Геологиялық карта және геологиялық қима


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Реферат

Тақырыбы: Геологиялық карта және геологиялық қима

Пәні: Жалпы және мұнай геологиясы.

Тексерген:

Орындаған:

Алматы-2019

Жоспар

Кіріспе . . . 3

Геологиялық қима тұрғызу . . . 4

Қорытынды . . . 6

Әдебиеттер тізімі . . . 7

Кіріспе

Геологиялық қима - нақтылы өңір қойнауларының тік жазықтықтағы ерекшеліктерін көрсететін сызбалы кескін. Геологиялық қима жасы, құрамы, әр түрлі тау жыныстарының созылымына көлденең тартылған түзу не сынық сызық бойымен салынады. Геологиялық қима картаға түсіру кезіндегі байқаулар, тау кен қазындылары мен бұрғылау ұңғыларынан алынған деректер, геофиз. зерттеулер т. б. нәтижесінде жасалады. Ол тау жыныстарының астасу ерекшеліктерін, көнелігі мен құрамы әр түрлі жыныстардың өзара қатынас мөлшерін, геол. денелердің пішіндері мен олардың қалыңдығындағы өзгерістерді, қатпарлануы мен жыртылып ажырау сипаттарын, әр түрлі таскелбеттер (фация) және олардың бір-бірімен алмасу заңдылықтарын көрсетеді. Геологиялық қиманың масштабы геол. картаның масштабына сәйкес болады, алайда кейбір өндірістік тұрғыдан маңызды деген алқаптардың Геологиялық Қимасы ірірек масштабта салынады. Қиманың тік және жазық бағыттардағы масштабтары бірдей немесе әр түрлі болады. Кейбір жағдайларда (инженерлік геологияда) қиманың тік бағыттағы масштабы оның жазық бағыттағы масштабынан көп есе артық болуы мүмкін. Геологиялық қимадағы геол. денелердің жай-жапсары арнаулы шартты белгілермен көрсетіледі. Координаттар мен биіктіктер жүйесінде анықталған геодезиялық тірек торларының нүктесі. Геологиялық қима центрінің координаттары (абсцисса, ордината және абс. биіктігі), сондай-ақ, бағдарлау пунктіне бағытталған дирекциялық бұрыштардың мәндері геодезиялық каталогтарда сақталады. Координаталары триангуляция әдісімен анықталатын геологиялық қима триангуляциялық пункт деп, ал полигонометрия әдісімен анықталатын пунктті полигонометриялық пункт деп атайды. Геологиялық қима биіктіктері нивелирлеу арқылы анықталады. Геодезиялық тор құрайтын геологиялық қима жер бетінде жүргізілетін әр түрлі топогр. зерттеулерде, инж. жұмыстарда қолданылады. Геологиялық Карта - жер қыртысының геологиялық құрылысын белгілі бір масштабта графикалық бейнелеу. Геологиялық Карта геол. түсіру, геол. зерттеулер нәтижесінде жиылған материалдарды қорыту арқылы жасалады. Жер қыртысының құрылысы мен дамуы, ондағы кен байлықтарының таралу заңдылықтары туралы тұжырым жасауға, іздеу мен барлау, құрылыс, сумен қамтамасыз ету, мелиорация жұмыстарын жобалауға мүмкіндік береді. Геологиялық Картада тау жыныстарының құрамы мен жаралу тегі, олардың орналасу жағдайы, бір-бірімен жапсарласу сипаты, белгілі түстер, арнаулы ұсақ сызықшалар, әріптер, цифрлар арқылы көрсетіледі. Түрлі түстер жыныстардың геол. жасын, ал сызықшалар литол. құрамын көрсетеді. Барлық шартты белгілер мен олардың түсінігі картаның жиегінде белгілі бір тәртіппен жазылады. Геологиялық Карталар антропоген (төрттік) шөгінділерінің Геологиялық Картасы, литологиялық карта, палеогеографиялық карта, инженерлік геология картасы, кен байлықтар картасы болып бөлінеді.

Геологиялық қима тұрғызу.

Геологиялық қима - нақтылы өңір қойнауларының тік жазықтықтағы ерекшеліктерін көрсететін сызбалы кескін. Геологиялық қима жасы, құрамы, әр түрлі тау жыныстарының созылымына көлденең тартылған түзу не сынық сызық бойымен салынады. Геологиялық қима картаға түсіру кезіндегі байқаулар, тау кен қазындылары мен бұрғылау ұңғыларынан алынған деректер, геофиз. зерттеулер т. б. нәтижесінде жасалады. Ол тау жыныстарының астасу ерекшеліктерін, көнелігі мен құрамы әр түрлі жыныстардың өзара қатынас мөлшерін, геол. денелердің пішіндері мен олардың қалыңдығындағы өзгерістерді, қатпарлануы мен жыртылып ажырау сипаттарын, әр түрлі таскелбеттер (фация) және олардың бір-бірімен алмасу заңдылықтарын көрсетеді. Геологиялық қиманың масштабы геол. картаның масштабына сәйкес болады, алайда кейбір өндірістік тұрғыдан маңызды деген алқаптардың Геологиялық Қимасы ірірек масштабта салынады. Қиманың тік және жазық бағыттардағы масштабтары бірдей немесе әр түрлі болады. Кейбір жағдайларда (инженерлік геологияда) қиманың тік бағыттағы масштабы оның жазық бағыттағы масштабынан көп есе артық болуы мүмкін. Геологиялық қимадағы геол. денелердің жай-жапсары арнаулы шартты белгілермен көрсетіледі. Координаттар мен биіктіктер жүйесінде анықталған геодезиялық тірек торларының нүктесі. Геологиялық қима центрінің координаттары (абсцисса, ордината және абс. биіктігі), сондай-ақ, бағдарлау пунктіне бағытталған дирекциялық бұрыштардың мәндері геодезиялық каталогтарда сақталады. Координаталары триангуляция әдісімен анықталатын геологиялық қима триангуляциялық пункт деп, ал полигонометрия әдісімен анықталатын пунктті полигонометриялық пункт деп атайды. Геологиялық қима биіктіктері нивелирлеу арқылы анықталады. Геодезиялық тор құрайтын геологиялық қима жер бетінде жүргізілетін әр түрлі топогр. зерттеулерде, инж. жұмыстарда қолданылады. Қиманың тік және жазық бағыттағы масштабтары әдетте бірдей болып келеді, бірақ кейде (әсіресе инженерлік геологияда) қиманың тік бағыттағы масштабы оның көлбеу бағыттағысынан бірнеше есе артық болуы жиі байқалады. Геологиялық қима терминінің шартты синонимі-геологиялық кескін. Типті, қалыпты және құрама геологоиялық-геофизикалық қималарды құру

Типті геологиялық-геофизикалық қима - геологиялық қабаттардың кезектелуін сипаттайтың, олардың орташа қуаттылығын, литологиялық құрамын, мұнай-газқанығуын, жасын, басқа геофизикалық параметрлерді анықтайтың белгілі бір қалындықты жыныстың орталандырылған геологиялық-геофизикалық қимасын сипаттайды.

Қалыпты геологиялық-геофизикалық қимасында, типтімен салыстырғанда, қабаттың көрінбейтін, шынайы қуаттарын қолданады. Қалыпты қиманы типтіден де алуға болады, яғни, типті қимадағы көрінетін қуатты қабаттың орташа құлау бұрышының коинусына көбейту жолымен. Қалыпты қима корреляциялық схемалардың берілгендері арқылы да алына алады, егер, денгейжиекті және әлсіз құлама қабаттар тік төтелдермен қиылысатын болса. Практика жүзінде, каротаж диаграммаларымен салыстыруға ынғайлы типті қималар құрылады.

Типті геологиялық-геофизикалық қима, берілген ауданда төтелдер каротажын жүргізгенде қабылданған (әдетте 1:500) тереңдік масштабында құрылады, өнімді қабаттардың детальді типті қабаттар үшін 1:200 қолданады. Типті геологиялық-геофизикалық қима, типті орталандырылған каротажды диаграмма мен литологиялық бағананы құру арқылы тұрғызылады.

Типті каротажды диаграмма негізгі ТГЗ- КС, ӨП, кавернограмма, ГК т. б. қисықтарына тән, барлық ерекшеліктерді айқындау керек.

Қуаты мен литологияның өзерісімен сипатталатын кенорындар мен барлау алаңдары үшін, тұтас геологиялық-геохимиялық қима тәрізді, бірнеше геологиялық-геофизикалық қима құрылады. Осындай қималарды құру үшін оқшауланған және жергілікті корреляция мәліметтері негіз болады.

Құрама қималар типті және қалыпты қималармен салыстырғанда, бір ғана литологиялық бағанамен ғана емес, қималар санына байланысты бірнешеуімен сипатталады.

Қабат литологиясы мен қуаты өзгергенде, төтел қималарының литологиялық құрамын айқындайтын геофизикалық мәліметтер негізінен, қисықтың типті конфигурациясын сақтайды. Сондықтан-да, қуаты мен литологисы көрсетілген, бірнеше типті литологиялық бағаналардан тұратын құрама қима тұтас бір типті каротажды қимамен сипатталады. Құрама геологиялық-геофизикалық қималарды құру әдістемесі, типті геологиялық-геофизикалық қима жағдайындай. Түрлі аланды геологиялы-геодфизикалық қималарды бір құрама қимаға келтірудің негізгі критериесі болып, зерттеліп жатқан жыныстардың геологиялық-геофизикалық қималарының жалпылығы (қиманың біртиптілігі) болып табылады. Геологиялық кескін. Бұрғылау ұңғымасы тесіп өткен тау жыныстары қимасын, немесе сол қиманың өнімді қойнауқаттарды кіріктіретін бір бөлігінің ғана құрылысын, таңдалып алынған кесінді бойында тік бағытта ашып көрсететін жер қойнауы құрылысының сызымдық кескіні. Әдетте зерттеу нысандарында оны әр түрлі бағыттарда тілгілеп өтетін кесінділер бойынша бірнеше геологиялық кескіндер тұрғызылады. Синонимі - геологиялық кескінді қима. Ұңғымаларды бұрғылауды геологиялық қадағалау. Ұңғыманы бұрғылау процесі барысында жүргізілетін қадағалаулар кешені. Бұл қадағалауға кіретін шаралар: геологиялық қима тұрғызуға қажетті деректер алу (тасбаған, қойыртпақ, грунт алуды бақылау, оларды көзбе-көз зерттеу және лабораториялық зерттеу нәтижелерін тұжырымдау, бұл мәліметтерді каротаж деректерімен салыстыру) ; мұнаймен немесе газбен қанығу белгілерін анықтау, бұрғылаудың ұтымды технологиясын қамтамасыз ету, қиындықтардың туындауын болдырмау, өнімді қойнауқат көздерін сапалы түрде ашу мүмкіндіктеріне тікелей әсер ететін жуғыштау сұйықтары сапасын ұдайы бақылап отыру, өнімді қойнауқаттар көзін берілген координаттарда ашу мақсатында инклинометрия деректерін саралау; мұнай, газ, су тексермелерін алу және зерттеу; игеру тізбектерін ұңғыма оқпанына түсіру процесін және оларды цементтеу.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геологиялық кескін
Стратиграфиялық бағана құру. Геологиялық картадағы шартты белгілер. Геологиялық қима
Геологиялық карта
Геологиялық модельдеуді масштабтау
Оқыту құралдарының дамыту қызметі
Ұңғыма бұрғылаудың геологиялық жағдайлары
Актас ауданының геологиялық құрылысы мен геологиялық даму тарихы
Карталарды құрастыру тәсілдері
Алмаз алаңының геологиялық құрылысы, мұнайгаздылығының болашағы және жобалау әдістері
Картаны классификациялау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz