Мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қоры


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қорын құру мемлекеттік пен кәсіпорындардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын бейнелейді. Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде объективтік сипатқа ие.
Осы тұрғыда жазылған курстық жұмыстың мақсаты - қазіргі таңдағы еліміздің мемлекеттік бюджетінің қалыптасуын, оны пайдаланудағы нақты бағыттарының мән-жайын ашу, қалыптасқан мәселелердің шешу жолдарын қарастыру болып табылады.
Осы бағыттағы курстық жұмыстың өзектілігі - бұл мемлекеттің қаржы жүйесінің бел ортасында мемлекеттік бюджеттің тұруы, яғни ол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді.
Ел бюджетінің құрылымы - сол елдің мемлекеттік құрылымымен байланысты. Қазақстандық бюджет республикалық стратегиялық басымдықтарын жүзеге асырудың негізгі құралы болып келеді, өйткені ол елдің ең маңызды қаржы ағымдарының қозғалысын реттейді.
Республикамыздың ең маңызды мәселелерінің бірі - қаржы болып табылады.
Бюджет тиісті қаржы жылына арнап Үкімет қабылдаған Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуының индикативтік жоспарының негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы қалауын ескере отырып қалыптастырылады.
Бекітілетін республикалық бюджет тапшылығының мөлшері ұлттық валютамен және ішкі жалпы өнімге қатысты процентпен, ал жергілікті бюджет тапшылығы ұлттық валютамен көрсетіледі.
Бюджет кірістері салықтардан, алымдар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын түсімдердің, сондай-ақ бюджетке қайтарылмайтын негізде келіп түсетін капиталмен жасалатын операциялардан түсетін кірістердің көлемі.
Бекітілген бюджет Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті
жергілікті өкілді органдар бекіткен, тиісті қаржы жылына арналған бюджет.
Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді. Бұл тақырыпты ашу мақсатында Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің түсінігі және оныжетілдіру жолдары, бюджет жүйесінің құрылымы, қоғамдағы орны және алдағы уақытта жоспарланып отырған шаралар жағдайы қарастырылған болатын.
Мемлекеттің шығыстары - бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін болумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттің шығыстары-мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешілігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және тағы басқа функцияларымен тікелей байланысты.
Қазіргі заманғы мемлекеттің дамуы сатысында мемлекеттің шығыстары қаржылық саясаттың негізгі құралы ретінде қатысады және ол қоғамның өмір сүруінің материалдық негізі болып табылады. Нарықтық экономиканы қалыптастыру сатысында Қазақстан Республикасының белсенді дамуы көбіне мемлекеттің қаржысының жағдайымен және қаржы-несие жүйесінің тұрақты функцияланымен анықталады.
Курстық жұмыс жалпы үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлңмде мемлекеттік бюджеттің экономикада алатын орны, мемлекеттік бюджет ұғымы мен маңызы, мемлекеттік бюджет құрамы мен құрылымы, яғни республикалық және жергілікті бюджеттердің маңызы, мемлекеттік бюджеттің материалдық өндіріс саласындағы рөлі және т. б. қарастырылған. Екінші бөлім бойынша бюджеттің қаржы жүйесінде алатын орны, мемлекеттік бюджеттердің кірістері мен шығыстары, мемлекеттік бюджет тапшылығы және оның динамикасы қарастырылған. Үшігші тарауда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджетінің даму бағыттары және үнемдеу мәселелері қарастырылады.
Курстық жұмыс жазу барысында басты назар келесі мән-жайларға аударылды:
- мемлекеттік бюджеттің экономикадағы алатын орны
- мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымы
- мемлекеттік бюджет кірістері мен шығыстары
- мемлекеттік бюджет тапшылығы және жою жолдары
Бұл курстық жұмыста мемлекеттік бюджеттің мәнін, оның экономикадағы рөлін, құрылымы мен құрамын және оның қоғам өміріндегі маңыздылығын толықтай және де көбірек қамтыдым және де бұл курстық жұмыстың әдістемелік нұсқамасы болып, жетекші мамандардың монографиялары, нормативтік-құқықтық актілер және т. б. болып табылады.
1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘНІ
1. 1 Мемлекеттік бюджет түсінігі және функциялары
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Сонымен қатар мемлекеттік бюджет - мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Ол мемлекеттің шығын мен табыстарыньщ балансы. Бюджет ұғымы француздың cөзi немесе табыс пен шығындарды бөлу.
Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің ролі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу прцесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Бюджет жүйсі экономикалық қатынастар мен заң нормаларына негізделген өз алдына жеке бюджеттердің жиынтығы.
Сурет 1. Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамалары
Бюджет құрылысы дегеніміз - бюджет жүйесін құрудың принциптері, оның буындарын өзара байланыстырудың ұйымдық формалары. Бюджет жүйесінің құрылымы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрамына мыналар кіреді:
- республикалық бюджет;
- жергілікті бюджеттер, соның ішінде;
- облыстық, қалалық (республикалық және облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері, аудандардың бюджеттері, арнайы экономикалық аймақтардың бюджеттері.
Қаржы жылына арналған республикалық бюджет - Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер тиісті жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітіледі. Қаржы жылына арналған бюджеттен тыс қорлар мен арнайы экономикалық аймақтардың экономикалық және әлеуметтік даму қорларының бюджеттері осы қорлар туралы заңдарға сәйкес бекітіледі. Қазақстан Республикасы бюджетінің құрылысы республикалық бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, толықтылығы, нақтылығы, жариялығы және дербестігіне, принциптеріне негізделеді.
Бюджет жүйесінің бірлігіне бірыңғай құқықтық негіз, бірыңғай бюджеттік жіктеуді пайдалану, бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне беріліп отыратын мемлекеттік қаржы статистикасының бірлігі, ақша жүйесінің бірлігі арқылы қамтамасыз етіледі. Ол барлық деңгейдегі бюджеттердің кірістерді қайта бөлу, нысаналы бюджеттің қорлар құру, оларды ішінара қайта бөлу арқылы өзара іс-қимыл жасалуына негізделген.
Барлық деңгейдегі бюджеттердің теңестірілуі бюджет-қаржы саясатының басты шарты, депутаттардың маслихат - жиналысында бюджеттер қаралып, бекітілген кезде бюджет тапшылығының шекті мөлшері белгіленеді. Бюджеттік тапшылығының анықтамасы - үкіметтің қарызға алған салаларын қоспағанда, шығыстар көлемінің және бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген несиелердің, бюджетке түсетін түсімдердің жалпы саласынан асып түсуі. Республикалық бюджеттің құрамындабекітілген тапшылық мөлшері ұлттық валютамен және жалпы ішкі өнімге шаққандағы поценттермен көрсетілмейді.
Республикалық бюджет негізінен жалпы мемлекеттік салықтар есебінен қалыптастырылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне Конституциясымен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін белгіленетін жалпы мемлекеттік бағдарламалар мен шаралар қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қаражатының қоры болып табылады.
Алдағы қаржы жылына арналған Республикалық бюджет Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында есепті жылдың 15 желтоқсанында бекітілуі тиіс. Жергілікті бюджеттер тиісті депутаттардың маслихатында қаралып бекітіледі. Жергілікті бюджеттен, жергілікті бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру қамтамасыз етіледі. Жергілікті бюджет арқылы жалпы мемлекеттік бағдарламалар мен шаралардың бір бөлігін іске асыруға жол беріледі.
Мемлекеттік бюджетте мынадай көрсеткіштер көрініс табады:
- Мемлекеттік экономикалық және қаржы тұрғысының, мақсаттарының өзара іс-қимылы;
- Түрлі деңгейдегі бюджеттердің және экономиканың әртүрлі секторлары мен бюджеттердің өзара іс-қимылы;
- Салық фискалдық құралдарға жетілдіру;
- Бюджеттен тыс қорларға бөлінетін қаржының көздері мен мөлшері;
- Бюджетке келіп түсетін кірістердің және бюджеттердің тапшылығының мөлшері;
- Жергілікті бюджеттердің теңестірілуі;
- Мемлекеттік борыштың өтелуін және мемлекеттің қаржы операцияларын жасайтын ықпалын ескере отырып, оның жай күйі мен серпіндігін бақылау;
Бюджет жүйесі туралы заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
- Бюджет мемлекеттің өз міндеттерін жүзеге асыруына арналған және тиісті заңдарға сәйкес белгіленген салықтар мен өзге де кіріс көздерінің және түсімдерінің есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры;
- Мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы өзара өтелетін операциялары есепке алынбайтын жиынтығы;
- Мемлекеттік кепілдіктер Қазақстан Республикасының Үкіметінің қарыз алушы өзінен алынатын саланы белгіленген мерзімде төленетін жағдайда несие беруші алдындағы берешекті ішінара немесе толық өтеу жөніндегі міндеттемесі;
- Мемлекеттік қарыз алушы шарт немесе мемлекеттік бағалы қағаздар түрінде көрсетілген мемлекеттік игеру, тарту және өтеу процесі;
- Мемлекеттік борыш белгіленген мерзімде үлгерілмеген және өтелмеген мемлекеттік заемдар салады;
- Мемлекеттік шот мемлекеттің барлық деңгейдегі бюджеттердің және бюджеттен тыс барлық қорлардың шоттарындағы қаржы ресурстарын есепке алу тәртібі;
Бюджет тапшылығы үкіметтің қарызға алған салаларын қоспағанда, шығыстар көлемінің және бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген несиелердің бюджетке түсетін түсімдердің жалпы саласынан асып түсуі.
Республикалық бюджеттің құралында бекітілген тапшылық мөлшері ұлттық валюта мен жалпы ішкі өнімге шаққандағы проценттермен көрсетіледі.
Бюджет кірістері салық және салық емес түсімдермен алымдардың, сондай-ақ бюджетке қайтарылмайтын негізде келіп түсетін капиталмен жасалатын операциялардан түсетін кірістердің көлемі;
Жергілікті бюджеттер облыстық, қалалық, аудандардың және арнайы экономикалық аймақтағы бюджет;
Мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мемлекеттік борыш бойынша проценттерді, сақтандырушылық және комиссиялық алымдар мен
айыппұлдарды төлеумен байланысты жиынтық төлемдер;
Ресми трансферттер бюджетке тегін және қайтарылмайтын болып түсетін түсімдер мен бюджеттен жасалатын шығындар және т. б.
Секвестр - заңдармен белгіленген тәртіп бойынша бюджет шығысының бекітілген шекті лимиттерін пропорциялық түрде, белгілі бір процестерге шағып қысқарту.
1. 2 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығына жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құның бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы қатегориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілерімен сипатталады:
- мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
- құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
- қоғамдық өнімнің оның тауар нысаныңдағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық қатегоия сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында - бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан экономикалық (бөлгіштік) процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағыныңда өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор - бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық қатегория ретінде жалпы қаржы сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалады. Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол, қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлінеді. Мемлекеттік бюджет арқылы бүгінде Қазақстанда жалпы қоғамдық өнімнің шамамен 10% және жалпы ішкі өнімнің 20% бөлінеді. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды. Бақылау функциясы бюджет қорларын бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді.
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық қатегория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т. б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орының, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша ролін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
1. 3 Бюджет түсінігі мен оның ерекшеліктері
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппартаын ұстауды және басқа шаруаларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы - бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидалары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы бюджет құрылысын құрайды. Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық - мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мумкін.
Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі 3 буыннан тұрады:
- мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті;
- федерация мүшелерінің бюджеттері, АҚШ-та штаттардың, ГФР-да жерлердің (ландшафтардың), Канадада - провинциялардың, Ресейде - федерация субъектілерінің бюджеттері;
- жергілікті бюджеттер.
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық ( республикалық ) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы бойвнша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет. Қазақстан Республикасының жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер жұмыс істейді:
- республикалық бюджет;
- облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті;
- ауданның /облыстық маңызы бар қаланың/ бюджеті.
Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджеттің әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.
Сурет 2. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттреде қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15 одақтас республиканың бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтың бюджетке 1970-1990жж мемелекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды.
Бюджет кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет-араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез келген басқа мемлекетердегідей ҚР қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады. Бюджет - мемелекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.
ҚР мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет - бұл салықтық және басқа түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомствалық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджет - (әкімшілік - аймақтық бірліктердің бюджеттері) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz