Көмей қызметі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Сыртқы тыныс алу жүйесінің патофизиолгиясы

2. Асфикция

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Тыныс алу жүйесі - ағза мен сыртқы ортаның газ алмасу процесін қамтамасыз ететін тыныс алу жолдарының жиынтығы.

Тыныс алу жүйесінің жалпы сипаттамасы

Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат. - ойма қуыс, науа) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді.

Ересек адам қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты, бойы ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп ауа өтеді. Ересек адамға қарағанда балаға ауа көбірек қажет. 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л., кейде 7 л. ауа өтеді, бұл баланың дем алу ерекшелігіне жатады, сондықтан баланың денесінен бу ретінде су көптеп шығып, тершең болады.

Кеуде қуысын кеңейту тәсіліне қарай дем алудің екі түрі бар:

қабырғаларды көтеріп кеуде қуысын кеңейту арқылы дему алу - кеудемен дем алу (жас сәби мен әйел адамдар дем алысы) деп аталады;

диафрагманың көмегімен кеуде қуысын кеңейту арқылы дем алу - ішпен дем алу (ер адамдардың тыныс алуы) деп аталады.

Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметі

Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына байланысты ерекшеліктері болады.

Тыныс алу жүйесінің мүшелері қызметтеріне қарай екіге бөлінеді:

ауаны сыртқы ортадан ішке және іштен сыртқа қарай қозғайтын тыныс алу жолдары - мұрын қуысы, көмей, кеңірдек және бронхылар.

түскен газдарды алмастыру процессін жүргізетін мүше - өкпе;

Бұл мүшелер орналасулары бойынша жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарына болып бөлінеді:

жоғарғы тыныс алу жолдары - мұрын қуысы, жұтқыншақ, ауыз қуысы;

төменгі тыныс алу жолдары - көмей, кеңірдек, бронхы.

Мұрын қуысы қызметі

Ауа мұрын арқылы екі бөлікті-қалқалы мұрын қуысына түседі. Әрбір бөлікті-қалқада мұрын қуысының ішкі бетін ұлғайтатын үш мұрын қалқаны орналасқан. Ол эпителийлі қабықпен және көп қан тамырларымен жабылған. Тамырлармен аққан қан түскен ауаны дене температурасына дейін жылытады, ал сілемейлі қабық ауаны ылғалдайды және шаң-тозаңдар мен микроорганизмдерді тұтып қалады. Тұтылған микроорганизмдерді лейкоциттер қорытады (фагоцитоз), қорытудан артылған шаң-тозаңдар эпителий түктері (кірпікшелер) арқылы сыртқа шығарылады. Мұрын қуысында жылытылған, ылғалданған және тазартылған ауа жұтқыншақ арқылы көмейге түседі.

Көмей қызметі

Көмей - іші қуыс түтік, қабырғалары сіңір, буын және бұлшық еттермен қосылған бірнеше шеміршек тұрады. Көмейге ас бөлшектері немесе басқа заттар түскенде, сондай-ақ қабыну процестерінде адам қатты жөтелгенде дем шығарылады. Бұл көмейдің тазартылуына әсер етіп, тыныстың төменгі бөлімдеріне зиянды заттардың енуіне кедергі келтіреді. Көмей ауаны жұтқыншақ арқылы кеңірдекке өткізеді.

Сыртқы тыныс алу жүйесінің патофизиологиясы

Сыртқы тыныс алу жетіспеушілігінің белгілері: алқыну, патологиялық тыныс және асфиксия.

Алқыну - адамда ауа жетпеу сезімімен қабаттасатын, тыныс алу қозғалыстарының тереңдігі мен жиілігінің, дем алу мен дем шығару уақытының, тыныс алу ырғағының өзгеруімен сипатталады. Ол үрейлену, қорқыныш, абыржу сезімдерімен қабаттасады. Алқыну түрлеріне терең және жиі тыныс (гипрепноз), терең және сире тыныс (брадипноз), үстіртін жиі тыныс (полипноз немес тахипноз), инспирациялық және экспирациялық алқынулар жатады.

Экспирациялық алқынуда дем шығару ұзақтығы дем алу ұзақтығынан ұзақ болады. Өкпе көпіршіктерінің жиырғыштылығы мен серпімділігі төмендегенде (өкпе эмфиземасында), тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылғанда (асфиксияның 2- сатысында), ұсақ бронхылардың тарылуы және бітелуінде (бронхы демікпесі) байқалады

Инспирациялық алқынуда дем алу ұзақтығы дем шығару ұзақтығынан артық болады.

Патологиялық тыныстарға (үнемі және үзілісті тыныс) - Чейн-Стокс, Биот, Кусмауль тыныстары, агониялық тыныс жатады.

Асфиксияда (тұншығу) қанға оттегінің түсуі тоқтатылады, қаннан көмір қышқыл газы шығарылмайды. Ол тыныс алу жолдары қысылғанда, олардың саңлаулары бөгде затпен бітелгенде, өкпеге сұйықтық жиналғанда (суға тұншыққанда), кеуденің екі жағында пневматоркс (өкпеқапта ауаның немесе газдың жиналуы) дамығанда болады.

Асфиксия

Тұншығу, асфиксия (грек. asphyxіa; a - жоқ және sphyxіs - тамыр соғуы) - қанда оттек жетіспеушілігінен көмірқышқыл газының көбеюінен болатын адам өміріне қауіпті патологиялық жағдайы.

Тұншығу әр түрлі жағдайларға байланысты, мысалы, жүрек, бронхы демікпесі кезінде, тыныс жолына бөгде заттар түскенде, электр тогымен зақымданғанда, т. б. пайда болады.

Тұншығуды екі топқа бөледі:

1. механикалық тұншығу;

2. токсиндік тұншығу

Механикалық тұншығу - тыныс алу жолдары сырттан басылып қалғанда не іштен тығындалып қалғанда, мысалы, адам асылып өлгенде, адамды (өлтіру мақсатында) арнайы тұншықтырғанда немесе дифтерия ауруында тыныс жолдарының қабынуына байланысты қабықшалармен тығындалып қалғанда, адам суға батып кеткенде, наркоз кезінде тіл тыныс жолдарын бітеп тастағанда дамиды.

Токсиндік тұншығу - тыныс алу ортасына әр түрлі улы заттар (стрихнин, кураре) әсер еткенде, тыныс алатын бұлшық еттер зақымданса, кейбір заттар қандағы оттекпен әрекеттескенде, ауадағы оттек мөлшері азайғанда (биіктікке көтерілгенде), т. б жағдайларда дамиды.

Тұншығудың даму себептеріне байланысты алғашқы кезде тыныс алу жиіленеді, қан қысымы көтеріліп, жүрек соғуы күшейеді. Бұдан соң тіндерде оттек жетіспеушілігінен (Гипоксия) жүрек соғуы баяулап, қан қысымы төмендей бастайды, тыныс алу сиреп, адам тіпті бірнеше секундтан бірнеше мин-қа дейін дем ала алмай қалады (мұны терминальды тыныс алу деп атайды), рефлекстер жойылып, ауру есінен танады. Осы кезде науқасқа шұғыл дәрігерлік көмек көрсетілмесе өліп кетуі мүмкін. Тұншыққан адамның беті көгеріп, терісі бозарады, ерні кезеріп, жүзінде қорқыныш үрей пайда болады, суық тер шығады. Ішкі органдарға қан толады, өкпе ісініп, орталық жүйке жүйесінде ауыр дистрофиялық өзгерістер дамиды.

Оттегі жетіспеушілігінің ұзақтығына байланысты асфиксияның 3 дәрежесі

1-ші дәрежесі немесе жеңіл асфиксия, Апгар шкаласы бойынша жағдайы-7 балл. ЖТБ-ның терісі аздап көкшіл, демалысы үзік, жүрек соғуы анық, біркелкі, минутына-100рет, бұлшықет ширақтылығы және физиологиялық рефлекстері жақсы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұтқыншақ,көмей,өңештің құрылысы, тамақтың өту процесі
Көмей, кеңірдек, бронхтар мен өкпе, олардың құрылысы, функциясы, өкпеқаптар, өкпеқабының қойнауы
Кеңірдекті, трахеяны, қалқанша бездерін зерттеу. Жөтел және оның қасиеттеріне клиникалық баға беру
Көмекей,кеңірдек,бронхы, өкпелердің құрылысы мен функциялары
Қанның өкпе альвеолаларында ауамен қанығу процессі
Қазақ тіліндегі дыбыстардың жасалу қоры
Мұрын қуысы
Тыныс алу мүшелеріне анатомо – гистологиялық сипаттама
Ішкі ағзаларға жалпы сипаттама беру, олардың топографиясын анықтау
Балалардың тыныс алу жүйесінің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz