Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар (1991 – 2008 жж.)



КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ауылшаруашылығы саласы . ел экономикасының негізгі буыны, ежелден келе жатқан бар байлығымыздың бастауы. Халықтың әл.ауқатының жақсаруы негізінен әлеуметтік.экономикалық жағдайдың тұрақтануы және дамуымен тікелей байланысты. Осыған байланысты, қазіргі қалыптасқан әлеуметтік.экономикалық жағдай ғылыми тұрғыда терең зерделеуді, саланы кешенді дамытудың жолдары туралы жан.жақты дәлелденген қорытындылар мен байыпты ғылыми тұжырымдар жасауды талап етеді.
Зерттеу жұмысында ғылыми тұргыдан аграрлық сектордың кеңестік экономиканың кембағарлығынан көрген зардаптары мен тәуелсіздік дәуірінде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік.шығыс аймақтарындағы ауыл шаруашылығының нарықтық қатынастарға бейімделуі мен аймақтың әлеуметтік.экономикалық дамуындағы аграрлық реформалаудың нақтылығы қарастырылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арналған 2003 жылғы Жолдауында: «Біздің әлі де болса есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек. Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек. Бұл үшін агроөнеркәсіп кешенін түлете дамытып, ауылға (селоға) айрықша назар аударылуы, жеткен биігіміз бен жинақтаған тәжірибемізге сүйеніп, ауылдағы ағайындарымызға өмірдің жаңа сапасына жетуіне қол ұшын беретін уақыт туды», . деп көрсетеді [1].Төл тарихымыздың күңгірт беттерін ашып, еліміздің әлеуметтік.экономикалық дамуының жаңа, аршынды сапалық сатыға көтерілуіне қазақ елінің өткен кезеңін зерттеу, зерделеу бүгінгі күннің талабы. Себебі, тоталитарлық жүйенің идеологиялық ықпалынан арылуымен бірге тәуелсіздік идеологиясының әдістемелік негізінде тарихи дамудың ақиқат болмысын қалпына келтіру бағытында түбірлі жұмыстар атқарылды.
Сондықтан, Отандық тарих ғылымының өзектілігі . кеңестік тоталитарлық жүйенің идеологиялық ықпалынан арылуымен бірге тәуелсіздік идеологиясының әдістемелік негізінде тарихи дамудың ақиқат болмысын қалпына келтіруге бағытталуында. Соның бірі . аграрлық секторды реформалаудағы мемлекеттік саясат. Қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі негізгі, әрі өзекті мәселелердің бірі болып отырған осы салада нарық қатынасын қалыптастыру, халықты отандық азық.түлік өндіру мен өнеркәсіпті шикізат өнімдерімен жеткілікті түрде қамтамасыз ету, өндірістің тиімділігін арттыру, бәсекелікке төтеп беретін өнім өндіру және әлемдегі экономикасы бәсекеге барынша қабілетті дамыған 50 елдің қатарына кіру стратегиясын іске асыру болып отыр. Сол үшін аграрлық секторда бірінші кезекте шаруашылықты жүргізу тетіктерін қалыптастыру және дамыту аса қажетті қозғаушы экономикалық күштің негізіне айналуда.
Мемлекеттің халық шаруашылығының барлық салаларының ішінде ауыл шаруашылығында біразға созылған экономикалық дағдарыстан шығуы бірте.бірте өз нәтижесін беріп келеді [2]. Дегенмен, агроөндірістік кешенді
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ауылшаруашылығы саласы – ел экономикасының негізгі буыны, ежелден келе жатқан бар байлығымыздың бастауы. Халықтың әл-ауқатының жақсаруы негізінен әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтануы және дамуымен тікелей байланысты. Осыған байланысты, қазіргі қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай ғылыми тұрғыда терең зерделеуді, саланы кешенді дамытудың жолдары туралы жан-жақты дәлелденген қорытындылар мен байыпты ғылыми тұжырымдар жасауды талап етеді.
Зерттеу жұмысында ғылыми тұргыдан аграрлық сектордың кеңестік экономиканың кембағарлығынан көрген зардаптары мен тәуелсіздік дәуірінде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы ауыл шаруашылығының нарықтық қатынастарға бейімделуі мен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы аграрлық реформалаудың нақтылығы қарастырылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арналған 2003 жылғы Жолдауында: «Біздің әлі де болса есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек. Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек. Бұл үшін агроөнеркәсіп кешенін түлете дамытып, ауылға (селоға) айрықша назар аударылуы, жеткен биігіміз бен жинақтаған тәжірибемізге сүйеніп, ауылдағы ағайындарымызға өмірдің жаңа сапасына жетуіне қол ұшын беретін уақыт туды», – деп көрсетеді [1].Төл тарихымыздың күңгірт беттерін ашып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа, аршынды сапалық сатыға көтерілуіне қазақ елінің өткен кезеңін зерттеу, зерделеу бүгінгі күннің талабы. Себебі, тоталитарлық жүйенің идеологиялық ықпалынан арылуымен бірге тәуелсіздік идеологиясының әдістемелік негізінде тарихи дамудың ақиқат болмысын қалпына келтіру бағытында түбірлі жұмыстар атқарылды.
Сондықтан, Отандық тарих ғылымының өзектілігі – кеңестік тоталитарлық жүйенің идеологиялық ықпалынан арылуымен бірге тәуелсіздік идеологиясының әдістемелік негізінде тарихи дамудың ақиқат болмысын қалпына келтіруге бағытталуында. Соның бірі – аграрлық секторды реформалаудағы мемлекеттік саясат. Қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі негізгі, әрі өзекті мәселелердің бірі болып отырған осы салада нарық қатынасын қалыптастыру, халықты отандық азық-түлік өндіру мен өнеркәсіпті шикізат өнімдерімен жеткілікті түрде қамтамасыз ету, өндірістің тиімділігін арттыру, бәсекелікке төтеп беретін өнім өндіру және әлемдегі экономикасы бәсекеге барынша қабілетті дамыған 50 елдің қатарына кіру стратегиясын іске асыру болып отыр. Сол үшін аграрлық секторда бірінші кезекте шаруашылықты жүргізу тетіктерін қалыптастыру және дамыту аса қажетті қозғаушы экономикалық күштің негізіне айналуда.
Мемлекеттің халық шаруашылығының барлық салаларының ішінде ауыл шаруашылығында біразға созылған экономикалық дағдарыстан шығуы бірте-бірте өз нәтижесін беріп келеді [2]. Дегенмен, агроөндірістік кешенді

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
ӘӨЖ 338.431.6 (574.5)
Қолжазба құқында

Рахметова Райхан Омырхановна

Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы
аграрлық реформалар (1991 – 2008 жж.)

07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихыеспубликасының)

Тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Балқаш 2012 жыл.
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым
комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының
Қазіргі заман тарихы және ғылыми ақпарат бөлімінде орындалған.

Ғылыми кеңесшісі: тарих ғылымдарының докторы, профессор
Мажитов С.Ф.
Ресми оппоненттер: тарих ғылымдарының докторы,
профессор Байтілен С.А.

тарих ғылымдарының докторы,
профессор Ташенев М.Ж.

тарих ғылымдарының докторы,
доцент Байсарина Қ.Қ.

Жетекші ұйым: Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті

Диссертация 2009 жылы 24 қыркүйекте сағат 14.30-да Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов
атындағы Тарих және этнология институты жанындағы тарих ғылымдарының
докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 53.33.01 Диссертациялық кеңестің
мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).

Диссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология
институтының қолжазбалар қорында (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі,
29) танысуға болады.

Автореферат 2009 жылы 22 тамыз таратылды.

Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы,
тарих ғылымдарының докторы
А.Т. Қапаева
КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ауылшаруашылығы саласы – ел экономикасының
негізгі буыны, ежелден келе жатқан бар байлығымыздың бастауы. Халықтың әл-
ауқатының жақсаруы негізінен әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтануы
және дамуымен тікелей байланысты. Осыған байланысты, қазіргі қалыптасқан
әлеуметтік-экономикалық жағдай ғылыми тұрғыда терең зерделеуді, саланы
кешенді дамытудың жолдары туралы жан-жақты дәлелденген қорытындылар мен
байыпты ғылыми тұжырымдар жасауды талап етеді.
Зерттеу жұмысында ғылыми тұргыдан аграрлық сектордың кеңестік
экономиканың кембағарлығынан көрген зардаптары мен тәуелсіздік дәуірінде
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы ауыл
шаруашылығының нарықтық қатынастарға бейімделуі мен аймақтың әлеуметтік-
экономикалық дамуындағы аграрлық реформалаудың нақтылығы қарастырылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан
халқына арналған 2003 жылғы Жолдауында: Біздің әлі де болса есею мен
кемелдену кезеңінен өтуіміз керек. Қазақстандағы азаматтық қоғамның
босағасын бекіте беруіміз керек. Бұл үшін агроөнеркәсіп кешенін түлете
дамытып, ауылға (селоға) айрықша назар аударылуы, жеткен биігіміз бен
жинақтаған тәжірибемізге сүйеніп, ауылдағы ағайындарымызға өмірдің жаңа
сапасына жетуіне қол ұшын беретін уақыт туды, – деп көрсетеді [1].Төл
тарихымыздың күңгірт беттерін ашып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық
дамуының жаңа, аршынды сапалық сатыға көтерілуіне қазақ елінің өткен
кезеңін зерттеу, зерделеу бүгінгі күннің талабы. Себебі, тоталитарлық
жүйенің идеологиялық ықпалынан арылуымен бірге тәуелсіздік идеологиясының
әдістемелік негізінде тарихи дамудың ақиқат болмысын қалпына келтіру
бағытында түбірлі жұмыстар атқарылды.
Сондықтан, Отандық тарих ғылымының өзектілігі – кеңестік тоталитарлық
жүйенің идеологиялық ықпалынан арылуымен бірге тәуелсіздік идеологиясының
әдістемелік негізінде тарихи дамудың ақиқат болмысын қалпына келтіруге
бағытталуында. Соның бірі – аграрлық секторды реформалаудағы мемлекеттік
саясат. Қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі негізгі, әрі өзекті мәселелердің
бірі болып отырған осы салада нарық қатынасын қалыптастыру, халықты отандық
азық-түлік өндіру мен өнеркәсіпті шикізат өнімдерімен жеткілікті түрде
қамтамасыз ету, өндірістің тиімділігін арттыру, бәсекелікке төтеп беретін
өнім өндіру және әлемдегі экономикасы бәсекеге барынша қабілетті дамыған
50 елдің қатарына кіру стратегиясын іске асыру болып отыр. Сол үшін
аграрлық секторда бірінші кезекте шаруашылықты жүргізу тетіктерін
қалыптастыру және дамыту аса қажетті қозғаушы экономикалық күштің негізіне
айналуда.
Мемлекеттің халық шаруашылығының барлық салаларының ішінде ауыл
шаруашылығында біразға созылған экономикалық дағдарыстан шығуы бірте-бірте
өз нәтижесін беріп келеді [2]. Дегенмен, агроөндірістік кешенді
ұйымдастыруды жетілдірудегі негізгі мақсаттардың бірі – азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әйтседе, шикізат мәселесін шешетін халық
шаруашылығындағы өнім өндіру мен оның өсімі әлі де болса төмен деңгейде.
Өндірістерде қалыптасқан жағдайларды сараптай және ғылыми талдай келе
аграрлық сектордағы шешілмей жатқан мәселелерді зерттеу, ауыл шаруашылық
пен өндірістің экономикалық негізіне әсер ететін іс-шараларды (тиімділігін
көтеретін, бәсекелікке лайықты өнім өндіру, т.б.) жүзеге асыру нарық
жағдайындағы көкейтесті мәселелердің атаулысы болып отыр.
Осындай еліміздегі экономикалық өрлеу жағдайында Қазақстан-2030
Стратегиясы ауыл шаруашылығын көлемді өзгерістерге жетелеуде. Стратегияны
жүзеге асыру мақсатында саланы дамытудағы мемлекеттің 2000-2002 жж.
арналған бағдарламасы мен қазіргі кезде Қазақстан Республикасы
Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының ауыл аумақтарын дамытудың 2003-2010 жылдарға
арналаған мемлекеттік бағдарламасы, 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан
Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында көзделген
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жж. индустриалды-иновациялық даму
Стратегиясы, сондай-ақ, Елбасының қолдауымен 2003-2005 жылдардың Ауыл
жылы деп жариялануы мен ауыл шаруашылық агроқұрылымдарын құқықтық
жетілдірудегі Астық туралы, Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы,
егіншіліктегі Тұқым шаруашылығы туралы заңдардың өмірге келуі ауыл
тұрғындарын әлеуметтік қолдауға бағытталған ауқымды іс-шаралар болып
табылады.
Сонымен, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда агроөнеркәсіптік
кешенді ұйымдық-құрылымдық және заңнамалық жетілдірумен шектелмей ауыл
шаруашылығын дамытудың 2006-2010 жж. бағытталған тұжырымдамасының негізінде
2006-2008 жж. бірінші кезекті шаралары жүзеге асырылды. Сондықтан,
Қазақстан Республикасы үшін аграрлық сектор елдің әлеуметтік-экономикалық
дамуының деңгейін айқындаушы күштердің бірі болып отыр.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өз алдына ұлттық мемлекет
қалыптасып, шаруашылық жүргізудің әкімшілік әдісімен аралас нарықтық
қатынас қағидаларына ауысу үрдісі байқалды. Әрине, 90-жылдардың қоғамдық-
саяси және әлеуметтік-экономикалық қиыншылығы мен ауыртпалығы аз болған
жоқ. Әсіресе, өтпелі кезеңде орын алған қиындықтар зардабы ауыл
шаруашылығына, бүкіл аграрлық секторға қолайсыз болды. Аграрлық дағдарыстың
табиғаты, негізгі себептері мен одан шығу жолдары ғылыми және көпшілік
әдебиетте аз жазылған жоқ. Осы өзекті әрі көкейтесті мәселе Республика
Президентінің еңбектерінде, түрлі заң және атқарушы органдардың күнделікті
іс-тәжірибелерінің күн тәртібінен түспегені белгілі. Бірақ ел
экономикасының маңызды және өмірлік қажет саласының әлеуметтік мәселелерін,
әкімшілік басқару жүйесінен нарықтық жүйеге көшуге байланысты аграрлық
саланың тұрақты және тиімді даму бағыттарын анықтайтын теориялық және
тәжірбиелік маңыздылығын одан әрі зерттеп, зерделеу керектігі ешбір күмән
тудырмайды.
Социалистік қоғамнан шыққан өзге елдердегі сияқты, Қазақстан
Республикасында өткізіліп жатқан аграрлық реформалардың басты мазмұны
әкімшілік-әміршілдік тәсілге негізделген бір экономикалық жүйеден нарық
қатынастарына негізделген екінші жүйеге көшу. Оның негізінде экономикалық
жүйенің іргетасының өзі – мемлекеттің меншікке монопольды құқығынан бас
тартып, оның басым бөлігін жеке және заңды тұлғаларға беруді ойластырған
меншік қатынасы жатыр.
Нарықтың өзгеру нәтижесінде аграрлық саланың шаруашылықты жүргізудің
тетіктері терең өзгерістерге ұшырайды. Ауыл шаруашылығындағы нарықтық
қатынастың барлық субъектілерінің экономикалық мүдделерінің рөлі артады.
Осыған байланысты, ауыл шаруашылығын реформалауда шаруашылық жүргізудің
басымырақ нысаны болып табылатын, өндірісті тиімді жүргізуді қамтамасыз ете
алатын және табыстарды әлеуметтік әділеттілікпен бөле алатын ауылшаруашылық
бірлестіктері мен серіктестіктерінің атқарар шаруашылық қызметіне тиесілі.
Осындай ауылшаруашылық бірлестіктерінің қарапайым түрлерінің бірі –
кооперация өзінің бір ғасырдан астам уақыттан бергі тәжірибесі оның
нарықтық экономиканың заңдары мен қағидаларына сүйене отырып тауарлы
ауылшаруашылық өндірісін қалыптастырудағы ерекше маңызын ашып берді.
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы ауыл
шаруашылығының дамуын зерттеу барысында шаруашылық жүргізудің тетіктерінің
әлемдік тәжірибе қолданысындағы үш жолына назар аудардық. Бірінші – қосалқы
және жеке шаруашылық, екінші – ірі кәсіпорындар және үшінші – кооперация.
Осы жолдармен шаруа қожалықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен
айналысатын жеке кәсіпкерлердің бірлескен шаруашылық қызметін жүргізуі. Осы
үш жолдың біздің елімізде алдыңғы екеуі жақсы жолға қойылғанымен, көлемі
жағынан шағын, айналымдық қаржысы тапшы, жағдайы ортадан төменгі дәрежедегі
шаруаларды кооперациялау жолы мемлекет тарапынан өз дәрежесіндегі
қолдауына зәру екендігін аңғартады.
Ұзақ жылдар бойы елімізде аграрлық саладағы кооперацияның теориясы мен
тәжірибесінің дәстүрлі ғылыми-зерттеу ісін жүргізудің мүмкіндігі болмады.
Бұрынғы КСРО-ның ғылымы мен тәжірибесінде кооперация десе колхоздар алға
тартылды және оған Қазақстан тұтынушылар одағының жүйесі қосылды, өйткені
тек осылар ғана ауылшаруашылық бірлестіктерінің ең жоғары, жетілдірілген
түрлері деп есептелді. Бұл толық дәлелденбеген қағида. Сол себептен
адасулар орын алып оның қайта өрлеуі мен даму жолында кедергі болды.
Осындай ерекшеліктерге байланысты тақырыптың мынадай өзектілігі
айқындалады.
Біріншіден, Кеңес дәуіріндегі қалыптасқан ауыл шаруашылығындағы
агроөнеркәсіптік кешен, Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі отандық
тарихтың ажырамас құрамды бөлігі ретінде үнемі назар аударуды қажет етеді.
Себебі, тарихи жағдайлармен қалыптасып, іс-жүзінде атқарылған жоспарлы
шаруашылықтан қазіргі кезеңдегі аграрлық сектордағы нарықтық қатынастарға
бейімдеп шаруашылық жүргізудің тетіктерін түбегейлі қайта қалыптастыруда
өзіндік ерекшеліктерге ие болу себебінен реформалау қажеттігі туындады. Сол
себептен, бұл мәселені қазіргі заманғы әдістемелік тұрғыда қайта бағалауды
қажет етеді.
Екіншіден, Мемлекеттің аграрлық саясаты мен аграрлық реформаның
орындалуындағы жергілікті және аймақтық өзін-өзі басқару мекемелерінің
қалыптасқан жүйесінің кешегісі, бүгінгісі және ертеңгі жағдайларын сыни
көзбен талдау барысында халықтық мүдде тұрғысынан дамытуда тәуелсіздік
идеологиясы тұрғысынан назар аударылар болса онда тарихи танымның игілігіне
айналатын нәтижеге қол жеткен болар еді. Нарық жағдайында ауыл
шаруашылығындағы агроқұрылымдық нысандар мен өндірістік қатынастарды,
экономикалық ынталандыруды және шаруашылық жүргізудің тетіктерін кезінде
жетілдіріп отырмаса, мемлекеттік несие-қаржы жүйесіндегі күрделі
бағдарламалар мен қаржылық қолдаулар ауыл шаруашылығында тиімді нәтиже
бермейді.
Үшіншіден, ауыл шаруашылығын әлеуметтік-экономикалық дамытудағы
аграрлық реформалау барысында, ауыл шаруашылығындағы өндірістік нысандардың
ұйымдық-құрылымдарын жетілдіру мен қабылданған құқықтық заңнамаларын ғылыми
талдау зерттеудің жаңа әдістемелік тәсілін арттыра түседі деп ойлаймыз.
Тарих ғылымының зерттеу саласында ауыл шаруашылығындағы аграрлық
реформалардың қалыптасуының кейбір бөліктерін ішінара зерттеу еңбектері
кездескенімен Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында жүзеге
асырылуының ерекшеліктері мен тәжірибелік маңызы ғылыми тұрғыда зерттелген
жоқ. Зерттеу тақырыбын таңдауымыздың басты себебі осыдан туындайды.
Тақырыптың зерттелу тарихы. Қазақстан Республикасының ауыл
шаруашылығында жүргізіліп жатқан реформалар мен аграрлық сектордың
әлеуметтік-экономикалық дамуындағы агроқұрылымдық нысандардың тарихи
құндылықтар мен қағидаларын объективті түрде тәуелсіздік идеологиясында
жаңа әдістемелік көзқараспен қайта зерттеу қазіргі кезеңдегі қоғамдық
ғылымдардың маңызды міндетіне айналғандығы ақиқат. Себебі, ХХ ғасырдағы
Қазақстан бойынша тарихи шындықтың негізінде орын алған аграрлық
өзгерістерді объективті тұрғыдан терең талдау мен ғылыми зерттеуге
мүмкіндік бермеген комунистік идеология басқа қоғамдық ғылымдар сияқты
тарихты да өзінің ықпалында бұғаулады.
Сонымен, XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басындағы ауыл
шаруашылығындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен реформалау барысына
қатысты зерттеулер сипаты, мазмұны жағынан өте күрделі болды. Тақырыптың
тарихнамасының күрделі сипат алуының өзіндік себептері бар.
Біріншіден, тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдары ауыл
шаруашылығындағы қайта құрудың бағдарламалық мақсаты, әлеуметтік-саяси
негізі, ұйымдық-құқықтық заңнамалары және жергілікті басшылықтар мен өзін-
өзі басқару мекемелері өзіндік ерекшеліктерге ие тарихи құбылыс болатын.
Сондықтан да ол аймақтық оқшаулауға көнбейтін республикалық тұрғыдан
сабақтастырып қарау қажеттігі туындады. Міне, осы күрделі сипат жүргізілген
зерттеу жұмыстарының барынша әралуандылығына негіз болды.
Екінші себеп – қоғамдық-саяси көзқарастар жүйесінің өзгермелілігінен
туындайды. Қазіргі кезеңдегі жағдайда, жоспарлы шаруашылықтан нарықтық
қатынастар қалыптасып жатқан аграрлық секторда, бірқатар объективті және
субъективті қиыншылықтар болуына қарамай, ауыл шаруашылығында реформалар
жүргізуде салалық саясатын жетілдірудің икемді тәсілдерін қолдану жөніндегі
тарихшы ғалымдардың, А.Б. Тұрсынбаев, Г.Ф. Дахшлейгер, К. Нұрпейіс, Б.А.
Төлепбаев, М.Т. Кенжебаев, Ж. Жұмабеков, М.Ж. Ташенев, Ә.Н. Құдайбергенов,
Г. Халидуллин, Р. Исатаев, Ж.Б. Әбілғожин, И.Ш. Шамшатов, С.А. Байтілен, С.
Жолдасов, К.Ә. Берденова, К. Рыспаев, Қ.Қ. Байсарина, С.И. Иманбердинаның
ғылыми зерттеу жұмыстары бар. Сондай-ақ, ауыл (село) еңбеккерлерінің
өндіріс саласындағы еңбектерін зерттеумен қатар, олардың әлеуметтік, мәдени
саласын Х. Әбжанов, М.Х. Асылбеков, М.Б. Тәтімов, экономика ғылымы
саласындағы Л.Е. Әбділдина, И.Ю. Бенке, К.Ж. Жарекешев, Б.З. Зиябеков, Х.Е.
Ертазин, Ж.О. Ихданов, С.М. Қасымов, М.Д. Тінәсіл, және де бірқатар
авторлар өз жұмыстарында қарастырған.
Алайда зерттеулердің кооперация проблемасы әлемдік ғылым үшін жаңалық
емес. Оны зерттегендер қатарында Р. Оуэн, Ш. Фурье, Ф. Райффейзен, Ф.
Лассаль, К. Маркстар болды. Ал Ресейдегі ауыл шаруашылық кооперациясы
мәселесімен Н.П. Макаров, П.П. Маслов, А.А. Николаев, С.Н. Прокопович, Н.Г.
Чернышевский, М.И. Туган-Барановский, А.В. Чаянов, А.Н. Челинцев, А.И.
Чупров, К.А. Пажитнов, Н.Д. Кондратьевтер жете шұғылданды.
Кеңестік кезеңнің аяғы – нарық экономикасына көшу мерзімінде ауыл
шаруашылығын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан зерттеуде Президентіміз Н.Ә.
Назарбаев, мемлекет қайраткері Д.А. Қонаев, Б.М. Тұрсынбаев, С.А.
Терешенко, Ж. Кәрібжановтардың сөйлеген сөздері мен ой-толғау еңбектері
және естеліктері назар аудартады.
Демек, әр кезеңнің, әр ағымның тақырыпқа қатысты зерттеулерінің
деректік, әдістемелік негізі әртүрлі болғандықтан олардың арасында бір-
біріне қарама-қарсы бағаларда кездеседі. Бұндай жағдайда мәселені кешенді
түрде қарастырып, тарихи тұрғыда салыстыра бағалау қажеттігі туады.
Дегенмен, ауыл шаруашылығында қалыптасып отырған нарықтық қатынастар
жағдайында халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартудағы аграрлық реформалардың
сәйкестік мәселелері әрі қарай талдауды қажет етеді. Зерттеулер
көрсеткендей, бұл салада шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайына сай келетін
теориялық және әдістемелік негізі жеткілікті дәлелденбеген.
Еліміздің аграрлық саласындағы осы үрдістердің әрі қарай даму
заңдылықтарын айқындау, оны одан әрі кешенді талдау, қазақстандық және
шетелдік тәжірибелерді сыни қорыту мен әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік
бағалауда жаңа тәсілдер мен дәстүрлі емес шешімдер іздеу өте маңызды.
Бұл жұмыс нарық қатынасы жағдайында Қазақстанның ауыл шаруашылығы
секторындағы ауылшаруашылық өндірісінде, комерциялық және комерциялық емес
ұйымдық-құқықтық кәсіпорындарды заңнамалық қамтамасыз етілуі мен ауылдық
өндіріс пен аймақтық басқаруды жетілдірудің өзекті мәселелерін қоса
алғанда, аграрлық реформаны жүзеге асырудың теориялық-әдістемелік
негіздеуімен тәжірибелік жақтарын кешенді зерттеуді мақсат тұтқан бастапқы
еңбек болып табылады.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізін тарих философия
және т.б. қоғамдық ғылымдырдың қалыптастырған жаңа бағыттағы ғылыми
тұжырымдамаларымен ұлттық ғылыми мүдде ұстанымдары негізге алынды. Сонымен
бірге теориялық-әдістемелік мәселелерді зерттеуде шетелдік және отандық
жетекші ғалымдардың еңбектеріндегі қарастырылып отырған тақырыпты жаңа
көзқарас тұрғысынан жазуға мүмкіндік беретін ғылыми тұжырымдары да
басшылыққа алынды. Соның нәтижесінде ХХ ғасырдың соңы мен ХХI ғасырдың
басындағы Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы аграрлық
реформалауды зерттеуде өркениеттік көзқарастар мен ұлттық ұстаным,
тарихилық қағида мен гуманизм, ынтымақтастық және мәдени-тарихи
тұжырымдамалар аясында жүргізілді.
Зерттеудің әдістемелік негізіне ғылыми танымның жүйелілік,
салыстырмалы талдау шынайылық пен синтез және ретроспективалық ұстанымдар
қолданылды. Осы әдістер негізінде жасалынған тұжырымдар мен қорытындылардың
өзара логикалық үйлесімділікте болуына да ерекше мән берілді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты ХХ ғасырдың
аяғы мен ХХI ғасырдың бас кезіндегі ауыл шаруашылығын аграрлық
реформалаудың жүзеге асуы мен өзекті мәселелерінің теориялық-әдістемелік
тұжырымдамасы негізінде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс
аймақтарында тиімділікпен жүзеге асыруды негіздеу болып табылады. Бұл
мақсат мынадай міндеттерді орындау арқылы нақтыланған:
- Қазақстан Республикасындағы аграрлық реформалау мен оңтүстік және
оңтүстік-шығыс аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық даму үрдісін
зерттеудің теориялық-методологиялық негіздерін дәлелдеу;
- зерттеу жұмысының тарихнамасы мен дерек көздеріне жаңа тарихи
көзқарас тұрғысынан талдау жасау;
- Қазақстандағы аграрлық реформалардың шынайы қажеттілігі мен алғы
шарттарын анықтау,
- аграрлық реформалауда қалыптасқан ұйымдық-құқықтық заңнамаларын ғылыми
талдау;
- аграрлық реформалауда шаруашылықты жүргізудің тетіктерін анықтау;
- ауылшаруашылық бірлестіктері мен серіктестіктерінің тарихи қағидалары
мен құндылықтарын қазіргі нарық қатынасында бейімділігін ғылыми тұрғыда
негіздеу;
- аграрлық реформалау барысында Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-
шығысындағы аймақтық басқару мен жергілікті құрылымдық жетілдірілгендігін
пайымдау;
- жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мен мемлекеттік
қажеттілікті қамтамасыз етудегі аграрлық реформалардың нақтылығын мұрағат
қорларының құжаттары және статистикалық мәліметтер негізінде дәлелдеу;
- ауыл шаруышылығын дамытудағы стратегиялық жоспарлаудың
маңыздылығын саралау;
- аграрлық секторда салалық реформалау барысында ауылшаруашылық
құрылымдарын жетілдіруді жүйелік тәсілмен зерттеу;
- қазіргі нарықтық қатынаста Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-
шығыс аймақтарындағы агроқұрылымдық нысандардың жетілдірілуіне аграрлық
реформалаудың ықпал ету дәрежесін ашып көрсету;
- Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтық басқару
мекемелерінің қызметін елімізде қалыптасқан жүйелік тұрғымен байланыстыра
қарастыру;
- жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті шаруашылықты
басқару түсініктерінің аражігін ажырата көрсету үшін тиісті
заңнамалық құжаттарға талдау жасалып, оларды ұдайы жетілдіріп отыру
керектігін айқандау;
- ауыл шаруашылығында салалық комерциялық емес серіктестіктерді
құрудың агроөнеркәсіп кешенін құрылымдық жетілдіруіндегі әсеріне ғылыми
баға беру.
Зерттеу жұмысының нысаны – ХХ ғасырдың соңы мен ХХI ғасырдың бас
кезіндегі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы ауыл
шаруашылығын аграрлық реформалаудың жүзеге асуы мен ауыл шаруашылығын
дамытудың өзекті мәселелерін қарастыру.
Зерттеу жұмысының пәні – Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс
аймақтарындағы ауыл шаруашылығын аграрлық реформалау мен ХХ ғасырдың соңы
мен ХХI ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның ауыл шаруашылығының даму
үрдісіне тарихи талдау жасау.
Тақырыптың хронологиялық шеңбері. Қазақстан Республикасындағы
аграрлық реформалар тақырыбының хронологиялық кезеңінің бастауы 1991 жыл
болып белгіленді. Себебі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс
аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық дамуымен ауыл шаруашылығының
жоспарлы шаруашылықтан нарықтық қатынастарға түбегейлі бет бұру кезеңі
негіз болып, зерттеу кезеңі 2008 жылмен шектелген.
Диссертацияның ғылыми жаңалығы. Көлемді дерек көздері мен
статистикалық мәліметтер негізінде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-
шығыс аймақтарының ауыл шаруашылығындағы жүргізілген реформалар барысын
Республиканың өзге өңірлеріндегі тәжірибе мен нарықтық қатынастар жағдайына
орайластыра зерттелген. Отандық тарихта ауыл шаруашылық реформасының
қалыптасуы мен ауыл шаруашылығын дамытудағы нақтылығын және зерттелген
аймақтың шаруашылықтық ерекшеліктерін талдау арқылы іс жүзінде
қолданылатын ғылыми ұсыныстар жасау болып табылады. Осы кезге дейін
тақырыптың бұл аспектісі отандық және шетелдік тарихшылар тарапынан қолға
алынбаған. Осыған байланысты зерттеу жұмысының мынадай ғылыми маңыздылығы
мен жаңалықтарын атап көрсетеміз:
- ХХ ғасырдың соңы мен ХХI ғасырдың басында Қазақстандағы аграрлық
реформалау мен оңтүстік және оңтүстік шығыс аймақтардағы ауыл шаруашылық
даму үрдісін зерттеуге байланысты тарихнамасы сараланып, мәселенің
теориялық-методологиялық негіздемесі мен деректік негізіне талдау
жасалынған;
- аграрлық реформалаудың әлеуметтік даму үрдісіндегі нақтылығы мен
негізгі бағыттары жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан пайымдалған;
- Қазақстанның ауыл шаруашылығында жекешелендірудеге мемлекеттің
аграрлық саясатына объективті баға берілген;
- ауыл шаруашылық бірлестіктері мен серіктестіктерінің тарихи құндылығы
мен қағидалары сараланған;
- аграрлық реформалаудағы Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс
аймақтарындағы ауылшаруашылық ұйымдық-құрылымдардың заңнамалық негізіне
талдау жасалынған;
- аграрлық секторда шаруашылықты жүргізудің тетіктері жүйеленген;
- ауыл шаруашылығындағы ұйымдық құрылымдар мен басқару жүйесін
реформалау жөніндегі шаралардың қажеттілігі ғылыми тұжырымдалған;
- Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында әлеуметтік-
экономикалық дамудағы аграрлық реформаның сәйкестігі ғылыми тұрғыда
нақтыланған;
- ауыл шаруашылығын дамытуды стратегиялық жоспарлау мен мемлекеттік
аграрлық бағдарламалар жаңа тарихи көзқарас тұрғысында қарастырылған;
- ауыл шаруашылығының инженерлік саласын реформалау, агроөндірістік
кешенді дамыту үдерісінің ұзақ мерзімді бағдарламасының құрамдас бөлігі
ретінде қарастырылған;
- аграрлық реформалаудағы агроқұрлымдардың ұйымдық-құрлымдық және
заңнамалық жетілдірілуі жүйелік тәсілмен зерттелген;
- аграрлық секторды дамытуда мемлекеттік қолдаумен несие-қаржы жүйесінің
ықпалы мұрағат қорларының құжаттары және статистикалық мәліметтермен
негізделген;
- Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының жекелеген
аудандарында коммерциялық емес салалық ауылшаруашылық серіктестіктерін
құрудың тиімділігін көрсететін ұсыныстар дайындалды;
- аграрлық реформалаудағы ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырудың
теориялық негіздемесі жасалынды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Қазақстанның оңтүстік және
оңтүстік-шығыс аймақтарында ХХ ғасырдың соңы мен ХХI ғасырдың басындағы
ауыл шаруашылығын дамытудағы аграрлық реформалауды зерттеу нәтижесінде
қорғауға мынадай тұжырымдар ұсынылады.
- Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығын дамытудың тарихи
мәселелеріне теориялық талдау жасауда аграрлық реформалау
тұжырымдамасының өзіндік ерекшеліктерін ескеру қажет;
- Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының ауыл шаруашылығы
жоспарлы шаруашылықтан нарықтық қатынастарға бейімделуіндегі аграрлық
реформалаудың нақтылығын зерттеуде теориялық-методологиялық мәселелер
айрықша маңыз алады;
- нарық жағдайында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мен құрылымдық жетілдіруде
шетелдік тәжірибелерге ғылыми талдау қажет;
- ауыл шаруашылығын ұйымдық-құқықтық жетілдіруде заңнамалық құжаттарға
ғылыми талдау жасап, оларды ұдайы жаңартып отырылуы қажет;
- Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарын аграрлық
реформалауда шаруашылықты жүргізу тетіктері көрініс алды;
- аграрлық секторды дамытуда ауылшаруашылық бірлестіктері мен
серіктестіктерінің тарихи құндылығы және қағидаларына назар аудару
қажеттігі айқындалды;
- аграрлық реформалау барысында Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-
шығысында аймақтық басқару мен жергілікті мекемелерді құрылымдық
жетілдіру серпін алды;
- Қазақстан Республикасындағы аграрлық реформалардың әлеуметтік-
экономикалық нәтижелеріне өзіндік тұжырым жасалынды;
- аграрлық реформалау агроқұрлымдық нысандардың шаруашылық жетілуіне
елеулі ықпалын тигізді;
- ауыл шаруашылығын дамытуды стратегиялық жоспарлау мен мемлекеттік
аграрлық бағдарламалардың маңыздылығы ғылыми тұрғыдан талданған;
- Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы
агроқұрлымдардың шаруашылық жетілуін аграрлық реформалар жүзеге асырды;
- жеке және қосалқы шаруашылықтардың дамуы аграрлық реформалау барысында
қарқын алды;
- Агроөндірістік кешеннің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз
етудегі шаруашылық қызметіне баға берілді;
- аграрлық реформалауда агроқұрлымдарды шаруашылықтық жетілдірудегі
қиғаштықтар мен мемлекеттік реттеу қажеттілігі айқындалды;
- Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының жекелеген
аудандарында салалық коммерциялық емес ауылшаруашылық серіктестіктерді
құрудың қажеттігі жөніндегі ұсыныстар маңызды болып табылады.
Зерттеу жұмысының қолданбалы маңызы ретінде Қазақстан Республикасындағы
аграрлық реформалар тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасуы мен жүзеге асу
тұрғысында бай деректік материалдар негізінде жасалынған негізгі тұжырымдар
мен қорытындыларды, алынған нәтижелерді ғылыми еңбектер, оқулықтар, оқу-
әдістемелік құралдар дайындауға, сол сияқты әлеуметтік-гуманитарлық
бағыттағы болашақ доктор, магистр, бакалаврлар үшін Отан тарихының
теориялық және әдістемелік мәселелеріне байланысты арнайы курстар
дайындауда қолданылатындығын айтуға болады. Сол сияқты зерттеу жұмысында
қалыптасқан әдістемелік тәсілдер, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс
аймақтарындағы аграрлық реформалардың жүзеге асуы мен ауыл шаруашылық
серіктестіктерінің тарихи құндылығы мен қағидаларын жан-жақты зерттеп,
Қазақстанның өзге аймақтарымен салыстырып, саралап, тарихи таным нысанына
айналдыруға мүмкіндік береді.
Диссертациялық жұмыстың деректік негізі. Отандық тарихнамада
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында аграрлық
реформалардың тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасуы мен жүзеге асуына қатысты
арнайы зерттеулердің болмауы және тарихи таным қағидаларының өзгеруі
тақырыптың деректік негіздерін сұрыптаудың біршама күрделі сипатын
айқындады. Осыған байланысты зерттеу жұмысының деректемелік негіздері
бірнеше бағыттарға топтастырылды. Атап айтқанда: ауыл шаруашылығына қатысты
республикалық және облыстық статистикалық жинақтар; мерзімдік басылымдар
мен ғылыми журналдар.
Деректік негіз ретінде мұрағат материалдары пайдаланылды. Атап
айтқанда, Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаты қ-5 (Қырғыз
АКСР-і Кеңестерінің Орталық атқару комитеті), қ-279 (1927-28 жылдардағы
Қазауылодақ), қ-2199 (01.12.1985-20.12.1990 жж. Қаз КСР-нің мемлекеттік
агроөндіріс комитеті), қ-2270 (29.04.1991 жылғы Қаз КСР-нің азық-түлік және
ауылшаруашылық министірлігі). Қазақстан Президентінің мемлекеттік мұрағаты
қ-5Н (Аграрлық мәселелер бөлімі), Қ-7 (Қаз КСР-нің халық шаруашылық
комитеті ), қ-708 (Қаз КСР-нің мемлекеттік агроөндіріс комитеті), Жамбыл
облыстық мемлекеттік мұрағаты қ-21(Жамбыл облысының ауыл шаруашылық
басқармасы), 150, 282, 399, 851. Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік
мұрағаты, қ-40 (Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқармасы).
Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағатының 367-қоры, (Қызылорда облысының
экономикалық комитеті), 585-қоры, (Қызылорда облысының статистикалық және
талдау басқармасы), 589-қоры, (Қызылорда облысының ауыл шаруашылық
басқармасы) құжаттық деректері ғылыми айналымға енгізілді.
Аталған мұрағат қорларының құжаттары мен деректік материалдар авторға
зерттеу барысында кеңестік тарихнамадағы ауыл шаруашылығының бірлестіктері
мен агроөнеркәсіп кешеніне қатысты мәліметтерді талдап, оған ғылыми баға
беруге мүмкіндік жасады.
Сол сияқты зерттеу мақсатына сай Қазақстан Республикасының статистика
жөніндегі агенттігі және облыстық статистикалық басқармасының жылдық
есептері, Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық Министрлігінің ағымдық
мұрағаттары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік жөніндегі комитетінің
хабарламалары мен облыстық ауыл шаруашылық департаментінің мәліметтері,
Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы (Оперативтік
мәліметтер 1994-2004 жж.), Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-
экономикалық жағдайы. Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағының алдын ала
қорытындылары. Қызылорда, 2007. Жамбыл облысының статистикалық басқармасы.
Тараз, 2007 т.б. дерек көзі ретінде қолданылды.
Қазіргі кезеңдегі нарықтық қатынастың даму барысы мен тәуелсіздіктің
өткен жылдарында ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен тың
ойларды түйіндеген мерзімдік басылымдардың Егемен Қазақстан, Заң,
Казахстанская правда, Предприниматель и права, Нұр-Астана, Жетісу,
Оңтүстік Қазақстан, Сыр бойы, Ақ жол Знамя труда газеттерімен бірге
Қазақ тарихы, Международный сельскохозяйственный журнал, Қаржы-
қаражат, Ақиқат, журналдарында қоғамдық-саяси үдерістің мазмұнын
айқындайтын құнды деректер жарияланады.
Зерттеудің сарапталып, сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыстың негізгі
нәтижелері мен қорытындылары 2 ғылыми монографиялар және республикалық
ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалған 32 мақала Қырғызстан,
Өзбекстанда жарық көретін басылымдарда жарияланды. Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
ұсынған тізімге енген 5 түрлі басылымда 10 мақала, 3 шетелдік басылымдарда,
сондай-ақ 19 мақала әртүрлі республикалық басылымдар мен республикалық және
халықаралық ғылыми конференция материалдарының жинақтарында жарық көрді.
Диссертация ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих
және этнология институтында орындалып, институттың Қазіргі заман тарихы
және ғылыми ақпарат бөлімі мен Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің
кеңейтілген мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Диссертацияның құрылымы. Алға қойған мақсаттар мен міндеттерге
байланысты диссератциялық жұмыстың құрылымын кіріспе, 4 тарау және
қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімі құрайды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Кіріспеде диссертациялық жұмысқа жалпы сипаттама беріліп, тақырыптың
өзектілігі негізделіп, жұмыстың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері,
ғылыми жаңалығы, методологиялық негіздері, хронологиялық ауқымы,
практикалық маңызы және қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар көрсетілген.
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік – шығыс аймақтарындағы
аграрлық реформалауды зерттеудің теориялық-методологиялық негіздемесі,
тарихнамасы мен дерек көздері деп аталатын бірінші тарауда тақырыптың
теориялық-методологиялық мәселелері мен тарихнамасы қарастырылып, мәселенің
дерек көздеріне талдау жасалды.
Мәселенің теориялық-методолгиялық негіздемесі атты тараушада зерттеу
жұмысына қатысты методологиялық ұстанымдар, тұжырымдар баяндалды.
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығын реформалаудың тарихы
тәуелсіздік қарсаңындағы және алғанан кейінгі кезеңдегі оқиғалардың
нәтижесімен анықталады. Өйткені еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі түрлі
өзгерістер өндірістік қатынастарды мүлдем жаңа сипатта қалыптастырды.
Тәуелсіз Қазақстанның алдынан шыққан нарықтық қатынастарды игеру әлемдік
қауымдастық пен саяси, экономикалық сұхбатқа қол жеткізу, қосалқы және жеке
меншік шаруашылықтарының құқықтық-нормативтік және саяси-рухани базасын
қалыптастыру сйяқты мәселелер біз сөз етіп отырған кезеңдегі
ауылшаруашылығын реформалаулардың тарихын зерттеудің жаңа да тың теориялық-
әдістемелік негіздерін қолға алу міндеті күн тәртібіне қойылды.
Қарастырылған кезеңдегі аграрлық реформалар тарихының тарихнамасының
барынша ала-құла болуы – бұл тақырыптың саналуандылығы, мазмұнының сыңаржақ
тұжырымдамаларды насихаттауға құрылуы, мәселенің саяси астарына баса мән
берілуі түрінде көрініс табуынан. Ең басты себебі – ғылыми тұжырымдалған
теориялық-әдістемелік негіздің орнықпауы деп білеміз. Әрине еліміздегі
аграрлық реформаларға негіз қалаған қайта құру, жариялылық кезеңіндегі
ғылыми әдебиеттерде біз атағандай бірыңғай, орныққан және қоғамдық пікірдің
қолдауына ие болған теориялық-әдістемелік негіздің болмауы түсінікті.
Өйткені, М.С. Горбачевтің билік басына келуімен басталған қайта құру
құбылысының өзі ойластырылмай ғылыми-теориялық тұжырымдамасыз басталғандығы
және іске асырылғандығы жасырын емес.
Осы заңдылықтар Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы
кезеңнен де көреміз. Бұл кезеңдегі тарихи даму үрдісі турасында С.Ф.
Мажитов былай дейді: ХХ ғасырдың аяғы мен ХХI ғасырдың басында жаңа
қазіргі деңгейдегі мемлекетті құру тек егемендік туралы декларациямен
шектелмейді, ол үлкен әрі күрделі үрдістермен баяндалады [3]. Елімізде
нарықтық қатынастарды игерудің түрлі қиындықтары алдан шықты: жоспарлы
экономикадан бас тартып нарықтық жағдайына көшудің нақты тұжырымының
жасалмауы. Сондай-ақ жеке меншік институтын енгізудің отандық тәжірибесінің
болмауы, ең бастысы халықтың кеңестік өмір салты кезінде қалыптасқан саяси-
рухани кешендерін жоюдың психологиялық кедергілері аграрлық реформалардың
бірден іске асып, жедел нәтиже беруін қиындатты. Міне, осындай
қиындықтардың себеп-салдарлы заңдылықтарын ғылыми тұрғыда жүйелеу және
сыныптау аграрлық реформалар тарихын ғылыми зерттеу нысанына айналдырудың
әдістемелік негізіне сүйенуді талап етеді.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздемесі, зерттеу барысында
талдау және жинақтау, индукция мен дедукция, тарихи-салыстырмалы, жүйелік-
құрылымдық, теориялық таным, модельдеу мен типтендіру, статистикалық өңдеу,
қисындылық сияқты жалпы ғылыми, философиялық, әлеуметтану, экономикалық
салыстырмалау және негізінен тарихи зерттеу тәсілдері қолданылды.
Методологиялық мәселелердің дұрыс қойылуы ғылымда оқиғалар мен құбылыстарды
шынтуайттылық тұрғыдан терең зерттеуге жол ашады. Маркстік-лениндік
методологияның ескіруіне байланысты бұл мәселе өзекті бола түседі. Әрине,
маркстік-лениндік методологиядан бас тартып, жаңа методологияны
қалыптастыру оңай міндет емес. Осыған орай методологиялық мәселелердің
кешегісі мен бүгінгісі жайында өз пікірімізді білдіріп, оның өзекті
тұтастарына тоқталуды мақсат еттік.
Методологияның анықтамасын беруде ресейлік тарихшы ғалымдардың
пікірлеріне де сүйеніп қарастырдық. Оның себебі методологиялық
зерттеулерде олар біршама белсенділік танытып, дәйекті ғылыми көзқарастар
білдірді. Мәселен, В.В. Журавлев ...тарихи зерттеу методологиясы – бұл
тарихи білімді дүниеге келтіру және олардың қағидаларын реттеу. Методология
бұл тұста ғалымның қарамағындағы малай немесе құлдық ұруды талап ететін
патша емес. Яғни методологияны не істесем де өзім білемін деген қағиданы
ұстанып, оны біржақты дәріптеуге немесе елеусіз қалдыруға болмайды. Нағыз
тарихшы ең алдымен өмір бойы методологиялық жағынан жетіледі. Ол ғылымда
жинақталған методологиялық қазынамен бірге өседі, ал соңғысы ғылымның күш
қайратының арқасында молаяды дейді [4]. Ғылымда методологияны тарихи
танымның теориясы ретінде айқындайтын интерпретатция да кездеседі [5].
Сондай-ақ, қазіргі кезеңде аграрлық мәселені зерттеуде тарихилық қағиданы
басшылыққа ала отырып, өткен дәуірдегі билік органдарының жерге байланысты
ұстанымдарына назар аударылуы тиіс. Қағидалар дегеніміз – ғылымның негізгі,
жетекші ұғымдары. Олар тарихтың шынтуайтылық заңдарын оқып-үйренуден
туындайды, соның нәтижесі ретінде саналады және осы мағынада заңдылықтар
іспеттес болады [6].
Қазақстан Республикасының оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы
ауылшаруашылығында нарықтық қатынсатарды қалыптастыру жолына түсуімен қатар
бұрынғы посткеңестік елдердің постиндустриалды үрдіспен байланысты
аграрлық секторды реформалау барысындағы алда тұрған түйіндерін зерттеуге
ғылыми тұжырымдалған диссертациялық жұмыс мынадай бағыттарды топшалайды:
Біріншіден, аграрлық сектордың жоспарлы шаруашылықтан нарықтық
қатынасқа беймделуінде қосалқы және жеке меншік шаруашылықтарының құқықтық-
нормативтік және саяси-рухани базасын қалыптастыру мәселелері біз сөз етіп
отырған кезеңдегі ауылшаруашылығын реформалаудың тарихын зерттеудің жаңа
және тың теориялық-әдістемелік негіздемесін жасауды талап етті.
Екіншіден, қарастырылған кезеңдегі аграрлық реформалар тарихының
тарихнамасының барынша күрделі болуы – бұл тақырыптың саналуандылығы,
мазмұнының сыңаржақ тұжырымдамаларды насихаттауға құрылуы, мәселенің саяси
астарына баса мән берілуі түрінде көрініс табуының басты себебі ғылыми
тұжырымдалған теориялық-әдістемелік негіздің орнықпауынан.
Үшіншіден, еліміздегі тәуелсіздік жылдарында жүргізіп жатқан аграрлық
реформаларды бөліп және дербес құбылыс ретінде қарастырудан бұрын оның
тарихи қалыптасуының алғышарттарын және тәжірибие жүзіндегі
қолданбалылығына ғылыми талдау жасауда әдістемелік маңызға ие.
Еліміздің тәуелсіздік жылдарында жүргізіп келе жатқан аграрлық
реформаларын бөліп және дербес құбылыс ретінде қарастырудан бұрын оның
тарихи қалыптасуының алғышарттарын және тәжірибие жүзіндегі
қолданбалылығына ғылыми талдау жасаудың әдістемелік тұрғыда маңызы зор және
оны тақырыптың мазмұнын ашу үшін үлкен қажеттілік деп білеміз.
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік – шығыс аймақтарындағы
аграрлық реформалауды зерттеудің теориялық-методологиялық негіздемесі,
тарихнамасы мен дерек көздері деген бірінші тарауда тақырыптың зерттелу
деңгейі талданып көрсетіледі.
Қазақстанның ауыл шаруашылығының тарихына көптеген жұмыстарда
үкіметтің жекелеген аграрлық саясатындағы мәселелер карастырылған. Мәселен,
республиканың аграрлық саласындағы қайта құрулар мен колхоз құрылысының
даму тарихына арналған Б.А. Төлепбаевтың, М.Т. Кенжебаевтың және Ж.
Жұмабеков пен К. Нұрпейіс, Г. Халидуллин, Р. Исатаевтың ғылыми-зерттеу
жұмыстары бар. Онда ауыл шаруашылық өндірісінің даму мәселелерін қамтыған.
Зерттеу тақырыбының толық тарихнамасын игеру үшін, жалпы республикадағы
ауыл шаруашылығындағы аграрлық қатынастар мен ауылдың әлеуметтік-
экономикалық жағдайына көңіл аударғанды жөн көрдік.
Қазақстанның аграрлық дамуын талдауға жасалынған қадамдардың бірі –деп
К.Ә. Берденова, С.И. Иманбердиеваның Аграрная политика тоталитарного
государства как фактор кризисного состояния сельского хозяйства Казахстана
деген бірлескен зерттеуін атап өтуге болады. Бұл еңбекте 60-80 жылдар
аралығындағы Қазақстандағы ауыл шаруашылығындағы дамуы тарихта сыңайы
қөзқараспен талдау жасалынған [7]. Бұл жұмыс жаңа тарихи қағидалық
тұрғысында жазылып, 60-80 жылдардағы бүкіл Кеңес Одағындағы аграрлық салада
етек алған тоқыраудың себептері айқындалған. Оның негізгі себептерін
зерттеушілер ауыл шаруашылығы саласындағы социалистік меншіктің орын
алуының аграрлық теория мен практиканың алшақтығы салдарлары ретінде
түсіндіреді. Ауыл шаруашылығын басқарудағы әміршіл - әкімшіл әдіспен
ұйымдастырылып, мемлекеттік ресми органдардың толық біржақты үстемдігіне
негізделгенін, ол жағдайда аграрлық салада ешқандай да нарықтық тетік қажет
еместігін айқындап берді. Әйтседе ғалымдардың зерттеуінде тоталитарлық жүйе
кезеңіндегі аграрлық өндірістегі келеңсіз мәселелерге және олардың
себептерін толық ашу әлі де жеткіліксіз деуге болады.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын, Кеңес өкіметінің ауыл
шаруашылығын басқаруда жүргізген саясатын арнайы зерттеп ортаға салған
еңбектер мен осы тақырыпты ғылыми түрде зерттеуге үлес қосқан тарихшылар
С.Жолдасов, С.А. Байтілен, К. Рыспаев, Қ.Қ. Байсаринаның еңбектері үлкен
қызығушылық тудырады. Зерттеуші С.А. Байтілен Кеңес мемлекетінің
Қазақстандағы аграрлық саясаты: ауыл шаруашылығындағы экстенсивті бағдар
және дағдарыс (1965-1990 жылдар) деген тақырыпта жазылған докторлық
диссертациясында Кеңес қоғамының аграрлық салада ғана емес, қоғамның барлық
саласында дағдарыстық құбылыстар орын алғандығын атап көрсетеді [8]. Осыған
байланысты, тарих ғылымдарының докторы, Қ.Қ. Байсаринаның Қазақстанда ауыл
шаруашылығының дамуы: тарихы және сабақтары (1946-1965 жж.) деген такырыпта
жазылған докторлық зерттеу жұмысында соғыстан кейінгі жылдарда ауыл
шаруашылық өндірісін дамытудың басты бағыттары, оның қайшылықты тағдыры,
өмірге енгізілу әдісі, түрі мен тәжірбиелері сол секілді аграрлық саясаттың
ащы сабақтары, қиыншылыктары мен зардаптары зерттеліп сарапталған [9].
Кеңес өкіметі тұсындағы ауыл шаруашылығында жүргізілген реформалар,
өндірісті ұйымдастыру мен ұйымдық шарауашылық мәселелері, соның ішінде
колхоз құрылысының тарихы жөніндегі мәселеге объективті баға берген
зерттеулер назардан тыс қалған жоқ. Осы тақырыптарға ғылыми түрде үлкен
үлес қосып жүрген тарихшы ғалымдар: Т. Медеуов [10], О.Х. Мұқатова [11],
Б.Т. Берлібаев [12]. Аграрлық сектордағы меншік және шаруашылық нысандардың
қалыптасып дамуы, олардың тиімділігін арттыру мәселесі сонау XX ғасырдың
басынан-ақ Н.К. Кондратьев [13], А.В. Чаянов [14] және тағы басқа
ғалымдардың еңбектерінде көп мән берілген. Кең көлемдегі материалдар арқылы
мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын реформалау және нарықтық мәндегі
жаңа шаруашылық құрылымдарын құру жолдары, олардың кызметін мемлекеттік
реттеу тегеуріні көрсетіліп, аграрлық азық-түлік нарығы, агробизнестің
маркетингтік сфера мәселелері талданған.
Дегенмен, республика өңіріндегі аймақтардың табиғи, әлеуметтік-
экономикалық ерекшеліктеріне байланысты аграрлық қатынастарды қалыптастыру,
дамыту, олардың тиімділік мәселелері әлі де толық зерттелмеген. Ауыл
шаруашылығына тікелей қатысты шешімін таппаған мәселелердің барын жоққа
шығара алмаймыз. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында аграрлық саясаттың
негізіндегі жаңа ережесі – жерге меншіктік құқықтың болуы аса маңызды болып
табылады. Сондықтан, жер кодексінің мәні, сол заң арқылы ауылдың әлеуметтік
экономикалық жағдайының әсерін айқындайды. Қазіргі кездегі Қазақстан
аумағындағы жер қатынастарының даму тарихы – бұл өте күрделі, әрі ауқымды
тақырып.
Реформалау үрдісінде қалыптасқан жерде меншік пен шаруашылық жүргізу
түрлерін талдау мен жер қатынастарын жетілдіру мәселелерінің маңыздылығы
сөзсіз. Аталған мәселе бойынша іс жүзінде әлі де толығымен зерттелмеген
деуге болады. Алайда, бұл тақырып көптеген ғалымдарды, саясаткерлердің
ғылыми қызығушылығын тудырады. Бұған дәлел ретінде, бірқатар жазбаша қайнар
көздерді, тарихи мәліметтерді айтуға болады. Қазақстанда феодалдық жер
қатынастарының дамуын көптеген қазақстандық және шетелдік ғалымдардың
тұжырымдары сарапталынып ғылыми айналымға енгізілді.
Отандық және шетелдік ғалымдардың тұжырымдамасын топшылай келе
Қазақстан Республикасындағы қазіргі таңда аграрлық салада жүргізілген
реформа нәтижесін екі тұрғыда баға беруге болады: біріншіден,
агроөнеркәсіптік өндірісте көпукладтылық қалыптасты, шаруашылық
субъектілеріне толық дербестік беріліп, олардың өз қызметтерін жүзеге
асыруына және өндірген өнімдерін бөлуіне мүмкіндік жасалынды, нарықтық
қатынастардың дамуы бір орталықтан басқару жүйесін толықтай дерлік
әлсіретті; екіншіден, асығыс жүргізілген институционалдық өзгерістер,
экономикалық қатынастардағы салааралық диспаритеттің (теңсіздіктің) күшеюі,
агроөнеркәсіптік интеграция мен кооперативтердің дамуы үшін жағдай жасаудың
орынына ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуші және қызмет көрсетуші
кәсіпорындарды жекешелендіру, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің
басым бөлігінің ұсақ, жеке өндіріске бағыт ұстауы нәтижесінде барынша
тиімді ұйымдық құрылымдардың қалыптаспауы, қажетті агроинфрақұрылымды
қалыптастырмастан нарықтық қатынастарға өту ауылдық тауар өндірушілердің
негізгі бөлігін нарықтан ығыстыруға, өнімдерді бөлу функциясының
делдалдарға өтуіне, өңдеуші және сауда ұйымдарының нарықтағы монополиялық
жағдайының күшеюіне алып келді.
Біз қарастырып отырған аймақтардағы аграрлық секторды зерттеуге
қатысты мерзімді басылымдарда жарияланған дерек көздері мәтін-деректер
болып табылады. Олардың қатарынада жарияланған аграрлық салаға қатысты заң
актілері, статистикалық агенттіктер мен облыстық ауыл шаруашылық
департаменттерінің мағлұматтары т.б.
Сондай-ақ, мұрағаттық құжаттарды жинастыру ісі Қазақстан
Республикасындағы 7 мемлекеттік мұрағатары мен 1 ағымдық мұрағат қорларының
құжаттық деректері ғылыми айналымға енгізілді.
Зертеу тақырыбына байланысты дерек көзі ретінде қазіргі кезеңдегі
нарықтық қатынастың даму барысы мен тәуелсіздіктің өткен жылдарында
ауылшаруашылығының өзекті мәселелері мен тың ойларды түйіндеген мерзімдік
басылымдар мен журналдардағы қоғамдық-саяси үдерістің мазмұнын айқындайтын
құнды мәліметтер мәтін-дерек көздері ретінде пайдаланылды.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстандағы мемлекеттік аграрлық
саясат атты екінші тарауында ауылшаруашылығы – ел экономикасының негізгі
буыны, ежелден бар байлығымыздың бастауы ретінде қарастырылады. Халықтың әл-
ауқатының жақсаруы, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтануы және дамуы
негізінен ауыл шаруашылығына тікелей байланысты екендігі, ауыл
шаруашылығында қазіргі қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайы ғылыми
тұрғыдан терең зерттеуді қажет ететіндігі, саланы кешенді дамытудың жолдары
туралы жан-жақты дәлелденген қорытындылар келтіріліп, байыпты тұжырымдар
жасау мәселесі туралы айтылады. Мұның өзіне тән тарихи, демографиялық және
экономикалық себептер де бар. Жалпы олар – аграрлық сектордың кеңестік
экономиканың кембағарлығынан көрген зардаптары, нарықтық қатынастарға көшу
кезеңінде кездескен қиындықтардан көрген залалы деген түйін жасалынған.
Еліміздің тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін, қазақ халқының алдағы
тұрған өзекті де күрделі мәселесінің бірі ауыл шаруашылығын дамыту
болғандығы ақиқат. Оған негізгі себеп, ауыл шаруашылығында экономиканың
өзге де саласы сияқты нарықтық қатынастарға негізделген басқару жүйесін
қалыптастыруға деген қажеттілік туды, олай дейтініміз социалистік кезеңде
болған құрылымдар енді нарық талаптарына жауап бере алмады.
Нарықтық экономикаға өту барысында ауыл шаруашылығы саласында
меншіктің әр түрін қалыптастыру, тауар өндірушілерге еркіндік беру,
кәсіпкерлікті дамыту бағытында күрделі мәселелердің тұрғаны белгілі.
Сондықтан, елімізді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін нарықтық қатынастарға
икемді өнім өндіруші жеке тұлғаларды қалыптастыру мен дамытудың маңызы зор.
Соның ішінде, шаруа (фермер) қожалықтары басқа шаруашылықтарға қарағанда
еркін, шағын және сапалы өнім түрін шығаруға едәуір қолайлы болып келеді.
Оны шетел тәжірибелерінен анық көруге болады.
Ауыл шаруашылығы АӨК өндірушілері қоғамның экономикалық өмірінің басқа
нысандарымен, әсіресе нарықтық қатынастағы әріптестерімен бірдей жағдайда
емес еді. Олар бір-бірінен алыс жатқандықтан ақпарат жетіспеушілігін
сезінеді. Олардың тағдыры көбінесе табиғат жағдайларына байланысты,
сондықтан, саяси құрылымы мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларға
қарамастан, әр мемлекет ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге белсенді
қолдау көрсетуі қажет болды.
Елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру ісі қалыптасқан тарихи
шаруашылықты аймақ болатын. Себебі, Қазан төңкерісіне дейін қазақ ауылының
98,8 пайызы ауыл шаруашылығымен айналысқан [15] болса, 1992 жылы ауыл
тұрғындары бар халықтың 43,3 пайызын құрады.
Ел экономикасын басқарудың қалыптасқан әкімшіл-әміршіл тәртібінен ең
әуелі ауыл шаруашылығы, оның ішінде, әсіресе, байырғы өріс мал шаруашылығы
көп зардап шекті. Жоспарлау жұмыстарында, көп жағдайда ауыл шаруашылығының
тек осы салаға тән ерекшеліктері, оның ауа райының құбылмалығымен тікелей
байланыстығы, қаржы құрылымының тым төмен дәрежесі, маусымдық т.б.
толығымен ескерілмеді. Мәселен, сол жылдары қарастырылған қой шаруашылығын
дамытудың келешегі туралы мәселені алып қарайық. 70-ші жылдардың аяғында
қабылданған Бағдарламалар бойынша республикада қой санын 1985 ж. 41 млн.,
ал 1990 ж. 50 млн. басқа жеткізу алға қойылды. Бірақ кеңестік ысырапқорлық
экономиканы үстемдік құрған заманында мұндай межеге жетудің мүмкін еместігі
есепке алынбады.
Республика агроөнеркәсібінің тауарлы өндірісінің бірі болып саналатын
қой шаруашылығы негізгі аймақтарда экстенсивтік өндірістермен жүргізілді.
Негізгі факторлар: саланың материалды-техникалық базасының, техника
күштерінің, жабдықталған мал суаттары мен құдықтардың, т.б. тапшылығы,
өндірістік кадрлардың арасында ынталы да білікті жастардың бірен-сарандығы
т.б. Бұдан басқа, маусымдық жайылымдардың жетіспеуі, оларды тиімді
пайдаланудағы кемшіліктер (мәселен, 20 млн. гектарға жуық құнарлы қой өрісі
әскери сынақтар мен жабық аймақтар шеңберінде қалып қойды), малшылардың
әлеуметтік тұрмыс жағдайындағы олқылықтар, т.б.
Ауыл шаруашылық бірлестіктерін әміршіл-әкімшіл әдіспен ұйымдастыру
мемлекеттік ресми органдардың толық, біржақты үстемдігіне негізделді.
Басқарма төрғаларының бұрын өндірісте істеген іс-тәжірбиесі ескерілмеді.
Соның салдарынан, колхоз өндірісінің құлдырауы, мамандардың тұрақтамауына
әкеліп соқты. Айталық, Республика көлемінде он бірінші бесжылдықта 284
колхоздың төрағасы ауыстырылса, 1986-87 жылдары бұл көрсеткіш 125-ке жетіп,
1987 жылдың өзінде 69 колхоз төрағасы ауыстырылды [16].
Колхоз құрылысының дағдарыстарының терең тамыры мемлекеттік әкімшіл-
әміршіл жүйеде жатыр еді. Ал, жалпы республика бойынша он бірінші
бесжылдықа Ақтөбе, Ақмола облыстарында 80 пайыз, Қостанай, Талдықорған,
Жамбыл облыстарында 70-75 пайыз, Алматы, Орал, Шығыс Қазақстан облыстарында
50-60 пайызға дейін колхоз төрағалары ауысқан [17]. 1988 ж. 1 қарашасындағы
мәлімет бойынша колхоздардың иелігінде 140.648.30 мың гектар жер болса,
оның 417.686 мың гектары шабындық, 816.423.5 мың гектары жайлымдық жерді
иеленген [18].
Ауыл шарушылығының дамуы ел тұрғындарын азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз
етуде суармалы егіншілік маңызды рөл атқарды. Республикамызда 70-жылдардың
аяғында суармалы жердің көлемі 1760 мың гектарға жеткізілді, онда тиімді
техникалық дақылдар, адам өміріне аса пайдалы көкөніс, бау-бақша және тағы
да басқа өнімдер өндірілді. Бірақ, осының бәріне қарамастан, халықтың азық-
түлік жөніндегі талап-тілегін қанағаттандыру өткірде әрі өзекті мәселеге
айналды. Тамақ өнімдерін, ауыл шаруашылығының тұтынуға дайын басқа да
тауарларын (тіпті астыққа дейін) шет елдерден тасып әкелу дағдыға айнала
бастады, олардың көлемі жылдан жылға өсіп отырды. Шетелдік бұйымдарды сатып
алуға валюталық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеудің сарапталып, сыннан өтуі
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік – шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар: қағидалар және тарихи тағылым (1991-2007 ж.ж.)
Ауыл шаруашылық малдары
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалау
Қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшірудегі мемлекет саясаты (ХХ ғ. 20-30-шы жж.)
Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы көші-қон үдерістері: тарихи-демографиялық аспект (1917-1991 жж.)
Түркістан қаласы мен агломерациясының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1867-2009 жж.)
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы туралы
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарының қазіргі жағдайы
Пәндер