Сиыр кетозы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Кетоз ауруы

2. Материалдар мен əдістер

3. Зерттеу нəтижелері жəне талдау

III. Қорытынды

1

Кіріспе.

Зат алмасу-жер бетіндегі тіршілік негізі, өйткені кез келген организмнің тіршілік әрекетінің негізгі зат алмасу болып саналады.
Малда зат алмасу бір-бірімен тығыз байланысты екі процестен ассимиляция және диссимиляция процестерінен тұрады.
Ассимиляция - организмге сыртқы ортадан келген қоректік заттардың сіңу процесі. Организмге түскен қоректік заттардың, оның құрамына айналады. Олар клеткалардың, ұлпалар мен органдарың қалыптасуын жетілуін, гормондар мен ферменттердің синтезделуін қамтамасыз етеді. Қоректік заттар ассимиляцияланып, сол организмнің белогына, майына және көмірсуларына, әрі оның құрылым материалдары мен энергетикалық қорына айналады.
Диссимиляция - күрделі органикалық заттардың ыдырап, көп мөлшерде энергия бөлу процесі.
Зат алмасу энергия алмасумен тығыз байланысты, өйткені олар бірыңғай биологиялық процесс көрінісі болып саналады. Мал организміндегі зат алмасу мен энергия алмасу бүкіл физиологиялық процестің интегралдық көрсеткіші болып саналады. Ауыл шаруашылық малдарының әр түрінің өзіндік зат алмасу типі болады, мұның өзі көптеген факторларға : климатқа азықтандыруға, күтіп бағу жағдайына, жасына, жынысына, тұқым қуалау ерекшелігінет. б. байланысты.
Малда зат алмасу үш кезеңнен тұрады. Оның бастапқы кезеңі - ас қорыту. Ас қорыту жолдарында механикалық, биологиялық және химиялық өңдеуден өтеді.
Екінші кезең қоректік заттардың қан мен лимфаға сорылуынан басталып, органикалық заттарың синтезделу мен ыдырау процестері өтеді. Осы кезде алмасудың көптеген аралық әне ақырғы өнімдері пайда болады. Бұл кезеңді аралық алмасу деп атап, белоқтық, көмірсулық, липидтік, минералдық және сулық деп бөледі. Энергия алмасуға барлық сыртқы факторлардың ішінде көбірек әсер ететіні жемшөп. Бұл процесс мал организмінде зат алмасуға орта есепппен 30 проценттей әсер етеді. Жемшөптің мұндай күшті ықпалын арнайы динамикалық әсер етеді.
Заттардың бұзылуынан болатын ауруларды олардың себептері мен басымырақ клиникалық өзгерістеріне зер қоя отырып 3 топқа жіктеуге болады:
1. Организмдегі негізгі заттардың алмасуларыны бұзылуының басымырақ болуы (майлану, алиментарлы дистрофия, кетоз, гипогликемия)
2. Минералды заттардың алмасуының бұзылуының басымырақ болуы
3. Микроэлементтердің жеткіліксіздігінен немесе олардың организмге қалыптан тыс артық түсуінен болатын аурулар.

2

Заттардың алмасуының бұзылуынан болатын аурулардың жартысына жуығы

ішкі жұқпалы емес аурулардың салдарынан болады. Кез келген зат алмасуының бұзылуы жеке аурц бола бермейді, көбінесе қосалқы ауру ретінде кездеседі. Барлық жағдайларда аурудың белгілері жақсы біліне бермейді және аурудың басталуы мен оның клиникалық белгілерінің білінуіне дейінгі аралығы ұзаққа созылуы мүмкін, бірақ та ауру малдардың өнімділігі төмендейді, тұқымдануы нашарлайды, әлсіз жетілмеген төл алынады, организмнің резистенттік қабілеті нашарлайды.
Аурудың себептері: рационда организмге қажетті заттардың толық болмауы, нерв жүйесінің реттеушілік қызметінің бұзылуы, ішкі бездердің сеекреттерінің дұрыс бөлінбеуі.

Малдан алынатын өнімнің өндірілуін жоғарылатудың негізгі көзі - оларды

толыққанды азықтандыру болып табылады. Мал рационының негізгі жəне биологиялықбелсенді заттармен реттелмеуі зат алмасу үрдістерінің бұзылуына (ацидоз, кетоз жəне т. б. ), табиғи иммунитеттің төмендеуіне, өсіп-көбею жүйесінің ауруларына əкеп соқтырады, бұлсаланың экономикалық тиімділігіне кері əсерін тигізеді. Соңғы жылдары елімізде шығатын ветеринариялық əдебиеттерде малды жеткіліктіжəне толыққанды азықтандыруға, алиментарлық сипаттағы аурулардың шығуына, заталмасулары бұзылуларының алдын алу, оның ішінде А, Д, Е дəрумендері, йод, селен жəнет. б. жетіспеушіліктеріне байланысты сұрақтарға айтарлықтай назар бөлінбей келеді. Жоғары өнімді сиырлардың сан алуан зат алмасуы ауруларының арасында ерекше орын алатын сүйек жүйесінің патологиясы - остеодистрофия ауруы. Генезі бойынша бұл

ауру эндокриндік ауруға жатады. Сүт өндіретін кешендерде остеодистрофия белгілеріжануарлардың 2-20% тіркеледі . Остеодистрофия ауруы өте кең таралған жəне сүт өндіруші мал шаруашылығы дамыған барлық елдерде кездеседі. Бұрынғы ҚСРО елдерінде бұл ауру 3 жастан 7 жасқа дейінгі жəне 6-9 мың кг сүт өнімін беретін сиырлар арасында, шектен тыс азықтандыру мен

лактацияның қызу кезеңінде анықталды. И. П. Кондрахиннің зерттеулері бойынша сиырларды жоғары концентратты рационды (нəрлілігі 50, 8% дейін) азықпен азықтандырғанда жануарлар басында кетозға шалдығып, соңында кетоздың əрбір үшіншіжағдайы сиырларда-себеп салдарлы немесе туындаған остеодистрофияға ұласқан . Үкімет тарапынан отандық ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу жəне сату мəселесіне қолдан келгенше қолдау білдіріліп жатыр. Ауыл шаруашылығына бөлінетін мемлекеттік субсидиялардан басқа жеңілдетілген несиелермен қамтамасыз етуге арналған түрлі бағдарламалар да жүзеге асырылуда. Республика бойынша жəне

3

Алматы қаласы маңындағы шаруашылықтар мен жаңадан ашылған шаруа

қожалықтары шет елден ет-сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малды өз қаржылары мен үкіметтен алынған лизингке алып келуде. Малды импорттаушы елдер қатарына шаруашылығы күшті дамыған Еуропа жəне Америка құрлықтарындағы елдерді атауға болады. Бұл елдерден алып келінген мал басы

сол елдің климатына, күтіп-бағуына, толыққанды азығына жəне т. б. бейімделген. Өкінішке орай, осы аталған мал басын азықтандыруда шаруашылықтарда ғылыми негізделген күтіп-бағу мен толықққанды азықтандыру жүргізілмеу салдарынан көп өнім беретін асыл тұқымды сиырлар түрлі зат алмасуы бұзылуы мен басқа түрлі ауруларға шалдығуда, солардың бірі кетоз ауруы.

4

Негізгі бөлім

1. Кетоз ауруы - организмде кетон денешіктерінің шектен тыс жиналуымен, гипофизорлы - бүйрек үсті безі жүйелері, қалқанша бездердің, бауыр, жүректің, бүйректің және басқа да органдардың зақымдалуымен сипатталатын ауру. Кетоз сауын сиырларда, көп төл беретін саулықтарда, басқа да күйіс малдарында кездеседі.
Ауыл шаруашылық жануарларының кетоз ауруы (ketosis) ас қорыту жүйесі және зат алмасу жүйесімен сипатталатын, гипогликемияның пайда болуымен, гиперкетомия, кетонурия, бауырдың дистрофиялық өзгерісі, бүйрек үсті безі мен гипофиздің бұзылуымен сипатталатын ауру.
Кетоз - қанда ацетон қосындыларының шектен тыс көп болуы, олардың мал денесінен несеп, сүт, іштен шыққан ауа арқылы тым көп мөлшерде сыртқа шығарылып отыруы. Алғашқы кетоз көбінесе 5-8 жастағы мол өнімді сиырлардың ауруы, ол бұзылғаннан кейінгі алғашқы апталарда, кейде жайылымға, серуенге шығармай қолда баққан жағдайда бұзаулар қарсанында біліне бастайды. Екінші қайтара кетоздар жеке дара ауру саналмайды, олар жатыр кілегей қабаттары қабынғанда, желінсау кезінде, алдыңғы қарындар сазы кемігенде, ретикулоперитонитте, жем-шөппен уланғанда, т. б жағдайларда байқалып отырады.
2. Сиыр кетозы. Ертеректе әртүрлі аттармен жазылған: сауын сиырлардың ацетомиясы, токсемиясы. Бүгінде бұл ауруды кетоз деп атайды. Кетозды ацетомия деп атауға болмайды, себебі қанда кетон денешіктері көбею және олардың көп мөлшерденесепте пайда болуы бұл кетоздың белгілерінің бірі, ал ол аурудың бастапқы кезінде айқын білінеді.
Кетомия қант диабетінің ауыр түрінде организмде қабыну процесі, ашығуда, кейбір туындаған ауруларда болады, бірақ кетон денешіктерінің қан мен несепте көбеюі кетозға қарағанда өзгешелеу. Кетозбен басымырақ 400 кг жоғары сүт беретін сиырлар ауырады. Ал бірақ кетоз өнімділігі төмен малдарда да кездеседі, сүтті ірі қара мал шаруашылықтарында кеңінен өріс алған.
Себептері. Пайда болуына негізгі ролі қарқынды лактация кезінде энергия жетіспеуі, белокпен шектен тыс азықтандыру, құрамында май қышқылы көп азық беру. Сүтті сиырларда кетоз полиэтиологиялық табиғи ауру. Аурудың басты себебі ретінде рационда глюкозаның жетіспеуі, клетчаткалар, крахмал немесе концентрацияланған азықтың көлемінің аз болуымен саналады. Бұдан өзге этиологиялық фактор ретінде кетозды толық құнды азықтанбау және азықтың бір түрін ғана беріп отыру, рациондағы азық көлемінің аздығы,

5

қышқылдың жеткіліксіздігі, рационда қант протеин алмасуларының бұзылуы,

сүрлеммен ғана азықтандыру, май қышқылы мен сірке қышқылының 3 пайыздан асуы, тамыр түйнекті азықтың мөлшерден тыс болуынан болады. Аурудың қайталануы кезінде белсенді қимылдың өзгеруі байқалады.
Симптомдары. Кетозға күрделі симптомдық кешен тән, жүрек-қантамыр, асқорыту, жүйке, эндокринді, бауыр және басқа да ағзалардың бұзылуымен, қан, несеп, сүт, мес қарын жыны көрсеткіштерінің өзгеруімен байқалады.
Клиникалық байқалуы организмге кетогендік факторлардың әсерінің күші мен ұзақтығына, кетогенездің сатысына, бейімделуші мүмкіндіктеріне және малдың жеке ерекшеліктеріне байланысты болады. Жаңадан туған сиырларда ауру жіті өткенде алғашқыда жүйкелік, гастроэнтералды және гепатотоксикалық симптомдар басым болады. Мал ауық-ауық қозады, жөнсіз тітіркенеді, терінің сезімталдығы артады. Келешекте қозу күйзелумен ауысады, мал әлсіз, ұйқы басады, көбінесе жатады. Мес қарынның қимылы бәсең, әлсіз, іш тоқтайды немесе ұзақ іші жүреді.
Гепатоксикалық ауру белгісі тәбеттің артуы және болмауымен, жүрек қан тамыр жүйесінің бұзылуымен сипатталады. Бауырдың көлемінің ұлғаюы байқалады, паренхиматозды сарғаю белгілері байқалады және ауырады.
Гастроэнтеральды ауру белгісі асқазан ішек жолының өзгеруімен сипатталады. Тәбеттің жоғарылауы, күйіс қайыру ритмінің бұзылуы, кекірудің төмендеуі, үстіңгі қарынның гипотониясы.

C:\Users\User\Desktop\Без названия.png

6

Жүйкелік синдром бұл белгі көбіне сиырларда туғаннан екі күннен кейін білінеді. Қызуы артады, мойын аумағы терісінің гиперестезиясы, кеуде аймағы, бел аумағы гиперестезиясы, содан соң сопорозды және коматозды жағдайға түсуі мүмкін. Жүйкелік синдром сонымен қатар мына белгілермен де сипатталады: құрсақ бұлшық етінің сіресіп, дірілдеуі.
Кетоз кезінде сауылатын сүттің мөлшері кеміп, малдың қоңы төмендеп кетеді, жүннің өңі бұзылады, маңдай жүн түседі, тері қабынады, терінің серпімділігі кемиді, мал кейде көп терлейді. Кілегей қабықтары бозарып, сарғыттанып кетеді. Тәбеті азайып бұзылады немесе тартпайды, күйіс қайыруы бұзылады, кекіре береді, алдыңғы қарындарының сазы төмендеп әлсірей береді, іш өтуі іш қатумен ауысады. Бауыры ауырып, ұлғаяды. Дене температурасы көбіне нормадан төмендеп кетеді, тамыр соғуы, тыныс алуы жиілеп түседі. Аурудың әбден асқынған сатысында терінің сезгіштігі күшейеді, қозу соңынан самарқау тартуымен ұласады, жүргізіп көргенде жүріс тұрысының бұзылғаны, бөксе жағының шойырыла бастағаны байқалады.

C:\Users\User\Desktop\831229218_orig.png

Бұл ауру жоғары өнім беретін, қоңдылығы жоғары сиырларда, буаз қойлар мен буаз мегежіндерде лактацияның алғашқы кезеңінде жиі байқалады. Сиырларың рационында ақуыз жəне майлардың көп болуы мен көмірсулардың тапшылығы кезінде кездеседі. Кетоздың дамуындағы негізгі рольді азықтар мен организмде мыс, мырыш, марганец, кобальт жəне йод сияқты микроэлементтер кешенінің ұзақ уақыт жетіспеушілігі басты орын алады. Рационда құрама азықтардың көп болуы, жеңіл сіңірілетін көмірсулы азықтардың, микроэлементтердің

7

тапшылығы пропион қышқылының, В тобындағы дəрумендердің, ұлтабаралды

қарындардағы микробиальді ақуыздың биосинтезделуін (түзілуін) бұзады, бұл нуклеин қышқылдарының, ақуыздың, гормондардың, ферменттердің түзілулерін тежейді, осының нəтижесінде зат алмасудың барлық түрлері бұзылады, организмде (қанда) кетон денешіктерінің жəне басқа да тотықпаған зат алмасу өнімдері шоғырланады. Кетоз ауруын анықтау үшін клиникалық əдістер, қанды биохимиялық зерттеулер (кетон денешіктері, оның ішінде ацетон, амин қышқылдары, несепнəр (мочевина), пирожүзім, сүт қышқылдары, глюкоза, ақуыздар, лейкоциттер мен гемоглобин), сүтте, несепте кетон денешіктерін (ацетон, ацетон-сірке, бета-оксимай қышқылдарын) анықтау қолданылады.

Материалдар мен əдістер Жұмыстың тапсырмасын орындау мақсатында зерттеулер Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан «Айдарбаев» шаруа қожалығы мен ҚазҰАУ «Ветеринария» факультетінің «Клиникалық ветеринариялық медицина» кафедрасының зертханасында жүргізілді. «Айдарбаев» шаруа қожалығындағы ірі қара мал тұқымы негізінде Қара-ала мен Швиц тұқымына жатады. Сауын сиырларының жасы 4 пен 10 жас аралығында. Жүргізілген жұмыстардың негізгі мақсаты:

- импортталынған сиырлардың клиникалық, қанының кейбір биохимиялық көрсеткіштері бойынша кетоз ауруын анықтау;

- кетозбен ауырған сиырларға ем жүргізу мен оның алдын алу туралы шаруашылық мамандарына ұсыныстар беру. Кетоз ауруын анықтау үшін шаруа қожалығының сиырларына клиникалық зерттеулер жүргізілді. Клиникалық зерттеулер жүргізу үшін мына жалпы əдіс-тəсілдер қолданылды: қарау, сипау, перкуссия (нұқу) жəне термометрия. Қанның кейбір биохимиялық көрсеткіштерін анықтау үшін, қанды таңертеңгі азық беруге дейін, күре тамырдан асептика мен антисептиканың талаптарына сəйкес алдық. Кетоздың белгілері айқын байқалатын сиырлар қанын биохимиялық зерттеуден Еңбекшіқазақ аудандық ветеринария зертханасында өткіздік, кафедра зертханасында жалпы ақуыз мөлшері РЛУ типті рефрактометр көмегімен анықталды. «Айдарбаев» шаруа қожалығының мал дəрігерлері соңғы кезде сауын сиырларында мынадай өзгерістер байқалғандығы туралы айтты: тəбеттің төмендеуі, оның қалыптан тыс өзгеруі (извращение), ұлтабаралды қарындардың гипотониясы, өнімділігі төмендеуі, кей кезде зілді түрде - азық қабылдаудан бас тартулар, қозудың қажуға ауысуы, қоңдылық пен өнімділіктің төмендеуі, жиі дене қызуының қалыптан төмендеуі, атония, іш қатуы, іш өтуі, бауырдың

8

шекарасының үлкеюі, диурездің төмендеуі, өсіп-көбею қызметі бұзылуы, туғаннан кейінгі асқынулардың, желінсаулардың жиелеуі, соңғы қабырға мен құйрық омыртқалардың сіңіріліп, жойылуы.

Зерттеу нəтижелері жəне талдау Жоғарыда айтылғандарға байланысты, біз жаңадан туып, сауын тобына ауыстырылған сиырларға клиникалық зерттеулер жүргіздік. Клиникалық зерттеулерді жүргізу үшін жалпы əдістер қолданылды, сонымен қатар, клиникалық белгілерінде айқын ауытқулары бар 10 сиырдың күре тамырынан биохимиялық зерттеулер үшін 15-20 мл мөлшерде қан алдық. Сиырларды клиникалық зерттеу нəтижелері мына төмендегідей болды: ауру сиырлар əлсіз, тəбеттері өзгерген, тұрған кезде айналасындағы заттарды, қатар байланып тұрған сиырлар бір-бірін жалағаны байқалады, жүні мен түктері көмескі тартқан, ұйпа- тұйпа, жүннің түлеу уақыты созылғаны айқын көрініп тұр, мүйіздер аралығында жəне шоқтық пен шоқтық айналасындағы жүндер ұзарған (ұзындығы 12-15 см), сауыншылардан олардан алынатын сүт өнімділігі төмендегенін, мес қарынның жиырлуын анықтап (2минутта 1-2 рет), оның қалыпты мөлшерден кемігендігін анықтадық. Сиырларда туғаннан кейін уақтылы шуы түспеуі тіркелгендігі жайында мал дəрігерлердің сөзінен білдік, жүректі тыңдау кезінде жүрек саздарының дыбысы əлсіз, төмен, анық естілмейді, сүйек ұлпасының зақымдануы салдарынан жүрген кезде малдың аттап басу қадамы қысқарған, алдыңғы аяқтарын талтайтып, орнынан əзер тұрады, жүріп- қозғалуы əлсіз, буындарында қимыл кезінде ауырсыну, ақсау байқалады, қабырғаларының шеттері бұдырланған, соңғы қабыртқалар қысқарып, 3/1 сіңіріліп кеткен, соңғы құйрық омыртқалары жартылай сіңірілген, күрек тістерінің орташа босаңсуы жиі кездеседі, мал көп жатады, соның салдарынан жамбас бөліктерінде жүндері сыпырылғанын аңғардық.

Биохимиялық зерттеу қорытындыларын талдайтын болсақ қан құрамындағы кальций мен жалпы ақуыз мөлшері қалыпты жағдайдан көп ауытқи қоймаған, глюкоза мен қанның сілті қоры мөлшері айтарлықтай кеміген, ал кетон денешіктері бірнеше есе көбейген. Осы жұмыстар нəтижесінде шаруа қожалығының мал дəрігерлеріне мына төмендегідей ұсыныстар берілді: - сиырлар рационында ақуыз бен майлардың көп болуын жəне көмірсулардың тапшылығын жою;

- Алматы облысының территориясында йод, сонымен қатар кобальт, мыс, кейбір жерлерде мырыш, марганец сияқты микроэлементтердің тапшылығы болуы өз септігін тигізеді, ал кетоздың дамуындағы негізгі рольді азықтар мен организмде осы микроэлементтер кешенінің ұзақ уақыт жетіспеушілігі басты

9

орын алады, сондықтан мал рационы құрамында эссенциалды микроэлементтер бар қоспаларды қосып беру;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кетоз
Кетоз ауруы
Диагностика кетоз
Жануарлардың ішікі ауруларын клиникалық балау
Саулықтың кетозы
Кетоз ауруының емі
Ірі қара мал кетоз ауруының патологоанатомиялық өзгерістері
Сүтті сиырлардың кетозы
Бауыр ауруларының түрлері
Сауын сиырлардың кетозы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz