Саусақпен сурет салу әдісі
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Балалардың сурет салу қабілетін дамытуда көрнекілік қолдану
әдістемесі
Орындаған: Бейнелеу өнері және сызу
мамаңдығының ИИЧ - 31 тобының студенті
С.Г. Абилов
Тексерген:
аға оқытушы Ғ.Х.Капаков
Орал 2019
Мазмұны:
Кіріспе: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-бет
I. Негізгі бөлім
Бейнелеу өнері сабағында әртірлі әдістермен сурет салу ерекшеліктері
1.1. Сурет салу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .6-бет
1.2. Сурет салу қабілетін дамытуда көрнекілік
қолдану ... ... ... ... ... ... .14- бет
II. Екінші бөлім
Балалардың суретке деген қызығушылықтарын арттыру
2.1. Бейнелеу өнерін оқытудың дидактикалық принциптері ... ... ... ... ..26-
бет
III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..31-бет
VI. Пайданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..35-бе т
Бала ес біле бастағаннан-ақ өзі жете түсінбес жарқын, тартымды
нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды, мәселен, жылтыраған ойыншықтарды, әдемі
гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәpi оның рахаттану, қызығу
ceзімін туғызады. Жиі ән, ертегі тыңдап, суреттерді қараған балалардың
өнepi куаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады. Эстетикалық тәрбие алған
балалар жарқын, әсем атаулының бәріне жәй ғана ұмтылып қана қоймай,
сұлулықты жан дүниесімен қабылдайтын болады. Тәрбиеші баланың сұлулықты
қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық
ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға
дейін жетелеп отыруы тиіс.
Бейнелеу өнepi - көркемдік талғам қалыптастырудың өзекті кұралы ретінде
баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты
туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге,
сүйе білуге баулиды.
Бейнелеу өнерінде балалардың сурет салуға, өнерді кабылдауы тұрғысынан
білім деңгейлерінің әр сатылы болуына байланысты, сурет салуға
мүмкіншіліктерін анықтай отырып, сапалы білім беру. Тәрбиеші баланың
сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түciнy,
эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін
қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.
Сурет салу өнерін үйретуге төмендегідей мақсат қойдым:
- Сурет салу өнepi арқылы мектептегі балалардың сезімдік эмоционалдық
ортасымен эстетикалық талғамын және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Алдымызға қойған бағытымыз:
Сурет салу іс-әрекеті арқылы, балаларды жан - жақты дамыта отырып
тәрбиелеу;
Балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері:
- Сурет салу оқу ic-әpeкeтi арқылы:
- Күннің екінші жартысында бейнелеу өнepi бойынша жеке жұмыстар жүргізу.
Ата-аналармен жургізілетін жұмыс түрлері:
- Эңгімелесу, кеңес беру, жиналыс, көрмелер ұйымдастыру, ашық; есік
күндері;
Тәрбиешілермен жүргізілетін жұмыс түрлері:
Кеңестер беру;
- Ұйымдастырылған оқу ic-әрекеттерін өткізу;
Алға қойылған мақсатты жүзеге асыруда мынандай міндеттерді аламыз:
- Бейнелеу ic-әрекетіне қажетті негізгі техниқалық дағдыларды меңгерту;
-сурет салу өнеріне деген қызығушылығын ояту;
-көркемдік талғамын арттыру;
-іскерлік дағдыларын меңгерту;
Сурет ic-эрекетше бешмдеу багыттары:
-айналаны бақылау және қабылдауын дамыту;
-бейнелеу өнepi түрлері және көркем өнер туындыларымен таныстыру, көркемдік
талғамын арттыру;
-іскерлік дағдыларды меңгерту.
Баланың бейнелеу ic-әрекетінің негізгі түpлepi болып саналатын сурет
салу жапсыру, илеу әрекеттерімен шұғылдануы, өз кезінде, оған сан алуан
түстер гаммасымен танысуға формалар, сызықтар, түрлі пішіндермен танысуға
мүмкіндіктер бере алады.
Сурет салу іскерлік дағдыларын меңгерту балалардың заттың такырыпта
сурет салу дағдыларын бекітеді. Бірнеше заттарды бейнелеп мазмұнды сурет
салуға, композиция құра білуге үйретеді. Бояу қарындаштар, акварель бояу
мен қылқаламды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін меңгертеді. Жағыс түрлері.
сүйкей жағыс, қылқалам ұшын тік бағыттау, жоғарыдан төмен қарай, солдан
оңға қарай біртіндеп жүйелі тeгic бояу, сулау (дымқылдау) тәсілі, үрлеу
тәсілі, бояуды шашырату арқылы сурет салу, үзілісіз сызу, тамшы бояудан
бейнеге келтіру, таяқшамен, саусақпен, қауырсынмен сурет салу тәсілдерін,
қос бүктеп беттестіру арқылы симметриялы заттардың cypeтін салуға
жаттықтырады. Балалардың қылқаламды epкін ұстап сызықты жінішке, жуан,
жалпақ түcipyгe, бояуды калыңдау жағу үшін қылқаламды көлбеу ұстап қаттырақ
басу, сызықтың түрлеріне қарай бағытын өзгерту, қолдың қимыл қозғалысы мен
көз мөлшерінің үйлесімділігін дамытады. Суреттің барлық бөлігін біркелкі
бояу талабын ұштайды. Бояу түстерін таңдап үйлесімді бере білуге
дағдыландырады. Бейнелеу өнерінің мәнерлеу кұралдарын меңгертіп, сурет
салуға деген қызығушылығын арттыру көзделеді.

1.1. Бейнелеу өнepi - бұл адам баласының заманнан заманға рухани,
эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы, ал сурет - бұл
шежіре, ондаған ғасырлар бойы бүкіл адам тарихтарын, тіршілік тарихын
шашауын шығармай, жоғалтпай жеткізген бірден-бip куәгер. Бейнелеу өнерімен
айналыса отырып, адам тек суретшінің практикалық дағдыларын ғана меңгеріп,
шығармашылық ойларын жүзеге асырып қана қоймайды, сонымен бipгe өзін
талғампаздыққа тәрбиелейді.
Сурет салу әдістері:
Бастыру әдісі: Әртүрлі заттармен бастыру арқылы сурет салу балабақша
дәстүріне айналып келеді. Аталмыш техника арқылы жұмыс icтey балаларда
жағымды эмоция тудырады, таныс тұрмыстық заттарды көркем сурет салуға
қолдану мүмкіншілігін ашады. Бастыру үшін әртүрлі заттарды қолдануға
болады. Мысалы: жапырақ, түрлі өсімдіктер, поролон, көкөністер, жүн,
алақан, қарындаштың тepic бөлігі, жіп;
Дәстүрден тыс әдіспен сурет салуды үйренген бала, өз бетінше бастыру
құралдарын іздеп тауып көрсетеді. Бұл баланың өмipгe шығармашылықпен
қарауының, кез келген затты әр түрлі мақсатта қолдана білу іскерлігін
дамытудың алғы шарты болып табылады.
Көкөністер бастырмасы: Балалар бастырма көмегімен салынған бейнеге ерекше
қызығушылық танытады. Әcipece көкөніс қалдығынан балалардың көз алдыңда
даярланған штамптар даяр сатып алғандарға қарағанда қызығушылықты үдете
түседі. Картоп, сәбіз, асқабақ қабығынан, және қызылшадан түрлі пішіндер
жасауға болады. Мысалы: шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш даярлау; картоп
немесе өзге көкеніс қиығында контур жасап, артығын кесу; штампты гуашқа
батыру немесе оған қылқалам көмегімен субояу жағу; кағаз немесе мата бетше
ойлаған сурет шығатындай eтіп бастыру; Штамптар көмегімен мата, кілем
үлгілерінің оюын жасауға немесе ұлттық ою-өрнектерден сәндік композициялар
құрастыруға болады. Жұмысқа ұлттық нақыш беру үшін жеке суреттермен ұжымдық
жұмыстарды әшекейлеуде ұлттық ою-өрнектерді жүйелі қолдану өте маңызды.
Балалар ою-өрнектерді бейнелеу арқылы кеңістікті бағдарлауға үйренеді және
олардың аттарын атап eciнe сақтайды.
Саусақпен сурет салу әдісі: Саусақпен сурет салу-алақанмен,
саусақпен, табанмен бейнелеудің тағы бip тамаша әдісі. Бұл әдіс гуашь,
майлы бояудың қасиетін (қанықтық, жұмсақтық) сезінуге көмектеседі.
Балаларға алақан немесе саусаққа әр түсті бояу жағу арқылы заттың суретін
салу ұсынылады, сондай-ақ таяқша, мақта, мата, поролонды қолдануға болады.
Қолдану ережесі:
- бояуды жайпақ табаққа, суды кішкентай құмыраларға құю, ал алақанмен сурет
салғанда бояуды табаққа құйған жөн;
- әр саусақты бip түсті бояуға батыру, қағазға түсіріп болған соң;
құмырадағы суға жуып, қағаз сүлггімен немесе ылғал шүберекпен сүрту керек.
Ағаштың суретін салғанда саусақпен діні, мен бұтақтарын бейнелейді,
содан кейін алақанға сары, жасыл және қызыл сары бояуды жағып,
жапырақтардың; суретін салады. Үлкен ақ қағазда (ұжымдық жұмысқа ыңғайлы)
күннің суретін үлкен етіп салып, ал шуақтарды шеңбер бойымен балалар өз
алақандарын бастыру арқылы түcipce өте әдемі сурет шығады.
Далаппен сурет салу: Дәстүрден тыс әдістер жинағына eскі далаппен,
лакпен, көз бояйтын теньмен сурет салуды жатқызуға болады. Бірақ педагог
өте мұқият, сақ болып, бұл заттарды бала қолы жетпейтін орынға қою керек.
Бала анасының косметика қолданғанын бақылағанды ұнатады. Әдетте косметика
қолдануға тыйым салынатындықтан, баланың өз анасының далабымен ойнауға
деген кұмары арта туседі. Сондықтан косметикалық құралдармен сурет салуды
ұйымдастыру бала тілегінің орындалуына мүмкіндік тудырады және ол пайдалы
ic болып саналады.
Нүктелер арқылы сурет салу: Нүктелер арқылы сурет салу (нүктелі
сурет) дәстүрден тыс әдіске жатады. Сурет көптеген жекеленген нүктелер
арқылы бейнеленсе, онда бұл сурет салу техникасы пуантилизм деп аталады.
Нүктелер саусақ немесе қылқалам ұшымен тықылдату әдici арқылы түсіріледі,
нүктелердің көлемдері бip түрлі болуы мумкін. Нүктелер арқылы салынған
сурет мозаика сияқты болады. Педагог контур нүктелерді қойып суреттің
сызбасын даярлайды. Балаға нүктелерді сызықтармен қосу ұсынылады. Пайда
болған бейнені аяқтауға, бояуға, сюжет ойластыруға және ат қоюға болады.
Жұмысты аяқтаған соң, балалар ашық түстерді немесе суық және жылы түстерді
көп қолданған суреттерді топтастырады.
Кұммен сурет салу әдісі : Балаларға кұммен сурет салу өте қызықты болмақ,
өйткені олар құммен ойнағанды қатты ұнататыны сөзсіз.
Қолдану ережесі - ақ кағаз бетіне суреттің пішіні сызылып алынады;
- Пва жeлiмiн сызылған сызық бойымен қылқаламмен жағып шығамыз;
- Жағылған желімнің үстіне ыдыстағы кұмды себелеп шығамыз.
Тәрбиешілерге бейнелеу сабақтарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
- балаларға айнала қоршаған ортадан алған әсерлерін, қабылдағандарын
бейнелеу ic-әрекетінде бере білу дағдыларын меңгерту;
- бейнелеу өнepi түрлepi жайында жалпы түсініктepi мен көркем өнер
туындыларын ажырата білу;
- өнер туындыларынан әсер алу, сипаттап әңгімелей білу дағдысын меңгерту;
- бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдары жайында (тус, сызықтар, көлем,
кеңістік, композиция) қарапайым түсініктерді меңгерту;
- сурет салуға кажетті кұрал-жабдықтармен жұмыс істеудің icкepліктерін
игерту; -ұлттық нақыштағы бейнелеу өнepi түрлерін басқа халықтар өнерімен
салыстыра, ажырата білу;
- көркем өнер туындылары арқылы көркемдік талғамын, өнердің бұл түрінe
деген қызығушылығын арттыру;
Балабақшада тұрақты түрде диагностикалық зерттеу жүргізу балалардың
жеке epeкшeлiктepiнiң бар екенін көрсетеді. Балалардың сабақ барысында
тақырыпты қабылдау оны жүзеге асыра білу қабілеті әр түрлі болып келеді,
көбінece үлгерімі жақсы балалар тақырыпты түсініп, ic жүзінде қолданса,
кейбір балалар тәрбиеші көмегін аса қажет етеді. Miнe осындай деңгейді
анықтау үшін әр топта балалар білімін зерттеу үшін бірінші жарты жылдьқта
және жылдық қорытынды бойынша мониторинг жүргізіледі. Бастауыш сыныптарда
бейнелеу өнepi сабағын оқытудың маңызы.
Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнepi сабағы кезеңінде оқушылардың
бейнелеу әрекеті баланы көңілсіз жағдайдан шығарып, жүйкеге түскен салмақты
азайтып, эмоционалдық көңіл - күй, оқуға қызығушылық туғызады.
Оқушыларға білім мен тәрбие беруде бейнелеу өнерінің өзіндік орны бар
екендігі белгілі. Бейнелеу өнерінің жалпы білім беру пәні ретіндегі
пайдасын педагог Я.А.Коменский белгілеп бeрiп, өнерді үш талап негізінде,
яғни, өнерді дұрыс пайдалану, өнерді сапалы бағытта оқыту, жиі жаттығулар
жасау арқылы үйренуді анықтаған.
Мектепте бейнелеу өнерін оқытудағы эстетикалық тәрбиенің мазмұнын
айқындаған педагог Б.Неменский өз еңбектерінде неміc ақыны Иоганн Вольфганг
Гетенің сурет салуга өте үлкен мән бepiп, оның балаларды өте
қызықтыратындығын, дүниені кең әрі терең тануға көмектесетіндігін
жазғандығын мысал ретінде келтіреді. Ол И.В.Гетенің: Сурет салу мен өнерді
оқып білу кедергі жасаудың орнына ақындық шығармашылыққа көмектеседі.
Жазуды азайтып, сурет салуды көбейту керек деген сөздерін тілге тиек
етеді.
Осындай тұжырымдардың, идеялардың көп болғанына қарамастан бейнелеу
өнерінің, сурет салудың мектептерде пән ретінде жүргізілуіне XIX ғасырда
ғана қол жеткізілді. Оның жүзеге асырылуына көрнекті педагог
И.Г.Пестолоццидің зор ықпалы болды, сондықтан И.Г.Пестолоцци сурет салуды
мектептердің оқу бағдарламаларына пән ретінде енгізген педагог- ғалым деп
саналады. Ол дүниені, қоршаған табиғатты дұрыс тану арқылы дұрыс ойлау
мумкіндігі сурет салумен туатындығын көрсетті. Ол өнерді талқылай отырып,
игеру үшін арнайы жаттығулар, яғни көзді барлық заттар мен құбылыстарға
салыстыра, талдай, топтастыра отырып карауға үйрететін жаттығуларды ұсынды.
Көрнекті ғалым жазудан бұрын сурет салуды үйренудің пайдалы әpi қызықты
екеңдігін, яғни қызықты ic-әрекет ретінде сурет салу жазудың жеңіл
үйретілуіне себепші болатындығын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Сөйтіп, сурет
негіздеріне барлық баланы үйретуге болатындығын, сондықтан оның жалпы білім
берушілік мәнін ескере отырып, басқа пәндермен катар мектептегі өз орнын
алуын колдады.
Өнерге жаны кұштар, өз iciнің білгipi, терең ойлы бала жүрегін ұға
алатын педагог өз кезегінде бала тәрбиесінде өнердің маңызын жете түсініп,
өз мамандығын шығармашылық еңбекпен ұштастырары сөзсіз. Түрлі өнер саласы
бойынша хабардар болып, жалпы көркемдік бағыттағы тәрбие туралы мәліметтер
жинақтауы педагог беделін арттыра түседі. Әcipece, бейнелеу өнepi
материалдарын пайдаланудың маңыздылығы да, көлемі де үлкен болып табылады.
Бұл мәселелерге катысты зерттеулер, оларды талдау мәселелері Б.М.Неменский,
Л.С.Выготский, Б.Юсов, Т.Я.Шпикалова, М.Н.Ростовцев, С.Герасимов, К.Ералин,
А.Қамак, К.Болатбаев, Ж.Балкенов, К.Жеделов, т.б. еңбектерінде орын алған.
Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнepi пәнінің оқу материалдарын игеру
оқушыларға зор талап қоятыны белгілі. өйткені, шындықтағы құбылыстардың сыр-
сипатын, мән-жайын ұғыну — өте күрделі танымдық әрекет. Мұның өзі бipнeшe
кезеңдерден тұратыны қaзipгi ғылымға белгілі. Мәселен, сабақта материалды
ұғынып, түсінудің алғашқы таныстыру кезеңінде оқушы нeнi, қалай оқу
кepeктігi жайлы жалпы мағлұмат алады. Бұдан кейінгі кезеңде, ол мұны
тәжірибеде байқап көреді. Үшінші кезеңде түсінгенін, ұғынғанын сөзбен
тұжырымдайды. Tөртінші кезеңде олар ойына ұстап тұрады да, бесінші кезеңде
оқушыда зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын болады. Ақыл-ой
амалдарын меңгеру арқылы оқушы шындықтағы заттардың байланыс-қатынастарын
меңгереді, бip затты екіншісімен салыстырып, олардың айырмашылық,
ұқсастықтарын айыра білуге, соларды дәлелдей алуға үйренеді ұғыну, түсіну
дегеніміздің өзі де — нәрседе себеппен қатар нәтиже болатындығына оқушының
көзінің жетуі.
Мектепте бейнелеу өнepi пәнін оқытуда да осындай күрделі кезеңдердің
барлығын тұтас ұстап тұратын өте маңызды және ауқымды күш - оқушылардың
оқуға деген қызығушылықтары мен ынта-ықыластары болып табылады.
Мұғалім оқушы ойлауындағы талдау тәсілінің қалыптасуына жеткіліксіз
көңіл бөлетін болса, ондайда оқушы материалдың бip-бipiмен байланысының
жеке жақтарын ғана меңгереді, әр ұғымның мәнін, өзіндік ерекшелігін жете
түсінбей қалады. Сондай-ақ мұғалім сабақ беруде жинақтау тәсілін ойдағыдай
пайдалана алмаса, онда берілетін мағлұмат бұрынғы материалмен дұрыс
байланыспай қалады, бұл берілген мағлұматтың практикалық мәнінің
төмендеуіне әкеліп соғады.
Оқушыда белсенді ойлау процесін дамытудың орнына олардың есте сақтау,
жаттау кабілетін өcipyгe ерекше мән беріліп кетеді. Әрине, оқушының есте
сақтау қабілетін дамыту кажет. Бірақ оқушыны оқуға қызықтыра отырып
ойландырып, әр нәрсені бip-бipiмен салыстырғызып, талдатып-жинақтатып,
дәлелдеткізіп үйретсе ғана олардың танымы мен білімі мазмұнды болады.
Сонымен, бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнерін оқытуда оқушылардың
көрнекілік арқылы қызығушылықтарын ояту олардың тәрбиесін, бүкіл білім
ауқымын, дүниетанымдық түсініктерін арттыруға септігін тигізіп, олардың
оқуға қызығушылықтарын арттырып, оқу ic- әрекеттерін жемісті болуына әсер
етуші бірден-бір фактор болып табылады. Бастауыш сыныптардағы бейнелеу
өнepi сабағы оқушылардың жалпы оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға
өзіндік ықпал жасайтын ыңғайлы әpi өзіндік сипаты мен ерекшеліктері бар пән
ретінде қарастыруымыз қажет. Осындай күрделі мәселенің бас-қасында әрине
мұғалім тұрады. Мұғалім оқушылардың оқуға ынта-ықыласын, қызығушылығын
тәрбиелеу арқылы олардың қабілеттерінің дамуына жол ашады. Ол алғашқы
күннен бастап оқушының ынта-ықыласын мен бейімділігің, оның қолынан не
icтey келетіндігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығы қандай екендігін есепке
алып, оқу үдерісін осы негізге орайластыра жүргізгені дұрыс. Ceбeбi,
мұғалім оқушы тәрбиесінің жан-жақты өcyiнe және білімінің сапалы болып
қалыптасуына ықпал етуші бірден-бір тұлға.
Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнepi сабағын оқытудың мақсаты мен
міндеттері:
Егеменді Қазақстанның қaзipгi даму бағыты жалпы білім беретін мектепте
жас ұрпақты нарықтық заман талаптары мен мәдениеттің даму деңгейіне сай
дайындауды қажет етеді. Жалпы бiлiм беретін орта мектептерде барлық оқу
пәндерін оқыту, жеке пәндердің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып,
еліміздің болашақ азаматтарын дайындау мен тәрбиелеу мақсатын қояды.
Сондықтан бейнелеу өнepi сабақтары, жас ұрпақтарды ic-әрекетке және ic-
әрекет технологиясын түсінуге бағытталуы тиіс. Еліміздің перспективалық
бағыттарына сәйкес бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнерінің оқу курсы өзінің
мақсатын мынандай кұрылымда айқындайды:
Еліміздің мемлекеттік, қоғамдық және шаруашылық өміріне белсене араласуына
қaбiлeттi, білімді, тәрбиелі азаматтарын дайындау;
Балалардың дүниетанымын қалыптастыра отырып, олардың эстетикалық
көзқарасына дұрыс бағыт олардың эстетикалық талғамын дамыту, эстетикалық
тәрбие беру. Балаларға қоршаған ортаны тануға жәрдемдесіп,
олардың байқампаздығын дамыту, логикалық ойлауға үйрету, көргендерін саналы
ой елегінен өткізе білуге үйрету.
Бейнелеу өнерінің адам өміріндегі практикалық мәнің ашып көрсету, сурет
өнерін еңбек қызметінде қолдана бiлуге үйрету.
Сурет өнерінің элементарлық негізі туралы оқушыларға білім беру,
(бейнелеу өнерінің алғашқы дағдылары мен ептіліктерін меңгерту) бейнелеудің
негізгі бейнелеу тәсілдерімен таныстыру.
Оқушылардың шығармашылық қызметтерін дамыту, өмip шындығын эстетикалық
қабылдауға дұрыс бағдар беру, кеңістікті ойлауын, образдық елестетуін және
қиялын дамыту.
Мектеп оқушыларын әлемдік және қазақ бейнелеу өнерінің даңықты
шығармаларымен таныстыру. Бейнелеу қызметіне деген сүйіспеншілігі мен
кызығушылығын қалыптастыру.
Осы айтылған мақсат міндеттерді тереңірек таныстыратын болсақ олар
мынандай бағыт бағдарларды қамтиды.
Бейнелеу өнерін орта мектепте оқыту ең бірінші жалпы білім,
берушілік мақсаты көздейді. Негізгі міндет адамның ой өpiciн кеңейту,
қоғамның жан - жақты білімді мүшесін тәрбиелеу болып табылады.
Көпшілік қауым мектептеп бейнелеу өнерін жалпы білім беретін пән емес,
ол арнаулы пән деп қарастырады. Бұл дұрыс емес. Жалпы білім беретің мектеп
математиктерді, химиктерді, ақындарды композиторларды дайындамайтыны сияқты
суретшілерді де дайындамайды. Мұндай мамандар арнаулы оқу орындарында
дайындалады. Жалпы білім беретін мектептегі әpбip пән жеке - жеке және
бipлece отырып оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етуге тиіс.
1.2. Көрнекілік - педагогикадағы дидактикалық тәсіл. Ол ақпараттың,
дәрістің, үгіт-насихаттың, жарнаманың танымдылығы мен пәрменділігін арттыру
жолы, оқытуда заттар мен құбылыстардың әр қайсысының өзіне тән жаратылыс
бітімін, әр қилы сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау, қабылдауға
баулиды. Адам қоршаған ортаны, дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі
арқылы түйсінеді. Оның ішінде ақпаратты ең көп қабылдайтын сезім мүшеci -
көру түйсігі. Адам жадында терең таңбаланатыны да осы көру туйсігі арқылы
қабылданған ақпарлар. Бipaқ, туйсік өздігінен құбылыстардың ішкі
байланысын, олардың заңдылығын бейнелей алмайды. Құбылыстардың мәнін адам
санасында ойлау, пайымдау қабілеті ғана бейнелейді. К-тің нәтижесінде
қоршаған өмip құбылысын және заттарды салыстыра ойлап, пайымға салып
қабылдау арқылы оқушылардың мәселені түйсіну дәрежесі артады, сана-сезімі
қалыптасады. Сонымен бipгe, қабылданған ақпарлар оқу міндеттеріне
байланысты талданып, қорытылады. Құралдары оқушыларға бейнелі түсінік беру
үшін ғана емес, оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бipгe, абстракты
байланыстар мен тәуелділікті түсіндіру үшін қолданылады. Бұл дидактиканың
басты қағидаларының бipi болып саналады.
Қазіргі таңда бастауыш мектепте оқыту барысындағы мәселелердің бipi-
оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, сол арқылы олардың бойында
адамгершілік, мейірбандық, имандылық қасиеттерін қалыптастыру. Әр баланың
көркемдік ойлау қабілетін дамыта отырып, шығармашылық, қиял сезімін дамыту.
Ал, осы мәселелер мектеп қабырғасында әлі де болса өз мәнінде шешілмей
келеді. Соның салдарынан оқушылардың сабаққа ынтасының төмендеуі,
енжарлық етек алуда. Мектеп мұғалімдері бастауыш сыныптарда эстетикалық
тәрбиені кітап оқу, ән тыңдау, бейнелеу өнepi мен театр, кино т.б. өнер
түрлері арқылы көркем өнерге тарту, тағы басқа да жолдармен жүргізуге
болатынын біліп қана коймай, оны қалай жүзеге асыру тәсілдерін жан-жақты
меңгеріп, жетілдіруі тиic. Мұғалім эстетикалық тәрбиені балаларға өнер
түрлерін меңгерту арқылы жүзеге асырады.
Оқушы өзін қоршаған ортадан әсемдікті ceзiнyi, оны бағалай білуге талпынуы
бүкіл жан дүниесіне, ceзімінe әсер етеді. Дегенмен, баланың көркем өнерге
деген қабілетінің дамуы, оның шығармашылықпен ұштасуы, бала кезінен
тәрбиенің сол түрлерімен айналыстыруға және жеке - дара ерекшеліктерін
ecкepiп, тәрбиені белгілі мақсатқа бағыттап жүргізуге байланысты.
Оқушылардың көркем білімге талпынуын арттырып, қиялын шарықтатып, бойын
cepгітіп, әдемілік әлеміне ынтасын арттыруда бастауыш мектепте оқытылатын
бейнелеу өнepi пәні зор роль атқарады. Ол дүниені түсініп, көрген-
білгендерін, алған ұғымын көркем образ арқылы бейнелеуге үйретеді.
Төменгі сынып оқушыларына эстетикалық; тәрбие берудің табысты болуы
мұғалімдердің көркем талғам мен білімді игерту әдіс-тәсілдеріне байланысты.
Қазіргі кезеңде бастауыш мектепте мұғалімдер эстетикалық тәрбиені
халқымыздың озық, дәстүрлерін ескере отырып жургізгендері жөн. Өскелең
ұрпаққа эстетикалық; тәрбие беруде бастауыш мектептегі бейнелеу өнepi
сабағының алатын орны зор екендігі белгілі. Ceбeбi бастауыш мектеп
кезеңінде баланың эстетикалық мәдениетінің негіздері қолданылады. Балаларды
әсемдікті сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу бейнелеу өнepi сабағында
эстетикалық тэрбие беру арқылы іске асырылады. Ол үшін біздің зерттеу
жұмысымызда төмендегідей міндеттері қарастырылады:
• бейнелеу өнер пәні арқылы оқушыларды әдемілікке әсемдікке деген
сезімдерін жетілдіріп, жаңа сапалық деңгейге көтеру, эстетикалық мәдениетке
тәрбиелеу;
• бейнелеу өнepi пәні арқылы эстетикалық тәрбие берудің тиімді жолдарын
анықтау;
• бастауыш мектеп кезеңінде эстетикалық тәрбиені ұйымдастыру деңгейін
анықтау;
• оқушылардың көркем өнерге деген қызығушылығының шығармашылықпен
ұштасуына көмектесу;
• бейнелеу өнepi пәні бойынша бастауыш мектеп оқытушылары эстетикалық
тәрбиелеу жолдарын анықтау;
Бастауыш мектепте бейнелеу өнepi сабағында эстетикалық тәрбие беруде
оқушылармен бірлесе отырып, олардың өнердегі әсемдік пен әдемілікті түсіну,
байқай білу қабілетін дамыту үшін көптеген ұжымдық жұмыстар жүргізілсе,
сабақ барысында ойындар мен көрнекіліктер (Түстерді ажырат, Кiм
алғыр, Уйлестіре біл, т.б. ойындар) тиімді қолданылса, оқушылардың
табиғат сұлулығын, көркем өнер шығармаларын эстетикалык мәнде қабылдаулары
күшейіп, сабақ сапалық жаңа деңгейге көтеріледі. Сапалы сабақтарды жүргізу
нәтижесінде бастауыш мектеп оқушыларының эстетикалық танымы, білімі,
талғамы артып қана қоймай, олардың әpбip жұмысы шығармашылықпен ұштасып
отырады. Эстетикалық тәрбие біздің байқауымызда дүние жүзілік және ұлттық
мәдениет салалары негізінде көркемділікке, әсемділікке, сезімталдыққа баулу
жүйелерін қамтиды. Әрине бұл өте ауқымды процесс. Ол жан-жақты зерттеуді,
оны жуйелі түрде меңгеруді талап етеді. Сондықтан бiз өз тәжірибемізде
бейнелеу өнepi сабақтарында эстетикалық тәрбие беру мәселелерін қарастырып
отырмыз.
Эстетикалық тәрбие мәселелері көптеген ғалымдар еңбектерінде жан-жақты
қамтылған. Оның жасөспірімдерді тәрбиелеудегі маңызы, эстекикалық тәрбие
беру мәселелері В.В.Алексеева, А.В.Бакушинский, Г.В.Лабунская,
Н.П.Сакулина, Б.П.Юсов, еңбектерінде қарастырылған халқымыздың ұлттық
мәдени мұралары, қол өнepi, сәндік өнер түрлерінің маңызы туралы Республика
ғалымдары Б.Қазыханов, А.Қасымова, Ә.Тәжімұратов ғылыми еңбектерінде
нақты көрсетілген. Эстетикалық имандылық, адамгершілік тәрбиесін
қалыптастыруда ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрлерін пайдалану Қ.Жарықбаев,
С.Қалиев, Ж.Наурызбаев, С.Қасиманов еңбектерінде көрсетілген.
Кейінгі кездері бейнелеу өнepi пәні құралдары арқылы эстетикалық тәрбиеге
тәрбиелеу С.Аманжолов, Ш.Әлібеков, Б.Әлмуханбетов, Б.Байжігітов, Ж.Балкенов
М.Жанаев еңбектерінде орын алып жүр. Көптеген еңбектерде эстетикалық
тәрбиенің мәні мен мазмұны қамтылып, оның тәрбиелеу жолдары әдіс-тәсілдері
нақты көрсетілмейді. Сондықтан біз эстетикалық тәрбие беру мәселелерін жан-
жақты қарастыруымыз қажет. Сонымен бастауыш мектепте оқыту барысында кезек
күттірмейтін мәселенің бipi; көркем эстетикалық тәрбие, яғни оқушылардың
эстетикалық талғамын дамыту, сол арқылы мейірбандық, имандылық қасиеттерін
қалыптастыру; екіншіден, әр баланың ойлау қабілетін дамыта отырып, киял —
сезімін шарықтату болып табылады. Балалардың эстетикалық
тәрбиесінің маңызды бөлігі көркемдікке тәрбиелеу ісінде кептеген аса
күрделі мәселелер туады. Бала өнер арқылы өзінің көңіл ceзімін тереңірек
түсіне білуі айқын ойлап, терең сезіне білуі тиіс. Оқушы эстетикалық
жағынан дамып, жетілуі үшін тәрбиені өте ерте, баланың жас кезінен бастау
керек. Өйткені, балалық сезім - саналы өмірдің негізі. Бұдан саналы өмip
негіздерін қалауда қандай да бepiк сенімді тipeк қажет болатыны
түсінікті. Қалай болмасын әpбip адам өнердің игілікті күшін бала кезден
бастап сезінеді. Ол біздің рухани жағынан жетілмеуімізге ықпал етеді, жеке
бастау және қоғамдық өмірде кездесетін мәселелердің шешімін табуға, тіптi
кей жағдайда өмірден өз орныңды табуға көмектеседі. Бастауыш мектеп
балаларының талғампаз болуы жазушы, ақын, суретші, композиторлардың
еңбектерін, ондағы сұлулықтарды түсінуі олардың рухани азығын молықтырады,
адам баласы жасаған мәдени мұралармен таныстырып, соңы терең түсінуге
тәрбиелейді. Эстетикалық тәрбие дегеніміз - бұл-әсемдік, сұлулық, пәктік
қасиеттер музыка, сурет, кескіндеме, мүсін және қолөнері өнерлері арқылы
оқушылардың көркемдік танымын, сезімін тәрбиелеу. Бейнелеу өнерінің барлық
түрлері графика, живопись, мүciн, сәндік - қолданбалы өнepi, сәулет өнepi,
барлығы эстетикалық тәрбие нeгiзi. Көркем өнер туындыларын түciнiп сезіну,
оның образдық мазмұнын қабылдау, өнер тілін меңгеру барлығы оқушылар
эстетикалық талғамын дамытады. Қоршаған ортамен таныстыру арқылы
оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру бейнелеу өнepi сабақтары
түрлерінде icкe асырылады. Әсемдіктің таптырмас бұлағының бipi - табиғат.
Ол эстетикалық сезімнің, байқампаздықтың, қиялдың дамуына үлкен әсерін
тигізеді. Табиғат үйлесімділігінің, әсемдіктің, мәңгілік жаңарудың, әлемдік
заңдылықтары әртүрлі болу, түстер, жарық сәулелер, көмегі арқылы балаларды
әсемдік талғампаздық, әсерленушілік сезімге тәрбиелейді. Табиғатқа топ
серуен жасаған кезде балалардың оның сұлулығын эстетикалық тұрғыда
қабылдауы күшейеді, ерекше рухани серпеліс, сүйсіну ceзiмi туады, ойы мен
қиялы дамиды. Жаратылыстың сұлу заттары бала жанында сұлулық
сезімдерін оятады. Үлбіреген түрлі түсті гүл, көк -жасыл орман - тоғай,
сылдыраған су, шексіз
- түпсіз кек теңіз, түрлі шөптермен, толқынданған дала, бұлтпен бел алысқан
асқар тау, сұлу ай, жұлдызды түн, міне, осылар секілді жаратылыстың сұлу
көріністері, жанды билеп әкететін ән, күй, сиқырлы сөз, сұлу суреттер әcepi
баланың жанында бip сұлулық толқынын оятып тұрғызбай қоймайды.
Егер оқушылар табиғатты қорғауға атсалысатын болса, табиғаттың
эстетикалық ықпалы да айтарлықтай арта түседі. Miнe, сондықтан да балардың
табиғатты қорғау әрекеттеріне (күнделік жүргізуде, табиғат бұрышында,
мектептің оқу -тәжірбие алаңында, табиғатта, үйде, жануарларды қорғауда,
мектеп ауласын көгалдандыруда) эстетикалық бағыт беру керек.
Табиғатқа, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты тәрбиелеу үшін дүнижүзілік
және ұлттық көркем туындылар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz