Буынаяқтылар дара жыныстылар
Жоспар
I.Кіріспе
II..Негізгі бөлім
1.Буынаяқтыларға жалпы сипаттама
2.Буынаяқтылардың сезім мұшесі
3.Буынаяқтылардың классқа жіктелуі
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Буынаяқтылар типі (Arthropoda). Буынаяқтылар -- омыртқасыз жануарлардың жоғарғы типі. Оның құрамына 650 000-ға жуық түр енеді, олардың негізгі бөлігін насекомдар құрайды. Түр саны бойынша ол жануарлар элеміндегі ең гүлденуші тип болып табылады. Буынаяқтылар барлық мекендеу ортасына тараған, барлық экологиялық жүйелердің маңызды компоненті болып табылады. Буынаяқтылар үшін билатеральды симметрия тән. Буылтық гельминттер сияқты, бұларда да екінші дене қуысы болады. Көптеген буынаяқтылардың денесі үш бөлімге -- бас, көкірек, құрсақ -- бөлінген. Басында сенсорлы органдар мен сыртқы нерв орталықтары жинақталған. Басына жиі көкірек сегменттері жанасады, ңәтижесінде баскөкірек түзіледі. Буынтық аяқтары болады, олар қозғалу, сезу, шабуыл жасау және т.б. органдарының рөлін атқарады.Буынаяқтылар үшін, сондай-ақ үшқабаттылық, хитинді кутикула түрінде сыртқы қаңқаның, сонымен қатар, асқорыту, тыныс алу, шығару, қантасымалдау, жүйке, эндокринді және жыныс жүйелерінің болуы тән, олар әрі қарай жетіледі. Асқорыту жүйесі алдығы, ортаңғы және артқы бөлімдерге бөлінген. Ортаңғы бөлімде асқорыту бездері (бастамалары) орналасқан. Ауыз аппараты алдыңғы аяқтардан (үш жұп) тұрады.
Жалпы сипаттама. Буынаяқтылар типі жануарлардың ең көп түрлі болып келетін типі, мұндай алуан түрлілігі, олардың тіршілік жағдайларының түрліше болып келетіндігімен байланысты, жануарлар тіршілік ететін қандай жағдай болса да, ол жерде, сөзсіз, буынаяқтылар кездеседі, атмосфераны, түрлі сулардың беттері мен олардың ішін, топырақ беттері мен оның арасын, қарлы жерлер мен мәңгі тұздарды буынаяқтылар жайлаған. Буынаяқтылардың арасында өз бетінше күн көретіндерімен қатар, жануарлар мен өсімдіктердің паразиттері де бар. Буынаяқтыларға сушаян тәрізділер көпаяқтылар және насекомдар жатады.
Буынаяқтылар екі жақта симметриялы және сегменттелген. Олардың буын-буын болып келетін қол аяқтары да метамериялы орналасқан. Буынаяқтылардың сегменттері үш бөлімге бөлінеді: бас, көкірек және құрсақ. Бұлшық еттері көлденең салалы жолақ. Орталық нерв жүйесі алғашында жұп болып, баспалдақ кейіптес келеді. Қан жүру жүйесі ашық, қан жүректің жиырылуы арқылы жүреді, ал жүректің өзі дорзаль түрде (ішектердің үстінде) орналасады және өзінің жұбынан келген кіру саңлаулары - остиялары болады. Зәр шығару органдары есебінде ішектермен байланысқан Мальпиги тамырлары мен орта ішектің оларға ұқсас қосалқылары бар. Буынаяқтылар дара жыныстылар.
Жалпы құрылысы. Буынаяқтылардың ата-тегі буылтық құрттар болып есептелінеді, олармен буынаяқтыларды байланыстыратындар мыналар: бұлардың екеуініңде денелерін кутикула жауып тұрады, сегменттелген, жүру үшін арнаулы органдары болады және ішкі органдарының жүйелерінің орналасу жағынан да ұқсас келген жеке органдарының құрылысы жағынан да ұқсастығы бар.
Сырт жамылғысы: Буынаяқтылардың сыртқы жамылғысы кутикуладан және оны астарлап жататын гиподермалық клетканың қабатынан тұрады. Кутикула хитин деп аталатын заттан құралады. Буынаяқтылардың кутикуласы тек жамылғы болып қана қоймайды, сонымен бірге сыртқы скелеті ( қаңқасы ) болып та саналадады, оған бұлшықеттер жабысып бекиді.
Денесінің сыртқы бөлшектенуі: Буынаяқтылар денесінің сегменттері әдетте үш бөлім құрайды - бас, көкірек және құрсақ, бірақ денесінің жіктелуі түрліше болуы мүмкін: құрсағы көкірегінен айрықша бөлініп тұрмауы мүмкін (көпаяқтыларда), екінші жағынан, денесінің бөлімдері екінші кезекте бір-бірімен тұтасып кетуі мүмкін.
Аяқ-қолдары. Буынаяқтылардың аяқ-қолдары өз сегментіне қозғалмалы түрде жанасқан және бір-бірімен буын-буындалып мүшеленген, мұндай бөлшектеніп жіктелген аяқ-қолдар күрделірек қозғалыстар жасай алады. Буынаяқтылардың жеке топтарының өздеріне тән пішінде біткен және олардың өздеріне лайық түрде жіктелген аяқ - қолдары болады.
Бұлшық еттері. Бунаяқтылардың бұлшық еттер тек бөлек-бөлек мышица тіндеріне бөлінген. Сонымен бірге бұынаяқтылардың бұлшыеті көлденең салалы жолақ, міне сондықтан ол тез жиырыла алады.
Нерв жүйесі. Буынаяқтыларының орталық нерв жүйесінің құрылысы өзінің алғашқы түрінде ол жұп болып келіп, гиподерманың (сыртқы жамылғының ) ішкі жағындағы дененің құрсағының бойымен бір-бірімен жарыса - паралель жатқан, екі стволдан құралады. Дененің әрбір сегментіне келгенде ствол жуандайды, нерв түйіні пайда болады. Ұзына бойлық стволдың бірінен кейін бірі жатқан екі түйінді жалғастыратын бөлімі коннективалар деп, көлденең жатқан белдеушелер - комиссуралар деп аталады. Коннективалардың алдыңғы жақтағы жұбы өңештің алдыңғы бөлімін екі жағынан бірдей орап алады, сонда түйіндердің бірнеше жұбы жұбы ішектердің ішінде жатады да, орталық нерв жүйесінің басқа қалған бөлімдері - ішектердің астында жатады. Түйіндердің бірінші жұбы жұтқыншақ үсті түйіндері , яки ми деп, ал ішектер астындағы түйіндер - құрсақ тізбегі деп аталады.
Орталық нерв жүйесінен шеттік нервтер кетеді, олар сыртқы теріге, бұлшықеттергежәне сезім органдарына таралады, бұлардың барлығыда сыртқы жамылғыментығыз байланыста жатады. Ал ішкі органдар мысалы: ішек және қосалқылары, қан жүру жүйесі, тыныс алу органдары вицеральдық немесе симпатикалық деп аталатын ерекше нерв жүйесі арқылы нерв қозуын алады. Симпатикалық жүйе нерв түйіндерінен құралады.
Сезім органдары. Буынаяқтылардың сезім органдары тітіркендіруді қабылдайтын гиподермалық клеткадан құралған. Бұл клетка бір жағынан хитиннен пайда болған бір мүшемен байланысты болады да екінші жағынан - нерв талшықтары арқылы орталық нерв жүйесімен байланысты болады. Буынаяқтылардың көру органдарын екі ктигорияға бөледі: күрделі яки фасеткалы көздер ғана өздігінен көре алатын сыртқы заттардың пішіндерін және қозғалысын қабылдай алатын органдар деп есептеледі. Жай көздер тек жарықты сезетін органдар деп қана саналады.
Ас қорыту жүйесі. Буынаяқтылардың ішек каналының пішіні түтік түрінде болады және ілгері жағында жұтқыншақ немесе ауыз тесігі жатады да, артқы жағында - аналь тесігі жатады. Жұтқыншақ тесігі денесінің алдыңғы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz