Дон жылқысы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

Кіріспе.

1. Негізгі бөлім.

1) Шаруашылықта пайдалану әдістері.

2) Қазіргі таңдағы ерекшеліктері.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Осыдан 65 млн. жыл бұрын өмір сүрген арқасы бүкіш, құйрығы ұзын, көлемі қанден ит сияқты (эохипус немесе хирокетрия) хайуаннан бастау алады. Бұл хайуанның алдыңғы қолында төрт саусағы, артқы тұяқтарында үш саусағы болған. табанын тіреп жүріп бұталар мен жас ағаштардың жапырақтарымен қоректенген.
Миоцен кезеңінде 25 млн. жыл бұрын. ауа райының өзгеріп, ағашты ормандар, бұталы балаусалы ұзын шөпті алқаптар құрғақшылыққа ұшырап, жер беті кеуіп. тау- тасты далалардың пайда болуына байланысты жылқының арғы тегін де өзгертті. Тұрпаты қазіргі пониге, бас сүйегі мен тісі қазіргі жылқыға ұқсас, жұмсақ айыр тұяқтары қатты тұяққа айналып, секіріп, жылдам жүретін болды.
Шамамен 12 млн. жыл бұрын жылқы тегінің келесі тізбегі- гиппарион пайда болды. Гиппарин үш айыр тұяқты, дене тұрқы киіктей, жылдам шауып жүретіні соншалық, өздерінің отаны Аляскадан бастап Беринг"көпірі" арқылы Азияға, Еуропаға ең аяғы Африкаға таралып кеткен. Бірақ әлі күнге дейін гиппарион қазіргі жылқының арғы тұқымы ма, әлде жанама бұтағы ма деген сауалдар төңірегінде таластар көп.

Негізгі бөлім.

Жылқы шаруашылығы бағалы азық-түліктік ет пен сүт өңдірумен қатар өнеркәсіпке - тері, қыл, ауыл шаруашылығы жұмыстарына - күш-көлік береді, жылқы қанынан емдік вакцина, сарысу, гамма-глобулин жөне қой мен сиырдың төлділігін арттыратын буаз бие қанының сарысуын дайындайды. Кең байтақ жайылымы бар Қазақстанның көптеген аудандарында жылқы шаруашылығымен айналысу тиімді.
Қазақстанда жылқы шаруашылығы асыл тұқымды жылқы өсіру, ет, сүт өндіру, спортта пайдалану бағыттарында дамуда. Сонымен қатар жылқыны кез келген шаруашылықтың күнделікті қажетін өтеу үшін салт мінуге, жүк тасуға т. б. жұмыстарды аткаруға пайдаланады. Асыл тұқымды жылқы өсірумен арнайы мемлекеттік жылқы зауыттарымен қатар, соңғы уақытта жеке азаматтар мен шаруашылықтар да айналысады. Қазақстан жағдайында табиғи жайылым отын мейлінше толық пайдалануға негізделген ет, сүт өндіру бағытындағы жылқы шаруашылығын дамыту мүмкіншілігі зор. Осы ретте жекелеген аймақтардың табиғи жақсы бейімделген етті-сүтті бағытағы көшім, мүғалжар атты жаңа жылқы тұқымдары мен қазақы жылқының таза етті бағыттағы жабы атты жаңа түрі шығарылды. Соңғы кезде жылқы саны Қазақстанда қайтадан көбежылқы. Жылқы ауа райының қандай жағдайына болса да төзімді, жемшөп талғамайды, үнемі далада, тебінде, жайылымда өсіп-жетілген. Бұл түліктің басы үлкен, сағалдырығы кең, кездері кішілеу, мойны жуандау, тұрқы орташа, шоқтығы биік емес, көкірегі кең, қабырғалары ұзын және тік келеді, аяғының сіңірлері шығыңқы, көрініп тұрады. Алдыңғы аяқтары түзу, ал артқы аяқтары қайқылау, тұяқтары мықты, терісі қалың, жал-құйрығы қою, түсі әр түрлі болады.
Жабы. Мұның денесі ірі, шомбал, тұрқы ұзын, аяқтары қысқа, өте тез қозғалғыш, оңалғыш, қысқа төзімді, жұмысқа төзімді, күшті, салт мінуге де, жегуге де ыңғайлы.
Адай жылқысы. Қазақ жылқыларының бір түрі. Салт мініске қолайлы, басы жеңілдеу, шоқтығы шығыңқы, сауыры етсіздеу, итарқалау, аяқтары жіңішке, сіңірлі келеді. Ауа райына төзімді, әрі жүйрік.,
Көшім жылқысы. Басы үлкен болғанымен дөрекі емес, мойнының ұзындығы орташа, шоқтығы биік, әдемі, кеудесі кең, төсі алшақ, қабырғалары шеңберлі, арқасы тегіс те жазық, белі толық, кейде қайқы бел болып келеді. Жұмысқа төзімді. Биелері құлындағыш және сүтті.
Қостанай жылқысы. Бұл жылқы Қостанай облысының «Қостанай» мен «Майкел» жылқы заводтарында және облыстың колхоздарында, сонымен қатар, Челябі облысындағы «Троицк» жылқы заводында, жергілікті қазақ жылқылары таза қанды, салт мінетін дон жылқыларымен будандастырылған. 1951 жылы қостанай тұқымы болып бекітілді. Бұл жергілікті жердің ауа райы мен азықтандыру жағдайына жақсы бейімделген. Қостанай жылқысының басы орташа, мойны түзу, ұзындығы орташа, шоқтығы етті, алқымы кең, арқасы жалпақ, жауырыны мен қабырғалары ұзын, аяқтарының сіңірлері шығыңқы, шашасы шағын, топайлары орташа, тұяқтары дөңгелек, әсем келеді. Өте жүрдек, күшті және төзімді, салт мінуге де, жегуге де қолайлы.
Буденный жылқысы. Бұл еліміздегі өсіріліп шығарылған жаңа жылқы тұқымдарының ішіндегі ең таңдаулыларының бірі. Аталмыш тұқымды шығаруға Совет Одағының Маршалы С. М. Буденный басқарған бір топ мамандар мен тәжірибелі адамдар қатынасты. Буденный тұқымын таза қанды, салт мінетіп жылқының айғыры мен дон тұқымының биелерін шағылыстырып шығарған. Денесі ірі келеді, басы ұзын, қағілез, мойны ұзын, етті, шоқтығы биік, арқасы түзу, жазық, кеудесі кең, қабырғасы дөңгелек, белі мықты.
Дон жылқысы. Мұның шыққан жері - Дон өзенінің маңайы. Жергілікті жердің ауа райына өте төзімді келеді. Дон тұқымының басы ашаң, сәл ұзындау, маңдайы томпақ, шортан басты келеді, көздері үлкен, шығыңқы, томпақ, танаулары делдиген, жұқа құлақтары сереңдеген, мойнының ұзындығы орташа, түзу, кейде ұзын, ашаң немесе етті, толық болады, көкірегі кең, қабырғалары ұзын, арқасы тегіс, сауыры ұзын және тік, жауыырыны қысқа, тік біткен алдыңғы аяқтары түзу, аралары кең, артқы аяқтары қайқылау, тұяқтары берік, дөңгелек, үлкен болып келеді. Дон жылқысы салт мінуге қолайлы.
Ахалтеке жылқысы. Бұл тұқым араб жылқысынан бұрын шығарылған және ең ескі тұқым болып саналады. Ол осы күигі түрікмен жылқысының ұрпағы. Ахалтеке жылқысы Түркмен республикасындағы жылқылардың негізгі түрі. Бізде сол тұқым Жамбыл облысындағы «Луговой» жылқы заводында, республикамыздың кейбір колхоз-совхоздарында өсіріледі. Күй талғағыш, сымбатты, әсем келеді. Басы ашаң, мойны ұзын, тік (кейде бұғы мойындысы да кездеседі), шоқтығы биік, арқасы жұмсақ, жоны ұзын, тұтас сауырлы, жіліншіктері жіңішке, топайлары дөңгелек, тұяқтары берік. Артқы аяқтары қайқылау, терісі жұқа, жалы жібектей жұмсақ болады. Басқа жылқыдай емес жайылымда баққанды ұнатпайды, қатты суықты көтере алмайды, сүйектері жұқа жаратылған. Ал жазғы шөл, шөлейт жерлерге мініске өте төзімді, жүйрік болады.
Таза қанды, салт мінетін жылқы. Бұл өте жүйрік, әсіресе жақынға шапқанда ұшқыр келеді. Қазір біздің елде оны өсіру үшін көптеген жылқы заводтары ұйымдастырылды. Таза қанды, салт мінетін жылқыны үнемі ипподромға сынайды. Бұлардың айғырлары жергілікті жылқы тұкымын жақсарту үшін қолданылады. Ол өте сымбатты, тұлғасы зор, әсем денелі, көркем тұлғалы жылқы. Қүтімді жақсы керек етеді, жемшөпті өте талғап жейді.
Желісті жылқылар. Осыдан 150 жыл бұрын Воронеж облысының «Хренов» жылқы заводында араб, дат, голланд тұқымдарын өзара будандастыру арқылы шығарылған. Орлов жылқысының басы үлкен, мойны ұзын

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дон жылқы тұқымы
Жылқы тұқымдары. Дон жылқысы
Қазіргі кезде Қазақстанда өсірілетін негізгі жергілікті тұқымдар жабы мен қарабайыр жылқылары
Міністі жылқы тұқымы
Жылқы тұқымдары
Башқұр жылқы тұқымы
Қазақы жылқы тұқымдары
Қостанай тұқымының қысқаша шығу тарихы
Қазақстандағы жылқы шаруашылығы
Жылқы өсіру әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz