Алма сорттары
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Жеміс көкөніс және өсімдік шаруашылығы
Семестрлік жұмыс
Тақырыбы: Алматы облысы Талғар ауданында 51 га жерге жеміс бағын отырғызу
Тексерген: Есеналиева.М
Орындаған: Жакупжанова.А
Тобы: ЗР - 310 П
Алматы 2019 ж
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Алматы облысының табиғи климаттық жағдайына сипаттама
2.2. Жеміс жидек дақылдарының сорттарына сипаттама
2.3. Жеміс бақтарын отырғызу жобасын құру
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Жеміс-жидек шаруашылығы -- жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысатын өсімдік шаруашылығының саласы. Жеміс-жидек шаруашылығына көшет (жеміс дақылдарының көшетін өсіру) және жидек (таңқурай, қарақат, бүлдірген, т.б. жидек дақылдарын өсіру) шаруашылығы; шекілдеуікті, сүйекті, субтропиктік (анар, құрма, інжір, т.б.), жаңғақ, шырын жемісті дақылдарды өсіру жатады. Жеміс-жидек шаруашылығы тек көп жылдық өсімдіктерді алдымен көшеттікте өсіріп, оны жеміс бағына немесе көлемді егіс алқабына (плантация) отырғызумен және көптеген жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысады. Жеміс-жидек шаруашылығы -- өсімдік шаруашылығының ертеден келе жатқан салаларының бірі. Алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты. Орта ғасырларда жеміс-жидек шаруашылығы Батыс Еуропада, әсіресе, Францияда дамыды. 19 ғасырда Қырымда, Орталық Азияда, Украинада өндірістік бақтар егіліп, жеміс-жидек шаруашылығы тауар өндіру саласына айналды. Жеміс-жидек шаруашылығын дамытуда бақтарды тыңайтқыштармен және пестицидтермен қамтамасыз етудің, өнімді жинау жұмысын механикаландыру деңгейін көтерудің, жемісті өңдеудің, сақтаудың, т.б. маңызы зор.
Жеміс дақылдарының кейбір тұқымдары (шекілдеуікті, жаңғақты және цитрусты) ұзақ уақыт бойы жасаң күйінде сақталады, әрі қыстыгүні және ерте көктемде витаминдер, биологилық белсенді заттар аз болған жағдайда,адам организміндегі қажетті витаминдер т.б пайдалы заттар орнын толықтырады.
Қазіргі кезде Қазақстанда тіпті елсіз жерлердің өзінде де (Ақтау, Бақанас аудандарында және т.б. жерлерде) жерасты тұщы сулар жербетіне жақын орналасқан жерлерде бақтар гүлдеп, жеміс беруде. Бақ шаруа- шылығын тек қуаты аз өсіру өте қиын, бірақ та мұндай жерлердің өзін қопару жұмыстары, терең және орлар қазу арқылы және жарамсыз топырақтарды басқа жақтан әкелген құнарлы топырақтармен алмастыру арқылы игеруге болады. Таулы, шөлді, далалы жерлерде бақ шаруашы- лығының маңызы өте зор, су апаттарынан сақтап бекітеді, қардың жиналуына мүмкіндік туғызады.
Бақтарды ірі елді мекендерге және жақсы жолдарға жақын орналастыру қажет. Егер де жылдық жауын-шашын мөлшері 750-800 мм-ден аз болса бақ-ты суармалы жерлерге отырғызу керек немесе болашақ бақ отырғызылатын учаскені суару үшін су көзімен қамтамасыз ету қажет. Бақ отырғызылатын учаскенің топырақ және микроклимат жағдайлары салыстырмалы түрде бірдей болғаны дұрыс.
Алматы облысының табиғи климаттық жағдайы
Алматы облысы -- Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224,0 мың км2. Облыс аумағында 17 аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала (Қапшағай, Талдықорған, Текелі) бар. Тұрғыны 2 017 638 адам (2018). Әкімшілік орталығы -- Талдықорған қаласы. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көліарқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.
Геологиясы. Облыстағы таулар Тянь-Шань тау жүйесінен бой түзеген және кембрийге дейінгі кристалды тақта-тасты тау жыныстары қабаттарынан түзілген. Сондай-ақ мұнда конгломераттар, туфтар, әктастар, граниттер т.б. палеозой жыныстары кеңінен тараған. Тау етегі және облыстың биіктігі орташа өңірлері плейстоцен мен антропогендік шөгінділерден түзілген. Облыстағы таулардың алғашқы қалыптаса бастау кезеңі герцин қатпарлығымен тығыз байланысты. Одан кейінгі кезеңдерде бұл таулар бірте-бірте мүжіліп, адырлы жазық (пенеплен) қалыптасқан. Плейстоцен кезеңінің басында, альпілік орогенез кезінде пенепленге айналған өңір тектоник. процестер нәтижесінде кәдімгі тауларды түзген. Мұнда осы кезге дейін тектоникалық процестер жалғасуда. Оқтын-оқтын болатын жер сілкінулер -- соның айқын дәлелі. Кен байлықтарынан облыс қойнауында полиметалл (Текелі), вольфрам (Бұғыты), молибден кентасының едәуір қоры, фарфор тастары (Қапшағай), барит, бентонит сазы (Ақсу, Алакөл аудандары), отқа төзімді балшық, кварц құмы, гипс, тас және қоңыр көмір(Ойқарағай, Тышқанбай), шымтезек, тұз кен орындары және минералды жерасты сулары бар.
Табиғаты. Облыстың табиғаты мен жер бедері ала-құла. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап. Бұл өңір негізінен антропогеннің аллювийлік және эолдық шөгінділерінен түзілген. Оның басым бөлігін Сарыесікатыраудың, Тауқұмның, Лөкқұмның, Қарақұмның, Қорғанқұмның қырқалы және төбешікті құмды алқаптары алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғары өтетін атыраулық бөлігі көне құрғақ арналармен тілімделген. Солтүстік шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауының аралығында Жетісу (Жоңғар) қақпасы орналасқан. Облыстың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері толығымен қамтыған. Олар тауаралық ойпаңдар мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы -- Бесбақан (4442 м) орналасқан. Тау сілемдерінде 1300-ден астам мұздық бар, олардың жалпы ауданы 1,0 мың км2-ге жуық. Жетісу Алатауының кейбір сілемдері (Қолдытау, Алтынемел, Малайсары, Тышқантау, Текелі, Сайқан т.б.) өзен маңындағы жазық өңірлерге сұғына еніп жатыр. Облыстың оңт. және оңтүстік-шығысы Іле, Күнгей, Теріскей Алатаулары, Кетпен (Ұзынқара) жотасы және Солтүстік Тянь-Шань сілемдерінің т.б. жоталарынан құралған. Жетісу Алатауы мен Іле, Күнгей Алатаулары және Кетпен таулары аралығында Іле ойысы (аңғары) жатыр. Алматы облысының оңтүстік-батысын және батысын Шу, Іле таулы үстірттері мен далалары қамтыған (Жусандала, Бозой, Қараой үстірттері).
Климаты. Алматы облысының климаты негізінен континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солт. жазық бөлігінде -- 10-16°С, оңтүстікте -- 4-9°С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температурасы солтүстігінде 25°С, оңтүстігінде 27°С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы -- 5-9°С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 21-23°С, тау аңғарларында 19-22°С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Солт. өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңд. 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см. Балқаш және Алакөл жағалауларында бриз желі соғады.
Топырағы мен өсімдік жағдайлары. Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары вертикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған. Балқаш, Алакөл көлдерінің батпақты жағалауында, Іле өз-нің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлерде (биікт. 600-1300 м) астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі-боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде биік таудың шалғыны өседі. Биік таудың альпілік шалғынында өлең шөп, алтай, қоғажайы, тастесер т.б. өсімдіктер басым. Бұл өңір -- облыс малшыларының жазғы жайлауы.
Жеміс-жидек дақылдарының сорттарына сипаттама
Әлемде жеміс-жидек дақылдарының мыңдаған түрлері өсіріледі. Олар 60-тан астам тұқымдастар мен 200-дей туыстарға бірігеді. Қазақстанда жеміс-жидек дақылдарының 22 түрі өсіріледі, олардың 10-12-сі негізгілері болып табылады. Қазақстандағы жеміс-жидек дақылдарының 90%-дан астамы мына өсімдіктерден тұрады: алма, алмұрт, шие, алхоры, өрік, шабдалы. Биологиялық белгілері бойынша жеміс - жидек дақылдарының 95%-ы раушан гүлділер тұқымдасына жатады.
Жеміс-жидек дақылдары шығу тегіне, жемісінің құрылымына, биологиялық және өндірістік ерекшеліктеріне қарай мынадай топтарға бөлінеді: шекілдеуікті, сүйекті жемістілер, жаңғақты, жемісті, жидекті жемістілер, субтропиктік және тропиктік дақылдар.
Шекілдеуіктілер тобына мынадай жемістер кіреді: алма, алмұрт, беке, шетен, долана, ырғай, ара жемісті арония. Бүл өсімдіктер раушан гүлділер түқымдасына жатады.
Қазақстанда шекілдеуікті дақылдар (негізінен алма, алмұрт) жеміс-жидек өсімдіктерінің 74,6% -ын құрайды.
Алма -- Қазақстанда ең көп тараған дақыл. Malus Mill туысына алманың 50 түрі кіреді. Негізгі түрлеріне мыналар жатады: орман алмасы, кавказ алмасы, қытай алмасы, жидек алмасы, Сиверс алмасы, Недзвецкий алмасы, аласа өсетін алма, ңырғыз алмасы. Алманың сорттары негізінен алманың осы түрлерінен алынған. Қазақстанда Сиверс алмасы, Недзвецкий алмасы, қырғыз алмасы өсіріледі. Дүние жүзінде адам қолымен өсірілетін алманың барлық сорттары бір мәдени түрге -- үй алмасына (Malus domestica Borkh) жатады. Алма ағашы тіршілігінің ұзақтығы телітушіге және сортына байланысты 20 жылдан 100 жылға дейін созылады. Алма ағашы түқымдық телітушілерде 30-дан 50 жылға дейін, ал вегетативтік телітушілерде 15-25 жыл тіршілік етеді. Өнімді орта есеппен 10-30 жыл береді. Интенсивті бақта әр гектардан 300-ден 500 центнерге дейін өнім алынады. Телітушіге және сортңа байланысты жемісті 2-3 жылда сала бастайды.
Алма ағашы өсу қуатына байланысты биік өсетін (8-12 м), орташа өсетін (5-8м), аласа өсетін (2-4м) болып бөлінеді.
Қазақстанда алмадан өндірістік өнім беретін негізгі аудандар -- Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс аймақтары: Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл. Соңғы жылдары алма дақылы Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарына кеңінен таралып келеді.
Дүние жүзінде алма дақылының 20 мыңға жуық сорты аудандастырылған, ал Қазақстанда 40-тан астам сорты тараған.
Жеміс жидек дақылдарының сорттарына сипаттама
Алма сорттары. Жаздық сорты:
Мельба - Канадалық сорт. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған. Ағаштары орташа өседі, суыққа төзімді, бөрікбастары жас шағында сопақша, ал жеміс берген уақытта аумақты, кең болады.
Жемісті - 6-7 жылда салады, жыл сайын өнім береді. Өнімділігі - орта есеппен әрбір ағаштан 75 - 100 кг. Жемісінің ірілігі орташа (130г), түсі көкшіл сары, жұмсағы ақ, шырынды, қышқылтым тәтті, өзіне тән жақсы иісі бар.
Күздік сорты:
Ренет бурхардта - Никиталық ботаника бағында шығарылған сорт. Қазақстанның оңтүстік жəне оңтүстік шығыс облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштарының өсуі орташа, бөрікбасы қалың, жас шағында сопақша, ал өнім бере бастағанда шар тəрізденіп кетеді, суыққа төзімді. Жемісті 6-7 жылда салады, жыл сайын өнім береді. Өнімділігі орта есеппен əрбір жеміс ағашынан 140-160 кг. Жемісінің өлшемі орташа (100г), домалақтау, түсі - сары, тасымалдауға қолайлы, жұмсағы ақ, сарғыштау, тығыз, шырынды, хош иісті, қышқылтым тəтті.
Қыстық сорты:
Голден делишес. Американдық сорт. Алматы, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштарының өсу күші орташа, бөрікбасы сопақша, онша тығыз емес, суыққа төзімділігі орташа. Жемісті отырғызылғаннан кейін 5-6 жылда салады, өнімді жыл сайын береді, орташа өнімділігі ағаштан 40-150 кг құрайды. Алмасының өлшемі орташа (110-140г), сопақша келген, дұрыс формалы, түсі ашық сары. Жұмсағы ақ сары, шырынды, ұсақ түйіршікті, дəмі тəтті.
Алмұрт сорттары. Жаздық сорты:
Любимица Клаппа - Американдық сорт. Қазақстанда негізінен Оңтүстік-Қазақстан, Алматы, Қызылорда облыстарының бақ өсіруге қолайлы алқаптарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары орташа өседі, бөрікбасы кең пирамидалы, ал жас уақытында тік пирамидалды, суыққа едəуір төзімді. Жемісті отырғызғаннан кейін 6-8 жылда салады, жыл сайын өнім береді. Əрбір жеміс ағашынан орта есеппен 65-70 кг өнім алынады. Алмұрты ірі (140-220 г), тұрқы қысқа, алмұртқа тəн немесе жұмыртқа тəрізді, түсі ашық сары. Жұмсағы ақ, нəзік, уылжыған өте шырынды, дəмі тəтті немесе азғана қышқылтым.
Күздік сорты:
Лесная красавица - Бельгиялық сорт. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік шығыс облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары өте өскелең, бөрікбасы кең приамидалды, қалыңдығы орташа, суыққа төзімді. Жемісті отырғызылғаннан кейін 5-7 жылда салады. Өнімді мол жəне жыл сайын береді, əрбір ағаштан орта есеппен 170-200 кг алмұрт алынады. Алмұртының салмағы едəуір ірі (150-180 г), тұрқы алмұртқа тəн, түсі көкшіл сары, қызғылт бөртпелері бар. Жұмсағы уылжыған өте шырынды, дəмі тəтті, хош иісті.
Қыстық сорты:
Ароматная - Қазақ жеміс жəне жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында алмұрттың Лесная красавица сортының екпе көшеттерінен шығарылған. Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары өте биік, бөрікбасы кең пирамидалды, қалың, суыққа шыдамдылығы орташа. Жемісті отырғызылғаннан кейін 8-9 жылда салады, өнімді жыл сайын береді, мол өнімді. Əрбір жеміс ағашынан орта есеппен 100-200 кг өнім алынады. Жемісінің өлшемі орташадан жоғары (140г), пішіні алмұртқа тəн, сəл домалақ келген, бояуы сарғылт жасыл, сəл ғана қызғылт шырайлы. Жұмсағы нəзік, шырынды, тəтті, хош иісті.
Шие сорты:
Шпанка крупная - халық селекциясы арқылы шығарылған сорт, Қазақстанды Алматы, Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда, Шығыс-Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары ірі, бөрікбасы дөңгеленіп келген, аумақты, қалыңдығы орташа, суыққа шыдамды. Жемісті 3-4 жылда салады. Өнімді жыл сайын береді. Əрбір ағаштан орта есеппен 30-40 кг шие алынады. Жемістерінің өлшемі орташа (3,2г), ашық қызыл, домалақ, жұмсағы шырынды, қышқылтым тəтті.
Алхоры сорты:
Эдинбургская - Англияда шығарылған сорт. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары биік өседі, ескі ағаштарының бөрікбасы аумақты, жас ағаштардың бөрікбасы пирамидалы, суыққа төзімді. Жемісті отырғызылғаннан кейін 4-5 жылда салады, өнімді жыл сайын береді. Əрбір жеміс ағашынан орта есеппен 40-80 кг алхоры алынады. Жемісі ірі (40-50г), домалақ, түсі ақшыл күлгін, қызылдан қоңыр көкке дейін ауытқиды. Жұмсағы жасылдау сары, тығыздығы орташа, шырынды, дəмі қышқылтым тəтті. Сүйегі жұмсағынан оңай айырылады. Жемісі жаздың аяғында піседі. Жас күйінде қолданылады, қайнатпа, тосап дайындалады.
Өрік сорты :
Краснощекий никитский - Никитский бағында (Украина) шығарылған сорт. Қазақстанда Алматы, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары биік өседі, бөрікбасы кең, аумақты. Суыққа төзімділігі орташа. Өнімді отырғызылғаннан кейін 4-5 жылда салады. Орта есеппен əрбір ағашы 30-50 кг жеміс береді. Жемісі ірі, өте ірі (50-100г), түсі қызғылт сары. Жұмсағы хош иісті, асханалық, тəтті. Сүйегі жұмсағының ішінде бос жатады, дəні тəтті, жемісі шілдеде піседі.
Шабдалы сорты:
Киевский ранний - Украина жеміс шаруашылығы институтында шығарылған. Қазақстанда Алматы, Қызылорда облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштарының биіктігі орташа, бөрікбасы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz