Жұқпалы аурулар кезінде мал өнімдерін ветеринариялық - санитарлық сараптау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ КАФЕДРАСЫ

Курстық жұмыс
Пәні: Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау ІІ
Тақырыбы: Жұқпалы аурулар кезінде сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау.

Орындаған: Бекенов Н.С. Тексерген: Серикова А.Т.
Топ: ВС-505
Қолы: ________ Қолы: __________
Тапсырған күні: _________ Бағасы: _________
Күні: ____________

Семей қаласы 2018 жыл

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Жұқпалы аурулар туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2. Жұқпалы аурулар кезінде мал өнімдерін ветеринариялық-санитарлық сараптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-15
2.1 Бруцеллез ауруының сипаттамасы және ауруға шалдыққан мал өнімін ветеринариялық-санитарлық сараптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5- 6
2.2 Туберкулез ауруының сипаттамасы және ауруға шалдыққан мал өнімін ветеринариялық-санитарлық сараптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7-8
2.3 Маңқа және аусыл ауруының сипаттамасы және ауруға шалдыққан мал өнімін ветеринариялық-санитарлық сараптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9-11
2.4 Сібір жарасы ауруының сипаттамасы және ауруға шалдыққан мал өнімін ветеринариялық-санитарлық сараптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-14
2.5 Лептоспироз ауруының сипаттамасы және ауруға шалдыққан мал өнімін ветеринариялық-санитарлық сараптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

Кіріспе
Жұқпалы аурулар табиғатына байланысты жұқпалы еместерден ерекшеленіп, жануарлардың потологиясында ерекше орын алады. Бұл аурулар қоздырғышы-патогенді микроорганизмдер жануар ағзасына енгенде ғана туады. Жұқпалы ауруларға тән бір қасиеті-ауру малдан сау малға жұғу. Бұл инфекция қоздырғышының үздіксіз тасымалдануының потенциялдық мүмкіндігін анықтайды. Осыған байланысты инфекциялық аурулар малшаруашылығына қауіп төндіріп қана қоймай,экономикалық зардап, ал кейбіреулері тіптен адамға да жұғады.
Жұқпалы аурулар организмде болатын өте күрделі иммунологиялық қайта құрылыстармен, өзіне тән клиникалық белгілермен, жалпы морфологиялық өзгерістермен сипатталады. Кейінгі жылдарда кейбір жұқпалы аурулар бүтіндей жайылды (мыс, шын шешек), кейбіреулері (оба) тек белгілі бір табиғи ошақтарда ғана қалды. Сонымен қатар ХХғ. обасы аталған жаңа Адам иммунды тапшылығын қоздыратын вирусты инфекция пайда болды.
Инфекция дамуы үшін организмге жеткілікті мөлшерде зардапты (патогенді) микроорганизмдер түсуі немесе ағзаның өзіндегі инфекцияның (аутоинфекция) қозуы шарт. Эволюцияға байланысты адам және жануарлар организмі көптеген инфекцияға қарсы табиғи төзімділікке (резистенттілік) ие болған. Инфекцияның дамуы иммунды жүйенің әртүрлі бұзылуларына байланысты. Әдетте жұқпалы аурудан кейін организмде иммунитет қалады.
Осы курстық жұмыста жұқпалы аурудың қауіптілер қатарына жатқызылатын- Сібір жарасы туралы айтылады. Бұл жіті түрде өтетін, сүтқоректілермен адамдар ауыратын инфекциялық ауру болып саналады.
Инфекция біздің елімізде де көрініс тауып тұрады. Мәселен, 2005ж өзіміздің Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданы Талов аулынан табылды. 2008 жылы облысымыздың, Сырым ауданынан да анықталған болатын Негізінен індеттің алдын алу үшін арнайы санитарлық-гигиеналық шаралар жүргізілуі тиіс. Соның ішінде малдың күтіп-бағылуы,азықтануы,мационы сақталыну қажет.

1 Әдебиетке шолу
1.1 Жұқпалы аурулар туралы
Ауру малдардың өнімдері адам өміріне де қауіп тудырады. Ауру туындатады, тағамдық улы инфекциялар мен токсикоздардың себебі болады. Сойыс малдарын ветеринариялық санитариялық тексеруден өткізу және ет және ет өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау ережелерін өткізу Ережесіне сәйкес төмендегі індетті ауруларда және оларға күмәнданғанда малды союға болмайды: топалаң, қарасан, мүйізді ірі қараның обасы, түйе обасы, құтыру, сіреспе, қатерлі ісік, брадзот, қой энтеротоксемиясы, ірі қараның және қойдың қатерлі катарлы қызбасы, шошқаның африкалық обасы, туляремия, ботулизм, маңқа, эпизоотиялық лимфангит, жалған маңқа (мелиоидоз), қояндардың миксоматозы геморрагиялық ауруы және құстың тұмауы. Ветеринаиялық санитариялық сарапшы алдына екі негізгі міндет қояды. Біріншісі - диагноз қою, екіншісі - сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық тұрғыдан бағалау және кешенді ветеринариялық санитариялық шаралар ұйымдастыру. Бірінші міндетті орындау үшін малдарды сояр алдында ветеринариялық санитариялық тексеруден өткізеді, сойыс өнімдерін зерттеп сойғаннан кейінгі диагноз қойылады. Сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптаудың ерекшелігі сонда, тексеру кезінде аурудың алғашқы сатысындағы патологиялық өзгерістерді анықтайды. Өнімдерді ветеринариялық санитариялық бағалауға ауру қоздырғыштардың адам өміріне қауіптілігі, физикалық және химиялық факторларға төзімділігі, мүшелер мен ағзалардың зақымдану деңгейі мен микрофлорамен қайталап зақымдану мүмкіндігі әсер етеді.

2. Жұқпалы аурулар кезінде мал өнімдерін ветеринариялық-санитарлық сараптау
2.1 Бруцеллез ауруының сипаттамасы және ауруға шалдыққан мал өнімін ветеринариялық-санитарлық сараптау
Бруцеллез - ауыл шаруашылық малдарының барлық түрлері мен жабайы жануарлар, сонымен қатар кеміргіштердің созылмалы жұқпалы ауруы. Адамдарға да қауіпті. Табиғаттағы қоздырушының негізгі көзі - ауру жануарлар.
Қоздырушы - бруцеллдің 6 түрі (Br. abortus, Br. melitensis, Br. suis, Br. ovis, Br. neotomae, Br. canis), соның ішінде сойыс малдарының патологиясында ірі қара, қой және шошқалардың қоздырушысы көп кездеседі. Морфологиялық тұрғыдан олар ұсақ, қозғалмайтын, спора құрамайтын, теріс грамды кокко немесе таяқша тәрізді микроорганимздер.
Бұл ауруды анықтау үшін әр түрлі тәсілдер қолданылады. Мал сойылғаннан кейін ауруды анықтау үшін зертханалық тексеруге сүйек( жілік майы), бауыр, бүйрек, көк бауыр, желін, без, жатыр кесінділері жіберіледі. Осы алынған сынамалардан екі жұғынды дайындалады. Төсеніш шыныдағы жұғынды спирт шамының жалынымен апталғаннан кейін Грамм әдісімен және Стамп (Циль-Нильсон әдісінің өзгерген түрі), Козловский және Шуляк-Шин әдістерінің бірімен боялады. Микроскоппен тексергенде ауру қоздырушысы қызыл түске боялады.
Жұғындыны Стамп әдісімен бояу. Жалында апталған жұғынды 10 минут бойына Цилдің карболды фуксинінің 1:10 есебіндегі судағы ерітіндісімен боялып, сумен жуылады. Сонан соң жұғындыға 30 секундқа сірке қышқылының 0,5% ертіндісі тамызылады. Жұғындыны сумен тазалап жуып, қосымша метилен көгінің 1% ерітіндісімен 20-30 секунд бояйды. Бояуды төгіп, тағы да сумен жуылған соң жұғынды бруцелдер - қызыл, ал басқа микробтар және фон көк түске боялады.
Жұғындыны Козловский әдәсімен бояу. Спирт шамының жалынында апталған жұғындыға сафариннің 2% ерітіндісі құйылып, онда көпіршіктер пайда болғанша қыздырылады да, сумен жуылады. Сонан соң қосымша малахит жасылының 0,75% ертіндісімен 0,5-1 минут шамасында боялады. Бояуды төгіп, сумен жуғаннан соң сүзгі қағазының көмегімен құрғатылады. Бруцелдер алқызыл, ал басқа микробтар жасыл түске боялады. Малахит жасылының орнына 1% метилен көгін немесе бриллиант жасылын пайдалануға болады.
Жұғындыны Шуляк-Шин әдісімен бояу. От жалынында қыздырылған жұғынды Циклдің карболды фуксинінің 1:5 есебінде судағы ертіндісімен 2 минут боялады. Сонан соң сумен жуылып, қосымша 2% метилен көгімен 5 минут шамасында боялады. Бояуды төгіп, сумен жуғаннан соң сүзгі қағазбен құрғатылады. Микроскоппен қараған кезде бруцелдер ашық қызыл түске, ал басқа микробтар көкшіл түске боялады.
Ветеринариялық-санитариялық бағасы мен сақтық пен күресу шаралары. Бруцеллездің клиникалық белгілері мен паталогоанатомиялық өзгерістері бар жануарларының ұшаларын қайнатып залалсыздандырады. Бруцеллезді процеске тән клиникалық белгілер мен паталогоанатомиялық белгілері жоқ, бірақ бруцеллезге оң реакция берген ет пен сойыс өнімдерінің санитарлық бағасын ауруға қарсы нұсқауға сәйкес жүргізеді. Бруцеллездің клиникалық және патологиялық белгілер бар жануарлардың сүйегін азықтық майларды шыжғыруға немесе құрғақ жануарлар азығын өндіруге жібереді. Бруцеллезге оң реакция берген жануарлардың ішектерін, өңешті және қуықты 0,5% тұз қышқылы бар 1% тұзды ерітіндіде 48 сағат 15-20С және 1:2 коэффициент сұйықтықта ұстайды. Бруцеллездің клиникалық белгілері бар сойыс жануарларының бұл өнімдерін утильдейді. Клиникалық ауру және зерттеу кезінде оң реакция берген жануарлардың қанын азықтық ұн немесе техникалық өнім дайындауға қолдануға рұқсат беріледі. Бруцеллезбен клиникалық ауру және бруцеллезге бейім сойыс жануарлардың терісін, мүйізі мен тұяқтарын дезинфекциядан кейін жібереді.

2.2 Туберкулез ауруының сипаттамасы және ауруға шалдыққан мал өнімін ветеринариялық-санитарлық сараптау

Туберкулез - сүтқоректі жануарлардың 55 түрінде және құстардың 25 түрінде тіркелген, үй және жабайы жануарлардың, оның ішінде құстардың созылмалы жұқпалы ауруы. Туберкулезбен адамда ауырады. Ауру әртүрлі мүшелер мен тканьдерде спецификалық түйіншіктердің (туберкулдер) құралуымен сипатталады.
Қоздырушысы микобактерийлардың тұқымдасына жататын микроорганизм болып табылады. Адам мен жануарлар патологиясында микобактерийлардың негізгі үш түрі кең таралған: Mycobacterium tuberculosis, M. bovis, M. ovium. Морфологиялық және қоректік қасиеттері бойынша бір-біріне жақын.
Туберкулез қоздырушысының қабығының өзгешелінебайланысты оны Грамм әдісінің өзгертілген (Грамм-Муха) түрімен жүргізіледі. Ол үшін жұғындыға карболды метилвиолет бояуы құйылып, буланғанша қыздырылады. Сонан соң бояуды төгіп, үстіне 1-2 минутқа Люголь ерітіндісі құйылады. Жұғындыны түссіздендіу үшін 1мин 5% азот қышқылы еітіндісіне 10сек 3% тұз қышқылы ертіндісі және ацетон мен спирттің тең қосындысы пайдаланылады. Ақырында жұғынды сафранин немесе фуксин ерітіндісімен боялады. Микроскоппен тексергенде қызғылт фонда көкке боялған туберкулез қоздырушысын көруге болады.
Сонымен қатар зертханаға түскен үлгілерден жұғынды дайындалып, оны циль-Нильсон әдісімен бояу жүргізіледі. Флотация әдәсә бойынша туберкулез қоздырушысының көмірсутектеріне тұтылып, оның бетіне қалқып шығуына негізделген. Бұл әдісті сүтті, кейде жалқаяқты ағзалар мен ұлпалардан дайындалған былашықтардан тексергенде қолданылады. 10-15мл тексерілетін материал Эрленмейор колбасына немесе сыйымдылығы 250мл болатын шыны ыдысқа салынады да, үстіне сол мөлшерде 0,5% күйдіргіш натр ерітіндісі құйылады. Егер тексерілетін зат қою болса (іріңді қақырық, құмалақ), сілтіні екі есе көп құюға болады. Колбадағы затты араластыру үшін оны бірнеше рет сілкіген соң 50мл дистилденген су құяды. Сонан соң 10-15мин сілкіп, колбаны толтыра су құйып, 1-2сағ бөлме температурасында ұстайды. Туберкулез қоздырушысы көмірсутектеріне жабысып, онымен бірге су бетіне жиналады. Оны түтікшемен алып, жұғынды дайындалады.
Әрине туберкулезге дәл балау қою үшін тек қана ұлпадан жасалған жұғындыны тексеру жеткіліксіз, сондықтан микробты бөліп алу үшін бактериологиялық әдістің маңызы зор. Туберкулез қоздырушысы қарапайым қоректік ортада өсе береді. Оны бөлу үшін глицеринді агар, қан сарысуы, сәбіз бен картоп сорпасында өсіруге болады. Бірақ бір есте сақтайтын жайт, туберкулез қоздырушысы басқа індет қоздырушыларымен салыстырғанда тым жәй өседі. Сондықтан тексерілетін заттан қоздырушыны бөлу үшін жұмыртқа қосылған қоректік орталар пайдаланылады.
Ветеринарлық-санитарлық бағасы және сақтық пен күресу шаралары. Толықтай ұша мен басқа да сойыс өнімдері екі жағдайда утилизацияға жіберіледі: бірінші - ұшалар өте арық болғанда, мүшелер мен лимфа түйіндерінің туберкулезбен зақымдануының кез-келген формасында, екіншісі - генералданған туберкулезді процесс (кеуделік және құрсақтық мүшелер мен аймақтық лимфа түйіндері қатар зақымданғанда) кезінде қоңдылығына байланысты.
Зақымдану лимфа түйіндерінде, ішкі мүшелердің біреуінде немесе басқа ұлпаларда болғанда орташа қоңдылықты ұшаларды (шошқа ұшасы мен зақымданбаған мүшелерден басқасы) шартты жарамыд деп танып қайнату әдісімен залалсыздандырылады немесе жоғары температуралы режиммен өңдеп консерві (қалбыр) дайындайды. Іш майларды шыжғырады. Туберкулезбен зақымданбаған ішекті кәсіпорында тек пісірілген шұжық дайындағанда қабық ретінде пайдаланады, ал ондай мүмкіндік болмағанда құрғақ азық өндіруге жібереді. Туберкулезбен зақымданған мүшелер мен ұлпаларды зақымдану дәрежесіне қарамастан утилизацияға жолдайды.
Егер шықшық асты, шажырқай лимфа түйіндерінде казеозды әктенбеген ошақтар немесе туберкулезді зақымданулар түрінде бір уақытта анықталса соңғыларын жояды, ішектерді утилизацияға жібереді, ал ұшалар мен қалған ішкі мүшелерді ет ұнын, консерві немесе қайнатуға жібереді. Туберкулезбен сүйектер зақымданғанда барлық сүйектерді техникалық утильдеуге жібереді, ал етті қайнатып залалсыздандырады немесе жоғары температуралы режиммен өңдеп қалбыр дайындайды.
Туберкулинге оң реакция беретін жән лимфа түйіндерінде, ұлпалар мен мүшелерде туберкулезді сипаттағы паталогоанатомиялық өзгерістері жоқ жануарларды сойғанда ұшаларды шектеусіз, ал терілерді - дезинфекциясыз жібереді.
2.3 Маңқа және аусыл ауруының сипаттамасы және ауруға шалдыққан мал өнімін ветеринариялық-санитарлық сараптау

Маңқа дара тұяқтылардың (жылқы, есек, қашыр), сонымен қатар жұп тұяқтылардың (түйе, бұғы) ауруы. Көбіне созылмалы өтеді, өкпе мен басқа паренхиматозды мүшелердің кілегей қабықтарында ойық жаралар мен түйіншіктер құралумен сипатталады.
Қоздырушысы - Pseudomonas mallei маңқа таяқшасы. Теріс грамды, қозғалатын, шеттері дөңгелектенген. Ет-пептонды агарда өспейді, 5% глицирин қосылған картопта 37С балдың тамшысына ұқсас сары қызғылт ұсақ колониялар түзейді. 80С-та қыздырғанда бактериялар 5 мин кейін, 100С-та тез арада өледі. Қоздырушы дезинфекциялық заттарға төзімсіз.
Сойысқа әкелінген жылқылар клиникалық және бір рет офтальмомаллеинизация әдісімен, ет комбинатына жіберуге дейін шаруашылықта жүргізгендігіне байланыссыз, маңқаға тексереді. Маллеинге оң немесе күмәнді реакция берген жануарды белгіленген тәртіппен жояды. Процестің білінуі мен жинақталған жеріне байланысты өкпелік, мұрындық және терілік маңқа формаларын ажыратады. Аурудың бастапқы кезеңінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұқпалы аурулар туралы
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау пәнінен оқу - әдістемелік материалдар
Мал өнімдерін ветеринариялық – санитариялық зерттеу
Базарлардағы ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың сақталуы
Тениуколды цистицеркоз кезіндегі сойыс өнімдерін ВСС және санитарлық бағалау
Құс шаруашылығы туралы ақпарат
Қазақстандағы ветеринариялық қызметтің құрлымы
Жұқпалы емес аурулар кезіндегі сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау
Ұшаны ет өңдеу кәсіпорындарында ветеринариялық-сантариялық сараптауды ұйымдастыру және тексеру әдістемесі (Базардағы ВССЛ)
Пәндер