Фосфор тыңайтқыштары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Азотты тыңайтқыштар

2. Фосфорлы тыңайтқыштар

3. Калийлі тыңайтқыштар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жоғары сапалы өнім алу үшін өсімдіктердің өсіп дамуының әрбір кезеңінде онда болатын ерекшеліктерді есепке ала отырып, қажетті қоректік заттармен тиісінше қамтамасыз етіп отыруды қажет етеді. Өсімдікті аса құнды қоректі заттармен қамтамасыз ету үшін мынадай жағдайларды жете білген жөн. Біріншіден, өсімдіктің өсіп-жетіліп дамуының әрбір кезеңінде оның қандай қоректік заттарды қажет ететінін жақсы білу керек, екіншіден, өсімдіктің кейпіне (сыртқы пішініне) қарап, қолда бар қоректік заттар оның қажетін өтей алатын немесе алмайтынын тез анықтап білген жөн, үшіншіден, өсімдіктің өнім құрауына қолайлы жағдай жасау үшін оған қажетті қоректік заттар жеткізіп беруге дер кезінде шара қолдану қажет.

Негізгі бөлім

Минералдық тыңайтқыштардың қолдану нәтижелігін арттыру, олардың дұрыс сақталуын ұйымдастыру, тасымалдауындағы ысырапты азайту үшін тыңайтқыштардың негізгі химиялық, физикалық, механикалық қасиеттерін білу керек. Бұл қасиеттерге тыңайтқыштардың суда ерігіштігі, гигроскопиялығы, шекті су сыйымдылығы, басылуы, шашылғыштығы, гранулометриялық құрам және гранулардың беріктігі жатады. Оларды сақтауда, олардың бұлінуін алдын алу үшін үйінді тығыздығын, жаратылыс еңіс бұрышын, кабаттану қабілетін (аралас тыңайтқыштар үшін), жабысқақтығын ескеру қажет. Минералдық тыңайтқыштарды сақталуын ұйымдастыруда от және жарылыс қауіпсіздік сипаттамаларын, сондай-ақ химиялық қасиеттерін - еркін қышқылдығын, аммиакты бөліп шығару, бекітілу қабілетін білу қерек.

Азот барлық өсімдіктер мен басқа да тірі организмдер клеткаларының негізі - ақуыздың құрамында үнемі болады. Азот фотосинтез жасауға қатысатын хлорофиллдің, протоплазма мен клеткалар ядросының аса маңызды бөлігі - нуклеин қышқылының құрамына кіреді. Өсімдіктің вегетативтік органдарындағы ақуызсыз органикалық азот мөлшері өсімдіктегі жалпы азот қорынан 20 - 25 пайыз артық болады. Өсімдік нашар қоректенсе, атап айтқанда онда фосфор жетіспесе, онда ақуызсыз азоттың қосындылар мөлшері едәуір көбейеді, мұның өзі өсімдіктің сапасына зиянын тигізеді. Өсімдіктер құрамына азоттың жиналуына бұршақты өсімдіктер едәуір дәрежелерде әсер етеді, өйткені бұршақты өсімдіктер (беде, бұршақ, соя және басқалары) түйнек бактериялары арқылы ауадағы бос азотты бойына сіңіреді.

Топырақта азот жеткіліксіз болса өсімдіктің өсуі бөгеледі, жапырағының жасыл болуы өзгереді, биохимиялық процестер жиынтығы бұзылады, егіннің өнімі күрт кемиді. Өсімдікке оның жетіспейтінін оп-оңай аңғаруға болады. Атап айтқанда хлорофилл немесе өсімдік жапырағының түсі сарғаяды. Өсімдік жапырағы сарғайып кеткен соң, ондағы азот мөлшерін қайтадан тиісті мөлшерге жеткізуге мүмкіндік болмай қалады. Топырақтағы азот түрлі қоспа заттардың құрамында органикалық азот, аммиак тұздары және селитра түрінде болады. Органикалық азот шіріткіш бактериялардың әрекетінен минералдық заттарға (аммиак түздарына және селитра) айналған кезде ғана өсімдік оны бойына сіңіре алады.

Аммиак газ күйінде болса онда өсімдік денесін уландырады. Ол алдымен өсімдік тамырларында өзгеріске ұшырап, аспарагин дейтін усыз затқа айналады. Аспарагин ерітіндісі өсімдік бойымен жоғары көтеріліп, жапырақтарға келген соң күрделі ақуыз заттарын түзеді.

Фосфор жеткіліксіз болып, өсімдіктің азот корегі шамадан тыс көп болса, онда ол керісінше өсімдікке кері әсер етеді, яғни өсімдіктің пісуі кешеуілдейді және бәрі бір мезгілде тегіс піспейді, өсімдік масағы, жапырақтары жығыла бастайды, ауа райының қолайсыз жағдайына қарсыласуы кемиді. Оның үстіне, мысалы, күздік бидай қысқы суыққа төзімсіз болады. Қант қызылшасының қанттылығы азаяды.

Фосфор протоплазма мен клеткалар ядросының құрамына кіреді. Оның азоттан айырмашылығы ақуыздың құрамына тікелей кірмейді, бұл нуклеин қышқылының бір бөлігі болып саналады және жай ақуызға қосылып күрделі нуклеопротеид ақуызын түзілтуге ықпал етеді, биологиялық реакцияны тездететін көптеген ферменттердің құрамына кіреді, өсімдіктерде көмірсулардың пайда болуына қатысады.

Өсімдік организмінің тіршілік етуіне қоректік элементтердің бірде-біреуі фосфордай жан-жақты қатыса алмайды. Олардың қорегін реттей отырып, өсімдіктің өсіп даму қарқынын және өнімнің сапасын өзгертуге болады. Фосфордың кейбір органикалық қосылыстары өсімдік организмінде энергияны бір жерге жинақтайтын аккумулятор рөлін атқарады.

Күзде астық дақылдары егісіне сапалы фосфор тыңайтқышы еңгізілсе, олардың қысқы суыққа төзімділігі артады, өсімдік қынабының түсуі азаяды, сөйтіп, сабағының бойлап өсуіне жағдай жасалады.

Ақтөбе облысының шөлейт қуаң аймағында жүргізген зерттеу жұмыстары фосфор тыңайтқышы жаздық бидай мен арпаның қуаңшылыққа төзімділігін арттыратынын өсімдікке нәр беретін судың мөлшерін көбейтетінін көрсетті.

Күл элементтерінің ішінде фосфор ерекше орын алады. Әдетте күл элементтері астық дақылдарының сабанында, ал фосфор астықтың көбінесе дәнінде (тұқымында) болады. Азот сияқты, фосфор да өсімдіктің репродуктілік органдарына (жеміс салатын органдарына) жиналады, өйткені өсімдіктің репродуктілік органдарында органикалық заттар синтезделеді.

Өсімдік тіршілігінің бастапқы кезеңінде және өсімдік өсіп дами бастаған мерзімде фосфор тыңайтқышының үлкен маңызы бар. Фосфор тыңайтқышы өсімдіктің тамыр жүйесінің дамуын тездетеді. Өсімдіктің тамыр жүйелерінің дамуы арқасында өсімдік қоректік заттарды жақсырақ пайдаланады, ылғалды бойына көбірек сіңіреді, ал бұл өсімдіктің жер бетіне өсіп шыққан бөлшектерінің қаулап өсуіне қолайлы әсер етеді. Өсімдік фосфор жетіспей, зәрушілікке ұшыраса, онда өсімдіктің сабағы мен жапырағының өсуі тоқтайды, тұқым құрамайды. Сонымен бірге өсімдіктің жапырақтарының шеткі жиектері ширатылады, жапырақтарда күрең теңбілдер пайда болады, зақымдалған жерлерінің ұлпалары түсе бастайды.

Фосфорды өсімдік топырақтан фосфат күйінде қабылдайды. Ал ол өсімдік денесінде пайда болатын эфирдің және басқа да органикалық қосындылардың, кейбір ферменттердің, нуклеопротеидтердің және т. б. құрамына енеді.

Калий де өсімдіктер тіршілігінде аса маңызды физиологиялық рөл атқарады. Ол өсімдіктердің жас, балғын органдарында, протоплазмаға бай клеткаларында, әсіресе өсімдіктердің ұрығында, жеміс түзілетін органдарында көп кездеседі. Ал өсімдіктердің жоғарыда аталған бөліктерінде заттар күштірек алмасады, клеткалар түзіледі, өсуі де жоғары қарқынды болады.

Оның өсімдік ұлпаларының қандай қосылысқа жататыны жөнінде әр түрлі пікірлер бар. Кейбір ғалымдар барлық калий өсімдікте жанама түрде болады десе, енді біреулері - калий кешенді қосылыстың құрамды бөлігі болып саналады деп тұжырым жасайды. Калий болғанда да калийдің өсімдіктер тіршілігінде атқаратын физиологиялық қызметі әлі де егжей-тегжейлі анықталып біткен жоқ. Жоғары дәрежелі өсімдіктер қоректерінің ішінде ешқандай калий болмаса, өсімдік құрып кетеді немесе өте болымсыз вегетагивтік өнім береді. Калий жетіспесе плазма коллоидтарының ылғалды сақтап тұру қабілеті кемиді. Өсімдіктер жазғы қуаңшылық кезеңдерінде су тез буға айналатындықтан калийдің жетіспеуінен көбірек зәру шегеді. Сондай-ақ, калий бүршік тамырларының дамуына, клеткаларының толысуына және бүршік түйнектерінің неғұрлым қаулап жетілуіне үлкен әсер етеді, көмірсулардың түзілуіне және қозғалысына қатысады.

Калий тыңайтқышы өсімдіктердің ақуыз заттарының синтез жасауына (химиялық қосылыстар шығаруға) үлкен ықпал жасайды. Калий жетіспесе бүл процесс бөгеліп қалады да, ақуызсыз (зиянды) азот жиналуына себеп болады.

Кальций өсімдіктердің ескі сабақтарында әсіресе астық тұқымдастарының жапырақтарында кездеседі. Ол ақуыздың түзілуіне, өсімдіктегі органикалық қышқылдарды бейтараптауға және өсімдіктердің тамыр жүйелерінің дамуына көмектеседі.

Өсімдікке кальций жан-жақты әсер етеді. Ол өсімдіктің барлық мүшелерінде: қымыздық, пектин, фосфор қышқылдарының тұздарының құрамында кездеседі. Өсімдік құрамындағы кальций қосылыстарының 20-65 пайызы суда жақсы ерісе, қалған бөлігін әлсіз сірке, тұз қышқылдарының көмегімен бөліп алуға болады. Кальцийдің біраз бөлігі цитоплазмада ион түрінде кездеседі.

Кальций, басқа катиондар үшін күшті антагонист болып саналады.

Кальций өсімдіктің жер бетіндегі мүшелерінің өсуіне де қолайлы жағдай тудырады. Ол фотосинтез құбылысының жүруі үшін маңызды рөл атқарады.

Кальций өсімдіктегі зат алмасу, көмірсулардың жылжу, азотты заттардың өзгеру процестеріне қатысады. Бұл элементтің әсерінен протоплазманың тұтқырлығы мен өткізгіштігі жоғарылайды.

Кальций ферменттердің белсенділігіне әсер етеді. Мысалы, әк қолданғанда сұлы өсімдігінің инвертаза және каталаза ферменттерінің белсенділігі артқан. Кальций жетіспегенде ең алдымен өсімдіктің тамыр жүйесі зардап шегеді де, тамыр түкшелерінің пайда болуы тежеледі.

Ауылшаруашылық дақылдары кальцийді әр түрлі мөлшерде пайдаланады. Мысалы, дәнді дақылдардың 20-30 ц өнімі 20-40 кг, 200-400 ц тамыр жемістілер 60-120 кг, 500-700 ц капуста 300-500 кг кальций пайдаланған.

Кальций топырақта түрлі минералдардың, сіңіру кешені құрамында және көмір, азот, күкірт, фосфор қышқылдарының тұздары түрінде кездеседі. Өсімдіктер алмасатын және топырақ ерітіндісіндегі кальцийді сіңіреді. Мұндай кальций қара топырақта көп, ал қара қоңыр және боз топырақтарда аз мөлшерде болады.

Кальцийдің жалпы мөлшері топырақ түріне байланысты. Мысалы, қара топырақта 1, 44 %, боз топырақта 6, 04 пайыз шамасында болады.

Магний. Хлорофилл кұрамында фосформен бірге ұлпа және тұқым құрамына кіреді, жасыл өсімдіктердің бірқалыпты қоректенуіне қатысады. Оның шамадан тыс көп болуы өте зиянды. Ол құм, құмайт жерлердегі басқа топырақтың бәрінде кездеседі.

Магний хлорофилл, фитин, пектинді заттардың клетка шырынында ион түрінде, цитоплазмада ақуыздармен байланысқан күйінде кездеседі. Бүкіл магнийдің 15-30 пайызы хлорофилл құрамында болады. Магний фотосинтез құбылысында маңызды физиологиялық рөл атқарады. Ол тотығу-тотықсыздану процестеріне әсер етеді. Фермент жүйесі арқылы магний көмірсулар, ақуыздар және липидтер алмасуына қатысады. Магний жетіспесе азотты заттардың синтезделуі өте нашар жүреді. Өсімдіктерде магний жетіспеушілігінен ең алдымен жапырақтарының түсі өзгереді. Көпшілік өсімдіктер бұл элементке аса сезімтал келеді.

Өсімдік құрамындағы магнийдің орташа мөлшері мынадай болады (пайыз есебімен) : күздік бидай дәнінде - 0, 15, ас бұршақта - 0, 13, қарақұмықта - 0, 15, картоп түйнегінде - 0, 06.

Топырақта магний көпшілік жағдайда карбонаттар түрінде кездеседі. Қара топырақта магнийдің жалпы мөлшері 0, 9 пайыз, боз топырақта 1, 45 пайызға дейін жетеді.

Өсімдіктің магнийді қабылдауына оның топырақтағы жылжымалы түрінің мөлшері және катиондардың антагонизмі әсер етеді. Мысалы, аммиакты азот және калий тыңайтқыштары өсімдіктің магнийді сіңіруіне қарама-қарсы тұрады. Нитратты азот тыңайтқыштарын қолдану өсімдіктің магнийді қабылдауын жақсартады.

Өнімнің магнийді пайдалану деңгейі дақыл түріне, өнім мөлшеріне, топырақ типіне тағы басқа жағдайларға байланысты өзгереді. Магний элементін қант қызылшасы, картоп, малазықтық қызылша, темекі, дәнді бұршақ тұқымдастар және бұршақ тұқымдас шөптер көп сіңіреді. Ылғалды жылдары, жеңіл және калий хлоридін қолданған топырақтан магний көп шайылады. Орта есеппен, 1 гектар егістіктен жыл сайын 10-20 кг магний ысырап болады.

Темір өсімдікте хлорофилл түзуге, өсімдіктің бірқалыпты тыныс алуына қажетті элемент. Өсімдікке темірдің қажеттілігі жарыққа байланысты. Темір шымтезекті және шымды күлгін топырақтан басқаның бәрінде де кездеседі.

Азот тыңайтқыштары

“Батыс Еуропадағы егіншіліктің бүкіл тарихы, егінің орташа шығымдылығымен анықталады да, ал ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің азотпен қамтамасыз етілу дәрежесіне байланысты”-деген болатын академик Д. Н. Прянишников.

Азот жер бетіндегі ең көп таралған элемент. Ол табиғатта бос күйінде және түрлі қосылыстар түрінде кездеседі. Ауа құрамының 78 % осы газ болса, жер қыртысында азот қосылыстары 0, 04% құрайды.

Қоректік элемент ретінде өсімдік тіршілігінде азот маңызды рөл атқарады. Ол барлық ақуыз құрамына енеді де, өсімдік клеткасы протоплазмасының басты бөлігі болып саналады. Ақуызда азоттың мөлшері оның жалпы массасының салмағының 16-18 пайызыне тең болады. Азот фотосинтез құбылысына қатысатын хлорофилл мен протоплазманың клетка ядросының аса маңызды бөлігі - нуклеин қышқылдарының құрамында кездеседі. Сонымен қатар азот фосфатидтерде, алкалоидтерде, кейбір витаминдер мен ферменттерде және өсімдік клеткасындағы басқа көптеген органикалық заттарда болады.

Өсімдік үшін азот көзі болып есептелінетін, топырақтағы қосылыстарды мынадай топтарға бөледі:

1) азот қышқылының тұздары,

2) аммоний тұздары,

3) азотты қышқыл тұздары,

4) азоттың кейбір органикалық, қосылыстары (мочевина, амин қышқылдары) .

Фосфор тыңайтқыштары

Фосфор өсімдік тіршілігіне аса қажетті элементтің бірі болып саналады. Кезінде орыс оқымысты А. Е. Ферсман ”Фосфор - тіршілік пен ақыл-ой элементі” деген.

Өсімдік организміндегі синтездеу процесі мен зат алмасудың көптеген сатысы фосфор қышқылының қатысуымен өтеді. Әсіресе, әр түрлі органикалық қосылыстар құрамына енетін фосфордың маңызы зор. Солардың ішінде нуклеин қышқылдарын бірінші орынға қоюға болады. Нуклеин қышқылының екі түрі де РНК(рибонуклеин), ДНК (дезоксирибонуклеин) ақуыздың синтезделуі, өніп-өсу, тұқым қуалаушылық сияқты тіршілік әрекетінің ең маңызды процестеріне қатысады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тыңайтқыштар және оның түрлері
Ауыл шаруашылық дақылдарының калиймен қоректенуін оңтайландыру (қолайлы, ең жақсы) шарты
Тыңайтқыштарды жіктеу
Өсімдіктер үшін қажет элементтер тобы
Минералды тыңайтқыштарды пайдалану мөлшері
Тыңайтқыштар
Қос және байытылған суперфосфаттар
Азот тыңайтқыштары
Фосфордың оттекті қосылыстары
Минералды тыңайтқыштар, олардың ең маңызды қасиеттері, өндірісі және қолданысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz