Сайлаушылар партиясы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Саяси партияларды пайда болуы және оның типтері
2. Саяси партиялардың жіктелуі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.
Саяси партия қызметтері - саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі - қоғамдық мүдделерді жинақтау мен оларды саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және бағытталған түрде енгізу. Саяси партиялар билік үшін бәсекелестіккүресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады. Партиялар қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда да белгілі рөл атқарады. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды 4 түрге бөледі:
1) Авангардтық партиялар. Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінің партияның жүмысына белсенді қатынасуын талап етеді;
2) Сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу және т. б. ;
3) Парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау;
4) Қауымдастық партия. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай, маңызды мәселелерді ортақ талқылау үшін біріктіреді. Партияларды таптық негізде жіктеу: жұмысшылар, шаруалар, буржуазиялық. Саяси жүйедегі рөліне байланысты: парламенттік, сайлаулық, жетекші және мақсаттық деп жіктелуі

Негізгі бөлім

Саяси партиялардың пайда болуы, мәні жәнс қызметтсрі
Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзак тарихы бар. Мысалы, немістің көрнекті саясатганушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсеггі:
1) аристократиялық үйірмелер;
2) саяси клубтар;
3) көпшілік партиялар.
Саяси клубтардың аристократиялық үйірмелерден айырмашылығы - олар ең алдымен буржуазияның мүддесін білдірді. (Ал аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаған болатын) . Олардың тұрақты идеологиялық байланыстары мен дамыған үйымы болды. Мүның бәрі оларға қоғамдық жұмысты кең өрістеуіне мүмкіндік туғызды.
Ал копшілік партиялардың саяси клубтардан ерекшелігі -олар жүмысын тек сайлау кезінде ғана емес, сонымен қатар әдеттегі, дағдылы уакытта да көпшілікке ықпал етуге тырысты Өз қатарына барынша көбірек адамдарды тартгы. Өздерінің үгіт- насихат жұмысында саяси ағартушылық, үгіт, тәрбие, мәдени қызмет т. с. с. саяси әсер етудің бай мүмкіндіктерін пайдаланды
Дегенмен, көрсстілген үш кезеңді толығымен Үлыбританияның екі партиясы ғана басынан кешірді. Олар либералдық (виги) және консервативтік (тори) партиялары. Ал казір өмір сүріп отырған партиялардың көбінің даму жолы кысқа. Олардын біразы екі сатысынан өтсе, біразы бірден көпшілік партия болып калыптасты.
Бірінші саяси көпшілік партия болып 1861 ж. Англияда либералдық партия құрылды. Сонымен қатар мүндай партиялардың дамуына жұмысшы қозғалысы да зор әсер етті. Жұмысшылардың өзіндік жарғысы, кең тараған жергілікті ұйымдары бар, жазба түрде мүшелік жарна төлейтін, мерзімімен съездер өткізетін партиялары ұйымдасады. Бірінші көпшілік жұмысшы партиясы болып 1863 ж. Жалпы Германияның Жұмысшы Одағы (Ф. Лассальдың басшылығымен) құрылды. XIX ғ. аяғына қарай Батыс Еуропа елдерінде түгелге жақын көпшілік партиялар пайда болды. Мұндай партиялар баска континенттерде де құрыла бастады.
Американың белгілі саясаттанушысы Дж. Ла Паломбараның ойынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады:
1) партия белгілі бір идеологияны қорғайды немесе кем дегенде адамды, дүниені ерекше көре біледі;
2} партия - адамдарды жергілікті үйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін саясаттың әр түрлі деңгейінде әжептәуір ұзақ біріктіретін үйым;
3) партиянын мақсаты - билікті қолға алып, жүзеге асыру {көбінесе ол коалициялық жолмен жасалады) ;
4) әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен бастап, мүше болуына дейінгі қолдауын қамтамасыз еткісі келеді.
Саяси партия тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады, олардьң саяси сауаттылығын арттырады, жүмысына үйымшылдык және максаттылық сипат берсді. Оның белгілі бір идеологиясы болады. Ол идеология саясаттың басты принциптерін белгілеуге, саяси партияның ұйымдық құрылысы мен практикалық іс-әрекетін анықтауға негіз болады. Олар партияның бағ-дарламалары мен жарғыларында айкындалады.
Саяси жүйеде партиялар үлкен әлеуметтік жіктердің (топтардың, таптардың, бірлестіктердің) мүддесін көздейді. Партиялардың өмір сүруінің өзі сол жіктеудің арасында дау-жанжалдардың тууы мен оларды шешу қажеттігінен шығады.
Поляктың белгілі саясаттанушысы А. Боднардың көрсеткеніндей, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтерді атқарады:
а) қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау, тұжырымдау және негіздеу;
ә) олардың белсенділігін артгырып, жинақтау;
б) саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;
в) саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін, элсментгерін, қүрылымдарын калыптастыруға қатысу және т. б. ;
г) мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының бағдарламасын жасау;
д) мемлекетгік билікті іске асыруға қатынасу;
е) қоғамдық пікірді қалыптастыру;
ж) жалпы коғамды, яки оның белгілі бір бөлігін (топты, тапты, жікті) саяси тәрбиелеу;
и) мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық ұйымдардың аппараты үшін кадрлар даярлау мен ұсыну және т. т.
Сонымен қатар партиялар сайлау науқанын дайындау мен өткізу, өз мүшелерінің санын көбейту, орталық және жергілікті ұйымдардың материалдық ахуалын күшейту, өз еліндегі және шетелдердің мақсаттары жақын партияларымен байланысты нығайтумен үнемі айналысады.
Қазіргі демократиялық коғамдағы партияның маңызды міндеті - азаматгық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бурынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді. Соның арқасында қоғамның саяси саласындағы қайшылықтардың басы ашылады, әлеуметтік қопарылысқа соқтырарлық өткір, ойда жоқ шиеленістердің мүмкіншілігі азаяды.
Қоғамның қай жігіне партияның ықпалы күшті жүріп, олардан ұзақ уақыт қолдау тапса, сол топ партияның әлеуметтік негізін қалайды. Ал оған сайлау кезінде әрдайым даусын беруші сайлаушылар оның электоратын (латынның сайлаушылар тобы деген сөзінен) құрайды. Еуропадағы социал-демократиялық партиялардың дәстүрлі әлеуметтік негізіне жүмысшылар жа-
татын. Либералдық-демократиялық партияларды орта жіктегі қызметкерлер, интеллигенция, ұсақ кәсіпкерлер және т. б. қолдайтын. Аграрлық партия шаруаларға сүйенетін. Консервативтік партиялар ірі меншік иелерін, шаруалар мен орта буындылардың бір бөлігін тірек ететін. XX ғ. ортасынан бастап жағдай өзгерді. Ірі партиялар сайлауда халықтьң әр түрлі топтарының даусын жинады. Демек, солардың мүддесін де көздейді.
Сонымсн, партия деп мсмлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одагын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзіне асыруға белсене катынасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партияларды қалыптастырудағы ұлт зиялыларының ролі
Саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстар
Саяси партиялардың пайда болуы, түсінігі және типтері
Сайлау құқығының прициптері
Қазақстан Республикасының саяси және қоғамдық партиялары
Саяси партия
Сайлау жүйесіне жалпы түсініктеме
Ақш президент сайлау жүйесі, ерекшеліктері туралы
САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Қазіргі Қазақстанның саяси партиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz