Қант қызылшасы бағалы техникалық дақыл



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
2.1 Халық шаруашылығындағы маңызы.
2.2 Морфологиялық сипаттамасы.
2.3 Биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
2.4 Қант қызылшасын өсіру технологиясы.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстанның онтүстік жəне оңтүстік - шығыс аймағында техникалық бағалы қант қызылшасы өсіріледі. Аталған дақылөсірілетін Алматы жəне Жамбыл облыстарының ауа райы оны өсіруге қолайлы келеді. Осы облыстарда қант қызылшасы суармалы жерлерде орта есеппен əр гектардан 300-350 ц жəне одан да жоғары өнім береді. Қант қызылшасының егілетін сорттарына байланысты түбірінің қанттылығы 13-20% шамасында болады. Қант қызылшасы себілетін аймақтарда климат жағдайларын ескере отырып,оны жақсы алғы егістерден кейін себу арқылы дақылдың өнімін арттыруға болады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының, оның ішінде қант қызылшасының,өнімділігін арттыруға бағытталған агротехникалық шаралардың бірі - осыкүнгі талаптарға сай келетін оның алғы егісін таңдай білу.Қант қызылшасы алғы егісті талғағыш, сондықтан ауыспалы егісте оған қолайлы орын табу қажет.Бұрынырақта қант қызылшасының ауыспалы егісі ұзақ айналымды, яғни 7-8 танапты болып келетін. Ауыл шаруышылығында болған өзгерістерге, яғни жердің ұзақ мерзімге жалға берілуі, кейінгі кездерде оның сатылуына байланысты бұл қағида өзгерді. Шаруашылықты ғылыми негізде өркендетуде ауыспалы егістің маңызы өте зор. Агротехника ережелеріне сəйкес дақылдарды ауыстырып отырмайынша егіншілік мəдениетін жақсартып, қызылшаның өнімін арттыру мүмкін емес.
Сондықтан кейбір агротехникалық шараларды қайта зерттеп, экономикалық əлеуметтік өзгерістерге байланысты шаруа қожалықтарына тиімді, өндірілген өнім сұраныс пен қатар көп пайда түсіретін ауыспалы егіс түрлері ұсынылуы керек. Зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық өндірісін одан əрі қарқынды дамыту көзделіп отыр. Соның ішінде, техникалық дақылдардың, əсіресе қант қызылшасының, өнімділігін жəне қанттылығын арттыруға үлкен мəн берілуде. Қазақстан Республикасының Президентінің 2014 жылғы халыққа жолдауына байланысты қабылданған шешімдерге сəйкес, елімізде қызылшадан қант өндіруді 2 - 3 есе арттыру белгіленіп отыр. Бұл міндеттерді орындау үшін, қызылша өсірілетін өңірдің топырақ - климат жағдайларын ескере отырып, оның өнімділігін жəне қанттылығын арттыратын, аймақтық өсіру технологиясын жетілдіру қажет.

2.1 Халық шаруашылығындағы маңызы.
Қант қызылшасы бағалы техникалық дақыл. Республикада қантты негізінен қант қызылшасынан алады, өйткені оның тамыржемісі көмірсуларға бай, құрамында 13-20% сахароза болады, сондықтан ол қант өнеркәсібінде шикізат болып саналады. Қантты сонымен қатар қант қамысынан (балқурай) өндіреді. Балқурай - тропикалық және субтропикалық белдеулердің көпжылдық өсімдігі, оны жер шарының 70-тен аса елдері өсіреді. Балқурай қантының үлесі әлем өндірісінің 60%-дан астамын құрайды. Балқурай қантының шығымдылығы қант қызылшасынан екі есеге жуықтай төмен.
Қанттың тамаша дәмдік қасиеті бар, ол кең таралған және ағза тез сіңіретін қуат көзі. Қатты шаршағанда қан құрамында қант мөлшері азаятыны белгілі. Қантты тағамдарды пайдалану - адам ағзасының жұмыс қабілетін, физикалық күш пен ой қуатын сақтау мен оны тез қалпына келтіретін негізгі факторлардың бірі. Қант қызылшасын өнеркәсіптік өңдеудегі қосымша өнімдер- жапырақтар, сығынды және сірнелердің құндылығы жоғары. Қант қызылшасының жапырақтары, тамыр салмағының үштен бірінен- жартысына дейінгі бөлігін құрайды және малазықтық құндылығы бойынша екпе шөптер көк балаусасынан кем түспейді: 5 кг ақуызбен жақсы қамтамасыз етілген (110г) жапырақтары бір малазықтық өлшемге тең. Қант қызылшасының 1 гектардағы 250-300 цга жемісі тамыр өнімінде, оның тек жапырақтары шамамен 2000 малазықтық өлшем береді.

Қант қызылшасын зауытта өңдеуден алынатын сығынды мен сірненің малазықтық маңызы зор. Қантсызданған қызылша жаңқасы болатын сығындыда 15% құрғақ заттар, оның ішінде 1,3% шикі протеин және 10% жуық көмірсулар болады; 1ц шикі сығындының малазықтық құндылығы 8 азықтық өлшемге тең; сығынды шығымы тамыр массасының 80% құрайды. Малазықтық сірнеде 60% дейін қант болады және оның малазықтық құндылығы дәнге жақындайды, себебі оның 1 кг-да 0,77 малазықтық өлшем және 45 г қорытылатын протеин бар. Сонымен қатар сірне кондитер және тағам өндірісіне шикізат та болады. Қант қызылшасы 1 гектардан 250-300 ц тамыр мен 100-150 ц жапырақ өнімін бергенде алынатын барлық қосымша өнімдердің (жапырақтар, сығынды, сірнелер) малазықтық құндылығы 5000-ға жуық малазықтық өлшемді құрайды. Дефекациялық лас қалдықтар (қызылша қантын өндірудегі қалдықтар) тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.
100 ц тамыржемісті өңдегенде 13-16 ц қант, 83-90 ц сығынды және 3,5-4 ц сірне алынады.
Қант қызылшасы тамыржемісінің шамамен 40-50% малға азық болса, оны арнайы малазық ретінде де өсіруге болады. Демек, біздің елімізде қант қызылшасы техникалық дақыл ғана емес, маңызды малазықтық дақыл. Малазықтық құндылығы бойынша қант қызылшасы малазықтық қызылшадан екі еседен артыққа асып түседі: оның бір кг-да 0,26 малазықтық өлшем, 12 г қорытылатын протеин, 0,5 кальций және 0,5 г фосфор болады. Басқа тамыржемістерге қарағанда қант қызылшасы біршама жақсы сақталады.
Қант қызылшасының агротехникалық маңызы да зор. Ауыспалы егістерге оны енгізуден егіншілік мәдениеті артады. Қант қызылшасының топырағын терең өңдеу мен өсіп-жетілу кезеңіндегі жүргізілетін күтіп-баптау шараларының арқасында, танап келесі егілетін дақылдар үшін арамшөптерден тазартылады және онда ылғал жиналады. Демек, қант қызылшасы көптеген ауылшаруашылық дақылдарына құнды алғы дақыл және ауыспалы егістердің жалпы өнімділігін көтереді.
Қант қызылшасын жер шарында 9,5 млн гектарға өсіреді, оның жартысына жуығы ТМД мемлекеттерінің үлесіне тиеді (Украина, Ресей, Молдавия, Беларуссия). Қант қызылшасы Республиканың оңтүстік шығысында (Алматы және Жамбыл облыстары) суармалы жерлерде өсіріледі. Егер 1991 жылға дейін Қазақстандағы қант қызылшасының егіс ауданы 57 мың гектар құраса, соңғы жылдары дақыл 20 мыңдай гектар жерге ғана егіліп жүр. Республикада 7 қант зауыты бар, қант қызылшасы шикізатының аздығынан олар балқурайдан қант өндіруге қайта жабдықталған. Қант қызылшасы тамыр жемісінің орташа өнімділігі 210-230 цга құрайды.

2.2 Морфологиялық сипаттамасы.
Қант қызылшасы (Beta vulgaris L. V. Saccharifera) - Алабұталар тұқымдасы (Chenopodiaceae) қызылша туысының (Beta L.) малазықтық (v. Crassa), жапырақты (v. Cicla) және асханалық (v. Escultnta) түр тармақтары кіретін түрдің - екіжылдық өсімдігі. Мәдени екіжылдық қызылша б.э.д. 2000-1500 жылдардан әрі Алғы Азияда өсіре бастаған жабайы біржылдықтан (Beta vulgaris) шықты. Өсірілетін өсімдіктердің ішінде қант қызылшасының шығу тегі салаыстырмалы беріректе болуымен ерекшеленеді және ол толығымен адамның араласуымен жасалынған жалғыз ауыл шаруашылығы дақылы. Қант қызылшасының бірінші жылы жертаған жапырақтары мен тамыржемістері, екінші жылы - гүл түзіп, тұқым беретін өркендері өсіп жетіледі (Сурет 1).
.
Сурет 1. Қант қызылшасы. 1, 2 - егін көгі және нағыз қос жапырақ кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3,4 - эккендорфская желтая малазықтық қызылшасының І-бірінші жылғы өсіп-даму кезеңіндегі өсімдігі және тамыржемісінің көлденең қимасы;5,6 - қант қызылшасының өсіп-дамуының бірінші жылғы өсімдігі және тамыржемісінің көлденең қимасы; 7 - гүлді сабақтың бір бөлігі. 9 - көпөскінді және бірөскінді қызылша жемісшесі; 10 - тұқымы.
Қант қызылшасының ұзын жіңішке тамыршалары бар олар жан жағына 40-50 см тарайды, ал негізгі кіндік тамыры 2-2,5 м топырақ тереңдігіне дейін енуге қабілетті. Оның орталық тамыры өсіп, толысып тамыржеміске айналады. Жетілген өсімдігінің тамыржеміс массасы 500-800 г және одан да жоғары болады. Тамыржемісінің пішіні - конус тәрізді, құрылысы: басы, мойны және нағыз тамырдан тұрады. Басы - тамыржемістің үстіңгі бөлігі, түрі өзгерген сабақ, онда жапырақтар орналасады. Басында тамыржемістің басқа бөлігіне қарағанда қанттың мөлшері аз. Мойын-тамыржемістің басы мен нағыз тамырдың арасында орналасады. Онда жапырақтар мен тамыршалар болмайды. Тамырдың өзі - тамыржемістің төменгі конус тәрізді бөлігі. Тамырдың ұзына бойындағы жырықшаларынан көп жанама тамыршалар тарайды. Қанттың көп мөлшері (19-20%) тамыр жемістің ортаңғы бөлігінде болады.Пісіп-жетілген тамыржемісте шамамен - 75% су, 25% құрғақ заттар (сорты мен өсіп-жетілу жағдайына қарай 16-24% қант) болады. Қанттылығына жоғары агротехника көп әсер етеді.
Қант қызылшасының жапырақтары ірі, бүтін, жүрек тәрізді, сағақты. Пішіндері жасына қарай өзгереді: жас жапырақтарының сағақтары қысқа және тақтасы дөңгелек, ал үлкейгендерінің сағақтары ұзарады да жүрек тәрізденеді. Жапырақ тақтасының толқынды, ойықты немесе тегіс болуы сорттық белгі мен өсіру жағдайына байланысты. Жеке жапырақтың ұзындығы 50-70 см дейін. Бірінші жылы өсімдік 60-қа таяу жапырақтар түзеді.
Қант қызылшасы тұқымды тіршілігінің екінші жылы - қыста сақталған тамыржемісті көктемде топыраққа отырғызғанда гүлді өркендер пайда болғаннан кейін барып береді.
Гүлдері - қосжынысты, гүлсеріктері жасылдау. Гүлденуі 20-40 күнге созылады. Қант қызылшасы айқас тозаңданады. Тозаңдануы жел мен насекомдар арқылы жүреді. Жемісі - жаңғақша. Көп тұқымды қант қызылшасының жемістері 2-5 тұқыммен тізбектеліп шоғырланған. 1000 тұқымның массасы 20-дан 50г дейін. Біртұқымды қант қызылшасының жемістері бір жаңғақшадан тұрады, сондықтан механикалық себуге ыңғайлы. Тұқымның сыртында бурыл жылтыр қабықша болады. Тұқымның ұрығы перисперманың (қоректік заттар орналасқан жер) айнала сақина тәрізді қоршап тұрады, ол екі тұқым жарнағынан, орталарында орналасқан бүйрекшеден және ұрық тамыршаларынан тұрады.
2.3 Биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
Қант қызылшасы басқадай мәдени тамыржемістілер сияқты екі жылдық өсімдік. Қант қызылшасының бірінші жылындағы вегетациялық кезең ұзақтығы 150-170, ал екінші жылы - 100-130 күн. Алғашқы 50-60 күнде негізінен жапырақ өседі, келесі 50-60 күнде - тамыр, ал соңғы 50-60 күнде тамыржемісіне қанттар жиналады. Қант қызылшасының тұқымы 3-4°C өніп шыға бастайды. Тұқымның бөртуі үшін құрғақ тұқым массасымен салыстырғанда 130-150% ылғал қажет.
Қант қызылшасы тұқым жарнағын топырақтың бетіне шығаратындықтан, тұқым себер алдында топырақты өңдеулер мұқият жүргізіліп, өсімдік көгінің уақытында пайда болуына кедергі келтіретін топырақ қабыршақтары жойылу керек. Тұқым жарнағының топырақ бетіне шығуы мен оның жасылдануы қосқұлақтану кезеңі деп аталады. Тұқымы өніп шыққаннан 8-10 күн өткеннен кейін, нағыз жапырақтардың бірінші жұбы пайда болады. Әрі қарай әр 2-3 күннен кейін үш жұпқа дейін жаңа жұп жапырақтар, сонан соң дара жапырақтар шығады. Барлығы 60-80, кейде одан да көп жапырақтар түзіледі.
Қант қызылшасы өсу жағдайына өте жоғары талап қояды. Қант қызылшасы тамырында жиналатын қанттың мөлшері жарық қарқынына тікелей байланысты болуынан, жауын шашынды бұлыңғыр ауа райында тамыржеміс өнімділігі мен оның қанттылығы төмен болады.
Қант қызылшасы ұзақ күннің өсімдігі. Күн жарығының ұзақтығы мен қарқыны қызылшаның өсіп-жетілуіне, сондай-ақ қант, көмірсулар түзуіне көп әсер етеді. Жарық жақсы түскен сайын, көмірсулардың синтезделу үрдісі жақсы өтеді. Жарықтың жетіспеуінен қант қызылшасының өнімі мен қанттылығы күрт төмендейді.

Дақылдың жылуға талабы орташа. Вегетациялық кезеңіне қажетті белсенді температура жиынтығы - 2400°C. Өсіп-жетілуіне оңтайлы температура - 20-22 °C.
Қосқұлақтану кезеңіндегі өскіндер - 3-4°C үсікті көтермейді, бірақ екі нағыз жапырақты кезеңде - 6-7°C үсікке шыдамды. Қант қызылшасы ылғалды көп қажет етеді. Оның транспирациялық коэффициенті 240-400 аралығында болғанмен, құралатын органикалық массасының жалпы мөлшері көп болғандықтан, жоғары өнім алу үшін топырақта ылғал жеткілікті болу керек. Өсімдіктің ылғалды көп қажет етуі жапырақтар мен тамырларының қарқынды өсу кезеңінде болады. Сонымен қатар, қант қызылшасы өзінің мықты тамыр жүйесінің арқасында топырақтың терең қабатынан өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз етуіне байланысты, құрғақшылыққа да төзімді өсімдікке жатады. Қант қызылшасы жоғары өнімді жақсы жарық пен ылғал мол жағдайларда береді. Бұл дақыл топырақ аэрациясына жоғары талап қояды. Ауа тұқымның өніп-өсуі мен тамыржемістер қалыптасуының барлық кезеңдерінде қажет. Ауыр, нашар өңделген топырақтарда ауаның жеткіліксіз болуынан тамыржемістердің өсіп-жетілуі нашарлап, өнім төмендеп кетеді. Топырақ қышқылдығына қант қызылшасы сезімтал. Оған топырақ ортасының реакциясы бейтарап және әлсіз сілтілі болуы өте қолайлы (рН 6,5-7,5). Қант қызылшасы қоректік заттарға бай қара, қара-қоңыр топырақты жерлерде мол өнім береді. Республикада қант қызылшасы негізінен Алматы және Жамбыл облыстарында кәдімгі сұр топырақты жерлерде өсіріледі. Елімізде оның 28 сорты өсіруге рұқсат етілген және кең тарағандары - Ялтушковская односемянная, Ялтушковская односемянная 30, Рекорд, Ризор, Роксанг, Амели, Венера, Георгина, Ленора және будандардан ЦКАЗМС-44, КазМС-19, КазСИБ-14 ж.б.
2.4 Қант қызылшасын өсіру технологиясы.
Қант қызылшасы тәтті түбірінің өнімділігін және сапасын жоғарылатуда арнайы ауыспалы егісте дақылдың аурулары мен зиянкестерімен тиімді күресуге мүмкіндік туады. Қазақтың егіншілік ғылыми зерттеу институты қызылша өсіретін аудандарға 7-8 танапты (жоңышқа қызылшалы) арнайы ауыспалы егіс кескіндерін ұсынған болатын. Қазіргі жағдайда фермерлік шаруашылықтарға арналып, екі үш танапты ауыспалы егістер енгізілуде (Байоразов А., 2006). Мұндай қысқа ротациялы ауыспалы егісте қант қызылшасына жақсы алғы дақыл ретінде майбұршақ, картоп және мақсары ұсынылады. Әрине,қант қызылшасынан жоғары өнім алу үшін оны арамшөптерден таза, ылғал мен қоректік заттар жеткілікті танаптарға орналастыру керек.
Қант қызылшасы топырақтан көп мөлшерде қоректік заттар пайдаланатындықтан және оның тамырында көптеген зиянды ұсақ ағзалар орналасуынан қайталама егісті нашар көтереді. Қайта егісте қант қызылшасы зиянкестер мен аурулардан көп зардап шегеді, әсіресе тозған жерлерде.
Қант қызылшасын бәрінен бұрын жақсы өңделген, тыңайтылған ерте екпе сүрі жерден кейін орналастырған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызылшақант өндірісінде қалдықтарды қолдану
Қант қызылшасының даму тарихы
Алматы облысы қарасай ауданының топырақ климаттық жағдайы
Қант қызылшасын тұқымға өсіру технологиясы туралы
Қант қызылшасын тыңайту
Қант қызылшасы өндірісін дамыту
Қант қызылшасының маңыздылығы
Қант қызылшасы жапырақтарының даму кезеңдері
Алматы облысы Ақсу ауданының табиғи - климаттық жағдайы
Қант қызылшасы дақылының өсіру технологиясы
Пәндер