Мұнай мен газдың жаратылысы туралы түсінік


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Реферат
Тақырыбы: Мұнай мен газдың пайда болуының органикалық және бейорганикалық теориясы
Пәні: Жалпы және мұнай геологиясы.
Тексерген:
Орындаған:
Алматы-2019
Жоспар
Кіріспе . . . 3
- Мұнай-газ кенорындары туралы ұғым . . . 4
- Мұнай мен газдың жаратылысы туралы түсінік . . . 5
Қорытынды . . . 6
Әдебиеттер тізімі . . . 7
Кіріспе
Бейорганикалық заттар немесе Анорганикалық қосылыстар, бейорганикалық қосылыстар - хим. элементтердің өзара және бір-бірімен байланысуынан шығатын заттар. Бұған тізбек түзе байланысатын көміртек қосылыстары яғни органик. және полимерлік қосылыстар кірмейді. Қазіргі хим. ғылымы А. қ-дың гомоатомды және гетероатомды түрлерін қарастырады. Гомоатомды А. қ-ға бір ғана хим. элементтің атомдарынан құралатын элементтік немесе жай заттар жатады. Жай заттың қасиеті оның құрамын түзетін элемент атомының қасиеттеріне сәйкес келеді. Элементтердің периодтық жүйесінде орналасқан барлық элементтер түзетін жай заттар металдар мен бейметалдарға бөлінеді. Металдар электрон беруге, бейметалдар электрон қосып алуға бейім. Олардың арасында екі жақты қасиетті амфотерлік заттар бар. Жай заттардың физ. қасиеттеріне олардың термодинамикалық (атомдану энергиясы, энтропия, энтальпия, фазалық өзгеру темп-сы т. б. ), кристалхим. (құрылымы, аллотропиясы т. б. ), физ. -мех. (қаттылығы, сызықтық және көлемдік ұлғаюы т. б. ), электрфиз. (электр өткізгіштігі, концентраттануы т. б. ), оптикалық, магниттік т. б. қасиеттері жатады. Жай заттардың хим. қасиеттері олардың тотықсыздандырғыштық яғни бейметалдық қасиеттеріне байланысты. Гетероатомды А. қ-дың ішіндегі ең қарапайымдары - екі элементтен құралған бинарлы заттар. Олар құрамына байланысты кластарға (мыс., гидридтер, оксидтер, галогенидтер) жіктеледі. Бұлардың атаулары анион түзуші элементтің атына -ид жалғауын қосудан шыққан. Екі элемент байланысып бірнеше бинарлы қосылыстар бере алады. Мыс., азот оттекпен қосылып 5 түрлі оксид береді. Олардың (дальтонидтер) құрамы тұрақты, құрылымы молекулалық болып келеді. Бинарлы қосылыстардың ішінде құрамы тұрақсыз, өзгермелілері де кездеседі (бертоллидтер) . Бинарлы қосылыстар ионды (тұзтектес), ковалентті және металл тектес болып 3 түрге бөлінеді. Олардың қатарына интерметалдық қосылыстар да жатады (мыс., мыстың құймалары - қола, жез) . Бинарлы қосылыстардың өзара әрекеттесуінен күрделі А. қ. шығады. Олардың құрамына үш не одан да көп элементтер енеді. Күрделі заттар: негіздер, қышқылдар және тұздар болып 3 класқа бөлінеді. Қышқылдар мен негіздер табиғаты қарама-қарсы заттар ретінде өзара оңай әрекеттесіп, тұздар түзуге бейім келеді. Органикалық қосылыстар молекуласындағы әр элемент атомы өзінің валенттігіне сәйкес белгілі бір тәртіппен қосылады. Көміртек атомдары бірімен-бірі және басқа атомдармен ортақ электрон жұптарын түзеді. Сендер коваленттік байланыстың екі элемент атомы электрондарының жұптасуы арқылы түзілетінін білесіңдер. Молекуладағы атомдардың байланысу ретін электрондық формуламен қатар құрылымдық формуласы да бейнелейді. Яғни, құрылымдық формула молекуладағы атомдардың өзара байланысу тәртібін көрсететін формула.
Мұнай-газ кенорындары туралы ұғым
Мұнай және газ кенорны (орыс. Месторождение нефти и газа ) - белгілі бір аймақ (тектоникалық құрылым) қимасының жекелеген деңгейлерінде жинақталған мұнайдың (немесе газдың) бір немесе бірнеше өндірістік жатындары. Бұл жатындардың белгілі бір аймақта яки нақтылы тектоникалық құрылымда көрініс беруі оларды іздеу, барлау және игеру істерінің ортақтығын қамтамасыз етеді. Мұнай (газ) кенорындары ондаған метрден мыңдаған метрге шейінгі тереңдіктерде орналасуы мүмкін. Мұнай мен газ кен орындары деп жер қыртысының бір ауданында болатын, бір топтағы шоғырлардың (мысалы, күмбезді қаттық немесе массивті, т. б. ) жиынтығын айтуға болады. Бұл келтірілген анықтама белгілі бір шарттылықтан және жалпыламалықтан тұратындықтан, түсініктеме беруді қажет етеді. Шарттылығы сол, мұнай мен газ өзінің түзілу орнында ешқашанда жатпайды. Сондықтан «кен орны»терминін мұнай мен газдің пайда болған жері деп емес, бұл пайдалы қазбалардың миграциялануы нәтижесінде түсекн тұтқыштардың жататын орны деп тұсіну қажет. Жалпыламалығы сол, мұнай мен газ кен орны бір шоғырдан бірнеше ондаған шоғырлардан тұруы мүмкін. Егер мұнай мен газдың қорларын есептегенде, оны өндіру тиімді болғанда ғана жеке шоғыр кен орны болып саналады. Бірнеше шоғырлар бір кен орнына кіруі мүмкін, егер олар мұнай мен газді іздеу, барлау және өндіруді ұйымдастыруда ортақтық болатын бір типті құрылымдармен сипатталатын болған жағлай ғана кіреді. Алайда, кен орны шекараларын әрқашан құрлым типін ескеріп қана анықтауға болмайды. Кейде ірі құрлым, мұнай мен газдың бірнеше кен орындары бар, бүтіндей мұнай газ жиналу зонасын сипаттайды. Мұндай зонаның мысалы ретінде құрлымның бір типі-моноклинмен сипатталатын шөгінді тау жыныстарының жатысын қарастыруға болады. Бірақ моноклин өзінің бойында түрлы текті экранданған шоғырлары болуы мүмкін. Бұл жағдайда, пайдалы қазбаны барлау мен өндіру жұыстарын әр түрлы тәсілмен ұйымдастыруды қажет ететін, мұнай мен газдың бірнеше жекеленген шоғырларының түзілу мүмкідігі бар. Соның нәтижесінде, мұнай -газ жиналуының зонасы болып табылады, бүтіндей моноклинлік құрлым, территориялық белгілері боиынша бірнеше кен орындарына бөлініді. Сондықтан “мұнай мен газ кен орны”ұғымын анықтау қезінде, тек құрлым типі ғана емес, оған қоса бір аудандағы жер қыртысы қойнауындағы шоғырлардың таралуы жөнінде де айтылады.
Мұнай мен газдың жаратылысы туралы түсінік
Мұнай-грек халқының «нафта» деген сөзінен шыққан «нафта» жарып шығарлық қасиеті бар деген мағынаны білдіреді. Шынында, жер бетінде кездесетін мұнай мен газ, көздерінің терең орналасқан қабаттарымен адам баласына жұмбақ болып келді. Кейбір ойпаттарды жер қойнауын жарып шығып атқылап, кейде бұлақ болып ағып жататын «қарамай» немесе үзілмес от болып жанып тұратын таңғажайып жаратылыс құбылыстары халыққа әр заманда «құдірет күші» деп танылады. Ерте дәуірлерде адам баласы Терістік Италия мемлекетінде жер қойнауын жарып шығып, қайнар болып ағып жатқан мұнайды тастан жасалған ыдыстарға құйып, қараңғы мезгілдерде жарық ретінде ппайдалануды білген. Геродот өзінің шығармаларында Тигр мен Ефрат өзендерінің бойында көптеген мұнай көздерінің болғандығын, жиналған мұнайдан пайда болған асфалтті Вавилон қаласында құрылыс материалдары есебінде қолданылғалы туралы айтады. Плутарх «Александрдың өмірі туралы» шығармасында мәңгі бақи лаулап жанып тұратын көгілдір жалын туралы әсірілеп жазған. Византия мемлекетінің жауынгерлері өздерінің дұшпандарына қарсы соғыстарда тарқатылған кендерді ағаш басына орап, оны мұнайға малып алып тұратын, жау кемелеріне лақтыру арқылы жеңіске жетіп оотырған. Бұл оқиға «Грек оты» деген атпен қалды. Француздар Пенсильванияның терістік батыс жағын жаулар алғаннан кейін жергілікті халықтардың мұнайды дәрі - дәрмек есебінде пайдаланатынын сезіп, сол кездегі ағашпен шегенделген тайыз құдықтардың мұнайын өз еліне тасыған. Түстік америкадағы Тринидад аралында да көптеген мұнай және газ көздері анықталды. Олардың арасындағы ең маңыздысы - 1497 жылы Колумбаның үшінші сапарында ашқан асфальткөлі. Оның көлемі 45, 6гектар, ал тереңдігі мезгілге дейін анықталған емес. «Өшпес оттың» Апшерон түбегінде және Дағыстан жерінде орын алғандығы мәлім. Отқа табынушылықты білдіретін халықтар, оның ішінде әсіресе, Индия халқы, Бақу қаласының мадалар оңындағы әрдайым жанып тұратын газ ошақтарын дәріптеп, олардың үстіне орнатып, әдейі дін ұясына айналдырған. VII ғасыр шамасында салынған дін ордаларында Грек жауынгерлерібұзып құлатты. Бірақ Персияны Аравия жаулап алғаннан соң отқа табынушылық білдіретін Персия халқы Бақу маңына қоныс аударып, құлаған ордаларды қалпына келтірді Апшерон түбегіндегі Сурахана маңында салынған ордалардың бірі біздің заманымызға дйін бұзылмай жеткен. Бұл маңда халықтар 19-ғасырдың 70-жылдарына дейін отқа табынушылады көптеп кездестіруге болатыны тарихта қалған. Қазіргі кезде ол ордалар құлап, тек орны жатыр. Апшерон түбегінің қиыр шығысында да мұнай жер қойнауының жарықтарынан шығып, битумға айналған көптеген аумақтардың болғандығы анықталды. Битумды көптеген аумақтардың болғандығы анықталды. Битумды Персия халқы жанармай ретінде пайдалану үшін теңіз арқылы өз еліне кеме- қайықтарға тиеп жіберіп отырған.
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz