Әзірбайжан Республикасының сыртқы саясаты


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Тақырыбы: Әзірбайжан Республикасының сыртқы саясаты

Мақсаты : - Әзірбайжан Республикасының сыртқы саяси

концепциясын анықтау;

- Приоритеттерге сараптама жасау;

Жоспары:

І. Кіріспе бөлім . . . 1

ІІ. Негізгі бөлім . . . 2

  1. Әзірбайжан Республикасы - Ресей Федерациясы . . . 3
  2. Әзірбайжан Республикасы - Иран Ислам Республикасы . . . 4
  3. Әзірбайжан Республикасы - НАТО . . . 5

4. Каспий аймағы - Әзірбайжан Республикасының сыртқы

саясатының приоритеті ретінде . . . 6

  1. Таулы Карабах шиеленісі . . . 7

ІІІ. Қорытынды бөлім . . . 9

Қосымшалар:

1. Тест сұрақтары . . . 10

2. Глоссарий . . . 12

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі : . . . 13

І. Кіріспе

Әзірбайжанның сыртқы саясаты ұзақ тарихи жолдардан өтті. Ал қазіргі уақытта ол ерекше маңызды мәселелерді шешуде. Бейбітшілікке қол жеткізу және әлемде өз орнын табу мәселелері - Әзірбайжан дипломатиясының дамуындағы қазіргі кезеңінің негізгі мазмұны.

Тарихтан бұл мемлекеттің сыртқы саяси қызметіндегі жеке ұлттық мүдделерге негізделген, тәуелсіз фрагменттерін кездестіреміз. Бұл - Сефевидтер мемлекетінің орта ғасырдың өзінде Батыспен де, Шығыспен де саяси диалог қалыптастыруға ұмтылған дипломатиясы. Бұл - Ширван және Мәскеу князьдықтары арасындағы арасындағы елшілік миссияларымен алмасу. Бұл - қысқа мерзімді болса да 1918-1920 жж Әзірбайжан Демократиялық Республикасы үкіметінің, қысқа мерзімдік болса да, тәуелсіз сыртқы қатынастары. Жіне де кеңестік биліктің алғашқы жылдары, бұл кездері әзірбайжандық дипломатия Генуэз секілді көптеген халықаралық конференцияларға белсенді түрде қатысқан болатын. Тарих қанша жарқын болса да, ол - өткен күннің еншісі. Шындығында тәуелсіз әзірбайжандық дипломатия ғимараты нөлдік деігейден басталып бой көтеруде.

Тәуелсіздік алғаннан бастап ұлттық дипломатияның алдында мемлекеттің мүддесін сыртқысаяси әдістермен қорғайтын қуатты жүйе құру міндеті тұрды. Бұл ғимаратты тұрғызуда өткеннің өнегесі мен қазіргі заманғы әлемдік тенденциялардың жаңалығы ескерілуі тиіс.

Жаңа дәуірге ене отырып, Әзірбайжан Республикасы көптеген проблемаларға кезікті. Олардың ең негізгісі - халықаралық оқшаулану қаупі. Мемлекет көп уақытқа дейін әлемдік қауымдастықтың оның мүшкіл жағдайын мойындауына қол жеткізе алмады. Лоббистердің күшеюі, ескі клишелердің билігі, ақпараттық блокада және жаңа дүниеге келген мемлекеттік қызметтің әлсіздігі кері әсерін тигізді. Сондықтан да уақыт СІМ қызметінің түбірімен жаңалануын, оның құрылымының қайта құрылуын, жаңа стратегия, жаңа концептуалдық көзқарасты қалыптастыру қажеттігін көрсетті.

ІІ. Негізгі бөлім

Әзірбайжан Республикасы өз дамуында әлемдік өркениет құндылықтары - демократия, бас бостандығы және заң үстемдігіне негізделеді. Осыдан келіп Сыртқы саяси концепция шығады:

  • барлық мемлекеттермен тең құқықты, өзара ұтымды қатынас орнату;
  • Әзірбайжанның көпжақты дипломатияға белсенді қатысуын қамтамасыз ету:
  • Ашықтық
  • Транссеріктестік
  • Достық көршілік
  • Бұрынғы стереотиптерден бас тарту

Енді Әзірбайжанның халықаралық құрылымдарға қатысуын сипаттайтын картаны көз алдымызға елестетіп көрейік.

  • БҰҰ мен ЕҚЫҰ-мен қатар оның ішінен
  • Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы,
  • Солтүстік Атлантикалық Серіктестік Кеңесі,
  • Ислам Конференциясы Ұйымы,
  • Қаратеңіз Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы,
  • Орта Шығыс елдерінің Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымын табамыз.

Егер біз Эйлердің шеңберлер теориясын қолданар болсақ, Әзірбайжан барлық шеңберлердің қиылысу алқабында тұрған жалғыз элемент екендігіне көз жеткіземіз. Бұндағы мақсат географиялық жағдай, әлеуметтік-саяси бағыт, тарихи-мәдени дәстүр тарапынан Әзірбайжанның трансаймақтық ерекшелігін көрсету.

Әзірбайжанның сыртқы саясатындағы приоритеттерді анықтағанда елдің тағдырына тікелей әсер ететін геосаяси факторды атап өту керек. Географиялық орналасуы, табиғи байлықтардың шоғырлануы маңыздылығымен қатар, шекаралас мемлкеттердің алатын орны ерекше, яғни Ресей, Түркия, Иран және Грузиямен жан-жақты ынтымақтастық қатынастарды дамыту.

2. 1. Әзірбайжан Республикасы - Ресей Федерациясы

Екі ел қарым-қатынасының кейбір аспектілері:

  • Ресей Әзірбайжанда Габалинск РЛС-ін арендалауда. Ол - Ресейлік баллистикалық ракета жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады, КСРО кезінде кеңестік ракетаға қарсы қорғаныс жүйесінің маңызды элементі ретінде салынды. Мемлекет тәуелсіздік алғаннан кейін РЛС Әзірбайжан иелігіне өткен болатын. 10 жылдық аренда туралы келісімге 2002 жылы қол жеткізілді. Жылдық аренда төлемі - 7 млн. АҚШ доллары.
  • Әзірбайжан ресейлік компаниялардың ТКР территориясында қаражат бөлу арқылы бизнес жүргізгеніне қарсылық көрсетуде.
  • Әзірбайжан ГУАМ (Грузия, Украина, Әзірбайжан, Молдавия) блогына кіреді. Ал ол Мәскеуде ашық антиресейлк есептелінеді.
  • Ресей АҚШ ұсынып отырған Каспий мұнайын Батысқа Ресей территориясын айналып өтетін жолдар арқылы экспорттау жобасын экономикалықтан гөрі, саяси деп есептеп, оған қарсы шығуда. Баку-Тбилиси-Джейхан құбырынан кейін, Қазақстан мұнайын Әзірбайжан территориясы арқылы Батысқа экспорттайтын Ақтау-Баку маршруты жобасы келесі кезекте тұр. Бұл жобаның жүзеге асуы ресейлік экономикаға үлкен зардабын тигізеді.
  • Иран ядролық дағдарысының әрі қарай шиеленісіне байланысты АҚШ та, Иран да мүмкін күш көрсетуге қарсы тұруға дайындалып жатыр. Әзірбайжандық БАҚ айтуынша, АҚШ Әзірбайжанды Иранға соққы беру үшін өз территориясын беруге көндіруде. Әзірбайжан шындығында АҚШ үшін негізгі плацдармға айналуы мүмкін. Бұл Ресей көңілінен тіптен шықпайды.

- бұл - оңтүстік территория маңында тұрақсыздықтың жаңа ошағы қалыптасады деген сөз;

- Ресейдің Кавказдағы ықпалының толық күйреуін білдіреді.

  • Әзірбайжанның шешендік сепаратистермен транзиттік ел, тылдық база ретінде пайдаланылуы Ресейдің наразылығын тудырып отыр.

2. 2. Әзірбайжан Республикасы - Иран Ислам Республикасы

Оңтүстіктегі көрші - Иран Ислам Республикасымен жағдайды реттеу әрқашан да Әзірбайжан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттарының бірі болды. Екі ел арасындағы әр түрлә кезеңдердегі келіспеушіліктерге қарамастан екі жақ та сәйкесінше әрекеттермен өзара ынтымақтастықты жоғары деңгейде қолдап отырды.

Иран жағы Әзірбайжан тәуелсіздігін 1991 жылдың 25 қарашасында мойындады. Дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 12 наурызында орнаған болатын. 1992 жылы Әзірбайжанда билік басына Ұлттық майдан қозғалысының келуіне байланысты әзірбайжан-иран қатынасында жаңа кезең басталды. Бұл кезең (1992-1993) екі жақ арасындағы күрделі кезең есептелді. 1993 жылы Әзірбайжанда билік басына Гейдар Алиевтің келуімен Иранмен көршілік және серіктестік саясаты басталды, күрделі қатынастар реттеліп, дамуға көшті

Армения агрессиясына қарсы шыққан Иранның Әзірбайжанмен тығыз қарым-қатынасы, АҚШ компанияларының елдегі қызметі, Каспий теңізінің статусын анықтау мәселелері мемлекеттердің қарым-қатынастарында түсінбеушіліктер туғызды.

2001-2003 жж әзірбайжан-иран қатынасында нақты бір қиындықтардың тууына қарамастан, екі жақтың жоғарғы деңгейдегі сәйкесінше әрекеттердің арқасында жағдай реттелді. Қандай жағдай тумасын Президент Г. Алиев Иранмен әрқашан достық және тату көршілік саясатын ұстанды.

2005 жылдың қаңтарында Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев Иранға ресми сапар жасады. Сапар барысында шекара, қаржы, мәдениет, гидроэнергетика салаларында бірқатар шарттарға қол қойылды. Иран мен Әзірбайжан арасындағы келісімдердің жалпы саны жетпістен астам.

Армян-әзірбайжан Таулы Карабах шиеленісі мәселесі бойынша Иран Ислам Республикасы ең басынан Армения агрессиясына қарсы шықты және бүгінгі күнге дейін дұрыс және принципиалды позиция ұстануда.

2. 3. Әзірбайжан Республикасы - НАТО

Әзірбайжан мен НАТО арасындағы қарым-қатынас 1992 жылы Әзірбайжанның Солтүстік Атлантикалық Серіктестік Кеңесіне мүше болып қабылдануынан басталды. 1993 жылы ақпанда Әзірбайжан делегациясы еуропалық қауіпсіздік мәселесі бойынша НАТО ұйымдастырған Брюссель конференциясына қатысты, бұнда Әзірбайжандағы қоғамдық-саяси жағдай, Арменияның агрессиясы туралы ақпарат берілді. Солтүстік Атлантикалық Одақ пен Әзірбайжан арасындағы жоғары деңгейдегі ынтымақтастық 1994 жылдан басталды. Өзінің 4. 05. 94ж Брюссельге сапарында Президент Гейдар Алиев НАТО-ның бұрынғы кеңес Одағы мемлекеттерімен ынтымақтастықты қарастыратын «Бейбітшілік үшін серіктестік» келісіміне қол қойды. Сонымен қатар Әзірбайжан Республикасы 1997 жылы НАТО құрған Еуроатлантикалық Серіктестік Кеңесі құрылымына мүше болды. Солтүстік Атлантикалық Серіктестік Кеңесінен айырмашылығы бұл ұйым құрылымы «Бейбітшілік үшін серіктестік» шеңберіндегі консультациялар мен талқылаулардан нақты әрекеттерге көшуді қарастырады. Әзірбайжан мен НАТО арасындағы әскери саладағы қарым-қатынас 1997 жылдан бері кең қарқын алды. Сол жылдың өзінде Әзірбайжан осы ұйымның Жоспарлау және Анализ Үрдісі бағдарламасына қосылды. Әзірбайжан НАТО-ның беделді құрылымы болып табылатын Парламенттік Ассамблеямен тығыз қарым-қатынаста. 1999 жылы мамырда НАТО Парламенттік Ассамблеясының Польшадаға сессиясында Әзірбайжанға бақылаушы статусы берілген болатын.

НАТО Шығысқа жылжуын тездеді. Ресей және Иранның Кавказ мемлекеттеріне қысымы күшейген сайын, бұл ұйымның Каспий аймағына жақындауы соншалықты тездетіледі. НАТО әрқашан да оның мүшелерінің инвестициялары мен экономикалық мүдделері бар жерлерде жүреді. Батысты ығыстырып шығару Ресейдің де, Иранның да қолынан келмей отыр. Ал прикаспийлік зонаны, Кавказды әскери әрекеттер театрына айналдыру оларға тиімсіз: бұл жердегі ықпалынан айырылып қалуы мүмкін

2. 4. Каспий аймағы -

Әзірбайжан Республикасының сыртқы саясатының приоритеті ретінде

Каспий мәселесі - посткеңестік кеңістіктегі ең маңызды геосаяси проблемалардың бірі. Мұнайдың стратегиялық маңызды ошақтары орналасқан, балықтың кең көлемді қоры бар Каспий бассейнінде әлемнің ірі мемлекеттерінің мүдделері қиылысқан. Осы бір ұшталған күрестің орталығында тұрған Әзірбайжан секілді прикаспийлік жас тәуелсіз мемлекеттермен қатар негізгі фигуралар болып АҚШ, Түркия, Иран, араб елдері және олардың одақтастарын айтуға болады. Каспий мәселесі жалпы шиеленісті мәселе есептелгенмен, Әзірбайжан Каспийдің мұнайы мен газын өз саясатының приоритеті санап, мұнай факторын ел дипломатиясында белсенді қолданады. Егер Каспий теңізі алғашында ел қасіреті болса, енді ол ел мәселелерін шешуі қажет. Сондықтан да Г. А. Алиевтің мұнай дипломатиясына ерекше көңіл бөлінеді.

Мұнайлық дипломатияның стратегиялық мақсаты - бейбітшілікті кепілдендіру мен экономикалық өркендеу секілді аймақтың негізгі мәселелерін шешу екендігі белгілі. Каспий аймағының елдері үшін мұнай мәселесіне араласу соғыстық «фаталдық алғышарты» есептеледі. Олар логикалық дамуы қатң конфронтацияға ұласатын үлкен мұнай ойынына ырықсыз тартылады.

Әзірбайжанның мұнай дипломатиясы президент Г. А. Алиев айтқандай «Әзірбайжанның нығаюына көмек беретін» мұнай құбырлары факторына негізделген. Бұл жоспарда приоритетті болып Баку-Тбилиси-Джейхан маршруты есептеледі. Ол туралы келісімге 20 қараша 1999 жылы ЕҚЫҰ Стамбул саммитінде қол қойылды. Баку-Тбилиси-Джейхан жобасы - осы жүзжылдықтың ең ірісі. Оның жүзеге асуы аймақ елдерінің энергоресурстарға тапшылығын жойып, энергетикалық тәуелсіздігіне, сонымен қатар Каспий бассейніндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты дамытуға ықпал етеді. Каспий «мұнайдолларлары» Әзірбайжан экономикасының анық даму жолына түсірді.

2. 5. Таулы Карабах шиеленісі

Әзірбайжанның сыртқы істер ведомствосының интеллектуалды және физикалық күшінің көп бөлігі, әрине, армян-әзірбайжан шиеленісін реттеу жолын іздестіруге бағытталған.

Бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы бірқатар республикалар мен Югославия территориясындағы қанды соғыстар қатары секілді армян-әзірбайжан қарулы шиеленісі дипломатиялық әдістердің әлсіздігі және халықаралық ұйымдардың шешімдерінің орындалмауы, қадағаланбауы қандай қиратушы салдарларға әкелетіндігін дәлелдеп берді.

КСРО-ның ыдырауының анық екендігін сезген Кремль бұл процеске алдын-ала дайындалған еді. Кеңестік функционерлер әрбір бұрынғы кеңестік республика мемлекеттік құндылықтағы өз үлестерін талап ететіндігін білді. Соның ішінде Каспий ресурстары да бар.

Одақ ыдырағаннан кейін Мәскеу бұл республикаларға ықпалы жойылатындығын сезіп, «Таулы Карабах статусы» аталатын «бөліп ал да билей бер» принципіне негізделген бағдарлама жасап шығарды.

Әскери күшінің көмегімен Әзірбайжаннан Таулы Карабахты тартып алып, оны Арменияға берді. Алайда 1988-1989жж ешкім бұл каспийлік байлық пен транзиттік мүмкіндіктер себебінен екендігін ешкім сезген де жоқ. Азербайжан секілді өзге де прикаспийлік кеңестік мемлекеттер тәуелсіздік алғаннан кейін, бұл аймақта Ресейдің «тарихи бәсекелестері» - Батыс, ең алдымен АҚШ-тың қызығушылығы артатыны айдан анық еді.

Мәскеудің ұтымды жасаған Карабах картасының мақсаты -Каспий мұнайының Еуропаға Армения, Түркия, Нахичевань арқылы тасымалдау маршрутының транспорттық варианттарын қоршау болатын. Карабах мәселесі Азербайжанның да, Арменияның да саяси және экономикалық тұрақсыздығын тудырып, солтүстік (Ресей) және оңтүстік (Иран) көршілеріне тәуелділігін арттырады.

Бұл жағдай Батыстың Каспий аймағына жолын жауып, бұнда және Закавказьеде Ресейдің ролін арттыруы тиіс. Ұзаққа созылған шиеленісте Әзірбайжан Ресейдің вассалы болып қалуға тиіс. АҚШ-тың және де өзге Батыс елдерінің бұл аймаққа өткелінің жабылуын Иран өте қалады және қалайды да. Таулы Карабах секілді «үлкен сыйға» еш қиындықсыз ие болған Армения (сонымен қатар кезекті деп айтуға болады, 20-30 жж кеңестік билік оған бірқатар әзірбайжан территорияларын беріп қойған еді) Ресейдің алдында өтеусіз қарыздар болып қалды.

Қорытынды: Ресей Арменияны осы аймақтағы жандармына айналдырды, Әзірбайжан территориясын оккупациялауға көмек берді және қазіргі күнге дейін таулы карабах шиеленісінің шешім «кілтін» өз қолында ұстауда.

Осы мақсатпен ол 1994 жылдан бастап Бакудың мұнай жоспарларын тежеу әдісі ретінде нәтижесіз талқылаулар жүргізіп, Каспий теңізінің құқықтық статусын анықтау проблемасын тұйыққа тіреуді жалғастарып келе жатыр. Уақыт өте мүдделер қақтығысы теңіз статусы мен құбыр желісі маршрутына қатысты қатаң конфронтацияға ұласты.

Әзірбайжан халқы жерлерін жоғалтуға көнбейді. Мұнай контрактілері, Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырының әзірбайжандық бөлігінің іске қосылуы, экономиканың дамуы, тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруы, ұлттық армияға деген күтім, демократиялық реформалар, азаматтық қоғамның құрылуы - бұның барлығы жас Әзірбайжан мемлекетінің мемлекеттік егемендігінің бекуіне, оның әлемдегі позитивті имиджінің өсуіне ықпал жасады.

Әзірбайжан армиясы Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы Президенттің бірінші бұйрығымен-ақ ұлы мақсаттарды орындауға дайын: армяндық агрессорлар басып алған әзірбайжандық жерлерді қайтару және Әзірбайжанның территориялық тұтастығын қалпына келтіру.

ІІІ. Қорытынды

Әзірбайжан Республикасының ішкі де, сыртқы да саясатын анықтайтын ұлттық мүддені сипаттайтын ұлттық приоритеттер:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таулы Қарабах мәселесі аясындағы түрік - армян қатынастары
Ақтау портының маңыздылығы
Каспий теңiзiн бөлiктерге бөлу туралы теория
«ТҰРАН» ГЕОСАЯСИ БАҒЫТЫ: ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛЕСТІГІ
ХХ ғ. аяғы және ХХІ ғ. басындағы жаңа геосаясат және иран ұстанымы
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Оның қазіргі кездегі бағыттары мен проблемалары. (1991-2004ж.ж.)
Ресейдің Батыс Еуропадағы интеграциялық үрдістері
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
ҚР мен ТМД елдері қатынастарындағы қазақ диаспорасының мәселелері (ХХ ғ. соңы - ХХІ ғ. басы)
Египет пен Орталык Азия елдері ынтымақтастыгы: бүгіні мен болашағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz