Жүректің гипертрофиясы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ КАФЕДРАСЫ
БӨЖ
Тақырыбы: Жүрек-қан тамырлар патологиясы
Орындаған: Бекенов Н.С.
Тобы: ВС-505
Тексерген:Оразалиева С.Б.
Семей қаласы
2019 жыл
Жоспар.
І.Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім:
2.1. Жүректің кеңеюі.
2.2.Жүректің гипертрофиясы.
2.3.Жүрек ақаулары.
2.4.Қан тамырларының патологиясы.
2.5.Лимфалық түйіндер патологиясы.
2.6.Талақтың патологиясы.
ІІІ.Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Жүрек-қантамыр жетіспеушілігінің негізгі симптомдарына жүрек ырғағының бұзылуы, ентігу, цианоз және ісіну жатады.
Жүрек-қантамыр жүйесінің барлық аурулары төрт топқа бөлінген:
* перикард аурулары;
* миокард аурулары;
* эндокард аурулары және жүрек ақаулары;
* қан тамырлары аурулары.
ІІ.Негізгі бөлім.
1.Жүректің кеңеюі.
Жүректің кеңеюі (дилятация) - жүрек қуыстарының әдеттегіден тыс ұлғаюы, Сырқат миогендік және тоногендік кеңею түрлерінде байқалады, жіті және созылмалы өтеді.
Сурет-1. Жүрек қуыстарының кеңеюі
Миогендік кеңею жүректің белгілі бір себептен әлсіз жиырылып, қарыншалардағы қан толықтай қуылмай, олардағы қан мөлшерінің артуына байланысты туындайды. Жүрек қуысы кесе- көлденең ұлғаяды да, емзікше бұлшық еттер мен трабекулалар тегістеледі. Жүрек еті көбінесе дистрофияға немесе қабынуға ұшырайды. Миогендік кеңею жүрек қызметінің нашарлағанын айғақтайды.
Тоногендік кеңею жүрек етінің гипертрофиясы на қосарланып, систола нәтижесін арттырып, әр систола сайын жүректен шығарылатын қан мөлшерін көбейтіп, жүрек қызыметінің тапшылығын реттеуге септігін тигізеді. Жүрек кесе - көлденең де, ұзына бойына да кеңейеді, ет талшықтары жуандайды. Уақыт өте келе тоногендік кеңеюге бірте-бірте миогендік кеңею қосарланып, аяғында жүрек салдануға ұшырайды.
Жүректің жіті кеңеюі мал зорлана, күшене жұмыс еткенде (мыс. , дұрыс бапталмаған шабыс атын жарысқа қосқанда, итті аң-құсқа салғанда), өте зілді инфекциялық аурулардан, уланудан, жаздың ыстық айларында темір жолмен малды тасымалдағанда (әсіресе шошқаларды) байқалады. Анемияға ұшыраған торайлар арасында, биік таудағы (2500 м) жайылымдардағы мал арасында жиі кездеседі. Процесс эндокардитке және миокартинка, өкпенің эмфиземасы на, бүйрек ауруларына байланысты да туындайды.
Өлекседе жүрек қуыстарының кеңейіп, қанмен лық толғаны, мүше қабырғасының жұқарғаны көңіл аударады. Бауыр мен өкпеден қан мол болады, тері мен қаңқа бұлшық еттер шелісі домбығады, көкірек, және құрсақ қуыстарында, жүрек дорбасында транссудат жиналады, өт қалтасының қабырғасы домбыағады. Ұзаққа созылған процесс жүрек қақпақшаларының фиброзына, бауырдың циррозы на, өкпенің қоңыр индурациясына әкеледі.
2.Жүректің гипертрофиясы.
Жүректің гипертрофиясы - жуандаған ет талшықтарының есебінен жүрек қабырғасының қалыңдап, көлемінің ұлғаюы. Ұзаққа созылған шамадан тыс жүктемеге байланысты туындайтын бұл процесс физиологиялық және патологиялық сипаттарда болады. Жүректің физиологиялық (жұмыс) гипертрофиясы күшейе қызымет атқару салдарынан, мыс. , арнайы шабыс жылқыларын да ұзақ жаттықтыру нәтижесінде болады да, мүше түгел ұлғаяды. Жүректің патологиялық гипертрофиясы қан айналымының үлкен және кіші шеңберлеріндегі кедергілерге байланысты туындайды. Сол жақ қарынша ет қабатының қалыңдауы қолқалық тесік тарылғанда (стеноз) және артериосклерозға байланысты, оң жақ қарынша ет қабатының қалыңдауы өкпенің эмфиземасына және өкпе артериясының сағасы мен митральдық тесіктер тарылғанда туындайды.
Гипертрофияға ұшыраған жүректің көлемі ұлғаяды (ірі қарада жүректің әдеттегі 2-3 кг салмағы 16-22 кг дейін жетеді), ет қабаты қалыңдайды, қуысы әдеттегідей немесе аздап кеңейеді. Көбінесе мұндай жүрек уақыт өте келе дистрофияға ұшырап, қуысы кеңейеді.
3.Эндокардит.
Эндокардит (Endocarditis) - жүректің ішкі қабығының қабынуы.
Этиологиясы мен дерттенуі. Көбінесе белгілі бір аллергенге сезімділігі артқан (аллергия) организмнің жүрек қуысына патогендік микробтар мен олардың токсиндерінің енуіне байланысты туындайды. Әдетте ірі қара малда стафилококтардың, жылқыда стрептококтардың, шошқада тілме таяқшаларының әрекетінен болады.
Қабыну процесінің орналасуына қарай қақпаршалық (Е. valvularis), қабырғалық (E.parietalis), тарамыстарды және емізікше етті көмкерген қабықтар қабынулары (E.chordalis, E. papi laris) деп бөлінеді. Негізінен жылқының, шошқаның, иттің қос жақтаулы қақпақшасы мен қолқа қақпақшалары, ал ірі қара малдың үш жақтаулы қақпақшасы мен өкпе артериясының қақпақшасы қабынады.
Эндокардиттің анатомиялық сипатын процестің мәні болып табылатын қабықтың бүлінуі (альтерация), гистиоциттер мен фибробластардың көбеюі және ұйыстың пайда болуы құбылыстарының арақатысы анықтайды. Қақпақшаларда қан тамырлары болмайтындықтан қабыну гиперемиясыз, экссудациясыз және эмиграциясыз өтеді.
Патологиялық анатомиясы. Процесс негізінен сүйелді(Endocarditis verrucosa) және ойылымданған (E.ulcerosa) эндокардиттер түрлерінде байқалады.
Сурет-2.Сүйелді эндокардит
Сүйелді эндокардит. Әуелі қақпақшаның қан ағысына қарсы бетінің жиегінде орналасқан сүйелге ұқсаған сұрғылт немесе сұрғылт-қызғылт домалақ пішінді, фибриннен, лейкоциттерден, тромбоциттер ден тұратын ұйыстар пайда болады. Уақыт өте келе олар дәнекер өрме элементтерімен кеуленіп, ұйымдасып, ақшыл тартады, қатаяды, қақпақшаға нық бекиді. Микроскоп қабыну процесінің қақпақша дәнекер өрмесінің фибриноидтық ісінуі мен басталатынын, оған қосарланған эндотелиоциттер бүлінуінің қақпақша бетіне ұйыстың шөгуіне әкелетінін көрсетеді.
Ойылымды эндокардит. Қақпақшалар бетінде әуелі пайда болған көмескі, сарғыш түсті өлі ошақтар, кейін сыдырылып түсіп, не іріңдеп балқып, қақпақшалардың ойылымдануына әкеледі. Микроскоппен қақпақша өрмесінің бүлініп, лейкоциттермен, микробтар шоғырларымен кеуленгеніне көз жеткізіледі.
Ойылымданған қақпақша бетіне әдетте өте көлемді, борпылдақ, жеңіл үгілетін, іріңдеп жұмсаратын ұйыс шөгеді.
Эндокардиттің ақыры қақпақшалардың зақымдану деңгейіне қарай әрқилы. Дәнекер өрме өсіп, ұйыс ұйымдасады, қақпақша склерозға ұшырайды. Көбінесе мұндай қақпақшаға кальций тұздары шөгеді. Қақпақша қатайып, қимылдауы қиындап, жүрек ақауы (порок) туындайды. Эндокардиттің екінші бір салдары, ұйыстан үзіліп түсіп, қанға араласып эмболға айналған оның бөліктері артерияларды тығындап, инфарктіге әкеледі. Іріндеткіш микробтар әрекетінен эмболдармен тығындалған жерлер абсцестерге айналуы мүмкін.
Өлексені ашып көргенде мал өлімі эндокардит қосарланған инфекциялық аурудан болды ма, жоқ жүрек ақауына байланысты жүрек қызыметінің жеткіліксіздігінен болды ма деген сұрақ туындауы мүмкін. Мәселе өлексені сойып зерттеу көрінісін талдау арқылы шешіледі.
4.Жүрек ақаулары.
Жүрек ақаулары (Vitium cordis, пороки сердца) деп мүшенің құрылысында пайда болатын, функцияның бұзылуына әкелетін, мызғымас берік өзгерістерді айтады. Олардың туа біткен және жүре біткен түрлері бар. Туа біткен ақауларға жүрекшелер арасында шымылдықтың болмауы, сопақша тесіктің, Боталл ағу жолының бітелмеуі, т. б. жатады.
Эндокардиттер салдарынан қалыптасатын жүре біткен жүрек ақауларының сегіз қарапайым түрі бар. Қақпақшалардың жеткіліксіздігінен немесе жүрек тесіктерінің тарылуынан болатын олар қан айналымының бұзылуына әкеледі.
Бұл ақаулар бірте-бірте қалыптасады. Бастапқыда жүректің қарқынды әрекетінен мүшенің функциясы әдеттегі деңгейде сақталып, қан айналымы бұзылмай, жүрек еті бірте-бірте қалыңдайды (компенсациялау - теңгеру гипертрофиясы). Уақыт өте келе жүрек еті дистрофияға ұшырап, жүректің қызыметі әлсіреп, жүрек қуыстары миогендік кеңейеді. Сөйтіп, жүректің теңгерілмеген ақауы қалыптасады, нәтижесінде мүшелерден қанның ағып кетуі қиындайды (цианоз), домбығулар, дене қуыстарының шеменденуі туындайды. Жүрек-тамырлар қызметінің жеткіліксіздігі көбінесе малды өлімге ұшыратады.
5.Миокардит.
Миокардит (Myocarditis) - жүрек етінің қабынуы. Әдетте кейбір инфекциялық және инвазиялық ауруларға (аусыл, тілме, пастереллез, токсоплазмоз, т.б.) байланысты, сонымен қатар, уланулардың (фосформен, мышьякпен), бүйрек ауруларының асқынуы ретінде екінші кезекті туындайды.
Процесс альтернативтік (паренхималық) және интересыцийлік (паренхимааралық) миокардиттер түрлерінде байқалады.
Альтеративтік миокардит ет талшықтары бүлінулерінің басымдылығы мен, аралық дәнекер өрмедегі өзгерістердің жеңіл-желпілігімен сипатталады. Көмескіленген, болбыраған, ала-құлаланған миокардтың тілік бетіне алма-кезек орналасқан көптеген қызғылт-сұрғылт және сұрғылт-ақшыл телімдер шұбар реңк береді. Гистологиялық өзгерістер ет талшықтарының дистрофиясы (сулану, майлану), лизиске ұшырауы, кезекте не ыдырауы түрлерінде болады. Бүлінген бұл талшықтарға көбінесе кальций тұздары шөгеді. Аралық өрмеде жайыла немесе шоғырлана орналасқан лимфоциттердің, гистиоциттердің, плазмоциттердің, нейтрофильдер мен эозинофильдердің топырлары байқалады.
Сурет-3. Интерстицийлік миокардит
Интерстициилік (паренхимааралық) миокардит карталық өрмедегі экссудативтік немесе пролиферативтік өзгерістердің басымдылығы тән, ет талшықтары женіл-желпі бүлінеді. Процесс серозды қабыну, іріңдеп қабыну және пролиферативтік қабыну түрлерінде кездеседі. Жүрек еті серозды қабынганда аралық өрмені серозды сұйық пен аздаған нейтрофильдер, лим-
фоциттер мен гистиоциттер жайлайды. Сақауға, пиосептицемияға, іріңді метритке шалдыққан мал денесіндегі ірің ошағынан қан арқылы таралған бактериялар миокардта іріңді ұралардың (абсцестердің) туындауына әкелуі мүмкін (іріңді миокардит). Ірі қара малда мұндай миокардит жарақаттану перикардитінің асқынуы ретінде де пайда болады. Дәнекер өрменің жайыла не ошақты өсуі мен сипатталатын пролиферативтік миокардит инфекциялық анетоксоплазмоз, созылмалы өтетін кейбір уланулар кезінде байқалады.
Жүрек етінде дәнекер өрме етек алып, жайыла өссе миофиброз деп, ал ошақты сипатта өссе кардиофиброз (кардиосклероз) деп атайды. Олар қабыну және дистрофиялық процестердің салдарынан да, қан айналымы бұзылуына байланысты да туындайды.
6.Перикардит.
Перикардит (Pericarditis) - жүрек дорбасы (жүрекқап) мен эпикардтың қабынуы. Әдетте инфекциялық ауруларға байланысты туындайтын бұл процесс серозды, фобринді, іріңді, қанараласа қабынулар түрлерінде байқалады.
Серозды перикардит жүрек дорбасында лайсаң сұйықтың жиналуы мен, жүрек бетінің және дорбаның ішкі бетінің (перикардтың) көмескіленуі мен, қыз аруы мен сипаттала-ды. Ұзаққа созыла өткен процесс перикард пен эпикардтың бір-біріне дәнекер өрме (синехиялар) арқылы жабысуына әкеледі.
Фибринді перикардит жүректің беті мен перикард бетінде фибриннің шөгуімен сипатталады (пастереллез, шошқаның обасы, қара малдың ала өкпесі, жылқының плевропневмониясы). Уақыт өте келе фибрин дәнекер өрмемен кеуленеді (түкті жүрек, сауытты жүрек (панцирлық жүрек)).
Сурет-4. Перикардит
Перикард қанараласа қабынганда дорба қуысында қызғылт немесе қара-қызыл түсті лайсаң сұйық болады, перикардты қанталаулар жайлайды.
Негізінен ірі қара малда байқалатын жарақаттану перикардиті жұмыршақ қарыннан диафрагма арқылы көкірек қуысына өткен бөгде дене мен (шеге, сым) жүрекқап жарақаттанғанда туындайды. Қуысында сасық иісті, фибринді-іріңді экссудат жиналған жүрек дорбасы диафрагмаға, ол өз кезегінде жұмыршақ қарынға жабысады. Уақыт өте қоюланған экссудатты дәнекер өрме кеулейді.
7.Миокард инфарктісі.
Миокард инфарктісі - таждық артериялар тармақтары қуыстарының тарылуына немесе тығындалуына байланысты миокардта пайда болатын өлі ошақтар. Процесс анемиялық және қан араласқан түрлерде байқалады, негізінен инфекцияға байланысты туындайды (жылқының инфекциялық анемиясы, тілме, лептоспироз, иттің лейкозы). Анемиялық инфаркт айналасындағы өрмеден сұрғылт, сұрғылт-қызғылт түсті немен ерекшелінеді.
Әдетте оның шетінде қызыл белдеу болады. Кейде өліге ұшыраған телім түгелдей қанмен кеуленіп, қара-қошқыл тартады (қанараласқан инфаркт). Жағдай қолайлы болса, өліге ұшыраған жер ұйымдасып, дәнекер өрмемен кеуленеді.
Сурет-5. Миокард инфарктісі
8.Артериосклероз.
Артериосклероз (Arteriosclerosis, seleros - қатты) - артериялар қабырғаларының нығыздануы, Бұл сырқаттық процестің туындау себептері де, дерттенуі де әрқилы. Ұзаққа созыла өткен инфекциялық және инвазиялық аурулар кезінде, уланудан тамыр қабырғаларының ішкі қабаты дәнекер өрме есебінен қалыңдап, гналинозға ұшырап, нығызданады. Көбінесе ірі қара мал
мен итте байқалады.
Адамда, кейбір жануарлар түрлерінде (тоты, шошқа) атеросклероз (Atheros ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz