Тұлғаның қалыптасуының негізгі факторлары
Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Тұлғаның қалыптасуының негізгі факторлары
2.Тұлғаның қалыптасуындағы қоғамның рөлі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тұлға ұғымының мәні мен түсінігі.Тұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың-философия, социология, психология, педагогика ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады. Мәселен, философия тұлғаны таным мен творчествоның, іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен процестердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет, т.б. тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді.
Осы аталған және басқа да ғылымдардың ғылыми мәліметтеріне сүйене отырып, әлеуметтану ғылымы тұлғаны әлеуметтік өмірге белсеңді түрде араласатын, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде қарастырады. Тұлға - әлеуметтанудың өзекті проблемаларының бірі, өйткені қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің, сол сияқты жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке тұлғалардың мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады. Басқаша айтқанда, жеке тұлғаның мінез-құлқы арқылы тұтас топтың, қоғамның өмірін түсінуге болады.
Әлеуметтану тұлғаның қоғам өмірінің барлық дерлік салаларындағы қызметін (отбасы, экология, саясат, құқық, білім беру мен тәрбие, мәдениет) өзінің зерттеу пәніне жатқызады.
Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. Тұлға дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін адам, индивид, тұлға деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. Адам деген - адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
Негізгі бөлім
Индивид адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық - бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, тұлға дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.
Адам қоғамсыз өмір сүре алмайды. Менің өмір сүруім, сенің өмір сүруіңді және басқалардың өмір сүруін қажет етеді және керісінше де солай.
Индивид - жеке-дара адам. Барлық адамға тән ортақ қасиет - ол тек қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі ол қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің ата-анасынан тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті болмайды. Бұл жағынан ол жануар, хайуанаттардың кез келгенінен әлсіз екені белгілі. Мысалы, жұмыртқадан шыққан құс балапаны бірден тамақ іздеп жүгіреді. Ата-ананың, басқа адамдардың қамқолық көмегінсіз адам баласы өсіп жетіле алмаған болар еді.
Мысалы, кездеймоқ бір жағдайлармен кішкентай адам балаларын аңдардың алып кетіп, жылдар бойы өз орталарында тірі қалдырып қойған фактілерінтарихтан жақсы білеміз. Қырыққа жақын мәлім болған жағдайлардың барлылығында да балалар адам қалпынан айырылып қалған. Төрт аяқтап еңбектеп жүріп, өзін асырап өсірген жануарлардың барлық қимылдарына еліктеуден басқа ешбір қабілеттері болмаған. Кейбір олардың қолға түскендерін адам қалпына келтіріп, сөйлеуді, екі аяқпен жүруді үйретуге тырысқан талай белгілі маман ғалымдардың әрекеттері нәтиже бермеген.
Демек, адамның адамдық қасиеттерін қалыптастыратын тек қоғамдық орта. Ол үшін адам туған күнінен бастап, сол ортадан қол үзіп кетпеуі міндет. Осы ортамен тығыз байланыс, қатынаста болып, сол ортаның (топтың, ұйымның, алуан түрлі басқа қауымдастықтардың) іс-тәжірибелерін, сапа қасиеттерін өзінің бойына сіңіруі қажет.
Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізі - өмір сүру ортасын өз еңбегімен өзгерту, қайта жасау тәсілін, ол үшін еңбек құралдарын, оның ең қарапайым түрінен бастап, бірте-бірте жетілдіру жолын меңгеру қабілетінде болды. Тек еңбек процесінде адамдар бір-бірімен қатынас, байланыс жасауды, ойларын сөз арқылы жеткізуді үйренеді. Бара-бара адам еңбегі материалдық және рухани мәдениет жүйесінің субъектісі, яғни жасаушысы болып шықты. Қоғамдық қатынастар адамның өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді (тамақ, киім, баспана) өндіру қажеттілігінен болады. Осыларды еске ала отырып, адам дегеніміз, еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік қатынастарға түсетін, өзара байланыс жасауға толық қабілеті бар тіршілік иесі деп анықтама беруге болады.
Бұдан адам мәнінің тек қоғамдық-әлеуметтік жағы шамадан тыс үлкейтіліп, оның биологиялық, психологиялық жақтарының маңызы төмендетіліп, жоққа шығарылып отыр деген пікір тумауы тиіс. Анығында адамның өлшемі (кейбір уақытта құрылымы деп те айтады) үш түрлі болады: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік. Бологиялық өлшем - бұл адам организмінің түр бейнесі мен құрылымының (морфологиясын), басқаша айтқанда, органимзнің құрылысын және формаларын зерттейді, оның атқаратын, орындайтын қызметін, шығу негізін, ми, жүйке жүйесін, т.б. қамтиды.
Психологиялық өлшем - адамның ішкі жан дүниесі, онда жүріп жататын саналы және санадан тыс құбылыстар мен процестер, (сезім жүйесі, мысалы, құмарлығы, жек көру, не сүю, мақтаныш, не қорлану, күйініш, не наразылық, ойлау) адамның еркі мен сипатын (бейнесін) темпераментін, т.б. қамтиды.
Осыған орай жеке-жеке алып қарағанда бұл екі өлшемнің әрқайсысы адам ұғымын тұтас тұлға ретінде ашып бере алмайды, өйткені биология мен психология адамдарды жеке-дара зерттеп, оларды тұлға ретінде көрсете алмайды.
Әлеуметтік өлшем - адамды тұлға, яғни белгілі бір тип, бірнеше адамның үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде қарайды. Тұлғаны жан-жақты осылай қалыптастыратын оны қоршап тұрған орта, мұнда ол үнемі іс-әрекет, қызмет атқарады, үнемі онымен тығыз байланыс, қатынаста болады. Осыған сәйкес әрбір қоғам өзіне тән лайықты тұлғаны қалыптастырып отырады.
Әлеуметтану тұлғаның идеалды типін, яғни оның қоғамның идеясына сәйкес келетін немесе идеалды емес, яғни қоғамға сәйкес келмейтін типін, оның идеалды типтен қандай ерекшілігі, айырмашылығы барын зерттейді. Әлеуметтануда тұлға негізгі екі тұрғыдан қарастырылады:
а) Тұлғаның қоғамдық қатынастар жүйесіне араласып, мұның бар жақсылықтарын бойына сіңіріп, тұлға ретінде қалыптасуын;
ә) Әлеуметтік қатынастардың және саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде тұлғаны қарастырады.
Туған сәби әлі тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам тегінің өкілі. Ол тұлға болу үшін негізгі екі шарт қажет:
Биологиялық, генетикалық дамудың алғы шарттары.
Әлеуметтік ортаның болуы қажет, өйткені онда мәдени орта болады, онымен жас сәби бала әр уақытта байланыста, қатынаста болуы қажет. Онсыз, яғни әлеуметтік ортасыз сәби бала жан-жақты дами алмайды.
Әрбір тұлғаның белгілі бір деңгейде іштей санасы, қасиеті болады. Осылардың жиынтығы тұғаның құрылымын қалыптастырады. Адам және адамзат құқықтарын қарастырар алдында, "тұлға", "азамат", категорияларының өзара қатыстылықтарын белгілеп алу өте маңызды. "Адам" ұғымы оны биологиялық жағынан қарастырып жануарлар әлемінің белгілі бір физиологиялық қасиеттері бар өкілі ретінде сипаттап барып таниды."Тұлға" ұғымы адамды қоғамдағы өзінің орны мен рөлін, оның алдында қаншалықты өзінің жауапты екендігін жете түсінген саналы да дербес адам ретінде бағалап әлеуметтік жағынан сипаттап барып таниды (әр түрлі объективтік-субъективтік себептерге байланысты адамның тұлғалық қасиеттерге (сапаларға) ие бола алмайтын жағдайлары да болуы мүмкін, мысалы, сот адамды психикалық кеселге ұшырауы себепті әрекет қабілеттілігі жоқ деп танығанда солай болады)."Азамат" ұғымы адамды нақты мемлекетпен орнықты түрде құқықтық байланыс орнатқан дербес "тұлға" ретіңде заңдық жағынан сипаттап барып бағалайды һәм таниды.Адам құқығы - адам мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, өзі заң арқылы қорғалатын болуы мүмкін жүріс-тұрыстың (мінез-құлықтың) өлшем (шамасы). Мұның өзі адамның жаратылыстық табиғатынан туындайтын, қарапайым да ең маңызды игіліктерді, тұлғаның осы қоғамда еркін де қауіпсіз тіршілік ету жағдайында, оп-оңай жүзеге асырып пайдалануының мүмкін екендігін білдіретін әмбебап категория болып табылады. Қазіргі кезеңде адам құқығы жалпы әлеуметтік ұғым ретінде түсініледі. Мұның өзі тұлға бостандығы саласындағы ұлттық мүдделерден де жоғары тұрған жалпы адамзаттық талаптар мен стандарттарды бейнелейді, әрі оларды қамтиды.Адам құқықтарына мынандай белгілер тән болады:1) бұл құқықтар адамның табиғи және әлеуметтік мәнінің қоғам болмысы жағдайларында үнемі өзгеріп отыратындығын ескеру арқылы туындап өрі қарай дамып отырады;2) объективті түрде қалыптасып барып пайда болады және мемлекеттің тануына байланысты болмайды (яғни мемлекет тарабының тануына тәуелді емес);3) жеке адамға тумысынан тән болады;4) ажырамайтын, тартып алынбайтын сипатта болады, табиғи ретінде (ауа, су және т.б. сияқтылар ретінде) танылады;5) тікелей күші бар болып келеді;6) ең жоғары әлеуметтік құндылық деп танылады;7) құқықтың қажетті бөлігі ретінде, оның белгілі бір мәнін білдіретін (яғни бейнелейтін) нысаны түрінде көрінеді;8) жеке адамға өз білігінше әрекет етуге немесе белгілі бір игіліктерді алып пайдалануға мүмкіндік жасайды және оны қамтамасыз етеді сөйтіп барып адамдар мен мемлекет арасында болатын өзара қатынастарды реттейтін қағидаттар мен нормалар болып қалыптасады;
Адамтану ғылымындағы ең күрделі мағыналардың бірі "тұлға" сөзі. Орыс тілінде "лик" сөзі иконадағы бейнені білдіреді. Еуропа елдерінде "тұлға" сөзі латынша "персона" сөзімен мәндес, ол театрдағы актердің бейнесін білдіреді, толық мағыналы бір тіршілік иесіндей және әлеуметтік қызметі бар тұлға ретінде қарастырылады. Қытай және жапон тілдері сияқты, шығыс тілдерінде "тұлға" сөзін тек қана адамның бейнесімен ғана емес оның тәнімен де салыстырады. Еуропа салтында адамның тәні мен беті қарама-қарсы құбылыс ретінде қарастырылады, адамның беті оның жанын айқындайды, ал қытай түсінігінде "адамның өмірінің қалыптасуына оның тәнінің де, жанының да қасиеттері әсер етеді". Шығыс ойшылы жерлесіміз әл-Фарабидің ойынша, айналаңдағы адамдар бақытсыз болса, жеке бақыт баянсыз: ...бір адам басқаның өмір сүруіне қажет нәрсенің бір бөлігін беру арқылы адамдардың бір-біріне көмектесуіне негізделген көптеген бірігудің нәтижесінде ғана адам табиғатынан маңдайына жазылған кемелденуге жетеді.
Тұлғаның қалыптасуы. Негізгі сатылары
I саты Адам алғашқы қалыптасқан түсінік ретінде - адамды басқа тірі ағзалардан ажыратуға мүмкіндік беретін физиологиялық және психологиялық қасиеттер жиынтығы.II саты Индивид - адамзаттың нақты өкілі.III саты Индивидуалдық - бір индивидті екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін физиологиялық, психологиялық, сыртқы қасиеттердің жиынтығы.IV саты Тұлға - бұл адамның әлеуметтік мәні, әлеуметтік тәжірибе негізінде қалыптасқан әлеуметтік мінездер жиынтығы.
Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және әлеуметтік өлшемдерінің өзара диалектикалық байланыстылығында, бір-біріне тәуеділігіндеБиологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның өмір бойы мүшелік пісіп жетілуі және қалыптасу прцессінің сипатын көрсетіп отырады. Адамның биологиялық кемелденуі және өзгеру процесі, оның дамуының жастық сатылары мен мінез құрықында көрініп, осыдан балалық, жас өспірімдік, ересектік және қариялық табиғи бітістерінен ажыратылады, яғни адамның өмір сатылары да биологиялық заңдарға тәуелді өмірге келу және өмірден озу. Тек - әрбір адамның тарихтағы қайталанбастығы да оның әке-шешесі арқылы беріледі генетикалық ерекшелік.Әлеуметтік фактордың рөлі жоғары себебі: Табиғатта мақсат жоқ. Мақсат адамның дүниеге келуімен бірге пайда болады. Демек, ол тек адамға тән, бір бірімен қарым қатынастағы адамдардан құралатын қоғамға тән құбылыс. Түптеп келгенде, адамның да, қоғамның да мақсаты - адамның жайы. Оның мәні - материалдық мүдде-талаптарының кезінде қанағаттандырылып тұруына, өз басының қанау мен езгіден, басқаның үстемдігінен еркін өмір сүруге, оның ішкі қабілеттері мен дарын-таланттарының уақытында толық ашылыуына әлеуметтік-экономикалық жағыдайлар жасау, басқаша айтқанда адам үшін бақытты өмір орнату. Мұны іске асыратын құдай да, патша да, үкімет басшысы да емес, оның өз еңбегі, ақыл-ойы мен екі қолының күші, іскерлік қабілеті.
Адам-жоғарғы психикалық қызметті арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі әрі сол қо,амдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы. Өзіндік сана-сезімі адам сана дамуының филогенездік, онтогенездік дамуының шыңы. Адамда: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік сияқты құрылымдары бар. Ол құрылымдармен адам болмысы өлшенеді және олар бір-бірімен өзара байланысты. Олар: адамның жеке басына тән қайталанбас ерекшеліктерінің болатыны; адам бойындағы кісілік (тұлғлық) қасиеттердің болатыны. Ол аға ұрпақ жасаған мәдениетті меңгеруде қалыптасады. Егер адам жас кезінде қоғамнан тыс қалса, онда оның санасы, тілі, ойлауы, және вертикалда аяқ алысып болмайды. Адам әр түрлі еңбек және түрлі формадағы қоғамдық іс-әрекетке қатысу арқылы адамзатта қалыптасқан қасиеттерді ол өзінде өзіне тән адамдық қабілетерді дамытады. . Адам түсінігі көп жоспарлы. Адам қоғамда өмір сүреді. Ал адам бос өмір сүруі ешбір мүмкін емес. Оның тәні де жаны да айналасындағылармен қарым қатынас жасау үстінде тек әлеументтік әсер жағдайында ғана кісілік мәнге ие болады. Адамның санасының дамып, өсуі тікелей өзінің өмір сүріп отырған ортасына байланысты. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін: әлеументтік жағдайын білу керек; оның қандай ортаның өкілі екенін айыру; оның көзқарасы мен наным- сенімін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz