Туыстас малды жұптастыру
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1 Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Инбридинг туралы қысқаша мәлімет ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Инбридингті қолданудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
1.3 Туыстас малды жұптастыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
2 Зерттеу бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Мал шежіресі бойынша инбридинг дәрежесін анықтау ... ...
2.2 Инбридинг жолымен шыққан тұқымдарды сипаттау ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
3
5
5
8
11
16
16
17
23
25
Кіріспе
Бүкіл әлемде асыл тұқымды жануарларды өсіру жануарлардың барлық түрлерінің тұқымдарын өсіруде ең маңызды орынға ие. Сонымен бірге бұл әдісте жұптаудың екі түрі пайдаланылады: туыс емес (аутбридинг) және туыс аралық (инбридинг). Туыстық байланысы бар жануарларды шағылыстыру инбридинг деп аталады.
Инбридинг (ағылш. inbreeding, in - ішінде және breeding -өсіру), бір популяциядағы организмдер ішінде жақын туыстас түрлерді шағылыстыру. Инбридингтің ең жиі кездесетін түрі - өзін-өзі ұрықтандыру.
Мал шаруашылығы тәжірибесінде бұл әдіс XVIII ғасырдан бастап жаңа тұқымдарды жасау кезінен қолданылған.
Инбридинг туралы ілім ертеде пайда болған. Асылтұқымды жылқылар өсірудегі инбридингтің теріс әсері арабтарда XIII ғасырда -ақ белгілі болған. Зиянды әсерін білген соң адамдар туыстас малды жұптастыруға тыйым салатын қатаң заңдарды қолданған. Дегенмен капитализмнің даму кезеңіндегі нарық талаптарына сай жаңа тұқымдар шығару инбридингті кең пайдаланумен іске асырылды. Жаңа тұқымның негізін салушылардың белгілерінің кейінгі ұрпақта бекітілуі, әдетте, тығыз инбридинг арқылы жүргізілді.
XX ғасырдың басынан инбридингтің рөлі мен маңызы, оның биологиялық мәні жөніндегі мәселеге генетиктер көңіл бөле бастады. Мысалы, С.Райт теңіз шошқаларының инбредтелген 23 семьясында 20 буындық ұрпақ бойы ағасы x қарындасы үлгісімен туыстас жұптастыру қолданылған. Инбредті 20 буындық ұрпақты өсіру барысында 35 аталық іздің 27 жойылып кеткен, қалғанының тіршілік қабілеті, тірілей салмағы мен өсімталдығы кеміген.
Алайда тығыз инбридингті өте кең ауқымда жүйесіз қолдану жануарлардың өнімділігі мен өсімталдығын, дене бітімінің мықтылығын кемітеді. Инбридингтің негізгі мақсаты - бір түрдегі асыл тұқымды ата тектің ұрықтық белгілерін сақтау. Инбридингке қойылатын басты талап - оның мақсаттылығы. Инбридингті тек бір, асыл тұқымдық көрсеткіштері жоғары жануарға жүргізу керек. [1]
Зерттеу бөлімінің өзектілігі: Кезек және өндірістік будандастыруларға ортақ қатысы бар соңғы жаңалықтарға олардың сәтті болуы үшін будандастыруға қатысатын мал тұқымдарының жалпы үйлесімділігі емес, жекелеген аталық із бен аналық ұя арасындағы үйлесімділіктің маңыздылығы жатады. Осыған орай, әсіресе құс және шошқа өсіруде белгілі бір тұқымнан инбридинг жолымен шығарылған арнайы аталық із өкілдерін сондай жолмен шығарылған екінші тұқымның аналық ұясының өкілдерімен будандастыру кең өріс алып отыр. Бұл тұрақты гетерозистік будан алуды қамтамасыз етеді.
Биологиялық тұрғыдан алғанда жануарларды ұзақ уақыт жақын инбридинг қолданып өсірудің орташа және шалғай инбридинг қолданудан айырмашылығы бар. Орташа инбридингте гомозиготалық болмашы ғана өседі, бірақ мұның есесіне аса кқрнекті ата-тектің ұрпақтың генотипіне әсері барынша артады, яғги генетикалық ұқсастық пайда болады. Орташа инбридинг организмнің мықтылығы мен түрлі ауруларға резистенттілігін кемітпей, бағалы тұқым қуалайтын қасиеттерінің нығая түсуіне себепші болады.
Тұқым мал зауытының негізгі міндеті - бағалы қасиеттері ұрпағына тұрақты берілетін асылтұқымды аталықтар өсіру. Тұқымның қасиеттерін жақсартатын мұндай аталықтарды шығаруда туыстас малды жұптастыру қолданылады. Тұқым аса құнды аталық іздерден шыққан айрықша сапалы мал топтарынан тұруы, тұқымдағы аталық іздермен жүргізілетін жұмыс орташа инбридингті пайдалану арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Мұндай жұптастыру өте бағалы малды - аталық іздерді жалғастырушыларды алуға мүмкіндік береді.
Мақсаты: Тұқым асылдандыру жұмысындағы инбридингтің маңызы мен орнын анықтау.
Міндеті:
Жалпы инбридингтің жүргізу жолдары мен даму мүмкіншіліктерін қарастыру;
Мал шежіресі бойынша инбридинг дәрежесін анықтау;
Инбридинг жолымен алынған тұқымдарды атап көрсету;
1.Әдебиетке шолу
1.1 Инбридинг туралы қысқаша мәлімет
Инбридинг (ағылшынша іn - ішінде және breedіng - будандастыру) - бір популяция аумағындағы жақын түрлердің будандасуы. Жақын туысты будандастырылатын организмдерде қандай да болмасын гендегі аллельдердің (гендер жұбының бірі) бірдей формасының көріну мүмкіндігі жоғары болады. Осыған байланысты, жақын текті будандасудың деңгейі өскен сайын гомозиготалы организмдердің пайда болу жиілігі де артады.
Инбридинг дегеніміз - туыстық жақындығы бар жануарларды жұптастыру жүйесі. Туыстас малды жұптастыру тұқымды таза өсіруде, тұқым түзуде, аталық іздер бойынша өсіруде кеңінен қолданылатындықтан, оның тұқым асылдандыру жұмыстары жүйесінде алатын орны мен мәнін қарастырайық. Инбридинг жөніндегі ілім ертеден-ақ пайда болған. Арабтарда ХІІІ ғасырдан-ақ инбридингтің асыл тұқымды жылқылардың ұрпағына теріс әсер ететінін көрсететін көптеген фактілер жинақталған. Адамдар қан араласуының әсерін білген де туыстас малды жұптастыруға тиым салатын қатаң заңдар да қолданылған.
Алайда, жоғарыда айтып өткеніміздей, капитализмнің даму кезеңінде көптеген елдерде тұқым түзілу процесі қауырт басталды. Рынок талаптарына сай келетін жаңа тұқымдар шығару инбридингті кеңінен пайдалану арқылы жүзеге асырылды. Тұқымның негізін салушылардың бірқатар ұрпақта бекітілуі, әдетте, тығыз инбридингті қолдану арқылы жүргізілді. Шортгорн тұқымының негізін салушы Губбактың, жылқының Орлов тұқымындағы Барс 1-дің, шошқаның украиндық далалық ақ тұқымдығы Аскания 1-дің тұқым қуалаушылық қасиеттерін бекіту жұмыстары да осылай өткен. Алайда тығыз инбридингіті өте кең, кейде ойланбастан, ешқандай мақсатсыз қолдана беру көптеген зауытшылар үшін үлкен зиян келтіргеніне де назар аудару керек. Тығыз инбридингті жүйесі қолдану жануарлардың өнімділігі мен өсімталдығын, дене бітімінің мықтылығын кемітті. Жақсы табындар жүдеп, нашарлай бастады, оның ішінде мысалы, дүние жүзінің басқада елдеріне жеткізілген малдың әйгілі шортгорн тұқымының сапасы төмендеп кетті. Осының нәтижесінде инбридингке деген көзқарас та өзгерді. Сөйтіп бұл әдіске күдікпен қарай бастады. [2]
Р.Беквеллдің шәкірттері ағайынды Колингтер шортгорн тұқымында туыстық жұптастырудың зиянды салдарын өз замандастарынан ертерек түсініп, бұл жануарларды, тіпті, галловей тұқымының бұқаларымен будандастыруға мәжбүр болды. Ол кезде туыстас малды жұптастырудың зияндызардаптарының себептерін түсіндіретін теория болмаса да, инбридингтен сақтана бастады. Инбридингке деген ынта ХІХ ғасырдың аяғында ғана қайтадан көтеріле бастады. Тұқыммал кітабын талдау, көптеген зауыттық тұқымдардың шығу тарихын зерттеу тұқым түзілуіндегі инбридингтің тиімді ролін көрсетті. П.Н.кулешов ұзаққа созылған тығыз инбридингті тиімсіз деп есептегенімен, туыстас мал жұптастыру әдісін қолдануды ашық қорғап шықты.
Инбридинг кезінде биологиялық процестер тұқым қуалаушылық үшін ізсіз өтпейді, олар оны өзгертеді. Алайда мұндай өзгерістерді организмнің бір жақты зақымдалуы ретінде қарастыруға болмайды. Бұл өзгерістер организміңді тіршілік процестері өтетін басқаша жағдайларға қояды, организм олармен әрекеттесіп, жеңіп шығуға тырысады. Егер ол жеңіп шықса, онда тұқым қуалаушылықта жаңа белгі пайда болады. Инбридингте жаңа белгілердің пада болуы тек мутациялардың есебінен жүзеге асады.
Инбридингтің әсерімен организмде терең анатомиялық-физиологиялық қайта құру жүреді, ол организмнің қарсы тұра алушылығы мен өсімталдығын кемітіп, ұрпақтың ұсақтануына себепші болады. Қазіргі кезде, қолдан ұрықтандыру, ең таңдаулы аталықтардың спермаларын ұзақ сақтау, зиготалар трансплантациясы қолданылып отырған жағдайда стихиялы, яғни бақылаусыз инбридингтің қаупі артып отыр.
Туыстас малды шағылыстырудың негізгі мақсаты - белгілі бір аса көрнекті ата-тектің нақты белгілері бойынша тұқым қуалайтын ерекшеліктерін сақтау. Инбридинг мақсатты түрде және белгілі бір, өте мол өнімді жануарда пайдалануда ғана жүргізілуі тиіс. Мал шежіресі бойынша инбридингті анықтау. Біртекті жұп таңдаудың ең жоғарғы сатысы инбридинг, яғни туыстастарды шағылыстыру.
Инбридингтің биологиялық салдары өте күрделі және ол әлі толық зерттеліп болмаған құбылыс. Дегенмен ата-енесінің жақсы қасиеттері берік сақталған және тұқымдық қасиеттері өте жоғары жекелеген ұрпақ алудың қазіргі уақытта сенімді жолы инбридингті пайдалану болып септеледі. Сондықтан, кез-келген сұрыпталатын немесе таңдап алған малдың ата-енесінің туыстық ара-қатынасын біліп, қолданылған шағылыстырудың түрін (инбридинг пен, аутбридинг пе) анықтаудың маңызы үлкен. Кез-келген малдың алыну жолында инбридинг болған-болмағанын оның шежіресі бойынша тез де оңай анықтауға болады. Ол үшін, әуелі шежіреде енесі жағынан да, әкесі жағынан да қайталанып кездесетін ата-бабаның бар жоғын анықтау қажет. Еге екі жақта да кездесетін ата-баба болса, онда тексеріліп отырған малдың ата-енесі бір-бірімен туыстас болғаны, яғни оның туыстас малды шағылыстыру (инбридинг) арқылы алынғанының дәлелі. Инбридингтің жағымды немесе жағымсыз, зиянды әсерінің білінуі шағылыстырып отырған қандас малдың туыстық дәрежесіне байланысты. Сондықтан екі малдың бір-біріне туыстық дәрежесін және инбридинг коэффициентін анықтайтын бірнеше тәсілдер қолданылады.
Селекция тәжірибесінде инбридингті жіктеу үшін Шапоруж бен Пуш тәсілі жиі қолданылады. Шапоруж шежіреде әрі ата, әрі ене жағында кездесетін, яғни ортақ ата-тек орналасқан шежіре қатарының реттік нөмірін рим цифрларымен және арасына сызықша салып көрсетуді ұсынды. Ата-баба қатарының реттік санын санау пробандтан басталады, яғни әке мен ене қатары бірінші (І), аталар мен әжелер қатары екінші (ІІ) деп, әрі қарай кете береді. Мұнда, әуелі ортақ атаның ене жағындағы орналасқан қатарлары жазылады да, сызықша қойылады. Сызықшадан кейін ортақ атаның шежіреде әке жағынан орналасқан қатарларының реттік саны көрсетіледі. Мысалы ІІ-ІІІ деген жазу, ортақ атаның үшінші қатарда орналасқанын көрсетеді; немесе ІІ, IV - ІІІ деп жазылса, онда ортақ ата - енесі жағынан екі рет - екінші және төртінші қатарларда, ал әке жағынан - үшінші қатарда орналасқандықтан көрсетеді.
О.А. Иванова жануарларды аталық іздер бойынша өсіруде қолданатын инбридингтің төрт типін ажыратады:
Әкесі мен шешесі белгілі бір ғана аталық із өкілдері, олардың шежіресінде ортақ ата-тегі тікелей аталық жағынан кездеседі, яғни аталық із ішіндегі жұптастыру жүргізіледі. Инбридингтің бұл типінде аталық із басшысының тұқым-қуалаушылык қасиеттері нығайтылғанымен, басқа аталық іздерді тұқым қуалаушылығы мен әсері кемиді, ұрпағының мықтылығы мен төзімділігінің де кемуі мүмкін. Инбридингтің бұл типі жылқы өсіруде сирек (6,9 %), ірі қара өсіруде жиі (20-25%) пайдаланылады.
Әкесі мен шешесі әр түлі аталық іздерге жатады, бірақ шешесінің шежіресіңде әкесі жататын аталық іздің басшысы және басқа, енесі жататын аталық із басшысы кездеседі. Инбридингтің бұл типінің бірінші типтен ерекшелігі -- енесінің шежіресінде әкесінің аталық ізінің негізін салушының әсері енесінің әкесі жататын басқа аталық іздің әсерімен әлсіретілген. Іс жүзінде бұл аталық іздер кроссы болып табылады. Мұндай инбридинг малдың генотипін байытады, ол бірінші типке қарағаңда, жиі кездеседі (жылқы өсіруде -- 23,6%, ірі кара өсіруде -- 16-30%).
Әкесі мен шешесі әр түрлі аталық іздерге жатады, бірақ әкесінің шежіресінде енесі жататын аталық ізінің негізін, сондай-ақ енесі жағынан басқа аталық іздің негізін салушы кездеседі.Мұндай инбридинг -- екі-үш ұрпақтың бойында жүргізілетін кәдімгі аталық іздер кроссы. Кросстың нәтижесінде алынған аталықты қайтадан сол аталық іздің аналығымен жұптастырады, яғни инбридинг енесі жататын аталық іздің негізін салушыға қарай жүргізіледі. Мұнда жұп құру әртекті болады да, ұрпақ организміндегі зат алмасу қарқыны мен дене бітімінің мықтылығын арттырады (микрогетерозис). Жылқының орлов тұқымында мұндай инбридинг, О.А. Иванованың мағлұматтары бойынша, 12,9%, ірі қара өсіруде - 11-20%.
Әке-шешесі - әр түрлі аталық іздер өкілдері, бірақ екеуінің де шежіресінде енелік ата-тек арқылы өтетін үшінші аталық іздің негізін қалаушы кездеседі. Бұлайша жұптастыруда екі аталық із кроссы жүргізіліп, ол аналықтар арқылы үшінші аталық ізбен инбридингке ұштасады, яғни үш аталық іздік кросс қалыптасады. Мұндай туыстық жұптастыру ұрпақтың гомозиготалығын арттырмағанымен, өнімділігі және төлінің тіршілік қабілеті жөнінен жоғары класты ұрпақ береді. Мұндай инбридингті айтарлықтай жиі пайдаланады (жылқы өсіруде -- 46,8%, шошқа өсіруде - 28- 44%). [3]
1.2 Инбридингті қолданудың маңызы
Мал шаруашылығындағы инбридинг - жақын текті жануарлардың шағылысуы болып табылады. Мұны мал шаруашылығында ұзақ уақыт қолдану, жануарлардың тіршілік қабілетінің төмендеуіне, организмнің кейбір ауруларға қарсы тұру қасиетінің кемуіне, олардың беретін өнімі мен сапасының нашарлауына, мутантты ұрпақтардың пайда болуына және төлдерінің өлі тууына әкеледі. Тәжірибеде инбридингті жиі қолдану - организмде әр түрлі тұқым қуалайтын аномалиялардың көрінуіне әкеледі. Мысалы, селекцияда өсімдік сорттары мен асыл тұқымды малдың бағалы белгілерін сақтау мақсатында инбридингтің орташа деңгейі ғана қолданылады.
1. Губбак (Шортгорн тұқымының негізін салушы). Жылқының Орлов тұқымындағы Барс 1-дің, шошқаның украиндық далалық ақ тұқымдағы Аскания 1-дің тұқым қуалаушылық қасиеттерін бекіту жұмыстары инбридингті пайдалану арқылы жүзеге асырылды.
2. Р.Беквелл (ХІХ ғасырдың селекционері). Тұқымның негізін салушылардың аса көрнекті қасиеттерін ұрпағында орнықтыру мақсатында кез-келген дәрежедегі инбридинг пайдалануды жаңа тұқымдар шығарудың негізі деп есептеді. Инбридингті жануарларды мол азықтандыруға ұштастыра отырып, экстерьері жөнінде мақсатты сұрыптау және аталықтар ұрпағының қасиеттеріне қарай бағалауда қолдану Р.Беквеллге зор абырой әкелді. Ол және оның шәкірттері ірі қараның (шортгорн және герефорд), жылқының (шайр), қойдың (лейстер), шошқаның (ірі ақ) тамаша тұқымдарын шығарды.
3. Х.Уайтсон. Оның табынында не бары 6 тоқал қара сиыры, 10 тайынша мен бір ғана бұқа ұстаған. Ол сондықтанда ірі қараның Абердин-ангус етті тұқымын шығаруда инбридингті пайдаланған.
4. А.Г. Орлов пен В.И. Шишкин. Орловтың желісті жылқысын шығаруда инбридингті шебер пайдаланған. Олар тұқымның типін өзгерту және туыстас малды жұптастырудың зиянды салдарын бәсеңдету мақсатында тығыз инбридингті және аталық іздер бойынша өсіруді, сондай-ақ буындарды бастапқы тұқымдардың (голланд) бірімен қайталап будандастыру тәсілін пайдаланды.
5. С.И.Бестужев. Ірі қараның бестужев тұқымын шығаруда әр түрлі типті және туыстық дәрежесі түрліше инбридинг қолданды.
6. П.Н. Кулешов, Д.А.Кисловский. Көптеген зауыттық тұқымдардың шығу тарихын зерттеп, тұқым түзілуіндегі инбридинг әдісінің тиімді ролін көрсетті. Олар ұзаққа созылатын тығыз инбридингті тиімсіз деп есептегенімен, туыстас малды жұптастыру әдісін қолдануды ашық қорғап шықты. Жылқылардың Орлов тұқымын шығаруда тұқымның әйгілі аталық іздерін қалыптастырып жетілдіруде қалыпты инбридингтің пайдалы болатынын көрсетті.
7. М.Ф.Иванов (Тұқым түзудің ғылыми әдісінің негізін қалайшы). Инбридинг әдісін селекциялық жұмыстың қажетті әдісі деп есептейді.
8. С.Райт (Генетик). Теңіз шошқаларына жүргізілген тәжірибелерінде инбредтелген 23 семьяда 20 ұрпақ бойы ағасы х қарындасы үлгісімен туыстас жұптастыру қолданған. Инбредті 20 ұрпақ теңіз шошқаларын өсіру барысында 35 аталық іздің 25-сі жойылып кеткен. Қалған аталық іздердің тіршілік қабілеті, тірілей массасы мен өсімталдығы кеміген. Инбредті аталық іздердің жануарларын өзара шағылыстыру ұрпақтың сапасын біраз жақсартуға да себепші болған. Мал тұқымын жақсартуда инбридингті қолдану жөніндегі С.Райт қорытындыларының маңызы өте зор.
9.Глембоцкий мағлұматтарына қарағанда, қойдың прекос тұқымын инбредтегенде іс тастаған саулықтардың саны туыстас емес малды жұптастырумен салыстырғанда 2 есе көп болған. Инбридингтің ұрпақ қасиеттеріне теріс әсер ететіндігін дәлелдеген.
10.Нильсон-Эле, Д.Лаш. Туыстас малдарды жұптастырғанда жануарлардың өсуі бастапқы даму кезеңінде баяу болатынын атап көрсетті. Лейбен Калифорнияда инбрингті ірі қарада пайдаланудың көп жылдық тәжірибелерінің мағлұматтарына сүйене отырып, инбридинг артуының әрбір пайызына сүттілік 210 фунтқа, ал сүт майы мөлшерінің 0,9 фунтқа кемігенін хабарлайды.
11.О.А. Иванова, Е.Я.Борисенко. Ғалымдардың көптеген жануарларға жүргізген көлемді зерттеулері нәтижесінде инбридингтің сиырлар өсімталдығы мен бұзаулардың тіршілік қабілетіне теріс әсер ететінін анықтаған.
12. Ч.Дарвин. Өзінің 10 жылдан астам уақыт бойы жүргізген бақылаулары мен тәжірибелерінің негізінде тіршіліктің ұлы заңын тұжырымдады. Бұл заң бойынша бүкіл жандының бәрі өздерімен қандық туыстығы жоқ дарақтармен кездейсоқ будандасудан пайда табады, ал ұзаққа созылатын туыстардың жұптасуы зиян келтіреді деп тұжырымдады.
13. Е.К. Меркурьеваның айтуынша Швецияға Нидерландыдан әкелінген Дольф атты голштин бұқасы жүнсіздік генін таратушы болған, ал А100-А-48 остфриз бұқасы бұзаулаудың аяқсыз туатын генін таратқан. Бұл аталықтар асыл тұқымды табындарға көптеген зиян келтірді. Инбридинг кезінде көбіне жануарлардың тіршілік қабілеті мен олардың өнімділік артықшылықтары үшін аса маңызды болып табылатын аллельдердің жойылуы байқалады. [4]
Алайда тығыз инбридингті өте кең, кейде ойланбастан, ешқандай мақсатсыз қолдана беру көптеген зауытшылар үшін үлкен зиян келтіргеніне де назар аудару керек. Тығыз инбридингті жүйесіз қолдану жануарлардың өнімділігі мен өсімталдығын, дене бітімінің мықтылығын кемітті. Жақсы табындар жүдеп, нашарлай бастады, оның ішінде мысалы, дүние жүзінің басқа да елдеріне жеткізілген малдың әйгілі шортгорн тұқымының сапасы төмендеп кетті. Осының нәтижесінде инбридингке деген көзқарас та өзгерді. Сөйтіп бұл әдіске күдікпен қарай бастады. Р. Беквеллдің шәкірттері ағайынды Коллингтер шортгорн тұқымында туыстық жұптастырудың зиянды салдарын өз замандастарынан ертерек түсініп, бұл жануарларды, тіпті, галловей тұқымының бұқаларымен будандастыруға мәжбүр болды. Ол кезде туыстас малды жұптасты-рудың зиянды зардаптарының себептерін түсіндіретін теория болмаса да, инбридингтен сақтана бастады.
Зоотехникалық әдебиеттерде және мал шаруашылығы тәжірибесінде жақын туыстас шағылыстыру жөнінде әртүрлі кері пікірлерді кездестіруге болады. Туыстас малдарды шағылыстыруға байланысты кері пікірлермен қоса, көптеген жағымды жақтарды сипаттайтын да мәліметтер жеткілікті. Сол себепті нәтижелердің әр алуан болуына қарай зерттеуші-мамандар тәжірибеде бұған әртүрлі карайды. Кейбіреулері, тұкымды жетілдірудің бірден-бір әдісі деп таныса, басқалары жақын туыстас шағылыстырудың тұқым қуалаудағы кері әсеріне жүгінеді. Бірақ, қалай болғанның өзінде, туыстас шағылыстырудың биологиялық жайттары жайлы пікір белгілі бір жағдайға негізделуі тиіс. Барлық тұрғыда да малдардың туыстық дәрежесінен бастап, көптеген факторларды ескерген жөн.
Мал шаруашылығында инбридингті қолдану бұрыннан басталған. Зоотехникалық әдебиеттерде және мал шаруашылығы тәжірибесінде жақын туыстас шағылыстыру жөнінде әртүрлі кері пікірлерді кездестіруге болады. Туыстас малдарды шағылыстыруға байланысты кері пікірлермен қоса, көптеген жағымды жақтарды сипаттайтын да мәліметтер жеткілікті. Сол себепті нәтижелердің әр алуан болуына қарай зерттеуші-мамандар тәжірибеде бұған әртүрлі қарайды. Кейбіреулері, тұкымды жетілдірудің бірден-бір әдісі деп таныса, басқалары жақын туыстас шағылыстырудың тұқым қуалаудағы кері әсеріне жүгінеді. Бірақ, қалай болғанның өзінде, туыстас шағылыстырудың биологиялық жайттары жайлы пікір белгілі бір жағдайға негізделуі тиіс. Барлық тұрғыда да малдардың туыстық дәрежесінен бастап, көптеген факторларды ескерген жөн. [5]
Ч. Дарвин туыстас жануарлардың жыныс клеткаларының өте ұқсастығы инбридингтің зиян келтіруінің басты себебі деп есептеді. Мұндай ұқсас жыныс клеткаларының қосылуынан организмнің қоршаған ортадағы өзгеріп отыратын жағдайларға бейімделуін тарылтатын жұтаң тұқым қуалаушылық пайда болады. Туыстас жануарлардың жыныс клеткаларының жеткілікті дәрежеде әр түрлі сапада болмауы - инбредтік депрессияның (Дарвин бойынша) негізгі себебі. Осы заманғы генетика тұрғысынан қарағанда туыстас малды жұптастырудың зиянды әсер ету себебі инбредті жануарларда гомозиготалылықтың өсуі болып табылады.
Генетиктер организмде өлімге душар ететін гендердің болатынын және олардың, әдетте рецессивті күйде кездесетінін анықтады. Инбридинг кезінде гомозиготалылықтың күрт артуына байланысты мұндай гендердің гомозиготалы күйге өту мүмкіндігі де артады, ал бұл инбредті жануарларда ауытқушылықтың тууына себепші болады. Инбридинг кезіндегі гомозиготалық тіршілік қабілеті төмен рецессивті гомозиготалардың пайда болуына, гетерозиготалардың жиілігінің кемуіне (бұл организмнің тіршілік қабілетін айтарлықтай кемітеді), гендер комбинациясының өзгеруіне ұштасады.
Әр түрлі авторлардың мағлұматтарын қорыта келе, ірі қарада инбридинг кезінде 40-тан астам гомозиготалы летальды, кемістіктері мен ауытқушылықтары -- тұқым қуалайтын кариотиптері кездеседі деуге болады. Біздің асыл тұқымды мал табындарымызды бұлардан тазарту қажет. Сиырларда олардың көбею қабілеті мен өсімталдығына әсер ететін, туа біткен 23 кемістік табылған. Инбредті аталықтарды қарқынды пайдаланудан табын мен тұқымдағы рецессивті летальдардың тез таралуы мүмкін. Мәселен Е.К. Меркурьеваның хабарлауынша, Швецияға Нидерландыдан әкелінген Дольф атты голштин бұқасы жүнсіздік генін таратушы болған, ал А100 - А - 48 остфриз бұқасы бұзаулаудың аяқсыз туатын генін таратқан. Бұл аталықтар асыл тұқымды табындарға көптеген зиян келтірді. Инбридинг кезінде көбіне жануарлардың тіршілік қабілеті мен олардың өнімділік артықшылықтары үшін аса маңызды болып табылатын аллельдердің жойылуы байқалады. Олардың жоқтығы да инбредті депрессияның себебі болуы мүмкін.
А.Х. Орлов пен В.И. Шишкин орловтың желісті жылқысын шығаруда инбридингті шебер пайдаланған. Олар тұқымның типін өзгерту және туыстас малды жұптастырудың зиянды салдарын бәсендету мақсатында тығыз инбридингті және аталық іздер бойынша өсіруді, сондай-ақ будандарды бастапқы тұқымдардың (голланд) бірімен қайталап будандастыру тәсілін пайдаланды. С.И. Бестужев ірі қараның бестужев тұқымын шығаруда әр түрлі типті және туыстық дәрежесі түрліше инбридинг қолданды. [6]
Инбридинг кезіндегі биологиялық процестер тұқым қуалаушылық үшін ізсіз өтпейді, олар оны өзгертеді. Алайда мұндай өзгерістерді организмнің бір жақты зақымдалуы ретінде қарастыруға болмайды. Бұл өзгерістер организмді тіршілік процестері өтетін басқаша жағдайларға қояды, организм олармен әрекеттесіп, жеңіп шығуға тырысады. Егер ол жеңіп шықса, онда тұқым қуалаушылықта жаңа белгі пайда болады. Инбридингте жаңа белгілердің пайда болуы тек мутациялардың есебінен жүзеге асады. Инбридингтің әсерімен организмде терең анатомиялық-физиологиялық қайта құру жүреді, ол организмнің қарсы тұра алушылығы мен өсімталдығын кемітіп, ұрпақтың ұсақтауына себепші болады
Туыстас малды шағылыстырудың негізгі мақсаты - белгілі бір аса көрнекті ата-тектің нақты белгілері бойынша тұқым қуалайтын ерекшеліктерін сақтау. Инбридинг мақсатты түрде және белгілі бір, өте мол өнімді жануарды пайдалануда ғана жүргізілуі тиіс.
1.3 Туыстас малды жұптастыру
Туыстық жақындығы бар жануарларды жұптастыру жүйесін инбридинг деп атайды. Туыстас малды жұптастырудың мақсаты - өнімі өте жоғары, өте сапалы қасиеті бар ата тектің қажетті белгілері бойынша тұқым қуалайтын ерекшеліктерін ұрпағында сақтау. Инбридинг термині әдетте тек жануарлар үшін қолданылады, ал өсімдіктерге қатысты "инцухт" (нем. Inzucht) термині қолданылады. Сонымен бірге инцухт термині адамдар арасындағы қатынасты сипаттағанда да, мысалға адам өмірбаянында қолданылады.
Жақын туысты будандастырылатын организмдерде қандай да болмасын гендегі аллельдердің (гендер жұбының бірі) бірдей формасының көріну мүмкіндігі жоғары болады. Осыған байланысты, жақын текті будандасудың деңгейі өскен сайын гомозиготалы организмдердің пайда болу жиілігі де артады. Инбридингті мал шаруашылығында ұзақ уақыт қолдану, жануарлардың тіршілік қабілетінің төмендеуіне, организмнің кейбір ауруларға қарсы тұру қасиетінің кемуіне, олардың беретін өнімі мен сапасының нашарлауына, мутантты ұрпақтардың пайда болуына және төлдерінің өлі тууына әкеледі. Тәжірибеде инбридингті жиі қолдану - организмде әр түрлі тұқым қуалайтын аномалиялардың көрінуіне әкеледі. Мысалы, селекцияда өсімдік сорттары мен асыл тұқымды малдың бағалы белгілерін сақтау мақсатында инбридингтің орташа деңгейі ғана қолданылады. [7]
Селекционерлер инбридингті белгілі бір түрдің мақсатты қасиеттерін арттыру үшін қолданылады. Инбридингтің селекцияда қолданылатын ең көп тараған түрі - лайнбридинг (англ. linebreeding). Лайнбридингте ұрпақтар бір ата-бабасымен шағылыстырылады.
Диплоидты ағза әр генді екі көшірмеден алып отырады(аллель) - әкесінен және шешесінен. Егер осы гендер бір-бірінен ерекшеленетін болса, онда түр гетерозиготалы деп аталады, ал жоғарыдағы екі ген бір-бірінен ерекшеленбейтін болса, гомозиготалы деп аталады. Инбридингте ата-аналар туыстас болып табылады, сол себепті олардың ағзасында көптеген бірдей гендер кездеседі, нәтижесінде гомозиготалы көрсеткіш әр ұрпақ сайын жоғарылай береді.
Сурет 1 - Будандастыру мысалы
Инбридингке деген ынта XIX ғасырдың аяғында қайтадан көтеріле бастады. Тұқыммал кітабы жазбаларын талдау, көптеген зауыттық тұқымның шығу тарихын зерттеу инбридингтің тұқым шығарудағы тиімді әсерін көрсетті. П.Н.Кулешов ұзаққа созылатын тығыз инбридингті тиімсіз деп есептегенімен, туыстас малды жұптастыруды қолдануды ашық қорғап шықты. Д.А.Кисловский орлов желісті жылқысын шығару мысалымен тұқымды тұқымның әйгілі аталық іздерін қалыптастырып, жетілдіруде орташа инбридингтің пайдалы болатынын көрсетті. Тұқым шығарудың ғылыми негізін қалаушы М.Ф.Иванов та инбридингті селекциялық жұмыстың қажетті әдісі деп есептеді.
Туыстас малды жұптастырудың зиянды әсерін инбредтік депрессия немесе инбредтік дегенерация деп атайды. Әр тұқымның әр түрлі популяцияларындағы инбредтік депрессия дәрежесі әр түрлі болады. Бұл тіршілік қабілетіне, өнімділігіне және дене бітіміне әсер ететін популяцияның бастапқы гетерозиготалылығының түрліше болуына байланысты. Шошқа, жылқы және құс инбридингтің зиянды зардаптарынан күштірек зиян шегеді.
Ч.Дарвиннің тұжырымдаған тіршіліктің ұлы заңындағы бүкіл жандының бәрі өздерімен қандық туыстығы жоқ кездейсоқ будандасудан пайда табады, ал ұзаққа созылған туыстастардың жұптасуынан зиян шегеді деген пікірінің маңызы зор. Ол туыстас жануарлардың жыныс жасушаларының өте ұқсастығы инбридингтің зиян келтіруінің басты себебі деп есептеді. Мұндай ұқсас жасушалар қосылуынан организмнің қоршаған ортадағы өзгеріп отыратын жағдайларға бейімделуін тарылтатын жұтаң тұқымқуалаушылық пайда болады, бұл инбредтік депрессияның негізгі себебі. Осы заманғы генеика тұрғысынан, туыстас малды жұптастырудың зиянды әсерінің себебі - инбредті жануарлар генотипіндегі гомозиготалылықтың өсуі болып табылады.
Ірі қарада инбридинг нәтижесінде 40-тан астам гомозиготалы летальды, кемістіктері мен ауытқушылықтары бар кариотиптер анықталған, сиырлардың көбею қабілеті мен өсімталдығына әсер ететін туа біткен 23 кемістік табылған.[8]
Біздің еліміздің мал шаруашылығы үшін зауыттық будандастырудың айрықша маңызы бар. Қазақстандағы әр түрлі экономикалық, табиғи-климаттық аймақтардың әрқайсысы үшін арнайы маманданған мол өнімді мал тұқымдары болуы қажет. Жануарлардың жақсы, жаңа тұқымдарына деген қажеттілік барған сайын артып отыр. Ірі қараның етті тұқымдарын, бекон шошқаларын, таулы аудандар үшін кроссбред үлгісіндегі қойларды, спорттық мақсаттағы жылқыларды шығару жөніндегі мәселе де күн тәртібінде түр. Мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіруге байланысты жаңа технологияға жарамды тұқымдарды шығару міндеті қойылған. Желіннің пішіні, сүтінің тез және оңай сауылуы, желінсау секілді ауруларға төзімділігі жөнінен жақсы селекциядан еткен, дене бітімі мықты жануарлардың жоғары интенсивті тез жетілгіш жаңа типтері қажет болып отыр.
А.И. Овсянников ауыл шаруашьшығы жануарларының жаңа тұқымдарын шығару әдістерін үлкен үш топқа бөледі:
1) тұқымаралық будандастыруды қолданбай-ақ, зауыттық тұқымдар шығару. Бұл әдістің жеке мысалдарына шетелдік тұқымдардың жануарларын әкелу негізінде жаңа тұқымдар шығару жатады;
2)екі немесе бірнеше зауыттық тұқымды біріктіру арқылы
жаңа тұқым шығару;
3)жоспарлы будандастыру жолымен жаңа тұқым шығару.
Малдың жаңа тұқымдарын шығарудың екі әдісі бар:
а)бастапқы жануарлар саны көп болғанда;
б)бастапқы жануарлар саны аз болғанда.
М.Ф. Иванов бірінші әдісті, яғни көптеген жануарлармен
жұмыс жүргізуді барынша тиімді әдіс деп есептеді. Ал өзі болса, бірқатар себептерге байланысты, шошқаның украиндық далалық тұқымын шығаруда инбридингті қолдана отырып, екінші әдіс бойынша бастапқы ата-тектің аздаған ғана мал санымен ойдағыдай жұмыс жүргізген. Егер М.Ф. Ивановтың жұмыс схемасын гендердің "ығысуының" жалпы теориясы тұрғысынан қарайтын болсақ, онда оның селекциядан өткізген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz