Ұлы Жібек жолы.Монғол мемлекетінің саяси тарихы.



1.Жібек жолының бағыттары.
2.Ұлы жібек жолы бойындағы қалалар, тауар тасымалы.

3.Мәдениет пен діннің таралуы
Монғол мемлекетінің саяси тарихы.

Темучин тарихы.

Монғол шапқыншылығы.

Монғол ұлыстары.

Алтын орда , Ақ орда.

Әмір Темір жорықтары.

Отырар апаты.
«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты.
Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы»)
Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған;ал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды.
«Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 км асады.
Ерте кездегі «Жібек жолы» Шинжәңнан 3 айрыққа бөлінген, Тянь-Шань тауының солтүстігіндегі ежелден бар дала жолы: Жемсары, Іле өңірін басып, Балқаш өңіріне барады, онан ары батыс солтүстікке жүргенде Қара теңіздің шығыс жағалауына жетеді. Оңтүстік айрығы Крораннан (Лулан) шығып Күнлүн тауының батысын қапталдап Жаркентке барады, онан ары жүргенде адырлардан асып, Орта Азияға, Батыс Азияға, Еуропаға дейін созылады. Кроранның батыс солтүстігіндегі Көншы өзенінің батысын бойлап, Иіңпанды, Күшарды басып Қашқар Жаңашар ауданына баратын жол солтүстік айрығы саналады, бұл жол да адырлардан асып, Еуропаға дейін барады.
Кейін тағы 3 айрық жол пайда болды:Юймынның батыс солтүстігінен басталып, қазіргі Құмыл, Тұрпан, Жемсары сияқты жерлерді басып, бұрынғы дала жолына тұтасатын жол, бұл кейінірек «солтүстік жол» деп аталды. Тұрпаннан шығып, Тянь-Шань тауының оңтүстігін қапталдап, батысқа беттеп, Қарашәр, Күшәрді басып, бұрынғы солтүстік жол айрығымен тұтасатын жол кейінгі кездері «Орта жол» деп аталды. «Оңтүстік жол» бұрынғысымен ұқсас.
7 ғ. кейін, теңіз қатынас-тасымалы дамығандықтан, «Жібек жолы» біртіндеп екінші орынға түсті, бірақ 13 ғ. дейін шығыс пен батыс қатынасының маңызды жолы болып келді. 19 ғ. басында, Иcпанияның елшісі Қытайдың 800 түйелік сауда керуенін өз көзімен көріп тұрып Самарқанның жағдайы туралы былай деп жазады:
Төңіректің төрт бұрышынан келген тауарлар Самарқанға жиналыпты… Қытайдың торғын-торқалары көз жауын алады.
Қытайдың торғын-торқасы осы жолмен Орта Азияға, Батыс Азияға және Еуропаға толассыз тасылды, сонымен тұт ағашын өсіру өнері де батысқа тарала бастады. Сондай-ақ Шинжяңнан шығатын қас тасы, былғары, жүн әдиял сияқты тауарлар мен орта жазықтың темір ыдыстары, фарфор ыдыстары, сырлы ыдыстары, шабдолы, өрік, рауағаш, дәршен сияқты өнімдері батыс базарына қатар кірді. Орта Азияның, Батыс Азияның және Еуропаның әйнек, жақұт, экономикалық дақылдары және хош иісті заттары, дәрі материялдары, сондай-ақ Отқа табыну діні, Бұдда діні, Сіләм діні сияқты діндер де Қытайға кірді және таралды. Шығыс пен батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс-күйіс адамзаттың материялдық мәдениетін байытты. Шығыс пен батыстағы халықтар Жібек жолы арқылы сыртқы мәдениетті қабылдап, бұрынғыдан да салауатты мәдениет жарата алды.
Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Атырау инженерлік - Гуманитарлық институты

Тарих пәнінен
РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Ұлы Жібек жолы.Монғол мемлекетінің саяси тарихы.

Дайындаған:Радиотехника электроника және телекоммуникация
Мамандығының 1 курс студенті
Исаева Айшабибі

Оқытушысы: Кенжегалиевна.Г

Атырау – 2011

Ұлы Жібек Жолы

Жоспар:

1.Жібек жолының бағыттары.

2.Ұлы жібек жолы бойындағы қалалар, тауар тасымалы.

3.Мәдениет пен діннің таралуы

Монғол мемлекетінің саяси тарихы.

Темучин тарихы.

Монғол шапқыншылығы.

Монғол ұлыстары.

Алтын орда , Ақ орда.

Әмір Темір жорықтары.

Отырар апаты.

Жібек Жолы (Ұлы Жібек Жолы) — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып,
Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты.
Жібек Жолы (Ұлы Жібек Жолы)
Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана
өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс
өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған.
Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған.
Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс
жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де Жібек жолында ат ізін
суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін
ала барған;ал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс
өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның
сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді.
Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне
қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе
бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді
өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр
дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды.
Жібек жолы іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен
өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста
Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен
асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс
жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 км асады.
Ерте кездегі Жібек жолы Шинжәңнан 3 айрыққа бөлінген, Тянь-Шань тауының
солтүстігіндегі ежелден бар дала жолы: Жемсары, Іле өңірін басып, Балқаш
өңіріне барады, онан ары батыс солтүстікке жүргенде Қара теңіздің шығыс
жағалауына жетеді. Оңтүстік айрығы Крораннан (Лулан) шығып Күнлүн тауының
батысын қапталдап Жаркентке барады, онан ары жүргенде адырлардан асып, Орта
Азияға, Батыс Азияға, Еуропаға дейін созылады. Кроранның батыс
солтүстігіндегі Көншы өзенінің батысын бойлап, Иіңпанды, Күшарды басып
Қашқар Жаңашар ауданына баратын жол солтүстік айрығы саналады, бұл жол да
адырлардан асып, Еуропаға дейін барады.
Кейін тағы 3 айрық жол пайда болды:Юймынның батыс солтүстігінен басталып,
қазіргі Құмыл, Тұрпан, Жемсары сияқты жерлерді басып, бұрынғы дала жолына
тұтасатын жол, бұл кейінірек солтүстік жол деп аталды. Тұрпаннан шығып,
Тянь-Шань тауының оңтүстігін қапталдап, батысқа беттеп, Қарашәр, Күшәрді
басып, бұрынғы солтүстік жол айрығымен тұтасатын жол кейінгі кездері Орта
жол деп аталды. Оңтүстік жол бұрынғысымен ұқсас.
7 ғ. кейін, теңіз қатынас-тасымалы дамығандықтан, Жібек жолы біртіндеп
екінші орынға түсті, бірақ 13 ғ. дейін шығыс пен батыс қатынасының маңызды
жолы болып келді. 19 ғ. басында, Иcпанияның елшісі Қытайдың 800 түйелік
сауда керуенін өз көзімен көріп тұрып Самарқанның жағдайы туралы былай деп
жазады:
Төңіректің төрт бұрышынан келген тауарлар Самарқанға жиналыпты... Қытайдың
торғын-торқалары көз жауын алады.
Қытайдың торғын-торқасы осы жолмен Орта Азияға, Батыс Азияға және Еуропаға
толассыз тасылды, сонымен тұт ағашын өсіру өнері де батысқа тарала бастады.
Сондай-ақ Шинжяңнан шығатын қас тасы, былғары, жүн әдиял сияқты тауарлар
мен орта жазықтың темір ыдыстары, фарфор ыдыстары, сырлы ыдыстары, шабдолы,
өрік, рауағаш, дәршен сияқты өнімдері батыс базарына қатар кірді. Орта
Азияның, Батыс Азияның және Еуропаның әйнек, жақұт, экономикалық дақылдары
және хош иісті заттары, дәрі материялдары, сондай-ақ Отқа табыну діні,
Бұдда діні, Сіләм діні сияқты діндер де Қытайға кірді және таралды. Шығыс
пен батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс-күйіс адамзаттың материялдық
мәдениетін байытты. Шығыс пен батыстағы халықтар Жібек жолы арқылы сыртқы
мәдениетті қабылдап, бұрынғыдан да салауатты мәдениет жарата алды.
Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін
тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты.

Қытай бастаған Ұлы Жібек жолы
Ұлы Жібек жолы - әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым елеулі
жетістіктердің бірі.. Керуен жолдарының тарамдалған жүйесі Жерорта
теңізінен Қытайға дейін Еуропа мен Азияны қым-қиғаш кесіп өтіп, ерте дүние
мен орта ғасыр дәуірінде сауда байланыстары мен Батыс пен Шығыс
мәдениеттері арасындағы тілдесуінің маңызды құралы қызметін атқарды. Жолдың
неғұрлым ұзақ үзігі Қазақстан мен Орта Азия арқылы өтті. Б.д.дейінгі 2
ғасырдың ортасында пайда болған Жібек жолы , егер Шығыстан жүрсек, Қытайдан
(Чаньани) басталады да, Ланчжоу ауданында Хуанхе асуы арқылы өтіп, одан әрі
Нан-Шаньнің солтүстік сілемдері арқылы ұлы Қытай қабырғаларының батыс
шетіне және "Яшмалық қақпалар бекетіне" жетеді . Такла-Макан шөлін
солтүстіктен және оңтүстіктен жиектей отырып, бұл жерде бірыңғай жол
тармақталады. Солтүстік жол Хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо алқаптары арқылы
Іле өзені даласына тартады. Ортаңғысы - Чаочаннан Қарашарға, Ақсуға және
Бедел асуы арқылы Ыстық көлдің оңтүстік жағасына тіреледі. Оңтүстігі -
Дунхуан, Хотан, Жаркент арқылы Бактрияға, ‡ндістан мен Жерорта теңізіне
келеді. Бұл "Оңтүстік жол" деп аталады. Ал "Солтүстік жол" Қашқардан
Ферғанаға және одан әрі Самарқант арқылы Бұқараға , Мерв арқылы Хамадан мен
Сирияға асады.
Бұрынғы Ферғана арқылы жол төте әрі қолайлы болса да, Қытайдан Батысқа
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жол 6-7 ғасырларда неғұрлым
жандана түседі . Жолдардың ауысуын төмендегідей себептермен түсіндіруге
болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азия арқылы сауда жолдарын бақылайтын
түрік қағандарының ордасы тұрды. Екіншіден, 7 ғасырда Ферғана жолы өзара
қырқыстан қауіпті бола түсті.‡шіншіден, бай түрік қағандарымен олардың
төңірегі теңіздің арғы жағынан келетін тауарлардың ірі тұтынушыларына
айналды. Осылайша бұл негізгі жолға айналды және де елшілік пен сауда
керуендері 7-14 ғасырларда дәл осы жермен өтті. .
Жібек жолының бағыттары қатып қалған бірдеңе болмағанын атап көрсеткен
жөн, жүз жылдың барысында оның жеке учаскелері мен тармақтарының бағыттары
өзгеріп отырды. Негізгі жолдан басталған біреулері жарамсыз болып қалды,
басқалары, керісінше, қызу жұмыс істеді, ал жолдармен бірге сауда жолдары
мен қиылыстарында тұрған қалалар, селендер және керуен сарайлары дамыды
немесе қаңырап қалды.
Ұлы Жібек жолының қазақстандық үзігі былайша көрінді. Шаштан (Ташкенттен)
шыққан жол Турбат асуы арқылы Испиджабқа бастады. Керуендер Испиджабтан
шығысқа қарай Таразға, Шараб, Будыхкент, Тамтадж арқылы Абардаджға қарай
жүрді.
Тараздан шығысқа қарай жол шөл жерлермен Құлан қаласына өтеді. Құланға
барар жолда Жетісуды билеген қарлұқ тайпаларының дүкендері болған Қасрибас,
Құлшөп және Жолшөп арқылы өтуге тура келді.
Құланнан одан әрі шығысқа қарай бір-бірінен 4 фарсах жерде Меркі және
Аспара қалалары тұрды. Жулдан жол Сарығқа, содан кейін "түрік қағанының
селеніне" және Қырмырауға тірелді. Ал бұл жерден Жетісудың ірі қалаларының
бірі Науакентке (қытайша Синчан) жетеді. Бұл екі атау да Жаңа қала деген
мағынада аударылады.
Науакенттен Пенджікент (Бунжікент) арқылы жол Жетісудың ірі қаласы Суябқа
жеткізеді. Ол батыс түріктердің, содан кейін түргештердің, қарлұқтардың
астанасы болған.
Суябтан Жібек жолы Ыстықкөлдің не солтүстік, не оңтүстік жағалауларына
шығады.Бұдан кейін бұл жолдар Қашқар мен Ақсу асуларында қосылады. Ыстықкөл
қазан шұңқырынан Санташ асуы мен Қарқара жазығы арқылы жол Іле жазығына
шығады да, содан кейін Іленің оң жағасымен ¤сек пен Хоргос алқаптары арқылы
Алмалыққа әкеледі, ал содан кейін Такла-Макан шөлінің жиегімен, Хами мен
Тұрфан жазирасы арқылы Дунхуанға және Қытайға тіреледі.
Жібек жолының бір тармақтары 10-12 ғасырларда бүкіл Іле алқабын оңтүстік-
батыстан солтүстік-шығысқа кесіп өтті. Тармақтану Науакентте басталып,
содан кейін Бунджікетке барып, Кастек асуы арқылы Іле Алатауының солтүстік
сілемдеріне жеткізеді . Бұл жерде Шу мен Іле өзендері бассейндері арасында
су айрығын құрайтын қасиетті ұрын-Ардж таулары белгілі жолсілтер бола
алады. Осы заманғы Кастек, Қаскелең және Алматы қалаларының орнындағы шағын
қалашықтар арқылы Жібек жолының нобайы Талғар қаласының солтүстік шетінде
орналасқан Талхиз қаласына жетеді.

Талхиздан Жібек жолы тармақтанады. Оңтүстік жол Есік, Түрген, Шелек арқылы
Борохудзир ауданындағы Іле өткеліне апарады, ал содан кейін Іленің оң
жағалауымен Хоргос арқылы Алмалыққа тіреледі, осы жерде Ыстықкөл алқабынан
келген жолмен қосылады. Солтүстік жол Талхиздан Талғар өзенінің бойымен
Қапшағай шатқалы ауданындағы Іле өзеніндегі өткелге келеді. Содан кейін жол
Шеңгелдіге жетіп, одан кейін Алтынемел асуынан асып, Көксу алқабына
еңкейеді және Екіөгіз қаласына бастап барады.
Екіөгізден жол жабғу қарлұқтарының астанасы Қаялыққа (Қойлаққа) келеді.
Одан әрі ол Тентек алқабынан өтіп және Алакөлді айналып Жоңғар қақпасы
арқылы Шихо алқабына және бұл жерден Бесбалық арқылы Дунхуанға және ішкі
Қытайға жетеді.
Алайда, Жібек жолының қазақстандық үзігіндегі бастапқы нүктелердің бірі -
Испиджаб қаласына оралайық, содан кейін византиялық саяхатшы Земархтың
ізімен - Тараздан Испиджаб арқылы Арал бойына және одан әрі Еуропаға жол
тартайық.
Испиджабтан керуен жолы Отырар-Фарабқа және одан әрі Сырдария өзенімен
Арал бойына келеді. Бұл бағыттағы неғұрлым ірі қалалар Отырар-Фараб пен
Шавгар болып табылады.
Отырар көптеген керуен жодарының торабы болды; бұл жерден бір жол
Шавгарға, ал басқа біреуі Сырдария өткелі арқылы Васиджу қаласына бастады.
Соңғысы Шығыстың аса көрнекті ғалымы Абу-Насыр әл-Фарабидің туған жері еді.
Бұл қала 13-14 ғасырларда Зернук деп аталды. Одан Сырдария өзені бойымен
жол жоғары тартып, оғыздық қала Сүткент арқылы Шашқа, содан төмен қарай
Жентке жетеді. Бұл жерден Қызылқұм арқылы Хорезмге, ‡ргенішке , бұл жерден
Еділ бойына, Кавказға жол тартады. Еділдің төменгі ағысында алтын ордалық
астана - Сарай қалыптасқан 13 ғасырда Жібек жолының бұл үзігі ерекше қызу
болды.
Бұл жол 13-14 ғасырларда Сарайшық, Сарай-Бату және Каффу арқылы өтті.
Осы күнгі Түркістанның орнында, Шавгардың қасында, 10-12 ғасырларда Яссы
қаласы қалыптасты, мұнда белгілі софы Ахмет Ясауи өмір сүріп, түріктер
арасында исламды уағыздады. Шавгардан жол оғыздар мемлекетінің астанасы
болған Янгикент қалашығына келеді. Сондай-ақ осы жерден жол Қызылқұм арқылы
Хорезмге бастайды.
Шавгардан, кейініректегі Яссыдан асу арқылы Жібек жолы Қаратаудың
солтүстік еңістеріне шығады, бұл жерден Сырдария бойымен жарыса жүрген жол
басталады. Бұл жолдың бойында Созақ, ұрасотан, Құмкент, Сүгілкент қалалары
жатты. Бұл жол Таразға бастады.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін Жібек жолының негізгі бойынан
Орталық Қазақстан мен Шығыс Қазақстан аудандарына, Дешті-Қыпшақ, кейінірек
Сарыарқа деп аталған далаларға, Ертіс жағалауларына, Алтай мен Моңғолияға
бастаған солтүстік пен шығысқа жол шықты.
Қазақстанның далалық аудандарын тек көшпенділер мекендемейтін. Егіншілікке
лайықты жерлерде орта ғасырлық кезеңде егіншілік пен қалалық өмір пайда
болып, дамыды. Мыс, қалайы, қорғасын, күміс кендерінің бай көздері қола
дәуірден-ақ игеріліп, ал одан кейінгі уақыттарда бұл жерлерде кен
қазушылардың, металл балқытушылардың, мыс пен күміс шеберлерінің
қалашықтары өсіп жетілді.
Орталық Қазақстан аудандары табиғи ресурстарға бай болды, мұнда қара қорым
қойлар отарлары мен үйір-үйір жылқы жайылып жүрді, сондықтан да бұл
аудандар Жібек жолы жүйесіне енгізілді.
Отырардан Арсубаникет арқылы, Арыстанды, Шаян далаларымен, Қаратаудың
аласа
тауларынан асып, Шавғар мен Яссыдан Тұрлан асуы арқылы, Саураннан және
Сығанақтан, Янгикенттен жол Орталық Қазақстан далаларына шығады және
оғыздар, содан кейін қыпшақтар күнелткен Сарысу мен Кеңгір, Торғай мен Ешім
өзендерінің жағалауларына жетеді. Сірә, ортағасырлық деректемелерде еске
алынатын Жұбын, Қоңлыкент қалаларын, Орта және Кейтағ жайлауларын,
әл=Ыдырыси бойынша Гарбиана, Махмуд Қашқари бойынша Бақырлытағ кен
орындарын осы маңнан іздеген жөн.
Янгикенттен жол солтүстік-шығысқа қарай шығып, Белеуті өзенінің
жағаларына, содан Қоңырат пен Қарсақпай аудандарына әкеледі. Сарысу деп
аталатын жол Орталық Қазақстанға бастайды - Отырардан Шавғар мен Тұрлан
асуы арқылы Ақсүмбеге, Сарысудың төменгі ағысына және өзен бойымен жоғары
қарай ұлытауға (Кендірлік таулары), содан Ешім мен Ертіс бойымен кетеді.
Неғұрлым төте жол Созақ арқылы Шудың төменгі ағысына барады, ал ол жерден
Бетпақдала арқылы Жезқазған ауданына шығады. Тағы бір жол - "хан жолы"
кейінгі уақыттарға дейін пайдаланылды және ол Тараздан Талас бойымен төмен
қарай құлдилап, Мойынқұм мен Бетпақдала арқылы Атасуға өтеді.
Тараздан, Ибн Бахр мен әл-Ыдырсидің деректері бойынша, Адахкес және
Дех=Нуджикес қалалары арқылы сауда жолы Ертіске- қимақтар хақанының
резиденциясына шығады, одан әрі Енисей қырғыздарына қарай желі тартады.
Әрбір үш жылда қырғыздарға жібек артқан керуен жөнелтілді. Іле жазығы
Орталық Қазақстанмен Шу-Іле тауларының солтүстік еңістеріндегі жолдар,
содан кейін Шу ағысымен Сарысу жағасына шыққан жол байланыстырады . Тағы
бір маңызды жол Шеңгелді ауданында Солтүстік-Іле жолынан басталады. Ол Іле
өзенінің тармағы Ортасу арқылы Ақтам және Ағашаяқ қалаларының қалдықтарын
басып өтіп, Балқаш көлі жағасына, содан кейін көлдің оңтүстік пен солтүстік
жағасын жалғап тұрған, 8 шақырымнан сәл-ақ астам бұғаз қалдырған ‡шарал
жарты аралына шығады. Осындағы мүйістен көпшілік бөлігін су басқан қалашық
қалдықтары табылды. Керуендер көлді өткелмен кешіп өтті немесе үстімен
Тоқырау өзенінің сағасына шыққан деп болжауға болады, ал содан кейін оның
жағасымен ұлытау сілемдеріне іліккен және содан кейін солтүстікке тартқан.
Оңтүстік Орал бойы арқылы Кама бассейніне Жібек жолын солтүстікпен
жалғаған жол келеді. Осы жерден қымбат аң терілері Орта Азияға, Шығыс
Түркістанға және одан әрі ‡ндістанға жеткізіледі.
Жібек жолы алғашында қытай жібегін Батыс елдеріне экспорттауға қызмет
етті. ¤з кезегінде Римнен, Византиядан, ‡ндістаннан, Ираннан, Араб
халифаттарынан, ал кейінірек Еуропа мен Русьтен бұл елдерде өндірілген
тауарлар жеткізілді. Бұл таңданарлық, таңсық тауарлардың тізімі
таусылмайды. Олар - мирра мен ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен
жұпар жаңғағы, женшень мен жылан өті, кілемдер мен кездемелер, бояулар мен
минералдық шикізаттар, алмас пен яшма, янтарь мен маржандар, піл сүйегі,
күміс пен алтын құймалары, аң терілері мен тиындар, садақтар мен жебелер,
қылыштар мен найзалар және көп басқалары.
Жібек жолымен сатуға Ферғанадан асыл тұқымды жылқыларды, араб
сәйгүліктерін, түйелер мен пілдерді, керіктер мен арыстандарды, сілеусіндер
мен қарақұйрықтарды, қаршығалар мен қырандарды, тауыстарды, тотыларды,
түйеқұстарды әкелді.
Жібек жолымен мәдени өсімдіктер: жүзім, шабдал және қауындар, қалампырлар,
бұрыштар мен қант, көкөністер мен жемістер, аскөктері тарады.
Тауарлардың, ғылыми және техникалық жаңалықтардың, қолданбалы өнер,
сәулет, қабырғалық кескіндеме мәдениеті үлгілерінің таралуымен қатар Шығыс
пен Батыс елдері бойынша Жібек жолымен музыка мен би өнері, ойын-сауық
көрсетілімдері, өзіндік орта ғасырдың "эстрадасы" кең өріс алды. Мысалы,
иран, соғдилық, түрік актерлері Қытайдың хореографиялық мәдениетіне көп
нәрсе енгізді. Жібек жолының барлық өнебойында тарихи ескерткіштерді қазу
кезінде түрлі халықтардың музыкалық және театр мәдениеті саласында даму мен
өзара байытудың көптеген материалдық растауы табылды .
Жібек жолымен діни ілімдер мен идеялар таратылды, түрлі миссионерлер өз
діндерін теңіздің арғы жағындағы елдерге жеткізді . ‡ндістаннан Орта Азия
мен Шығыс Түркістанға буддизм келді , Сириядан, Ираннан және Арабиядан
христиан діні, содан кейін ислам тарады.
Буддизммен бірге Батыстан Шығысқа Жібек жолымен бет алған несториандық
мәндегі христиан діні өріс алды . Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда 7-8
ғасырларда несториандық кең құлаш жайды .
Жібек жолымен тағы бір дін - манихейлік тарады. Ол 3 ғасырда Иранда пайда
болып, Италиядан Қытайға дейін көптеген қолдаушыларын тез арада тапты.
Түріктік орта ғасырлық қалалар тұрғындарының арасында тағы бір дін -
зороастризм өкілдері болды. Ол б.д.дейінгі 7-6 ғасырларда ертедегі Иран
аумағында дүниеге келді. Оның рәсімдік практикасында ғаламдағы төрт
элементті - суды, отты, жерді, ауаны құрметтеу оған тән. Алайда канондықтан
өзгеше Орта Азияда зороастризмнің ерекше варианты орын алды . Ол жергілікті
түрік табынуларымен, атап айтқанда, отқа, ата-бабаларға, малға - қойға,
жылқыға, түйеге табынумен тығыз байланысып жатты.
Зороастризмге байланысты көптеген табынулар Еуразияда мұнда ислам пайда
болғаннан кейін де жүре берді.
10 ғасырдың басында қараханидтер әулетінің рубасы Сатық исламды қабылдады,
ал оның ұлы Богра-хан Харун б.Мұса 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп
жариялады .
Жаңа дін біртіндеп көшпенділер арасында да тарай бастады. Ортағасырлық
авторлар Фараб, Кеңжиде және Шаш аралығында көшіп жүрген түрік-мұсылмандар
туралы, сондай-ақ қыпшақтар арасында 11-12 ғасырларда исламның таралуы
туралы хабарлайды.
Монғол Мемлекеттің құрылуы. XIII ғасырдың екінші онжылдығында Қазақстан
территориясы Шыңғыс-хан бастаған соғыс–құмар татар-монғол тайпаларының
шапқыншылығына ұшырады. Бұл тайпалар Азияның ішкі шалғай аудандарының ұлан
– байтақ жерін иеленген еді.
Моңғол тайпалары әлеуметтік–экономикалық дамудың түрлі сатысында болатын,
орман халқы және көшпелі қыр халқы деп аталатындарға бөлініп өмір сүрді.
Орман тайпалары негізінен аң аулаумен, қыр тайпалары көшпелі мал
шаруашылығымен айналысты және бұлар сан жағынан басым болып, монғол
қоғамының саяси өмірінде жетекші роль атқарды.
ХІІ–ХІІІ ғасырлардың межесінде монғол қоғамында феодалдық қатынастардың
қалыптасу процессі жүріп жатты. Бұл қоғам екі топқа бөлінеді: нояндар және
езгідегі араттарға бөлінді. ХІІІ ғасырдың басында татар - монғол
тайпаларының басын біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті құрылды. Бұл
мемлекеттің негізін салушы Борджеген тайпасынан шыққан Темучин болды. Ол
бір дерек бойынша 1162 жылы, екінші дерек бойынша 1155 жылы бай ноян Есугей
– бағадұрдың отбасында дүниеге келген. Шешесі -Меркет қызы, руы қоңрат.
Темучин ер жете келе көшпелілер үстінен билік жүргізуүшін, тайпалар
арасындағы күрес жағдайынданегізгіқарсыластарыныңбар лығын женіп, 1203-1204
жылдары моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірді. Егер бұрын
Моңғолиянымекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген (ең қуатты
тайпалардың бірі аты ) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты
моңғолия тайпалары өздерін моңғолдар деп атай бастады да, бұл термин
жинақтаушы этникалық – саяси мәнге ие болды.
Тоғорыл хан, Тоғұрыл хан, Уаң хан (шамамен 1140 – 1203) – керей (керейт)
ұлысының билеушісі (1168 – 1203), Керей ханы Бұйрықтың бес ұлының бірі.
Әкелері өлгеннен кейін, балалары хан тағы үшін өзара қақтығысты. Билікке
келген Тоғорыл ханды ағасы Ерке Қара наймандардың көмегімен тақтан
тайдырды. Бірақ Тоғорыл хан моңғол қолбасшысы Есукейдің көмегімен билікті
қайта қолына алды. Енді оған қарсы әкесінің інісі Гүр хан араласты. Қарауыл
Қыпшақ деген жерде Гүр хан Тоғорыл ханды шапқан. Қашып құтылған Тоғорыл
ханға тағы да Есукей көмекке келіп, билікті біржола қолына алып берді. Осы
кезден бастап Тоғорыл хан – Есукей, керей мен моңғол, кейін Тоғорыл хан мен
Темучин (Шыңғыс хан) арасындағы андаластық-достық қатынасы басталған.
Тоғорыл хан билігі тұсында керей елі Моңғол үстіртіндегі елеулі әскери-
саяси күшке айналды. Тываның қара орманына ел ордасын тікті. Сөйтіп, Керей
ұлысы мемлекеттік сипатқа ие болды. Керейлердің күшейген кезеңінде Есукей
батыр өліп, бөржігін ақсүйектері саяси күйзеліске ұшырады. Есукей батырдың
үлкен ұлы Темучин әкесінің андалы достық жолын ескеріп, Тоғорыл ханға әке
орнына әке болуын өтінді. Тоғорыл хан келісімін беріп, бұл оқиға Темучиннің
саяси сахнаға көтерілуіне алғашқы бастама болды. 1179 ж. Темучин Тоғорыл
хан және Жамұқамен бірлесіп Бугур Кегер шайқасында меркіттерге күйрете
соққы беріп, меркіттерге қолды болған қалыңдығы Бөртені қайтарды. Бұл оқиға
Тоғорыл хан мен Темучин арасындағы қарым-қатынасты нығайта түсті. Темучин
1189 ж. өз әулетінің ханы сайланғанда Тоғорыл хан оны алғаш қолдап, ақ
батасын берді. 1198 ж. Тоғорыл хан Темучинмен бірлесіп шүршіттерге көмекке
аттанып, татар ханы Мэгужин Султінің басын алғаны үшін шүршіт ханы Вангин
Чинсаннан Уаң (Ван) хан, яғни “ел, ұлыс билеушісі” деген лауазым алды. Осы
кезден Тоғорыл хан тарихи әдебиеттерде Уаң хан (Ван хан) атана бастады.
Тоғорыл хан мен Темучин 1201 ж. Жамұқа бастаған Алақай Бұлақ одағына соққы
берді. 1203 ж. Темучинмен бірлесіп, найман Бұйрық ханға шабуыл жасады.
Тоғорыл ханның Нилқа Сәңкүм және Ұйқы атты екі ұлы болған. Сәңкүм өзін
Темучиннен кем санамаған. Осы жай ақыры Тоғорыл хан мен Темучин арасына
сызат түсірді. Жамұқаның араласуымен бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі қазақ тарихы пәнінен дәрістер
Ежелгі Қазақстан. Қазақстан тас дәуірінде
Қарлұқ мемлекетінің құрылуы
Жалпы түркі тарихы. Дәрістер
Батыс Қазақстанның ортағасырлық қалалары
Түркі өркениеті және Ұлы Жібек жолы
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы
Ортағасырлардағы қалалардың дамуы: сәулет өнері және материалдық мәдениет
Түрік қағанаты – 551-603 жылдар
Ұлы жібек жолы жайында
Пәндер