Екінші деңгейлі банктердің атқаратын қызметтеріне баға беру



Мазмұны

Кіріспе

1. Банктің пайда болуы және даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1. Банктің қалыптасуына жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы ... ... ... ... .11
1.3. Қазақстандағы банктің атқаратын қызметтері мен түрлері ... ... ... .14
2. Коммерциялық банктердің нарықтық экономикада алатын ор.
ны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.1. Екінші деңгейлі банктердің атқаратын қызметтеріне баға беру ... ..18
2.2. Коммерциялық банктердің несиелік операциялары ... ... ... ... ... ... 23
2.3. 2004.2007жыл коммерциялық банктердің атқаратын операция.ларына талдау жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
3. Коммерциялық банктер операцияларын жетілдіру жолдары ... ... .30
3.1. Коммерциялық банктердің операцияларының мәні және жік.
телуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
3.2. Коммерциялық банктерді жетілдірудегі шетелдік тәжірибелер ... ..34
3.3. Қазкоммерцбанк несиелік операциялары жетілдірудегі бағдар.
лама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37


Қортынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының банктері, олардың қызметтері мен операцияларын, банктік қызметтегі тәуекелдер және оларды басқару жүйесін қарастыру.
Қазіргі уақытта нарықтық экономикаға көшу ұзақ әрі қиын, күрделі де қайшылықты жолдарға толып жатыр. Қазақстан тәуелсіздік алғалы экономикамыз ілгері даму үстінде. Банктің жүйесінің маңызды элемнті – банктер болып табылады. Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктерді қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операциялады орындағалы туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.
Курс жұмысын жазуды бастамас бұрын жалпы банк жүйесі деген не, оның құрылымы, ерекшеліктері туралы жазып өтейін.
Әр түрлі банктердің жиынтығы, осы елге тән өзара байланыстылық пен банк жүйесін құрады. Банк жүйесі мынадай ерекшеліктерімен сипатталады.
Банк жүйесіне кейбір банк операцияларына қатынасы бар, бірақ “банк” деген мәртебесі жоқ элементтер кіреді. Мысалы, кейбір банк операцияларын жүргізуге рұқсат алған арнаулы қаржы институттары, басқа да банктік инфроқұрылымын құрайтын, және оның жұмыс істеуіне әсер ететін мекемелер.
Банк жүйесінің өзінше ерекшеліктері бар. Бұл жұйе тек өзіне тән қасиеттерді көрсетеді. Оның ерекшелігі өзін құрайтын элементтермен және олардың арасында қалыптасқан қарым-қатынастармен анықталады, әрине банк жүйесін зерттегенде алдымен осы жүйенің басты элементі банктер көзге түседі. Өйткені, олар банк жүйесіне банктік мән береді. Дегенмен банк жүйесінің мазмұны оның элементтерінің, мазмұндарының қосындысы деп түсінбеу қажет. Банк жүйесінің мазмұны ғана емес, оны құрастыратын элементтердің өзара байланыстарына да көңіл аударады.
. Ғ.С. Сейітқасымов «Ақша, несие, банктер» оқу құралы
"экономика″ Алматы -2001 жыл (17бет б)
2.С.Б.Мақыш «Ақша айналысы және несие» оқу құралы
"Қазақ университеті″ Алматы-2000 жыл (6бет б)
3. Ө.Қ Шеденов,Е.ИСағындықов,Б.АЖүнісов,«Жалпы экономикалықтеория»
оқу құралы Ақтөбе-2004 жыл
4. К.К Ілясов, Д.Р Абулгазин «Қаржы қаражат» журналы Астана-2007 ж
5. «Егемен Қазақстан» 2003ж 5бет
6. Б.А Көшенов «Ақша, несие, банктер» оқу құралы Алмты-2000жыл (16бет б)
7. О Смағұлова,Қ.Ә Мәдіханов,Ә.Қ Тұсаев,Ж.Ш Сатыбалдиев
«Қаржы ақша айналысы және несие» оқу құралы,
Алматы ″экономика″ -2008 жыл (13бет б)
8. Экономика негіздері. №3 (27), 2008
9. Сейфолла Шайынғазы. 2008-11-14:
Standart&Poors;–Қазақстан Үкіметінің дағдарысқа қарсы шараларына берілген бағалар туралы http://www.egemen.kz.
10. Банктер қызметі http://kz.russia.edu.ru/spravka/finans/1464/
11. Алма Мұхамеджанова, Айқын, 16.06.2006 //http://www.aikyn.kz/site.php?lan=kaz&id=168&pub=6553//

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1. Банктің пайда болуы және даму тарихы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1. Банктің қалыптасуына жалпы сипаттама
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2. Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
... ... ... ... .11
3. Қазақстандағы банктің атқаратын қызметтері мен түрлері
... ... ... .14
2. Коммерциялық банктердің нарықтық экономикада алатын ор-
ны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
1. Екінші деңгейлі банктердің атқаратын қызметтеріне баға беру
... ..18
2. Коммерциялық банктердің несиелік операциялары
... ... ... ... ... ... 23
3. 2004-2007жыл коммерциялық банктердің атқаратын операция-ларына
талдау жасау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 27
3. Коммерциялық банктер операцияларын жетілдіру жолдары
... ... .30
1. Коммерциялық банктердің операцияларының мәні және жік-
телуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..30
2. Коммерциялық банктерді жетілдірудегі шетелдік тәжірибелер ... ..34
3. Қазкоммерцбанк несиелік операциялары жетілдірудегі бағдар-
лама
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..37

Қортынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының банктері,
олардың қызметтері мен операцияларын, банктік қызметтегі тәуекелдер және
оларды басқару жүйесін қарастыру.
Қазіргі уақытта нарықтық экономикаға көшу ұзақ әрі қиын, күрделі де
қайшылықты жолдарға толып жатыр. Қазақстан тәуелсіздік алғалы экономикамыз
ілгері даму үстінде. Банктің жүйесінің маңызды элемнті – банктер болып
табылады. Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктерді қашан пайда
болғаны туралы ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операциялады орындағалы
туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.
Курс жұмысын жазуды бастамас бұрын жалпы банк жүйесі деген не, оның
құрылымы, ерекшеліктері туралы жазып өтейін.
Әр түрлі банктердің жиынтығы, осы елге тән өзара байланыстылық пен
банк жүйесін құрады. Банк жүйесі мынадай ерекшеліктерімен сипатталады.
Банк жүйесіне кейбір банк операцияларына қатынасы бар, бірақ “банк”
деген мәртебесі жоқ элементтер кіреді. Мысалы, кейбір банк операцияларын
жүргізуге рұқсат алған арнаулы қаржы институттары, басқа да банктік
инфроқұрылымын құрайтын, және оның жұмыс істеуіне әсер ететін мекемелер.
Банк жүйесінің өзінше ерекшеліктері бар. Бұл жұйе тек өзіне тән
қасиеттерді көрсетеді. Оның ерекшелігі өзін құрайтын элементтермен және
олардың арасында қалыптасқан қарым-қатынастармен анықталады, әрине банк
жүйесін зерттегенде алдымен осы жүйенің басты элементі банктер көзге
түседі. Өйткені, олар банк жүйесіне банктік мән береді. Дегенмен банк
жүйесінің мазмұны оның элементтерінің, мазмұндарының қосындысы деп түсінбеу
қажет. Банк жүйесінің мазмұны ғана емес, оны құрастыратын элементтердің
өзара байланыстарына да көңіл аударады.
Банк жүйесі әр уақытта өсу және жетілу жолында. Олай деуге себеп, ол
күн сайын жаңа компоненттермен толтырылады, банк аралық және Ұлттық банкпен
немесе Шетелдік банктер арасында жаңа қатынастар пайда болады.
Банк жүйесі жабық жүйе. Өйткені, банктердің кейбір ақпараттары
банкілік құпия болып саналады. Мысалы, банкідегі шоттағы қаржының қозғалысы
немесе қалдығы жөнінде деректерді банк тек сол шоттың иесінде болмаса, оның
сенім хаты бар өкіліне ғана береді. Қазақстанның заңдары бойынша мұндай
мәліметтерді тәртіп қорғау орындарының, салық органдарының өкілдеріне
беріле береді, тек олардың, сол органда істейтіндігін растайтын құжаттары
болса болды. Бірақ көп елдерде бұлай емес.
Банк жүйесі басқарылатын жүйе. Дербес заңды тұлға бола тұра банктер өз
қызметтерін жалпы мемлекеттік және арнайы банктік заңдардың шегінен
шығармайды. Олардың қызметтерін Ұлттық банк реттеп лтырады. Ол үшін Ұлттық
банк екінші дәрежелі банктер үшін экономикалық мөлшерліктер белгілейді,
оларды бұзғаны үшін банктер, банк операциясын жүргізуге берілген рұқсат
қағазынан айырылуы мүмкін.
Қазіргі банк жүйесінің барлық элементтері нарықтық тұрпатқа сәйкес
келеді. Тек, олардың кейбір жетілмегендіктері бар, ол уақытша жағдай. Бара-
бара нарықтық қарым-қатынастар жетілдірілген сайын, банк жүйесі де
жетілдіріледі. Сөйтіп, бәрі де өз орнына келеді. Сондықтан банктің өтпелі
кезеңі лайық, ерекше жүйесі бар деген дұрыс болмайды.
Курстық жұмыстың мақсаты – банктің пайда болуына, құрылымына,
маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, банкті жан-жағынан - бұрынғы,
қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Банктің қалыптасуына жалпы сипаттама
- Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
- Қазақстандағы банктің атқаратын қызметтері мен түрлері
- Екінші деңгейлі банктердің атқаратын қызметтеріне баға беру
- Коммерциялық банктердің несиелік операциялары
- 2004-2007жыл коммерциялық банктердің атқаратын операцияларына талдау
жасау
- Коммерциялық банктердің операцияларының мәні және жіктелуі
- Коммерциялық банктерді жетілдірудегі шетелдік тәжірибелер
- Қазкоммерцбанк несиелік операциялары жетілдірудегі бағдарлама

1. Банктің пайда болуы және даму тарихы
1. Банктің қалыптасуына жалпы сипаттама

Банктің қалыптасуына жалпы сипаттама. Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі
ұрпаққа банктерді қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай-ақ олардың
қандай операциялады орындағалы туралы да толық мәліметтер қалдырмаған
секілді.
XVI-XVII ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте,
Нюрнбергте саудагер клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу
жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер өздерінің клиенттері
арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері
арқылы есеп айырысулар жүргізіледі. өздерінің бос ақша қаражаттарын
жйробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға
ссудаға берді.
Ежелгі Римде банк және несие құқының нормалары болған. Осы нормаларға
сәйкес б.э.д. ІІІ ғ. айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерді
кумуляр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат
етілмеген.
Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңды және
экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы банктік операциялар ұғымының
маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда көрсетілген
операциялар тізімі жатады.
Ал енді банк ұғымына тоқтап кетсек, “Банк” сөзі “banko” деген ағылшын
тілінен аударғанда “айырбас столы” дегенді білдіреді. Жалпы Қазақстан
тарихындағы алғашқы банк 1871 ж. Петропавлда ашылған қалалық қоғамдық банк
еді. Ондай банктер Семейде (1907 ж.) , Ақтобеде (1910 ж.), Павлодарда (1914
ж.), Верныйда (1912 ж.), Өскемен мен Зайсанда (1914 ж.) да жұмыс істеді.
Банк – заңға сәйкес банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы
коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өкілі материалдық өндіріс
аясының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның
тауары ерекше, яғни ақша төлем құралдары түрінде шығады. Банктерден басқа,
банк жүйесіне кейбір арнаулы қаржы институттары кіреді (трасталық
компаниялар). Олар “банк” деген мәртебесі болмаса да Ұлттық банктің
рұқсатымен кейбір банктің жұмысын қамтамасыз ететін, яғни банк
инфрақұрылымын құрайтын мекемелер мен қызмет атқарушылар кіреді.
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ,
себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің
филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Сондықтан Қазақстанда банк жүйесінің
қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерілісіне дейінгі патшалық Ресейдің және
КСРО-ның банк жүйесінің тарихымен тығыз байланысты. 1917 ж. қазан
төңкерілісінен кейін банк ісін ұйымдастыруды мемлекеттік монополиялы түрде
өз қолына алып, нәтижесінде жеке коммерциялық банктер мен басқа несие
мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктіріледі. Банктік жүйенің бір құрамдас
бөлігі мемлекеттік еңбек жинақ кассалары болды. 1924 ж. ауыл шаруашылық
копперацияларына салым қабылдау, қарыз беру мен есеп айырысудағы делдалдық
нысанында несиелік операциялар жүргізу рұқсат етілді. 1926 ж. 1 сәуір
қарсаңында КСРО-да 16185 серіктестіктер құрылған еді, бұлардың ішінде 2426
несиелік және қарызды жинақ,ғ сондай-ақ 12424 ауыл шаруашылық
серіктестіктері болды.
Сонымен, бұл алғашқы банктік операцияларды орындаған кімдер? Деген
сұрақ туады. Тарихшылардың пайыидауынша, олар жекелеген тұлғалар және
қолында шоғырланған ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері екен.
Шіркеулер құндылықтары сақтайтын ең сенімді орындар болған. Сол уақыттары
белгілі гректің шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен
айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жағалаундағы елдердің
салымдары, ал Дельфадағы Аполлон шіркеуіде барлық эуропалық Грецияның бос
ақша қаражаттары шоғырланыпты.
Банктер қызметінің қолайлығы іскер адамдардың назарынан тыс қалмады.
Банктің клиенттер қатары ақырындапұлғая түсті. Банктер өз кезегінде
клиенттер арасында жасалатын келісім-шарттарды құруда сенім қызметтерін
көрсетіп, сауда-саттықта делдал қызметін атқарады.
Қазақстан Респбликасы екінші деңгейлі банктердің қызметін реттеу
механизмінің тәртібі Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктердің қызметін
реттеу және қадағалау бойынша нормативтік құқықтық актілермен анықталады.
1995 жылы 31 тамызда қабылданған Банктер жәнә банктік қызмет туралы
ҚР заңының 41-бабына сәйкес, ҚР Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктердің
қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың салымшыларының мүдделерін
қорғау, сондай-ақ республикадағы ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын қолдап
отыру мақсатында аталған банктердің қызметін реттеудің мынадай жолдарымен
жүзеге асырады:
- пуденциялық нормативтер белгілеу;
- банктердің орындауына міндетті нормативтік құқықтық актілер шығару;
- банктердің қызметін тексеру;
- банктің қаржылық жағдайын сауықтандыруға байланысты ұсыныстар беру;
- банктерге ықпал ететін шектеу шараларын қолдану;
- банктерге немесе олардың лауазымды тұлғаларына санкцияларына беру;
Банктің атқаратын қызметерін негізінен төмендегідей топтастыруға
болады:
• Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына
айналдыру;
• Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен
операция жүргізу;
• Ақша айналымын ретеу. Банк ─ әртүрлі шаруашылық субъектілердің
төлемайналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы
клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік
туғызады;
• Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос
ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді,
вексельдерді шығарумен де несиелейді;
• Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
Орындайтын айырықша қызметтеріне байланыты банктер эмиссиялық және
эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.
Эмиссиялық банк-ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға)
құқығы бар, әдетте, орталық банк. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі
мақсаты-айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар-ақша белгіін
сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол-елдің
екі деңгейлі банк жүйесінің-жоғары деңгейіндегі банк.
Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа
ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция
және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге
қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал
инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруге
несиелейді.
Ипотекалық банктер-жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып,
ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа
бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.
Қазақстан респбликасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 жылы
желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабылдаған Банктер және банк
қызметі туралы Заңынан бастау алады. Заңға сәкес республикада екі деңгейлі
банк жүйесі құрылды:жоғары (бірінші) деңгейдегі банк ─ҚазКСР-ның
Мемлекеттік банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк─коммерциялық
банктер жүйесі.
Банк-өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі
қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын
тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме. Қазақ
Кеңес Социалистік Республикасының территориясында жинақталған несие
ресурстары болып саналады. Мемлекеттік банк Республиканың меншігі және оның
Орталық банкі болып саналады. Қазақстан заңдарына сай Мемлекеттік банк деп
(Орталық Ұлттық банктен басқа) капиталы толығынан үкімет иелігінде, немесе
акционерлік капиталдың басым бөлігі мемлекеттік құрылтайшылардың акциясы
болғанда есептеледі. Коммерциялық банктер өздерінің акционерлік
жиналысында қабылданған Жарғысы бойынша қызмет істейді. Сонымен бірге
республика территориясында шетел мекемелерімен бірігіп құрылған
коммерциялық банктер қызмет істеуі мүмкін. Егер банктің жарғылық капиталын
қалыптастырғанда өзіміздің мемлекттік емес құрылым немесе шетел
мемлекеттік, ия болмаса мемлекеттік емес құрылымдары қатынасса, онда аралас
банктің түрлері деп есептеледі. Аралас банктер мынадай варианттарды құрылуы
мүмкін: мемлекеттік – жеке, мемлекеттік – кооперативтік, жеке –
кооперативтік.

1.2.Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы

Елімізде қабылданған банктік заңдылыққа сәйкес ҚР-дағы банк жүйесі екі
деңгейден тұрады:
І деңгей ҚР Ұлттық банкі – мемлекеттік орталық банкі ретінде бірінші
деңгейді білдіреді.
ІІ деңгей Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен
басқасы) – екінші деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс жүзіндегі
екінші деңгейдегі банктер немесе коммерциялық банктер жүйесі деп атайды.
Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он
үш жылдық тарихы бар. Бұл жүйенің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының
нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғандығын айта кету
керек. Содан бері банк жүйесіде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы
мақсат – отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу
болып отырғандығы да жасырын емес.
1990 ж. желтоқсанында қабылданған “ҚазКРО-ғы банктер және банктік
қызмет туралы ” алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің
бастапқы кезеңдерін қамтиды. Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 1995 ж.
арналған “Қазақстандағы банктік жүйені реформалау” бағдарламасына сәйкес
жүзеге асырылды.
Қазіргі таңда ҚР-ғы жұмыс жасап отарған банктік жүйенің қалыптасуын үш
кезеңге бөледі:
1.Бірінші кезең. 1988 – 1991 жж. (КСРО-ның тұсында) – мемлекеттік
салалық мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикалардағы
сол банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру, алғашқы
коммерциялық банктер құру, КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің
жекелеген қызметтерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.
2.Екінші кезең. 1992 ж. аяғы 1993 ж. – рубль аймағында бола отырып, ҚР
Ұлттық банкінің орталық бір қатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі,
коммерциялық банктердің экстенсивті түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық
нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.
3.Үшінші кезеңі. 1993 ж. қараша айынан бастап осы уақытқа дейінгі,
яғни айналысқа Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша-
несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджетпен банктермен
қарым-қатынас орнатудың классикалық қағидадаларын енгізу, банктердің
қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді .
Мемлекеттік банктермен бірқатар кеңес үкіметінің бастапқы жылдарында
мемлекеттік емес мемкемелер: кооперативтік және жеке меншікке негізделген,
оның ішінде шетел капиталының қатысуымен құрылған мемелекеттік-
капиталисттік банктер қатары жұмыс істеді.1922 ж. несиелік және ссуда жинақ
серіктестіктері және олардың одақтары ұйымдасып, ауылды қалпына келтіру
мақсатында қызмет көрсетті. 1924 ж. ауыл шаруашылық кооперацияларына
несиелік операцияларды жүзеге асыру барысында салымдар қабылдау, ссуда беру
және есептеу барысында делдалдық қызмет атқаруына рұқсат берілді. Сөйтіп,
ауыл шаруашылығын толығымен ұйымластыру бағдарламасы несиелік
кооперацияларды қажетсіз деп санағандықтан да, олар 1931 ж. жойылды.
Бұлардан басқа банктік операциялардың көпшілігін жүргізіп, сонымен
қатар жоғары қауіпті операциялар жүргізу үшін клиенттердің қаражаттарын
тартумен шұғылданатын банктік кеңселер сауда үйлері, айырбастау дүкендері
болды.
1987 ж. реформаға дейінгі банктік жүйенің мынадай кемшіліктері болды:
вексель айналысының болмауы;
• кәсіпорындардың қарыздарын кешіруі, әсіресе ауыл шаруашылығына қатысты;
• шаруашылықтың барлық аяларында артық несиелеу операцияларының байқалуы;
• банк мамандандандырылуының жойылуы;
• кәсіпорындарындағы басқа да несие көздерінің болмауынан туындаған
монополизмнің орнын алуы;
• пайыз мөлшерлемесінің төмеңгі деңгейде болуы;
• экономиканың әр саласының қызметіне қойылатын банк бақылауының әлсіздігі;
• бақылауға жатпайтын несиелік және банктік ақшалардың басып шоғырлануы.
Бүгігі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он үш
жылдық тарихы бар. Бұл жүйенің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде
еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғандығын айта кету керек. Содан
бері банк жүйесіде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондаға мақсат – отандық
банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу болып отырғандығы да
жасырын емес. Бұл талаптарға жауап бермейтін банктерге басқа банктерге
қосылу не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар
болып құрылу қажеттігі ұсынылады.

3. Қазақстандағы банктің атқаратын қызметтері мен түрлері

Банк қызметін реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздысы пруденциялық
нормативтер. 2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының 213
қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық
нормативтер туралы ережеге сәйкес оларғамыналар жатады;
1. жарғылық қордың ең төменгі мөшері
2. меншікті қражаттардың жеткілікті коэффициенті;
3. бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері;
4. өтімділі коэффициенті;
5. ашық валюталық позизия лимиті;
6. негізгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалынған
банк инвестициясының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті.
1990 ж. Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялағаннан бастап
нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құруға
бетбұрыс жасады.
1. Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері
Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін Ұлттық банк
Басқармасы бекітеді. Банк акционерлерден өзінің акциялардың номиналдық
бағадан төменгі деңгейде ғана сондай-ақ ондай сатып алу кез келген
пруденциялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар және
лимиттерді бұзбаған жағдайдайда ғана сатып ала алады.
2. Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті.
Меншікті капитал (К)-бұл 1 деңгейлі капитал мен 2 деңгейлі капитал (1
деңгейлі капиталдан аспайтын мөлшерде) қосындысынан банктің инвестицияларын
шегеру арқылы есептеледі.
Ұйымдардың субординирленген қарызына жұмсалымдар мынандай шарттардың
біріне сәйкес келуі тиіс:
- жоғарыда аталған заңды тұлғалардың қаржылық есебі халықаралық
стандартқа сәйкес жасалуы және аудиторлық қорытындымен расталуы тиіс:
- жоғары аталған заңды тұлғалардың акциялары Қазақстан қор биржасының
ресми тізімнің А категориясына енуге тиіс:
Қазақстандағы қайта құру тұсындағы банк жүйесінің дамуы, КСРО-да соңғы
рет жүргізілген банктік реформа (1987-1988 жж.) сәйкес келеді. Банктік
реформа нәтижесінде.КСРО-ның Мемлекеттік банкі және Құрылыс банктерінің
мекемелері негізінде-КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі, КСРО Агроөнеркәсіп банкі
және КСРО Тұрғын үй-әлеуметтік банкі құрылды. Сол сияқты, кезінде КСРО-ның
Мемлекеттік банкі құрамында келгенжинақ кассалары негізінде – КСРО Жинақ
банкі, Сыртқы сауда банкі негізінде-КСРО Сыртқы экономикалық банк құрылды.
Сол уақыттан бастап, Мемлекеттік банк кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық
және несиелік есеп айырысу қызметін көрсетуді тоқтатты. Сөйтіп, КСРО-ның
Оталық банкісіне айналады.
Мамандырылған бактер құрылымы әкімшіл-аумақтық қағидағасәйкес
құрылды.Республикалық банктер одақтас республикаларда және банктік
басқармалары саласында ұйымдастырылды. Аудан немесе қала деңгейінде бұл
банктер өздерінің мекемелерін ашты. Әр мамандандырылған банктің бір
мекемесі әр аудандағы өзіне тиісті клиенттерге ғана қызмет көрсетті. Жинақ
банкісінің мекемелері аудандарменқоса ұжымшар және кеңшарларда жұмыс
жасады. Жинақ банкісінен басқа мамандандырылған банктердің төменгі буындары
мамандандырылуына қарамай-ақ, сол аудандардың барлық клиенттеріне бірдей
қызмет көрсетті.
Мамандандырылған банктер санына байланысты оларда төрт несиелік жоспар
болған. Бұл банк клиенттерінің әр түрлі болып келуі несиелік ресурстарды
құрауға байланысты бірқатар мәселелерді тудырды. Банктен банкке өзара аймақ
аралық есеп айырысу жүйесі арқылы құйылатын қаражаттардың бақылаусыздығы
арта түсті. Әр банк өз ресурстар көлемінде жұмыс жасауы үшін, олрға
мемлекеттік банкте ашылатын корреспондеттік шоттар бойынша банкаралық есеп
айырысуға өту қажет болды.
Мемлекеттің ықпалымен бөлінген коммерциялық банктердің де
мамандандырылған банктер сияқты, әр банктің белгілі салаларында
(өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық, сыртқы сауда) өзіндік монополиясы
болды. Олар өз кәсіпорындарын өте төменгі пайызбен қаржыландарап және
несиелеп отырды, яғни, мұнда, бұл кәсіпорындардың өміршеңдігі және
пайдалылығы есепке алынбады. Мұндай банктердің активтерінде мемлекеттік
зиян шегіп отарған кәсіпорындардың уақыты өткен, төленбеген, яғни сапасыз
ссулалар қатары арта түсті.
Жалпы банктерді мамандандыру идеясы банк жүйесінің жұмысын тығырыққа
әкеліп, ол монополияландырудан құтылмады және несиелік механизмге
түпкілікті өзгеріс енгізе алған жоқ. Сонымен қатар, КСРО мемлекеттік
банкінің ролі біршама төмендеп, ол мамандандырылған банктердің жұмысына
ешқандай әсер ете алмады.
90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл, олардың
экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні
бүгінге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, әрине бұл құбылысты,
олардың интенсивтік өсуімен байланыстыруға болады.
Орындайтын айырықша қызметтеріне байланысты банктер эмиссиялық және
эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.
Эмиссиялық банк-ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға)
құқығы бар, әдетте, орталық банк. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі
мақсаты─айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар-ақша белгіін
сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол-елдің
екі деңгейлі банк жүйесінің-жоғары деңгейіндегі банк.
Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша бірліктерін шығаруға
құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық,
инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық банктер
клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап
үлгідегі банк.
Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа
ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция
және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге
қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал
инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруге
несиелейді.
Ипотекалық банктер-жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып,
ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа
бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.

2. Коммерциялық банктердің нарықтық экономикада алатын орны
1. Екінші деңгейлі банктердің атқаратын қызметтеріне баға беру

Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару
құрылымын және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің
құрылымына бөлінеді.
Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктің қызметіне
тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару
органына тікелей қатысады.
Екінші басқару органы бактің қадағалау кеңесі болып табылады. Банктің
бақылау кеңесі банк қызметіне бақылшау жасау органы ретінде мынадай
міндеттерді атқарады:
- нормативтік актілерді бекітеді;
- басқарма немесе басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған
мәліметтерді бекітеді.
Келесі басқару органы-бұл басқарма .Басқарма-атқарушы немесе өкілетті
орган, яғни ол банктің иелегінен, оның акционерлерінен құралады және
олардың мүдделерін қорғайды.
Басқарманың міндеттеріне мыналар жатады:
- банктің стратегиялық мақсатын анықтау;
- банктің саясаттарын жасау;
- жетекшілік қызметке кадрлар таңдау;
- клитеттерді құру;
- ссудалық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау.
Басқарма төрағасы банктің бірінші жетекшісі болып табылады және ол
банк қызметіне жетекшілікті жүзеге асырады.Бак төреғасына мынадай міндеттер
жүктеледі:
- банктік қызметіне қатысты барлық мәселелр бойынша бұйрықтар шығару
және нұсқаулар беру;
Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық формасына байланыссыз, оның
жарғылық капиталы оның қатынасушылары жеке және заңды тұлғалар есебінен
құрылады, сондай-ақ олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып
табылады.
Жарғылық капитал оның қатынасушыларының меншікті қаражаты есебінен
ғана құрылуы мүмкін. Банктік несиелер есебінен жарғылық капиталды құруға
тыйым салынады.Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен
құрылуы мүмкін.
Тіркеуге алынатын уақытта жаңадан құрылатын банктің жарғылық капиталы
құрылтайшылық құжатта хабарланған, оның акционерлерінің сомасының 50%
төленуі тиіс, ал тіркеуге алған кезінен бастап бір жыл ішінде оның
жарияланған сомасы толық төленуге тиісті. Жарғылық капиталдың сомасы
заңдылықтармен шектелмейді.
Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктің қызметіне
жетекшілік етуді қамтамасыз етеді.
Банктің құрылтайшылары басқару органына тікелей қатысады.
- банктің стратегиялық мақсатын анықтау,
- жетекшілік қызметке кадрлар таңдау;

1-кесте
Коммерциялық анктің басқару құрылымы.

Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы органы акционерлердің
жалпы жиналысы болып табылады.
Акционерлердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылып отырады. Бұл
жиналыста мынадай міндеттер шешіледі:
- банктің жарғысына өзгерістер енгізу;
- банктің жарғылық капиталын енгізу;
- банктің Кеңесін сайлау;
- банктің жылдық есебін бекіту;
- банктің табысын бөлу;
- банктің құрылымдық немесе еншілес бөлімшелерін құру және тарату;
- барлық мемлекеттік және басқа да органдарда, басқа банктерде,
шетелдік банктерде банк қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша өкілетті
жүзеге асыру;
- банктің мүмкіне және қаражаттарына ие болу;
- банктің штаттық жұмысшыларының саны ме құрылымын бекіту;
- еңбек келісімшарттары бойынша банктің лауазымды тұлғаларымен
келісімдер (конрактілер) жасасу.
Ревизиялық комиссия банк қызметіне қаржылық есептің дұрыстығы жағынан
бақылау жасаушы орган болып табылады.
Несиелік комитет-бұл несиенің берілуіне байланысты қорытынды дасаушы
орган.
Несиелік комитет мынадай міндеттерді орындайды:
- несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің
немие беру туралы қорытындысын қарайды;
- несие беру немесе одан да бас тарту туралы шешім шығарады;
- несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
- несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
- несиені қайтпруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
- несиелеу шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі);
- берілген несиелерге мониторинг жүгізу тәртібін бекітеді;
- банктің несиелік стратегиясын жасайды;
- есиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
- несиелік кмитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және
хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді;
Банктік қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажыратын
функциялардыорындаудан көрініс табады.
Банк қызметін-банктік клиен мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді
сипаттауға болады. Кез келген бан өнімінің негізінде қандай да бір
қажеттілік терді қанағаттандыру қадеттілігі жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту
мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы
операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет
төңірегіде банктік өнімдердің көптеген нысадары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық
қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын
ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және
оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір
қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші деңгейлі банктердің түрлері
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Коммерциялық банктер қызметінің құқықтық негіздері
Коммерциялық банктердің пассивті операциялары туралы
Ұлттық банк және оның банктік жүйедегі мәртебесі
Қазіргі банк жүйесі және өтпелі экономикадағы рөлі
Несие беру теорисы мен тәжірибесінде банктің қарыз алушылардың өзарақатынасы
Экономикадағы банктердiң мәні мен рөлі
Банктердің қызметтері мен операциялары
Банктік маркетинг жайлы
Пәндер