Оқытудың жаңа технологияларын бастауыш мектепте қолдану


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. МАМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Бастауыш сыныпта жаңартылған білім беру жағдайында сабақты ұйымдастырудың дәстүрлі емес түрлері
Орындаған:
Тексерген:
Қызылорда 2019
МазмұныКіріспе . . . 3
I тарау Жаңартылған білім беру мазмұнының теориялық негізі . . . 5
1. 1. Жаңартылған білім беру мазмұны - сапалы білім . . . 5
1. 2. Оқытудың жаңа технологияларын бастауыш мектепте қолдану . . . 7
II тарау Бастауыш сыныпта жаңартылған білім беру аясында оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың ғылыми -теориялық негіздері . . . 11
2. 1. Оқытуды ұйымдастырудың формаларының мәні, мазмұны және түрлері . . . 11
2. 2. Жаңартылған білім беруді ұйымдастырудың түрлі формалары - бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекетін дамытудың негізгі факторы . . . 17
2. 3. Оқу - тәрбие процесінде бастауыш сынып оқушыларының жас және дара ерекшеліктерін есепке алу мүмкіндіктері . . . 23
2. 4. Дәстүрлі емес сабақтардың классификациясы . . . 31
Қорытынды . . . 44 Пайдаланған әдебиеттер . . . 46Кіріспе
Болашақ маманның ең негізгі міндеті таңдаған мамандығы бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс - тәжірибе кезеңінің үлкен көмегі болады. Сондай іс - тәжірибе кезеңдерінде бағдарламаның тақырыптық құрылымына сай сан алуан шығармалар, көрнекіліктерді пайдалана отырып, балаларды білім әлеміне қызықтыра білу керек. Жас мұғалім өзін мәдениетті ұстай білуі, үйірсектік, мақсатқа жетуде табандылық, орынды әзіл, баланы жақсы көру, ұстаздық байқағыштық, ұйымдастыру қабілеті т. б. кәсіби пайдалы сипаттарды білгені жөн. Тәрбие мен білім алу қандай тығыз байланыста болса, алған білімді кәсіби жеткізе білу де шеберлік.
Оқушының байқау, көру қабілеттерінің ерекшеліктерін ескеріп, дамытатын - көрнекілік.
Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі - қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті ғылыми-әдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару - еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер.
Жаңартылған білім мазмұнындағы оқыту ерекшеліктері
Өнер білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны,
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды.
Ыбырай бабамыз қазіргі заманғы жаңашылдықты сол кезден бастап бейнелеуінің өз маңызы бар. Сонау XIX ғасырдың өзінде-ақ ұлы ағартушымыз Ыбырай Алтынсарин жас ұрапаққа үлгі етіп мұра ретінде қалдырған ілім-білімімізді әлі де тәрбие құралы ретінде пайдаланып келетініміз де және балаларымыздың санасына сіңіретінімізде рас.
«XXI ғасырда нені оқыту керек?» Мұғалімдер үшін ең басты мәселе болып отырғаны да осы. «Мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырға қалай дайындайды» 2011 жылдағы ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының деңгейлік мазмұныда осы мәселелерді шешуге бағытталған. Ғылыми зерттеудің нәтижесінде оқушы теориялық білім алып қана қоймай, алған білімін практикада, өмірде қолдана білуіне оқушыны бағыттап баулу алға қойылған үдеріс болып табылуы тиіс әрекет. Сыни тұрғыдан ойлау, диалогтік оқыту, бағалау, алған мәлімметтерді интерпретациялау(логикалық қорытынды жасау) жаңартылған білім мазмұнындағы білім беру ерекшелігі болып табылады.
Жаңартылған білім мазмұнындағы білім беруде пәндерде бірнеше айдарлар арқылы оқыту жолға қойылған. Мысалы:: Ойланыңыз, анықтаңыз, дәлелдеңіз, талдаңыз, жасап көріңіз, салыстырыңыз тағы да басқа.
Курстық жұмыстың мақсаты - әлемдік білім стандарттарына сәйкес келетін білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, жаңартылған білім беру бағдарламаларын игеруге дайын, өз мүддесін іскерлікпен ұштастыра білетін жан-жақты мәдениетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау. Жаңартылған білім беру мазмұны.
1. 1. Жаңартылған білім беру мазмұны - сапалы білім.
Білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы-бастауыш саты. Келешекте арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы да осы бастауыштан басталмақ. Жас бүлдіршіндердің ой-қиялын біліммен нұрландыратын, дуниетанымын кеңейтетін-ұстаз шеберлігі. Әсіресе, терең де тиянақты білім беруді ұлағатты тәрбиемен ұштастыруды қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәндерінің өзіндік орны ерекше.
Алға қойылған мақсат - 12 жылдық білім беруге көшу сатысында жалпы білім беру мектептерінде даму деңгейі әртүрлі балаларды оқыту жолында мұғалімнің кәсіби, құзырлық, шығармашылық деңгейін көтеруге көмек көрсету, тәжірибемен бөлісу болып табылады.
XXI ғасыр мектебі жедел өзгеріп жатқан заманға бейімделуге мүмкіндік беретін түбегейлі өзгерістер енгізуді, өз кәсіби шығармашылығымызды шыңдауды талап етеді. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастырады. Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ -ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шы- ғармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) курс барысында ұғындық. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттары зерделей отыра тапсырмаларды ықшамсабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік.
Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір -бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.
Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс -тәсілдермен оқытып, ой -өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады. Бұл бағдарламаның маңыздылығы да осында.
Зерттеулік білік пен дағдылар адамға тек ғылыми жұмыспен айналысқанда ғана емес, сонымен бірге оның басқа да қызмет аясында қажет. Шығармашыл - зерттеушілік ізденіс кез-келген кәсіптің ажырамас бөлігі болып табылуда. Баланы зерттеушілік іс-әрекетке дайындау, зерттеулік ізденістің біліктері мен дағдыларына үйрету қазіргі кезде білім берудің маңызды міндеті болып отыр.
Тұңғыш Елбасымыз Н. А. Назарбаев «Дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін, біз жоғары білімді ұлт болуымыз керек» дей келе, өскелең ұрпақтың функционалдық сауаттылығына аса назар аударуды талап етіп отыр. К. Ушинский: «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады», - деген екен. Бүгінгі күн- білім беру мазмұнына, оқушы мен педагог тұлғасына және қызметіне деген көзқарастардың түбегейлі өзгеріске бет бұрып отырған кезең. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын жоғары индустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», - деген еді. Қазақстанның әлемдік үрдістерге кіруі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда. Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің функционалдық сауаттылығы - қазіргі білім беру¬дегі жаңа және нақты жағдайға икемделу дегенді білдіреді.
Осыған орай, қазіргі кезде білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформалар барлық деңгейлердегі білім мазмұнын жаңартуға және өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған. Білім беру әдісі өзгереді, білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болады. Жаңартылған Бағдарлама жаңашыл ой тудырды. Себебі әр жаңашылдық, біріншіден, стандартты іске асыруда мұғалімнен кәсібилік, екіншіден, одан әрі сапалы нәтиже алу мақсатында жігерлі іс-әрекеттерді талап етеді. Мектептегі білім беру мазмұнын жаңартудағы мұғалімнің атқаратын маңызды рөлін ескере отырып, педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар атқарылды.
Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдап, машығын игеруі тиіс» деп атап көрсеткеніндей, қазіргі таңда елімізде жаппай білім беру мазмұны жаңғыртылуда. Білім мазмұнын жаңғырту - сапалы білім, жарқын болашаққа негізделген.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек.
Қазақстан 2050 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі - орыс тілі және ағылшын тілі - әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Жаңартылған білім берудің мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.
«Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса» деген екен А. Байтұрсынов. Сондықтан үнемі кәсіби біліктілігін артып, жаңашылдыққа ұмтылған педагог қана шығармашылықпен, зор қуатпен еңбектенеді. Себебі, әлем таныған елде рухани бай және интеллектуалды тұлғалар мекендеу қажет.
«Білімді болу деген сөздің мағынасы - белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу», -деген Әл-Фарабидің сөзіне жүгінетін болсақ, ел ертеңі білімді ұрпақпен ғана өлшенбек.
Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Аталған білім беру бағдарламасы туралы түсінгенім мен ұғынғаным мол.
1. 2. Оқытудың жаңа технологияларын бастауыш мектепте қолдану
Бүгінгі таңда адамның қоғамдағы орны, оның әлеуметтік және рухани көзқарасы жаңа талаптарға сай жеке тұлғаны қоғамға жаңаша даярлауда, оның жалпы білімдік және кәсіпке даярлығын дұрыс жолға қоя білуінде. Осыған орай білім берудің тұтас жүйесін құру негізгі мәселелердің бірі болып, үздіксіз тәлім тәрбиеден, яғни от басынан бастап, қоғам саранысын өтей алатын жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Ал оқушылардың бойындағы білім негіздері бастауыш мектептен бастау алатыны түсінікті. Соңғы жылдарда білім беру туралы, әсіресе, үздіксіз білім беру туралы көбірек сөз қозғалып жүр. Сондықтан мәселені бұл тұрғыдан алғанда, бастауыш мектепте сапалы білім беру шешуші рөлдердің бірін атқаратыны даусыз. Бастауыш мектепте оқитын балалардың жасы төмен болғанына қарап, оларға білім беру де жеңіл болады деген түсініктен аулақ болу керек.
Қазақ тілін оқу-білу не үшін қажет? Себебі қазақ тілі - қазақ реслубликасының мемлекеттік тілі, ол онеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің және қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласын қамтып көрсететін бай лексикасымен, қалыптасқан жазу жүйесімен және әр түрлі стильдік тармақтарымен (қөркем сөз стилі, ғылыми стиль, публицистиқалық стиль және т. б. ) сипатталады.
Қазақ тілінде көптеғен ғазет -журналдар шығады. Көркем әдеби шығармалар мыңдаған тиражбен басылып, таратылып отырады. Қазақ тілінде ғылыми әдебиеттер шығарылады, ғылымның алуан түрлі саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Соның нәтижесінде қазақ тілінің леқсикасы саяси және ғылыми-техниқалық терминдермен толығып баюда.
Қазақ тілінін өзі және оны оқыту әдістемесі арнайы ғылымның зерттеу объектісіне айналып, оның әр түрлі сөздіктері мен тұрақты оқулықтары жасалуда.
Қазақ тілі жалпы білім беретін мектептерде, жоғары жәнс арнаулы оқу орындарында арнайы пән ретінде оқытылуда. Қазақ тілінін жеке грамматикалық категорияларының өзі арнаулы ғылыми-зерттеу жұмысының объектісі болып, олар жөнінде көптеген ғылыми еңбектер жазылуда.
Еліміздің егемендікке қолы жеткеннен бері қазақ тілі орыс және басқа тілдерде жүретін мектептерде міндетті түрде оқытылуда.
Бастауыш сыныпта балалар қазақ тілі сабақтарында нені білуге тиіс?
Балалар бастауыш сыныптарда сауатын ашады, оқуға, жазуға үйренеді, ойын ауызша және жазбаша жүйелі дұрыс, анық, дәл жеткізе алатындай білім алады, оны іске асыру шеберлігін меңгеріп, дағдыланады, яғни дұрыс сөйлеуге үйренеді.
Сөйтіп, қазақ тілін университеттер мен институттардың Бастауыш
оқыту педагогикасы, әдістемесі факультеттерінде және педогогикалық училищелерде оқудағы мақсат - болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне қазақ тілін ("Әліппені", "Әдебиетті оқытуды", "Грамматиканы") оқыту әдістемесінің теориясы жайында жүйелі білім бере отырып, І-ІV сыныптардағы сабақтардын мазмұны мен көлемін, . оларды жүйелі де тиімді жүргізу тәртібін көрсетумен қатар, оны оқыту әдістемесінен орындалатын жұмыс түрлеріне үйрету.
Қазақ тілінің мектепте оқушыларға білім, тәрбие берудегі және оларды дамытудағы маңызы зор. Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты, адамды ерлікке, Отанын, туған халқын сүюге тәрбиелеудегі күшін кезінде К. Д. Ушинский: "Халық тілі - тарих шекарасынан әлдеқайда әріректен басталатын, оның бүкіл рухани өмірінің еш уақытта солмайтын және өмір бойы қайтадан шешек атып тұратын тамаша гүлі. Тілде бүкіл халық, оның күллі елі - барлық, толық ойы мен сезімі туған елінің өлеңінде, әндерінде. . -" деп көрсеткен болатын. Сондықтан да ана тілі бастауыш мектептерде ең негізгі пән болып есептеледі. Өйткені ана тілінде оқу-жазуға дағдылану арқылы басқа пәндерді оқып үйренуге жол ашылады. Бұл жөніндеде ұлы педагог К. Д. Ушинский: "Ана тілін толық менгермеген бала тарихты және жаратылыстану ғылымдарын үйренген кезде, теореманы, математиқалық бір есепті өз сөзімен айтып бере алмай, дәл осындай күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинақтайтын басты, өзекті пән екені енді түсінікті емес пе?" - деген болатын.
Балалар ана тілі арқылы адамгершілікке, еңбекке, патриоттық рухқа тәрбиеленеді.
Ана тілінде жақсы оқи алатын бала өзі оқыған немесе айтылған ойды да дәл түсінеді.
Ал мектепте оқытылатын грамматика, әдебиеттік оқу, тіл дамыту сабақтарының, бір жағынан, білімдік мәні, екінші жағынан тәрбиелік мәні, үшіншіден, баланың жеке басындағы қасисеттерді дамытып, олардың әлеуметтік бағдарларын айқындай түсуде орасан зор улес қосатыны мәлім.
Бастауыш мектепте ана тілінен оқушыларға білім, білік, тәрбие беруде және оларды дамытуда мынадай міндеттер іске асырылады:
1. Оқушыларды білімдік, тәрбиелік, дамыту жағынан құнды. Шәкірт ұғымына сай келетін, анық та дәл, көркем тілмен жазылған материалдарды іріктеп алып, қазақ тілі сабақтарында пайдаланып отыру;
2. балаларды дәл, анық, бейнелі сөйлеуге, жүйелі түрде. үнемі дағдыландыру;
3. көркем шығармалар арқылы білім бере отырып, балалардың сезімдеріне әсер етіп, адамға қажетті моральдық қасиеттер. адамгершілік мінез-құлықтардың қалыптасуына жағдай туғызу. Үздіксіз білім беру бастапқы процестен басталып, мемлекеттік жүйе және қоғамдық мекемелермен жалпы біліммен адамды мамандыққа даярлау нәтижесімен көрінісін беруі қажет. Үздіксіз білім беру жүйесі - бір жағынан ыңғайлы, екіншіден, әлеуметтік педагогикалық принцип XXI ғасырдағы тұтас жүйе болып табылады. Үздіксіз білім беру жүйесі адамның өмір бойы жалпы жүйеден, жүйелеп білім алуына бағытталған, білім беру мекемелерінен тұрады. Осы жүйеде мемлекеттік, мемлекеттік емес, жалпы қоғамдық базалы және қосымша білім беретін мекемелердің өзара байланысынан құрылған. Білім беруді тұтас басқару жүйесі: білім беру министрлігі, академиясы, мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары мектеп-университеттер, институттар (магистратура, докторантура), департаменті, қосымша білім беру мәдени-тәрбие ұйымдары, білімді жетілдіру иституттары, білім беру департаменті-аймақтық, облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық- орта білім лицей, гимназия, колледж, толық және толық емес білім беру-қалалық политехникалық колледж және ауылдық политехникалық колледждер;
Жалпы вертикал бойынша, мектепке дейінгі, жалпы орта мектеп, кәсіби білім беру, жоғары мектеп, мамандықты көтеру іс-әрекетінің өзгеруіне байланысты қайта даярлау, жалпы білімдік деңгейін және мәдени көзқарасын байыту. Бұл жүйенің компоненттерінің бәрі горизонталды түрғыдан өзара байланысты. Мысалы, мектеп, мектептен тыс, мектепке дейін және отбасы тәрбиесін жатқызуға болады. Байланыс оқыту формасында да мемлекеттік, мемлекеттік емес, қоғамдық мекемелерде байқалады. Үздіксіз білім беру негізі мектепке дейінгі және базалық, жалпы орта мектеп, лицей, гимназия, колледждерде және кәсіби білім берудегі түрлі типтік мекемелерде іске асырылады. Білімнің негізі мен танымдық білік осы мекемелерде қалыптастырылады. Бұндай жағдай жалпы білім беру мекемелерінің әлеуметтік рөлін қамтамасыз ететін және гуманистік, гуманитарлық бағытының мазмүнын. сонымен қатар педагогикалық іс-әрекеттің әдістері мен формасына ықпал етеді.
Бастауыш мектепте жаңа технологияларды пайдалана отырып, қазақ тілін оқыту мұғалімнен қажырлы еңбекті талап ететіндігі сөзсіз. Бұл тұрғыда, педагогикалық менеджмент ұғымына тоқталып өтудің маңызы зор. Менеджмент ұғымы ауда-саттық пен бизнеске қатысты көптеп қолданылып жүргендігі анық. Ал педагогикаға, бастауыш мектепте оқытуға қатысты бұл ұғымды қалай түсіну керек?
II Тарау. Бастауыш сыныпта жаңартылған білім беру аясында оқытуды
ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың ғылыми -теориялық негіздері.
2. 1. Оқытуды ұйымдастырудың формаларының мәні, мазмұны және түрлері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz