Өсімдік үшін микроэлементтердің маңызы


Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Өсімдік үшін микроэлементтердің маңызы
2. Микротыңайтқыштардың түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жоғары сапалы өнім алу үшін өсімдіктердің өсіп дамуының әрбір кезеңінде онда болатын ерекшеліктерді есепке ала отырып, қажетті қоректік заттармен тиісінше қамтамасыз етіп отыруды қажет етеді. Өсімдікті аса құнды қоректі заттармен қамтамасыз ету үшін мынадай жағдайларды жете білген жөн. Біріншіден, өсімдіктің өсіп-жетіліп дамуының әрбір кезеңінде оның қандай қоректік заттарды қажет ететінін жақсы білу керек, екіншіден, өсімдіктің кейпіне (сыртқы пішініне) қарап, қолда бар қоректік заттар оның қажетін өтей алатын немесе алмайтынын тез анықтап білген жөн, үшіншіден, өсімдіктің өнім құрауына қолайлы жағдай жасау үшін оған қажетті қоректік заттар жеткізіп беруге дер кезінде шара қолдану қажет.
Микротыңайтқыш құрамында микроэлементтер (бор, мыс, кобальт, мырыш, т. б. ) болатын бейнорганикалық қосылыстар. Микротыңайтқыштар алғаш шет елдерде және Ресейде 19 ғасырдың 2-жартысында қолданыла бастаған. Микротыңайтқышдың бор М-ы, мыс М-ы және құрамында екі және одан да көп микроэлементтер болатын полимикротыңайтқыш, т. б. түрлері бар. Микротыңайтқыш ретінде микроэлементтердің тұзы немесе өндіріс қалдықтары [[[қож] ] (шлак), қоқыс(шлам) ], фриттер, хелаттар алынады. Топырақта өсімдікке қажетті микроэлементтер жеткіліксіз болса оның өсуі, дамуы тежеледі, түсімнің сапасы кемиді, ауруға шалдығады. Бұл микроэлементтер ферменттер құрамына кіреді, биохимиялық реакцияны және нуклеин, амин қышқылдары, қант, крахмал, хлорофилл биосинтезін күшейтіп, дақылдың өнімінің артуына, сапасының жақсаруына әсер етеді. Микротыңайтқыштың қажеттілігі ауыл шауашылығындағы дақылдарының биологиялық ерекшелігіне және топыраққұрамындағы байланысты анықталады. Микротыңайтқыштарды тұқым себер алдында, дәнмен бірге (0, 5 - 5 кг/га), тамырдан тыс үстеме қоректендіру (0, 1 - 0, 05%-дық микроэлементтер ерітіндісімен бүрку), тұқымды себер алдында өңдеу (0, 02 - 0, 05%-дық ерітіндіде бөктіру) тәсілдері арқылы қолданады. [1] Топырақтарда микроэлементтер аз болған жағдайда микротыңайтқыштарды қолданады. Микротыңайтқыш құрамында өсімдікке өте аз мөлшерде қажет мыс, кобальт, мырыш және т. б. болады. Топырақта өсімдікке сіңетін микроэлементтер жеткіліксіз болса, дақылдың өсуі, дамуы тежеледі, түсімнің сапасы кемиді, ауруға шалдығады. Микроэлементтердің өсімдіктер тіршілігінде маңызы зор. Олар ферменттер құрамына енеді, дақылдың өнімін арттырады.
Негізгі бөлім
Өсімдіктің қоректенуі мен өнімінің қалыптасуына және оның сапасының жақсаруына бор, марганец, молибден, мырыш, мыс, кобальт өте маңызды рөл атқарады. Микроэлементтер көптеген физиологиялық және биохимиялық процестерге қатысады. Олар ферменттердің, витаминдердің және микробиологиялық құбылыстарға қатысатын энзимдердің құрамдас бөлігі болады. Микроэлементтер өсімдіктің даму, ұрықтану, жеміс салу процестерін және ақуыз, көмірсу, май заттарының синтезделуін тездетеді. Мысалы, ақуыз құрамындағы 1 мг темір 10 тонна минералдық темірдің әрекетіндей әсер етеді. Өсімдіктің қоректенуіне микроэлементтердің жетіспеуі түрлі ауруларға төзімділігін төмендетеді.
Кейбір микроэлементтердің өсімдік үшін нақты маңызын қарастырайық.
Бор өсімдіктің жеміс салу, клеткалардың бөліну процесінде маңызды орын алады. Бор жетіспесе өсімдіктің жеміс салатын мүшелерінің саны кемиді, крахмал мен қант заттары жапырақтарына жиналады, олардың тамырға және генеративтік мүшелеріне жылжуы бұзылады. Мұның өзі бор көмірсулардың синтезделуі мен алмасуына өте қажет екенін көрсетеді. Бор кейбір ферменттердің белсенділігіне әсер етеді, өсімдіктің катиондарды сіңіруін күшейтеді. Өсімдіктер борды қайта пайдалана алмайды.
Өсімдіктердің құрғақ затында бордың мөлшері бірдей болмайды. Астық тұқымдас дақылдарының 1кг құрғақ дәнінде 4, 7мг, сабанында 8, 5мг, қант қызылшасының тамырында 14, 6 мг, жапырағында 45, 9 мг бор болады (М. В. Каталымов) .
Борды техникалық дақылдар көп, астық тұқымдастар аз пайдаланады.
Марганец фотосинтез, тыныс алу, хлорофилл пигментінің пайда болуына, өсімдіктің молекулалық азотты және нитратты азотты сіңіру процестерінде аса маңызды рөл атқарады. Марганец аскорбин қышқылының, қанттың және ақуыздың синтезделуіне әсер етеді. Өсімдіктің бір гектар өніміндегі марганец мөлшері 100-700 г шамасында болады. Ол техникалық дақылдардың өнімінде көп, астық өнімінде аз болады .
Молибден өсімдік тіршілігінде жан-жақты рөл атқарады. Ол түйнек бактерияларының атмосферадағы азотты байланыстыру процесін күшейтеді. Молибден жетіспеген жағдайда, бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырлары түйнек түзбейді және азот жинай алмайды. Молибден нитратредуктаза ферменттінің құрамына еніп, нитраттарды аммиакка дейін тотықсыздандыру процесіне қатысатын. Өсімдіктің қоректенуінде молибденнің жетіспеушілігінен аланин, аспарагин, глютамин, пролин және аргинин сияқты амин қышқылдарының мөлшері кемиді. Ал амин қышқылдарының жетіспеушілігі ақуыздың азаюына әкеп соғады. Молибден өсімдіктің фосфорды тиімді пайдалануына әсер етеді. Егер молибден жетіспесе өсімдікте фосфордың минералдық қосылыстары көп, ал органикалық түрлері аз жиналады. Сонымен қант қызылшасы, капуста сияқты дақылдарда аскорбин қышқылының синтезделуі де молибденнің қатысында өтеді.
Өсімдіктің құрғақ затында молибден мөлшері өте аз болады. Мысалы, қант қызылшасы тамырының бір кг құрғақ затында 0, 16 мг, жапырағында - 0, 60 мг, бидай мен сұлы дәнінде - 0, 16-0, 19 мг болады.
Мырыш өсімдіктегі физиологиялық және биохимиялық процестерге қатысады. Ақуыз, май, көмірсулар, фосфор, қосылыстарының синтезделуі мырыштың қатысында өтеді. Мырыш әсерінен өсімдіктерде С витамині, каротин көбейеді. Ол өсімдіктің суыққа, құрғақшылыққа төзімділігін күшейтеді. Мырыш жетіспесе өсімдіктің өсуіне дем беретін ауксин тезірек бұзылады, судың мөлшері азаяды, осмос қысымы артады. Бұл элементтің жетіспеуі жапырақтар мен жемістердің ұсақ болуына себебші болады. Өсімдіктің 1 кг құрғақ затында шамамен 15-22 мг мырыш болады. Мырыш тапшылығын карбонатты топырақта өсірілетін - көкөніс, жүгері, жеміс ағаштары күшті сезінеді. Өйткені бұл топырақта мырыштың жылжымалы түрі аз болады (34-кесте) .
Мыс өсімдіктің тыныс алуына, фотосинтезге, азотты заттардың алмасуына, хлорофилдің синтезделуіне әсер етеді. Өсімдіктерде кең таралған полифенолоксидаза, аскорбатоксидаза ферменттерінің құрамында мыс бар. Бұл элементтің жетіспеушілігінен әсіресе астық дақылдары көп зардап шегеді. М. В. Каталымов мәліметі бойынша өсімдіктің бір кг құрғақ затында 1, 5-8, 1 мг мыс болады (34-кесте) .
Кобальт ақуыз бен нуклеин қышқылдарының түзілуіне әсер ететін В 12 витаминінің құрамында кездеседі. Ол түйнек бактерияларының жұмысын күшейтеді. Кобальт дегидрогеназа, нитратредуктаза, гидрогеназа сияқты ферменттердің белсенділігін жоғарлатады. Кобальт өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін күшейте түседі. Өсімдік түрі мен даму ерекшіліктеріне байланысты кобальт әртүрлі мөлшерде кездеседі. Орта есеппен өсімдіктің бір кг құрғақ затында 0, 2-0, 6 мг кобальт болады (34-кесте) . Өсімдіктердің жақсы өсіп жетілуі үшін жоғарыда аталған микроэлементтердің бәрі де қажет. Осы элементтердің біреуі өсімдікке жетіспесе ол жақсы өспейді, ауырады, нашар өнім береді.
Ауыл шаруашылығында қолданылатын микротыңайтқыштардың негізгілеріне мыналар жатады:
Борлы тыңайтқыштар
Бор қышқылы. Ең концентрлі, құрамында 17, 1-17, 3 % бор элементі бар, ақ түсті, майда кристалды, суда жақсы ериді. Тұқымдық материалды және өсімдікті тамырдан тыс қоректендіру үшін 0, 05-1 пайыздық судағы ерітіндісін пайдаланады.
Бор магний тыңайтқышы құрамында 2, 27% бор және 14% MgO бар, суда жақсы еритін, сұр түсті тұз. Құрғақ күйінде тұқымды өңдеуге (1-2 кг/ц) және тамырдан тыс үстеп қоректендіру үшін (20-25 кг/га) қолданылады.
Түйіршікті борлы суперфосфат жай суперфосфатты түйіршіктеу кезінде бор қышқылын қосу арқылы өндіріледі. Көгілдір түсті, суда жақсы еритін, құрамында 20% P 2 O 5 және 0, 2% бор болады. Тұқымды себер алдында топырақты өңдегенде гектарына 2-4 ц, немесе қант қызылшасы, малазықтық қызылша, көкөніс дақылдарының қатар аралығында бір гектарға 100-120 кг береді.
Бура - ақ түсті кристалды тұз. Құрамында 11, 3% бор бар, суда жақсы ериді. Тұқымды өңдеу және дақылдарды үстеп қоректендіру үшін пайдаланады. Тұқымды себер алдында оның бір центнеріне 8-10 л бор қышқылының немесе бура тұзының ерітіндісін қолданады. Көптеген дақылдарға негізгі тыңайтқыш ретінде қолданғанда тыңайтқыштардың әсерлі заты түріндегі қолайлы мөлшері әр гектарға шаққанда жоңышқаға 0, 5-2 кг, қант қызылшасына - 2-2, 2 кг болады.
Бор тыңайтқыштары дақылдың өнімін жоғарылатады және сапасын жақсартады әрі олардың ауа-райының қолайсыз жағдайларға төзімділігін арттырады.
Молибденді тыңайтқыштар
Аммоний молибдаты құрамында 52% молибден элементі бар, майда кристалды, ақ немесе ақшыл-сұр түсті, суда жақсы еритін тұз. Тұқымды себер алдында өңдеу үшін 1 центнер асбұршақ пен сиыр жоңышқаға 20-25, жоңышқа, көкөніс дақылдарына 500-600г. мөлшерінде тұз алып, тұқымға қосып аралыстырады. Тамырдан тыс үстеп қоректендіру үшін 100-200 г аммоний молибдатын 200-300 л суда ерітеді.
Молибденді түйіршікті жай суперфосфат құрамында 20% P 2 O 5 және 0, 1 % Мо бар, ақшыл-сұр түсті түсті түйіршік. Тұқымды сепкенде қатар аралығына гектарына 50-100 кг есебінде береді.
Молибденді түйіршікті қос суперфосфатта 43% P 2 O 5 және 0, 2% Мо болады. Қатар аралығына гектарына 25-50 килограмнан береді.
Аммоний-натрий молибдаты ұнтақ күйінде өндірінеді, құрамында 35-36% молибден бар.
Марганецті тыңайтқыштар
Күкірт қышқыл марганец кристалды, ақ немесе ақшыл-сұр түсті, суда жақсы еритін, құрамында 21-24% марганец бар тұз. Тұқымды өңдеу және өсімдікті тамырдан тыс үстеп қоректендіру үшін оның 0, 01-0, 5 пайызтік судағы ерітіндісін, ал топыраққа ендіруде гектарына 5-15 кг тұзды қолданады.
Марганецті суперфосфат ашық-сұр түсті түйіршікті, құрамында 1-2% Мn, 20% P 2 O 5 бар тыңайтқыш.
Мырышты тыңайтқыштар
Күкірт қышқыл мырыш ақ түсті, майда кристалды, құрамында 22% мырыш бар, суда жақсы еритін тұз. Тұқымдық материалды өңдеу және өсімдікті тамырдан тыс үстеп қоректендіруде оның 0, 03-0, 1 пайыздық судағы ерітіндісін қолданады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz