Оны тудыратын дикроцелия құрты



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Инвазиялық аурулардың жіктелуі
2.Мониезиоз
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Малдың инвазиялық аурулары -- эволюциялық даму барысында жануар денесінде паразиттік тіршілік етуге бейімделген бір клеткалы организмдер мен құрттар тудыратын аурулар. Бұл аурулардың 2 тобы бар: Бірінші тобы -- гельминтоздар. Оларды трематода (сорғыш құрт), цестода (таспа құрт), нематода (жұмыр құрт) кластарына жататын құрттар тудырады. Мал арасында фасциолез, дикроцелиоз, ішек цестоздары, таспа құрт дернәсілдері тудыратын аурулар жиі кездеседі. Сиырдың, қой-ешкінің, түйенің жіті және созылмалы ауруы -- фасциолез республиканың барлық өңірінде таралған. Аурудан арылу үшін ит пен малды алдын ала құрттан арылтады (дегельминтизация), батпақтарды құрғатып, жайылымдарды, суаттарды, олардың маңын тазартады. Дикроцелиоз -- малдың бауыры мен өт жолдарын зақымдайтын созылмалы ауру. Республиканың барлық өңірінде, әсіресе оңтүстік мен оңтүстік-шығысында жиі кездеседі. Оны тудыратын дикроцелия құрты. Малға гексихол, гексохлор-параксилол, гетолин беріп (дегельминтизация жасап), құрттан арылтуға болады. Таспа құрт дернәсілдері тудыратын аурулар -- эхинококкоз, ценуроз, цистицеркоз кезінде малдың бауыры, миы, өкпесі, сірі қабықтары зақымданады. Бұл аурулардан арылу жұмысы арнайы жоспар бойынша жүргізіледі.

Негізгі бөлім
Ішек цестодоздарын (мониезиоз, тизаниезиоз, т.б.) тудыратын құрттар да аралық (кейбір кенелер) және тұрақты иелердің қой, сиыр) арқылы өсіп, дамиды. Қоздырғыш малдың аш ішегін зақымдап, ішін өткізеді, ауру асқынса мал өледі. Емдеу, және аурудан сақтану үшін малға тотияйын мен ас тұзының қоспасы, фенасал, т.б. дәрілер ішкізіледі. Малдың инвазиялық ауруларының екінші тобы -- тейлерия, пироплазма, қан паразиттері (бабезия), кокцидия (ішек қабырғасында тіршілік ететін бір клеткалы жануарлар), саркоциста (бұлшық етте болатын паразиттер), безноития (теріні зақымдайтын паразиттер) сияқты бір клеткалы паразиттер тудыратын протозойлық аурулар. Бұлардың көпшілігі ауру малдан сау малға кене, түрлі жәндіктер арқылы жұғады. Ауру жедел түрде өтеді, негізгі белгілері -- малдың дене қызуы қатты көтеріліп, лимфа бездері үлкейеді, терінің сарғаюы, жүрек пен қан тамыры, ішек-қарын қызметінің нашарлауы байқалады. Протозойлық ауруларды емдеу үшін азидин, беренил, диамидин, т.б. препараттарын егеді. Мал токсоплазмозынан, саркоспоридиоз, безноитиоз, қотыр ауруларының эпизоотологиясы мен патогенезін зерттеп, анықтау әдістерін табу ісі республикада жүйелі жолға қойылған.
Бұл топқа мал ағзасы қоздырушы болатын жұқпалы аурулар
жатады(гельминттер,өрмекшітектестер ,жәндіктер және қарапайымдар).
Малдар бұл аурулармен алиментарлы жолмен (паразиттер ауызға қорек және
су арқылы пассивті түседі), түйіспелі (контактно) (сау малдың аурумен
байланысуы және күтіп-бағу құралдары арқылы), құрсақішілік (ұрықтың
аналықтың буаздық кезінде жұқтыруы), қан сорушы буынаяқтылар(клещ)
арқылы ауырады.
Қоздырушыға байланысты барлық инвазионды аурулар бірнеше топқа
бөлінеді: гельминтоздар, протозооздар, арахноздар и энтомоздар.
Малдардың инвазионды ауруларын емдеу және профилактикасында
қолданылатын этиотропты (спецификалық) әдістерге бірнеше дәрі-
дәрмектердің топтары жатады.
Антигельминтті дәрілер немесе антигельментиктер - малдың ағзасын
гельминттерден немесе паразитті құрттардан, босатуға қолданылатын
препараттар. Оларды ішке қабылдайды.
Инсектицидтер - паразитті жәндіктерге кері әсер ететін және оларды
жою үшін қолданылатын препараттар. Олар: акарицидтер - кенелерді
жоятын заттар, репелленттер - зиянды буынаяқтыларды үркітетін заттар
аттрактанттар - жәндіктерді еліктіретін заттар, хемостерилянттар -
жыныстық стерилизаторлар. Егер препараттар жәндіктерге және кенелерге әсер етсе, оларды инсектоакарицидтер деп атайды. Сыртқа қолданылады,тері жабынын өңдеу үшін
Антипротозойлы, немесе протозойға қарсы дәрілер- қарапайымдылар
тудыратын протозойлы ауруларға қолданылатын препараттар. Теріастына
қолданылады.
Гельминтоздар
Бұл паразитті құрттар немесе ішек құрттар тудыратын инвазионды
аурулар.Аурудың бұл тобы ең кең таралған(60 %) және барлық жерде
кездеседі. Бұған терматодоздар, цестодоздар және нематодоздар жатады.
Трематодоздар
Бұл қоздырушысы терматодтар классына жататын құрттар немесе
сорғыштар болатын аурулар.
Трематодтың өмірлік циклі
Фасциолез
Бұл фасциол тобына жататын терматодтар арқылы туындайтын ірі қара
немесе басқа малдың,сондай-ақ адамдардың ауруы,ол бауырдың өт қабында
паразиттік тіршілк етеді. Қоздырушысы - бауырлық және алып фасциола.
Олар жапырақ формалы,ашық-кір-жасыл түсті. Қоздырушының дамуы
жұмыртқадан адолескрийге дейін кіші тоған ұлуларының мекен орталарында
2-2,5 айда өтеді. Инвазирленген малдардың бауырында жыныстық жетілген
фасциолдардың қалыптасуы 3-4 айдан кейін аяқталады; өт жолында
паразиттендіру жылдар бойы жүреді.
Ауруды жұқтыру алиментарлы жолмен,негізінде жазда жайылымдық
жерде, кіші тоғанның ұсақ сулы орталарының көп болған жерінде жүзеге асады. Берілу фауторлары - су, су айдынында,ылғалды не суармалы жерлерде өсетін шөптер,бұл жерден алынған адолескариялармен бүлінген пішен.
Ірі қара малдың жас төлдері арасында инвазияның күрделі өтуі
байқалады және ауру малдың жабырқаулы болуымен,көп жатумен, бауырдың
үлкеюімен, ауырсынумен, атония және әлсіреумен білінеді. Ересек малдарда
ауру созылмалы болады,бұл сауым сүтке әсер етеді, мал жабырқаулы, шырышты қабық солғын болады,қабақтың,жақаралық
кеңістіктің,кеуденің,қарынның төменгі бөлігінің ісінуі,бауырдың ұлғаюы
байқалады. Малдардың өлімімен аяқталуы мүмкін.
Диагнозды фекалияларда фасциола жұмыртқаларын анықтау негізінде
қояды (сары-ақшыл сарғыш түсті,сопақша формалы,қақпақшасы бар).
Емдеу үшін антигельминтиктерді қолданады: гексихол (0,3 гкг дене
массының құрама азықтармен бір рет ), ацемидофен (15 гкг бір рет). Емдеу
дегельминтизациясы клиникалық көрсеткіштер бойынша жылдың кез келген
кезінде жүргізіледі.
Гельминтоздың инфнекциямен немесе басқа патологиямен асқынуы кезінде антигельминтиктермен емдеуге тек екіншілік аурудың жазылуынан кейін кірісуге болады. Фасциолездің алдын алу мен аурумен күресу жолдары жылына 2 рет профилактикалық дегельминтизацияны өткізуден(қорада ұстаудан бұрын және 3 айдан кейін) және өрісті қолдану тәртібін реттеуден тұрады. Ірі қара малды жаппай дегельминтизациялауға тек 15-20 малға антгельминтиктерді алдын-ала
сынағаннан кейін ғана кіріседі. Төлдеуге 2 апта қалған және төлдегеннен кейін 2 апта өткен аналықтар және әлсіреген малдар дегельминтизацияға
жатпайды .
Парамфистоматоз
Бұл аш ішекте, ұлтабарда және жалбыршақ қарында,кейде жұмыршақ
қарында паразиттік тіршілік ететін парамфистомат тобының трематодтары
тудыратын ірі қара малдың, қойлардың және ешкілердің ауруы.
Трематодтың жұмыртқадан адолескарийге дейінгі дамуы 1,5-3 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фасциолез ауруына сипаттама
Өсімдіктердің аурулары. Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары
Инфекциялық аурулар
Инвазиялық аурулар
Паразитке қарсы шараларды жоспарлау
Инвазиялық аурумен күресу шаралары
Малдың инвазиялық аурулары
Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары
Патологиялық физиология пәні және патологиялық физиологияға үлес қосқан ғалымдар.Ауру туралы жалпы түсінік
Ірі қара мен шошқаның цистицеркозы
Пәндер