Ғимарат рамасы металл конструкциялы


Андатпа 6
Кіріспе 7
3. 9 Монтаждау крандарының техникалық параметрлерін анықтау
3. 10 Құрылыстың бас жоспары
3. 11 Құрылыс алаңындағы уақытша үймереттер мен ғимараттар
3. 12 Прожекторларды есептеу
3. 13 Құрылыс алаңын сумен қамтамасыз ету
3. 14 Құрылысты энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ету
3. 15 Техникалық - эксплуатациялық көрсеткіштері бойынша крандарды салыстыру4. Құрылыс экономикасы бөлімі
5. Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімі
5. 1 Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
5. 2 Құрылыс алаңындағы техника қауіпсіздігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша А
57
59
61
62
63
64
65
70
71
71
71
73
74
75
АНДАТПА
Ақтау қаласындағы сауда ауданы 1800м 2 «Масат» әмбебап сауда үйі. Жобаланып отырған ғимараттың конструктивті схемасы 36х48м болса, ал қаңқа металл профильді конструкциядан жобаланады. және жобаланып отырған қаңқа тік және көлденең байланыс жүйелерімен бекітіледі.
АННОТАЦИЯ
Универсальный торговый дом «Масат» в городе Актау с площадью 1800 м 2 . Конструктивная схема проектируемого здания 36х48м, а каркас из металлического профиля и проектируемый каркас имеет вертикальные и горизонтальные системы связи.
THE SUMMARY
Universal trading house "Masat" in Aktau with an area of 1800 m 2 . The design scheme of the projected building 36x48m, and the frame of the metal profile and the projected frame has vertical and horizontal communication systems
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік даму бағытында құрылысты бірқалыпты, тиянақты қалыпқа келтіру, ғылыми негізделген, бірдей сапалы дәрежеде жеткізу мәселесі қолға алынып отыр.
Құрылыс өндірісін күшейту үшін белсенді түрде перспективті әрекеттерін қолданып, тұрмыс жұмысын жүргізу бөлігін тиімді пайдалану қажет.
Сонымен қатар құрылыста, әлемде қолданылатын негізгі жетілген техникалар мен механизмдерді қолдануымыз қажет.
Бұл мәселелерді, автоматтандырылған басқару жүйесін қолдану арқылы іске асыра аламыз.
Құрылыс өндірісінің өнімділігін арттыру үшін, алдымызға қойылған құрылыстың квалификациясын бір жүйеге келтіру мәселесі арқылы шешеміз.
Құрылыс жобасын ұйымдастыру және жұмыс өнімділігін экономикалық негіздеу, шешілетін құрылымдарды келтірілген жағдайлармен үлгілерді ала отырып шешеміз.
Осындай шешімдерді тиімді пайдалану арқылы біз құрылыс жұмысының мөлшерін 30%-ға дейін қысқарта аламыз. Сонымен қатар жобалауда МЕСТ-да және ҚНжЕ-де келтірілген ережелер қатаң түрде сақталынған.
Көптеген қоғамдық және халықтық ғимараттар типтік проект бойынша тұрғызылуда. Алайда, құрылысты түзетін ғимараттардың типтелуі өзіндік эстетикалық түр - келбеті тұрғысынан жеке болып саналатын қалалық және жергілікті сәулеттік ассамблеяларды құруды жоққа шығармайды. Қалалық құрылыс тәжірибесі көрсеткендей, жергілікті жердің табиғи ерекшеліктерін қатаң ескіріп, дәстүрлік және қазіргі заманғы әрлеу материалдарын пайдалануда, және жоба бойынша тұрғызылатын жекелеген ғимараттарды енгізу қалалық және аудандық аймақтарда қайталанбас сәулеттік келбетке ие болары анық.
Қалалық құрылыстың сәулеттік келбеті фактілеріне аса назар аударылуда. Мұндай тапсырмалардың құраушы бөлігі жеке тұрған қабырғалық ғимараттардың дұрыс құрылымдық шешімі болып табылады. Сәулеттік келбеттіліктің шығып тұрған немесе түсіңкі көлемдері, ғимарат немесе жекелеген ғимараттардың топырағының басты композициялық элементі, шынылы және терең беттіліктердің қарама - қарсы қойылуы, гүлдік акценттер секілді қабылданулары кеңінен пайдалануы тиіс.
Осы дипломдық жұмыста жобаланып отырған Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы “Масат” әмбебап сауда үйінің басты мақсаты:
- бірінші қабатына қолжетімді сәндік әшекей бұйымдар мен киім кешектер және адамдарға ынғайлы болу үшін Банк орталықтары, шағынмаркет т. б.
- екінші қабатына балаларға арналған ойын - сауық кешені және кинотеатр мен тамақтанатын жерлер асхана жоспарланып отыр.
Әмбебап суда үй туралы айта кетеін болсақ өзара байланысты, жоспарланған, салынған және біртұтас бүтін ретінде иелікте болатын кешен.
Сауда орталығында сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық және басқа қызмет көрсету түрлерінің кәсіпорындары қамтылады.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты максималды функционалды, эстетикалық құрамы мен білікті конструктивті шешіммен жобалау.
1. СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІ
1. 1 Құрылыс алаңының сипаттамасы
Жобаның тақырыбы: «Ақтау қаласындағы «Масат» әмбебап сауда үйі».
Масат әмбебап сауда үйінін аудандарын сипатамаларын айтатын болсақ:
Құрылыс ауданы - Ақтау қаласы.
Құрылыс ауданының табиғи-климатологиялық шарттары:
климаттық ауданы - IVГ.
ең суық тәуліктің орташа ауа температурасы - 23 0 С;
ең суық бес күндік температурасы - 22 0 С;
- абсолютті максимал+41,
- абсолютті минимал -23.
климаттық аудан - біркелкі континентті. Жазы - ыстық, әрі құрғақ. Қысы - жылы және жауын-шашын аз;
- қардың мөлшерлік салмағы - III (50 кг/м3) .
- желдің мөлшерлік әсері - III (48 кг/м3) .
- топырақтың мөлшерлік қату тереңдігі - 0, 80 м.
- Сейсмикалық көрсеткіші - 6 балл.
Ғимарат орнығатын негіз көрсеткіштеріне тоқталсақ:
Бірінші қабатқа 0, 6м қалыңдықтағы құмайт аралас қоспадан тұратын грунтты төседім. Қоңырқай түстес, орташа тығыздалған, ылғалдылығы аз, құрамы ірі және шағыл аралыс құмдардан тұратын физика-механикалық қасиеттерге ие. Екінші қабат 0, 6-0, 7м аралығындағы қалыңдықтағы сынықты әктастардан тұрады. . Физика-механикалық қасиеттері: ашық сұр түсті, беріктігілігі орташа, жақсы еритін әктас.
Топырақ шөгу шарты бойынша - бірінші топқа жатады және де айта кететін жайт жер асты суы 14 м тереңдікте жатады.
Ғимараттың конструктивті схемасы: Бетон блокты қабырғалы ғимарат және де оған су-құбыр, канализация жүйелері - қаладағы қолданылудағы сумен қамтамасыз ету жүйесі мен қалалық канализация жүйесі мен электрмен қамтамасыз ету қалалық жүйелері кіреді.
Жел бағытына келсек СНиПРК 2. 04-01-2001 бойынша оңтүстік- шығысқа бағытталған жел бағыты мен жылы уақыт мерізімінде Бас жоспар«жел бағытының» мәліметтерін ескеру қажет.
1. 1 Кесте - Жел бағытының орташа жылдық қайталануы (%)
Желдің орташа жылдық жылдамдығы 4. 6 м/с болса ең көп орташа айлық жылдамдығы - 5. 3 м/с (қаңтар айында есептелген) және де ең аз жылдамдық - 4. 0 м/с - (тамыз айында есептелген) болуы керек.
1. 2 Кесте - Орташа айлық және жылдық желдің жылдамдығы (м/с)
Территорияның жылдық орташа шөгу көрсеткіші бойынша құрғақ ауданға жатады немесе оның көрсеткіші 156 мм тең және шөгудің күндік максимум көрсеткішін айтатын болсақ 1% болады.
1. 2 Бас жоспардың сипаттамасы
«Ақтау қаласындағы «Масат» әмбебап сауда үйі» тақырыбындығы жобаның бас жоспары топографиялық түсірім бойынша 1:500 масштабта орындалған және бас жоспар көрінісі бойынша1-суретте келтірілген.
Бас жоспардың техника-эканомикалық көрсеткіштері:
- «Масат» әмбебап сауда үйі ;
- «Салтанат» шағын маркеті ;
- «Сыбаға» асханасы;
- 9 қабатты тұрғын үй;
- Қолданыста бар павильон;
- Автомобиль тұрағы;
Бұрыннан тұрғызылған және пайдаланып келе жатқан ғимараттармен байланысы барма жоқпа екенін және көлік қатынасы жолдарының мүмкіншіліктері ғимаратты жобалаған кезде қарастырылды.
Топырақтың құнарлы өсімдік қабаты алынып сақталып және құрылыс аяқталып пайдалануға берілгеннен кейін алаңды көгалдандыру, көріктендіру үшін қолданылып болғаннан кейін өсімдік қабаттарынан артылған бөлігін басқа жерлерге жеткізілуі керек.
Ауа бассейнін тазартатын ағаштар және көгерістер, жасыл желектер және шудан қорғайтындар орнатылады.
Құрылыс ауданы мен (мекен жайының) ауа райы ерекшеліктері Бас жоспарда ескерілді. Аяқ асты жолдармен көліктік жолдарда қатты құрамдағы қоспалар төселген. Гигиеналық талаптарға сәйкес алаңдар мен жолдар бірнеше қабат асфальт төсеу арқылы, қоршаған ортаны қорғауға арналған шаралар сияқты нарселер санитарлық жұмыстарда орындалды.
Жоба бойынша бос алаңшаларды неғұрлым көп көгалдандыру мен сыртқы экологиялық зиянды әсерлерден қорғау жөнінде және бас жоспарда жалпақ(табақша) және қылқан жапырақты ағаштарды, бұталарды, көп жылдық әсемдік шөптерді, газондарды, гүлдерді, гүлзарларды және т. б. отырғызу көзделіп отыр және тағыда жобаланып отырған нәрсе алаңшаларда ағын сулар арнаулы науалар мен ағын су (жаңбыр, тұрмыстық және т. б. сулар) жиналып ағызатын канализацияға жіберілуде көзделді.
Цокольді түрлі - түсті цементті қолдану арқылы сәнді сылау қолданылады және терезелер мен есіктер, балконның қоршауларымен майлы бояулармен боялады және қабырғалары жақсартылған сылақпен (жоғары сапалы) сыланады, кейіннен бояулық шешімнің түріне байланысты силикаттық бояумен және горизанталь белдеу мен карниздерді жақсартылған (жоғары сапалы) сылақпен сыланады, кейіннен ақ түрмен силикаттық боямен боялады.
«Масат» сауда үйінің басқы кіру парапетін алюкобанда табақшалармен әрлейді.
3. 01. 01-2002 ҚМжЕ бойынша орындалатын, ғимараттардың өртке қарсы талаптарға сәйкес бір - бірінен ара-қашықтығы бойынша бас жоспарда ескерілген. Бұл талап бір ғимаратта өрт болған жағдайда екінші ғимаратқа таралмауы үшін оған өрт сөндіруші машиналар тез жете алуы керек болғандықтан орындалуы керек жәнеде жобада ғимараттың төрт жағында да ол машиналар келетін жолдар қарастырылып жатыр.
Басқа да ғимараттармен ара қашықтық сақталған, транспорттық(көліктік) жолдар қарастырылды және тротуарлар және басқа жолдар қатты құраммен төселгені бас жоспарда көрсетілді.
Бірінші қабатқа 0, 6м қалыңдықта құмайт аралас қоспалы грунт төселеді және қоңыр түсті, орташа нығыздалған, ылғалдылығы аз олып келтінқұрамында ірі және шағыл аралыс құмдары бар физикалық механикалық қасиеттріде қарастырылды. Екінші қабатында 0, 6-0, 7м аралығындағы қалыңдықтағы сынықты әктас болады және физика-механикалық қасиеттерінде де ашық сұр түсті, беріктігі орташа, еритін әктас пайдалнылады.
1. 3 Сәулеттік - жоспарлау шешімдері
Сауда үйінің фасадтық бөлігі металл пластикті профильден жасалынған болып келеді сонымен қатар тот баспайтын болат құрамды күннен қорғайтын элементтермен жасалынуы жобаланып отыр. Ғимараттың әр қабатында жобаланатын бөлмелер экспликациясы:
- Ет және балық өнімдеріне арналған қойма алаңы және мұздатқыш камералар бар ол цокольдық қабатында жобаланылады.
- Ал бірінші қабатта дүкен өнімдері мен көкөніс өнімдеріне арналған сауда қатарлары және де бұл қабатта да мұздатқыш камералар қарастырылады.
- Ойын алаңшалары мен балаларға арналған дүңгіршектер екінші және үшінші қабаттарында орнатылады.
Сонымен қатар ғимараттың артқы жағында цоколь қабатынан жоғарғы қабатқа дейін сатушылардың тауарларын көтеруге арналған жедел саты жобасы болжамдйды. Ғимараттың жанындағы бөлігінде екінші қабатқа шығатын баспалдақ орнатылады және ғимараттың ішкі жақтарында да эвакуациялық баспалдақтар және сатып алушыларға цоколь қабатынан үшінші қабатқа дейін баспалдақ және эскалатор қойылады.
Ғимарат пен көшелер арасына ағаштар және газон егіледі және жолдар мен ғимаратқа кірме жолдар асфальтты жабынмен қапталып, демалыс алаңшалардың жабыны тақташайлы болып келеді. Сауда үйінің қоршауы жалпы металл конструкциясынан және торлармен қоршалынып және орталыққа кірерде механикалық болат есіктер пайдаланылады. Сайда үйі территориясының барлық аймағын жарықтандыру үшін ішкі жарықтандыру мен бөлмелерді электр жабдықтау бас компьютер арқылы басқарылып және. қосымша сыртқы жағдайды бақылау үшін күзетте бірнеше монитор болады. Олар сауда үйі аймағындағы жағдайды бақылауға және төтенше жағдай кезінде болған оқиғаны қадағалауға, шешімдерді жылдам және нәтижелі қабылдауға мүмкіндік беру үшін орналастырылуы керек.
1. 4. Көлемдік-жоспарлау шешімі
Салынып жатқан жобанының оның тағайындалуына қала шаруашылығындағы алатын орнына, маңызына байланысты пайдалануға, жобалауға және тұрғызуға қолайлы қарапайым 3 қабатты тікбұрышты примерде қабылданған.
Ғимараттың жоспардағы өлшемдері 36, 00х48, 00м болып келеді және ғимарат металл қаңқалы, үш қабатты, металл ұстындардың арасы мен ені 100мм болатын ракушка тасымен қаланады. Ғимараттың сыртқы жағындағы металл арқылық минвата және өлшемі 100/100/5/5 тормен қоршалынып, оның сыртынан сылақ жүргізіледі.
Жобаланған ғимараттың айналасына ені 1. 5м асфальбетонды аяқжол жобаланады және санитарлық және өртке қарсы сақтау шаралары есепке алынды.
1. 5 Конструкциялық шешімдер
Жобаланып отырған ғимараттың конструктивті схемасы 36х48м болса, ал қаңқа металл профильді конструкциядан жабаланады және жобаланып отырған қаңқа тік және көлденең байланыс жүйелерімен бекітіледі.
Жабын конструкциясы металл ферма, металл прогон және профнастилден тұрады.
Жобаланған ғимараттың сыртқы қоршау қабырғалары өзін-өзі көтергіш М35 маркалы ракушка тастарынан қаланады және қалау жұмыстары М50 маркалы цементті ерітіндіде орныдалады. Қабарға қалыңдығы 390мм болып келедіі. Сонымен қатаржобаланған ғимараттың витраждалған орындарға сэндвич панельдер қойылады.
Іргетас тұтас ленталы бетоннан жобалынылады және бетон класы В20 болып келеді. Көлденең гидроизоляция цементті-құмды ерітіндіден жасалынады, сонымен қатар тік гидроизоляция жұмыстары 2 қабат ыстық битумды сылақпен орындалып келеді. Жобаланған ғимараттыңіргетас негізінің шөгу қаупіне қарсы ауыр тоқпақпен нығыздау жұмыстары жасалынады және қазаншұңқырды қайта толтыру жұмыстары және шөкпейтін грунтты қабаттық нығыздау арқылы орындалады.
1. 3 Кесте - Грунттың мөлшерлік және есептік сипаттамалары
Ішкі дүңгіршектер мен дүкендердің қабырғалары шыныпакетпен қоршалып келеді және 1, 038, 1-1 сериалы құрастырмалы темірбетоннан есік пен терезе маңдайшалары қолданылады. Ал 1, 241-1 және1, 141-1 сериалы құрастырмалы жабын қолдынылып келеді.
Бетонды қоспаға отырғызылған керамикадан еден жобаланады.
Жобаланып отырған ғимаратты әрлеу жұмыстары «Бөлмелерді әрлеу ведомості» талаптарына сай істелінген. Қабырғаны әрлеу жұмыстары водоэмульсиямен сырлау арқылы жасалынады және сауда залының төбесі «Армстронг» аспалы материалмен орындалған. Санитарлық бұрыштар сылақ және глазурленген плиткалармен қапталынады.
Жобаланған ғимараттың конструкциялық бөлімі төменде көрсетілген ережелердің талаптарына сәйкес қолданылады:
- ҚНжЕ 2. 01. 07-85 «Жүктемелер және әсерлер»
- ҚР ҚНжЕ 5. 04-18-2002 «Металдық құрылымдар»
- ҚРҚНжЕ 5, 04-19-2004 Құрылыс конструкцияларын коррозиядан қорғау.
- ҚР ҚНжЕ 1. 03-00-2011 «Құрылыс өндірісін ұйымдастыру»
1. 6 Инженерлік қондырғыларды өңдеу
Өртке қарсы шаралар - 3. 01. 01-2002; 2. 02. 05-2002; 2. 04-09-2002 ҚМжЕ-лерге сәйкес қабылданды.
Эвакуациялық жолдарда есіктер сыртқа қарай ашылады.
Эвакуациялық жолдарының саны 2. 02-05-2002 ҚМжЕ талаптарына сай қабылданады.
Жобада жанбайтын және қиын жанатын материалдар алдын-ала ескеріліп қолданылады.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автоматты өртке қарсы сигнал беру қондырғысы қарастырылады.
Су желілерінің сауда үйіне кірер тұсында өрт сөндіретін желіні жалғау үшін диаметрі Ø150мм жалғайтын қалпақша орнатылады. Сырттағы өрт сөндіру үшін алынатын су шығыны - 15л/сек. Өртке қауіпсіздігі жөнінен сауда үйі «Д» категориясына жатады. Өрт кезінде адамдарды үйден эвакуация жасау үшін жобада ені 1. 5м болатын 2 есік, ені 1. 2м болатын 2есік қойылған. Жоғарғы қабаттардан ені баспалдақ торлары арқылы эвакуация жасалады.
Алғашқы қорғаныс құралдары (өртсөндіргіштер, су т. б. ) эвакуацияға сәйкес (есік, терезелер сыртқа ашылады, өрттен қорғаныс сигалдары т. б. қарастырылған.
Ғимаратта негізінен өртенбейтін құрылыс конструкциялары жобаланған, өртсөндіргіш гидранттарға автомашиналар еркін кіре алады. Өрт сөндіруші базасы 3км қашықтықта орналасқан.
Сумен жабдықтау - Ғимаратта ішетін су жүйелері полиэтилендік трубаның жоғарғы бөлігінен өтеді. Труба жүйелері қабырға ішінде орналасқан және техникалық бөлмелерде суға қарай бағытталған. қабырға арасынан өтіп гилза түрінде орналасқан. СНиП 2. 0401-85 сәйкес жобаланатын шаруашылық-ішу суы, өртке қарсы және ыстық сумен жабдықтауды, сондай-ақ су ағарлармен канализацияларды қарастыру керек.
Канализация жүйесі - санитарлық құралдардан ағынды суларды бұрып жіберу үшін қабылданған. Ол құбырлардан, санитарлық құралдардан, құрылғыларды қарау және құбырларды тазалау және де желдету құрылғыларынан тұрады. Ішкі канализация жүйесі сорып шығарумен жабдықталған. Сорылатын құбыр жанатын және жарылыс қаупі бар газдардың орналастыруынан қашықтау үшін арналған, құрылған канализациялық құбырлардың, осы мақсатпен гидравликалық затворлар арқылы санитарлық құралдар іске қосылады. Канализация құбырлары ГОСТ 22689. 1-89 талаптарына сай пластмассалық құбырлар қабылданған.
Жылумен жабдықтау -ғимараттың жылу қондырғы жүйесі екі трубалы, труба желісі еденнен жоғары қатырылады. Жылыту құралдарының конвекторларының түрі М90 шойын радиаторлары қолданылады. Жоғарғы бөлігінде ауа шығарғыш крандар қарастырылған. Коррозиядан қорғау үшін трубаны изоляциялау алдында бояу жағу керек. Жылуды тұтыну техникалық шарттарға сәйкес ең көп жылына 400 Гкал болып қабылданған .
Электрмен жабдықтау - жобаны жарықтандырудың келесі түрлері қарастырылған: жұмысшы, апаттық және жөндеу кезіндегі жарықтандыру. Шырақтардың түрлері және олардың саны ортаның тәуелділігіне және жұмыстардың түрлеріне байланысты қабылданған.
Жарықтандыру нормалары 2. 04. 05-2002 ҚМжЕ-ге сәйкес алынған. Ғимаратты жарықтандыруға люминесценттік шамды шырақтарды олардың түрлері ЛПО 01, ОPL/S, PRB/R қабылланған.
Жарық беретін құралдардың жұмыс істеуіне арналған ШРВ типті қалқандар қолданылады, автоматты ажыратқыштармен қамтамасыздандырылады.
Жарықтаныру мыс ПУНП типті сымдармен орындалады, сымдар сылақ қабаты астында және плитаның бостықтарында орналасқан.
Күзет - өртке қарсы сигнализация - концентратор типті «Лигора-02»күзет - өрт сигнализациясы қабылданды. Өртке қарсы сигнализация
2. 02-11-2002 ҚМжЕ-ге сәйкес орындалған.
Күзет - өрт сигнализациясы ТРП сымдарымен дайындалған.
Байланыс қондырғылары - телефонизация, радиофикация, электрсағаттарымен қамтамасыз ету, ұялы телефондарды қолдану орталығы және тағы сол сияқты шаралар да тиісті талаптарға сәйкес сауда үйі қызметкерлеріне, жалпы ғимарат маңындағы тұрғындарға да қолайлы болу үшін орындалған.
Желдеткіш қондырғылар - дірілдеуден қорғанатын жағдайларда (орындарда) орнатылған. Желдеткіш қондырғыларынан ауа құбырларына берілетін діріл мен шуды азайту үшін олардың арасына жұмсақтату қондырғысы, арнаулы қабат орнатылған.
1. 7 Қоршау конструкцияларының жылутехникалық есебі
Қабырға материалы ретінде қалыңдығы 0, 39 м ракушка тасын таңдадық.
Қоршаушы құрылымдарға қажетті ішкі кедергісі (1. 1) формула бойынша анықталады:
R 0 тр = (n(t в -t н ) ) /Δt н , (1. 1)
мұндағы t в =18ºС - ішкі бөлменің ауа температурасы;
n = 1 - сыртқы ауаға және қоршаушы құрылымдардың сыртқы бетіне қатынасы бойынша алынатын коэффициенті;
Δt н = 6ºС- ішкі ауа және қоршаушы құрылымдардың ішкі беттік температурасы арасындағы нормативтік температураның айырмасы;
α в =8, 7 Вт/м 2 ºС - қабырғалар үшін, қоршаушы құрылымдардың ішкі беттік жылу беру коэффициенті;
t н - сыртқы ауа температурасы (1. 2) формула бойынша, ºС.
t н =( t х5 +t с ) /2=(-22+(-23) ) /2= 22. 5°С; (1. 2)
R 0 тр = (1(18+22. 5) ) /6 ∙ 8. 7= 0, 77
Сонымен R 0 тр ≤ R 0 болса, онда теңсіздік шарттарынан қоршаушы қабырғалардың қалыңдығын (1. 3) формула бойынша анықталады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz