Лақтарды өсіру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
“ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ КАФЕДРАСЫ”
БӨЖ
Тақырыбы: Ешкі малдарының төлдерін өсіру гигиенасы
Орындаған : Бекенов Н. С.
Топ : ВС-505
Тексерген : Қойгельдинова А. С.
Семей қаласы 2018 жыл
Жоспар:
- Кіріспе
- Лақтау
- Лақтау жұмыстарын жүргізу
- Лақтарды өсіру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе
Ешкі шаруашылығы құнды және жоғары өнім беретін малшаруашылығы болып саналады. Ешкі түбіті - малдан алынатын талшықтардың ең жіңішке түрі, жақсы иірілу қаблеттілігі, жеңілдігімен, иілгіштігімен ерекшеленеді, орташа беріктілікпен және жылу өткізгіштілігінің аздыгымен сипатталады. Ешкі түбіті негізінен орамал тоқуға қолданылады. Түбіт тоқу - орыстың ежелгі кэсібі. Түбіттен жасалынатын орамалдар, жұқа «өрмекті» шэлілер, палантиндер және басқадай өнімдер өте әдемі, жұмыстың кереметтілігімен ерекшеленеді, тұтынушылық жэне көркемдік құндылыққа ие. Түбітті меринос жіңішке түбітпен араластырып жэне таза күйінде ең жұқа маталарды, трикотаждарды алуда сонымен бірге жоғары сапалы қалпақтар фетрларды дайындау үшін қолданылады. Ангор тұқым ешкілерінің және советтік жүнді тұқым (өнеркәсіпте оны могер немесе тифтик деп атайды) ешкілерінің біртекті биязы жүндері мықтылығымен, тығыздылыгымен, жылтырлығымен, түсінің ақтығымен, ұзындығымен және иілімділігімен сипатталады. Могер түкті кілемдерді, жасанды тон, барқыт, драп маталарды, аяқ киімнің бетіне арналған материалды жэне беріктілігі жағынан жоғары талап қойылатын өнімдерді дайындау үшін өте бағалы шикізат болып есептелінеді. Могердің негұрлым жұқа сұрыптары трикотажды, көрпелерді және бешпенттік жұқа маталарды өңдеу үшін қолданылады. Техникалық қасиеттері бойынша могер кросбредті қой жүнінен асып түседі жэне кейбір жағдайларда оның орынын алмастырады. Могерді синтетикалық талшықтармен жэне мақталармен араластырып ұйқысып қалмайтын, жуғаннан кейін үтіктеуді қажет етпейтін жұмсақ маталар дайындалады. Ешкінің еті және майы тағамдық жэне дәмдік сапасы бойынша тағам ретінде табиғи күйінде қолданылады жэне ет өнімдеріне өңделеді. Ешкінің терісі беріктігімен, жылтырлығымен, созылғыштығының элсіздігімен, санитарлық - тазалық қасиеттерінің жақсы болуымен ерекшеленеді. Бьшғарының жақсы сұрыптарын өндеуде бағалы шикізат болып енеді. Лақтардың терісінен лайка жэне галантерия өнеркэсібі үшін жартылай фабрикаттар дайындайды. Жүн жабыны қалың күз - қыста сойылған ешкі терісі сырт киім тігуге арналған түрлі елтіріні (муфлон, бас киімдік елтірілер) өңцейді. Ешкі сүті де бағалы өнім болып енеді. Ол өзінің физикахимиялық бірқатар ерекшеліктерінің арқасында балаларга жэне асқазан-ішек ауруларымен ауыратындар үшін емдік қасиеті бар тағам болып енеді. Табиги күйінде колданылады сонымен бірге ірімшіктің түрлі сүрыптарын және сүттен дайындалатын басқа өнімдерді жасау үшін қолданылады. Ешкі шаруашылығының қосымша өнімі болып, ешкі мүйізі енеді одан түрлі өнімдер дайындалады; түяғы желім қайнату үшін қолданылады, ішектері өнеркәсіптің түрлі салаларында қолданылады. Ешкінің кеңінің өзі құнды органикалық тыңайтқыш болып енеді, ол қүрамындагы азот бойынша және өсімдіктердің сіңіруіне қолайлы болуы жағынан сиыр көңінен асып түседі. Ешкілер күтім талғамайды, кез-келген жағдайга жылдам бейімделеді, туберкулез, қышыма сияқты ауруларга сирек шалдығады. Көптеген түқым ешкілері тез дамиды. Ас қорыту жолдарының жақсы дамуына байланысты ешкілер қүрамында 64 % клетчаткасы бар жемшөптерді қорыта алады. В. Герре ешкілері сиырлармен салыстырғанда зат алмасу деңгейінің жоғары болуымен ерекшеленеді деп атап өткен, себебі ешкілер тэулігіне 6-10 % қүрғақ жемшөп (денесінің салмағына қатысты) ал сиырлар тек 2, 5-3 % қолданады. Үй ешкілері (Сарга Сарга һігсик) зоологиялық жүйе бойынша сүтқоректілер (М а т т а ііа ) классына, жұп саусақтылар отрядына (Агііосіасіуіа), күйіс қайыратындар отряд тармағына (Китіпапііа), қуысмүйізділер тұқымдасына (Сауісошіа), қой тектес ешкі тұқымдас тармағына (Саргоуіпеа) жэне ешкі туысына (Сарга) жатады. Бұл туысқа жабайы ешкілердің туыстық тармағына ешкілердің эртүрлі оншақты түрлері жатады. Қазіргі уақытта көптеген зерттеушілер үй ешкілерінің ата-тектері болып тіршілік етуші жабайы ешкілердің екі түрі - қүса тәрізділері (С. Сарга ае§а§гиз Егзс) және бұранда мүйізділер немесе маркурлар (С. Сагра Іаісопегі \¥а§п. ) енеді деп есептейді, олар үй ешкілері (һігсиз) сияқты осы тұқымдастарға жатады. Уй ешкілерінің осындай шыгу тегінің дәлелі ретінде олардың мүйіздерінің құрылысы жэне аталган жабайы ешкі түрлерімен краниалогиялық белгілері бойынша ұқсастығы, сонымен қатар кейінгілерін үй ешкілерімен будандастыру нәтижесінде өсімтал ұрпақты алу енеді. Құса ешкілер (1-сурет) Белуджистанның, Ауганстанның, Ирапның, Кавказдың және Кіші Азияның Эгей теңізіне дейінгі таулы аудандарында тіршілік етеді. Олар ертеде Греция мүйісінің аралдарында да таралған. Қазіргі уақытта биік тау - тастарда ғана кездеседі. Бұпар өте ірі, қызыл - сұр немесе қоңыр - сары түсті жаиуарлар. Олардың түстерінде жастарының жэне жыныстық белгілерінің айырмашылықтары байқалады. Жүн терісі қылшықты неғүрлым үзын қылшықтан және қыс кезінде өсетін жіңішке түбіттен 4 тұрады. Құса ешкілердің денесі сұңгақ, сирақтары ұзын, бұлшық еттері жақсы дамыған. Ешкілердің шоқтығының биіктігі 95 см-ге дейін жетеді. Олардың мүйіздері майысқан, жақсы дамыған, жартылай шеңберді құрайды, мүйіз түбінен ажырайды, көлдеңен қимасында алдыңгы қыры үшкір үшбұрышты. ¥рғаш ыларының мүйіздері элсіз дамыған. Кұса тәріздес мүйізді үй ешкілері жиі кездеседі. Бұраңда мүйізді немесе маркурды (кашимирлік аталуы) үй ешкілерінің қазіргі тіршілік ететін туыстарына тэн ерекшелігі - мүйіздері ұзын, жоғарыға бағытталған жэне артына қарай сәл қысыңқы (2-сурет) . Әрбір мүйізі тығын тәріздес бұралған, бір жарымнан үш айналымға дейін гетеронимді шиыршықты қалыптастырады (оң жақ мүйізі солға, сол жақ мүйізі оңға қарай бұралған) . Кейбір еркек ешкілердің мүйіздері бұранда пішіндес 5 жэне одан да көп айналымға бұралған. ¥рғаш ыларының мүйіздері кіші, бұраңда пішіндес. Бұранда мүйізді ешкілердің жүн терісі құсалармен салыстырғанда жақсы дамыған. Қысқа қарай бұраңда мүйізді ешкілерде қалың түбіт өседі жэне соның салдарынан олардың түсі жаз мезгілімен салыстырғанда неғұрлым ақшыл түсті болады. Ешкілердің жалы жэне сақалы жақсы дамыған. Бітімі бойынша бұраңда мүйізді ешкілер құсалардан сэл кішкентайлау бірақ олардың да қаңқасы және сирақтары бұлшық етті болып келеді. Бұраңда мүйізді ешкілердің төрт түрі бар. Олардың тіршілік ету аймағы Гималай, Ауғанстанның жэне Түрікменстанның оңтүстік таулы аудандары. Құса ешкілерге тэн мүйіздерінің пішінімен салыстырганда бұраңда мүйізді ешкілердің мүйіздеріндей мүйізді үй ешкілері сирек кездеседі. Демек осы түр үй ешкілерінің қалыптасуына қатысқан болуы керек. Л. Адамцтың пікірінше үй ешкілерінің үшінші ата-тегі болып, қазба жұмыстары кезіңде ол Шығыс Галицияда неолитика дэуірінің тауып алған, «прискінің алгашқы қауым ешкісі» (Сарга Сарга ргізса Асі. ) деген аталынган элі іздеу үстіндегі түрі енеді. Ол кезде екі текенің жэне бір ешкінің бас сүйегі табылган. Қазбадан табылғандардың прискі тэрізді мүйізі ешкілеінің мүйізі артына қарай майысқан, екі жаққа тарайды жэне әлсіз шиыршықталып бұралады: оң жақ мүйізі оң жаққа, сол жақ мүйізі сол жаққа. Прискі тэрізді мүйізді үй ешкілері түрлі елдерде кеңінен таралған. Сол негізді Л. Адамец приск ешкісін еуропалық жэне азиялық ешкілердің туысы деп есептейді. Үй ешкілері олардың ата - тегі деп есептеуге болатындай мүйіздерінің құрылысы жабайы ешкілерге тэн дарақтарда кездеседі.
Лақтау
Лақтаудың міндеті - ірі дені сау төлді көп алу жэне оларды аурулардан жэне өлімнен сақтау. Оны жетістікпен шешу буаз аналықтарды жақсы кұтуге және ферманың оларды төлдетуге жэне лақгарды өсіруге дайындығына байланысты.
Буаз аналыктарды күту . Буаз аналықтар үшін, азықтандыруға жэне күтуге жақсы жағдай жасау. Күйлілігі жақсы аналықтар ғана көп төл бере алады. Жеткілікті түрде күйлі емес ешкілер түсік тастауы мүмкін. Тіпті осындай анапықтар сонына дейін жүргеннің өзінде олардың лақтауы ауыр болады, ал төлі әлсіз болып туады. Қоректік заттарды өміршеңділігін қолдау үшін жүмсаудан басқа, буаз аналықтар оларды қарын бүлшық еттерінің дамуына, үрықгың өсуіне жүмсайды. Сонымен бірге жүннің жэне түбіттің есуі болады. Буаздылықтың бірінші жартысында ешкілердің зат алмасу процесстері аздап жоғарлайды: ұрықтың салмағы лақтың туған кездегі салмағының 10 % жетеді. Буаздылықтың екінші жартысында, әсіресе буаздылықтың соңында аналық ағзасының қоректік затты жүмсауы азықтық бірліктер бойынша 30-40 %, қорытылатын протеин бойынша 40-50 %, фосфор жэне кальций бойынша екі есеге күрт өседі. Осыған сәйкес азығының қоректік қүндылығы ұлғайтылуы қажет. Оның барлық қоректік заттар бойынша теңестірілгені маңызды, әсіресе протеин, минералдық заттар, микроэлементтер және А, Д жэне Е дәрумендері бойынша. Буаз аналықгарды азықтандыру үшін ең жақсы жемшөп қолданылады: шеп, сүрлем, қоспа жемдер жэне т. б. Осындай аналықтардың азығына минералдық заттардан микроэлементтермен байытылган түз, бор, сүйек ұны енгізіледі. Егер буаздылық жайылымдық кезеңмен сэйкес келсе, онда аналықтарды жайған дүрыс. Алайда буаздылықтың екінші кезеңінде оларды алыс жерге айдап шаршатуға болмайды. Лақтау мерзімі жақындаган кезде аналықтардың отарын фермаға жақын жерде ұстайды. Лақтауға бір ай уақыт қалғанда аналықтардың азығының қүрамынан ірі жемшөптерді қысқартады жэне оның қүрамынан асқазанды ашытатын жемшөптерді алып тастайды. Ешкілерді тэулігіне 2 рет 8-10°С температурадағы сумен суарады. Аналықтарды азықтандыруда күрт үзілістер жасауға болмайды, оның үстіне сапасы төмен жемшөпті қолдануға немесе оларды мұз, қар басқан шөпке жаюға, суық сумен суаруга болмайды. Буаз аналықтарды абайлап күту қажет. Жануарларды қораға енгізгенде жэне шыгарғанда бір-бірін басып тастамайтындай болуы керек. Аталған ережелерді қапт жіберу олардың ауруға ұшырауына жэне түсік тастауына әкелуі мүмкін. Аналықтардың отарын таза ауада көп уақыт ұстаған жақсы.
Бөлмені және қүрал жабдықтарды дайындау аналықтар төлдеуге бір ай уақыт қалғанда басталады. Төлдету жэне лақтарды өсіру үшін қарапайым қоралар қолданады. Лақтауды жүргізуге жэне жаңа туган лақтармен аналықтарды күтуге арналган қоралар жарық, құрғак, таза, жел соқпайтындай, бірақ жақсы желдетілетін болуы керек; онда жануарларды ұстағанда қажетті температура болуы керек. Қорада туған төлімен аналықты күтуге арналған ауданы 1, 5-2 м. кв. жеке қоршаулар жабдықталады. Электр тогы өткізілген қораларда еденнен 100-110 см биіктікте коршау үстіне инфрақызыл шамдар іледі. Лақтарды кезеңдік сәулелендіру үшін сынаптық - кварцтық ПРК-7 шамдары қолданылады. Әрбір қоршаулар астаумен, су кұятын ыдыспен жабдықтайды. 100 аналыққа деген есеппен қорага 10-12 қоршау орнатады. Қораның бір бөлігін одан әрі ешкілерді лақтармен топпен күтуге арналған, ауданы 6-8 м. кв. ашық қораларға бөледі. Лақтау жүргізілетін бөлменің қоршауын, азықтандыру аландарын жэне құралжабдықты экты сүтпен зарарсыздандырады (бір шелек суға 1 кг эк) . Еденге құрғақ сабан төсейді. Лақтарды ылғалдан жэне желден қорғау үшін кораның қабырғасындағы саңылауларды жабады, есіктерін, терезелерін жэне төбесін жөндейді. Аналықтарды жэне лақтарды жемдеу үшін, жақсы жемшөп бвлінеді: шөп, сүрлем, жапырақты сыпыртқылар, ұсақ қоспа жемдер жэне минеральды жемдер. Сонымен қатар дәрумендік қоспаларды жэне антибиотиктерді қолдану. Лақтау мерзіміне және жайылым жағдайына байланысты ешкіге төлімен бірге (енесінен айырганға дейін) жемшөптің келесі мелшерін сақтайды: шөп 0, 6-0, 8 ц, сүрлем 0, 5-1, қоспа жемдер 0, 6-0, 8 ц, тұз, сүйек ұны және бор Ікг-нан. Аналық отарына төсем үшін 2-3 т құрғақ сабан дайындау кажет. Лақтарды жэне анапықтарды азықтандыру үшін микроэлементтермен жэне дәрумендермен байытылган кұрама жемдер дайындау қажет. Төл үшін арнайы багалы жемшөп болып минералдық заттарға жэне каротинге бай жапырақты шөп (сыпыртқы) енеді. Шопан бригадасында лақтауды жүргізу үшін келесідей кұралжабдықтар қажет: 2 қолжуғыш, 4 леген, 5 орамал, сабын, қалдықтарды жинауға арналган жэшік, сандар жазылған темір таңбалар жинағы және аналықтар мен лақтарды таңбалауға арналған бояу, фонарь, шелек, су құйға арналған күбі, қайшылар, ветеринарлық аптечка жэне халаттар. Осыдан басқа асылтұқымды фермаларда татуировкалауға арналған кұрал, ақ лақтарды таңбалауға арналған паста, құлақтарын тесу үшін сырғалар, төлді тіркеу журналы жэне оны өлшеу үшін таразы болуы қажет.
Лақтауды жұмыстарын жүргізу.
Лақтау мерзімі басталғаннан кейін фермада шопандар тәулік бойы кезекшілік ететін болады. Кезекшінің міндетіне енетіндер: тудыру, ешкілер жаңа туған лақтарды басып тастамауын қарау; түнде эрбір 2-3 сағатта аналықтарды лақты азықтандыру. Лақгау кезінде шопандар бригадасын ақырындап 24 адам 100 аналыққа деген есеппен толықтырады жэне 30-40 күндік кезеңге эрбір лаққа сақманшы алады. Туар алдында ешкі мазасыздана бастайды, оның желіні көлемі жағынан үлғаяды, қынабы ісінеді, одан шырыш беліне бастайды. Осындай белгілері бар аналықтарды отардан шыгарады және туу бөлімшесіне орналастырады. Қалыпты дамыған, күйлілігі жақсы ешкілердің тууы жеңіл болады. Көп төл туар кезде екінші жэне үшінші лақ бірінші лақ туганнан кейін аздаған аралықта туады. Үзаққа созылган, ауыр туу кезіңде білікті ветеринарлық көмек қажет. Егер лақ шаранасымен туса онда оны дереу жарып жіберу қажет, әйтпесе лақ түншығып кетуі мүмкін. Жаңа туган лақтың мүрының және аузын шырыштан тазалайды. Босану кезіңде үзілмеген кіндігін ішінен 8 см қашықтықта қайшымен кеседі жэне зарарсыздандырылған жіппен байлайды. Кіндіктің үшына йод жағады. Тіршілік белгісі жоқ болып туган лаққа жасанды тыныс алу жасайды. Жаңа туган лақты анасына жалауға береді. Ол лақтың қан айанылымының жақсаруына ықпал етеді. Аналықтың желінің маңындагы жэне жамбасындағы жүнді қияды, желінді жылы сумен жуады жэне орамапмен сүртеді. Уыздың бірінші агының ыдысқа сауып алады (онда ауру қоздырғыш микробтар болуы мүмкін) . Содан кейін желіннің астына лақтарды отыргызады. Әлсіз лаққа емшекті табуга көмектесу қажет жэне оның міндетті түрде анасын емуіне қол жеткізу қажет. Туғаннан кейінгі апғашқы күндердегі уыз лақтың одан эрі қалыпты тіршілік етуі үшін маңызды. Уыздың қүнарлылыгы жоғары, түздарға өте бай; ол лақтың ішегінен алғашқы үлкен дәретінің шығуына ықпал етеді жэне оның агзасын иммунды жүйесін жогарлатады.
Лақтарды өсіру
Лақтарды фермаларда аналықтардың астында, оларды аналықтарынан айырғанға дейін өсіреді. Мүндай жагдайда лақтар тэулік бойы анасының желінінен бірқалыпты сүт ала алады. Жаңа туған лақтарда асты қорытудың ішектік түрі басым болады, олар сүтті аз мөлшерде қолданады, бірақ жиі емеді тэулігіне 60 ретке дейін. Егіздерді және үш лақтарды аналықтарының астында өсіру кезіңде барлық лақтардың аналықтарын бір мезгілде емуін бақылау қажет. Жануарлар әлі жайылмайтын кезде лақтаганда төлді аналығымен бірге топтық қоршауда ұстайды. Жануарлардың топтарын лақтардың өсуіне қарай біріктіре отыра сақманды ұлгайтады. Осыган байланысты оларды күтуге арналган қоршау ауданы бойынша кеңейтеді. Мысалга, біреуден туган лақтарды 10 күнге дейін 8-12 бастан, 10-15 кұндіктерді 15-20 бастан, 15-20 күндіктерді 25-40 бастан, ал бір айлықтарды 50-70 бас лақтан топта ұстайды. Егіздер және үшеуден туған сақмандарды лақтардың саны бойынша 2 есе аз қылады. Сақмандарды кеңейту кезіңде төлдің даму деңгейін жэне денсаулық жагдайын есепке алады. Енесінсіз қалган немесе анасының сүті жоқ лақтарды сүтті аналықтарга отыргызады. Егер туысымен отыргызса ешкі бөтен лақты жылдам қабылдайды. Мұндай лаққа туган лагынан алып, алдын-апа шырыш жагады немесе қабылдайтын анасының сүтін себеді. Лагы толық еміп тауыса алмайтын сүттілігі мол аналықтарды сауу қажет. Ауа райы жақсы болганда аналықгарды лақтарымен күн сайын серуенге шыгарады. Мұның өзіңде лақтар көп қимылдап, жерге жатпауына бақылау қажет. Серуендеудің ұзақтылыгы лақтардың жастарына жэне ауа райына байланысты. Таза ауа, күн сәулесі жэне салқындық агзада зат алмасуды жогарлатады, төлдің салқын тиіп ауырып қалуга төзімділігін жақсартады. Далалық аймақтарда ешкі өсіретін фермаларда лақтарды қоралық-баздық өсіру эдісі таралган. Ол төл емізіп жүрген аналықтарды бірінші уақытта төлсіз жаюды білдіреді. Ауа райы жақсы болганда лақтарды базда, ауа райы жаман болганда қорада ұстайды. Аналықтарды фермага лақтарды азықтандыру үшін айдап әкеледі, басында күніне 3 рет эрбір 2-3 сагатта, кейіннен 2 реттен. Түнгі уақытта лақтарды және аналықтарды бірге ұстайды. Таңертен аналықтарды жайылымга айдағаннан кейін топтық қоршауларға таза тесем төсейді. Лақтарды 10 күндік жасында ақырындап өсімдіктерді жэне минералдық азықтарды жемдеу алаңдарында жеуге, содан кейін ферма маңайында жаюга үйретеді. Тұрақты жылы ауа райы басталганда 3 апталық лактарды аналықтармен бірге ферма маңайында багуды бастайды. Лақтар 1 ‘Л -2 айлық жасқа келгенде барлық сақмандарды отарга біріктіреді. Кешкілікте лақтарды жемдеу алаңдарында сүрлеммен жэне құрама жемдермен үстемелеп азықтандырады. Қоралық - баздық әдістің басымдылыгы, ешкіні лақсыз багу кезіңде алыс жайылымдарды пайдалануга, ал жақын жайылымдарды өсіп келе жатқан лақтар үшін сақтауга болады. Аналықтар төлсіз жайылган кезде жақсылап азаықтандырады және көп сүт береді. Түбіттік ешкілерді лақтан айырганга дейін жэне жүндік ешкілерді саумайды. Асылтұқымдық емес еркек лақтарды 2-3 апталық жасында піштіреді. Кейіннен жүндік тұқымның піштірілген текелерінен (серке) негұрлым сапалы жұн алады. Піштірілген текелердің түбіттері негұрлым жіңішке, осыдан басқа олардың еттері де нэзік болып келеді. Піштірілген төлдерді аналықтармен бірге ұстауға болады. Еркек лақтарды ауа райы ыстық болғанға дейін, масалар жоқ кезде піштіреді. Ол операция қиын емес, оны тәжірибелі шопан жасай алады. Фермаларда 3 '/2-4 'Л айлық төлдерді ең алдымен жақсы жетілгендерін енесінен айырады. Жынысы эр түрлі төлді аналықтан айырғаннан кейін жеке отарлар қалыптастырады. Төлді аналықтан айырғаннан кейін, оның дамуы тежеліп қалмауы үшін жақсылап азықтандыру қажет. Әлсіз, дүрыс дамымаған лақтарды аналықпен қалдырады, оларды топқа айырғаннан, кейін, олар бекігенге дейін үстемелеп азықтандырады. Төлді күндіз жайылымда немесе базда ұзақ уақыт ұстауы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz