Физикалық сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті
Жаратылыстану-математика факультеті
Физика-математика пәндер кафедрасы
Аманжол Ұлайым Бақытжанқызы
Физикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың маңызы және әдістемесі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Ғылыми жетекші: Аға оқытушы Косжанова А.Г
Қостанай 2019
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1
Физикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың маңызы, классификациясы және әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1
Физикалық сыныптан тыс жұмыстардың маңызы мен мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2
Физикалық сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы ... ... ... .
1.3
Физикалық сыныптан тыс жұмыстарды өткізудің әдістемесі ... ... ...
2
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1
"Жас физиктер"кеші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2
"Ең үздік физик"-пәндік сайыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3
"Брейн-ринг"- пәндік сайыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе
Сыныптан тыс жұмыстың білімділік және тәрбиелік мәні өте зор. Ол оқушыларды белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, әр түрлі есептерді шығаруда шығармашылықпен ойлануға және оларда ұжымдық пен жолдастық сезімін тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Педагогика тәжірибесінде физикадан сыныптан тыс сабақ өткізудің әр түрлі формалары жинақталады. Олар негізінен физикалық, физика- техникалық үйірмелер, кештер мен конференциялар, оқушылардың баяндамалары мен рефераттары, физикалық олимпиадалар мен конкурстар, сонымен қатар физика мен техникадан көрмелер ұйымдастыру, бағдарламадан тыс экскурсияларға шығу болып табылады.
Оқушылардың қандай да бір пәнге деген көзқарасын әр түрлі факторлармен: жеке басының ерекшеліктерімен, сол пәннің ерекшеліктерімен, оны оқыту әдісімен анықталады. Физикаға қатысты алатын болсақ, әр уақытта оқушылардың түрліше категориялары болады. Мысалы, оқушылардың физиканы қызыға, ынталана оқитындары оны тек қажет болған жағдайда ғана оқитындары, сондай-ақ бұл пәнді құрғақ цифр деп қарап, жалықтыратын, яғни қызықтырмайтын пән деп есептейтіндері де бар. Оқушылардың осындай ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту әдістері құрылады, сыныпта өткізілетін және сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың білімдерін кеңейтіп, жан- жақты ізденулеріне мүмкіндік жасайды, өзіндік таным іс- әрекеттердің қорытындысы шығады және сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылар тылсым дүниенің әртүрлі сырларын ұғынады.
Курстың мақсаты: мектепте физикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар туралы жалпы сипаттама бере отырып, оқушылардың физикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын айқындау.
Курстық жұмыстың міндеті:
1. Мектепте физикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстарға теориялық және әдістемелік тұрғыдан сипаттама беру.
2. Мектепте физикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері мен олардың ерекшеліктерін ашып көрсету.
3. Мектепте физикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың жүргізілу жолдарын айқындау.
Құрылымы: кіріспе, екі негізгі тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі
Зерттеудің пәні: Физиканың оқыту әдістемесі.
1 Физикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың маңызы, классификациясы және әдістемесі
1.1. Физикалық сыныптан тыс жұмыстардың маңызы мен мақсаты
Физиканы оқыту үдерісінде мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сабақтан басқа уақытта істейтін қосымша жұмыстарын физикалық сыныптан тыс жұмыстар деп айтамыз.
Оқытудың түрлі әдістерін дұрыс таңдап, оқушылардың ой-өрісін, сана сезімін жан-жақты дамыту қажет. Сыныптан тыс сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасын, жауапкершілігін арттырып, ой-өрісін кеңейтеді, шапшаңдыққа, тез есептеуге, талдау мен салыстыруға, заңдылықты ашуға, зейін мен есті дамытуға, тапқырлыққа, жігерлікке тәрбиелейді. Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізгенде мұғалім негізінен мынандай мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді:
-Оқушылардың физика-техникалық білімдерін толықтыру, тереңдету, кеңейту, дамыту.
-Мектеп оқушыларының өз бетінде жұмыс істеуге ынтаықыласын, шығармашылық және конструкциялық қабілеттерін арттыру.
-Жас жеткіншектердің политехникалық дағдыларын қалыптастыру.
-Оқушыларды оқулықпен, ғылыми-көпшілік әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.
-Жастарға саяси-экономикалық, ғылыми-материалистік, патриоттық, интернационалдық, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтан тыс уақыт қорының болуы мектеп оқуышыларының жан-жақты дамуына тиімді әсер етіп, олардың саяси-идеалық және рухани тәрбиеленуіне, оқушылардың белсенді өмірлік ұстаныма айналуы да әбден мүмкін.
Мектеп оқушыларымен сабақтан тыс жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі талаптары - барлық оқушыларды олардың қызығушылығы мен қабілеттілігіне қарай тарту, оқу және оқудан тыс жұмыстарының ұйымдасқан бірлігін, қоғамдық пайдалы бағытын, барлық мектептен тыс сабақтарға қызығушылығын, балалардың рөлдерін арттыру, балалардың өзін-өзі басқару органдары, мектептердің мептептен тыс мекемелерімен, қоғамдық және мемлекеттік ұйымдармен, ата-аналармен қарым-қатынасының болуы.
Физика пәні бойынша сабақтан тыс оқу-тәрбиелік тапсырмаларды талдау барысында мектеп оқушыларының сабақтағы және сабақтан тыс жұмыстарының негізгі мақсатын прнцип ретінде басшылыққа алу қажет.
Жалпы білім беретін мектептерде физика пәнін оқыту барысында мектеп оқушылары физика ғылымының негізі бағыттарын қоғамдық және ғылыми-техникалық дамудың негізгі талаптарына сәйкес терең және жете білуі қажет, оқушылардың өз білімін ұштастырсам деген ынта-жігерінің болуы және оны өз бетінше толықтырып, сараманда қолдана білуі керек. Жаңа буынды оқытып, тәрбиелеудің негізгі міндеті жоғары рухани байлығын арттыру, оқушыларды белсенді еңбек және қоғамдық қызметке дайындау, саналы түрде мамандық таңдауға көмектесу. Бұл міндеттердің тек физика сабағында шешімін табуы мүмкін емес. Оның көбі сабақ аясына сыймайтын әртүрлі жұмыс формалары мен әдістерін талап етеді. Физика сабағында сабақ жоспарымен келетін тақырыптарды үйренуде қатаң бекітілген сабақ уақыты мұғалім мен оқушының ынтасын шектейді. Сондықтан сабақта тақырыптың барлығын қамтып үлгермейтіндіктен сабақтан тыс уақытта оқып-үйрену қажет.
1.2. Физика бойынша өтілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен әдістері
Физика пәні бойынша орындалатын сыныптан тыс жұмыстардың бәрі үлкен екі топқа бөлінеді.
1. Физика оқу бағдарламасының ауқымына кіретін сыныптан тыс жұмыстар. Оған физика сабақтарына қатысты жүргізілетін қосымша сабақтар жатады:
+ Бағдарламада көрсетілген жұмыстарды өткізу;
+ Физикадан нашар үлгеретін оқушылармен істелетін жұмыстар (қосымша сабақ, әр оқушыға жеке түсіндіру, емтиханға және зертханалық жұмыстарға дайындау);
+ Физиканы қызыға оқитын жеткіншектермен қиын және қызықты есептер шығару, физика кабинетінде зертханалық жұмыстар қою, демонстрациялық эксперименттерді даярлау, қолдан физикалық құралдар мен көрнекі модуль-құралдар жасау, олимпиада өткізу, жаңа құралдармен таныстыру;
+ Оқушылардың үй тапсырмасын орындауына көмектесу (консультация, реферат, баяндамалар жаздырту, табиғат құбылыстарын бақылау, үйде тәжірибелер жасау, әртүрлі өлшеулер жүргізу);
Мұндай жұмыстар физикалық оқу материалының қалыпты және нәтижелі өтуіне, оқушылардың білімдерімен дағдыларының жүйелі түрде сапалы қалыптасуына сынып оқушыларының жалпы үлгерімін жақсартуға жәрдемдеседі.
2. Физика оқу бағдарламасының шеңберінен тыс жататын жұмыстар. Олардың физика сабағына тікелей қатысы бола бермейді. Бұл оқушылардың өздерінің еркі мен тілегі бойынша ұйымдастырылуы керек. Мұның жүйесі мынадай жұмыстардың тұрлерінен тұрады:
+ Оқушылардың арнаулы физикалық және политехникалық білімдерін тереңдету;
+ Қолданбалы физика салаларын оқу;
+ Физика-техникалық құралдардың, қондырғылардың модельдерін жасау;
+ Өнертапқыштық жұмыстармен айналысу;
Бұларды ұйымдастырудың да формалары сан алуан: қосымша әдебиеттерді оқыту, реферат жаздырту, физикалық кеш өткізу.
Сыныптан тыс жұмыс әр түрлі түрде және әдістерде іс-жүзінде жүзеге асырылады.
1. Жеке дара жұмыс - оқушыларды жеке оқыту, оның мақсаты сыныптан тыс физиканы және техниканы оқуға үйрету, осылардың негізінде реферат, баяндама, шығарма жазуға; балаларды шығармашылық жетектеу - құрастыру, моделдер мен құралдар жасау; оқушы - лабаранттар мен жұмыс мектеп кабинеттерін демонстрация және зертханалық тәжірибе, құрал жабдықтарды әзірлеу үшін дайындау; өте қиын есептерді шығаруға көмектесу, оқушыларға үйге берген эксперименттік және зерттеу жұмыстарына жетекшілік ету және т.б.
2. Топтық жұмыс - жүйелік жұмыс, шағын тұрақты оқушылар тобымен өткізілетін және балалардың нақты бір қызығушылықтарын қанағаттандыруға; жаңа біліммен тәжірибелік игеруді қалыптастыру, әдетте, физикалық және физика - техникалық формасында, шығармашылық топтар формасында өткізіледі.
3. Көпшілік жұмыс - ұжымдық жұмыс, көп балалар тобымен өткізілетін дәрістер, кештер, конференциялар; ауызша журналдар мен әңгімелер; пәндік декадалар, физика және техника апталығы, олимпиадалар мен сайыстар, көрмелер, бағдарламадан тыс экскурсиялар. Тәжірибеде сыныптан тыс жұмыстардың 3 түрі тығыз байланысты. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ең көп тараған формасы дәстүрлі түрі - үйірмелер, олимпиадалар және кештер жатады.
Физика пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстарын өткізудің негізгі ерекшелігі - оқушылардың өз қызығушылығы бойынша ерікті түрде таңдауы. Оқушылардың қызығушылығы бойынша жұмыстың әртүрлі формасын ұйымдастыру олардың жеке қабілеттілігін қалыптастырып, дамыта алады, белгілі бір саладағы қызметкерлердің аса маңызды еңбек қызметі жөнінде түсінікке ие болады. Физика пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі принциптердің бірі физика бойынша сабақтармен тығыз байланыс болып саналады. Бұл байланыстың екі жағы бар. Олардың біріншісі - физика пәні бойынша барлық сабақтан тыс жұмыстарда оқушылардың сабақта алған қабілеті мен білімі тірек болып табылады. Екіншісі - сабақтан тыс жұмыстардың барлық формасында ғылымға қызығушылығы бар және практика жүзінде іске асыра алатын оқушылардың физикаға деген қызығушылығын одан әрі арттыра түсіп, білімін тереңдетуге және кеңейтуге қажеттілік тудыру.
1.3. Физикалық сыныптан тыс жұмыстарды өткізудің әдістемесі
Физикалық үйірмелер, олипиадалар және физикалық кештер
Физикалық үйірмелер.Жүйелі түрде жүргізілген сыныптан тыс жұмыс оқушылардың қабілетін дамытуға және олардың физика мен техниканың белгілі бір саласына деген ерекше ықыласын калыптастыруға әсер ететіндер - физикалық және физика-техникалық үйірмелер, олимпиадалар,физикалық кештер.
Физиканы оқытуда артта қалушылықты жою мақсатында бір сыныптың оқушыларын біріктіруді мектеп тәжірибесінде кейде үйірме деп атайды. Мұғалім алдымен оқушыларды зерттеп, олардың ішінен физика мен техникаға қызығушыларын бөліп алуы керек. Мұғалімнің оқушыларды алдын ала жақсы білуі, оған олардың өз ынтасы мен қабілетіне сәйкес үйірме тандауына көмектесуте, сонан соң үйірме мүшелеріне тапсырмаларды дұрыс бөліп беруіне мүмкіндік береді. Әр үйірме мүшелерінің саны 12 -- 15-тен артық болмауы тиіс. Үйірме жұмысының жоспары мен мазмұнын мектеп оқушыларының ынтасымен, жеке басының ерекшелігі мен жас ерекшелігіне қарай кұру керек. Бірақ үйірме жұмысының жалпы бағытын мұғалім алдын ала өзі анықтайды. Оны таңдап алу мұғалімнің көздеген мақсаты мен дайындық дәрежесіне, оқушылардың тілегіне, мектеп талабына, физика кабинетінің жабдықталу жағдайына, материалдардың бар-жоғына және бірқатар басқа да факторларға байланысты. Мысалы, мұғалім физика кабинетін жабдықтау жөнінде жалпы мәселе қойып, осының негізінде бұл жұмысқа қатынасқысы келген оқушылардан үйірме құруына болады.
Үйірме мүшесіне берілетін тапсырма әрі оның шамасы жететіндей, әрі жеткілікті дәрежеде күрделі болуы керек. Аса терең ойлану мен шығарманы қажет ететін тапсырманы орындағанда ғана оқушы моральдық қанағаттанушылық алатыны және оған пайдалы болатыны ескерілуі қажет. Сондықтан әр тапсырма олар үшін жаңа, сапа жағынан олардың жұмысының өсу сатысы болуы тиіс.
Үйірме жұмысынын жемісті болуы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру, бақылау және есепке алып отыруға да байланысты болады. Сондықтан әр жұмысты түбегейлі аяқтап, нәтиже үйірме отырысында жан-жақты талқылап және арнаулы журналға тіркеп отыру керек. Жылына бір-екі рет істелген жұмыстардың есепті көрмесін өткізіп отырған жөн. Негізінде теория мен тәжірибенің тығыз байланысы орын алатын үйірмелер оқушыларға үлкен пайда береді. Тек осы жағдайда ғана үйірме жұмысы оқушылардың ынта-ықыласын дамытып, шыңдай алады. Эксперименттік бағыттағы үйірмелер үшін теория мен тәжірибенің байланысын іске асыру шаралары жетекшінің әңгімесі мен лекциясы, үйірме мүшелерінің баяндамалары мен рефераттары болып табылады. Әрбір үйірме мүшесі жылына кемінде бір хабар немесе шағын баяндама дайындағаны жөн. Үйірме сабағында газет, журналдардан ғылым мен техника жетістіктері туралы қызықты да маңызды мақаламен үйірме мүшелерін таныстырып отыру пайдалы. Теориялық бағыттағы үйірмелерде теория мен тәжірибенің байланысы баяндамаға коса көрнекті кұралдар демонстрациялау, эксперименттік есептер шығару, экскурсиялар ұйымдастыру арқылы іске асырылады.
Егер оқушы өз білімін қандай да болмасын бір қоғамдық пайдалы істі шешуге колдана алса, онда оның физикаға және шығармашылық жұмысқа деген қызығуы ерекше артады. Осыны ескере отырып, кейбір мұғалімдер үйірме жұмысын өндіріспен тікелей байланыстыра ұйымдастырады. Мектептің өзінде-ақ үйірме мүшелерінің күшімен көп пайдалы істер істеуге болады. Мектепті радиоландыру мен телефондандыру, кабинет үшін құралдар жасау оқушылардан физиканы білу мен шығармашылық ойлануды талап етеді. Жаңадан қатысушылар үшін физика үйірмесі. Бұл үйірменің мақсаты -- оқушыларды физика пәніне деген сүйіспеншілікке баулу, жеке оқушылардың ынтасы мен қабілетін анықтау, барлық үйірме мүшелеріне, физикалық үйірменің алдағы жұмыстарын игеріп кетуі үшін, ең қажетті икемділік, шеберлік беру. Жыл бойы оқушылар дәнекерлеуді, ағаш, резеңке және шыныдан жасалған бұйымдарды желімдеуді, нәрселердің бетіне майлы бояу және лак жүргізуді үйренуі керек. Олар шыны түтіктерді ию, созу және дәнекерлеуді, әйнекті кесіп, тесуді үйреніп және қағазбен, картонмен жұмыс істеуде кейбір шеберліктеріне ие болуы керек. Осы дағдылардың барлығын оқушылар, мүмкіндігінше қоғамдық пайдалы сипаттағы нақты тапсырмаларды орындау процесінде алады.Тек негізгі тәжірибелік шеберлікке үйреніп қана қоймай, оқушылар эксперименттік үйірмедегі болашақ жұмыстарына қажетті, оларға таныс емес физикалық құбылыстар мен оның тәжірибелік қолданылуы туралы ұғым алып, жаңа физикалық құралдар мен танысып, қызықты есептер шығарады және оқу кинофильмдерін көреді.
Жаңадан қатынасушылар үйірмесі жұмысының қажетті шарты - жұмыс формасының әртүрлілігі, шұғылдану элементінің, сондай-ақ теория мен тәжірибенің тиімді ұштасуы болып табылады. Жаңадан қатынасушылар үшін үйірме әдетте физикадан сыныптан тыс оқудан тәжірибесі жоқ оқушылардан құрылады. Олар үшін мерзімі бір жылға созылады. Осы уақыттың ішінде оқушылардың ынта-ықыласы, қызығушылығы анықталады да, ал келесі жылы олар арнаулы немесе жалпы физикалық үйірмелерге өтеді. Бұл үйірменің жұмысы программадағы негізгі тақырыптарды терең оқып үйрену мақсатында болғаны жөн.
Физикалық құралдар дайындау және конструкциялау үйірмесі. Оқушылардың мұндай жұмысқа деген тұрақты қызығушылығы мен тәжірибелік бағдарының арқасында, бұл үйірме кең қолдау тапты. Алайда, үйірмедегі оқу тек оқушылардың тәжірибелік жұмысымен ғана шектелсе, онда тәжірибенің көрсетуінше, оқушылардың қызығушылығы тез жоғалады. Бұл үйірмеде оқушылар тек қана тәжірибелік шеберлікке ие болып қоймай, сонымен бірге конструкторлық және теориялық білім алса, сонда ғана үйірме жұмысы жемісті болмақ. Оқушы қандай да бір құрал жасау үстінде, оның атқаратын қызметін айқын біле тұра, сонымен қатар осы құралдың көмегімен демонстрацияланатын физикалық құбылыстың табиғаты қандай, бұл құбылыс қайда кездеседі, оның демонстрациясының тиімді болуы қандай факторларға байланысты деген сұраққа жауап бере алуы керек. Мұндай сұрақтардың қойылуы оқушыдан тиісті әдебиетпен жұмыс істеуді талап етеді. Ал бұл өз тарапынан, үйірме барысында оқушы жаңа құралды демонстрациялаумен қатар, барлық үйірме мүшелерінің жан-жақты дамуына пайдалы боларын мазмұнды хабарлар, баяндамалар жасауына әкеліп соғады. Жасалған прибордың сыртқы көрінісіне де ерекше көңіл бөлген жөн. Құралды мұқият өндеу қажеттігі оқушыны шыдамдылыққа, жігерлікке, құрал-жабдықтарға ұқыпты болуға, басқалардың еңбегін бағалауға тәрбиелейтіндігінен туады. Ал мұғалімнің өзі де оқушылардың жұмысына үлкен құрметпен қарауы керек.
Оқушыларға алдымен жақын арада өтетін сабақта қолданылатын құралдарды дайындауды тапсырған жөн. Бұл оқушылардың оларды жасауға деген қызығушылығын арттырады. Сонымен бірге сызбамен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлу керек. Балалардың сызу сабағынан алған білімін пайдаланып, құралдардың эскизі мен жұмыс сызбаларын сауатты жасауын бағалау қиын емес.
Зерттеу үйірмесі. Бұл үйірменің мақсаты -- оқушылардың зерттеу жұмысына деген қызығушылығын ояту, жұмыстың бұл түріне қажет ең қарапайым дағдыларды қалыптастыру. Зерттеу үйірмелеріне физикаға ықыласы жоғары, дарынды деген оқушыларды тарту керек. Оң бір жылдық мектептерде неғұрлым тереңірек білім беру максатында, бағдарлама материалына сәйкес зерттеу элементтері қатыстырылып, зертханалық жұмыс түріндегі тапсырмаларды пайдаланған жөн.
Физикалық олимпиадалар. Олимпиаданың өзгеше бір белгісі - жарыс рухы жұмыстың осы түрінде ең күштілерді айқындау болып саналады. Мектептің ең тандаулы физигі атану жолындағы күрес және аудандық, олбыстық, республикалық, тіпті халықаралық олимпиадалар дәрежесіне көтеріліп, соларға қатысуға мүмкіндік алу көптеген оқушылар үшін мектепте физикамен жүйелі түрде шұғылдануға жетекші болады. Республикалық олимпиадаларда жеңіске жеткен оқушыларды физика бағыттарындағы жоғары оқу орындарына ұсыну тәжірибесі де белгілі роль атқарады. Дегенмен, олимпиаданың басты мақсаты - аса қабілетті және даярлығы күшті екі - үш оқушыны табу емес, мектеп оқушыларының басым көпшілігінің физикаға деген ықыласын арттыру. Сондықтан олимпиаданы әзірлеп, өткізу барысында ең күштісі жеңіп шықсын деген принципті ұстанумен бірге, көпке белгілі олимпиадалық принцип: ең бастысы жеңіс емес, қатысу деген принципті де басшылыққа алу қажет. Мектепте физикалық олимпиадаға дайындық екінші тоқсаннан-ақ басталады. Оқушылар үйде бірнеше есептер шығарады. Құрамына оқушылардың өкілдері де кіретін қазылар алқасы бұл жұмысты тексергеннен кейін, екінші айналымға кімдерді жіберу керектігі туралы мәселені шешеді. Екінші айналым наурыздың соңына таман өтеді. Мектептің физика зертханасында мұғалімдер мен жұртшылық өкілдерінің бақылауында оқушылар теориялық және эксперименттік есептер шығарады. Олимпиадада жеңіп шыққандарға мектеп сыйлықтары - кітаптар, мақтау грамоталары, т.б. беріледі. Аудандық және облыстық олимпиадада жеңіп шыққандар соңынан республикалық олимпиадаларға қатысады. Олимпиадаға дайындық та, оны өткізу де мектеп өміріндегі елеулі оқиға. Соған сәйкес оқу пәні ретінде физиканың маңызы да көтеріледі, оқушылардың қызығуы артады. Бұл өз кезегінде оқушылардың физикадан үлгерімі мен білімінің сапасын арттыруға ықпал жасайды.
Физикалық кештер.Физика кештері -- физикадан көпшілік сыныптан тыс жұмыстың тартымды да пайдалы түрінің бірі. Жақсы ұйымдастырылып өткен кеш көбінесе оқушыларға ұмытылмас әсер қалдырады да, олардың кейбіреулерінің физика мен техникаға шынайы еліктеуінің бастамасы болады.
Кештердің түрлері. VIIІ - X сыныптар үшін сыныптан тыс жұмыстардың тәжірибесінен үлкен қолдау тапқан кештер - XXI ғасыр көш басшысы, Қызықты физика әлемінде, Физика жылы, Такырыптық және юбилейлік даталарға арналған кештер болды. Қызықты физика кеші әсіресе VIІ -- VIIІ сынып оқушылары үшін ерекше орын алады. Бұл түсінікті де: 13-14 жастағы мектеп оқушыларын олардың қиялын баурап әкететін ғажайып құбылыстар әуестендіреді. Алайда мұғалім кешті тек бір сарынды тақырыптармен ғана ұйымдастырмауы керек. Өйткені кештің негізгі принципі оның мазмұндылығында болуы керек, әйтпесе кеш тек сыңар жақ көріністермен ғана шектеліп, өзінің маңызын жоғалтуы мүмкін. Оқушылармен істелген жұмыс формасының әр түрлілігі -- мықты физика кешінің табысты болуының қажетті шарты. Әр түрлі қызықты тәжірибелер, аттракциондар, викториналар т.б. өзге де жұмыс формалары оқушылардың қызығушылығын тудырады, мысалы, қысқа ғана қызықты физикалық әңгіме-жұмбақтар; физикалық қатесі бар әңгімелер (оны оқушылар табуы керек); кішігірім қызықты пьесалар; сұрақтармен берілген жұмбақтар. Егер залда отырған оқушылар тек көрермен болып қана қоймай, олар да кешке белсенді араласып отырса, онда жұмыстың мұндай формасы әдістемелік жағынан аса құнды болмақ. Бұл жетілдіру енгізіңдер! деген такырыппен өткізілетін сабақтан тыс формасының пайдасы аса зор. Мұнда оқушыларға қандай болмасын бір құрылғының, машинаның, құралдың немесе құрылыстың моделі, суреті не сүлбесі көрсетіледі. Оған сипаттама беріліп, бұл конструкцияның қандай да болмасын бір келіспеушілігі бары айтылады. Оның жайы түсіндіріледі де, оқушыларға осы құрылғыны жетілдіру тапсырылады. Кейде құрылғының моделі немесе сүлбесі демонстрациялау үстелінде жиналуы мүмкін. Бұл жағдайда оқушыларға енгізілген жетілдіруді демонстрациялап беру жүктеледі.
Қызықты физика кешінде орындалатын қызықты тәжірибелердің орны бөлек. Ол тәжірибелер мүмкіндігінше техникада және тұрмыста кең қолданылатын, сондай-ақ табиғатта жиі байқалатын құбылыстарды көрсететін болуы керек. Тәжірибемен көрсетілген құбылыстың тәжірибелік қолданылуы туралы қысқаша әңгімеленіп тұрса, кештің мазмұны арта түседі. VIІ сынып оқушылары үшін қызықты физика кешіне мысалдар келтірейік. Кештің мақсаты -- Атмосфералық қысым мен Архимед күші деген тақырыптардың мазмұнын оқушылардың терең түсінуіне көмек ретінде, физикалық құбылыстар мен заңдар кейде күтпеген жағдайдың өзінде-ақ анықталып, демонстрациялана айтылып, күнделікті өмірдегі кездесетін физикалық құбылыстарды бақылау және әсерлі деген физикалық тәжірибелерді өз бетінше істеуге мүмкіндік беріп отыру арқылы олардың ынта-ықыласын арттыру.
Кештің жоспары.
Тақырыптық физика кешін өткізу мынадай кезеңдерден тұрады:
I.Дайындық кезеңі (1-1,5 ай): а) мұғалім мен кешті басқаратын оқушылар тобының кештің жоспарын жасауы; ә) баяндамашыларды бөлу; б) тәжірибелер мен экспериментті таңдап алып, даярлау; в) конкурс пен викторинаға есеп-сұрақтар таңдау; г) иллюстративті материалдарды қолдан жасау; д) көркемөнерпаздарды жаттықтыру; е) кештің бағдарламасы көрсетілген көркем жазылған хабарландыруды күні бұрын (5-6 күн) іліп қою.
II. Кешті өткізу кезеңі (1-1,5 сағат): а) кеш өтетін бөлмені безендіру;
ә) кештің негізгі бөлімдеріне жауапты оқушылардың есебін тыңдап, талдау;
б) кешті өткізудегі кемшіліктердің себептерін ашып көрсету;
ІІІ. Кешті қорытындылап, бағалап, келешекке бағыт-бағдар көрсету
Физикалық сыныптан тыс тәжірибелер және бақылаулар.
Сыныптан тыс эксперименттің білімдік және тәрбиелік маңызы күшті: оқушылардың физика мен техникаға қызығушылығын арттырады; оларды өз бетінше тәжірибелер, бақылаулар, өлшеулер жүргізуге баулиды; физикалық теория мен практиканың байланысын терең түсінеді; айналамыздағы физикалық құбылыстардың мән-мағынасын ұғады; физика және техника туралы әдебиеттерді оқуға әуестенеді; ол жайындағы кәсіби мамандықтардың ерекшеліктерімен танысады.
Оқушылардың физика-техникалық сыныптан тыс тәжірибелері мен бақылауларын ұйымдастыруға бірқатар жеткілікті мүмкіндіктердің бар екендігін аңғару қиын емес.
Сыныптан тыс эксепримент үйде, өндіріс обьектілерінде экскурсия кезінде, физикалық кештерде, физика-техникалық үйірмелерде, қолдан приборлар жасау кезінде өткізіледі.
Сыныптан тыс уақытта физикалық тәжірибелерді, бақылауларды, өлшеулерді нәтижелі өткізу мұғалімнің мынадай әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстарды күні бұрын жасай білу шеберлігіне байланысты: 1) оқу материалына сәйкес қосымша әдебиеттерді таңдап алып, онымен оқушыларды таныстыру, олар орындайтын тәжірибелер мен бақылауларды жоспарлау; 2) ондай жұмыстарды орындауға тапсырмалар дайындау; 3) оларды орындайтын орынды және қажетті приборларды анықтау.
Мысалы, оқушылардың үйде жүргізетін бақылаулары мен өлшеулері мынадай тапсырма бойынша орындалуы керек:
а) үйдегі шелекьің, кастрюляның, бидонның, кесенің сыйымдылығын мензурканың жәрдемімен өлшеп анықтау (7-сынып).
ә) үйден мектепке дейінгі жүрген жүрісінің орташа жылдамдығын қадымдап анықтау, оның графигін сызу (7,9-сынып).
б) тұрмыста және техникада инерция құбылысының ескерілуін бақылау (7,9-сынып).
в) үйдегі электрпісіргіш арқылы бір күнде және бір аптада жұмсалатын энергияның құнын есептеу (8-сынып).
г) үйде және табиғатта байқалатын жарықтың дисперсиясы, интерференциясы, диффракциясы құбылыстарын бақылау, оларды түсіндіру (9-сынып).
д) адамның жерге түсіретін қысым күшін және қысымын өлшеп, анықтау (11-сынып).
Сыныптан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz