Негізгі басқару формалары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Мемлекеттікті басқару және билік
2. Мемлекеттік басқарудың түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Басқару және билік - рухани тұрғыдан өзара жақын әлеуметтік реттеудің формалары. ХХ ғ. 80-жылдарына дейін мемлекеттік басқару атқарушы-бұйрықтық сипатындағы қызмет ұғымы ретінде танылып келді. Ю.М. Козловтың пікірінше атқару біріншіден, бұл қызметтің негізгі бағытын, заңдар мен заңға тәуелді нормативтік актілерді өмірде қолдану, екіншіден, бұл мақсаттың орындалу құралы - бұйрық беруді білдірді, қажетті заңи-биліктік өкілеттіктерді қолдану деген мағынаны анықтайды [1]. Мұндай түсініктеме жалпылама алғанда атқарушы және бұйырушы мемлекеттік органы немесе мемлекеттік басқару органы ретінде айқындалған мемлекеттік басқарудың арнайы субъектілерінің айрықша белгісі ретінде қарастырылады.
1977 жылғы КСРО Конституциясына сәйкес, КСРО Министрлер кабинеті атқарушыбұйырушы орган ретінде анықталған (128-бап). Тұрақты қызмет ететін заң шығарушы және бақылаушы орган ретіндегі КСРО Жоғарғы кеңесінің өкілеттігіне министрліктер мен өзге орталық мемлекеттік басқару органдарын құру кірді. КСРО Президенті мемлекеттік басқару органдарының жүйесін басқаруы және олардың КСРО Жоғарғы мемлекеттік билік органдарымен өзара әрекет етулерін қамтамасыз етті (127.3-баптың 4-тармағы). КСРО Министрлер кабинеті одақ қарамағындағы мемлекеттік басқару мәселелерін шешуге құқылы болды (131-бап). Бұл термин тек Конституцияда ғана емес, оның ережелерін дамытушы өзге актілерде де қолданылады. Бұл кезеңде мемлекеттік басқару органдары заңнаманы жүзеге асырушы бірден-бір негізгі буын болып табылатын халық депутаттары Кеңесі - мемлекеттік билік органдарының орталық атқарушы аппараты ретінде қарастырылды. Басқару күрделі қоғамдық құбылыс, ол өзінің көрініс табуы тұрғысынан көп қырлы және қоғамдық өмірдің барлық салаларында орын алады. Заманауи ғылымда басқару мәселелері күрделі білім жүйесі болып табылатын түрлі бағыттарда дамуда, онда түрлі ғылым салалары дара қарым-қатынаста, біріне-бірі ықпал ете отырып, бірақ өз әдістері мен пәнінің ерекшеліктерін сақтап, тәуелсіз негізде қалыптасып, даму үстінде. Заманауи қоғам түрлі ұйымдар жүйесі ретінде түрлі әлеуметтік процестерді үйлестіруге қатысты басқару қызметін, сондай-ақ сызықтық емес, күрделі, нақты емес, көп қырлы параметрлерді құрайды. Басқару қызметінің шарттары болып саналатын бұл параметрлердің бірлесуі басқару түрлерін, формалары мен басқару әдістерін анықтайтын өз бетінше іштей дифференцияланатын детерминантаны құрайды.

Негізгі бөлім

Мемлекеттік басқару формасы -- мемлекеттiк билiк ұйымын, жоғарғы мемлекеттiк органдардың жүйесiн мiнездейтін мемлекет формаларыныңэлементерінің бірі.Басқару формасы, тар мағынада -- мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының ұйымы дегенді білдіреді.Ал ауқымды мағынада алғанда, басқару формасы -- бұл мемлекеттің бүкіл органдарының өзара әрекет етуі және ұйымдасу әдісі.
Үкімет түрін, яғни басқару формасын мемлекеттік құрылым түрлерімен және мемлекеттiң саяси тәртiбiмен шатыстырмау қажет. Бұл үшеуі біріге отырып, бір-бірін толықтыра отырып мемлекет формасын құрайды.
Басқару формасы мемлекеттің келесі сипаттамаларын көрсетеді:
* мемлекеттің жоғарғы билік органдарының құрылуын,
* құрылымын,
* мемлекеттік органдардың арасындағы өзара әрекет етуінде жатқан принциптерін,
* жоғарғы билік пен қатардағы азаматтарды арасындағы өзара қарым-қатынастың құрылуын,
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Негізгі басқару формалары:
Монархия -- жоғарғы мемлекеттік билік өмір бойы бір ғана басшының, яғни, монархтың (патша, шаһ, сұлтан, хан, халиф, король, император, т.б.) қолында болатын және ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен берілетін басқару формасы.
Монархияның өзгешелігі
1. Бір ғана адам мемлекет басшысы, ол -- монарх;
2. Билік мұрагерлік бойынша беріледі;
3. Монарх заңға бағынбайды (монархты биліктен аластатуға болмайды).
Монархиялардың түрлері
* Абсолюттік монархия (шектеусіз) -- мемлекеттегі жалғыз жоғарғы орган болып табылатын монархы бар мемлекет. Бүткіл мемлекеттік биліктің құзыреті монархтың қолында болады (Сауд Арабиясы, Оман, Катар). Тағы бір ерекше бір түрі теократиялық монархия(Ватикан) болып табылады.
* Шектеулі монархия -- монархтан бөлек басқа да мемлекеттік басқару органдары бар мемлекет, ал мемлекеттік билік барлық жоғарғы билік органдарына жүктелген, сондай-ақ монархтың билігі белгілі бір арнайы дәстүрдің немесе Конституция актісінің негізінде шектелген. Өз кезегінде шектеулі монархия келесідей бөлінеді:
o Сословиелік-өкілдік монархия -- монархтың билігі белгілі бір сославиенің дәстүрлерінің негізінде шектелетін монархия түрі (РесейдіңЗемский соборы[3], ИспаниядағыКортестер) и играющих роль, как правило, совещательного органа[4]. В настоящее время подобных монархий в мире нет.
o Конституцилық монархия -- монархтың билігі белгілі бір арнайы Конституция актісінің негізінде шектелген монархия. Өз кезегінде конституциялық монархия екіге бөлінеді:
# Дуалисттік монархия -- монархтың қолында барлық атқарушы биліктің құзыреті болатын, сондай-ақ заң шығару және сот істеріне өкілеттілігі бар монархия түрі. Бұл мемлекеттерде монархтың қолында өкілдік органдары тарату, қабылдағалы жатқан актілерін бұзу сияқты абсолютті вето құқыққа құқылы (Иордания, Марокко).
# Парламенттік монархия -- монарх тек дәстүрдің құрметі ретінде және белгілі өкілеттілігі жоқ монархы бар мемлекеттер (Ұлыбритания, Жапония, Дания).
#
Абсолюттік монархия

Конституциялық монархия

Дуалисттік монархия
Парламенттік монархия
1. Заң шығару құқығы
монарх
монарх пен парламент
парламент
2. Атқарушы билікті атқару
монарх
ресми - монарх, іс жүзінде - үкімет
3. Үкімет басшысын тағайындау
монарх
ресми - монарх, алайда парламенттік сайлаудың негізінде
4. Үкмет жауаапкершілігі
монарх алдында
парламент алдында
5. Парламентті тарату құқығы
парламент жоқ
монарх қолында (шектеусіз)
монарх қолында(үкіметтің ұсынысы бойынша)
6. Монархтың парламент шешіміне вето құқығы
парламент жоқ
абсолютті вето
қарастырылған, алайда қолданылмайды
7. Төтенше-жарықтық заң шығару құқығы
монарх жарлығызаң күшімен теңестіріледі
парламент сессияларының аралығында ғана
қарастырылған, алайда қолданылмайды
8. Елдер
Сауд Арабиясы, Оман
Иордания, Кувейт, Марокко
Ұлыбритания, Испания, Нидерланд

Республика -- мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарын белгілі бір мерзімге халық сайлайтын, не болмаса өкілдік мекемелері құратын басқару формасы. Бұл басқару формасында жоғарғы органдар сайлаушылардың алдында барлық жауапкершлікті алады.
Республиканың өзгешелігі
1. Әрдайым бірнеше билік органдары болады, сондай-ақ органдардың арасындағы өкілеттілік жеке-жеке бөлінеді, яғни белгілі орган басқа бір органнан тәуелсіз;
2. Мемлекет басшысы -- Президент;
3. Биліктің жоғарғы органдары және лауазым иелері халық алдында жауапкершілік көтереді.
Республика түрлері
* Президенттік республикалар -- бұл мемлекеттерде президент парламентаризммен қатар мемлекет және үкімет басшысының өкілеттігін қоса атқарады. Үкіметті тарату немесе құру тікелеу президенттің қолында болып саналады, бұл жағдайда парламент үкіметке әлеулі әсер тигізе алмайды (Қазақстан, АҚШ, Эквадор).
* Парламенттік республикалар -- бұл мемлекеттерде мемлекеттік басқару билігіндегі елеулі орында парламент алады. Парламент үкіметті құрып, кез-келген уақытта таратуға құқылы. Бұндай мемлекеттердің президенттері елеулі өкілеттілікке ие емес (Израиль, Грекия, ГФР).
* Аралас республика -- бұндай басқару формасы бар елдерде президенттің өкілеттілігі парламенттің өкілеттілігімен тең дәрежеде болады, сондай-ақ президенттің әр бір атқарған ісі, үкіметті құруы немесе таратуы міндетті түрде парламенттің қатысуымен жүргізілуі қажет[5] (Ресей, Украина, Португалия, Франция).
Мемлекеттік басқарудың нысанына оның жоғарғы, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен қалыптасады, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика деп екі түрге бөлінеді.
Монархияда жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік мұрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан тиеді. Сондықтан оның билігі- мұра билік. Тақтың көшуінің екі әдісі бар: шығыс және кейбір Европа мемлекеттерінде тақ тек ер адамдарға беріледі. Ал көпшілік Европа мемлекеттерінде еркек адамдарға да әйел адамдарға да беріле береді (Ресей, Дания, Англия). Монархияның өмірбойлық берілген әдістері де болады, бұндай жағдайларда мұрагерлік заңды әдіспен берілген жоқ, мысалы: Наполеон, Каролингтердің тұқымдары, Чандрагупта, Вильгельм Оранский. Соңғы Англияда мемлекеттік төңкеріс ұқсас даңқты революциясынан кейін заңды патшаның қолынан билікті алғаны белгілі. Монархияның үшінші түрі бар, монарх бірнеше ақсүйектердің тұқымдарынан сайланады (Малайзия).
Монархия екіге бөлінеді: шексіз және шектелген монархиялар. Шексіз монархия - монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді, жоғарыда айтылған биліктің бәрі соның қолында. Бірақ шексіз монархияның да бірнеше түрлері бар. Ең бірінші шексіз монархия - Шығыс деспотия (Египет, Вавилон, Қытай, Жапония) монархтың қолында өте күшті экономикалық функциялары жиналған, ал бұл қызметі осы айтқан мемлекеттердің географиялық және ерекше экономикалық жағдайларымен байланысты.
Жаңа кезеңдерде шектелген монархия конституциялық монархия деп аталды. Оның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік монархия. Дуалистік монархияларда мемлекетті басқарған екі топтың күші тең, буржуазиялық революциялар өткеннен кейін, оның бірінші кезеңінде бұрынғы корольдер биліктерінің жартысынан айырылады, оған біріншіден заң шығару билігі жатады.
Егер мемлекетте жоғарғы және төменгі органдардың бәрі сайлаумен белгілі мерзімге құрылатын болса, осындай мемлекеттік басқару формасын республика деп атайды. Республикада мемлекеттік органдар белгілі бір мерзімге сайланып құрылады. Республика деген сөз көне дәуірдегі мемлекеттерде бірінші рет қолданды. Бұл термин халықпен байланысты. Мемлекетті басқаратын адамдар мен органдарды халық белгілі бір кезеңге сайлайды. Сайланбаған қызметкерлер мен органдар республика болмайды. Республиканың ең бірінші түрі-Греция, Афин республикасы. Олар халықты өте шектеулі түсінді, бұл республиканың басқару органдарына және сайлауға тек Грецияның азаматтары қатысатын, ал азаматтары болып 20 жасқа толған ерекек адамдар, ата-анасы Афинаның азаматтары, жеке меншігі бар, әскерде қызмет еткен, барлық құқықтарын пайдалана алатын адамдар саналатын.
Парламенттік республика. Бұл мемлекетті басқару нысанында билік парламенттің қолына жиналған. Кабинет пер премьер министрді парламенттің төменгі палатасы тағайындайды, тексереді және түсіреді. Өкімет парламенттің алдында жауапты. Парламенттік басқару нысаны жағдайында билік жүргізу функциясы мемлекет пен үкімет басшылары арасында бөлінген. Президент тек мемлекет басшысы. Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады әрі парламенттегі партиялық көпшілік негізінде құрылады. Күшті үкімет -- әлсіз президент.
Федерация. Құрама мемлекет бірнеше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық шаруашылық механизімі
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Педагогикалық жүйелерді басқарудың принциптері
Шетелдік өзін-өзі басқару тәжірибелері
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Компьютердің программалық жабдықтары
Меншіктің маңызы мен формалары
Қазіргі замандағы оқытудың негізгі бағыттары
Басқару аппаратында
Басқару әдістері. Басқару әдістерінің түрлерi
Пәндер