Минералды тыңайтқыштар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Минералды тыңайтқыштар және оның түрлері
2.Органикалық тыңайтқыштар және олардың түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Тыңайтқыштар деп құрамында мәдени өсімдіктерге қажетті қоректік элементтері бар минералды, органикалық және биологиялық заттарды айтады. Оларды минералды, органикалық және бактериялы деп бөледі.
Тыңайтқыш дегеніміз -- өсімдіктің қоректенуін жақсартып, жердің құнарлылығын арттыру нәтижесінде ауылшаруашылық дақылдарының өнімін жоғарылату мақсатымен жерге берілетін зат. Топыраққа органикалық және минералдық тыңайтқыштар беру оның физикалық, физика-химиялық және биологиялық қасиеттерін жақсартады, жоғары сапалы өнім алуға көмектеседі. Тыңайтқыш ауыл шаруашылығы дақылдарының ауа райының қолайсыз жағдайларына төзімді болуына (үсік, құрғақшылық), өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы тұруына көмектеседі. Тыңайтқышты пайдаланудың басты мақсаты -- топырақ құнарлылығын жоғарылату, соның нәтижесінде өсірілетін ауылшаруашылық дақылдарынан мол өнім жинау.
Агрохимиктердің пікірі бойынша, топыраққа берілген әрбір килограмм азот, фосфор, калий (NРК) дәнді дақылдардың өнімділігін арттырады, мысалы, 5,0 кг картопты -- 20 кг, қант қызылшасын -- 26 кг-ға дейін жоғарылатады. Тыңайтқыш беру ирригациялың, агромелиоративтік, агротехникалық және басқа шаралармен ұштастыра жүргізілуі керек.
Тіпті бір фермерлік шаруашылықтың өзінде топырақтың табиғи құнарлылығы әр түрлі. Сондықтан қоректік элементтерінің мөлшері жағынан олардың айырмашылығы болады. Сол себепті, тыңайтқышты топырақтың агрохимиялық қасиетін ескере отырып бермесе, одан қажетті нәтиже күтуге болмайды, керісінше, мұндай жағдайда ол тек ауыл шаруашылығына ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортаға да үлкен зиян келтіреді.

Негізгі бөлім
Минералды тыңайтқыштар. Минералды тыңайтқыштарда қоректік заттар минералдық тұздар түрінде болады. Фосфорлы және калийлі тыңайтқыштар химия өнеркәсібінде табиғи қазбаларды өңдеу арқылы алынады, ал азотты тыңайтқыштардың өндірілуі негізінен ауа азотының сутегімен әрекеттесуінен аммиактың түзілуіне негізделген. Барлық минералды тыңайтқыштарды шартты түрде тікелей және жанама әсер етушілер деп бөледі. Алғашқысында қоректік заттар болады, ал кейінгісі топырақтың қасиетін өзгертіп, өсімдіктердің қоректену жағдайын жақсартады әк, ғаныш. Сонымен бірге тікелей әсер ететін тыңайтқыштар, мысалы, аммиак селитрасы, суперфосфат жанама әсер етеді: топырақты қышқылдандырады, ал фосфорит ұны топырақты бейтараптандырады. Әк, ғаныш топырақ реакциясын өзгертумен қатар өсімдікті маңызды қоректік элемент -- кальциймен қамтамасыз етеді. Химиялық құрамы бойынша минералды тыңайтқыштар қарапайым бір ғана коректік элементі бар және кешенді 2-3 элементі бар болады. Физикалық күйі бойынша минералдық тыңайтқыштар сұйық және қатты түрде шығарылады, соңғылары кристалды, ұнтақ және түйіршікті болады.
Азотты тыңайтқыштар. Азоттық қосылыстардағы түрлеріне қарай азотты тыңайтқыштар нитратты, аммонийлі және аммиакты, аммонийлі-нитратты, амидті болып бөлінеді. Нитратты тыңайтқыштарда азот нитратты түрде болады. Негізгі өкілдері натрий және кальций селитралары. Натрий селитрасында 16% азот бар. Ұсақ кристалды ақ түсті тұз суда жақсы ериді, бойына ылғал сіңіргіш. Бұл тыңайтқыштың азотын өсімдік жеңіл сіңіреді, сондайақ, топырақ ылғалы жоғары болса оңай шайылады әсіресе жеңіл топырақтарда. Кальций селитрасында 17,5% азот бар. Кристалды, суда тез еритін тұз. Физиологиялық сілтілі болғандықтан, топырақтың қышқылдығын төмендетеді. Аммоний сульфатында 20% азот бар. Ұсақ кристалды, суда жақсы еритін ақ немесе сұрғылт түсті тұз, өсімдіктер жеңіл сіңіреді. Қышқыл топырақтарға әк немесе фосфарит ұнын қосып қолдануға болады. Хлорлы аммонийда 24-25% азот болады. Ұсақ кристалды ақ немесе сарғылт қышқыл ұнтақ. Қолданылуы шектеулі, себебі хлордың ионы картопқа, зығырға, көкөністерге, жеміс-көкөніс дақылдарына кері әсер етеді. Хлор ионы біршама жуылуы үшін күзде топырақ өңдеген кезде енгізуді ұсынады. Сұйық аммиакта 82% азот болады. Түссіз, жылжымалы, қайнау температурасы +34°С тең сұйық. Оны жоғары қысымға шыдайтын болат балондарда сақтайды және тасымалдайды. Аммиак суының бірінші сортында 20,5, екіншісінде 18% азот болады. Түссіз немесе сарғылттау аммиак иісті сұйық. Азот түрінде болады. Бірақ аммонийлық азоттан аммиакты азот көбірек болады. Аммиакты селитрада 34% азот болады. Кристалды ақ түсті зат -- әр түрлі дақылдарға қолдануға жарайтын әмбебап тыңайтқыш. Көп жылдар бойы бір жерге қолданса, топырақты қышқылдандырады. Бұл тыңайтқыштың қолайлы қасиеті -- өсімдікке зиянды заттардың жоқтығы және тез әсер ететін нитратты және шабан қозғалғыш аммонийлы азоттың болуы. Мочевинада несеп нәрі 46% азот болады. Ұсақ кристалды ақ түсті зат, суда жақсы ериді. Мочевина немесе карбамид топырақта бактерияның әсерінен аммонификацияны тез өтіп, физиологиялық қышқыл -- көмірқышқыл аммоний тұзын бөліп шығарады. Сондықтан енгізген алғашқы күндері топырақтың уақытша аздап сілтіленуі қышқылданумен ауысады, бірақ өсімдіктер азотты сіңіреді және бірте-бірте нитрификацияланады. Осының салдарынан топырақтың сілтіленуі қышқылданумен ауысады, бірақ өсімдіктер азотты сіңіргеннен кейін топырақтың алғашқы мочевинаны қолданғанға дейінгі реакциясы қалпына келеді.
Азот барлық өсімдіктер мен басқа да тірі организмдер клеткаларының негізі - ақуыздың құрамында үнемі болады. Азот фотосинтез жасауға қатысатын хлорофиллдің, протоплазма мен клеткалар ядросының аса маңызды бөлігі - нуклеин қышқылының құрамына кіреді. Өсімдіктің вегетативтік органдарындағы ақуызсыз органикалық азот мөлшері өсімдіктегі жалпы азот қорынан 20 - 25 пайыз артық болады. Өсімдік нашар қоректенсе, атап айтқанда онда фосфор жетіспесе, онда ақуызсыз азоттың қосындылар мөлшері едәуір көбейеді, мұның өзі өсімдіктің сапасына зиянын тигізеді. Өсімдіктер құрамына азоттың жиналуына бұршақты өсімдіктер едәуір дәрежелерде әсер етеді, өйткені бұршақты өсімдіктер (беде, бұршақ, соя және басқалары) түйнек бактериялары арқылы ауадағы бос азотты бойына сіңіреді.
Топырақта азот жеткіліксіз болса өсімдіктің өсуі бөгеледі, жапырағының жасыл болуы өзгереді, биохимиялық процестер жиынтығы бұзылады, егіннің өнімі күрт кемиді. Өсімдікке оның жетіспейтінін оп-оңай аңғаруға болады. Атап айтқанда хлорофилл немесе өсімдік жапырағының түсі сарғаяды. Өсімдік жапырағы сарғайып кеткен соң, ондағы азот мөлшерін қайтадан тиісті мөлшерге жеткізуге мүмкіндік болмай қалады. Топырақтағы азот түрлі қоспа заттардың құрамында органикалық азот, аммиак тұздары және селитра түрінде болады. Органикалық азот шіріткіш бактериялардың әрекетінен минералдық заттарға (аммиак түздарына және селитра) айналған кезде ғана өсімдік оны бойына сіңіре алады.
Фосфор жеткіліксіз болып, өсімдіктің азот корегі шамадан тыс көп болса, онда ол керісінше өсімдікке кері әсер етеді, яғни өсімдіктің пісуі кешеуілдейді және бәрі бір мезгілде тегіс піспейді, өсімдік масағы, жапырақтары жығыла бастайды, ауа райының қолайсыз жағдайына қарсыласуы кемиді. Оның үстіне, мысалы, күздік бидай қысқы суыққа төзімсіз болады. Қант қызылшасының қанттылығы азаяды.
Фосфор протоплазма мен клеткалар ядросының құрамына кіреді. Оның азоттан айырмашылығы ақуыздың құрамына тікелей кірмейді, бұл нуклеин қышқылының бір бөлігі болып саналады және жай ақуызға қосылып күрделі нуклеопротеид ақуызын түзілтуге ықпал етеді, биологиялық реакцияны тездететін көптеген ферменттердің құрамына кіреді, өсімдіктерде көмірсулардың пайда болуына қатысады. Өсімдік организмінің тіршілік етуіне қоректік элементтердің бірде-біреуі фосфордай жан-жақты қатыса алмайды. Олардың қорегін реттей отырып, өсімдіктің өсіп даму қарқынын және өнімнің сапасын өзгертуге болады. Фосфордың кейбір органикалық қосылыстары өсімдік организмінде энергияны бір жерге жинақтайтын аккумулятор рөлін атқарады. Күзде астық дақылдары егісіне сапалы фосфор тыңайтқышы еңгізілсе, олардың қысқы суыққа төзімділігі артады, өсімдік қынабының түсуі азаяды, сөйтіп, сабағының бойлап өсуіне жағдай жасалады. Ақтөбе облысының шөлейт қуаң аймағында жүргізген зерттеу жұмыстары фосфор тыңайтқышы жаздық бидай мен арпаның қуаңшылыққа төзімділігін арттыратынын өсімдікке нәр беретін судың мөлшерін көбейтетінін көрсетті.
Күл элементтерінің ішінде фосфор ерекше орын алады. Әдетте күл элементтері астық дақылдарының сабанында, ал фосфор астықтың көбінесе дәнінде (тұқымында) болады. Азот сияқты, фосфор да өсімдіктің репродуктілік органдарына (жеміс салатын органдарына) жиналады, өйткені өсімдіктің репродуктілік органдарында органикалық заттар синтезделеді.
Өсімдік тіршілігінің бастапқы кезеңінде және өсімдік өсіп дами бастаған мерзімде фосфор тыңайтқышының үлкен маңызы бар. Фосфор тыңайтқышы өсімдіктің тамыр жүйесінің дамуын тездетеді. Өсімдіктің тамыр жүйелерінің дамуы арқасында өсімдік қоректік заттарды жақсырақ пайдаланады, ылғалды бойына көбірек сіңіреді, ал бұл өсімдіктің жер бетіне өсіп шыққан бөлшектерінің қаулап өсуіне қолайлы әсер етеді. Өсімдік фосфор жетіспей, зәрушілікке ұшыраса, онда өсімдіктің сабағы мен жапырағының өсуі тоқтайды, тұқым құрамайды. Сонымен бірге өсімдіктің жапырақтарының шеткі жиектері ширатылады, жапырақтарда күрең теңбілдер пайда болады, зақымдалған жерлерінің ұлпалары түсе бастайды.
Фосфорды өсімдік топырақтан фосфат күйінде қабылдайды. Ал ол өсімдік денесінде пайда болатын эфирдің және басқа да органикалық қосындылардың, кейбір ферменттердің, нуклеопротеидтердің және т. б. құрамына енеді.
Калий де өсімдіктер тіршілігінде аса маңызды физиологиялық рөл атқарады. Ол өсімдіктердің жас, балғын органдарында, протоплазмаға бай клеткаларында, әсіресе өсімдіктердің ұрығында, жеміс түзілетін органдарында көп кездеседі. Ал өсімдіктердің жоғарыда аталған бөліктерінде заттар күштірек алмасады, клеткалар түзіледі, өсуі де жоғары қарқынды болады.
Оның өсімдік ұлпаларының қандай қосылысқа жататыны жөнінде әр түрлі пікірлер бар. Кейбір ғалымдар барлық калий өсімдікте жанама түрде болады десе, енді біреулері - калий кешенді қосылыстың құрамды бөлігі болып саналады деп тұжырым жасайды. Калий болғанда да калийдің өсімдіктер тіршілігінде атқаратын физиологиялық қызметі әлі де егжей-тегжейлі анықталып біткен жоқ. Жоғары дәрежелі өсімдіктер қоректерінің ішінде ешқандай калий болмаса, өсімдік құрып кетеді немесе өте болымсыз вегетагивтік өнім береді. Калий жетіспесе плазма коллоидтарының ылғалды сақтап тұру қабілеті кемиді. Өсімдіктер жазғы қуаңшылық кезеңдерінде су тез буға айналатындықтан калийдің жетіспеуінен көбірек зәру шегеді. Сондай-ақ, калий бүршік тамырларының дамуына, клеткаларының толысуына және бүршік түйнектерінің неғұрлым қаулап жетілуіне үлкен әсер етеді, көмірсулардың түзілуіне және қозғалысына қатысады. Калий тыңайтқышы өсімдіктердің ақуыз заттарының синтез жасауына (химиялық қосылыстар шығаруға) үлкен ықпал жасайды. Калий жетіспесе бүл процесс бөгеліп қалады да, ақуызсыз (зиянды) азот жиналуына себеп болады.
Кальций өсімдіктердің ескі сабақтарында әсіресе астық тұқымдастарының жапырақтарында кездеседі. Ол ақуыздың түзілуіне, өсімдіктегі органикалық қышқылдарды бейтараптауға және өсімдіктердің тамыр жүйелерінің дамуына көмектеседі.
Өсімдікке кальций жан-жақты әсер етеді. Ол өсімдіктің барлық мүшелерінде: қымыздық, пектин, фосфор қышқылдарының тұздарының құрамында кездеседі. Өсімдік құрамындағы кальций қосылыстарының 20-65 пайызы суда жақсы ерісе, қалған бөлігін әлсіз сірке, тұз қышқылдарының көмегімен бөліп алуға болады. Кальцийдің біраз бөлігі цитоплазмада ион түрінде кездеседі. Кальций, басқа катиондар үшін күшті антагонист болып саналады. Кальций өсімдіктің жер бетіндегі мүшелерінің өсуіне де қолайлы жағдай тудырады. Ол фотосинтез құбылысының жүруі үшін маңызды рөл атқарады. Кальций өсімдіктегі зат алмасу, көмірсулардың жылжу, азотты заттардың өзгеру процестеріне қатысады. Бұл элементтің әсерінен протоплазманың тұтқырлығы мен өткізгіштігі жоғарылайды. Кальций ферменттердің белсенділігіне әсер етеді. Мысалы, әк қолданғанда сұлы өсімдігінің инвертаза және каталаза ферменттерінің белсенділігі артқан. Кальций жетіспегенде ең алдымен өсімдіктің тамыр жүйесі зардап шегеді де, тамыр түкшелерінің пайда болуы тежеледі.
Ауылшаруашылық дақылдары кальцийді әр түрлі мөлшерде пайдаланады. Мысалы, дәнді дақылдардың 20-30 ц өнімі 20-40 кг, 200-400 ц тамыр жемістілер 60-120 кг, 500-700 ц капуста 300-500 кг кальций пайдаланған. Кальций топырақта түрлі минералдардың, сіңіру кешені құрамында және көмір, азот, күкірт, фосфор қышқылдарының тұздары түрінде кездеседі. Өсімдіктер алмасатын және топырақ ерітіндісіндегі кальцийді сіңіреді. Мұндай кальций қара топырақта көп, ал қара қоңыр және боз топырақтарда аз мөлшерде болады. Кальцийдің жалпы мөлшері топырақ түріне байланысты. Мысалы, қара топырақта 1,44 %, боз топырақта 6,04 пайыз шамасында болады.
Магний. Хлорофилл кұрамында фосформен бірге ұлпа және тұқым құрамына кіреді, жасыл өсімдіктердің бірқалыпты қоректенуіне қатысады. Оның шамадан тыс көп болуы өте зиянды. Ол құм, құмайт жерлердегі басқа топырақтың бәрінде кездеседі. Магний хлорофилл, фитин, пектинді заттардың клетка шырынында ион түрінде, цитоплазмада ақуыздармен байланысқан күйінде кездеседі. Бүкіл магнийдің 15-30 пайызы хлорофилл құрамында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Минералды тыңайтқыштарды пайдалану мөлшері
Тыңайтқыш - мол өнім көзі
Егіс айналымында минералды тыңайтқыштарды пайдалану жобасын құру
Тыңайтқыштардың түрлері
Азықтың минералды умен ластануының алдын алу шаралары
Тыңайтқыштар классификациясы
Минералды тыңайтқыштар, олардың ең маңызды қасиеттері, өндірісі және қолданысы
Тыңайтқыштар және оның түрлері
Нитратты тыңайтқыштар
Тыңайтқыштардың топтары мен қасиеттері
Пәндер