Крупозды пневмония


Жоспары
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2. 1. Пневмония туралы жалпы түсінік
2. 2. Крупозды пневмония
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Өкпе ( Pulmone s, лат. pulmo - өкпе) - адам мен жануарлардың тыныс алу мүшесі. Пішіні жартылай конус тәрізді, оның төменгі жағы немесе негізі ойыстау біткен, кеуде қуысын іш қуысынан бөліп тұратын көк етке кіріп жатады. Жоғарғы жағы сүйір, бұғана сүйегінен 2 - 3 см-дей шығып, мойынның төменгі бөлігіне еніп жатады. Сыртында сірлі қабық - өкпеқап (плевра) болады. Өкпеге ауатамырлары (бронх), өкпе артериясы келеді де, одан екі өкпе венасы шығады. Сол жақ өкпе екі бөліктен (жоғарғы, төменгі), ал оң жақ өкпе үш бөліктен (жоғарғы, ортаңғы және төменгі) тұрады. Өкпеішілік ауатамырлар жүйесі тармақты ауатамыр түзеді, бөліктік ауатамырлардың ұшындағы тармақтары ауатамыршаларға (бронхиолаларға) бөлінеді әрі тыныс алу бөлігіне өтеді. Ауатамыршалары көпіршікті жолдар түзеді онымен қоса оның ішінде өте көп майда көпіршіктер (альвеолдар) болады. Ересек адамның екі өкпесіне 700 млн-нан астам көпіршіктер сияды. Жан-жағын қантамырлар капиллярлары қоршаған көпіршектерде газ алмасу жүреді. Өкпеде жұтқан ауа қанға өтеді, көмір қышқыл газы қаннан ауаға шығады. Адамның жалпы орташа өкпе сыйымдылығы - 2680'120. Өкпе дене температурасының тұрақтылығын сақтауға, қан ұюы, ақуыз, май және көміртек алмасу процестеріне қатысады. [1] Көп кездесетін өкпе аурулары: өкпе қабынуы, өкпе қатерлі ісігі, туберкулез, т. б. Өкпе омыртқалалардың эволюциялық даму барысында девон кезеңінде тіршілік еткен сауытты және саусаққанатты балықтарда, ал палеозойда - қостынысты балықтарда пайда болды. Кейбір құйрықты қосмекенділерде (мысалы, өкпесіз саламандрда) өкпе болмайды. Қазіргі кезде тіршілік ететін қостыныстыларда, қосмекенділерде, кейбір бауырымен жорғалаушыларда (гаттерия, жармасқы) газ алмасу жүретін бір бөлікті өкпенің үстіңгі беті дәнекерұлпалы-бұлшықетті перде бөлетін ұяшықтар немесе көпіршік түзілістер есебінен ұлғаяды. Кесірткелер мен жыландарда перделер күрделіленіп ұзарады. Тасбақа, келестерде, негізінен қолтырауындарда күрделіленген перделер көп бөлікті өкпе түзеді.
Құстардың өкпесі тығыз, оны ауамен ауа қапшықтар жүйесі толтырады. Сүтқоректілердің өкпесі кеуекті, майысқақ, сондықтан да оның көлемінің ұлғаюы өкпе ішіндегі шеміршекті қаңқа мен тегіс бұлшық еттің дамуына байланысты.
2. 1. Пневмония туралы жалпы түсінік
Пневмония (гр. pneumon - өкпе), өкпе қабынуы - өкпе тінінің қабынуынан немесе басқа аурулардың асқынуынан болатын өкпенің жұқпалы ауруы. Ол көбіне қызылша, көкжөтел, тұмау, бронхит, демікпе сияқты тыныс ауруларын немесе әсіресе жас балалар мен қарт адамдарда болатын қатаң аурулардан кейін пайда болады. Сонымен қатар ол СПИД-пен ауырған кезде де болуы мүмкін.
Ауруды әр түрлі вирустар (аденовирус, риновирус), бактериялар (пневмококк, стафилококк, стрептококк) қоздырады. Аурудың дамуына дененің қатты мұздауы, ауыр жұмыс пен жүйкелік-психик. күш түсу, улану, т. б. факторлар әсер етеді.
Сырқаттың ұзақтығына қарай: жедел пневмония және созылмалы пневмония , ал қабынудың жайылып тарауына қарай: бөлікті пневмония және ошақты пневмония болып бөлінеді.
Жедел пневмония кенеттен басталады, дене қызуы 39 - 40oС-қа, кейде одан да жоғары көтеріледі, науқас қалтырап, алғашқыда құрғақ, кейіннен қақырықты жөтел пайда болады. Науқастың бүйірі шаншиды, біртіндеп тынысы тарылып, ауа жетпейді, буындары сырқырайды. Ем қабылдаған соң аурудың беті 3 - 5 күннен кейін қайта бастайды.
Созылмалы пневмония ауру асқынып, өкпе тінінің құрылымы мен қызметінің толық қалпына келмеуінен, сондай-ақ созылмалы бронхиттің салдарынан болады. Бұл кезде өкпенің белгілі бір тұстары қайталап қабынады. Сырқаттың дем алысы әлсіреп, сәл күш түссе деміге бастайды. Ауру асқынғанда пневмонияның жедел түріндегі клиник. белгілер қайталанады. Созылмалы пневмония ұзаққа созылады. Дер кезінде емделсе, науқас 2 - 3 аптадан соң жазыла бастайды. Балаларда болатын пневмонияның кейбір ерекшеліктері бар. Олар пневмониямен ауырғанда демігумен бірге бетінің әр жері, әсіресе үстіңгі ернінің айналасы әлсін-әлсін көгереді; диспепсия белгілер байқалуы мүмкін. Көп жағдайда тәбеті мен ұйқысы бұзылады. Жаңа туған сәби пневмониямен ауырғыш келеді. Кейде кеудесі сырылдап, сілекейі көбіктенеді. Жас балалар мен сәбилерде болатын пневмония өте қауіпті, көп жағдайда ауру асқынып, отитке немесе плевритке ауысады. Емі: өкпе жедел қабынса, ауруханада стационарлық ем қабылдау қажет. пневмонияны кең спектрлі әсер ететін антибиотиктермен, соңғы кезде цефолоспориндермен емдейді. Физиотерапия, емдік денешынықтырумен айналысу, құнарлы, витамині көп тағамдар ішу пневмонияның алдын алуға көмектеседі.
Белгілері
Бірден қалтырап, ыстықтың көтерілуі;
Дем алыстың жиілеуі, одан қырылдаған немесе сырылдаған дыбыстың шығуы.
Әр дем алыПневмониядем шығарған сайын мұрынның желбезегі тұрады.
Дененің ысуы (кейде жаңа туған нәресте немесе қарт адамдар, әсіресе әлсіз адам-дар, ауыр екпе қабынуымен ауырғанда температура айтарлықтай кетерілмейді) .
Жөтел (түсі сары, жасыл немесе қошқыл қоңыр, не сілекейге аздап қан араласқан) .
Кеуде ауырады.
Науқастың халі ауырлайды.
Бетіне және ерніне салқын тигенде ұсақ жаралар шығады. Өте қатты ауырған бала минутына 50-ден астам ентіге дем алса, ол өкпе қабынуымен ауыруы мүмкін. Егер дем алысы жиі және терең болса, тексеріп көріңіз, бұл дегидрация немесе ұстамалы жүйке ауруы болуы мүмкін.
2. 2. Крупозды пневмония
Крупозды пневмония - пневмококктар қоздыратың өкпенің бір немесе бірнеше бөліктерінің және плевраның жедел фибринді қабынуымен сипатталатын патология. Крупозды пневмонияны лобарлы певмониямен немесе плевропневмония деп атайтыны да соңдықтан. Крупозды пневмонияны негізінен пневмококтардың 1, 2, 3 және 7 типтері қоздырады, ал өте сирек жағдайларда Фридлендердің диплобацилласы, Афанасьев-Пфейфер бацилласы, стафилококтар да өкпеде жоғарыда айтылған өзгерістерді туғызады.
Обада дамитын пневмония да лобарлы түр алатынын айта кету керек, ол жердегі қабынуда экссудатта фибрин болмайды. Крупозды пневмонияның дамуында организм реактивтілігінің маңызы зор. Әдетте бұл пневмония бұдан бұрын сау адамдарда өте тез басталып аз ғана уақыт ішінде өкпенің біраз бөлігіне таралады. Крупозды пневмония жедел инфекциялық-аллергиялық ауру түрінде өтеді. Өкпе қан тамырларының морфологиялық өзгерістері, фибринді экссудат организмнің пневмококтарға сезімталдығының өте жоғары екендігін көрсетеді. Ал салқындау, жарақаттану пневмококктарға сезімталдығы жоғары организм үшін крупозды пневмония дамуындағы шешуші фактор болады. Крупозды пневмония 4 кезеңнен өтеді деп есептеліп келген.
Олар:
1) қан көп келу;
2) қызыл бауырлану;
3) сұр бауырлану;
4) шешу кезеңі.
Бірінші кезеңде крупозды пневмония кішкентай серозды қабыну ошағы түрінде басталады да, кейін қабыну үдерісі суға түскен май тамшысындай тез таралады. Өкпе қан тамырлары қанмен толып, эритроциттер альвеолаға шыға бастайды, өкпе қызарып үлкейеді.
Екінші кезеңде эритроциттердің қан тамырларынан шығуы (диапедезі) өте күшейіп, олар альвеолаларды толтыра бастайды. Аз мөлшерде лейкоциттер және фибрин жіпшелері көрінеді. Өкпе үлкейіп бауыр қаттылығының дәрежесіне жетеді, кесіп қарағанда қып-қызыл болады. Сол үшін бұл кезеңге өкпенің қызыл бауырлануы деген ат берілген.
Үшінші кезеңде нейтрофилді лейкоциттердің диапедезі (альвеолаға өтуі) күшейіп, пневмококтар жойыла бастайды. Өкпе капиллярының өткізгіштігінің артуына байланысты лейкоциттер мен эритроциттердің арасында фибрин жіпшелері пайда болады. Эритроциттер гемолизге ұшырап, ыдырай бастайды. Альвеола экссудатқа толып, оның көлемі қалыпты жағдайға қарағанда 3-4 есе үлкейеді. Өкпенің көлемі ауа жұтқандай (демді ішке тартқандай) дәрежеге жетеді. Қаттылығы бауырдай, кесіп қарағанда сұр түсті, кесіндінің беті түйіршікті көрінеді. Сондықтан бұл кезеңді өкпенің сұр бауырлануы деп атайды. Плевра күңгірт және оның бетінде фибринді қабық пайда болады.
Шешілу кезеңі.
Бұл кезеңде лейкоциттердің әсерінде фибрин сұйылып ери бастайды. Лейкоциттердің өздері де ыдырап, көпшілігі майлы дистрофия күйінде көрінеді. Экссудат лимфа жолдарымен және бронхтар арқылы шығарылып өкпе тазара бастайды. Өкпенің қаттылығы және түсі көкбауырға ұқсап қалады (спленделу) . Крупозды пневмония барлық уақыттарда өкпенің бір немесе бірнеше бөлігінің 2-3 сегментін қамтиды, кейде екі өкпедегі пневмония ошақтарының даму кезеңдері бір-біріне сәйкес келмейді.
Мысалы: бір өкпеде қызыл бауырлану көрінсе, екінші өкпеде сұр бауырлану кезеңі көрінеді. Крупозды певмонияның бұл түрін көшіп жүруші (миграциялаушы) пневмония деп атайды. Былайша айтқанда ауқымды (массивты) пневмония осы сырқаттың тек 1/5 бөлігіне тән құбылыс.
Асқынулар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz