Отан тарихы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

«Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: 1940-1950 жж. Қазақстандағы «ұлтшылдыққа» қарсы күрес науқаны

Орындаған: Кереева Нұрлыгүл

Қабылдаған: Ахантаева Амина

2019 жыл

Тарихнама:

//Егемен Қазақстан. 1998, 16 қаңтар. Назарбаев Н. Ә. Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын. Мақаласында Н. Ә. Назарбаев қуғын-сүргіннің құрбаны болған, өткен күннің зиялы қауымдарына құрметін білдіреді және олардың ерліктерін ұмытпауын болашақ ұрпақтан сұрайды. [1]

Қозыбаев М. Өркениет және ұлт. Алматы, 2001. Кітабында Қозыбаев М. сталиндік саясат кезіндегі «ұлтшылдық» терминіне анықтама жазып, қуғын-сүргінге баға берген. [2]

//Социалистік Қазақстан. 1998, 25 тамыз. [3] Мақаласында жазықсыз жалаға ұшыраған қазақ ғылым саласына айтарлықтай үлес қосқан қазақ ғалымдары және олардың сталиндік сынға ұшыраған еңбектері туралы жазылған. [3]

//Қазақстан коммунисі. 1991. N. 10. 1940-1950 жж. қатал сынға ұшыраған еңбектер жайында жазылған. [4]

//Ақиқат. Омарбеков Т. Ызғарлы жылдар іздері . Алматы, 1998. Еңбегінде Т. Омарбеков 1940-1950 жж. қуғын-сүргіннің мақсатын саяси тұрғыдан өзінше пайымдауын жазады. [5]

Гурьевич Л. Я. Тоталитаризм против интелигенции. Алматы: «АО Караван» 1992. Қуғын-сүргін кезеңінде газет-журналдар мақаласында жарияланған сынған ұшыраған әдебиеттер туралы жазылған. [6]

Алдажұманов Қ. Ж. Ж. Шаяхметовтың өмірі мен қызметі. Отан тарихы. 2002. Бұл кітапта Т. Әбдіразаховтың партия басшысы қызметін атқарған Ж. Шаяхметовке берген сыни көзқарасы туралы жазылған. [7]

Верт Н. История Советского государства. Перевод с французкого. Амстердам, 1990-1991. Еңбегінде қазақ композиторларына тағылған жалған айыптар жайында жазылған. [8]

//Большевик Казахстана. 1947. Е. Бекмаханов о состоянии и задачах исторической науки в Казахстане. Мақаласында Е. Бекмахановқа еңбектеріне талдау жасалған және оған жабылған жалған айыптар әшкереленеді. [9]

Жоспары:

I. Кіріспе:

1. 1. Қазақстандағы қуғын-сүргін тарихы;

II. Негізгі бөлім:

2. 1. 1940-1950 жж. Қазақстандағы «ұлтшылдыққа» қарсы кұрес;

2. 2. 1940-1950 жж. қуғын-сүргін кезіндегі тарих ғылымы өкілдеріне қарсы жүргізілген саяси науқан (Е. Бекмаханов)

III. Қорытынды.

Қазақстандағы қуғын-сүргін тарихы

Қазақ елінің тәуелсіздікке қол жеткізуінің арқасында кеңес дәуірінде әкімшіл-әміршіл жүйе ықпалымен қалыптасқан тарих ғылымын қайта қарап, төл тарихымызда бұрмаланып келген мәселелерді шынайы тарихи тұрғыда жаңа қырынан ашып көрсету мүмкіндігі туып отыр. Бұл жөнінде президентіміз Н. Ә. Назарбаев былай деп қадап айтқан болатын: « . . . өткенімізді тұтас күйінде ешқандай боямасыз, қоспасыз, қаз-қалпында қабылдағанымыз ләзім. Ал өткен жылдар шежіресін үнемі әрі бұрмалаусыз зерделеп отырудың жөні бөлек. Мұның өзі өткендегі тәжірибенің жақсысынан үйрену үшін, ескі қателіктерді қаулата бермес үшін, жаманнан жирену үшін қажет». [1; 4-б]
Бүгінде қазақ халқының қилы да, қиын тарихын қалт жібермей, келешек ұрпаққа жеткізу тарихшылардың басты міндеті болып табылады. Кеңес өкіметі кезінде қалыптасқан әкімшіл-әміршіл жүйе билігінің көріністері, оның көптеген қырлары әлі де болса жете зерттеліп, көпшілік талқысына ұсынылуы қажет. Тарихта «ақтаңдағы» басым 20-50-ші жылдарда жүргізілген қуғындау науқаны соңғы кездерде әділ бағасын алып, сталинизм саясатының мәні ашылып көрсетілуде.
20-шы жылдары тоталитарлық жүйе билігі орнағаннан кейін қоғам өмірінде орын алған бұрмалаушылықтар мен қысаң саясаттың салдары халықтың рухани ой-санасын сандалтып, тағдырын тәлкек қылды. 20-шы жылдардың аяғында тарихта «социализмнің сталиндік моделі» деген атпен белгілі тарихи кезең басталып, тоталитарлық қуғын-сүргін заманына жол ашты.
И. Сталиннің үкімет басына келуі саяси террорды өршіте түсті. Ал 30-шы жылдардың басы мен аяғында жүргізілген саяси қуғын-сүргін ұлттық интеллигенцияны ойсыратып, мүлдем жоқ қылып жіберуден аз қалды.

Сталиндік солақай саясат қазақ қоғамын идеологиялық қыспаққа алып, халық санасын бір уыста ұстау әрекетінде болды. Бұл әрекеттің қадамы қазақтың бетке ұстар азаматтарын құртудан басталды. Қазақ зиялыларының алды болған, қазақ елінің тәуелсіздігі жолында күрескен Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, М. Дулатов, М. Жұмабаев, С. Сәдуақасов, С. Сейфуллин сынды азаматтар «ұлтшылдар» деген жаламен қуғын-сүргін құрбандары болып кете барды.
«Ұлтшылдық» деген термин ресейлік патша үкіметі кезінде қалыптасқан. Академик М. Қозыбаев бұл жөнінде: «Патша өкіметі ұлтшылдықты оппозиция есебінде таныды, оның тамырына балта шабуды саясатқа арна етті. Кеңес өкіметі сол империялық саясатты шын мәнінде жалғады, өйткені ол да аз ұлттар тым-тырақай бөлініп, бөлшектеніп кетеді деп түсінді. Оларды ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаудың жолы бонопартизм деп түсінген И. Сталин ұлттардың ойшыл, жасампаз топтарын тұқырту деп білді», - деп жазған еді. [2; 45-б]

Еркіндікке талпынған халықтарды құрсауда ұстау үшін қолданылған «ұлтшылдықпен» күрес саясаты кеңес дәуірінде күшейе түсті. Сталиншіл билік жүйесі «ұлтшылдық» терминіне «буржуазиялық» дегенді қосып, таптық сипат беру арқылы қанды саясатына ерік берді. Сөйтіп, халықтарды қорқытып-үркітіп, үрейлендіріп, ұлттардың табиғи бейнесін жоюға тырысқан казармалық социализм жүйесін орнатты. КСРО-ны өмірге әкелген сталиндік басқару жүйесі өз қарамағындағы одақтас республикалардың бей-берекетін шығарды. Бұл жүйе қазақ халқының ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан әдет-ғұрпын аяққа таптады. Ұлттық салт-дәстүрді ескіліктің қалдығы деген желеумен, елдің елдігін танытатын дүниетанымына балта шабу арқылы ұлттық ой-сана мен мәдениетке, өркениетке қасақана нұқсанын тигізді. Қазақ ұлтының тұтастығына дәнекер болып келген тіл мен дінге шабуыл басталды. Оған араша түскендер «халық жаулары» есебінде жазаланды. Осылай, әр халықты ұлт ететін қасиетінен күштеп ажыратып, жасанды идеологияны басшылыққа алған жүйемен алмастырды.
Қазақстан тарихында 20-50-ші жылдар өте күрделі, қайшылыққа толы кезең болып табылады. Осы жылдардың аралығында біздің еліміздің экономика саласында және қоғамдық саяси өмірінде орныққан «қысым көрсету» саясаты жаппай өктемдік етті. Бұл саясаттың, әсіресе, Қазақстан экономикасының негізін құрған ауыл шаруашылығы саласындағы зардаптары айрықша ауыр болды. Үкімет тарапынан көрсетілген қоқан-лоқы, зорлық-зомбылық әдістері негізінде сан мыңдаған адамдарды қуғындау орын алды. «Кеңес өкіметіне жат, қас» деген саяси айыптармен 100 мыңнан астам адам түрмеге жабылды, атылды, лагерьге айдалды.
«Ұлтшылдықпен» күресу келе-келе кеңес мемлекетінің айнымас белгілерінің біріне айналды. Қазақ халқының жендеті атанған Ф. Голощекин Қазақстанға «шылдық, шілдікті» әкеліп, зобалаң отын лаулата түсті. Қазақ зиялыларын жік-жікке бөліп, оларды бір-біріне шағыстыра отырып, ел ішінде алакөздік ахуалды қолдан жасап отырды. «Жікшілдік» пен «ұлтшылдыққа» қарсы күрес ашық түрде айыптау сипатын алды. Әсіресе осы екі ұранмен айыптау 1925-1933 жылдары қатты ушықты.
Бұл қуғын-сүргін 40-50-ші жылдары да жалғасын тапты. Осы жылдары социализм принциптері барынша бұрмаланып, еліміздің дамуын тоқырауға ұшыратқан күрделі мәселелер туғызды.
Өз саяси қателіктерін бүркемелеу үшін қуғын-сүргінді жасаушылар 40-50-ші жылдары «буржуазияшыл» терминіне «космополитшылдықты» қосып, репрессияға үстеме мән берді. Бұл тұрғыда «космополитшылдық» буржуазияның бүкіл дүние жүзіне үстемдік жүргізуге тырысқан агрессиялық саясатының көрінісі ретінде танылды.
1937-1938 жылдары қуғыннан «аман» қалған зиялылар 1940-1950 жылдары сталиндік жүйенің тырнағына ілікті. 1937 жылы басталған жаппай тұтқындау 1953 жылдың наурызына дейін толастамады. Бұл үдеріс зардабынан Ұлы Отан соғысы кезінде де жазықсыз жапа шеккендер де болды.
Ғылым саласындағы қазақтың көрнекті өкілдері Е. Бекмаханов, Х. Бекхожин, Е. Исмайылов, Қ. Сәтбаев, Ә. Марғұлан, М. Әуезов, Б. Сүлейменов және тағы басқаларға саяси айыптар тағылды. Нақтырақ айтқанда, зиялыларымыз «буржуазияшыл-ұлтшылдар» ғана емес, сондай-ақ, «космополитшылдар» ретінде айыпталып, қызметтен қуылды, түрмеге қамалды.
Сталиннің тікелей қолдауымен жүргізілген бұл қуғын-сүргін сол кезде ұлт ретінде өркендеуге бет алған халқымыздың өзіндік психологиялық мінез-құлқын қатты жасытты. 80-ші жылдардың соңында тарихшы Р. Сүлейменов бұл жайында былай деп жазған еді: «30-50-ші жылдардағы репрессияның табы бүгінгі күнімізден де сезілетіні шындық. Жөнсіз, жосықсыз қудалау біздің интеллигенцияны зәрезап қылғандығы сонша, үрейдің өзі мұра сияқтанып, бір ұрпақтан екіншіге жалғасып келеді» [3; 19-б]

1940-1950 жж. Қазақстандағы «ұлтшылдыққа» қарсы күрес

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы (1941-2010 жылдар)
Қазақстан тарихы ғылымы тәуелсіздік жылдарында (1991-2008 жж)
Отан тарихын оқытудың өзекті мәселелері
ҒАЛЫМНЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш
М. Қ. Қозыбаевтың өмір жолы мен ғылыми шығармашылық мұрасы (1985-2002жж.)
Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері. Пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы. Кеңестік және шетелдік тарихнама (ХХ-ХХІ ғ. басы)
Уақыт және тарих
Ұлттық мерзімді басылымдардың Қазақстан тарихының өзекті мәселелеріне жаңа көзқарасты қалыптастырудағы рөлі: тарихнамалық талдау (1985-2005 жж.)
Батыс Қазақстандағы Сталинград майданы тылының инфрақұрылымының, күштері мен құралдарының қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz