Минералдардың физикалық қасиеттері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Реферат
Тақырыбы: Минералдар туралы түсінік
Пәні: Жалпы және мұнай геологиясы.

Тексерген:

Орындаған:

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Минералдың классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Қазақстанның батыс облыстарындағы пайдалы қазбалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Минералдардың физикалық қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
Моос шкаласы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

Кіріспе
Минерал (ескі лат. mіnera - кентас кесегі) - химиялық құрамы және физикалық қасиеттері бір текті табиғи дене. Ол жер бетіндегі немесе жердің (ғарыш денелерінің) қойнауындағы физикалық - химиялық процестерге байланысты пайда болып, тау жыныстарын, кентастар мен метеориттерді, т.б. құрайды. Минерал негізінен қатты денелер. Олар кристалды (пирит, галенит), аморфты (опал, лимонит) және метамикты (сырты кристалл тәрізді, ішкі құрылысы аморфты, шыныға ұқсас) болып жіктеледі. Әр Минерал өзіне тән құрамды, кристалды құрылымы бар табиғи қосынды. Жекелеген кристалдар, дәндер және басқа денелер Минералдық индивид деп, ал Минералдық индивидтердің бірігіп түзілгендері минералдық агрегаттар деп аталады. Табиғатта зерттелген Минерал түрлері 2,5 мыңға жуық, жыл сайын 30-ға жақын жаңа Минерал түрлері анықталады. Минералдардың көпшілігінде ионды құрылым кездеседі (кристалдық химия). Ковалентті және интерметалдық құрылымдар аз кездеседі. Минерал құрауға Менделеев кестесіндегі инертті (асыл) газдар мен ураннан соңғы элементтердің бәрі қатысады. Олардың кейбіреуі Минерал құрауда басты орын алады, ал құрылымы мен қасиеттері басты элементтерге ұқсастары (Pd, Ge, Іn, Cd, Ga, Tl, Se, І, Br, Re, Rb)
Минералдардың құрамында изоморфтық қоспалар түрінде кездеседі. Изоморфтық қоспалар Минералдардың химиялық қасиеттерін өзгертеді. Табиғатта силикаттар (Минералдың жалпы санының 25%-ы), сульфидтер (13%), фосфаттар мен ванадаттар (18%), тотықтар мен гидрототықтар(12%), түрлі табиғи химиялық қосылыстардың (32%) Минералдары бар. Жер қыртысының 92%-ы силикаттардан, тотықтардан, гидрототықтардан тұрады. Химиялық құрамы жағынан Минералдар таза элементтер және күрделі қосылыстар болып бөлінеді. Минерал кристалдары жай аниондардан (S[2 - ], O[2 - ], OH[ - ], Cl[ - ], т.б.), аниондық радикалдардан [CO3][2 - ], [SіO4][4 - ], [PO4][3 - ], т.б. құралады.
Минералдарды кристалдыхимиялық жіктеу, құрылысының ерекшеліктеріне негізделген. Құрылымы бір типтес Минералдар құрамының изоморфизм процестерінен өзгеруі оларды құраушы атомдардың, иондардың атомдық (иондық) радиустарына, кристалдық - химиялық сандарына, химиялық байланыс түрлеріне байланысты болады.

Минералдар классификациясы

Минералдар классификациясы. Минералдардың қазіргі классифи кациясына негізінен кристаллохимия принципі алынған, яғни кристалды құрылыс және химиялық құрам. Барлық минералдарды бірнеше топка бөледі. Олардың негізгілері мыналар: 1) силикаттар; 2) тотықтар мен гидрототықтар; 3) карбонаттар; 4) фосфаттар; 5) сульфаттар; 6) галоидтер; 7) нитраттар; 8) сульфидтер; 9) таза элементтер; Табиғат ғылымдарының қайсысын алсақ та олардың өздеріне тән зерттейтін заттарын реттеп, топтау керек. Мысалы, ботаника,зоология сияқты ғылымдарды алатын болсақ , оларда өсімдіктер мен жануарларды әр түрлі белгілері бойынша бірнеше топтарға, яғни ботаникалық , зоологиялық систематикаларға бөледі. Өсімдіктер мен жануарлардың жүздеген, тіпті, мындаған түрлері бар. Олардың барлығын жеке-жеке сипаттау әрі қиын, әрі мағынасыз, сондықтан олардың арасындағы байланысты, қарым-қатысты, жаратылыс тектестерін тану қажет. Соларды жаратылыс тегіне: аталастығына, тұқымдастығына қарап топтап айыратын болсақ, зор жеңілдік келеді.
Сол сияқты мыңдаған минералдар түрлерін топтарға бөледі. Оны классификация немесе систематика дейді. Минералдарды системаларға бөліп сипаттауды сипаттық немесе систематикалық минералогия дейді.
Минералдарды системаға белудің бірнеше түрлі әдісі бар. Өндірістік-экономикалық жағынан топтағанда, оларды, мысалы, химия өндірістерінің шикізат минералдары, қара металлургия мен түсті металлургия минералдары, құрылыс материалдары, асыл тастар, қымбатты металдар, ауыл шаруашылығына қолданылатын минерал заттар сияқтандырып бөледі. Генезис деген грек сөзі -- жаратылу, шығу, пайда болу деген сөз. Демек, минералдардың генезисі дегеніміз -- олардың жаратылысы. Жердің ішкі қабаттарында пайда болатын магма жоғары көтеріліп жіктеледі; салқындап қатаюдан пайда болатын тау жыныстары магмалық жыныстар, оны құраушы және соған байланысты пайда болғанминералдар магмалық минералдар деп аталады. Онан кейін қалдық магмалардан магмалық минералдар пайда болады. Оның ең ірі және минерал заттар көп кездесетін түрі -- пегматит, оны құраушы және оған байланысты пайда болған минералдар -- пегматиттік минералдар. Онан қалған су буы мен газдарға қаныққан заттардан пайда болып, жердің үстіне таман таянған жарықтарды толтыратындар -- пневматолиттік минералдар. Онан қалған бу мен газдар суға араласып ыстық ерітінді құрайды, яғни гидротермалар пайда болады. Гидротерманың ішіндегі заттар жер жарықтарына, тау жыныстары арасындағы қуыстарға сіңіп, минералды желілер құрады. Олардың өзі минералдану тереңдігіне қарай, соған байланысты жаратылыс температурасына қарай үшке бөлінеді:
· жоғары температуралы гидротерма -- гипотерма
· орта температуралы гидротерма -- мезотерма
· төмен температуралы гидротерма -- эпитерма

Қазақстанның батыс облыстарындағы пайдалы қазбалар

Батыс Қазақстан облысында барлау жұмыстарының нәтижесінде кеңінен таралған пайдалы қазбалардың 144 кеніші табылды. Бұл кеніштердің барлығы да соңғы бірнеше жылда ашылған. Бұл туралы облыстық әкімшіліктен хабарлады. Әкімшіліктің мәліметіне сәйкес, Батыс Қазақстан облысында цементтің, қиыршық қоспалардың, әктің, карбонат және қыш шикізатының көздері бар. Қазіргі жағдаймен облыстық жылу-энергетикалық кешені департаменті коммерциялық мақсатта пайдалы қазбалар өндіру, барлау және жер қойнауын пайдалану құқығын алуға байқау өткізуде. Құрылыс шикізаты шығатын кеніштерді игеру нәтижесінде Ресейден құрылыс материалдарын импорттау ауқымы біршама азаяды деп күтілуде. Қазір батыс Қазақстан облысында түрлі пайдалы қазбалардың 28 кен орны пайдаланылуда. Мұнай мен газдың мол қоры Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан аймақтарында шоғырланған. Маңғыстаудың таулы бөлігінде түйінді фосфорит пен темір кендерінің түрлері бар. Ханга-Баба, Тюбаджик, Жалбарт, Таушық және Жангелді фосфорит кен орындары алдын-ала барланғын. Олардың жалпы қоры шамамен 175 млн. тоннаны құрайды. Темір кендерінің анағұрлым ірісі - Шығыс Қаратау тау жоталарының орталық бөлігінде орналасқан
Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты
Пайдалы қазбалар деп, қазіргі техниканың даму деңгейінде, табиғи түрінде немесе өңделгеннен кейін шаруашылықта пайдалануға болатын минералдар мен тау жыныстарын айтады. Әдетте, таулы аймақтарда (қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы аудандарда) және шөгінді қабығынан айырылған платформаларда рудалы қазбалар кені көптеп кездеседі. Мұнай елімізде бірінші рет 1899 жылы Қарашүңгілдегі Ембі кен орнындағы мұнай ұңғысынан (скважина) атқылады. Ал 1911 ж. Доссор, 1915 ж. Мақат кен орны пайдалануға берілді. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңқыстау түбегіндегі Өзен мен Жетібай қосылды. Кейінірек олардан да куатты Қаражамбас пен Қаламқас, Теңіз (Атырау облысы), Кеңкияқ және Жаңажол (Ақтөбе облысы), Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) пен Құмкөл (Қызылорда облысы) кен орындары ашылды. Қазір Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 207 кен орны бар. 1999 жылы Қазақстан қойнауынан алғашқы отандық мұнай алынғанына жүз жыл толғаны тойланды.Бүгінде республиканың жылына (2005 ж.) шамамен 50,2 млн мұнайы шет елге шығарылады. 2000 жылы Атыраудың солтүстік шығысында 45 км жерде Каспий қайраңында Қашаған мұнай кен орны ашылды. Ол соңғы 30 жылдағы дүние жүзіндегі ең ірі кен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заттардың кристаллдық және аморфты құрылымы
Минерал ұғымының тарихы
Минералдар
Жер қыртысын құраушы минералдық заттар
Минералды заттар.Tағам өнімдерінің гигиенасы туралы ақпарат
Минералдар мен олардың түзілімдері
Минералдар классификациясы
Жер қыртысының минералогиялық құрамы
Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы
Металдар мен қорытпалардың физикалық қасиеттері
Пәндер