Ұстаздық шеберлік


Күні:
Тобы: ОрБ-17
Пәні: Педагогика
Тақырып: Педагогиканың жалпы негіздері. Мектеп мұғалімі
Жоспар:
- Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері.
- Мұғалімнің профессиограммасы.
- Мұғалімнің педагогикалық әдебі мен шеберлігі
1. Баланың тұңғыш ұстазы - оны мектеп табалдырығын алғаш аттағанда күтіп алып, әріп танытып, жазуға үйретін мұғалімі. Оқушының сабақ алған мұғалімдері мен дәріс тыңдаған оқытушылары да ұстазға саналады.
Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері деп педогогтың ізденімпаздығын, білуге деген құмарлығын, артық білуге ұмтылуын айтады. Басқа мамандық иелерінен мұғалімнің айырмашылығы - ең алдымен оның жұмысында да, үйде де білімін ұлғайтып, тереңдетуге айрықша қабілетті болуы талап етіледі. Ғылыми материалмен жұмыс істей отырып, мұғалім әрдайым оны педагогикалық ой елегінен өткізуге тырысып, оқушылардың өз пәніне деген ынта-ықыласын қалай туғызып, тереңдету жағын ойлайды.
Мұғалім мектептегі басты тұлға дегенде, оның жеке басындағы баланы оқытып білімдар етерлік түрлі қасиеттерді айтады. Солардың бірі - оның балаға деген сүйіспеншілігі.
Мұғалім жұмысының табысты болуы, белгілі жағдайда балаға деген сүйіспеншілікке байланысты. Ол балаға деген тілектестік, қамқорлық және оны құрметтей білуді педагогикалық жағынан талап етушілікпен ұштастыра білген жөн. Мұғалім болу үшін балаға деген сүйіспеншілік жеткіліктсіз, мұғалімдік мамандықты игеру ісі жеке адамның ынтасына, бейімділігіне және қабілетіне байланысты. Ол әрине жеке адамның ерекшеліктері мен оның дербес іс-әрекетіне де байланысты.
Балаға деген сүйіспеншілікті бір жақты түсінуге болмайды. Ы. Алтынсарин «Мұғалім балалармен істес болады, егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс» - деп жазды.
2. Психология-педагогика зерттеу мәліметтеріне қарағанда Ф. Н. Гоноболин, Н. В. Кузмина, А. Сластенин, А. Н. Щербаков, т. б педагоикалық қабілеттің бірнеше түрі кездеседі.
- Дидактикалық қабілет - мұғалімнің оқушыға оқу материалын жеткізу қабілеті, оқушының білім дәрежесін, іскерлігін, дұрыс анықтай білу, өз пәніне қызығушылығын арттыру, таным белсенділігі мен ойын дамыту.
- Академиялық қабілет - мұғалім қабілетінің пән саласына (математика, физика, химия, биология, тарих, т. б. ) сәйкетігі, өз пәнін ғылым дамуына сай біліп, өз бетімен қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізуі.
- Перцептивті қабілет - оқушының ішкі дүниесін, сабақ үстіндегі психикалық жағдайын тани білу.
- Сөйлеу (экспрессивті) қабілеті - тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі.
- Ұйымдастырушылық қабілеті - сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірлей білуі, ұжымды дұрыс басқарып ұйымдастыра білуі, оқу-тәрбие процесін дұрыс ұштастыру, оқушыларға бағыт беріп рухтандыру ісіне басшылық беру, ата-аналармен жұмыс істей білу, сынып ұжымын оқушыларға педагогикалық ықпалды құралға айналдыруы, мұғалімнің өз жұмысын ұйымдастыра білуі.
- Коммуникативті қабілеті - оқушылармен қалыпты дұрыс қарым-қатынас жасай білу, педагогикалық әдептілікті жетілдіру.
- Конструктивті қабілеті - оқу және тәрбие міндеттерін шешудің тиімді жолдарын іздестіру, оқу және тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерінің мазмұнын анықтау, өз ісіне саналылық, жауапкершілікпен қарап педагогикалық тапқырлық таныту.
- Қолданбалы қабілеті - мұғалім өз мамандығына қатынасы жоқ спорт, көркемөнер, бейнелеу өнері, туындыларын білетіндігімен оқушыларды қызықтырып, оларды қатыстырып, баланы жан-жақты дамыту ісіне өз үлесін қосуы тиіс.
Мұғалімдердің кәсіптік деңгейіне арқау болатын кәсіп құрылымы (профессиограммасы) - жеке басының сапалық негізгі қасиеттері: мемлекеттің, әлеуметтік ортаның идеясын насихаттаушы; өз кәсібіне жан-тәнімен берілгендік; мемлекет ісіне адалдық, ұжымшылдық, кәсіптік-педагогтік бағыттар. Сапалық белгілері: мұғалімдік қызметке бейімділік, қабілеттілік, баланы сүю, байқағыштық, ұйымдастырушылық, орынды талап қою, ұстамдылық, әдептілік, сенім арту, бедел, мақсатты айқындау, ізгілік. Мұғалім қызметінің түрлері. Оған ұстаздық, тәрбиешілік, қоғамдық саяси, қоғамдық-педагогикалық жұмыстары енеді.
3. Ұстаздық әдеп - мұғалімнің аса бағалы педагогтық қасиеті, адамдар ара қатынасының түрлі мағынасында қолданылады. Әдеп - адамдардың өзара жақсы қарым-қатынас жасауына жағдай. Әдепті адамдар басқаларға барыншы жақсылық жасап, қуаныш әкелуді тілеп тұрады. Әдепті ұстаз басқа адамдармен, не оқушылармен қарым-қатынас жасағанда ақылға салып ойланып сөйлесіп, сергек болады.
Педагогикалық әдеп - кәсібіміздің ең маңызды элементі. Ұстаздық педагогтық кәсіпті таңдаған соң педагогтық әдепті, білім мен іскерлікті саналы түрде игеріп, оқушыларды оқытуда, тәрбие беруде, адамгершілік этикасын жоғары ұстаған жөн: «Адамға барынша талаптар қою керек, бірақ сонымен бірге оны барынша құрметтеу керек» (А. С. Макаренко) .
Мұғалімнің әдептілігі де оқушылармен қарам-қатынасында жетекші орын алады. Әдептілік мұғалімнің шыншылдық, қарапайымдылық, сабырлылық көрсетуі, өзін-өзі басқарып, ұстамдылық жасауы, жат қылықтардан бойын аулақ ұстауы және әр түрлі жағдайларда оқушылармен, өзге адамдармен қарым-қатынас жасау алу ептілігін біріктіретін адамгершілік тәртібі.
Ұстаздық талант. «Талант» деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын-жазушыларда, әртістерде, өнертапқыш адамдарда кездеседі. Егер кез-келген мұғалім ынта-ықыласын қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете біліп, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогтық кәсіпті жақсы меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты ұстаз бола алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz