Жылыжайдағы қырыққабаттың аурулары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.1.Көкөніс дақылдарының өсу және даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... 3-4
2.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5-24
2.1.Жылыжайдағы қырыққабаттың аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-8
2.1.1.Жылыжайдағы қырыққабатты аурулардан қорғау жүйесi ... ... ... ... 9-10
2.2.Жылыжайдағы қызанақтың аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10-11
2.2.1.Жылыжайдағы қызанақты аурулардан қорғау жүйесі ... ... ... ... ... . 11-12
2.3.Жылыжайдағы сәбіздің аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12-13
2.3.1.Жылыжайдағы сәбізді аурулардан қорғау жүйесі ... ... ... ... ... ... ... 13-14
2.4.Жылыжайдағы пияз бен сарымсақтың аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... 14-16
2.4.1.Жылыжайдағы пияз бен сарымсақты аурулардан қорғау жүйесі... 17-18
2.5.Жылыжайдағы қиярдың аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18-22
2.5.1.Жылыжайдағы қиярды аурулардан қорғау жүйесі ... ... ... ... ... ... .. 22-24
3.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25-29
4.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 30

Кіріспе.
Көкөніс дақылдарының өсу және даму ерекшеліктері. Көкөніс дақылдарының өсуі, дамуы және өнімділігі өсімдіктің тұқым қуалаушылық ерекшеліктеріне және қоршаған орта жағдайына тәуелді.
Тұқымдық өсімдіктердің көпшілігінің онтогенезінде мынадай негізгі жас шақтарын: тұқымдық, өсінді (немесе жасөспірім кезеңі) және тұқым қалыптастыру (жыныс мүшелері қалыптасатын кезең) кезеңдерін белгілейді.
Осы кезеңдердің әрқайсысының шегінде өсімдіктің жекелеген мүшелерінің пайда болуымен байланысты сыртқы белгілерінің (морфологиялық) өзгерістерін білдіретін өсімдіктің өсуінің үш кезеңін ажыратады. Өсімдіктің әр тобының өсу кезеңдері бірдей болмайды.
Тұқымдық шақта тұқымның зат алмасуы аналық өсімдікпен байланысты эмбрионалды кезеңді, жетілген тұқымның әрекетсіз күйге ауысатын - тыныштық кезеңін және тұқымның қоректік заттарын пайдаланып, бөртіп, ұрық өсетін - тұқымның өну кезеңін белгілейді.
Өсінді шақта өсінді мүшелер - тамырлар, жапырақтар, сабақтар қалыптасады. Мұнда үш кезең ажыратылады: көшеттік, азық қорын жинау және тыныштық кезеңі. Бір жылдық жемістік көкөніс дақылдарында (алқалар, бұршақтар және асқабақтар тұқымдасы) тек бір көшеттік, ал басқа біржылдықтарда (шпинат, ақ сүттіген, шалғам), тағы - азық қорын жинау кезеңі болады. Екіжылдықтарға (тамыржемістілер, орамжапырақ, пияз) және барлық көпжылдықтарға, тағы үшінші - тыныштық кезең тән. Тыныштық кезеңінде өсу үдерісі, зат алмасуы, транспирация және тыныс алу өте баяулайды.
Өсу мен дамудың тұқым қалыптастыру шағы төрт - бүршіктену, гүлдену, жеміс салу және қартаю кезеңдерінен тұрады. Бүршіктену кезеңінде гүлсидамы және гүл шоғыры қалыптасады, гүлдену кезеңі тозан мен аналық жасушасының пісіп - жетілуімен сипатталады.
Қартаю - цитоплазма коллоидтарының (гель жиналады) тұтқырлығының артуымен, оның өткізгіштігінің төмендеуімен сипатталынады. Қоректік заттардың келіп түсуінің қиындауының нәтижесінде өсімдіктің бүкіл мүшесі бірте - бірте сола береді.
Өсімдіктің ойдағыдай өсіу мен дамуы үшін жылу, су жарық, қоректік элементтер қажет. Қоршаған ортаның кез келген себепшарты (факторы) өсімдіктің өсуін және дамуын жеделдетуі немесе тежеуі мүмкін. Сондықтан өсімдіктің өсуін және дамуын кез келген себепшарттың біреуінің әсерімен түсіндіруге болмайды. Өсімдіктің әр түрі үшін өздерінің, шектен тыс ауытқи өсуі мен дамуы тоқырамайтын ең төменгі (минималды) және ең жоғарғы (максималды) температурасы, сондай-ақ, осы үдерістер ең жоғары қарқынмен өтетін оңтайлы (оптималды) температурасы болады.
Су жетпегенде жасушаның өсуі баяулайды немесе біржола тоқтайды, олар ұсақ болып қалыптасады; фотосинтез күрт басылады, нәтижесінде өнім төмендейді. Ойдағыдай өсу және даму үшін жарықтанудың және жарықтың құрамының мәні өте зор. Қараңғыда әлсіз дамыған механикалық және өткізгіш ұлпалары мен тамырлары бар, түссізденген (этиолданған) өсімдіктер қалыптасады. Жарық құрамында көк-көгілдір сәулелер басым болса, онда жапырақтары мен тамырлары жақсы дамыған, сабағы қысқа өсімдік қалыптасады. Өсімдіктің өсуі және дамуы үшін қажет жағдай - бұл оларды қоректік заттармен қамтамасыз ету.
Өсімдіктің өсуі мен дамуына қоршаған орта жағдайының әсері әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, үздіксіз жарықтандырғанда өсімдіктердің барлығы да тезірек өседі (құрғақ зат жинақтайды), мұндайда тек ұзақкүнділіктер ғана тез дамиды. Қысқакүнділіктер мұндай жағдайда өзінің дамуын белгісіз ұзақ уақытқа тежейді.
Өсімдіктің құрамы, соған байланысты, өнім құрылымы онтогенезде өсу мен даму үдерістерінің өзара әрекетінің нәтижесінде қалыптасады. Ауыл шаруашылығы үшін фотосинтез үдерісі мен тамыр арқылы қоректенуде пайда болатын органикалық заттың, негізінен шаруашылыққа бағалы өнімді қалыптастыруға жұмсалғаны маңызды. Агротехникалық шаралар жүйесі осыны ескеріп құрастырылады. Айталық, өсімдік өсінді бөліктер (тамыр жемісі, жапырағы) үшін өсіріледі. Онда агротехника жүйесі өсімдіктің өсуін жан-жақты жеделдетуге, ал дамуын тежеуге бағытталады. Егер де өсімдік тұқымы мен жемісі үшін өсірілсе, онда агротехника жүйесі орынды шекке дейін өсіндік массасының өсуін шектеп, бір қалыпты дамуын және жеміс салатын мүшесінің жақсы қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталады.
Өсімдіктің өсуі мен дамуына ойдағыдай әсер ететін көптеген тәсілдер бар. Көкөніс дақылдарының өсуі мен дамуын басқару агротехникалық әдістерімен іске асырылады: дақылмен, көктетумен, өсіріп жетілдірумен: бұған шартты түрде пісіп жетілдіру мен сақтауда жатқызуға болады. Өсімдіктің өсуі мен дамуына жасушаларда және ұлпаларда пайда болатын табиғи үдеткіштер: ауксиндер, гиббереллиндер, дәрумендер, сондай-ақ, жасанды үдеткіштер, өсуді тежегіштер (ингибаторлар) әсер етеді.

2.1.Жылыжайдағы қырыққабаттың аурулары.
Қырыққабаттың кила ауруы. Республиканың солтүстік облыстарында және басқа аймақтардың ойпат, өзен аңғары топырақтарында жиі кездеседі.
Бұл ауруға жас және өсіп-жетілген ересек қырыққабат өсімдіктері шалдығады. Кесел өсімдіктердің тамырларында бастапқыда жеке iciктep мен бұлтықтар түрінде пайда болып, кейін олар бip-бipiмeн қосылып, кейде тамыр жүйесіне тұтас тарайды. Дертке шалынған қырыққабат көшеттерінің бойында бұлтықтар тек мұқият қарап тексергенде ғана көрінеді, ал өciп-жетілген өсімдіктер ауруға шалдыққанда оның жапырақтары ашық-жасыл немесе сарғыш түске еніп, кейін салбырап, қырыққабат қауданы жетілмей қалады. Егер дерт меңдесе, қырыққабат қауданы мүлдем байланбайды.
Қырыққабаттың кила ауруының қоздырғышы - Plasmodiophora brassicae Peronospora brassicae Gaeum. саңырауқұлағы. Бұл саңырауқұлақ облигатты паразит қатарына жатады. Саңырауқұлақтың вегетативті денесі -плазмодий. Одан зооспорангий немесе тыныштық күйдегі спора жетіледі. Түзілген зооспоралар өніп, тамыр түктеріне еніп, плазмодийге айналады. Залалданған клеткалардың көлемі ұлғайып (гипертрофия) iciктep мен бұлтықтар түзіледі. Клеткалар бөлінгенде, плазмодий де бөлінеді. Залалданған клетка көлемі сауларына қарағанда 5 еседей ұлғаяды. Өсімдіктің бойында әсіресе қарқынды өсіп-жетілетін, бөлінетін камбий клеткалары ауруға тез шалдығатындықтан, патогенге аса сезімтал келеді.

Дерт шалған қырыққабат өсімдіктерінің жанама тамырларының аз түзілуінің нәтижесінде оның су және минералды заттарды сору қабілеті және өткізгіш түтіктер бойымен қозғалу қарқындылығы төмендейді. Күннің ыстық мезгілінде кесел шалған өсімдіктердің төменгі жапырақтары солады да, нәтижесінде өсімдік топырақтан оңай суырылады.
Қолайсыз жағдайда саңырауқұлақтың вегетативті денесі (плазмодий) жеке түйіршіктерге бөлініп, әр бөлігі қалың қабықпен көмкеріліп, тыныштық күйдегі спора - цистаға, айналады. Кила ауруының қоздырғышы 18-20°С температурада, 80-90% топырақ ылғалдылығында және қышқыл ортада (рН 5,5-6,3) жақсы дамып, жетіледі. Топырақ микроағзаларының әсерінен өсімдік тамырындағы бұлтықтар мен icіктep ыдырап, цисталар босап, топыраққа түсіп, 4-5 жыл, кейде одан да ұзақ уақыт бойына сақталады.
Қырыққабаттан басқа Plasmodiophora brassicae Wor. саңырауқұлағы крестгүлділер тұқымдасына жататын кӛптеген ӛсімдіктерді залалдауы мүмкін. Ауру қоры жылыжай, көшетхана, егістік топырақтарында және өсімдік қалдықтарында сақталады.
Ауыспалы егістік сақталмай, крестгүлділер жылма-жыл бip танапқа егілсе (бірдакылдылық), инфекция қоры бірден-бірге артып, өсімдік 100% залалданып, өнім шығымы 50% кемиді.
Қара сирақ ауруының қоздырғыштары - Rhizoctonia solani Kuehn., Olpidium brassicae Wor., Pythium debaryanum Hesse, Alternaria, Fusarium туыстарына жататын саңырауқұлақтар.
Қазақстанда қырыққабат көшетін көбіне Rhizoctonia solani Kuehn саңырауқұлағы залалдайды. Саңырауқұлақтың алғаш түссіз, кейін қоңыраятын жіпшелерінің бетінде ақ түсті, кейін қоңыр түсті түйіршіктер - псевдосклероцийлер түзіліп, топырақта бірнеше жыл бойына сақталады.
Залалданған көшеттерден жетілген өсімдіктерде, әcipece кеш пісетін қырыққабат сорттарында, күзде ауру қайталанады. Жапырақтар өзегінен ажырап, шipiп, орта жүйке маңайында ұсақ, жалпақ, қара склероцийлер түзіледі. Ауруға шалдыққан қауданның сыртқы жапырақтары қоймада сақталу кезінде сарғайып, құрғап, кейде тұтас шіриді.
Қара сирақ ауруының таралуына жоғары ылғалдылық, eгicтіктe өсімдіктің жиілігі, азот тыңайтқышының артық мөлшері, ауа температурасының күрт көтеріліп кетуі және басқа да орта жағдайлары ықпал етеді. Крестгүлділерден басқа қара сирақ ауруына қияр, қызылша, сәбіз, салат, қызанақ, бұрыш, баклажан, қарақұмық және басқа өсімдіктер шалдығады. Инфекцияның нeгiзгi қоры - топырақ және өсімдік қалдықтары.
Жалған ақ ұнтақ ауруы қырыққабат өсірілетін барлық аймақтарда кең таралған, әcipece жылыжайларда жиі кездеседі. Бұл ауруға көкөніс дақылдарының көшеттері, ересек өсімдіктердің жапырағы, сонымен қатар тұқымдықтардың сабағы, бұршақ және тұқымқаптары шалдығады.
Жалған ақ ұнтақ кеселінің негізгі белгісі - жапырақтың үсіңгі бетінде ашық-сары түсті, жайылған дақ, ал оның астыңғы бетінде ақшыл-сұр, селдір өңез түзілуі. Дерт шалған өсімдік жапырақтары сарғайып, жансызданып, өсімдік қурайды. Дерт шалған тұқымдық өсімдіктердің жапырағында, сабағында, гүл сағағының және бұршаққабының бойында түci қара, аумағы әртүрлі дақтар түзіледі. Бұршаққаптың бойында пайда болған беті ойыс дақтардың бетінде селдір, ақ түсті өңез пайда болып, бұршаққаптың ішінде түзілген тұқым да ауруға шалдығады. Мұндай тұқымнан ӛніп шыққан ауру өскін дамып-жетілгенде, бойындағы ауру қоздырғыш саңырауқұлақ диффузды таралып, дерттің алғашқы бeлгici тұқым жарнағы жапырақтарында білінеді. Қоймада сақтау кезінде залалданған қауданның сыртқы жапырақ-тарында беті ақ түсті өңезбен көмкерілген, жайылған сұрғылт дақтар пайда болады.

Ауру қоздырғышы - Peronospora brassicae Gaeum. саңырауқұлағы. Оның бip клеткалы жіпшумағы клетка аралығында таралып, жапырақ сыртына леп тесігі арқылы конидиялы спора тасушылары шығып, түci ақ, жеңіл өңез түзеді. Конидиятасушылар дихотомиялы тармақталып, сәл иілген соңғы тармақтың ұшында бip ктеткалы, пiшіні сопақша келген, мөлшері 12-28*11-23 мкм конидиялар пайда болады. Өсімдік бойында, ұлпа ішінде түзілген диаметрі 25-30 мкм ооспоралар өсімдік қалдықтарында қыстап шығып, көктемде өсімдікті алғаш залалдайды, ал қайта залалдану - конидиялармен жүреді.
Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша саңырауқұлақ тұқым қабығында да сақталады. Залалданған қырыққабат кқшеттерін танапқа көшіргенде, аурудың дамуы тежеледі. Ылғал мол жағдайда кесел қайта өрбіп, белгісі қырыққабат қауданының төменгі жасыл жапырақтарында байқалады. Азыққа арналған қырыққабатқа ауру қауіпсіз, ал тұқымдық өсімдіктердің дертке шалынуы - аса зиянды. Ауру қоздырғыш саңырауқұлақ қаудан өзегіне еніп, көктемге дейін сақталады да, одан өніп шыққан өсімдік ілкі бастан ауру болады. Саңырауқұлақ 10-15°С температура мен тамшы күйіндегі ылғал бар жерде жақсы дамиды. Бұл патоген қырыққабаттан басқа да крестгүлді тұқымдасына жататын өсімдіктерді залалдайды.
Аурудың салдарынан көшеттер сиреп, тұқымдық өсімдік өспей қалады, тіпті өскен жағдайда да тұқым сапасы төмендеп, қаудандар қоймада сақтау кезінде шіриді.
Фомоз немесе құрғақ шірік - кең таралған, өте зиянды кесел. Бұл дерт қырыққабаттың өсу кезеңінде өсімдіктің барлық мүшелерін залалдайды.
Қырыққабат көктеп шыққан кезде дерт шалған тұқым жарнағының бойында ашық-қоңыр түcтi дақтар пайда болады. Өсімдік сабағының етегінде, тамырға түсетін дақтар сарғыш-сұр түсті, беті сәл ойыс. Дақтар кейін қоңырайып, бетінде қара түсті пикнидалар түзіледі. Ауруға шалдыққан ұлпалар үгітіліп, өсімдік қурайды. Залалданған көшеттерді топыраққа көшіргенде аурудың дамуы жалғасып, өсімдіктің өcyi баяулап, ашық-жасыл түске еніп, төменгі жапырақтары қызыл-күлгін немесе көкшіл түске енеді. Дақтарда түзілген пикнидалардан споралар шығып, басқа, сау өсімдіктерді залалдайды.
Өсіп-жетілген, ересек өсімдіктердің барлык мүшелеріне дөңгелек немесе сопақша, сұрғылт түсті, қоңыр жиекті дақтар түседі де, бетінде қара пикнидалар түзіледі. Сабақ залалданған тұсынан сынады. Қоймада сақталу кезінде залалданған тұқымдықтарда ауру өршіп, қауданның өзeгi шipiп, үгітіледі. Науқас тұқымдықтар кейін танапқа отырғызғанда өспей, солып қурайды. Жансызданған өсімдіктердің өзегі мен тамыры құрғақ шірікке айналып, ұлпалары мен түтіктері қоңырайып, iшi ақ жіпшеге толады. Ауруға шалдыққан бұршаққапта түзілген тұқымдар да залалданьш, саңырауқұлақ жіпшелері олардың беткі қабығында бірнеше жыл сақталады.
Ауру қоздырғышы - Аскомицеттер класының Плеоспоралылар қатарына жататын Phoma lingam Desm. саңырауқұлағы. Жіпшумағы эндофитті, клетка аралығымен тарайды. Пикнидалар ұлпаға батып орналасып, сыртқа жоғарғы бӛлігі ғана шығып тұрады. Пикноспоралары ұзынша, цилиндр тәрізді, сәл иілген, түссіз. Саңырауқұлақ өсімдікке зақымдалған ұлпалар арқылы енеді. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы - 5-8 күн, кейде одан да ұзаққа созылады. Аурудың дамуына қолайлы жағдай 21-23°С деңгейіндегі температура және 60-80% ауа ылғалдылығы. Вегетация бойына саңырауқұлақ 5-8 ұрпақ береді. Бұл ауруға қырыққабаттан басқа да крестгүлділер шалдығады. Инфекция қоры тұқымда және өсімдік қалдықтарында сақталады.
Кеселдің салдарынан өсімдіктің 30-40%, кейбір жылдары 80% қурайды.
Түтікті бактериоз. Бұл ауру крестгүлділер өсірілетін аймақтарда дақылдардың барлық даму кезеңдерінде кездеседі. Залалданған өскіндердің, тұқым жарнағы ашық түске боялады. Егістікке отырғызылған кӛшеттерде ауру белгісі 2-3 аптадан соң білінеді. Жапырақ шетінен бастап ортасына қарай сарғайып, жүйкелері қоңырайады. Өзек пен жапырақтың көлденең кесіндісінде түтіктердің қоңырайғаны айқын көрінеді. Ерте залалданған өсімдікте қаудан байланбай, кейде ол қурайды. Кесел қауданды жинаған кезде жиі (50-70%) кездеседі.
Ауру қоздырғышы - Xanthomonas campestris Dowson. бактериясы. Вегетация кезеңінде бактериялар ауру өсімдіктен сауына жаңбыр тамшысымен, желмен, насекомдармен және т.б. жолдармен тарайды. Бактериялар су саңылауы, леп тесігі, насекомдар (кырыққабат шыбыны) және механикалық жарақаттар арқылы өсімдік түтіктеріне енеді де, оның солуына себеп болады. Ылғалдылық жеткілікті дәрежеде болған жағдайда қоздырғыштың инкубациялық кезеңі - 10-15, кейде 30 күнге дейін созылады.
Инфекция қоры - залалданған тұқым, өсімдік қалдықтары, тұқым және жабайы крестгүлділер. Tүтiктi бактериоз кеселі салдарынан өсімдік жетілмей, деформацияланып, тұқымдықтар сиреп, өнімі кеміп, қаудан мен тұқым сапасы төмендейді.
2.1.1.Жылыжайдағы қырыққабатты аурулардан қорғау жүйесi.
Қырыққабатты әртүрлі аурулардан қорғаудың негізі - жылыжайлар мен eгic топырағын сауықтыру, сау көшеттер өcipy, жоғары дәрежелі агротехника талаптарын сақтау, қоймадағы аурулардың дамуын тежеу сияқты алдын алу шараларынан тұрады. Ол үшін жылыжайдағы топырақты ауыстыру немесе оны 40% формалин ерітіндісімен нұсқауға сәйкес төмендегідей зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу қажет:
1.Ауру қоздырғыштарынан таза, сау тұқым себу;
2.Тұқымды сау өсімдіктерден жинап, қоймаға салу алдында 30°С температурада желдетіп, кептіру;
3.Қойма температурасын 2-8°С, ауа ылғалдылығын 65% деңгейінде ұстау;
4.Тұқымды себер алдында температурасы 48-50°С суда 20 минут зарарсыздандырып, бірден 2-3 минут суық суда салқындату немесе 80% ТМТД, с.ұ. - 5-6 гкг есебінен ылғалдап (1 кг тұқымға 10 л су) өңдеу;
5.Жылыжайларда өсімдіктің дамуына қолайлы жағдайлар - температураны 12-15°С, ал топырақ ылғалдылығын 75% деңгейінде ұстау, ауаны желдетіп, тазарту. Топыракты үнемі қопсыту, тыңайтқыштарды нұсқауға сәйкес толық мөлшерде енгізу;
6.Қара сирақ кеселіне шалдыққан өсімдіктерді жойып, олардың орнын және ауру ошағына жақын көшеттерді 50% фундазол, сұ. - 0,15% ерітіндісімен (лм2) өңдеп, қосымша тамырлар түзілуі үшін, түп айналасына 2 см қалыңдықта құм құю;
7.Көшеттерді басқа жерге көшіру және жылыжайға отырғызу алдында ауруға шалдыққандарын мұқият іріктеп жою;
8.Пероноспороздың алғашқы белгілері біліне бастағанда, көшеттерді 1% бордос сұйығы немесе Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейін қолдануға рұқсат етілген басқа да фунгицидтердің ерітінділерімен нұскауға сәйкес бүрку.
Өнімді сақтауда қойманы мұқият дайындаудың маңызы зор. Ол үшін төмендегі талаптар орындалуы тиіс:
1.Қоймаларды өciмдiк қалдықтарынан тазартып, алдын-ала 30-40 күн бұрын 40% формалиннің судағы ерітіндісімен (1:40) дезинфекциялап, бip тәулік бойы жабық ұстап, соңыра желдетіп, ауаны тазарту;
2.Қырыққабат қаудандары сақталатын қойманың температурасын 0-2°С, ылғалдылығын 90-95% деңгейінде ұстап, үнемі тексеріп, ауруға шалдыққандарын ipiктeп жою.
Биофунгицидтерді қолдану.
Бүгінде нарықта жалған ақ ұнтақпен күресу үшін арнайы биологиялық антигенді препараттар (биофунгицидтер) бар. Бұларға фитоспорин, гаммайр, алирин, интеграл, микосан, фитоцид, бактофит, эффект, фито-дәрігер және басқалары кіреді. Патогенге әсер етуде биологиялық заттар бірдей дерлік жұмыс істейді. Кейбір препараттар жанасу арқылы енгізіледі, басқалары жүйелі түрде енгізіледі, яғни олар өсімдіктің ішіне еніп, патогенді бұзады. Өнімді сатып алғанда, өсімдіктердің дұрыс емделуін ұйымдастыру үшін мөлшері, емдеу кезеңдері, сұйылту жылдамдығы және басқа да қажетті ақпарат берілген нұсқаулықты алу керек.
Биофунгидциттермен жұмыс істеуді жаппай өсіруден 1-2 аптадан кейін бастап, өсімдіктің барлық вегетациялық кезеңінде 10-12 күн сайын жүргізіледі. Биофунцидтерді суару кезінде және жаңбырмен оңай шайылып кетеді, сондықтан оларды химиялық заттармен өңдегенге қарағанда жиі қайталанады.
2.2.Жылыжайдағы қызанақтың аурулары.
Макроспориоз немесе құрғақ дақ. Қызанақтың макроспориоз ауруы республикада кең тараған. Макроспориоз ауруына шалдыққан қызанақ өсімдігінің жапырақтарының бойында құрғақ, пішіні - дөңгелек, шеңберленген айқын дақтар түзіледі. Олардың аумағы бірнеше миллиметрден 1,5 см дейін болуы мүмкін. Ауруға өсімдіктің басқа мүшелері да шалдығады (жеміс сағақтары, жемістері және өркендері).
Қызанақ жемісінің бойында пайда болған қоңыр түсті, сәл басылған дөңгелектеу дақтардың бетінде түci қара мақпалды өңез түзіледі. Кесел жемістің сағаққа бекінген бөлігінен басталады.

Ауру қоздырғышы - Macrosporium solani Ell. et Mart. саңырауқұлағы. Оның жіпшумағы эндофитті, ұлпа бетіне конидиятасушылар мен конидиялар шығады. Конидияларының құрылысы әртүрлі. Жас конидиялары бip клеткалы, түссіз, жетілгендері - бip-eкi перделі, ал толық жетілгендерінің пiшiнi шоқпар тәрізді, бірнеше көлденең және бойлы перделері бар.
Құрғақ, ыстық ауа райынан кейін жаңбыр жауса немесе мол шық түскен жағдайда, ауру қарқынды дамиды. Инфекция қоры өсімдік қалдықтарында жіпше мен конидия түрінде және дертті жемістің қалдықтарында, тұқым арасында сақталады.
Аурудан жапырақтың ассимиляциялық аумағы кішірейіп, тұқымның сапасы төмендейді. Кесел кеңінен тараған кезде дертті өсімдіктердің жапырақтары қурап қалуына байланысты дақыл өнімі күрт төмендеп шаруашылықтар едәуір зиян шегеді.
Төбе шipiгi ауруы қызанақ өсірілетін жылыжайлар мен танаптарда кездеседі. Бұл ауруға көк және пiciп жетіле бастаған жемістер шалдығады.
Кесел жас жемістерде, алғашқы бipiншi немесе екінші жеміс шоқтарында кездеседі. Жеміс төбесінде алғашында ұсақ, сулы дақ пайда болып, кейін ол өсе келе қоңырайып, беті сәл басылады. Залалданған жеміс қатайып қурайды. Ылғал мол жағдайда құрғақ шірік сулы түріне айналады.

Қызанақтың төбе шірік ауруы кең тараған, туындау себебіне қарай екі формасы болатын кесел. Бірінші формасы - физиологиялық. Кеселдің бұл формасының ерекше белгісі - жартылай жетілген жемісінің тӛбесінде ашық сары немесе ашық қоңыр түсті дақтардың пайда болуы. Дақтардың астындағы ұлпасы біртіндеп жиырылып, ойықталып, реңі қоңырқай тартады. Біраздан соң жемістің залалданған учаскесі ұлғайып, құрғақ шірікке айналады. Залалданған ұлпа бетін қара зең басады. Кейде жемістің орта тұсында, сыртынан байқалмайтын, ішкі ұлпаларының қара шірігі пайда болады. Кеселдің бұл формасы көбіне орта температурасы тым жоғары және ауа ылғалдығы төмен болған жағдайда, сондай-ақ қызанақ жемісіне кальций жеткіліксіз болғанда байқалады. Әдетте төбе шірігі дақыл жемісінің бойындағы кальций концентрациясы 0,08% төмен болғанда (құрғақ затына шаққанда) пайда болатыны байқалған. Төбе шірігі ауруына топырақтың тұздылығы және тамырының зақымдануы да себеп болады. Сондай-ақ ол судың қалыпты жеткізілмеуінен де болады. Ылғал жеткіліксіз болғанда өсімідіктің қарқынды өсуіне қажетті қоректік заттар, олардың ішінде кальций де жеткіліксіз болады. Екінші формасы - инфекциялық. Ауру қоздырғышы - Pseudomonas persicum Burg, бактериясы. Залалданған жемістің төбесінде үлкен, сұр шеңберлі дақтар пайда болады да, ұлпалар тез жұмсарып, шіриді. Бактериялар өсімдік қаддықтарында және алқа тұқымдас арам шөптерде сақталады.
Кесел насекомдармен және жаңбыр тамшысымен тарайды. Төбе шipiгi аса зиянды кесел, онымен 20-30% жемістер залалданады.
Қызанақ теңбілі (мозаикасы) кең таралған ауру. Залалданған өсімдіктердің жапырақтарында қоңыр-жасыл, ашық-жасыл және сары жолақтар кезектесіп орналасады теңбілденеді. Әдетте өсімдіктің жас жапырақтары ауруға көбірек шалдығады. Кесел қарқынды дамығанда жас жапырақтар деформацияланады. Жапырақ алақаны аса тілімденіп (папоротник жапырағы сияқты) немесе жіңішке жіпшелерге бөлініп (жапырақтың жіпшеленуі), пішінін мүлдем өзгертеді. Аталған өзгерістер өсімдікке жарық жетіспей, ауа ылғалдылығы аса мол болғанда жағдайларда байқалады.
Ауру қоздырғышы - Nicotiana virus I Smith. вирустар тобы. Қазіргі кезде қызанақтың теңбіл ауруының арнайы вирусы - Tomato mosaic virus (ToMV) деп аталады. Ол жылыжайларда және егістіктерде алқа, бұршақ тұқымдас және басқа да кӛптеген ӛсімдіктерді залалдайды. Вирус өсімдіктен өсімдікке жұмыс қолдарымен, қолданылған құралдармен, насекомдармен (біте) таралады. Инфекция қоры - тұқым мен шірімеген өсімдік қалдықтары.
Бұл кесел өте зиянды. Ауруға шалдыққан өсімдіктің транспирациясы нашарлап, өcyi саябырлап, гүлдену қарқыны бәсеңдеп, гүл түйіні мен гүлдepi қурайды. Егер жеміс түзілсе, онда оның құрамында қанттар пен органикалық қышқылдардың мөлшері аз жинақталады, өнімнің шығымы мен сапасы төмендейді.
2.2.1.Жылыжайдағы қызанақты аурулардан қорғау жүйесі.
Қызанақты аурулардан қорғау әдістері санитарлық және алдын-алу шараларына негізделген:
1. Өсімдікті, жылыжай құрылыстарын, топыракты, құрал-саймандарды зарарсыздандыру және басқа да санитарлық-профилактикалық шаралар қияр дақылын аурулардан қорғаумен ұқcac жүргізіледі;
2. Тұқымды бактерия және вирус инфекцияларынан зарарсыздандыру мақсатында 1% марганец қышқыл калий немесе 20% тұз қышқылының ерітінділерінде 30 минут өңдеп, сумен шаю;
3. Көшеттерді зарарсыздандырылған субстратта өcipiп, көшіру алдында танапқа тұрақты орналастырғаннан 12-14 күннен кейін өсімдіктepдi мұқият тексеріп, ауруларын ipiктeп, жою;
4. Өсімдіктің дамуына қолайлы жағдай жасау. Ол үшін жылыжайларда ауа ылғалдылығын 60-65%, ауа температурасын 20-25°С деңгейінде сақтау;
5. Қызанақты қоңыр дақ, ақ шipiк (склеротиниоз), ақ ұнтақ және вирус кеселдерінен қорғау, қияр дақылының ауруларына қарсы қолданылатын шараларымен сәйкес келеді;
6. Фитофтороз, қоңыр дақ, макроспориоз, септориоз ауруларының бeлгілepi біліне бастағанда бордос сұйығымен (100 г мыс купоросы мен 100 г әктің 10 л судағы epiтiндici) немесе 30% мыс хлороксиді, с.ұ. - 2,4 кгга; 34,5 % купроксат қойыртпағы - 5 лга ерітінділерімен бурку.
Жылыжайда және ашық далада қызанақты төбе шіріктен қорғау жүйесі. Көптеген жағдайларда өсімдік көп мөлшерде кальциймен қаныққан кезде төбе шіріктің дамуы баяулайды және содан кейін толық тоқтайды.
Қызанақ өсімдіктерін кальций сульфатымен қанықтыру өте жылдам. Бұл тыңайтқышта зиянды хлор болмайды, суда жақсы ериді. Сондықтан, бұл тыңайтқыштың 1 шай қасықшасын су құйылған шелекке құйып, барлығын жақсылап араластырып, бүрку бөтелкесіне толтырып, ең алдымен зардап шеккен жемістерді өңдеу керек.
Кальциймен өңдеудің нәтежиесін мүмкіндігінше жылдамдату үшін, ерітіндіге қарапайым бор қышқылын қосуға болады. Мысалы, он литр ерітіндіге тек 9 грамм бор қышқылы қажет.
Қызанақтың төбе шірігінен толық құтылу үшін, бір реттік өңдеу жеткіліксіз, аптасына 2 рет өңдеу жүргізу қажет.
2.3.Жылыжайдағы сәбіздің аурулары.
Ақ шірік қоймада сәбізді, ақжелкенді, ботташықты, балдыркөкті залалдайды.
Ауруға шалдыққан тамыржеміс бастапқы кезде жұмсарып, суланып, шipидi, бірақ тамыржемісің түсі өзгермейді. Ауру меңдегенде тамыржеміс тұтас шіріп, бетін ақ өңез басады. Дерт шалған тамыржемістің бойында саңырауқұлақ жіпшумағынан ақ түсті, тығыз қалың өңез түзіліп, жіпшумақ бөліктері жанасқан басқа сау тамыржемістерге таралады. Жіп-шумақ бетінде ipi, алғашында ақ, кейін қарайатын саңырауқұлақ склероцийлері пайда болады.

Ауру қоздырғышы - Sclerotinia sclerotiorum dBy. саңырауқұлағы. Қоздырғыш барлық көкөніс және күнбағыс дақылдарын залалдайды. Инфекция егістікте және қоймада склероций түрінде сақталады. Қыстап шыққан склероцийлерден қалта мен қалтаспоралары бар апотецийлер немесе жіпшелер өнеді. Өсімдіктің бастапқы залалдануы қалтаспора немесе жіпшемен өтеді.
Вегетациялық кезеңде ауру баяу дамып, ал өнімді қоймаға салған кезде ол қарқындап, қоздырғыш тамыржемістің барлық бөлігіне таралып, кесел асқынады. Уақытымен (мезгілінде) жиналмаған, солыңқыраған, суыққа ұрынған тамыржемістер ауруға төзімсіз келеді. Сондай-ақ, азот тыңайтқыштарының артық мөлшері кеселдің дамуына әсерін тигізеді. Қоймадағы жоғары температура қоздырғышқа қолайлы жағдай туғызады.
Саңырауқұлақ 0°С температурада дами бастайды, ал 15-20°С бұл үрдіс қарқындай түсіп, тамыржемістің тыныс алуы жиілеп, оның едәуір қоры осы үрдіске жұмсалып, ауруға тез шалдығады. Танапқа отырғызылған ауру тамыр жемістер (тұқымдық) дамуының бастапқы кезеңінде шipiп, жойылады.
Бұл кесел аса зиянды, қоймада тамыржемістер жаппай залалданып, шіриді.
Қара шірік ауруы республиканың сәбіз өсірілетін барлық аймақтарында кең таралған.
Залалданған сәбіз өскінінің тамыр мойны қарайып, жапырақтары сарғайып, солып, қурайды. Ауа райы ылғалды болғанда жапырақ бетінде, қоңыр зеңді өңез түзіледі.
Қоймада сәбіз тамыржемістерінің бүйірінде немесе төбесінде сұрғылт түcтi, беті сәл басылған, құрғақ дақтар пайда болады. Тамыржемістің көлденең кесіндісінде қара-кӛмір түсті залалданған ұлпа, сауынан айқын оқшауланып тұрады.
Ауру қоздырғышы - Alternaria radicina M., D. et E. саңырауқұлағы. Қоздырғыш жоғары температура мен мол ылғалдылықтан әлсіреген өciмдіктерді залалдап, олардың ұлпасын ыдыратады. Жасанды ылғалданған ортада дақ үстінде сұрғылт-жасыл түсті жіпшумақ пен конидиялы спора тасушылардан тұратын өңез түзіледі. Саңырауқұлақтың жетілген конидиялары қоңыр түcтi, бірнеше көлденең және бойлы перделері бар, ал жетілмегендері - түссіз, 2-3 перделі тізбектеліп түзіледі.
Қоздырғыш сәбіз және басқа да крестгүлділерді залалдайды. Инфек-ция қоры - залалданған тұқымда, өciмдік қалдықтарында, тамыржемісте қыстайтын саңырауқұлақ жіпшелері мен конидиялары. Кеселдің зияндылығы мол. Қоймада дұрыс сақталмаған тамыржемістер түгел шipiп, жойылады.
Сулы шірік кең таралған сәбіз ауруы. Ол тұқымдық және сақтауға салынған тағамдық сәбізді залалдайды. Сәбіз тамыржемісінің сулы бактериалды шірік ауруы танапта да, қоймада да байқалады. Танапта залалданғанда сәбіз тамыржемісінің құйрығы жағынан бастап сула дақтар пайда болады. Олар өсімдіктің солуына соқтырады.
Алайда кеселдің зияны сақтау кезінде кӛбірек болады. Бұл кезде дақтар негізінен тамыржемістердің бас жағынан бастап түзіледі. Бұл дақтар бастапқыда қоңыр түсті болады да ауру меңдеген сайын дақтар бірте-бірте ұлғайып, қараяды. Дертті тамыржемістер суланып, тауарлық және дәмдік қасиеттерін жоғалтады. Залалданған ұлпа босап, жағымсыз иісті, ботқа тәрізді массаға айналып, шіриді. Қоймада дерт ауру өсімдіктерден сауларына тарайды.
Аурудың алғашқы белгісі сәбіз тамыржемісінің бойында ашық-қоңыр дақ түрінде пайда болады. Тамыржемістің кесіндісінде ішіне қарай ӛтетін, сау ұлпадан айқын ажыратылатын шipiк байқалады.
Ауру қоздырғышы - Erwinia carotovora Holland бактериясы. Бұл грамтеріс, мөлшері 0,5 - 1,0x1,0 - 3,0 мкм болатын, бір-бірден, жұптасып, кейде қысқа тізбектеле орналасатын бактериялар, қозғалғыш, жіпшелері перитрихалды орналасқан. Өсу үшін оптималды теипература 27 - 30°С. Бұл паразит сәбізден басқа ас бұршақ, үрмебұршақ, қияр, қырықабат, асқабақ, пияз, әсемдік гүлдерді және басқаларын залалдайды.
Бактериялар өсімдікке өнімді жинау, немесе қоймаға салу кезінде болған жарақаттар арқылы енеді. Тамыржемістер микроағзаларға қажетті қоректік заттарға өте бай, сондықтан қоймаға салынған тамыржемістер қолайлы жағдайда шipiк ауруымен тез залалданады, әcipece құрамында қанты мол тамыржемістер бұл кеселге жиі шалдығады. Сулы шipiк инфекциясы тамыржеміс зиянкестерінің көмегімен және дертті тамыржемістердің сауларымен жанасқанда таралады.
Сәбіздің сулы шipiгi аса қауіпті ауру. Қоймадағы сәбіз кейде бірнеше күнде түгел шipiп, жойылады. Ал тұқымдық сәбізге бұл кеселдің келтіретін зияны шeкciз.
2.3.1.Жылыжайдағы сәбізді аурулардан қорғау жүйесі.
Сәбізді аурулардан қорғау жүйесі бойынша агротехникалық шаралар ерекше орын алады. Оған негізінен ауыспалы eгіcтiктi сақтау; сәбізді жеңіл топырақты аймақтарда өcipy; органикалық тыңайтқышты алғы дақылға, ал фосфор мен калийді негізгі өсімдік өсіретін жылы топыраққа енгізу; тағамдық сәбіз танаптарын тұқымдық танаптардан алшақ отырғызу; жоғары агротехниканы сақтау және басқа да төмендегі профилактикалық шараларды мұқият орындау қажет:
1. Өнімді құрғақ кезде жинау;
2. Тамыржемістерді қоймаға салар алдында және сақтау кезінде үнемі ipіктеп, дерттілерін алып тастау;
3. Жылыжайдан өсімдік қалдықтарын жинап, терең сүдігер жырту;
4. Тамыржемістерді сақтауға арналған қоймаларды алдын-ала даярлау - тазарту, дәрілеу, әктеу;
5. Тұқымдық тамыржемістерді қоймаға салар алдында фомоз, ақ, қара және құрғақ шipiк ауруларына қарсы 50% бенлат, с.ұ. - 5%, 45% текто 450, с.к. - 0,5% және 80% ТМТД, с.ұ. - 6-8 кгт фунгицидтер суспензиясымен өңдеу, ал соңғы препаратпен тұқымдық тамыржемістерді танапқа отырғызу алдында қайталап өңдеу қажет.
2.4.Жылыжайдағы пияз бен сарымсақтың аурулары.
Жалған ақ ұнтақ (пероноспороз) ауруы пияз егілетін аймақтарда таралып, дақылдың барлық өсу кезеңдерінде кездеседі, әcipece тұқымдық танаптарда аса көп зиян тигізеді.
Кеселдің белгісі өсімдік сабағында, жапырағында, тұқым сабағында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдік ауруларының биотикалық себептері
Негізгі химиялық топтар
Қырыққабат дақылының өнімділігіне органикалық тыңайтқыштардың әсері
Пестицидтердің қоршаған ортадағы айналымы
Жапырақ пышағының пішіні
Қырыққабат дақылына қолданылған тыңайтқыштардың экономикалық тиімділіктері
Жылыжайдағы қиярдың аурулары
Түсті қырыққабат
Алматы облысы Қарасай ауданындағы қырыққабаттың зиянкестері мен ауруларынан қорғау шаралары
Ерте пісетін орамжапырақтың агротехникасы
Пәндер