ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНЫҢ КЕРІ КҮШІ ТҮСІНІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМф
МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ИНЖИНИРИНГ
ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР УНИВЕРСИТЕТІ
Бизнес және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні:ҚР қылмыстық құқығы
Тақырыбы:Қылмыстық заңның кері күші және оның әреет етуінің шегі
Орындаған:ЮП-18-5 тобының студенті
Ығыбаев Б.Қ.
Қабылдаған:аға оқытушы
Алибеков С.К.
Ақтау-2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНЫҢ КЕРІ КҮШІ ТҮСІНІГІ
1.1.Қылмыстық заңның кері күші түсінігі, әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2.Қылмыстық заңның кері күші қағидасы дамуының тарихи аспектісі ... ... ... .
2.ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНЫҢ КЕРІ КҮШІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУІНІҢ ШЕГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Қылмыстық заңның кері күшінің Қылмыстық кодексі Жалпы бөлімінің нормаларында қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Қылмыстық заңның кері күшін Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің нормаларында қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
1.ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНЫҢ КЕРІ КҮШІ ТҮСІНІГІ
1.1.Қылмыстық заңның кері күші түсінігі, әдістері
Қылмыстық заң дегеніміз -- Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған нормативтік құқықтық акт. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтың қағидаттары мен жалпы ережелерін, қандай әрекеттін қылмыс екендігін айқындайды және олар үшін жаза тағайындауды белгілейді. Қылмыстық заңның міндеттері -- бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, конституциялық құрылысты, қоғамдык тәртіп пен қауіпсіздікті, ҚК-тің 2-бабында көрсетілген басқа да құндылықтарды қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады.
Қылмыстық заң жазалау қатерімен тынып салу арқылы адамның жеке басына, қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тыйым салады.
Заңның кері күші, құқықта - заңды ол күшіне енгенге дейін болған оқиғаларға қатысты қолдану. Әдетте, заңның кері күші болмайды, яғни ол күшіне енгенге дейін болған оқиғаларға қатысты қолданылмайды. Белгілі бір оқиғаға қатысты осы оқиға орын алған сәтте күшінде болған заңды қолдану қажет. Бұл ереже құқық субъектілері арасындағы қарым-қатынастар тұрақтылығына, ел азаматтарының құқықтық жағдайының тұрақтылығына, елдегі құқықтық тәртіптің беріктігіне деген сенімді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша, жауаптылықты белгілейтін немесе ауырлататын заңның кері күші жоқ. Жасалған сәтте құқық бұзушылық деп танылмаған әрекет үшін ешкім де жауапқа тартылмайды. Егер құқық бұзушылық әрекет жасалғаннан кейін ол әрекет үшін жауаптылық жаңа заң нормасы бойынша жойылса немесе жеңілдетілсе, онда жаңа заң нормасы қолданылады, яғни заңға кері күш беріледі. Бірақ заң нормаларын осылай қолдануға болатындығы сол заңның өзінде не оны қолданысқа енгізу туралы актіде ескертілуге тиіс. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 5-бабы бойынша, әрекет қылмыстылығын, жазаны жеңілдететін немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңілдететін қылмыстық заңның кері күші болады, яғни осындай заң күшіне енгенге дейін тиісті жазасын өтеп жүрген немесе өтеген, бірақ соттылығы бар адамдарға қатысты қолданылады. Әрекеттің қылмыстылығын белгілейтін немесе адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын қылмыстық заңның кері күші болмайды. Егер жаңа қылмыстық заң жазасын өтеп жүрген адамның сол жазасын жеңілдететін болса, онда бұл жаза қылмыстық заңда көзделген шекте қысқартылуға тиіс.[1]
Қылмыстық заңның кері күші (ағыл. retroactive force of the criminal law; нем. zuruckwirkende Kraft eines Strafgesetzes) - Әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын жауаптылықты немесе жазаны женілдететін немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңілдететін заңның кері күші болады, яғни осындай заң күшіне енгенге дейін тиісті әрекет жасаған адамдарға, оның ішінде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бірақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.

Егер жаңа қылмыстық заң адам сол үшін жазасын өтеп жүрген әрекеттін жазаланатындығын жеңілдетсе, тағанындалған жаза жаңадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегінде қысқартылуға тиіс. Әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгілейтін, жауаптылықты немесе жазаны күшейтетін немесе осы әрекетті жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын заңның кері күші болмайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша, жауаптылықты белгілейтін немесе ауырлататын заңның кері күші жоқ. Жасалған сәтте құқық бұзушылық деп танылмаған әрекет үшін ешкім де жауапқа тартылмайды. Егер құқық бұзушылық әрекет жасалғаннан кейін ол әрекет үшін жауаптылық жаңа заң нормасы бойынша жойылса немесе жеңілдетілсе, онда жаңа заң нормасы қолданылады, яғни заңға кері күш беріледі. Бірақ заң нормаларын осылай қолдануға болатындығы сол заңның өзінде не оны қолданысқа енгізу туралы актіде ескертілуге тиіс.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 5-бабы бойынша, әрекет қылмыстылығын, жазаны жеңілдететін немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңілдететін қылмыстық заңның кері күші болады, яғни осындай заң күшіне енгенге дейін тиісті жазасын өтеп жүрген немесе өтеген, бірақ соттылығы бар адамдарға қатысты қолданылады. Әрекеттің қылмыстылығын белгілейтін немесе адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын қылмыстық заңның кері күші болмайды. Егер жаңа қылмыстық заң жазасын өтеп жүрген адамның сол жазасын жеңілдететін болса, онда бұл жаза қылмыстық заңда көзделген шекте қысқартылуға тиіс.
1.2.Қылмыстық заңның кері күші қағидасы дамуының тарихи аспектісі
Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, қабылдау, тіркеу, қолданысқа енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру және оларды жариялау тәртібіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін Құқықтық актілер туралы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ Заңы. Осы Заңға сәйкес қылмыстық заңды жариялау және күшіне енгізу тәртібі былайша белгіленген: Қазақстан Республикасы Парламентiнің және оның Палаталарының қаулыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулылары - егер актiлердiң өздерiнде немесе оларды қолданысқа енгiзу туралы актiлерде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң. Егер нормативтiк құқықтық актiнiң өзiнде немесе оны қолданысқа енгiзу туралы актiде өзгеше көзделмесе, мұндай акт мерзiмсiз қолданылады. Бүкiл нормативтiк құқықтық акт немесе оның жекелеген бөлiгi (жекелеген бөлiктерi) үшiн уақытша қолданылу мерзiмi белгiленуi мүмкiн. Бұл жағдайда нормативтiк құқықтық акт немесе оның бір бөлiгi қандай мерзiмде қолданысын сақтайтыны көрсетiлуге тиiс. Актiнi шығарған орган бұл мерзiм өткенге дейiн актiнiң қолданылуын жаңа мерзiмге ұзарта алады немесе оған мерзiмсiз сипат бере алады. Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуы белгiлi бiр мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Нормативтік құқықтық актінің немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру жеке нормативтік құқықтық актімен жүзеге асырылады. Нормативтiк құқықтық акт (оның бір бөлiгi немесе бөлiктерi) мынадай жағдайларда: 1) акт (оның бір бөлiгi немесе бөлiктерi) қабылданған мерзiм өткенде; 2) бұрын шығарылған нормативтiк құқықтық актiнiң, оның бөлiктерiнiң (бір бөлiгiнiң) ережелерiне қайшы келетiн немесе бұрын шығарылған актiнi немесе оның бір бөлiгiн (бөлiктерiн) қамтитын жаңа нормативтiк құқықтық акт қабылданғанда; 3) қабылданған акт Қазақстан Республикасының Конституциясында белгiленген тәртiппен конституциялық емес деп танылғанда; 4) осы актiнi қабылдаған орган немесе қабылдауға уәкiлеттік берiлген өзге де орган актiнiң немесе оның бір бөлiгiнiң (бөлiктерiнiң) күшi жойылды деп танығанда, өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
Мерзімдерді есептеудің жалпы қағидаттарына сәйкес белгіленген мерзімнің соңғы тәулігі өтісімен заң күшіне енген болып саналады. Қылмыстық занды дәлме-дәл, дұрыс қолдану үшін қылмыстың жасалу уақытын анықтаудың маңызы зор. ҚК-тің 6-бабы қылмыстық заңның кері күшін қолдануға, яғни жаңадан қабылданған қылмыстық занның күшінің ол заңды күшіне енгенге дейінгі болған әрекеттерге қолданыла беруіне мүмкіндік береді. 14 ҚК-нің 6-бабында белгіленген қылмыстық заңның кері күші Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі - Конституция) 77-бабы 3-тармағы 5) тармақшасының, сондай-ақ Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің (Нью-Йорк, 1966 жылғы 16 желтоқсан, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 қарашадағы № 91-III Заңымен ратификацияланған, Қазақстан Республикасы үшін 2006 жылғы 24 сәуірде күшіне енген) 15-бабының талаптарына негізделген.
ҚК-тің 6-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, жаңадан қабылданған қылмыстық заң келесі жағдайларда ғана кері күшке ие болады: - Іс-әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын; - қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жауаптылығын немесе жазасын жеңiлдететiн; - қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жағдайын өзге де түрде жақсартатын заңның керi күшi болады, яғни осындай заң қолданысқа енгізілгенге дейiн тиiстi іс-әрекетті жасаған адамдарға, оның iшiнде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бiрақ сотталғандығы бар адамдарға қолданылады. Егер жаңа қылмыстық заң адамның жазасын өтеп жүрген іс-әрекеті үшін жазаланушылықты жеңiлдетсе, онда тағайындалған жаза жаңадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегiнде қысқартылуға жатады (ҚК-тің 6- бабының екінші бөлігі). Әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятынзаң деп қылмыстық іс-әрекеттерден жеке, бұрын қылмыстық құқық бұзушылық деп танылған іс-әрекет алынып тасталатын заң танылады. Бұл ҚК-ден сол немесе өзге норманы толық алып тастау арқылы жүргізілуі мүмкін. Неғұрлым жеңіл жазаны көздейтін заң онша қатаң емес, ал жазаның түрі бірдей болғанда - ең жоғары мерзiмнен немесе оның санкциясының мөлшері кемі болып табылады.
Жазалаудың жоғары мөлшері неғұрлым жеңілмен тең болған кезде жазалаудың төменгі мерзімі немесе мөлшері неғұрлым жеңіл болып табылатын немесе балама санкциясы бар заң танылады.Құқық бұзушылық жасаған адамның жағдайын өзге түрде жақсартатын заң деп жазаны тағайындау қағидаларын, қылмыстық жауаптылықтан немесе жазалаудан босату шарттарын жұмсартатын, соттылықты өтеу немесе алып тастау мерзімдерін азайтатын заң танылады. Жауаптылықты немесе жазалауды жұмсартатын заңдарға: - қылмыстық заң нормасының санкциясы жеңіл жағына өзгерген; - баптың санкциясына неғұрлым жеңіл жазалаудың балама түрі енгізілген; - баптың санкциясынан қосымша жаза алынып тасталған құқық нормалары жатады. ҚК-тің 6-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, мына жағдайда қылмыстық занның кері күші болмайды: 1) егер ол іс-әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгілесе; 2) егер ол жауаптылықты немесе жазаны күшейтсе; 15 3) егер ол әрекетті жасаған адамның жағдайын өзге де түрде нашарлататын болса. Егер жаңа қылмыстық заң бұрынғы заң сияқты санкция белгілейтін болса және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жағдайын қандай да болмасын жақсартпаса, онда оның кері күші болмайды және ол қолданылуға жатпайды. Бұл жағдайда іс-әрекеттің қылмыстылығы мен жазалануы осы іс-әрекет жасалған уақытта қолданыста болған заңмен айқындалатындығы туралы ҚК-нің 5-бабының ережелері қолданылады.
Іс-әрекетті қылмыстықтан арылту - қылмыстық заң нормасының диспозициясына өзгерістер енгізу арқылы, ал іс-әрекетті қылмыстықтан ішінара арылту қылмыстық құқық бұзушылық құрамының қосымша белгілерінің диспозициясына енгізу не қазіргі барын алып тастау арқылы, сондай-ақ ҚК-нің Жалпы бөлімінің нормасына өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Жаңа қылмыстық заңмен іс-әрекеттің қылмыстылығын жойған (қылмыстық құқық бұзушылықты қылмыстықтан арылтқан) кезде осындай іс-әрекеті үшін сотталған адам сотталғандығы жоқ болып танылады және оны соттау фактісі қылмыстық-құқықтық салдарына әкеп соқпайды және қылмыстардың бірнеше рет жасалғандығын, қайталанғандығын, жаза тағайындауды анықтаған кезде ескерілмейді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы, бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттар өздерінің іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істер бойынша кері күші бар заңды тікелей қолданады. Бұл ретте, егер жаңа қылмыстық заң қылмыстықты және іс-әрекеттің жазалануын жоятын болса, онда Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК)35-бабы бірінші бөлігі 6-тармағының талаптарына сәйкес іс қаралу сатысына қарамастан, осы негіздер бойынша іс жүргізу тоқтатылуға тиіс. Қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның жағдайын жақсартатын заң неғұрлым жеңіл болып табылатындығы жөніндегі нұсқау қылмыстардың қайталануын тану, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуі, мерзімінен шартты түрде бұрын босату, сотталғандықтың өтелуі және алынуы туралы нормаларға және тағы басқаларға да қолданылады. Қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамға жаза ҚК Ерекше бөлігінің нормалары санкцияларының жоғарғы шектерінде тағайындалған және осы жоғары шек жаңа заңмен төмендетілген жағдайда, ҚК-нің 6-бабында көзделген қағида қолданылады.
Егер адам жасаған әрекет неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық санатына өтсе немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жағдайын өзге де тәсілмен нашарлатса, онда жаңа қылмыстық заңның кері күші болмайды. Қылмыстық құқық бұзушылық жасалған күн мен үкім не апелляциялық сот инстанциясының сот актісі шығарылған күн арасында қылмыстық заң 16 бірнеше рет өзгерген жағдайларда, қылмыстық жауаптылыққа тартылған адам үшін неғұрлым қолайлы қылмыстық, оның ішінде аралық заң қолданылады. Жаңа, неғұрлым жеңіл қылмыстық заңның кері күші туралы қағида сотталған адамның және жазасын өтеп жатқан немесе жазасын өтеп келген, бірақ күші жойылған неғұрлым қатаң заң бойынша сотталғандығы бар адамдарға қолданылады. Соттардың жазасын өтеп келген адамдарға қатысты қылмыстық заңның кері күші туралы қағидаларды қолданған кезде мыналарды ескергені жөн: -егер жаңа қылмыстық заң жауаптылықты жеңілдететін, қылмыстылықты немесе жазаланатын іс-әрекетті (қылмыстықтан арылтуды) жоятын болса, бірақ осы қылмыс үшін жаза өтелген немесе орындалған болса және жаңа заңды қолданудың сотталған адам үшін құқықтық салдарға әкеп соқпаса, онда жаңа заң қолданылмайды. Мұндай жағдайда өтінішхаттарды қанағаттандырудан бас тартылады; - егер адам жазасын өтесе және сотталғандығы жойылмаса, ал жаңа заңды қолдану сотталған адам үшін сотталғандықтың жойылу мерзімдерін азайту, қылмыстардың қайталануын алып тастау сияқты құқықтық салдарларға әкеп соқса, жаңа қылмыстық заң қолданылуға тиіс.
Қылмыстық жазасын өтеген адамдардың өтінішхатын үкім шығарған сот қарайды. Жазаны орындайтын мекеменің немесе органның ұсынысын немесе сотталған адамның кері күші бар қылмыстық заңның шығуы салдарынан жазадан босату немесе жазаны жеңілдету туралы өтінішхатын қанағаттандырудан бас тарту туралы, я болмаса мұндай өтінішхатты немесе ұсынысты қараусыз қалдыру туралы қаулыға ҚПК-нің 49-тарауында белгіленген тәртіпте шағымдалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.
2.ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНЫҢ КЕРІ КҮШІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУІНІҢ ШЕГІ
2.1 Қылмыстық заңның кері күшінің Қылмыстық кодексі Жалпы бөлімінің нормаларында қолданылуы
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы ізгілік принципін басшылыққа ала отырып, ісэрекеттің қылмыстылығын және жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты және жазаны жеңілдететін немесе кінәлінің жағдайын басқа түрде жақсартатын заңның кері күші бар, яғни мұндай заң күшіне енгенге дейін тиісті қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді істеген адамдарга, оның ішінде жазаны өтеп жүрген немесе өтеп шыққан сотталғандық атағы бар адамдарға күші жүреді деп белгілейді. Егер жаңа қабылданган қылмыстык занда жазаның мөлшерін кыскартса немесе балама жазалардың ауыр түрін қылмыстық баптың санкциясынан алып тастаса, кылмыс санкциясына жазаның ауыр түрінің орнына жеңілірек жаза түрін ендірсе немесе санкцияда көрсетілген қосымша жаңа түрін жонса немесе оны жеңілірек түрдегі косымша жаза түрімен алмастырса, кылмыстық заңның кері күші қолданылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін күшіне енгізу туралы жоғарыда көрсетілген заңына сәйкес 2015 жылгы I қацтарға дейін шығарылган сот үкімдері мен қылмыстық-құқыктык сипаттағы баска шараларды қолдану туралы өзге де сот актілері, егер заң әрекеттің қылмыстылыгын жоятын, қылмыстык қүқық бүзушылық жасаған адамның жазасын жеңілдететін немесе жагдайын өзге де түрде жақсартатын жагдайда, оларды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің қылмыстық заңының кері күші белгіленетін 6-бабына сэйкес келтіру мақсатымен кайта қаралады. Бүрынгы шыгарылған сот үкімдері және басқа да сот актілерін кайта қарауды үкімді шыгарған соттың немесе сотталған адам жазасын өтеп жатқан жерде орналасқан соттың судьясы жүргізеді. Сондай-ақ, осы заңның 6-бабына сэйкес бүрынгы 1997 жылғы Кодекс бойынша жаза болып есептелінген жаза түрлеріне сотталган адамдар бұл жазалар жаңа Қылмыстық кодексте жоқ болса, жазасын өтеуден босатылып, соттылыгы алынып тасталады. Қолданылып жүрген қылмыстық жэне баска да заңдарға тиісінше өзгертулер мен толықтырулар енгізілген жағдайда да Қылмыстық кодекстің 6-бабының нормасы тікелей басшылыққа алынады.
Бүл туралы Қазақстан Республикасы Жогарғы Сотының 2005 жылгы 25 қазанда қабылданган Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2002 жылғы 21 -желтоксандағы Қазақстан Республикасы Заңын соттардың қолдануының кей- бір мәселелері туралы № 7 нормативтік қаулысында: Соттар Занды қолдану кезінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 5- бабының эрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететін немесе қылмыс жасаған адамның жагдайын өзге де жолмен жеңілдететін заңына кері күші бо- латынына, ягни осындай заң күшіне енгенге дейін тиісті әрекет жасаған адамдарға оның ішінде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бірак соттылыгы бар адамдарга колданылатындыгы туралы талаптарын қатаң сақтаулары тиіс, - деп атап көрсетті. Іс- әрекеттің 56 қылмыстылыгын немесе жазалаушылыгын белгілейтін, жазаны күшейтетін немесе кінәлінің жагдайын баска түрде нашарлататын қылмыстық заңның кері күші бол- майды.
Егер жаңа қылмыстық заң адам сол үшін жазасын өтеп жүрген әрекеттін жазаланатындығын жеңілдетсе, тағанындалған жаза жаңадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегінде қысқартылуға тиіс.
Әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгілейтін, жауаптылықты немесе жазаны күшейтетін немесе осы әрекетті жасаған адамныңжағдайын өзге де жолмен нашарлататын заңның кері күші болмайды. Құқық адамдардың еркін мінез-құлқына әсер етуі арналған, ол құқықтық реттеу пәні болып қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстық құқықпен реттелетін және өзінің жиынтығында қылмыстық құқықтық реттеуді құрайтын қоғамдық қатынастар. Негізгі 3 түрін бөліп көрсеткен: қорғаушылық, жалпы ескертушілік және реттеушілік. Қылмыстық жауапкершілікті жүзеге асыру және қылмыс оқиғасымен байланысты жаза, сонымен қатар жазаны тағайындауға оны өзгерту қылмыста жауапкершілікті және жазадан босату қорғаушылық қылмыстық құқықтық қатынастың мазмұны болып табылады. Бұл қоғамдық қатынастар қылмыс жасаумен байланысты пайда болады. Қылмыс жасаған тұлға заң қылмыс жасаумен байланыстыратын қолайсыз зардаптарды міндетті түрде өткеру қажет. Құқық қорғау органдары қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартуға міндетті. Ал сот қылмыстық жаза орын алмастыратын шара тағайындайды. Бұл қатынастар құқықтық нормалармен реттеледі. Жалпы реттеушілік қылмыстық құқықтық қатынастар нормаларда көзделген жазалау қаупімен моральдық тұрақсыз тұлғаларды қылмыс жасаудан сақтап қалумен байланысты қоғамдық қатынастар.
Қылмыстық құқықтық тыйым анықталмаған тұлғалар шеңберінде қылмыс жасаудан тоқталу міндетін жүктейді.Реттеушілік қылмыстық құқықтық қатынастарды азаматтарды қоғамдық қауіпті қол сұғудан қорғану кезінде қылмыстық құқықтық нормалармен реттелетін зиян тигізу құқықтарына ие қылатын қоғамдық қатынастар. Берілген құқықтық қатынастар реттеушілік нормалар негізінде құрылады және бір уақытты және саяси пайдалы болып табылатын тұлғалардың құқықтық мінез құлықтарын реттейді.Қылмыстық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың түрлері оларды реттеуді өзіндік әдісіне сәйкес келеді. Қылмыстық саясат келесідей ережелерге негізделген: қылмыстың алдын алу қылмыспен күресудің негізін құрайды· қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік болуы керек· қылмыспен күрес заңдылықтардың қатаң сақталуымен жүргізілуі· қажет қауіпті және аса қауіпті қылмыстың бірнеше мәрте жасалуына ауыр· және ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін жазаның қатаң шаралары қолданылуы қажет ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстармен күресуде бас· бостандығынан айырумен, сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысы жоқ әсер ету шаралары ерекше орында орын алуы қажет болуы шарт қылмыспен күрес қалың бұқараның тартылуымен жүзеге асырылуы· керек. Қылмыстық саясаттың нақтыландыру нысандары мыналар: 1) заң шығарушылық (1-ші кезекте қылмыстық, қылмыстық іс- жүргізушілік, қылмыстық атқарушылық) 2) құқық қорғанушылық (құқық нормеларын қолдануда қылмыстық әділет органдарының тәжірибелік қызметі) 3) қылмыспен күресуге және оның алдын алуға бағытталған бұқараның қызметі 4) құқықты насихаттау мен құқықтық тәрбиедегі бұқараның және мемлекеттік органдардың қызметі.1) Әлемдік кеңістіктегі қылмыстық құқықтың негізгі бағыттары. 2) Қылмыстық құқықтың негізгі мектептері. 3) Англо-саксондық қылмыстық құқық жүйесі. 4) Романо-германдық қылмыстық құқық жүйесі. 1.Қылмыстық заң қылмыстық құқық қағидаларымен жалпы ережелерін қандай қоғамға қауіпті әрекеттер қылмыс болып табылатыны және қылмыс жасағаны заң нормалардан тұратын ҚР-ң Парламенті қабылдаған заң шығарушылық акт. Заң - бұл а) ерекше тәртіпте қолданылатын биліктің жалпы мемлекеттік өкілетті органның б) ҚР-сы халқының еркін тікелей және тура білдіру в) аса мәнді және маңызды қоғамдық қатынастарды реттеуші г) жоғары заң күшін иеленуші акт. Қылмыстық заңды тұлғаны қорғау оның құқықтары мен босатндықтарын қорғау меншігін табиғи ортаны, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді, бүкіл құқықтық тәртіпті қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау, сонымен қатар адамзат қауіпсіздігі мен тәрбиелілігін қорғауға көмек көрсетеді. Қылмыстық заң қылмыстың алдын алу азаматтарды республика заңдарын және Конституцияны сақтау рухында тәрбиелеуге септігін тигізеді. Қылмыстық заң қылмыс болып табылатын қоғамдық қауіпті әрекеттерді жазалау қаупімен тыяды.
Сонымен қатар ол сәйкес органдар лауазымды тұлғаларға әрекетте қылмыс белгілерінің бар болуын және кінәліні қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе заңды негіздердің басуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен немесе жазадан босатуды ұйғарады. Қылмыстық құқықтық нормалардың ескертушілік қызметі онда санкцияның белгіленуінде негізделеді - жасаған әрекет үшін жазалану мүмкіндігі. Осыған байланысты қылмыс жасай алатын тұлғаларға ескертушілік тәрбиелік әсер ету. Бұдан бөлек қылмыстық құқықтық нормаларды азаматтарда бұлжытпай заңды сақтау. Тәрбиелеу қылмыс жасаған адамдарға шыдамаушылық жағдайын қалыптастырған. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтың жалғыз қайнар көзі. Адаммен жасаған әрекетті қылмыс деп тану және осы тұлғаға қылмыстық жаза қолдануды тек заңмен анықталған жағдайда жүзеге асырылады.Ал қандай да болмасын басқа нормативтік актілер соттық прециденттер негізінде немесе соттың қарауына байланысты шешілмеуі керек. Әрекеттік қылмыс қатарына жатқызу және жаза тағайындау сияқты мәселелерде заңдылық қағидаларын бұлжытпай сақтау қажет.
Заманына қарай заңы демекші, мемлекетімізде жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқан қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамаларды реформалау барысында 2015 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілген Қылмыстық кодекске (бұдан әрі - ҚК) қылмыстық жазаны ізгілендіру мақсатында коптеген нормалар енгізіліп, қылмыстық заңның кері күшінің қолданылу аясы кеңіді.
Алайда, ҚК-нің 6-бабын қолдануда біркелкі сот тәжірибесінің қалыптаспауы, қылмыстық заңның бұл нормасын қолдануда туындаған кейбір сұрақтардың құқықтық тұрғыдан реттелмеуі жергілікті соттар үшін қылмыстық заңның кері күшінің қолданылуына қатысты сот істері қаралғанда әжептәуір қиындықтар мен қарамақайшылықтарды туындатты. Бұған дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 28 қазандағы №7 Соттардың Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2002 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын қолданудың кейбір мәселелері туралы нормативтік қаулысында қылмыстық заңның кері күшінің қолданылуының кейбір мәселелері ғана реттеліп, негізінен ҚК-нің 58-бабының қолданылуы аясында ғана түсініктеме берілген болатын. Сондықтан да, қылмыстық заңның кері күшінің қолданылуы бойынша дұрыс және біркелкі сот тәжірибесін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысының 2016 жылдың 22 желтоқсаныдағы шешімімен №15 Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 6-бабын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы нормативтік қаулы қабылданды. Бұл нормативтік қаулы Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 28 қарашада ратификациялаған және оның аумағында 2006 жылғы 24 сәуірден бастап күшіне енген 1966 жылғы 16 желтоқсандағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 15-бабының талаптарына негізделген.
Конституциялық талаптарға сәйкес жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады. Нормативтік қаулыда әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, неғұрлым жеңіл жазаны көздейтін, құқық бұзушылық жасаған адамның жағдайын өзге түрде жақсартатын, сол сияқты жауаптылықты немесе жазалауды жұмсартатын заңдарға кеңінен түсініктемелер берілді. Қылмыстық заңның кері күшін қолданудан туындаған сұрақтарды шешудегі соттардың құзыреттіліктерінің шектеріне түсініктеме беріліп, сот өндірісінде, сол сияқты үкімді орындау тәртібінде қаралатын істер бойынша заңның кері күшін қолдану механизмі мен тәртібі анықталып, бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттар, үкімдер орындау тәртібімен қайта қаралмаған жағдайда ҚК-нің 6-бабының талаптарына жататын адамдарға қатысты алдыңғы үкімдерді сәйкес келтіре алатындықтары нақтыланды. Ал, қылмыстық құқық бұзушылық жасалған күн мен үкім, не апелляциялық сот актісі шығарылған күн арасында қылмыстық заң бірнеше рет өзгерген жағдайларда, қылмыстық жауаптылыққа тартылған адам үшін неғұрлым қолайлы қылмыстық, оның ішінде аралық заңның да қолданылу мүмкіндігі айқындалған.
Нормативтік қаулының 4-тармағында егер жаңа қылмыстық заң бұрынғы заң сияқты санкция белгілейтін болса және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жағдайын қандай да болмасын жақсартпаса, онда оның кері күші болмайтындығы және ол қолданылуға жатпайтындығы, бұл жағдайда іс-әрекеттің қылмыстылығы мен жазалануы осы іс-әрекет жасалған уақытта қолданыста болған заңмен айқындалатындығы түсіндірілген. Сонымен қатар, соттардың қылмыстық заңның кері күші туралы қағидаларды қолданған кезде сол бір мәселе бойынша, бір мезгілде жаңа және ескі қылмыстық заңның қылмыстық жауаптылыққа тартылған адам үшін жағдайды жақсартатын нормаларды таңдап қолдануға жол берілмейтіндігі, керісінше ол үшін тек қана қолайлы құқықтық салдарға әкелетін норма ғана қолданылатындығын ескеру қарастырылған. Егер жаңа қылмыстық заң қолданысқа енгізілген кезде заңды күшіне енген сот үкімі болса, онда қылмыстық заңның кері күшін қолдану Қылмыстық-процестік кодекстің (бұдан әрі - ҚПК) 476-бабының 15-тармағының ережеле-ріне сәйкес, үкімді орындау тәртібімен жүзеге асырылады. Бұл ретте істі тоқтату, жазадан босату немесе жазаны жеңілдету, сотталған адам жасаған іс-әрекетті саралауды өзгерту, жазалау мерзімін қысқарту туралы және қылмыстардың қайталануы туралы мәселелер қаралады. Бұл мәселелерді аталған Кодекстің 477-бабының 1-бөлігіне және 478-бабының 3-бөлігіне сәйкес үкімді орындау жері бойынша аудандық немесе оған теңестірілген сот, ал ол болмаған кезде сотталған адамның өтінішхаты бойынша не жазаны орындайтын мекеменің немесе органның ұсынуы бойынша жоғары тұрған сот шешеді.
Үкімді орындауға байланысты мәселелерді қараған кезде сот, адамның іс-әрекетінінің саралануын жаңа қылмыстық заңның бабына сәйкес ауырлығы аз қылмыстық құқық бұзушылыққа өзгерту және жазаны осы баптың санкциясының шегінде азайту, қосымша жаза қолданбау арқылы қылмыстық заңның кері күшін қолдануға құқылы. Бұл ретте сот үкімін дәлелдемелерді, қылмыстық процестегі азаматтық талап қою және ҚПК-нің 476-бабында көзделмеген басқа да мәселелерді шешуді бағалау бөлігінде қайта қарауға құқығы жоқ. Іс-әрекеттің қылмыстылығын немесе жазалануын жоятын немесе іс-әрекетті қылмыстықтан арылтатын заң қабылданған жағдайда, сот ҚК-нің 6-бабын қолданып, азаматтық талап қою туралы мәселені ҚПК-нің 170-бабының 4-бөлігінде көзделген тәртіп бойынша қараусыз қалдырады. Нормативтік қаулының маңызды тұстарының бірі, ол үкімді орындау сатысында ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігін қолданған кезде, сот үкімде сотталған адамдарға жазаны мұндай деп танымаған жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларға сілтемемен тағайындаған немесе іс бойынша жеңілдететін мән-жайлардың бар екендігі анық болса да, үкімде оларды есепке алу туралы көрсетілмеген жағдайларда, соттардың заңның кері күшін қолдану тәртібі келесідей анықталған. Атап айтқанда, егер үкімде іс бойынша қылмыстық жауаптылықты және жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлардың бар екендігі, не болмаса ҚК-нің 53, 54-баптарында көрсетілген сол немесе өзге мән-жайларды сот жаза тағайындаған кезде ескеретіндігі туралы көрсетілмесе, онда соттың мұндай мән-жайлардың бар екендігін тануға және көрсетуге құқығы жоқ. Ал, егер де сот үкімде сотталған адамға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz