Несие
ЖОСПАР
Кіріспе
1. Несиенің экономикалық мәні, қызметтері
1.1. Несиенің мәні және қажеттілігі
1.2. Экономикада несиенің алатын орны және оның дамуы
1.3. Несиенің атқаратын қызметтері
2. Несиенің түрлері
2.1. Несиенің формалары мен түрлері
2.2. Ипотекалық несие
2.3. Тұтыну несиесі
3. Қазақстан Республикасы бойынша несие жүйесі мен
саясатына баға беру
3.1. Экономика салалары бойынша екінші деңгейдегі банк
несиелерін талдау.
3.2. Несиенің объектісі бойынша екінші деңгейдегі банк
несиелерге баға беру
3.3. Ауыл шаруашылығын дамытудағы несиенің маңызы.
(Жамбыл облысының мәліметтері негізінде)
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Несие – ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. «Кредит» деген сөз, «қарыз», «несие» деген «kredo» - сенемін деген мағына беретін латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде әртүрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінде бастап қарапайым формаларда: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және тағы басқа) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түрінде көшті.
Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шарушылық субъектілерімен қатар,мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.Несие объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс процесінде маңызды роль атқарады.Несие ақшалай капиталдың қарызға тронсформациясын қамтамасыз етеді және несие берушілер мен қарызға алушылардың арасындағы қарым-қатынасты білдіреді. Несие-банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды.
Несиенің экономикадағы орны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді атқараады:
- қайта бөлу;
- айналыс шығындарын үнемдеу;
- айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
- капиталдың шоғырлануын жеделду;
- ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.
Экономикалық категория ретінде, несие кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтару, пайыз төлеу шарптында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.Кіріспеде, несиенің экономикадағы мәні және атқаратын қызметтері ғана қамтылып қоймай, сонымен қатар несие берушілер мен несие алушылардың өзара қатынасында пайдаланатын, оның формалары мен түрлері нақты отандық банктер тәжірибесінде толық қамтылады.
Несиенің көмегімен мемлекеттің, халықтың, ұйымдардың және кәсіпорындардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық

1. Абдуллаев А. «Экономикалық теория» Алматы Қаз Баспа-ҚТ , 2004ж
2. Әубәкіров Я.,Нәрібаева Қ.,Есқалиев М.,Жатқанбаев Е.,
Байжұманова Е. Досқалиев С.,Жәйшібеков Ж., Экономикалық теория
негіздері .
Алматы, 2004ж
3. Биканұлы М., «Ақша айналысы және несие», Оқу құралы.Алматы :
Издат Маркет, 2005ж 276 бет.
4. Крымова В., «Экономикалық теория», Алматы. Арқайым ,2000ж
120 бет
5. Қожаниязов Т., Қожаниязова Ж., « Қазіргі экономика»
Тараз: Рысбаева және К баспасы,2001ж 319бет.
6. Мауленов С., «Экономикалық теория» Алматы: Экономика, 2003ж.
194 бет.
7. Мақыш С.Б., «Ақша айналысы және несие» : Оқу құралы. Алматы :
Издат Маркет,2004ж. 242 бет.
8. Мақыш, Ілиясов А.Ә., «Банк ісі» : Оқу құралы.
Алматы : Қазақ Университеті,2004ж. 241 бет.
9. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» Оқулық.
Алматы : Экономика, 2005ж. 416 бет.
10. Хамитов Н.Н., «Банк ісі» : Лекциялар курсы.
Алматы : Экономика, 2006 ж. 220 бет.
Қосымша әдебиеттер
1 Ашығалиев Қ., Экономикалық өсудің мүмкіндіктері мол.
Ақиқат 2003-12 мамыр 52-53 бет. №5
2 Мұқаман М., Банктік несиелік саясат. «Экономика негіздері» 2005-
30қаңтар №5
3 Мамырбаев С., Ипотекалық несие арқлы тұрғын үй алудың қолайлы
Мүмкіндіктері. «Егемен Қазақстан» 2004-21қаңтар №3
4 Тұрапбайұлы А., Кредиттік бюро несиені жеңілдіту. «Егемен
Қазақстан» 2004-16 сәуір. №4
5 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк мекемелері:
негізіндегі заң актілері.Алматы : ЮРИСТ, 2002ж
6 Статистикалық бюллетень.ҚР ҰБ.Алматы : ЖШС «Interconsult»,
2004ж
№12 (121)
7. Статистикалық бюллетень.ҚР ҰБ.Алматы : ЖШС «Комплекс
типография», 2005ж. №9 (130)
12. Статистикалық бюллетень.ҚР ҰБ мемлекеттік мекемесінің Жамбыл
филиалы.Тараз, 2005ж. №9 (9)
2. Әубәкіров Я.,Нәрібаева Қ.,Есқалиев М.,Жатқанбаев Е.,
Байжұманова Е. Досқалиев С.,Жәйшібеков Ж., Экономикалық теория
негіздері .
Алматы, 2004ж
3. Биканұлы М., «Ақша айналысы және несие», Оқу құралы.Алматы :
Издат Маркет, 2005ж 276 бет.
4. Крымова В., «Экономикалық теория», Алматы. Арқайым ,2000ж
120 бет
5. Қожаниязов Т., Қожаниязова Ж., « Қазіргі экономика»
Тараз: Рысбаева және К баспасы,2001ж 319бет.
6. Мауленов С., «Экономикалық теория» Алматы: Экономика, 2003ж.
194 бет.
7. Мақыш С.Б., «Ақша айналысы және несие» : Оқу құралы. Алматы :
Издат Маркет,2004ж. 242 бет.
8. Мақыш, Ілиясов А.Ә., «Банк ісі» : Оқу құралы.
Алматы : Қазақ Университеті,2004ж. 241 бет.
9. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» Оқулық.
Алматы : Экономика, 2005ж. 416 бет.
10. Хамитов Н.Н., «Банк ісі» : Лекциялар курсы.
Алматы : Экономика, 2006 ж. 220 бет.
Қосымша әдебиеттер
1 Ашығалиев Қ., Экономикалық өсудің мүмкіндіктері мол.
Ақиқат 2003-12 мамыр 52-53 бет. №5
2 Мұқаман М., Банктік несиелік саясат. «Экономика негіздері» 2005-
30қаңтар №5
3 Мамырбаев С., Ипотекалық несие арқлы тұрғын үй алудың қолайлы
Мүмкіндіктері. «Егемен Қазақстан» 2004-21қаңтар №3
4 Тұрапбайұлы А., Кредиттік бюро несиені жеңілдіту. «Егемен
Қазақстан» 2004-16 сәуір. №4
5 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк мекемелері:
негізіндегі заң актілері.Алматы : ЮРИСТ, 2002ж
6 Статистикалық бюллетень.ҚР ҰБ.Алматы : ЖШС «Interconsult»,
2004ж
№12 (121)
7. Статистикалық бюллетень.ҚР ҰБ.Алматы : ЖШС «Комплекс
типография», 2005ж. №9 (130)
12. Статистикалық бюллетень.ҚР ҰБ мемлекеттік мекемесінің Жамбыл
филиалы.Тараз, 2005ж. №9 (9)
ЖОСПАР
Кіріспе
1. Несиенің экономикалық мәні, қызметтері
1.1. Несиенің мәні және қажеттілігі
1.2. Экономикада несиенің алатын орны және оның дамуы
1.3. Несиенің атқаратын қызметтері
2. Несиенің түрлері
2.1. Несиенің формалары мен түрлері
2.2. Ипотекалық несие
2.3. Тұтыну несиесі
3. Қазақстан Республикасы бойынша несие жүйесі мен
саясатына баға беру
1. Экономика салалары бойынша екінші деңгейдегі банк
несиелерін талдау.
2. Несиенің объектісі бойынша екінші деңгейдегі банк
несиелерге баға беру
3.3. Ауыл шаруашылығын дамытудағы несиенің маңызы.
(Жамбыл облысының мәліметтері негізінде)
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Несие – ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады.
Кредит деген сөз, қарыз, несие деген kredo - сенемін деген мағына
беретін латынша kreditum деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже
ретінде әртүрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің
пайда болған кезінде бастап қарапайым формаларда: бай және кедей қоғамдарда
көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде
болады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және тағы
басқа) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге
тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша
қатынастарының дамуымен несие ақша түрінде көшті.
Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық
дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шарушылық субъектілерімен
қатар,мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.Несие
объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс процесінде
маңызды роль атқарады.Несие ақшалай капиталдың қарызға тронсформациясын
қамтамасыз етеді және несие берушілер мен қарызға алушылардың арасындағы
қарым-қатынасты білдіреді. Несие-банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде
барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын
және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды
сипаттайды.
Несиенің экономикадағы орны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен
сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді
атқараады:
- қайта бөлу;
- айналыс шығындарын үнемдеу;
- айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
- капиталдың шоғырлануын жеделду;
- ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.
Экономикалық категория ретінде, несие кәсіпорындар, ұйымдар
және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды
қайтару, пайыз төлеу шарптында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға
беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.Кіріспеде,
несиенің экономикадағы мәні және атқаратын қызметтері ғана қамтылып қоймай,
сонымен қатар несие берушілер мен несие алушылардың өзара қатынасында
пайдаланатын, оның формалары мен түрлері нақты отандық банктер
тәжірибесінде толық қамтылады.
Несиенің көмегімен мемлекеттің, халықтың, ұйымдардың және
кәсіпорындардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе
төңіренгінде жинақтала отырып, уақытша ақылы негізде пайдалануға
берілетін ссудалық капиталға айналады.
Несиенің мақсатты сипаты несие берушіден алынған қаражаттың
мақсатқа сай пайдалануқажеттілігін білдіреді. Несие келісімшартындағы
сәйкес бөлімде берілетін несиенің нақты мақсаты, сондай-ақ банктің бақылау
процесінде бұл талапты қарыз алушының сақтауы белгіленеді.
Несиені экономикалық категория ретінде қарыз мәмілесі негізінде
көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек.
Қарыз мәмілесі несиені экономикалық категория ретінде өз
бетінше сипаттамайды, оны осы мәміле негізінде пайда болатын өндірістік
байланыстар немесе жүзеге асу формасы қарыз мәмілесі болып табылатын
өндірістік қатынастар сипаттайды. Қарыз мәмілесі тауар шаруашылықтарының әр
түр сатыларына тән. Экономиканың тарихи дамуымен бұл мәмілелер жиілейді,
ұлғаяды, жетілдіріледі және жалпылама мәнге ие болады.
Курстық жұмыстың мақсаты- несие жүйесін жан-жақты зерттеп,
шетел тәжірибесіне сүйене отырып, өз еліміздің несие жүйесін дамытып,
жетілдіру жолдарын іздестіру. Сонымен қатар, тиімді несие жүйесін енгізуге
ықпал жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Несиенің мәні және қажеттілігі;
- Несиенің формалары мен түрлері;
- Қазақстан Республикасы бойынша несие жүйесі мен саясатына баға
беру.
1. НЕСИЕНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, ҚЫЗМЕТІ
1.1. Несиенің мәні және қажеттілігі
Несие-ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып
табылады.Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға
берілетін ссудалық капитал қозғалысы .Көбіне несие ақша ретінде
түсінеді.Бір жағынан қарағанда бұған негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі
шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде.Бірақ, бұл жерде ақша мен
несиенің әр түрлі қатынастарды түсіндіреді.Несие қатынастары ақша
қатынастары сияқты үнемі даму үстінде. Алғашқы несие табиғи түрде қоғамның
дәулетті таптарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге түтыну мұқтаждығы
мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған.
Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік
принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның
мәнін көрсетуі керек:
- несие мәмілесі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек.Егер бір
мәміледе несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін
жоғалтатынын білдіреді;
- несиенің мәнін талдауда несиенің құрылымын , қозғалыс сатыларын,
несиенің негізін қарастырған жөн.
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйіт- құрылым.Өзге
экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бірімен өзара әрекетке
түсетін бірнеше элементтен тұрады.Ондай элементтерге ең алдымен несиелік
қатынастардың барлық субъектілер жатады.Субъектілерге несие беруші мен
қарызға алушылар жатады..Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды.
Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.
Несие беруші- несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы.Мұны іске
асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек.Ол ақша
өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған балуы да мүмкін.
Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізі несие беруші –банк
болып табылады.Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың,кеңселер мен халықтың уақытша
бос қаражаттарын шоғырландыру,оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану
үшін несие түрінде ұсынады.Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға
алушы ғана емес,сондай-ақ соңғысы да меншік иесіне тартылған ресурстарды
қайтаруға міндетті.Бұл арада банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші
жағдайда-қарыз алушы болып көрінеді.
Қарызға алушы – несиелік қатынастар жағы , несие алып, алған
қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша
мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман
талабына сай қарызға алушылар – кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық,
мемлекеттер мен банктер алуы мүмкін. Алайда қарызға алушы қарызға алынған
қаражаттың меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны
ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі , яғни
шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейін оны іске асырып,
пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.
Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған
несие беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие
қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндеттің түрде
қатысу қажет. Және де бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие
беруші – қарызгер болуы мүмкін. Несие беруші мен қарызға алушы өзара іс-
әрекеттерінде қарама-қайшылықтың бірлігі сипатын көрсетеді. Несиелік
мәміленің қатысушылары ретінде, олар оның қарама-қарсы жақтарында тұрады.
Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары пайыздық несие
бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан несие алып, қосымша
қаржылар табу мүддесі болады.
Қарызға алушы несиені кедей болғаны үшін алмайды, ол өзінің
меншікті қорларының ауыспалы айналым мен каптиал айналымының объективті
күшіне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз ісін алға бастыру үшін алады.
Сонымен , несиенің объективті өмір сүруінің негізгі талаптары
төмендегідей тізбектеледі:
- жеке тауарлар өндірушілердің өндірістік ( негізгі және айналымдық)
қорлар айналымы мен жеке ауыспалы айналымдардың уақыт бойынша сәйкес
келмеуі;
- несие беруші мен қарызға алушының заңды тұрғыдан дербестігі;
- несиелік қатынасқа несие беруші мен қарызға алушының мүдделік танытуы.
Несиенің мәнін тану оның негізін ашады, яғни несиелік
қатынастар туындайтын базада қарастыруды ұйғарады.Несиенің мәнін ашып
көрсететін,несиенің негізін құрайтын база неден тұрады? Несие қозғалысының
бір сатысы бола тұрып,бір мезгілде несиеленген құн қозғалысынң барлық
сатыларын қамтиды.Несие ақшасын жарату, алу және оны пайдалану-қайтарым
негізінде жүзеге асады.
Несиеленген құны қайтарылу кезеңі оның жалпы ауыспалы айналымын
ғана аяқтайды.Қайтарымдылық- несиелік қатынасқа тән белгіні анықтайтын
өзіндік ерекшелікті көрсетеді.Несиенің қайтарылуы – уақытша пайдаланған
несиеленген құнды несие берушіге қайтару процесі. Ол құнның ауыспалы
айналымында аяқталатын материалдық процестерде негізделеді.
Несиенің құрылымын, қозғалыс кезеңдерін және негізін талдау
нәтижесінде оның мәнін толық емес жағдайда былайша айтуға болады: несие
беруші мен қарыз алушының несиелік құнын төлем мен жеделдікке негізделіп
қайтарылым қозғалысына байланысты экономикалық қатынастар екендігі.Несие-
бұл несие капиталының қозғалысы. Несие капиталы- бұл қайтару талабымен
пайызбен төленетін, меншік иелеріне несиеге ұсынылатын несие капиталы.

Несиенің ролін несиелік қатынастардың жұмыс істеуіне әкеліп
соқтыратын нәтижесімен анықтауға болады. Несие өзінің қызметі арқылы ұдайы
өндіріс процесіне әсер етеді. Несиенің өз қызмет саласы бар, ол
қозғалыстың барлық құндылықтырымен емес, шаруашылық айналымында
пайдаланылмай тұрған, қайта айналып құйылудың бастапқы кезінде қайта
бөлінуі мүмкін бөлігімен ғана байланысты. Несиенің көмегімен шешілетін
міндеттер қоғамдық дамудың әр түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыруы мүмкін.
Экономика дамуының сатысына қарамастан, несиенің арқасында
қарыз беру капиталы құрылып,оның өнім өндіруге пайдалануы қамтамасыз
етіледі.Несие ұдайы өндіріс процессінің үздіксіздігі мен тездетілуіне
қызмет етеді.Уақытша бос материалдық және ақшалай қаржыларды қайтарымдық
және төлемдік негізде қайта бөлуді қамтамасыз етуші несие кез келген
экономикалық субъект бойынша ағымдағы өндірістік шығындар мен
табыстардың арасында, өндірістің маусымдық сипаты мен экономика
салаларында тауарларды сатып реттеудің арасында, капиталдың жұмсауға
қажетті көлемі мен қолда бар жиынтықтардың арсында болатын қарама-
қайшылықтарды шешіп отырады.Ұдайы өндіріс процесін несие арқылы түзету ең
алдымен қоғамдық өндірістің үздіксіздігіне қуаттап отырудың арқасында
қамтамасыз етеді.
Жаңа өндіріс ашу мен оларды кеңейту ісінде де несиенің
атқаратын рөлі зор. Несиенің көмегімен айтарлықтай қаржы ресурстарын
шоғырландыру мен орталықтандыру жаңа өндірістердің ірі жобаларын
іске асыруға,жаңа техниканы ендіруге, жоғары қосымша құны бар
өнімдерді өндіруде қайта жарақтауға байланысты салынатын мол салымдарды
жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Несиені капиталдық салымдар есебінде
пайдаланудың бюджеттік қайта айналмалы қаржыландырумен айтарлықтай маңызды
артықшылықтары бар. Капиталдық шығынның тиімділігін осы шаралардың пайда
есебінен қарызды өтеудің мүмкіндіктерін анықтаумени әрі несие шараларының
өтелу мерзімі шегінде қарызды өтеудің мерзімін белгілеумен жүйелі
бақылауға мүмкіндік береді.
Несиенің ақша айналымы саласында да алатын орны айрықша.Ол ақша
айналымының үнемделуінен көрінеді. Несие өзінің қызметі – айналысының
құралын құруға байланысты:
- біріншіден, ақша белгілерін дайындау,шығару,есеп жүргізу мен сақтау
шығындарын қысқартады;
- екіншіден, несие бос ақша қаржыларын сан рет пайдалана отырып,
қолма-қол ақшасыз есептесуларді қысқартып,айналым шығындарын азайтады;
- үшіншіден, айналымның шығындары маусымдық қажеттіліктерді қосымша
қаржылар есебінен көбейткенде қорлардың кемуіне байланысты қысқарады.
Кәсіпорындар мен халықтың қаржыларын банкілердің
есепшотында сақтау ақша есептерін банкінің есебінде жазу арқылы,
яғни қолдағы бар ақшаның қатысуынсыз жасауға мүмкіндік береді.
Қолма-қол ақшасыз есеп экономикадағы есептесулерді тездетіп,
айналымның шығындарын азайтады, мемлекеттік қарыз беру қорын арттырады.
Қолдағы ақшалардың айналымға түсуі және оларды айналымнан
шығару несиелік негізде жүргізіледі, мұның өзі айналыстағы ақша
көлемін реттеп және оларды басқаруға, дәлірек айтқанда валюта мен
инфляцияның тұрақтылығын ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Несиенің арқасында тұрғын үй құрылысы,пәтерлер, автокөлік
және басқа да тұрмыстық машиналар мен аппараттар алу мен шаруашылықты
қалыптыстыру сияқты қоғамдағы көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге қол
жеткізіп отыр.
Несиенің көмегімен басқа мемлекеттермен байланыстар нығайып,
әлемдік экономикаға араласуға мүмкіндіктер туып келеді. Сонымен, жекелеген
шаруашылықпен айналысушы экономикалық субъектілердің өмір сүру мен жалпы
халықшаруашылығының дамуына да,микродеңгейіне байланыстардың дамуында,
сондай-ақ халықтың әл-ауқатын көтеруде несиенің атқаратын ролі өте зор.
Несие капиталы нарығының даму деңгейіне:ел экономикасының
дамуы, елдегі өндірістік және қаражат қорларының және халықтың
әл-ауқат деңгейі, соған сәйкес оның жинақ ақшасы тікелей әсер етеді.
Әлемде экономикалық несиенің дамуының үш орталығы бар, олар:
АҚШ,Батыс Еуропа, Жапония.Бұл орталықтарда несие капиталының қуатты
нарықтары бар. АҚШ-тың несие капиталдар нарығы олардың ең қуаттысы болып
есептеледі. Ол барлық төрт сараланымның (сегмент) тармақталуымен және
дамығандығымен ерекшеленеді және әлемдік капитал нарығына маңызды әсер
етеді.
Батыс және Еуропаның 24 тен астам дамыған елдерін қамтитын
Еуропа Одағы АҚШ-тан капитал қорларынымның кіші көлемін және несие
нарығының жеке саралыным операцияларының жеткілікті дамуымен
ерекшеленеді. Мұндай тенденциялар Жапонияның несие капиталы нарығына да
тән.
Ал Қазақстаннның несие нарығына тоқталсақ, онда оның
сараланымдары әр түрлі деңгейде екенін, сондай-ақ ол енді-енді қалыптасып
келе жатқанын атауға болады. Мысалы, Қазақстанда ақша және капитал
нарығының сараланымы елдегі өндірістік және, жеке қорланымның және
банк жүйесінің жақысы дамығанына байланысты едәуір жетілді.
1.3. Несиенің атқаратын қызметтері
Несиенің барлық формалары мен түрлерінде мәнін ашып көрсететін
оның үш түрлі қызметін бөліп көрсеткіміз келеді.Олар- қайта бөлу, нақты
ақшаны айналымдағы несие құралдарымен ауыстыру және капиталды шоғырландыру
мен орталықтандыруды жеделдету.
1.Несиенің қайта бөлу қызметі.Оның мағынасы қарыз алушыға
(шаруашылық, халыққа) төлем негізінде уақытша пайдалануға берілетін
кәсіпорындардың, ұйымдардың, халық пен мемлекеттің бос ақшалай қаржыларын
несие арқылы шоғырландырып, қарыз беру капиталына айналдыру. Қарыз беру
капиталы несие механизмі арқылы халық шаруашылығы салаларының арқасында
қайта қайтарылу негізінде несиеге айналады.Қарыз капиталын кәсіпорындар,
салалар, халық арасында қайта бөлу жүзеге асырылып, ақша түріндегі капитал
аз табыс әкелетін салаларда жұмсалынады.Оны салаларда шоғырлану жүзеге
асырылады. Екінші сөзбен айтқанда, өндірістік тепе-теңдіктер, капитал мен
экономиканың бірлесіп басқарылу ретке келтіріледі.
Мәселенің мәнісі өндіріс құралдары ретіндегі капитал физикалық
түрден бір саладан екінші салаға ауысып құйыла алмайды. Бұл процесс ақша
капиталының қозғалыс жағдайына жүзеге асыратындықтан,несие нарықтық
экономикада ең алдымен капиталдың бір саладан басқа салаларға ауысып
құйылуы үшін икемді механизм ретінде керек және табыс нормаларын теңестіру
қызметі арқылы несие капиталдың өндірістің бір саласынан екіншілеріне еркін
түрде ауысып құйылуын және өндіруші капиталдың белгілі бір нақты үлгіде
бекінуін қамтамасыз етеді.
Құндылықтың несие арқылы қайта бөлінуі- салалық, салааралық,
аумақтық бағыттарда, несие қатынасының субъектісі іспеттес кәсіпорындар
деңгейінде жүзеге асады. Қандай бір жағдайлар болмасын, әңгіме уақытша бос
тұрған құндылықты қайта бөлу жағдайында болып отыр.
Осы ретте қайта бөлудің қаншама түрлері болғанымен, меншік иесі
ауыстырылмай, ол несие берушінің қолында қала береді.
Сонымен несие өзінің қайта бөлу қызметінде экономиканы
стихиялық түрде реттеуші болып табылады. Алайда, несие кейбір жағдайларда
экономиканың тепе-теңдігін де күшейтіп жібере алады. Нақты айтар болсақ,
1993-1996 жылдары капиталдың өндіріс саласынан айналыс саласына ауысуы орын
алды да өндіріс дағдарысын тереңдете түсті, яғни несие, бұл жылдары сауда-
делделдық салаға ауысып кетіп, нағыз сектор дағдарыс жағдайында қалап
қойды. Несиенің қайта бөлу қызметінің ерекшеліктері төмендегідей:
Біріншіден, несиенің көмегі арқылы тек мына материалдық
игіліктердің құндылығы, өндіріс құралдары мен тұтыну заттары, яғни бір
жылдың барысында өндірілген ұлттық жалпы өнімдер емес, сондай-ақ ел
экономикасының өткен кезеңдерде жасалған құндылықтары да қайта
бөлінеді;екіншіден, несиенің қайта бөлу қызметі жалпы құндылықты қайта
бөлуді емес, уақытша босаған құндылықты қайта бөлуге қатысады; үшіншіден,
қайта бөлу қызметінде уақытша босаған құндылықты уақытша пайдалануға беру
процесі өте маңызды болып табылады; төртіншіден, несиенің көмегімен уақытша
босаған құндылықты беру нарықтық экономикаға тән сарапшылдардың банктер мен
басқа да несиелік мекемелердің қатынасуымен жүзеге асырылады.
2.Шын мәніндегі ақшаларды айналымның несиелік құралдармен
ауыстыру.
Қазіргі кез кездегі нарық шаруашылығында шын мәніндегі ақшалар
ел ішінде айналысқа түспейді, олардың несие негізінде шығарылған ақша
белгілері айналымда болады. Нақты ақшалардың шығарылуы, немесе қолма-қол
есептегі ақша қорларын ұлғайту сол мезетте экономиканы несиелеудің ресурсы
болып табылады.
Несиенің мұндай қызметінің даму банк жүйесінің пайда болуымен
байланысты. Ақшаларды банкінің есеп шотында сақтау ақшалай міндеттемелер
бойынша тауарлар мен қызмет үшін қолма-қол ақшасыз есептерді жүзеге
асыруға, өзара қарыздарды есепке жатқызып жойып отыруға мүмкіндік береді.
Мұның өзі ақшаны қолмен санап алыс-беріс жасау айналымын және айналым
шығындары мен өнімсіз шығындарды едәуір азайтты. Шаруашылық жүргізу
субъектілерінің және халықтың есепшоттардағы көрсетілген ақша айналымы
банкінің ақша қаржыларының иелерімен несиелік байланыстары болып қалады.
Несиелеу процесі кезінде ақша массасының құрылымына,төлем
айналысына және ақша айналымының жылдамдығына әсер ететін сол ақша айналымы
үшін түрліше төлем қаржылары құрылады. Яғни, нағыз ақшаларды несиелік
ақшалармен және несиелік операциялар ауыстыру жүзеге асырылады. Айналымда
ең қарапайым қарыздық міндеттемелер – вексельдерден бастап қазіргі
электрондық ақшаларға дейінгі несие ақшаларының түрліше формалары пайда
болады.
Экономиканың дамуының алғашқы сатысында бұл айналымнан алтынды
ығыстырып шығарумен байланысты болды. Қазіргі кезде нағыз ақшаларды
алмастыратын несие қызметі ақша тасқындарының қозғалысын тездететін қолма-
қол ақшасыз есептер, несие карточкаларын, вексельдерді, чектерді,
депозиттік сертификаттарды қолдану арқылы көрініс танытады.
Осы кездегі шаруашылықта қолдағы ақшаны несие операциялары
мен ауыстырудың қажетті шарттары жасалған. Ақшаларды бір
есепшоттан екіншілеріне қолма-қол ақшасыз есеп жасау үшін аудару, өзара
талаптарды қанағаттандыруға байланысты, ақша айналымының құрылымын
жақсартуға мүмкіндіктер туады.
Несие осы қызмет барысында ақшаларды жалпылама ауыстырудың
емес, оларды экономикалық айналымда уақытша ауыстыру қызметін, яғни
несие ақшаның ролін атқарады. Тауарлы-материалдық- құндылықты алу,
қызметтерді төлеу, еңбекақыларды, зейнетақыларды төлеу үшін пайдаланады.
Нағыз ақшаларды несиелік ақшалармен және несиелік
операциялармен алмастыру, негізінен екі түрлі жолмен жүзеге асырылады:
- алтынның орнына айналымға экономиканы несиелеу жолындағы несиелік
ақшалар шығарылады, олар тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз
етіліп, міндетті түрде банкідегі эмитентке қайта келіп түсірілуі қажет;
- несиелеу барысында төлем қаржылары жасалды, яғни, қолма-қол есептер
жасалынатын ақшалар келіп түседі.
3.Капиталды шоғырландыру мен орталықтандырылуды жеделдету
барысындағы несиенің қызметі.Капиталды шоғырландыру мен орталықтандыруды
жеделдету несиенің маңызды қызметі болып табылады. Несие механизмі қосымша
құнды капиталдандыру барысына ықпал етеді.
Несие капиталды шоғырландырудың аса қуатты факторы ретінде оның
жекелеп жинақталуының шекараларын кеңейте түседі. Өндірістің ауқымын
кеңейту үшін жекелеген шаруашылық кәсіпорындарының, кәсіпкерлердің
қаржылары көбінесе жеткіліксіз болып саналатындықтан, әрбір
кәсіпорындардың, халықтың шағын мөлшердегі уақытша бос тұрған шашыраңқы
қаржылары жұмылдырылып банкілерде жинақталады да , үлкен көлемге жеткеннен
кейін ол несие ретінде кең ауқымды ұдайы өндірісте белсенді түрде
пайдаланады.
Несие жекелеген кәсіпорындарды акционерлік қоғамдарға
айналдырудың, монополиялар мен халықаралық компаниялардың жаңа түрлердің
құрудың факторларының бірі болып саналады. Монополизмге берілетін жеңілдік
несиелеріне байланысты және шағын тауар өндірушілердің несие алу
жағдайларының нашарлауы бір полюсте капиталдың шоғырлануы мен
орталықтандырылуының күшейіп, екінші жақтың ойсырауына, тақыр кедейленіп,
банкротқа айналуына әкеп соғады.
2. НЕСИЕНІҢ ТҮРЛЕРІ
2.1. Несиенің формалары мен түрлері
Несие формасы – бұл несие қатынасының сырттай нақты көрініс
табуы.Ол несие қатынасының мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несие
қатынасының формасы мен мазмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағынан
біртұтас болады. Несие қатынасының формасы оның мазмұны мен дамуына
сәйкесуі керек.
Таңдап алынған жіктеу өлшеміне қарай мынадай ең маңызды
формаларын бөліп көрсетуге болады:
- қызмет ету саласына қарай- ұлттық және халықаралық несие;
- несие мәмілесінің объектісіне қарай – ақшалай және тауарлық;
- несие қатынасының субъектісіне қарай- банктік, комерциялық,
халықаралық, тұқтынушылық несиелер.
Несиенің тауарлық формасы тарихи жағынан алып қарағанда
оның ақшалай формасынан пайда болған. Несиенің тауарлық формасы
осы заманғы тәжірибеде төлесдерінің мерзімін ұзартумен тауарларды
сатуда, машина мен құрал- жабдық, тұрмыстық тауарлар, саймандар
лизингісінде қолданылады.Қазақстанда тауарлық несие фермерлер мен шаруа
қожалықтарына көктемде тұқым түрінде беріледі. Тұқым түрінде беріәлетін
бұл несиені фермерлер мен шаруа қожалықтары күзде жиын –
теріннен кейін қайтарып отырады.
Несиенің тауарлы формаларының негізінде ақшалай несие
формасы пайда болып , дамиды. Ол осы заманғы нарықтық шаруашылықта
артықшылықтарға ие, типтік форма болып табылады. Өйткені, ақш
айналыс пен төлемнің жалпыға тән баламалы, әмбебеп құралы болып табылады.
Несиенің бұлт формасы ұлттық және халықаралық экономикалық айналымдардың
шегінде пайдаланады.
Несие түрлері – бұл оның несиелерді жіктеу үшін пайдаланатын,
экономикалық- ұйымдастырушылық белгілірі бойынша ең детальданған
сипаттамасы, яғни несиенің іс-тәжірибедегі нақты қосымшасы.
а) Қазақстанда несие түрлері былайша жіктеледі: несиелеу объектінің
экономикалық белгілірі бойынша:
- айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін несие;
- негізгі құрал-жабдықты қалыптастыруға берілетін несие;
- тауарлы материалдық құндылық аясында шұғыл қажеттілікке,
сондай- ақ, нормативтен тыс қорлардың аясында уақытша
қажеттілікке берілетін несие;
- өндірістің маусымдық шығыны аясында берілетін несие;
- жол үстіндегі есеп айырысу құжаттары аясында берілетін несиелер;
- төлем несиелері.
ә) қамтамасыз етілуі бойынша;
- жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен, тауарлы-материалдық
құндылықпен, кепілдікпен, сақтандыру келісімшартымен
толық қамтамасыз етілген;
- ішінара қамтамасыз етілген;
- қамтамасыз етілуі болмайтын банкілік (сенімділік)
б) қайтарылу мерзімі бойынша:
- қысқа мерзімді;
- орта мерзімді;
- ұзақ мерзімді.
в) өтелу тәртәбі бойынша:
- бөліп-бөліп төлеу;
- бір жолғы өтеу;
- кезең сайые бір қалыпты өтеу.
г) тәуекелді деңгейі бойынша:
- субстандартты;
- стандартты;
- күмәнді;
- сенімді;
- сенімсіз;
- ұзартпалы.
ғ) ақылылығы бойынша:
- қалыпты пайыздық мөлшерлемесі;
- жоғары пайыздың мөлшерлемесі;
- төмен пайыздың мөлшерлемесі;
- пайызсыз.
д) салалық бағыты бойынша:
- сауда-саттық несиесі;
- өнеркәсіп несиесі;
- ауыл шаруашылық несиесі;
- құрылыс несиесі.
ж) ашылатын шот түрлері бойынша:
- жай ссудалық шот бойынша несие;
- арнайы ссуда шоты бойынша несие;
- контокорренттік шот бойынша несие;
- овердрафт бойынша несие;
- несие желісі бойынша несие.
Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар
түрінде берілетін несие- коммерциялық, ал ақша түрінде берілетін несие-
банктік деп аталады.
Коммерциялық несие- бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарыз
берген тауарын білдіреді.Коммерциялық несие- бұл вексель айналысының пайда
болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы.
Несиенің бұл формасының басты мақсаты- тауарлардың өту процесін жеделдету,
сондай-ақ одан пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер
мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды
сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай
жағдайда айналыс құралы ретінде қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында
төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме- вексель
қолданылады.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынадай:
- қарыз беруші ролінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе
қызметті сатумен айналысатын кез келген заңда тұлға бола алады;
- коммерциялық несие тек ғана тауар формасында беріледі;
- қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
- коммерциялық несиенің орташа құны сол кездегі банктік пайыз мөлшерімен
салыстырғанда төмен болады;
Банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға
ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие – бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік
қатынастардың формасы болып табылады.Банктік несие бойынша несиелік
қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік
несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз
алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы
ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып
табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты – бұл пайыз түрінде табыс
алу.
Берілу шартына қарай несие мыналарға бөлінеді:
Тұтыну несиесі- бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу
үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.Ипотекалық несие –
бұл қозғалмайтын мүліктерді ( тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді)
кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие.Овердрафт несиесі-
клиенттің шотынан қаражатты игеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа
мерзімді несиенің формасы.Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында
да бір түнге берілетін банкаралық несие түрі.Онкольдық несие – кредитордың
алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие.Банкаралық несие –
банктердің бір-біріне беретін несиесі.Ломбардық несие – тез іске асатын
бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып берілетін
несие.Рамбурстық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат
пен дайыне өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланатын
несие.Лизингтік несие – құрал – жабдық мүлкін саитып алу және оны жеке
заңды тұлғаларға белгілі бір төлем үшін нақты мерзімге әрі лизинг алушының
мүлікті сатып алу құқығын қарастыратын келісімшарттың бекітілуіне себепкер
болатын белгілі бір шарттармен лизингілік келісімшарттың негізінде ұсыну
бойынша инвестициялық қызметтің түрі.Маусымдық несие – жабдықтаушының
қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша
алшақтықты жабуға арналған несие.Халықаралық несие – қайтару, мерзімді
және ақылы шарттарының негізінде елдер арасындағы ссуда капиталының
қозғалысына қызмет ететін несие қатынасын әр түрлі формалармен субъектілері
бойынша біріктіретін үлкен ұғым.
2.2. Ипотекалық несие
Ипотека кепілдік берушінің сатуына болатын немесе басқаша
жолмен шеттете алатын кез келген жылжымайтын мүлкіне қойылуы
мүмкін.Ипотека заттары кепілдік берушінің меншігі болуы керек немесе толық
шаруашылық жүргізуде пайдаланатын жалпы меншікті мүлік.Жылжымайтын мүлікті
кепілге салу арқылы болатын ссуданы ипотека несиесі ретінде ұғуға болады.
Ол тұрғын үй құрылысын салуға және сатып алуға , жер сатып алуға беріледі
әрі ұзақ мерзімді сипатқа ие. Ипотекалық несиелеу нарықтық экономиканың
ажырағысыз элементі болып табылады. Оның мынадай ерекшеліктері бар:
- ипотекалық несие – бұл қатаң анықталған кепілзатпен берілетін
ссуда. Несие қайтарылмаған жағдайда кепілге салынған жылжымайтын
мүлік сатылады және одан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz