан әлдеқайда кең. Локк ұсынған заттардың әрқайсысы оқушысына белгілі бір пайда әкелуі керек, оны дайындаңыз өмірдің. Білім практикалық сипатта берілуі керек. Таза ауада жұмыс істеу денсаулыққа пайдалы, ал қолөнер туралы білу іскер адамға кәсіпкер ретінде пайдалы бола алатындығымен ол еңбек тәрбиесінің қажеттілігін алға тартты.
Джон Локктың пікірінше балалар тәрбиесіндегі ең үлкен қателік: ата-аналар баланың жанын тәртіпке ден қойып, ақылды тыңдауға лайықтауға, әсіресе, өрім жастың мейлінше нәзігірек және оңай әсерленгіш жаны бұл сапаларды дарытуға нағыз қолайлы кезеңде қажетті көңіл бөлмейді. Табиғат балаларына деген махаббатты кемеңгерлікпен ұялатқан ата-аналардың, егер бұл шынайы құштарлықтарын ақылмен қадағаламаса, ол сезімдерінің соқыр сүйіспеншілікке ауып кетуіне жол беруге өте бейім екендіктерін баса айтамын.
Сүйікті еркетотайыңыз төбелесуге және басқалармен мазақтасып үйренуге тиіс, ол қалағанының бәрін алуға және не істегісі келсе үйренуге тиіс, ол қалағанының бәрін алуға және не істегісі келсе де, өзіне ұнағанын істеуге тиіс. Осылайша ата-аналар балаларының шолжыңдықтарын еркелете көтермелеп, олардың кішкентай кездерінде табиғи кепілді қасиеттерін бүлдіреді де, содан кейін өздеріулап тастаған бұлақтың көзінен шыққан судың ащылығына таң қалады. Өйткені балалар қалай өсіп-есейсе, олармен бірге жаман әдеттері де солай өсіп-есейеді; ал, олар ересек, тіптен ересек болғанда, оларды баяғыша бағып-қағайын десе, енді оларды ойыншықтарды қызықтағандай ермек қыла алмайтын ата-аналар, міне, сонда ғана ұлдарымыз тіл алмайды және көтермелеп келген балаларының жамандыққа бейімділіктері ұялтары да хақ; сонда олар өз қолдарымен сепкен арам шөптерді қуана жұлып-ақ тастар еді, бірақ олар тамырын өте терең жібергендіктен жұлып тастауға, бәлкім, өте кеш...
2
Бүгінгі таңда қоғамның талаптарына сәйкес жеке тұлғаны қалыптастыру - бұл отбасы қандай болу керек деген сұрақ туындаған кездегі өзекті мәселе. Отбасы бала үшін барлық принциптердің негізі ретінде әлемді танып-білудің, қажетті жеке қасиеттерді игерудегі маңызды шарты болып табылады. Тәрбие - бұл тек жеке адамның ғана емес, сонымен бірге қоғамның да мүдделерін орындайтын отбасы өміріндегі үздіксіз процесс.
Сатир былай деп еске алады: Дисфункционалды отбасылар өзін-өзі бағалауы төмен, психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа, кедейлікке және басқа да әлеуметтік проблемаларға айналдыратын өзін-өзі бағалауы төмен адамдарды тәрбиелейді. Егер біз отбасын адами гуманистік білім алатын орынға айналдыруға бар күшімізді салатын болсақ, біз айналамыздағы қауіпсіз және адамгершілік әлемін қамтамасыз етеміз. Отбасы шынайы адамдардың қалыптасу орны бола алады. Біздің әрқайсымыз - бұл жаңалық, әрқайсымыз ерекше . Әрбір отбасы тек әлеуметтік жағдай туғызып қана қоймай, ең бастысы, ол балалардың жасына және жеке ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастырылуы керек.
Өскелең ұрпақтың жеке басына әсер етудің негіздерін әрқайсысының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, өмір мен қызметтің әр түрлі кезеңдерінде жеке тұлғаның даму ерекшеліктері туралы материалды қолдана білуінде таба аласыз. Психолог Д.Б. Эльконин баланың ақыл-ой дамуының теориясын анық және негіздей алды.
Отбасы үшін психикалық дамудың кезеңділігінің маңыздылығы - бұл әртүрлі жастағы балаларды тәрбиелеуде қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Екіншіден, психикалық даму процесін сызықты емес, жоғары спиральмен жүруге болатындай етіп қарастыруға мүмкіндік береді. Үшіншіден, кезеңділік жекелеген кезеңдер арасындағы қатынасты анықтауға, келесі кезеңнің басталуы үшін кез-келген алдыңғы кезеңнің функционалдық маңыздылығын анықтауға жол ашады. Жастың психологиялық ерекшеліктерін білу ата-аналарға дамудың жалпы бағытын көруге көмектеседі.
В.И.Короткий отбасындағы тәрбиелік ықпалдың ерекшеліктерін зерттей отырып, былай деді: Бала дәрменсіз, ал ата-аналар құдіретті. Әлем түсініксіз, ересектер бәрін біледі. Жағымсыз тәрбиені отбасы мүшелері қорқатын, әйгілі әзілкеш болған және сол үшін отыратын үлкен атаны зор ынтамен еске алғанда ғана сырттай алуға болады. Бұл бақытты әже өзінің қорқынышты әкесі туралы айтады, осылайша өзін мазасыз естеліктерден б осатады. Ол өз уақытында көп азап шеккен, сондықтан үйден ерте кетті, бірақ қазір бәрі романтикалық және көңілді болып көрінеді. Осындай сыпайы әңгімелерден (жасырын іштей сәйкестендірудің нәтижесінде) бала шын мәнінде не болғанын, маңызды бейімділіктер мен мінез-құлықтар туралы қате әсерде болуы мүмкін. (Ата-аналар мұндай байланыстарды сүзгіден өткізуі керек!) Егер бала жүйелі түрде өтірік, агрессия, ашуланшақтық және ерте жастан бастап айыптау реакцияларына бейімділік танытса (әкесі оны жеңіп алғандардың бәрімен жүректен жүрекпен сөйлескенді жақсы көреді) немесе алға сүйрейді, содан кейін бала оның жаттығу сценарийі негізделетін осы жаттығуларды сенімді үйренеді.
Тәрбиелік ықпал ету мәселелерін қарастыра отырып, екі жағын ажырату керек: 1) балаға ұйымдасқан ықпал ету процесі оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу
Отбасы тәрбиесінің негізі
Отбасындағы бала тәрбиесінің маңызы
Отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбиенің үйлесімділігі
Отбасында бала тәрбиесін ұйымдастыру
Отбасы және мектеп тәрбиесінің бала дамуында алатын орны
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
ОТБАСЫНДА БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Тілдесу - ақпарат алмасу кұралы
Отбасы тәрбиесінің негіздері.
Пәндер