Саяси биліктің мәні мен негізгі міндеттері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Саяси билікке тән сипаттар және оның түрлері

2. Саяси биліктің мәні мен негізгі міндеттері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Билік адамзат баласының тіршілігімен қоса пайда болып, ғасырлар бойы қоғам дамуының ағымына сай өзгеріп, жан-жақты жетілдіріліп отырылған құбылыс. Бүгінде билік ұғымы адамзат өмірінде көптеген мағыналарда айтылып, әр түрлі әдістер арқылы күнделікті тіршілікте қолданылып, іске асырылып жатады. Билік - ерікті немесе мәжбүрлі бағындыру, бой ұсыну деген сөз. Басқару және бағыну бұл екеуі биліктің екі жағы. Оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Екеуі де қоғамға қажет. Бұлар ірі саяси құрылым формасында да көрінеді. Олар мемлекет пен қоғам үкімет пен бұқара жұртшылық арасында болады.

Биліктің өзі басқару түрінде көрінеді, ал басқару билік түрінде болады. Ал бұл екі ұғымның арақатынасын талдар болсақ, онда басқарудың өзі биліктің жүргізілуі емес. Басқару ұғымы биликке қарағанда кеңірек. Ал билік дегеніміз - басқарудың элементі, басқару процесінің көзі. Кейде басқару, билік жүргізушінің мақсатына жету үшін, өзінің биліктің еркін іске асыру процесі болып табылады деп білу орынды сияқты. Сонымен, басқару дегеніміз биліктің мақсатты бағытталған әсерін, мүмкіндік жағдайынан шындық жағдайға айналдыратын процесс болып табылады.

«Билік» дегеніміз біреулердің басқаларға әмір жүргізуге, бұйрық беруіне, басқаруға деген құқығы мен еркі, біреулердің басқалар жөнінде дегенің іске асыру және олардың тәртібі мен қызметіне белгілі бір ықпал ету қабілеті мен мүмкіндігі. Бұл жерде ықпал ету мен билік етудің айырмашылығы ескерілуі қажет.

Негізгі бөлім

Билік дегеніміз тұтас алып қарағанда бұл-ерік, бедел, құқық, күш қолдану, қортытып-үркіту, иландыру, алдау, сияқты тәсілдердің көмегімен, адамдардың қызметі мен тәртібіне белгілі бір әсер етудегі қабілет пен мүмкіндік. Олар қорқыту, үрей туғызу арқылы, сендіру-иландыру, қызығушылығын шақыру арқылы іске асырылады. Қорқыныш тек зорлық әрекетімен қысым жасаудан басқа, үрей туғызып соны санаға әбден сіңіріп, сендіру ықпалымен де пайда болады. Адамды иландыру, негізінен бір нәрсеге сендіру арқасында жүргізіледі. Үрей, қорқыныш кейде сезімге де әсер етіп, сол арқылы беріледі. Сөйтіп сезім қосымша ресурс болып саналады. Ұлттық және діни сезімдер қанау мен еркіндік, тәуелділік, патриоттық, қызғану мен шаттану т. б. сезім жеке фактор ретінде өз бетімен ресурс бола алмайды.

Ал саяси билік бәрінен бұрын қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігінен туындайды да өзінің қызмет етуі процесінде осы тәртіпке сүйенеді. Егер саяси билік болмаса мемлекеттік өкіметтің тұтастығын, тұрақтылығын сақтау да мүмкін емес. Жалпы алғанда саяси билік дегеніміз таптың, әлеуметтік топтың, мемлекеттік, оның органдарының сондай-ақ жеке адамның тарапынан халыққа жасалатын үстемдік және оны іске асыру болып табылады. Осы мағыналардың ара-жігін ажыратып айтар болсақ. Олар мыналар: Біріншіден, біреуге немесе бір затқа иелік ету қабілеті, құқығы және мүмкіндігі. Олар құқық, бедел, ырық, иландыру, сендіру, күшпен басып-жаншу, мәжбүр ету құралдары арқылы адамдардың тіршілігіне, жеке басына, іс-әрекеттеріне және қызметтеріне пәрменді ықпал ету болып табылады. Екіншіден, заңдар шеңберінде адамдарға, ұжымға саяси үстемдік жүргізу. Үшіншіден, мемлекеттік органдардың жүйесі және оның аппараттарының қызметі, ондағы тиісті мемлекеттік, әкімшілік ұйымдарда істейтін, құқыққа ие болған жеке адамдар мен органдар.

Билік бізге әртүрлі салада көрінуі мүмкін. Мысалы: экономикалық, саяси, рухани саладағы биліктер, мемлекеттік билік, жергілікті жердегі билік, жеке билік, ата-ана билігі және т. б.

Билік ауқымы мен көлемі жағынан шексіз, шекті, аумақтық болып бөлінеді. Ал биліктің түрлеріне келсек олар дара билік, қос билік, көп билік, толық билік, жалпы билік биліксіздік, қолайлы билік, биліктің бұрмалануы, билік дағдарысы, дәрменсіз билік деп те бөлінеді.

Мазмұны саяси, идеологиялық, әлеуметтік экономикалық, заңдық, діни болып табылады.

Көлемі-қуаты жөнінен мемлекеттік, халықаралық, отбасылық болады.

Билік әр түрлі белгілері бойынша институционалануы жағынан-үкіметтік, қалалық, мектептік және т. б болады.

Билік субьектісі бойынша таптық, партиялық, халықтық, президенттік, парламенттік және басқа саны жағынан дара билік (монократикалық), олигариялық (біріккен топ), полиархиялық институттардың адамдардың бірігуі, басқарудың әлеуметтік типі бойынша монархиялық, республикалық; басқару тәртібі бойынша демократиялық; авторитарлық, деспоттық, тоталитарлық, либералдық, бюрократиялық және т. б.

Билік құрылымы дегеніміз оның құрамы мен қозғаушы күші: биліктің субъектісі, объектісі, құралдары (ресурстары) мен белгіленген мақсатқа жету үшін осының барлығын қозғалысқа келтіруші үрдістер.

Әлеуметтік немесе ұлттық қауымдастықта таптар, жеке адам немесе топтар, мемлекет, үкімет және басқалар саяси биліктің субъектісі болып табылады.

Билік объектілері -жеке адамдар, олардың бірлестіктері, топтар мен қауымдастықтар, таптар қоғам, яғни жоғарыда тұрған саяси субъектінің іс-әрекеті бағытталатын адамдар мен органдар.

Саяси билік ұғымы мемлекеттік билік ұғымынан кеңірек. Саяси қызмет тек мемлекет шеңберінде ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік саяси жүйенің басқада партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар, т. б осы сияқты құрамды бөлімдерінде де іске асырылатындығы белгілі. Поляктың белгілі саясаттанушысы Еж Вятр: «кез-келген мемлекеттік билік саяси билік болып табылады. Алайда саяси биліктің бәрі бірдей мемлекеттік билік бола алмайды. Саяси билік бұл- үлкен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар жағы да, ал мемлекеттік билік бұл арнаулы және бөлек аппарат арқылы іске асырылатын билік».

Саяси билік қоғамның әлеуметтік тұтастығын сақтау, үстемдік етуші әлеуметтік топтар мен таптардың мүдделерін іске асыру, әлеуметтік құрылымның жұмыс жасауын қамтамасыз ету, қоғамда тепе-теңдікті, өндіріс пен өнімді бөлу шамаластығын сақтау сияқты міндеттердің бірқатарын жүзеге асыру қабілетіне ие болуының арқасында қоғамда өмір сүреді. Саяси биліктің ерекшелігі жоғарыда көрсетілген міндеттердің бәрі бір-бірімен өзара тығыз байланыстылығы мен бір-біріне өзара ықпал ететіндігінде. Бұл міндеттердің біреуін ғана жоққа шығару саяси биліктің ыдырауына әкеліп соқтырады. Саяси биліктің негізгі түрі мемлекеттік биліктен көрінеді. Бұл биліктің басқа биліктен айырмашылығы-оның басқару органдары бар және заң шығару мәселесінде бір өзі шексіз түрдегі құқыққа ие.

Саяси билікке тән сипат-ол егемендікке ие болу. Олар әр түрлі саяси бағыт ұстанған субъектілер арасында бөлініске түсу мүмкін емес. Егер елде көп партиялық парламент пен коалициялық (үкімет) жұмыс жасайтын болса, онда билік келісім, ымырласу негізінде жүзеге асырылады. Алайда олар бұл ретте бір ғана бағыт ұстану керек. Екінші бір сипаты - оның заңға сәйкестігі (заңдылығы) болу шарт. Адамның ниет-пиғылының заңға ауып тұратындығы арқасында басқарылатындар билікке сену қажет. Билік жариялы және заңға сәйкес болуы керек -сонда бұл тұғыры берік билік бола алады; билік жариялы болғанмен, бірақ заңға сәйкес келмесе-онда бұл солқылдақ билік болғаны. Заңды билік әділ билік болып сипатталады. Халық қолданып отырған тәртіпке сенеді. Жария биліктің дағарысқа ұшырайтын кездері де кездеседі, алайда ол әлеуметтік жүйе ауысқан кезде пайда болады. Өткен жүз жылдықтың 80-90 жылдары КСРО мен Европаның бірқатар елдеріндегі ықпалды топтар өздерінің үкіметтеріне сенімсіздік білдірді және оны қолдаудан бас тартты. Осы елдердің саяси режимдері заңды, мемлекеттік басқаруды өзгертуге, экономиканы қайта құруға дәрменсіз екенін байқатты. Коммунистік саяси режимдер күйреді.

Тағы бір ерекшелігі- билікке ерік-жігер мен күштеп көндіру әдісі тән. Жоғарыда айтылған сипаттар саяси билікті тиісті механизімдері бар қуатты және әрекетшіл күшке айналдыра алады. Билік жүргізу үрдісі биліктің арнайы механизімінің-ұйымдастыру жүйесінің, олардың құрылым нормалары мен іс-әрекетінің нәтижесінде тәртіпке келтіріледі және реттеледі. Бұл ретте: үстемдік, басқару, басшылық, ұйымдастыру мен бақылау маңызды рөл атқарады.

Саяси өкімет биліктің неғұрлым маңызды түрлерінің бірі болып табылады. Бұл белгілі бір таптың, топтың, жеке адамның өзінің еркін саясатта және құқықтық ережелерді іске асыру жолындағы ақиқат қабілеттілігі.

Саяси билік төмендегідей негізгі белгілермен сипатталып, өзін мынадай белгілер арқылы көрсетеді:

1) еріксіз көндіру;

2) қызықтыру;

3) салдарға жол бермеу, бәсекелестіктің қалыптасуына бөгет болу;

4) «сұранымды қалыптастыру» қажеттілікті жасанды түрде қалыптастыру, оны тек саяси маркетинг түрінде өкімет тыңшысы қанағаттандырады;

5) мемлекет торының ұлғаюы;

6) арандату;

7) бұқпантайлап сөз тастау;

8) тікелей және жанама мағлұматтарды бақылау

Осы мінездемелердің бәрін шетел политологиясы саяси билікке жатқызады. Сонымен бірге өкімет өлшеусіз күштерді иемденетінін айтпай кетуге болмайды, сондықтан олар мейлі ол тап, әлеуметтік топ, партия, үкімет немесе парламент болсын, өз қағидалары бойынша өзгертіп билік иелері әсіресе абсолюттік мемлекет айрықша азады. Сонымен бірге билікті қорғаушы оны өз мінездемесімен сипаттауы мүмкін. Осылай, өкімет адамы өзінің билігін өсіріп жетілдіруге және ұзартуға тырысады. Бұл үшін заңдарды, саяси институтардың міндеттерін өзгертеді. Бұған Сталин, Брежнев және басқа да саяси көсемдерді мысалға алуға болады.

Өкімет жүйесі қоғамдық байланыстарды, ұйымшылдықпен тоғысқан топтарды бейнелейтін саяси, экономикалық, әскери, дипломатиялық, құқықтық институттар және қозғалыстардан тұрады.

Осыдан жоғары басшы сатысы (жоғарғы әкімшілік аппараты), оған бағынышты құрылымдар(орта дәрежедегі басқармалар) және қоғамдық билеуші объектілер, әлеуметтік топтар мен жеке адамдар бөлініп шығады.

Осыдан саяси билікті жүзеге асырудың құралы саяси жүйе екендігін көреміз. Ол жүйе биліктегі қатынастарды көрсетеді және қоғамдық организмді дамытудың ең негізгі құралы болып табылады. Саяси билік жүйесінің субъектісі қоғамдық істерді реттеу және басқару жүзеге асырылады.

Саяси жүйе мынандай институттардан тұрады:

1. Мемлекеттік пен оның ұйымдары: мемлекеттік өкіметті бейнелейтін және мемлекет басқаруды іске асыратын ұйымдар.

2. Мемлекеттік емес топтасқан ұйымдар құрылымы: саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар.

3. Әртүрлі әлеуметтік құрылымдар негізінде іске асырылатын саяси қарым-қатынастар. Кооперативтік ұйымдар, әлеуметтік топтар.

Саяси жүйенің негізгі белгілері - осы жүйедегі саяси тәртіп болып табылады, яғни билік түрі. Саяси биліктің негізгі екі түрін атап көрсетуге болады: демократиялық, антидемократиялық.

Саяси билікті танытатын объективті факторлар мыналар:

1. Өкілетті мекемелерді қалыптастыру әдісі және тәртібі.

2. Заң шығару және атқару органдарының, орталық және жергілікті орындардың қарым-қатынасы.

3. Саяси париялар мен ауқымды қозғалыстар қызметінің мәні мен шарттары.

4. Жеке адамның құқық статусы, құқықтық іске асу кепілдігі.

5. Жазалау және құқық қорғау органдарының қызмет істеу тәртібі.

6. Рұқсат ету және етпеу мазмұны

7. Саяси қоғамның тұрақтылығы.

Басшылық етудің үш түрлі тәсілі болады:

А) Демократиялық (мұнда коллективтің пікірімен санасу жеке басқарумен ұштастырылады) .

Б) Нұсқаулық (авторитарлық) мұнда орталықтандыру әкімшілік жарлық жетекші рөл атқарады.

В) Демеушілік (либералдық немесе анархистік) нақтылы басшылық емес, істің өз бетімен дамуын қолпаштауға жол беріледі.

Басқару мен ұйымдастырудың мәні - әлеуметтік дамудың арналары мен көрсеткіштердің қалыптасуы ондағы әлеуметтік мәселелерді бөліп алу оларды шешудің әдістерін жасап қолдана білу болып табылады. Басқарудың мақсаты-жоспарланған әлеуметтік объектілер мен процестерінің жоспарланған жағдайы мен деңгейіне жету. Бақылау мақсаты - әлеуметтік мінез-құлықты белгілі дәрежеге бейімдеу. Мұндай ережелерге белгілі бір қоғамда орныққан заң, адамгершілік талаптар, әкімшілік жарлықтар, бақылау механизмі, сот, заң қорғау органы, прокуратура, салық ведомстволары т. б. болды. Формальдық(ресми) бақылау негізінен мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер арқылы іске асады. Ал биформалдық (ресми емес) бақылау әр түрлі қоғамдық пікірлер немесе қоғам мүшелерінің бір-біріне баға беру арқылы іске асады.

Саяси биліктің негізгі міндеті- қоғамның бірлігі мен бүтіндігін қолдау, яғни қоғамдық мүдденің үндестігіне, үйлесімділігіне қол жеткізу. Сондықтан басқару, ұйымдастыру, бақылау, игілікті бөлу өкіметтің маңызды функциясы болып табылады.

Мемлекеттік билік орнауы күш қолдану аппаратына сүйенеді және оның ықпалы елдегі барлық халыққа тарайды. Мемлекеттік билік саяси биліктің өзегі болып табылады. Өйткені ол барлық азаматтарға міндетті заң және басқа жарлықтар шығару құқына өзі иелік етеді. «Саяси билік» ұғымы «мемлекеттік билік» ұғымынан кеңірек. Саяси билік мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, партия, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар арқылы да жүзеге асады. Сондықтан барлық мемлекеттік билік саяси билік болып табылады, бірақ барлық саяси билік бола алмайды. Поляк саясаттанушысы Ежи Вятр атап көрсеткендей, саяси билік- белгілі бір ірі әлеуметтік топтар арасында қатынастардың қыры. Ал мемлекеттік билік - бұл арнайы аппарат арқылы жүзеге асатын билік.

Мемлекеттік билік өзінің мақсат - міндеттемелерін орындату үшін қоғам мүшелерін мәжбүр ету амалына бір өзі ғана ие. Мұның өзі тең мөлшерде белгілі бір ұйымға да, сол сияқты сол ұйымның мақсаттары мен міндеттерін іске асыру жолындағы іске тең мөлшерде қызмет етеді деген сөз. Саяси биліктен мемлекеттік биліктің айырмашылығы-ол бұл билік өзінің мақсаттарына жету үшін зорлауды міндетті түрде қолданбайды.

Мемлекеттік билік - бүкіл халық үшін міндетті заңдарды шығару құқығына бір өзі қожа және заңдар мен жарлықтардың орындалуы құралдарының бірі ретінде арнаулы күштеу аппаратына сүйенетін, саяси биліктің нысаны. Осымен байланысты, әр қоғамның, әр елдің қоғамдық-саяси күштерінің өзіндік орналасуы, өздерінің құқықтары, дәстүрлері мен мекемелері болады. Сондықтан да мемлекеттік, саяси билік әр елде тек осы елге тән мемлекеттік құрылыс пен саяси тәртіп арқылы өзінше іске асырылады.

Әлеуметтік-биологиялық теорияны жақтаушылар күшті, қабілетті адамдар билікті жеңіп алады деп есептейді.

Психологиялық теорияның өкілдері болса, билікті психологиялық сапаға ие болғандар - ерік жігердің күштілігі, ұйымдастыру мен өзін-өзі ұйымдастыруға қабілеттілер жеңіп алады деген тұжырым жасайды.

Таңдаулар теориясының авторлары, білімдарлар - билікті тек таңдаулылар, кәсіби шеберліктің иегері ғана жүзеге асыра алады деп есептейді.

Марксистік теория мемлекеттік биліктің мәнін әлеуметтік-экономикалық факторлар мен қоғамның әлеуметтік құрылымы арқылы түсіндіреді.

Либералды-демократикалық теориялар биліктің қайнар көзі - халық деген тұжырымдамада жасайды.

Шын мәнінде мемлекеттік билік дегеніміз осы мемлекеттік билік кімнің қолында болса және ол кімінң мүддесін қорғаса (монарх, хунта, демократиялық жолмен сайланған органдар) және билік қандай әдістер мен тәсілдер арқылы жүзеге асырылса, оның негізгі мәні де осында. Мемлекеттік биліктің тұрақтылығы билікті демократиялық үлгіде және осындай әдіспен жүргізгенде ғана қамтамасыз етіледі.

Билік әр кез заңды легитимді болуы тиіс. Легитимность- латын сөзі, ол заңды деген ұғымды білдіреді. Заңды немесе заңдылықты мойындау оны дәлелдеу әлде бір іске араласуға өкілділік беру деген сөз. Бұл термин ХІХ ғасырдың басында Францияда шыққан. Францияда корольдің билігін, ең бірден-бір заңды билік деп мойындаудан бастау алған. Биліктің легитимдігі(заңдылығы) реакциялық күшке, зорлыққа қарсы болады. Мысалы, мемлекет шекарасын рұқсатсыз, зорлықпен қайта қарау, мемлекеттік төңкеріліс жасаушы узурпатордың әрекеті т. б. жатады. Саяси билік, егер оны бұқара ерікті келісім бойынша қабылдап, оның дегендеріне бағынса, онда ол заңды билік деп аталады. Бүгінде биліктің заңдылығы легитимдігі өркениетті елдердегі құқықтық мемлекеттердің басты белгісі, азаматтық қоғам және әлемдік қауымдастық бұл белгіні қадыр тұтады, мойындайды. Өкімет билігінің легитимдігі- заңдылығы дегеніміз, ол сол өкіметті басқалардың яғни, халықтың мойындауы. Әлбетте бұл биліктің легитимдігін мұқым халық қолдауы мүмкін болмайтын кез жиі кездеседі. Мысалы, саяси жүйенің жоғары тұрақтылығы барлық уақытта бірдей биліктің заңдылықтың көрсеткіші бола алмайды.

Саяси биліктің болмаса тәртіптің тұрақтылығы шынайы заңдылықтан тыс құралдармен де қамтамасыз етіле алады. Саяси биліктің заңдылығын танудың екі тұрғыда біріншіден, заңдылық принциптеріне саяси жүйенің өзгеру процесі ретінде де, екіншіден осы саяси жүйенің заңдылығын әр түрлі құралдар көмегімен негіздеу ретінде де қарастыруға болады. Саяси биліктің заңдылығын тануға қоғамдық сананың да қатысы бар. Ол билікті мақұлдай да сонымен бірге оған теріс те қарай алады. Сөйтіп, легитимділік- ол мемлекеттегі қабылданатын заңдар мен бұйрықтар, қаулылар негізінен көпшіліктің мүддесіне сай жасалыуымен өлшенеді. Легитимді - демократиялық жолмен келеді. Революциялық төңкеріліс нәтижесіндегі орнаған билік, егер ол елде одан кейін тыныштық орнап көпшілік мүддесіне қызмет етсе, ғана ол бастапқы мәнін өзгертіп, легитимді өкімет бола алады. Мысалы, КСРО-ны, АҚШ-тың 1917 жылғы Қазан төңкерілісінен бастап 1933 жылға дейін мемлекет ретінде мойындамауы соның айғағы.

Саясаттануда биліктің легитимдігі үш деңгейге бөлінеді: дәстүрлі, харизматикалық, заңды рационалистік. Басқарушы құрылымының мәніне қарай биліктер төмендегідей болып келеді. Заң шығарушы сот, аппарат билігі, көпшілік қозғалыстың жетекшілерінің билігі, мемлекеттік және партиялық билік және т. б. Бұл айтылған биліктің қуаттылығы пәрменділігі, орнығуы орталықта және сырт жерлерде партиялар мен мемлекеттік құрылымдарда бірдей болмайды. Кез келген жағдайда саяси биліктер жүйесі ресурсы қоры нормаланған сипатта болады, әрбір билік жүргізілетін акт, бұрық басшылық нұсқау негізгі қоғамдағы мемлекеттің ұлттық ерекшеліктерімен дәстүлеріне, заңдарға өзге де принциптерге негізделіп жасалады.

Экономикалық қатынас ең алдымен меншіктік қатынас болып табылады және әлеуметтік дамудың басты шарты іспеттес. Әлеуметтік топтардың экономикалык мүддесі бүтіндей алғанда қоғамда саясатта шоғырланады. Бұл туралы әр түрлі көзқарастар бар, оған әр түрлі жауап табуға болады. Батыс саясаттанушыларының көзқарасында бұл екеуін екі принципке бөлу талабы айқын байқалады. ХХI ғасырдағы британдық саясатшы Дизраэльдың айтуынша бұл екеуінің ұштасуы сол кездегі саясатшыларға құбыжық сияқты болып көрінеді. Егер билік пен меншікті ұластырса, онда адам үшін байлыққа жол тек билік арқылы болады деп есептеді олар. Белгілі ғалым Д. Кейнс айтқандай, қандай болмасын қоғамда билік құмар, билікті жақсы көретін адамдар табылады, сондықтан олардың адамдардан гөрі банктік есеп шоттарды басқарған дұрыс. Ф. Хайек билігі барлардың бай болуына қарағанда, биліктің тек байлардың қоғамында болғаны дұрыс дейді. Жеке меншікке иелік ететін адамның экономикалық жағынан тәуелсіз болғандықтан өз жеке меншігін билік құралына айналдыра алады. Кімде меншік көбірек болса, онда билік те көбірек болады, ал билігі бар адам тәуелсіз болады.

Билік пен меншіктің мұндай қарым-қатынасы таптық қоғамда дәулеті бар азшылықтың ештемесі жоқ көпшілікке өз билігін жүргізуге әкеледі. Өркениетті дамудың тарихы экономика мен саясаттың, экономикалық билік пен саяси биліктің бір-біріне байланысты екенін көрсетеді.

Қазіргі кезде ақша дүниенің тірегі. Экономикалық билік немесе плутократия дегеніміз - байлықтың, ақшаның, капиталдың билігі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саясаттанудың пәні, әдіс-тәсілдері мен міндеттері
Мемлекеттің түсінігі, мәні
Қазақстан Республикасындағы саяси биліктің ерекшілігі
Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы
Саяси билік феномені
Конституция
Мемлекеттік басқару-мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби қызметінің ортасы
Мемлекеттің негізгі ерекше белгілері
Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін құқықтық реттеудің қазіргі жағдайы
Мемлекет және құқық теориясының пәні және белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz