Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу және дамыту әдістемелері


Ф. 4. 7-007-03
Казақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік
университеті
Психология кафедрасы
Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
А. Г. Маджуга
ЗПО-03-3КС тобы студенті
Бориева А. С.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері
Ғылыми жетекшісі п. ғ. к.,
Аға оқытушы М. У Тусеев
КПН. Доцент кафедры педагогики МКТУ им. Яссауи
Абдукадырова С. А.
ШЫМКЕНТ - 2006
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
- бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерімен байланысты психологиялық қызмет көрсету міндеттері
1. 1. Баланың жеке тұлғалық дамуының құрылымы . . . 5
1. 2. Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық қызмет көрсету . . . 28
- бөлім. Бастауыш сынып оқушыларын психологиялық зерттеудің және дамытудың маңызыМектепке қабылданған балалардың оқу мотивацияларын зерттеу . . . 40Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу және дамыту әдістемелері . . . 48
Қорытынды . . . 56
Әдебиеттер тізімі . . . 58
Кіріспе
Бастауыш сынып оқушыларының таным әрекеттерін зерттеу психологиялық қызмет көрсетудегі күрделі мәселелердің бірі. Сондықтан оны жүргізу жолдарын көптеген психологтар мен педагогтар зерттеуде. Тәжірибелік психологияда Йирасек-Керн, Л. А. Венгер, П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин, А. Г. Зак, И. В. Забрамная, Е. И. Рогов, Мотков т. б. жасаған әдістемелер кеңінен пайдалануда. Сонымен қатар бастауыш мектептің әртүрлі сыныптарында оқитын балалардың танымдық әрекеттерін жетілдіру әдістемелері және балалардың түйсіну, қабылдау, есте сақтау, ойлау сөйлеу, қиял процестерін бағалап, олардың дамуында ауытқулар болса оның себептері анықтау және дамыту әдістемелері ұсынылған. . Мысалы ойлау логикалық емес сипат алуы мүмкін. Ойлау дегеніміз танымдық іс-әрекеттің бір түрі. Сондықтан да ол, Б. М. Тепловтың айтуы бойынша, сыртқы негіздермен (міндеттермен және объективті мәліметтермен) ғана анықталмайды, сонымен бірге ішкі, жеке негіздермен, яғни әуестену мен бағдарлар формасындағы қажеттіліктермен де анықталады. Оларды тиімді пайдалану арқылы баланың жалпы танымдық қызығушылығын және интеллектуалдық бедлсенділіген дамытуға болатыны дәлелденген. Сондықтан баланы мектепке қабылдаған күннен бастап мектеп психологі мен сынып оқытушысы балалардың оқуға даярлығын және таным процестерінің даму деңгейін бағалап оны дамытуға барлық мүмкіншіліктерді толық пайдалануы керек.
Осы проблеманы жан-жақты меңгеріп алу мақсатымен диплом жұмысымның тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері » деп анықтадық.
Зерттеу объектісі: мектеп психологиялық қызметі.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының таным процестерінің даму ерекшеліктері.
Зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқушылары.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу нәтижесінде дамуында нормадан ауытқуы байқалған оқушылардың танымдық қабілетін дамыту.
Зерттеу міндеттері:
- білім беру жүйесіндегі қвзмет атқаратын психолог қызметідегі оқушылардың таным процестерін зерттеу проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектеді талдау;
- мектеп психологінің бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекеттері мен танымдақ қызығушылығын зерттеу тестілері мен арнайы әдістемелерін жинақтау;
- бастауыш сынып оқушылардың таным процестерін зерттеу және олардың нәтижесіне байланысты түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыру;
- бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын диагностикалау және олардың таным процестерін дамытуға ықпал жасайтын коррекция жүргізу.
Дипломдық зерттеу барысында келесі зерттеу әдістері қолданылды: бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу және дамыту проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектеді талдау, мектепке қабылданған оқушылардың таным процестерін бағалау үшін Л. А. Венгер, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин тестерімен бастауыш сыныптарға қабылданған балалардың таным процестерін зерттеу, Сөздер қатары, сандар қатары, АДМТ және басқа әдістемелер көмегімен 3-4 сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу, оларға арналған дамыту жаттығуларын пайдалану.
Дипломдық жұмысты орындау екі кезеңде жүрді.
Бірінші кезеңде психологиялық қызметтің қалыптасу тарихы, мазмұны және әдіс-тәсілдерімен танысу мақсатымен ғылыми әдістемелік әдебиеттер талданды, дипломдық зерттеу тақырыбы, зерттеу жұмысының ғылыми аппараты анықталды. Екінші кезеңде мектеп оқушыларының таным процестерін зерттеп, нәтижелері талданды, оқушылардың танымдық қызығушылығы зерттелінді және оны дамытуға арналған арнайы жаттығулар көмегімен оқуға деген қызығушылықты дамыту жолдары анықталды.
Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
- бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерімен байланысты психологиялық қызмет көрсету міндеттері
1. 1. Баланың жеке тұлғалық дамуының құрылымы
Жеке тұлғаның психихологиялық қаситеттерін зерттеп, оның даму ерекшеліктеріне сипаттама беру, оларды сандық және сапалық жағынан бағалап беруге қызығушылық психология ғылымында ертеден бері орын алып келе жатыр. 19 ғасырдың аяғынан бастап психодиагностикалық әдістемелер көп мөлшерде жасалып оны адамдарға өз ерекшеліктерін зерттеп, барлық қыр-сырын анықтап алуға ұсынылды. Осы кезден бастап тәжірибелік психологиялық зерттеулерге сұраныс қалыптаса бастады. Соның арқасында батыс Еуропа елдерінде психологиялық зертханалар ашыла бастады. Бұл зертханаларды Германияда - Вундт, Францияда - Бине, АҚШ-да - Мюнстерберг, Торндайк т. б. ғалымдар ұйымдастырып жеке тұлғалық қасиеттерді толық және жан-жақты бағалау тестілерін жинақтады. . Бұл зертханаларда барлық талапкерлердің іс-әрекет түрлеріне икемділігін анықтауға, кәсіби жарамдылығын анқтап, мамандыққа буалу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу барысында Гальтонның ұсынысы бойынша темт көмегімен өлшенген қасиеттердің бір-бірімен корреляциялық байланысы бар екендігі ескерілді.
Сол кездерде неміс психиатры және психолог Э. Кречмер және АҚШ психологі У. Шелдон өз зерттеулерінің нәтижесінде адам мінездерінің типологиясын ұсынды. Олардың ізбасарлары Э. Фромм, К. Леонгард, А. Е. Личко және басқалар типологиялық зерттеулерді жалғастырып, қазіргі кезде кеңінен пайдаланып жүрген мінез акцентуациясы туралы ілімнің негізін құрды. Олар мінез типін анықтау негізіне келесі қағидаларды ұсынды:
а) адам мінезі онтогенездің бастапқы кезеңдерінде қалыптасып өмірдің барлық кезеңдерінде тұрақты көрініс береді;
б) мінез көрсеткіштерінің топтасуы кездейсоқ мәселе емес. Олар адамдардың бір-бірінен айырмашылығы бар болып ерекше тұлға болуына негіз болатын тұрақты көріністер, сондықтан олар негізінде мінез типологиясын құруға мүмкіндік туады;
в) адамдардың басым көпшілігін осы типологияға байланысты бірнеше топқа бөліп, олардың жекелік ерекшеліктерін сипаттауға болады.
Психологиялық зерттеулерге математикалық және статистикалық тәсілдерді қолдану үшін Парсонс, Фишер, Спирмен деген математиктер психологиялық орталықтарда қызмет жасауға шақырылды. Олар биологиялық зерттеулерде мироэлементтердің фотосинтезге тигізетін әсерін анықтауға пайдаланған әдістемелерін психологияда жекелік психикалық қасиеттердің бір-бірімен корреляциялық байланыста екендігін дәлелдеуге ыңғайлы етіп өңдеп шығарды. Нәтижесінде Спирмен факторлық талдауды жүргізу жолдарын тауып, ал Фишер дисперсиялық талдау әдістемесін жасап шығарды. Дисперсиялық талдау әдісі көмегімен жеке факторлардың эксперимент нәтижесіне тигізетін әсерін статистикалық жолмен анықтауға байқалатын ауытқуға ұшыраған. Сондықтан оны зерттеу жеңілдеу болды деп көрсеткен. Осындай ерекше дамыған қасиеттерді зерттеу де оңай болатындықтан психологиялық қасиеттерінің даму деңгейін диагностикалау жургізіледі.
Өткен ғасырда жасалған көптеген психодиагностикалық әдістемелерді және оларды пайдалану ережелерін қазіргі кездегі психологиялық қызметте кеңінен пайдалану қажеттілігі тугандықтан батыс елдер тәжірибесін зерттеп оны біздің мектепте пайдалану жолдарын анықтаған ғалымдар З. А. Малькова, В. М. Вульфсон, К. Р. Рональдо, Г. Б. Радионов, И. А. Соколова, А. С. Овчинников, И. О. Татур. Олар бұрынғы Кеңес мектептерінде психологиялық қызмет құру проблемасын зерттеу барысында шет ел тәжірибесін пайдалануға болатынын дәлелдеді. Бұл қажеттілікті қанағаттандыру мақсатымен мектеп психологиялық қызметін құру және басқа елдерде қалыптасқан тәжірибесін қолдану жолдарын М. Р. Битянова, И. В. Дубровина, Л. И. Прихожан анықтады. Олардың еңбектерінде психолог қызметінің мақсаты мен міндеттері, психологиялық қызмет моделі, мектегі психологиялық қызметтің мазмұны мен зерттеу жүргізу әдістемелері анықталған.
Жеке адам дегшеніміз - қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байласының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады.
Қоғам мүшесі жеке адам әр турлі қатнастардың, әсір есе материалдық игіліктерді өндіру және тұтынуға байланымты туындайтын қатнастардың ықпалында болады. Жеке адам сондай-ақ саяси қатнастардың әсеріне де тәуелді болады. Бас бостандығы бар ма немесе езгіде жүрме, саяси құқығы бар ма, әлде жоқ па, сайлауға және сайлана алуға праволы ма, қоғамдық өмір мәселелерін талқылауға қатыса ма немесе үстем таптың ырқын жай ғана орындаушы ма-осылардың бәр-бәрінен жеке адам психологиясы тәуелді болып отырады. Жеке адам сондай -ақ идеологиялық қатынастар әрекетінің ықпалында болады. Идеология, не қоғам жайындағы идеялар жүйесі жеке адамның психологиясын, дүние танымын, әлеуметтік бағдарларын қалыптастырады. Қоғамдық ғылымдарды меңгеру жеке адамның қоғамдың құбылыстарда дұрыс бағдар ұстануына және қоғам дамуындағы өзінің орны мен ролін айқын аңғаруына көмектеседі. Қоғам жеке адамға мектептегі оқу мен тәрбие, радио, теледидар және де басқа бұқаралық насихат құралдары арқылы идеологиялық ықпал етеді.
Жеке адам психологиясының қалыптасуына сонымен бірге оның өзі кіретін әлеуметтік топтың психологиясы да әсер етеді. Қарым-қатнас процесінде адамдар бір-біріне ықпалын тигізеді, соның нәтижесінде көзқарастағы, әлеуметтік танымдағы ортақтық және қоғамға деген қатнастардың өзге де түрлеріне, еңбекке, адамарға, өз басының қасиеттеріне ортақ көзқарас қалыптасады. Демек, жеке адамның өмірдің материалдық және саяси жағдайларын бейнелеуі ірілі-ұсақты әлеуметтік топтардың, ал социализм жағдайында-тұтас қоғамның идеологиясы мен психиологиясына орайласып келеді екен. Жеке адамның сыртқы ортамен қарым - қатынас ауқымы неғұрлым кең болса, оның өмірдің әрқилы жақтарымен байланысы соғұрлым алуан түрлі болады, ол қоғамдық қатынастар дүниесіне соғұрлым тереңірек болады, соғүрлым оның өз рухани дүниесі байи түседі. К. Маркс: «Индивидтің шын мәніндегі рухани байлығы оның шын мәніндегі қатынастарының ықпалдылығына бүтіндей тәуелді деп жазған болатын. К. Маркс пен Ф. Энгельс «Неміс идеологиясында» осы ойды дамыта келіп, жеке адамдар өз қажетеінулері мен оларды қанағаттандыру әдістеріне байланысты, сөз жоқ, бір - бірімен өзара қатынаста болады және осындай қатынас адамдардың рухани, адамгершілік- психологиялық дамуының факторы болып табылады деп атап көрсетті».
Жеке адам қоғамдық қатынастардың тек объектісі ғана емес сондай-ақ субъекті де, яғни белсенді буын. Жеке адам басқа адамдармен қарым-қатынаста бола отырып тарихты жасайды, бірақ күшпен емес, объективті қоғам заңдылықтарының қажеттілік әсерімен жасайды. Алайда тарихи қажеттіліктің өзі жеке адамның қоғам алдындағы өзіндік болмысын да, өз мінез-құлқы үшін жауапкершілігін де жоққа шығармайды.
Детерминизм идеясы адам қылықтарының қажетті іс екенін анықтай отырып, еркін бостандығы жалған ертегіні теріске шығара отырып, адамның ақылын да, ар-ұятын да, адамның әрекеттеріне баға беруді де ешбір жоймайды. Мүлде мұның керісінше, тек детерминистік көзқарасты ұстанғанда ғана кез келген нәрсені адамның азат рекіне аудара салмай, дәл және дұрыс баға беруге болады. Сондай-ақ тарихи қажеттілік идеясы да жеке адамның тарихтағы ролін ешбір кемітпейді: бүкіл тарих нағыз қайраткерлер ретіндегі жеке адамдардың іс әрекетінен құралады.
Жеке адам - саналы тіршілік иесі, ол өзінің өмір жолын таңдай алады: езгідегі жағдайына мойын ұсына ма, немесе әділетсіздікке қарсы күресе ме, барлық күш-жігерін қоғам игілігіне жұмсай ма, немесе жеке басының мүддесін ғана ойлайма - оның өз ісі. Бұл тек адамның қоғамдық жағдайына ған. а байланысты емес, сонымен қатар оның қоғам дамуының объективті заңдылықтарын ұғу деңгейіне де тікелей байланысты. Әрбір жеке адамның қоғам өміріндегі ролі мен мәні қоғамдық қатынастардың дамуына қарай арта түсіп отырады. Қоғамдық дамудың шапшаңдауына қарай жұртшылықтың адам правосы үшін күресі де етек алып кеңейеді. Бұл күрес жеке адамды қызықтырып қана қоймайды, сондай-ақ оны қалыптастырады, оның қоғамдық іс - әрекетін жандандыра түседі. Адамды феодализм құлдығынан азат ету жеке адам дамуындағы революциялық қадам болады, ол адамның қоғамдағы ролін арттыра түсті, ал капиталистік құлдықтан құтқару жаңа әрі аса ұлы революция болды, ол жеке адам дамуына шексіз мүмкіндіктер ашты және оны қоғам дамуына нағыз қайраткеріне айналдырады.
Қоғам дамуы мен жеке адамның дамуы арасында тығыз әрі тікелей байланыс, өзара ықпал бар. Алайда, тек социалистік қоғам жағдайында ғана бұл байланыс анағұрлым үйлесімді сипатқа ие бола алады. Қоғам әр жеке адамға қызмет етеді, себебі, адам барлық қамқорлыққа бөленген, оның материалдық және рухани талап-тілегін қанағаттандыру басты назарда; өз тарапынан әрбір жеке адам қоғам үшін еңбек етеді және өзінің рухани, әлеуметтік және материалдық мүддесі неғұрлым толық қанағаттандырылса, ол соғұрлым үлкен күш - жігерімен әрі құлшыныспен еңбек етеді. Жеке адамның социализм мен коммунизм жағдайындағы дамуы өмірдің коллективтік негіздерінің дамуымен тығыз байланысты. «Тек коллективте ғана, -деп жазды К Маркс, - жеке адамның шын бостандығы, оның әлеуметтік қорғалуы мүмкін болмақ және тек коллективте ғана жеке адамның жан-жақты дамып жетілуі, оның барлық қабілеті мен дарыны гүлдене өркен жаймақ». Басқа ешбір құоғамда емес, тек коммунистік қоғамда ғана жеке адам мен қоғамның, жеке бас пен қоғам мүдделерінің тығыз бірлігі пайда болатыны өз - өзінен түсінікті. Бұдан коллективте өмір сүру мен еңбек етуге талпыну туындайды және коллективизм адамның ең басты өмірлік қажетіне айналады.
Жеке адам қазіргі социологияның, психологияның және этиканың басты назарына алынған. Жеке адамға деген назардың артуы саяси да, сондай-ақ өндірістік мақсат көздейді. Жеке адамды білу - оның іс әрекетін тиімді басқарудың алғы шарты. Жеке адамды зерттеу қоғамның саяси жағын да қамтиді. Сондықтан жасалған теориялық, әлбетте, олардың авторларының саналы немесе санасыз түрдегі идеологиялық бағдарына байланысты идеалистік немесе материалистік сипатта болады.
Биологизм, әсіресе З. Фрейдтің жеке адам жөніндегі түсініктемесінде айқын да анық көрініс тапқан. Фрейдтің ілімі бойынша, жеке адам дегеніміз - үнемі қоғам ішінде болатын әрі оның өзіне ықпалын сезінуші, сонымен бірге қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан иесі. Жеке адамның мінез-құлқы биологиялық әсерлермен немесе инстинктермен, ең алдымен жыныстық елігуімен бағытталып отырады. Фрейд сондай-ақ бейне бір адамның өлім және қирату инстинктерін қанағаттандырушы ретінде болатын соғыстардың сөзсіздігі де адамның елігуінен туындайды деп санайды . Фрейд концепциясы - жеке адамның тек қана биологиялық индивидуализмнің концепциясы. Бұл концепция реакцияға қызмет етеді.
Биоәлеуметтік концепцияның өкілдері (олар көпшілік) адамды шартты түрде екі бөлікке бөледі де, жеке адамның бағытталуы әлеуметтік құбылыстармен анықталып отырған тұста, адамның психикалық процестерінде биологиялық табиғат бар деп санайды. Бұл қате түсінік, себебі сезінудің қарапайым процесінің өзі де адамның әлеуметтік тұрғыдан айқындалатын талғам мүддесі арқылы күрделілене түскен, ол тек қана еңбекте қол жететін сенсорлық даму деңгейіне тәуелді болады.
Америка Құрама Штаттарында әлеуметтендіру теориясы деп аталатын концепция талдап жасалынуда. Бұл теория бойынша, биологиялық тірі жан ретінде өмірге келген адам өмірдің әлеуметтік жағдайларының әсері арқасында жеке адам дәрежесіне көтеріледі. Бұл ретте өзара қарым-қатынасқа және психиологиялық өзара ықпалға шешуші мән беріледі де, ол адамдардың экономикалық және саяси қатынастары мен олардың жеке адамға әсері есепке алынбайды. Бұл концепцияның өкілдері конформизм құбылыстарын зерттеуге немесе әлеуметтік топтардың жеке адамға жасайтың ықпалына көп назар аударады. Буржуазиялық «группизм» психологтары топтардың талабына, басқа сөзбен айтқанда, буржуазиялық тәртіптер жеке адамның саналы немесе санасыз түрде бейімделуге ұмтылуын жалпыға бірдей заңдылық деп даурығады. Бұл ретте комформизмді универсал механизм деп санайды.
Шындығында, топтың, коллективтің жеке адамға ықпалы әр түрлі сипатта болуы мүмкін. Бұл жеке адамның ерекшеліктеріне, оның идеялық көзқарасына, мінез-құлқына да сондай-ақ сыртқы ықпал ерекшеліктеріне де байланысты. Жолдастық ынтымақ және өзара көмек жағдайында коллектив пен жеке адам арасындағы өзара қатынас принципті, ал көллектив мүшесінің көпшілік мүддесі үшін істеген әрекеті - нағыз коллектившіл адамның ісі болып табылады. Мұндай әрекеттің еліктеу тұрғысындағы мінез-құлыққа ешқандай қатысы жоқ.
Ендігі бір әлеуметтік - псхологиялық концепция оқып-тоқу теориясы дегенге саяды. Бұл теория бойынша, жеке адамның өмірі, оның қаьынастары - оқудың, бірқатар білімді меңгерудің нәтижесі (Э. Торндайк және басқалар) . Әрине, оқу мен білімнің өиірлік, оның ішінде, жеке адамды қалыптастыруда да үлкен маңызы бар. Алайда жеке адамның бүкіл дамуын тек оқудың ғана нәтижесі деп қарауға әсте болмайды. Оның қалыптасуына өмірдің өзі, еңбек, адамдар арасындағы қатынастар шешуші ықпал етеді.
Шетел психологиясында рольдер теориясы өте кең тараған. Бұл теория бойынша әр адам өмірде өзіне ғана арналған белгілі бір рольді орындаушы ғана. Орындайтын роліне байланысты жеке адамның мінез-құлық сипаты мен оның басқа адамдармен қатынасы анықталады.
Әрине, жеке адамның ролін зерттеу психологиялық теория үшін де, әлеуметтік практиканы түсіну үшін де маңызды. Алайда буржуазиялық психологияда роль тек психологиялық қатынастар жүйесінде ғана қарастырылып, онда жеке адамның ұсынатын позициясын да, оның қоғамдық өмірдегі орнын да анықтайтын материалдық, саяси және идеологиялық қатынастар есепке алынбайды. Жеке адамның әлеуметтік ролін түсінуге таптық тұрғыдан келмеу - роль теориясын зерттеушілердің бәріне де тән құбылыс.
Ақырында, жеке адам психологиясын талдаудағы белгілі бағыт Курт Левин және оның көптеген шәкірттері ұсынған өріс теориясы болып табылады. Бұл концепция бойынша индивид мінез-құлқы шарасыз. Жеке адам тартылыс және кері тебу күштерінің сыртқы өрісі бойымен қозғалады. Левин концепциясы гештальттық болып табылады. Жеке адам ситуацияда, топта қарастырылғанымен мұнда оның мінез - құлқын айқындайтын экономикалық және саяси жайттар есепке алынбайда.
Көріп отырғанымыздай, бұл теориялардың қай-қайсысы да адамның әлеуметтік мінез-құлқын жеке адамның немесе ортаның томаға-тұйық қасиеттеріне сүйене отырып түсіндіреді. Бұл ретте адамның мінез-құлқын айқындайтын объективті қоғамдық өмір жағдайлары мүлде ескерілмейді. Бұл теориялар шындығында қоғамның, әлеуметтік топтар мен жеке адамның дамуының шынайы заңдылықтарын елеусіз қалдырады. Жеке адам теориясын жасауда отандық психологияды тұңғыш рет қатынастар проблемасын күн тәртібіне қоюшы және қатынастар жүйесінің өмірдің әлеуметтік жағдайларына тәуелділігін нақтылы көрсетіп берген орыс психологы А. Ф. Лазурский еңбектерінің маңызы өте зор.
Қоғамдық ғылымдарда да, сондай-ақ күнделікті тұрмыста да, «жеке адам», «даралық»түсініктер кенінең қолданылады. Соның өзінде олар не бір мағынада алынады да, не бір-біріне қарама-қарсы қойылады. Мұның алғашқысы да, кейінгісі де қате пікір.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz