Философиялық көзқарастары
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Әль-Кинди - араб философиясын бастаушы ұлы тұлға
2. Әл-Фарабидің онтологиялық (болмыстық) ілімі. Әл-Фарабидің әлеуметтік-саяси, этикалық көзқарастары
3. Ибн-Сина және Ибн-Рошд философиясы
4. Әл-Ғазалидің дүниелік көзқарастары, философиясы
5. Ибн-Халдунның мемлекеттің пайда болуы мен өмір сүруі жөніндегі ілімі
6. Әл-Бируни, Әл-Хорезми, Омар Хаям философиялық ілімдері
I. Қорытынды
II. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Дүниежүзілік философия тарихында Шығыстағы Көне Қытай, Үнді, Парсы т.с.с. елдеріндегі пайда болған философиялық көзқарастардан тыс Орта ғасырларда дүниеге келіп өзінің ерекше болмысымен тарихта танылған Орта Азия мен Араб елдеріндегі ұлы философиялық ой-пікірлерді айтуға болады. Көне заманның аяғында құл иеленушілікке негізделген қоғам сарқылып, Орта ғасырларда "тарихи белсендік" Шығыс халықтарының үлесіне тиеді. тайпалық-рулық, соғыс демократиясының негізінде өмірОның негізгі себебі сүріп жатқан, көпқұдайлыққа табынған Араб тайпаларының басын біріктіру қажеттігі еді. Осы қажеттіктің негізінде Ислам дүниеге келіп, сол діннің негізінде Арабтар империясы дүниеге келеді. Көшпенді Араб тайпаларының бастарының бірігуі олардың арасындағы қақтығыстарды тоқтатып, жаулап алынған Батыс пен Шығыс, Орта Азиядағы халықтардың мәдениетімен танысуға, бейбіт жағдайда өндіргіш күштердің дамуына, сауда-саттық пен теңіз арқылы байланыстырдың өсуіне әкелді. Араб империясы Батыста Испанияға шейін жетіп, өзінің мәдениетін, дінін, философиясын жаңа елдерге таратты. Аз уақыттың ішінде арабтар мемлекетті басқару, соғыс жүргізу, мәдениетті дамыту салаларында үлкен жетістіктерге жетті. Оның бәрі басқа халықтардың мәдениетіндегі жетістіктерді өз дүниетанымен ұштастыру арқылы келсе керек. Дүниежүзілік мәдениетке қосқан арабтардың үлесі көп. Соның ішінде философияға келетін болсақ, олардың өшпес еңбегі- Антикалық дәуірінде пайда болған философиялық ілімдердің бәрін ұқыпты зерттеп, өз тіліне аударып, оны әрі қарай дамытуы. Бұл үлкен "аудармашылық қозғалыс" ретінде тарихта қалды. Арабтардың философия саласына енгізген еңбектері-ерекше әңгіме. ХI - ХII ғасырларда арабтардың барлық игерген мәдениет құндылықтары Батыс Европа халықтарының тілдеріне аударыла бастайды. Араб мәдениеті, әрине, Орта Азия халықтарының тағдырына, мәдени дамуына өзінің зор әсерін тигізді. Негізгі нәтижелердің бірі-Орта Азия халықтарының бірқұдайлыққа көшіп Ислам дінін қабылдауы болды. М.Вебер уақытында айтқандай, ислам көшіп-қонған жауынгер халықтарының діні. Біздің жартылай жерде отырған, жартылай көшпелі өмір салтын ұстаған қазақ халқының дүние сезіміне бұл дін сай келіп, оның бергі тарихы осы дінінің аясында өмір сүріп және бүгінгі таңға дейін дамып келеді.
Әль-Кинди - араб философиясын бастаушы ұлы тұлға
ӘБУ ЮСУФ ЯКУБ ИБН ЫСҚАҚ ИБН САББАХ ӘЛ-КИНДИ (шамамен 801ж, Басра, Ирак - 873ж, Бағдат, Ирак) -- Басрадан шыққан атақты арабтың математигі, философ, ғалым және астролог, Бағдаттағы Ақылдылар үйінде қызмет еткен. Әл-Мутаваккил халифтің билігі тұсында (847 жылдан) қуғында болған. Әл-Кинди метафизика, логика, этика, математика, астрология, медицина, метеорология, оптика, музыка салалары бойынша 250-ге тарта трактаттардыңеңбектердің авторы. Шығыс перипатетигі өзінің түпнегіз (прасубстанция) туралы ілімінде мына категорияларды қарастырды: форма, материя, қозғалыс, кеңістік, уақыт. Ол дүниені ақылмен тануға болатынын, ақиқатты білімге жетудің ғылыми танымдық үш сатысын көрсетті: логикалық-математикалық, жаратылыстану-ғылымилық және метафизикалық (философиялық). Әл-Киндидің философия және жаратылыстану ғылымдары саласындағы көптеген жаңа тұжырымдары мен қағидалары келешек ғылым үшін де жетекшілік рөл атқарды. Атап айтқанда, оның септілік байланысы, танымның үш сатысы туралы ілімі араб философиясы үшін сараптаудың үлгісі есепті болды. Философиялық көзқарастары: Әл-Киндидің пайымдауынша, танымның бірінші сатысына логика мен математика, екінші сатысына жаратылыстану ғылымдары, үшінші сатысына философияны жатқызады. Демек, философияның нақтылы ғылымдарға өте жақын екендігін, олармен тығыз байланыста болып, арқа сүйейтіндігін көре біліп, дұрыс айтқан. Шығыс перипатетизімінің тарихында ақыл-ойдың төрт түрін атап көрсеткен концепция үлкен рөл атқарды. Оларды мәңгі әрекетшіл белсенді ақыл-ой, бейжай, енжар ақыл-ой, жол-жөнекей қосылған ақыл-ой, жарияшыл ақыл-ой деп сұрыптайды. Ал Аристотельдің он категориясының орнына әл-Кинди бес категорияны рухани түпнегіз етіп алуды ұсынады. Олар: материя, форма, қозғалыс, кеңістік және уақыт. Өзінің ғылыми ізденістерін әл-Кинди астрологиямен - болашақты болжау ісімен ұштастыруға ұмтылған. Оның бұл әрекеті - ислам дініне келісе бермейтін кейбір пайымдаулары исламның кейбір жақтаушыларына ұнамай, олар әл-Киндидің біраз кітаптарын өртеп жіберді. Сондықтан да оның көптеген шығармалары бізге жетпеді. Әсіресе, оларды қатты ашуландырып, өшіктірген нәрсе әл-Киндидің Құранға сенімсіздікпен қараған кейбір ойлары болды.
Әл-Фарабидің онтологиялық (болмыстық) ілімі. Әл-Фарабидің әлеуметтік-саяси, этикалық көзқарастары
ӘБУ-НАСЫР МҰХАММЕД ИБН МҰХАММЕД ИБН ҰЗЛАҒ ИБН ТАРХАН ӘЛ-ФАРАБИ АТ-ТҮРКИ (870ж. Отырар қаласы (Қазақ Елі) - 950ж. Дамаск, Сирия) -- қазақ жерінен шыққан әйгілі Екінші-Ұстаз, әмбебап, математик, философ, музыка зерттеушісі, тарихшы, энциклопедист-ғалым. Аристотель шығармалары сол кездің өзінде-ақ араб тіліне аударылып үлгерген-ді. Араб Шығысында Аристотельдің кейбір құнды ойлары бұрмаланып көрсетілді. Бірақ көп еңбектері тәржімаланбағандықтан ұлы грек философиясының ойын түсіну қиын болды. Сондықтан да, көп тілдерді жетік білген ұлы ғалым жерлесіміз Аристотель шығармаларына араб тілінде түсіндірме жазуды ұйғарды. Сөйтіп, ол ұлы философтың мұраларын жаңсақ пікірлерден тазартып, өз қалпында дұрыс түсіндіре біліп, өзінің бірінші ұстазға деген ғылым саласындағы үлкен адамгершілік, азаматтық іс-әрекетін таныта білді. Сондықтан да, шығыс философтары оны Әл Му'алим ӘсСани -- Екінші ұстаз деп атаған. Әл-Фарабидің түркі тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде Тархан деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Кеңінен мәлім екі дерек бар: 1218 жылы моңғолдар қаланы қиратты, бұл Отырар апаты деп аталды; онаң соң 1405 жылғы ақпанда мұнда Әмір Темір қайтыс болды. Отырар жайында біздің қолымызда Ибн Хаукальдың, Абул Фиданың, қытай деректемелерінің мәліметтері бар. Отырар жөнінде Птоломейде де айтылған. Отырардағы кітапхана, ел ауыздағы аңызға қарағанда, кітабының саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан кейінгі екінші орында болған. Қазақ топырағынан шыққан ғалымдар Әбу-Насыр Әл-Фараби, Исхақ ӘлОтрари, Исмаил Әл-Шаухари, Жемал Әл-Түркістани, Әл-Сығнақи, ӘлҚыпшақи, Қадырғали Жалаири және басқалар жазған еңбектердің белгілі бір мәдени негізде дүниеге келуі әбден табиғи нәрсе. Осынау саңлақтардың ішінде жалпы әлемге әйгілі алып тұлға ретінде көзге көрінетін әл-Фарабидің орны ерекше. Білімге, ізденуге деген құштарлықтың жетелеуімен ол, жас шағында, дүниедегі құбылыс біткеннің бәрі кісіге әрі ғажап, әрі таңсық көрінетін кезде саяхат жасап, сол замандағы мәдени әлемнің көптеген орталықтары: Хорасанда, Бағдадта, Дамаскіде (Шам), Алеппода, Каирда (Мысыр) болған. 132 Өз өмірінің көп жылдарын ол, Араб Халифатының саяси және мәдени орталығы болған, Бағдадта өткізді. Мұнда ол өз білімін әбден тиянақты меңгеріп, толықтырады, көрнекті ғалымдармен байланыс жасайды, сөйтіп өзінің білімдарлығы, ақылының алғырлығы және асқан байсалдылығы арқасында көп ұзамай олардың арасында үлкен абырой-беделге ие болды. Бірақ өресі тайыз, кертартпа хадисшілер оны жек көріп, күндей бастаған, әсіресе, олар Әл-Фарабидің бүкіл ойының негізгі мәніне қарсы шыққан, өйткені, оның дүниеге көзқарасы шынайы болмысты танып білуге, адам бақытын о дүниеден іздеп табуға мезгейтін еді. Ақыр соңында Әл-Фараби лажсыздан Бағдадтан кетеді. Өзінің Фусул ал-мадани (Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері) деген соңғы шығармасында ол: Адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылыми өркен жайған елде тұруға тиіс, - дейді. Әл-Фараби Александриялық (Мысырлық) ғалымдар, яғни бір кезде Александриядан ығыстырылған несторианшыл христиандар тұратын Хоранға келіп қоныс тебеді. Өмірінің соңғы жылдарын Алеппо мен Дамаскіде өткізеді, мұнда ол Солтүстік Сирияның жетекшісі әрі саяси қайраткері Сейд Ад-Дуаль Хамданиге аса кадірлі болды. Әл-Фараби 950 жылы 80 жасында қайтыс болды.
Философиялық шығармалары:
Ғылымдардың шығуы, Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбегі, Кемеңгерлік меруерті, Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы, Музыканың үлкен кітабы, Философияны аңсап үйрену үшін алдан-ала не білу қажеттігі жайлы, Ақылдың мәні туралы, Әлеуметтік-этикалық трактаттар, Философиялық трактаттар, Құдыретті Платон мен Аристотель көзқарастарындағы ұқсастық, Жан туралы, Птоломейдің Алмагесіне түсініктеме және т. б. 100-ден астам философиялық еңбектер жазған. Фараби ғылымның философиялық-логикалық іргетасын дұрыстап қайта қалап шықты. Ол музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика т.б. ғылымдар жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше зор. Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің Категориялар, Метафизика, Герменевтика, Риторика, Поэтика, бірінші және екінші Аналитика, Топикасы мен 4 сопылық еңбектеріне түсініктемелер жазды. Ол еңбектері күні бүгінге дейін де мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Сөйтіп, Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін таныстыруда зор рөл атқарды.
Философиялық көзқарастары:
Философияда идеалист болғанымен құдайға сенсе де, әл-Фараби ғылыми жұмыстар жүргізіп, оны материализмнің пайдасына шешті. Ол дүниені алты бөлшектен тұрады, деді. Олар жәй бөлшектер, минералдар, өсімдіктер, жануарлар, адамдар, аспан денелері. Ол дүниені тануға болады, ал танымды тудыратын сезім мүшелері, деді. Мұсылман Ренессансы деген атауға ие болған сол заманға тән белгілері оның шығармаларымен белгілі бір дәрежеде өз орнын алады. ӘлФарабидің шығармаларында көне замандағы дәстүрдің және Бірінші Ұстаз 133 деп Шығыста аталып кеткен Аристотельдің тарих барысында қалдырған әсері, неоплатонизмнің, несторианшылдықтың әсері және исламның әсерімен Аристотель идеяларының өзгеруі айқын көрінеді. Әл-Фарабидің Аристотельге бас игені сөзсіз. Сол сияқты ол Аристотель идеяларының ең жақсылары мен бағалыларын әрдайым таңдап ала бермейтіні де даусыз. Бірақ біз үшін ерекше бағалы жағы да сол - ол Аристотель ілімінің формальдық жағымен ғана шектелмейді, диалектика элементтеріне, мәселені қарамақарсы қоюына белгілі дәрежеде көңіл бөледі, сыртқы дүние мен сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын байланыс таным логикасының іргетасы болып табылатынын дәлелдейді. Сондықтан да, XI ғасырда өмір сүрген Фарабидің ізін қуушы атақты Әбу Әли Ибн-Сина (980 - 1037) тек Әбу Насыр түсіндірмелері арқылы ғана Аристотель еңбектерінің ойын ұғып, қуанғанынан қайыршыларға садақа үлестіргені жайлы жазған екен.
Философиялық афоризмдері:
1. Ар-ождан алдындағы адалдық - өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты
2. Шыншылдық адалдықпен ағзалас.
3. Өрге жүзген өнегелі ісімен, Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен
4. Тіршілікте құрыштай бол төзімді,
Сан мәрте ел алдаса да өзіңді.
Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,
Кезде дағы әзәзілдер азғырған.
5. Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді
6. Мінез-құлық міні - рухани кеселге жатады.
7. Бейқамдық сәтсіздікке бастайды.
8. Жүргендер көп достық атын малданып, Қалмағайсың сен де бірде алданып
9. Өз бойында жоқ қасиеттерге құмар кісі көлгір келеді.
10. Білімді болу деген - жаңалық ашуға қабілетті болу
11. Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбіңнен көп алыста жатады.
12. Шын білім - ақиқат, анық білім.
13. Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтырлы ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды.
14. Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы - айқын, ерік-жігері - зор, тілек-мақсаты - ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт. Жәй ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек
15. Мінез - жанның айнасы.
16. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінезқұлыққа байланысты.
17. Мінез бен ақыл жарасса - адамгершілік ұтады.
18. Сұлу саз жан сергітеді.
19. Тән ауырса, жан да ауырады.
20. Тәрбиелеу - дегеніміз адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.
21. Адамның тоқмашы не хатшы болып тумайтыны тәрізді, қайырымдылық пен қайырымсыздық та жаратылыстан бойға бітпейді.
22. Адамның тәндік жаратылысының дамуының негізгі көрсеткіші - деннің саулығы.
23. Ізгі және қажетті шаруа атқарған адамның бәсі де жоғары болуы керек.
24. Адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді.
25. Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек.
26. Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаңыз да - игілігін көріп, рахатына бөленуді мақсат тұтқан жөн.
27. Адамның жақсы әрекеттер жасауға да, жаман әрекеттер жасауға да туабітті мүмкіндігі мен қабілет-қарымы жетеді.
28. Дұрыс әрекет - мақсатқа жеткізер жолды дұрыс таңдаудан басталады.
29. Ең тамаша әрекет - бақытқа қол жеткізетін еркіндік.
30. Талпыныс тәжі - табандылық.
31. Өнер біткеннің бәрі бірдей - бір адамның құшағына сыймайды
32. Поэтикалық шығармалардың қай-қайсысы да бір нәрсені қиялмен жақсы бейнелеп шығуға ғана арналады.
33. Өнердің теориясын меңгеру - дегеніміз өнерге қатысты мәселелерді ақыл арқылы ұғыну және талғам қабілетін игеру.
34. Бақыт, қуаныш және ләззат сезімдері асқан сұлу, ең әсем және аса көркем дүниелерді қолмен ұстағандай айқын және кемел дүниелер ретінде танып-білу арқылы ғана пайда болып, толық болмысқа ие болады.
Ибн-Сина және Ибн-рошд философиялық ойлары
ӘБУ ӘЛИ ХУСЕЙН ИБН АБДАЛЛАХ ИБН СИНА (АВИЦЕННА) (16 тамыз, 980ж. Бұхараның жанындағы Афшана (Тәжікстан) - 18 маусым, 1037ж.) - энциклопедист-ғалым, философ, дәрігер, астроном, ақын әрі саяси қайраткер. Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456 жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геология және астрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацевт ретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де, оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді. Оның өзі жазған (ол оның алғашқы 30 жылын қамтиды) және оның шәкірті Джурджани жалғастырған өмірбаяны сақталған. Иран мемлекетіндегі Исфахан атты қалада философия және медицина саласы бойынша дәріс алып, өз білімін жетілдіреді.
Философиялық шығармалары:
18-томнан тұратын Айығу кітабын жазды. Ол ғасырлар бойы Шығыс пен Батыс дәрігерлері үшін баға жетпес көзіне айналған еді. Ибн Синаның философиялық шығармасы - он сегіз бөлімнен тұратын Айығу кітабы логиканы, физиканы, математиканы және философияны қамтыған. Арабтар әлемінде Ибн Синаның аты аса құрметпен аталды. Оны бірде Философтардың патшасы деп атаса, енді бірде оны Дәрігерлердің атасы деп атады.
Философиялық көзқарастары:
Философияда Фараби бағытын жалғастырғанымен, Ибн Сина араб перипатетизмінің негізін қалаушы болды. Оның болмыс туралы ілімі материяны мәңгі жаратылыстан тыс құбылыс ретінде қарастырды. Алайда бұл қағиданы діни көзқарастармен байланыстыруға мәжбүр болған. Мысалы, ол Құдайдың бар екендігіне шүбә келтірмейді. Дүние шындықтың мүмкіндігі ғана екенін айтады. Ол уақыттан тысқары Құдайдың жағдай туғызуына байланысты шындыққа айналады. Адамның рухын Ибн Сина дененің бейзаттық формасы ретінде қарастырады. Денелердің қайта тірілуі мүмкін емес дейді. Ибн Сина жалпы ұғымдар (универсалилер) мәселесін өте қызық жағдайда шешкен. Оның ілімі бойынша, жалпы ұғымдар үш ұдай өмір сүреді: біріншіден, заттарға дейін, құдыреттің ақыл-ойында, екіншіден, 139 заттың өзінде, себебі ол сол заттың мәні және үшіншіден, заттан кейін адамдардың санасында. Таным теориясында Ибн Сина әл-Фарабидің жолын қуып, оны одан әрі дамытуға атсалысады. Дегенмен, кейбір мистикалық тұжырымдарға бай негізгі тәсілдердің бірі ретінде ол Құдай шапағатын мойындап, ұсынады. Жалпы алғанда, Ибн Сина философиясы - Аристотельді исламның негізгі қағидаларымен ұштастыра отырып, оларды өзара ынтымақтастырмақ болған ілім. Ол әл-Фарабиден кейінгі философия тарихында өзіндік із қалдырған араб тілді мұсылман философиясының ірі өкілдерінің бірі.
Философиялық афоризмдері:
1. Дене құрылысының үйлесімін бірқалыпты ұстау дегеніміз - тағам мен сусынды талғау, дәрет тәртібін мұқияттау, киім мен ауа тазалығын сақтау, дене мен рух бірлестігін естен шығармау, ұйқы тәртібін бұзбау
2. Дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдансаң, дәріге пысқырып та қарамайсың.
3. Өз бақытын бағалай білмеген адам бақытсыздыққа ұшырайды
4. Қимыл көптеген дәрінің орнын басу мүмкін, бірақ бірде-бір дәрі қимылдың орнын баса алмайды.
5. Медицина - саулықты сақтау, науқасты кеселден айықтыру үшін адам тәнін зерттейтін ғылым.
6. Дәрігерде үш қару бар, олар: сөз, өсімдік, пышақ.
7. Егер ұзақ өмір сүргің келсе ... онда ұнтақталған грек жаңғағы аралас балды үзбей жей бер.
8. Дене шынықтыру жаттығулары әр адамның жасына, әл-ауқатына сәйкес әрқилы болуы қажет. Орта жастағыларға салт атпен қыдыру тиімді болса, күш-қуаты кеміген кекселерге жаяу жүрген пайдалы. Сондай-ақ бозбалаға қолайлы тағам қарттарға зияны болуы ықтимал.
Ибн-Рушд философиялық ойлары
ӘБІЛ УӘЛИД МҰХАММЕД ИБН АХМЕТ ИБН РУШД (АВЕРРОЭС) (1126ж, Кордова, Испания - 10 желтоқсан, 1198ж, Марракеш, Марокко) -- атақты батысараб философы, мемлекеттік қайраткер, дәрігер, ғалым, тамаша шешен-оратор, шығыс перипатетизмінің өкілі. Ғылымда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz