Тау жыныстарының жіктелуі


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Реферат
Тақырыбы: «Тау жыныстары туралы түсінік»
Пәні: Жалпы және мұнай геологиясы.
Тексерген: Магистр
Орындаған:
Алматы-2019
Жоспар
Кіріспе . . . 3
- Тау жыныстары . . . 4
- Тау жынысының құрылымы мен түзілімі . . . 5
- Гелогиялық процестер(Эндогендік экзогендік) . . . 6
- Тау жыныстарының жіктелуі . . . 7
- Жер қабығының құрылымы . . . 8
Қорытынды . . . 9
Әдебиеттер тізімі . . . 10
Кіріспе
Жер қыртысын құраушы минералдық бір тектес заттарды тау жынысы деп атайды. Жердің сыртқы қыртыс қабаттары көбінесе қатты тастардан тұрады. Сол себепті тау жыныстарын анайы түсінікпен атағанда тастар деуге болады. Тастардың жер бетіне шыққан айқын күрделі түрлері тауларда кездеседі. Тау жыныстары деген сөздің өзі сол тастардың тауда кездесу түсінігінен шыққан. Олай болса тау жыныстарының орнына тастaр деген түсініктің өзін алуға да болар еді. Расында петрография деген сөздің өзі де сонан шыққан болатын (грекше петро - тас деген сез) . Бірақ ерте кезде осылай алынғанымен қазіргі түсінікке ол дәл келе қоймайды. Өйткені жер кабаттарын құраушы минералдық бір тектес зат қатарына, яғни тау жынысы қатарына су, мұнай, көмір, топырақ, сияқты заттар да жатады. Бірақ бұларды тас деуге болмайды. Сондықтан тау жынысы деген түсініктің тастан көрі мағынасы кеңірек. Сонымен, петрография тау жыныстарын зерттеуші ғылым. Тау жыныстарының шығу тегіне жалпы шолу жасап көрейік. Жердің үстіңгі қабатындағы тас қабықты құраған тау жыныстары алғашқыда балқыған тұтқыр заттан қатайып пайда болған. Демек, ол тау жыныстарын құраған минералдар мен кристалдар да алғашқыда сол балқыған заттан пайда болған. Онан кейінгі замандарда, жердің қатты тас қабығы құрыла бастасымен ондай тау жыныстары, күннің шағу, желдің қағу, судың шаю әсерінен бұзылып, бөлшектерге жіктеліп, ажырап үгітіле бастаған. Тау жыныстарының үгітіліп ұсақталған түйіршіктері суға еріп, химиялық әр түрлі қосындыларға айналып, тұнып, тығыздалып, бірігіп, басқа түрлі минералдарға және тау жыныстарына айналған. Мұнан кейін олар екінші рет қайта өзгеріп, тағы басқа тау жыныстарының түріне айналған. Жердің жүздеген миллиондаған ұзақ тарихы бойында осы әрекет көп қайталанып отырған. Сонымен қатар бертін келе-келе тау жыныстары мен минералдардың бұзылып өзгеруіне және жиналып құралуына тіршілік дүниесі де көп әсерін тигізген. Жердің тереңдегі ішкі ыстық қабаттарынан балқыған заттар қосындысы да (магма) анда-санда жер бетіне көтеріліп шығуын тоқтатқан жоқ . Олардың қатаюынан жаңа тау жыныстары пайда болады. Бұрын және жаңадан пайда болған тау жыныстары қайта өзгеріп, басқа минералдар мен тау жыныстарының түріне айналып отырады. Осы ретпен жер қыртысында пайда болған тау жыныстары мен минералдардың түрлері өте көп. Олардың бірсыпырасы адам баласының керегіне жұмсалады. Ондай минералдарды пайдалы қазындылар дейді немесе кен минералдары, кен тасы немесе руда дейді. Пайдалы қазындылардың жер қойнауынан шығатын орнын кен дейді. Жердің кен қазынасы таусылмас мол. Барлық асыл заттар, өнеркәсіп орындарының барлық керегі сол қазынадан табылады. «Асыл тастан шығады» дейтін халық мәтелі рас. Сол тастан шығатын асылды алмақ болып қарманудың арқасында адам баласы зор табыстарға жетті. Неше түрлі минералдар мен тау жыныстарының сырын ашып, түрлерін тапты. Қазіргі белгілі минералдардың түрі 3000 шамасында
Тау жыныстары
Тау жыныстары - жер қабығында бірнеше тектен қосылған минералдық тау жыныстары, минералдардың немесе органикалық заттың қатқан немесе қатпаған жиынтығы. Тау жыныстары шығу тегіне қарай мынадай үш үлкен топқа бөлінеді:
- магмалық тау жыныстары
- шөгінді тау жыныстары
- метаморфтық тау жыныстары
Минералдардың барлығы «мономинералды» және «полиминералды» болып екіге бөлінеді. Мономинералды дегеніміз - тек бір ғана химиялық қосылыстан (мысалы, кварц, пирит), ал полиминералды дегеніміз - бірнеше химиялық қосылыстан (минералдардың басым көпшілігі) тұратын минерал. Минералдар жиынтығының құрылуының бірнеше жолы бар:
- Жер бетіндегі үдерістердің кезіндегі шөгінді тау жыныстарын құрайтын дәндердің қосылып өсуі немесе бөлінуі;
- Атпалы тау жыныстарын құрайтын магманың кристалдануы; және
- Сыртқы жағдайдың (мысалы, қысым мен температура) өзгеруі нәтижесінде метаморфозды тау жынысын құрайтын заттың қатты күйіндегі қайта кристалдануы.
Тау жыныстың осы үш түрі бір-бірінен дәндерінің арасындағы қарым-қатынасымен (текстурасымен) ерекшеленеді.
Шөгінді тау жыныстары келесі сипаттармен ерекшеленеді:
- Дәнаралық шөкпе немесе ұсақ дәнаралық лай ұстап тұрған жұмыр немесе қырлы дәндер;
- Ұзын біліктерінің негізгі бағытын көрсететін саз минералдардың ұсақ жиынтықтары;
- Дәндердің арасында түзу шеттері мен үштік жалғастарды көрсететін минералдардың кристалды жиынтығы (мысалы, кәлсит) ;
- Кәлситтің кесекаралық шөкпесі немесе ұсақ кесекаралық лай ұстап тұрған қазбалы кесектердің жиынтығы;
- Органикалық заттың жиынтығы (мысалы, лигнит немесе көмір) .
Барлық атпалы тау жыныстар байланыспалы текстурасын көрсететін минералдардың жиынтығымен ерекшеленеді.
Тау жынысының құрылымы мен түзілімі
Тау жынысының құрылымы дегеніміз өзін құрайтын минералдардың кристал дану дәрежесі, кристалдары мен түйірлерінің мөлшері мен піші ні, олардың бір-бірімен дәнекерлесу сипати тұрғысынан әрбір тау жынысы ерекше даралайтын оның ішкі құрылыс ерекшелігі. Тау жынысының құрылымы, оның минералдық құрамы және нақышы үшеуі біріге отырып, сол тау жыныстарын анықтау мен жіктеу принциптерінің ең маңызды белгілері болып табылады. Тау жыныстарында біршама жиі кездесетін құрылым түрлері төмендегідей: 1) толық кристалды құрылым - тау жыныстары кристалданған түйірлерден тұрады; кристалдарының мөлшері тұрғысынан тау жыныстары ірі кристалдары (кристалдарының мөлшері 5 мм-ден астам), орташа кристалды (1-5мм) және ұсақ кристалды (1 мм-ден кішірек) болып үш түрге бөлінеді; 2) жасырын кристалды, немесе афанитті құрылым-тау жынысы құрайтын өте-мөте ұсақ кристалды тек қана микроскоппен көруге болады; 3) шыны тектес қрылым-тау жыныстары кристалданып үлгермеген шыны тектес заттардан тұрады; 4) Сеппелі құрылым-негізінен алғандашыны тек тес немесе жасырын кристалды заттардан тұрады тау жынысы үлгісінің жалпылама массасы арасында некнсаяқ кристал дар сеппесі кездеседі: бұл сеппелерді профилі сеппе, немесе фенокристал дар деп. атайды. 5) бадамтасты құрылым-тау жыныстарының бадам дәні пішіндес кеуектері болады; бұл кеуектерді кейде минерал түйіршіктер иімдеуі мүмкін. Келтірілген құрылым түрлері тек қана магмалық және метаморфтық жыныстарға тән. Шөгінді жыныстардың, әсіресе олардың сынықты түрлерінің құрылымдық сипаты сол тау жынысын құрайтын кесектер мен түйірлердің (кристалдардың емес) мөлшерлерімен анықталады. Тау жынысының нақышы дегеніміз он құрайтын минерал коисталдары мен тау жынысы түйірлерінің өзара орналасуы және даралану ерекшеліктерін, олардың тау жынысы болмысын имдену ретінде сипаттайтын сол тау жынысының әлпет ерекшелігі. Магмалық жыныстардың нақшы магма балқымасын кристалдану ерекшеліктерімен, сол балқымның суынуы және кристалдануы барысында туындайтын процесттер әсерінен тау жынысы массалары аралығындағы кеңестіктердің тоғытылу болмысымен, сол сияқты балқымға суынуы барысында тау жынысының бөлшектену пішіндерімен анықталады. Шөгінді жыныстардың алғашқы нақшы және туынды нақшы деген ұғымдар қалыптасқан, мұның алғашқысы тау жынысының қалыптасуы барысында айшықталған болса, туынды нақыш шөгіндінің (тұнбаның) қатты тау жынысына айналуы және оның болашақ өзгерістері кезінде қалыптасады. Өздерінің тегі, яғни қалыптасуы ерекшеліктері тұрғысынан тау жыныстары үлкен-үлкен үш топқа бөлінеді, олар-магмалық, шөгінді (тұнба) және метаморфтық жыныстар.
Гелогиялық процестер(Эндогендік экзогендік) .
Геологиялық процестер - Жердің құрамын, құрылымын, бедерін және ішкі құрылысын үнемі өзгертіп отыратын процестер жиынтығы. Бүл процестер тарихы жер қыртысының құрамы мен құрылысында немесе жербедер өзгерістерінде сақталған сол процестердің нәтижелерін зерттеу арқылы анықталады; қазіргі өтіп жатқан Геологиялық процестерді жан-жақты зерттеу де маңызды, өйткені өткен кезеңдер мен дәуірлердегі Геологиялық процестердің болмыс-бітімі осы зерттеу нәтижелерімен салыстыра саралау арқылы ұғынылады. Геологиялық процестер: эндогендік процестер және экзогендік процестер болып екі топқа жіктеледі; геологиялық нысандар бұлардың біреуінің ғана немесе екеуінің қосарлана әрекет етуі нәтижесінде де қалыптасуы мүмкін. Экзогендік процестер , сыртқы процестер - Күн энергиясы мен Жердің өзіне тарту (гравитация) күшіне негізделген геологиялық процестер жиынтығы.
Экзогендік процестерге атмосфера газдарының, жел, жауын-шашынның, организмдерінің әрекеттерінен туатын, бір-бірімен тығыз байланысты физика-химиялық, геохимиялық, физика-механикалық, гидродинамикалық, гидрохимиялық, биохимиялық, биогеохимиялық, т. б. процестер жатады.
Жер бетінің әр бөлігінде Экзогендік процестердің белгілі тобы (құрлықта физика және химия үгілу, гипергенез, су айдындарындағы литогенез процестері) басым келеді. Экзогендік процестерәсерінен барлық түпкі тау жыныстарының минералдары мүжіліп үгіледі, әр түрлі жылдамдықпен ыдырайды, үгілген материал бастапқы орнынан жылжып көшеді, жаңа орынға келіп жиналады. Сөйтіп, жаңа физика-географиялық, геохимиялық жағдайларда жаңа гиперген минералдар мен тау жыныстары түзіледі.
Экзогендік процестерден үгілу қыртысы, тотығу белдемі, жер бетінің борпылдақ (континенттік) тау жыныстары, су айдындарында түрлі құрамды тұнбалар және бұлармен байланысты пайдалы қазбалар қалыптасады. Эндогендік Процестер - Жердің ішкі энергиясына, ауырлық күшіне және Жер айналған кезде пайда болатын күштерге байланысты оның қойнауында жүретін геологиялық процестер. Эндогендік процестерге радиоактивті заттардың ыдырауы, әр түрлі химиялық реакциялар және жер қыртысының астындағы массалардың өзгеруі және т. б. жатады. Эндогендік процестер тектоникалық қозғалыстар (жер қыртысының баяу көтерілуі мен төмендеуі, қатпарлану, бедердің ірі элементтерінің пайда болуы, жер сілкіну), вулканизм процестері (магманың көтерілуі, бедердін жанартаулық пішіндерінің құрылуы мен жанартаулардың атқылауы), тау жыныстарының метаморфизмі және пайдалы қазбалар кенорындарының қалыптасуы түрінде көрініс береді. Эндогендік процестер жер бетінің морфоқұрылымына себепші болады және экзогендік процестермен бірге Жер бедерінің қалыптасуына қатысады.
Тау жыныстарының жіктелуі
Тау жыныстары - жер қабығында бірнеше тектен қосылған
минералдық тау жыныстары, минералдардың немесе органикалы қ затты ң
қатқан немесе қатпаған жиынтығы.
Жер қыртысын құраушы минералдық бір тектес заттарды тау жынысы
деп атайды. Жердің сыртқы қыртыс қабаттары көбінесе қатты тастардан
тұрады. Сол себепті тау жыныстарын арнайы т үсінікпен ата ғанда тастар
деуге болады. Тастардың жер бетіне шыққан айқын к үрделі т үрлері
тауларда кездеседі. Тау жыныстары деген с өзді ң өзі сол тастарды ң тауда
кездесу түсінігінен шыққан. Тау жыныстарының үгітіліп ұса қтал ған
түйіршіктері суға еріп, химиялық әр түрлі қосындыларға айналып, т ұнып,
тығыздалып, бірігіп, басқа түрлі минералдарға ж әне тау жыныстарына
айналған. Мұнан кейін олар екінші рет қайта өзгеріп, та ғы бас қа тау
жыныстарының түріне айналған. Жердің жүздеген миллиондаған ұзақ
тарихы бойында осы әрекет көп қайталанып отырған. Сонымен қатар
бертін келе-келе тау жыныстары мен минералдарды ң б ұзылып өзгеруіне
және жиналып құралуына тіршілік дүниесі де көп әсерін тигізген. Магмалық тау жыныстары әр түрлі белгілеріне - шығу тегіні ң
жағдайларына, химиялық кұрамына, минералдық құрамына т. б.
қарай жіктеледі. Шығу және қатаю жағдайларына қарай олар
тереңдік немесе интрузивтік және төгілме немесе эффузивтік
болып бөлінеді. Мысалы, магмалық тау жынысының жер астында қатайған интрузивтік (тереңдік) түрі болса, ол түгелдей кристалл т үйіршіктерінен т ұрады
(гранит, сиенит, диорит, габбро, дунит т. б. ) . Магмалық тау жынысы жер
бетіне шығып төгілген лавадан пайда болса, яғни эффузивтер болса,
олардың кристалдары жай көзге көрінбейді, олар тұтас шыны немесе шлак
сиякты болады (вулкандық жыныстар) .
Шөгінді жыныстардың кейбір бірігіп ты ғыздал ған
кесекті түрлері, мысалы кейбір құмтастар, кейде түйіршікті магмалық
жыныстарға ұқсайды.
Метаморфтық жыныстар магмалық және шөгінді жынысты ң екеуінен де
пайда болады. Метаморфтық жыныстардың өзгешелігі сол, оларды ң
көбінесе жаншылған-тақталанған іздері байқалып тұрады немесе ысты қ
лепке түсіп өзгеріске ұшыраған белгісі болады.
Магмалық және шөгінді жыныстар жердің терең қабатына түссе
немесе жаңадан көтерілген магмалық ыстық лебіне ұшыраса, олар
қысым күшінің және ыстық лептің әсерінен әр турлі өзгерістерге
ұшырап, өзінің бастапқы құрылыс түрін жоғалтады, сонымен қатар
олардың минералдық және химиялық құрамы да өзгереді.
Жер қабығының құрылымы
Жер қабатының құрылымы - диаметрі 6357-6378 км-ге тең эллипстік (дөңгелекке жуық) шаршы нысандас Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар.
Жер негізгі 3 геосферадан тұрады:
- жер қыртысы,
- мантия,
- ядро.
Жердің физикалық қасиеттері мен температурасы тереңдеген сайын өзгереді.
Жердің ішкі өзегін ядро деп атайды. Жердің ядросын радиусы 3486 км-дей құрайды. Ол сыртқы және ішкі ядроға (субядроға) бөлінеді. Бұл екеуінің арасында сыртқы ядро құрамына кіретін аралық белдем бар. Ядро шекарасында бойлық сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы 13, 6 км/с-тан 8, 1 км/с-қа дейін кемиді, субядро шегіне тау 11, 2 км/с-қа дейін артады. Субядродағы сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тұрақты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz