Алматы облысы Кеген ауданындағы марал қоры және оны тиімді пайдалану



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ветеринария және мал шаруашылығы институты

Мал шаруашылығы технологиясы факультеті

Аң және балық шаруашылығы кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Алматы облысы Кеген ауданындағы
марал қоры және оны тиімді пайдалану

Әдебиетке шолу
Асыл тұқымды бұғылар мен маралдардың таралуы туралы аса толық мәлімет
В.Г. Гептнердің еңбектерінде келтірілген [1].
Қазақстанда марал Талас, Іле Алатауы, Күнгей және Теріскей
Алатауында, Кетмен, Жетісу Алатауы, Сауыр, Тарбағатай және Оңтүстік Алтай
тауларында кездеседі. Қырғызстанда ол тек Нарын және Атбашын өзенінің
жоғарғы ағысында ғана кездеседі, 60-шы жылдардың ортасында А.И. Янушевичтің
[2] мәліметтері бойынша Күнгей Алатауының батыс бөлігінде сондай-ақ Талас
Алатауының Алтын-Арасан және Қарқаралы шатқалдарында кездескен.
Талас Алатауында маралдар Ақсу-Жабағылы қорығында Кіші және Үлкен –
Қайыңды, Байбарақ, Шошқабұлақ сияқты Жабағылы өзеніне құятын кіші-гірім
өзендердің бойында, сондай-ақ Ақсу өзенінің аңғарларында таралған.
Іле Алатауында марал көбінесе сол жақ Талғарда және шығысында, Есік,
Түрген, Киікбай, Қаратұрық, Асы, Жіңішке өзендері алабында және Таушелек
шатқалының оңтүстік беткейінде кездеседі.
Күнгей Алатауының батыс бөлігінде Шелек өзенінің барлық оң жақ
салаларында яғни Сүтбұлақ шатқалынан бастап Шет Меркі, Орта Меркі және
Кеңсу сияқты Кеген өзеніне құятын өзендер бойында мекен етеді. Теріскей
Алатауындағы Қарқаралы өзен алабында мәліметтер бойнша маралдар жоқ, тек
шығысқа қарай Текес өзені бойындағы ормандарда және Үлкен және Кіші Қақпақ
өзендері аңғарында санаулы маралдар сақталған.
Жергілікті тұрғындардың мәліметі бойынша марал Сарытау және Қаратау
(Кетмен тауының оңтүстік салалары ) сияқты сирек орманды тауларда да
кездеседі. Сондай-ақ Кетмен тауының оңтүстік беткейінде Көмірші, Шайбут,
Қошқар және т.б. өзен аңғарларында кездеседі.
ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында олар Құлықтау тауында да кездескен,
қазір бұл өңірде кездеспейді.
Одан әрі солтүстік шығысқа қарай марал ареалы Іле өзенінің үлкен
шөлді аңғарымен үзіліп, Жетісу Алатауында қайта байқалады. Мұнда оңтүстік
макро беткейде Қорғас, Чижын, Тышқан және Өсек өзендерінде марал жақсы
сақталған. Батысқа қарай Көксу және Қаратал өзені алаптарында кездеседі,
солтүстік макро беткейде марал Бүйен, Ақсу, Сарқант, Үлкен және Кіші
Басқан, Лепсі, Бірінші және Екінші Тентек, Жаманты өзендері бойында,
солтүстік шығыста Тастау өзені алабында (Ырғайты), шығысында – Тоқты өзен
алабында, Барлы өзенінің жоғарғы ағысында және Шолақ шатқалында таралған.
Марал сондай-ақ Барлы өзенінің сол жақ салаларының жоғарғы ағысының
оңтүстік беткейінде кездеседі, олар тек Жетісу Алатауының (Қояндытау, Алтын-
Емен) оңтүстік-батысында, сондай-ақ Текелі, Қайқан тауының солтүстік-
шығысында жоқ. Бұдан әрі солтүстік-шығысқа марал Тарбағатай тауының Құсақ
өзенінің жоғарғы ағысынан Хабарасу асуына дейінгі аралықты, сондай-ақ
шығыста Терісайрық өзенінің жоғарғы ағысын мекен етеді [3].
Тарбағатай тауының солтүстік беткейінде Қарақол, Аягөз, базар
өзендері алабында кездеседі (В.И. Капитанов, ауызша мәліметі); оңтүстікке
қарай – Ұржар, Құсақ өзендерінің жоғарғы ағысында және шығысқа қарай
мемлекеттік шекараға дейінгі аралықта тараған.
Сауыр тауында марал Кендірлік өзенінің жоғарғы ағысын мекен етеді.
Қалбы Алтай тауында кей жылдарда Көктау тауында кездеседі [4].
Оңтүстік Алтайда марал Бұқтырма өзенінің жоғарғы ағысында, оның оң
жақ салалары Аршаты, Қалмақшы, Берел, Язовая, Черновая, Белая, Шикалиха
және Хамир өзендерінде кездеседі. Сондай-ақ солтүстік батыста,
Белопорожный, Становой, Ақ және Қара Ұлба өзендері алабында жазда
кездеседі. Марқакөл көлінің солтүстігінде Курчума өзенінің жоғарғы ағысында
да тек жаз мезгілінде кездеседі.
Сонымен марал көбінесе Оңтүстік Алтай жотасын және Қара-Қобы, Арасан-
Қобы өзендерінің жоғарғы ағысының және батысқа қарай шекаралық бөлікте
таралған [5].
Қазақстанда ХVIII ғасырдың соңы ХІХ ғасырдың басында маралдарды
Костанай, Солтүстік-Қазақстан, Паллодар және Көкшетау облыстарының
териториясына, Аман-Қарағай және Ара-Қарағай, Зеренді және Амантау,
Сандықтау, Айыртау, Маралды және Синюха сияқты Қайынды ормандарында, және
Щуъе көлі аймағында өсіре бастады (Антипин [6], Афанасьев [7]). Шамамен осы
уақытта маралдар Мұғалжар сондай-ақ Қызыл-Рай және т.б. аса биік емес
тауларда және ертіс өзені бойында да кездесті. ХХ ғасырдың екінші
жартысында маралдар Қазақтың ұсақ шоқысы аймағында: Қарқаралы тауларында,
Кент, Шыңғыстау тауларында кездесті (Словцев [8], Янушкевич [9]).
Маралдар Тянь-Шань тауында кекң таралған. Кейбір шатқалдардың атына
қарағанда, марал Талас Алатауында да кездескен, бірақ Н.А. Сверцов [10] ХІХ
ғасырдың 60-шы жылдарында бұл өңірден кездестірменген. Іле Алатауының
орманды бөлігінде яғни Қаскелең өзенінен бастап шығысқа қарай марал сөзсіз
кездескен. ХХ ғасырдың 40-шы жылдарында ол тек Есік өзені алабында
сақталған. 60-шы жылдары Алматы қорығының құрылуына байланысты Талғар және
Есік өзені алаптарында маралдар қайта пайда болды. Олар біртіндеп батысқа
қарай жылжыған. 1979 жылы Ақсай өзенінің шыршалы бөлігінде жылда орманшылар
төрт, бес марал кездестірген.
Ертеде марал бүкіл күнгей Алатауын мекен еткен. Қазір ол тек шығыс
бөлігін мекендейді, батысында он, онбес марал ғана қалған [2]. Марал сондай-
ақ Теріскей Алатауының бүкіл орманды бөлігін мекендеген [10]; қазіргі
уақытта ол жотанаң тек қиыр шығысында ғана кездеседі. Теріскей Алатауының
орталық бөлігінде Алтын-Арасан шатқалында соңғы марал 1965 жылы жоғалып
кеткен [2]. 1970 жылы олар Қарқара тауында да жоғалып кетті.
Өткен ғасырдың 60-шы жылдарында Тань-Шань тауында маралдар өте көп
болған. Н.А. Северцов [10] былай деп жазды “Маралдарды Іле Алатауында да
көптеп кездестіруге болады, оларды аластан-ақ байқауға болады”.
Жетусудағы бұғылар санының өзгеруін Л.С. Шостак мәліметтерінен көруге
болады [12]. 1884 жылдан 1890 жылға дейін осы өңірден ауланған марал саны
462 – 1195 бас болса, 1891-1900 жылдары 134-тен 360-қа дейін, ал 1901
жылдары 44 марал ғана ауланды.
В.Н. Шнитков [11] былай деп жазды: “Әсіресе маралдың көптігінен
Таушелек орманды саяжай, Жалаңаш елді мекені маңында, Орта-Меркі, Шет-Меркі
өзенінің жоғарғы ағысы, Нарынқолда аңшылық ауданы, Жетісу Алатауының ешкім
көп бара бермейтін таулы аймағы, Тентек және Ырғайты өзендерінің жоғарғы
ағысы ерекшеленеді”.
Қазақстанда В.И. Филе [3] мәліметтері бойынша 60-шы жылдары 25 мың
марал болған, соның ішінде бұрыңғы Алматы облысында 6 мың, Талдықорған
облысында 16 мың, Семей облысында 0,8 мың, Шығыс Қазақстанда 2 мың бас
марал болған.
Төменде Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тауларда олардың
өзгеруі туралы санақ, стационарлық бақылау кезіндегі мәліметтер берілген.
Талас Алатауында 1952 жылы екі аталық аналық марал (Ақсу-Жабағылы қорығына)
жіберілген. 1954 жылы олардың саны жеті бас, ал 1958 жылы он бір, он екі
бас болған. 1960 жылы тағы екі аналық пен аталық жеберілді, сойтіп 1962
жылы аталмыш қорықта шамамен жиырма бас марал болды [14].
Әйтсе де олардың санының өсуі біртіндеп баяулап қалды.
В.А. Обидинныйдың мәліметтері бойынша 1972 жылы жиырма екі бас болды,
табынның құрамында аналықтарының саны басым болған. Бұл кезде бұғылар
жабағылы өзенінің бүкіл алабын қамтып жатты және асу арқылы Кіші Ақсу
өзеніне дейін өтетін.
1976 жылы сәуір айында Жабағлы жазығының он километрлік бөлігінен (4
мың га) 25 маралды санайды. Сонымен қатар он еркек марал мен былтырғы
бұзаулары бар табындар да кездескен. 1978 жылдың сәуір – мамыр айларында
Үлкен Қайынды өзенінің бойынан бір шатқалдан екінші бір шатқалға ауысып
жүрген жасанды сортаңға келіп жүрген екі-төрт маралдан тұратын марал
топтарын кездестірген. 1978 жылы Ақсу-Жабағылы қорығында маралдың қықырбес-
елу түрі мекендеген.
Табанқарағай орманды саяжайында (орман массивінің ұзындығы 18
километрге жуық , ені 18 километр) Жіңішке өзенінің жоғарғы ағысында
орналасқан Табанқарағай орманды саяжайында алпысыншы жылдардың арасында
марал көп кездесті, себебі саяжай қорғауда еді[15]. 1967 жылдары саяжайдағы
орман ағаштарын кесе бастады, осыдан кейін марал саны да күрт азая бастады.
1973 жылы жергілікті орманшының айтуынша бұл жерлерде он беске жуық марал
мекендеген. Сол кездері отызға жуық марал Іле Алатауының оңтүстік
ормандарының макро беткейлерін, Шелек өзеніне құятын өзен шатқалдарын мекен
еткен. Қазіргі уақытта Іле Алатауында екі жүзге жуық марал кездеседі.
Ю.Г. Афанасьевтің айтуынша күнгей Алатауының шығыс болігі Орта Меркі
мен Шет Мекркі өзендерінің бойынан 50-ші жылдардың соңында марал
мекендеген. Ол жаздың соңында күнде екі-үш кейде бес маралға дейін
кездестірген. Сол жылдары маралдың ең көп таралуы Күнгей Алатауының орталық
бөлігінде кездескен.
1969 жылы ақпанда маралдарды бақылаушы С.Ф. Савинов құдырғы өзенімен
талды өзенінің алабынан негізгі мекен ете орындарында орташа бір-төрт жаңа
іздерді кездестірген. 1973 жылы жаз бен күз мезгілінде Құдырғы-Үлкен Өрікті
өзендерінің бойынан Ю.А. Грочев пен С.Ф. Савинов маралдардың жаңа іздерімен
жиі өздерінде көріп тұрған. Үлкен және Кіші Өрікті өзендерінің арасынан он
екіден тұратын маралдың төрт тобын кездестірген.
1975-1976 жылдары қараша мен желтоқсан айларында Кіші Өрікті өзенінің
аңғарында маралдарды бақылаған. Олар негізінен ораманның жоғарғы
шекарасында жүріп, жазыққа қоректенуге тек кешкі мезгілдерде шығатын. Шелек
өзеннінің жоғарғы ағысында маралдарды кездестірушілердің айтуынша өте аз,
себебі бұл жерлерде жыл бой мал бағатын бақташылар маралдарды аулайды. С.Ф.
Савиновтың дерегі бойынша Қазақстанның шегі Күнгей Алатауында төрт жүзге
жуық марал мекен еткен деп жазады.
Шыршалы орман мен көкерілген Кеген өзенінің бойындағы Құлықтау
жотасында Ю.Г. Араносьевтің дерегі бойынша 1957 жылы бұл жерлерде марал
болған және кейбір жерлерінде көп кездескен. 70-ші жылдардың басында
тұрғылықты елдердің айтуынша маралдар бұл жерлерді мекендеген, бірақ олар
өте аз еді. 1977 жылдың сәуірінде солтүстік беткейдің орталық бөлігінде
орманның үш-төрт километр маршрутынан марал іздері мүлде кездеспеген. Сол
кезде шопандарда бұл жерлерді маралдың мекендемейтінін айтқан.
Сарыжаз ауылына жақын орналасқан шыршалы орманды тауларында қазіргі
кезде маралдар кездеспейді, олардың жоғалуыда өте ерте кезеңдегі уақытқа
жатады. Арасан өзененің бойында және Қарқара өзенінің жоғарғы ағысынан
бірнеші маралдарды кездестірген туралы дерек бар. Теріскей Алатауының
Қазақстандық бөлігінен Мыңжылқы өзенінің бойынан 1973 жылы шілдеде А.С.
Гонюшин жүріп өткен маралдың ізін көргенін айтқан. Қазіргі уақытта
Қарқарада маоалдар жоқ. 1960 жылдары Текес өзенінің бойында маралдар
мекендеген В.Б. Поле оларды өте жиі көрген. Бірақ 1971 жылы Сарыжаз
өлкесінің С. Динов маралдардың Текес өзенінің бойында жоқ екенін айтқан.
1971 жылы желтоқсан айында бұл аймаққа барғанда өзеннің жоғарғы ағысынан
марал іздерін кездестірмеген. 1973 жылы 31-ші шілдеде А.С. Гонюшин орманнан
ескі марал іздерін көрген. 1976 жылы тамызда жергілікті шопан Текес бойында
жалғыз еркек маралдың жүргенін айтқан.
М.А. Микулин мен А.Я. Исаевтің айтуынша 40-шы жылдардың басында
маралдар Баянқол мен Нарынқол өзендерінің жоғарғы ағысында өте көп болған.
Қазіргі кездерде маралдың біраз мөлшерін кездестіруге болады. 1977 жылы
сәуір айында Баянқол жазығының Бұғылысай мен Шайтансай шатқалынан тоғыз
километр жердегі жазықтан жиырма екі марал көрген. Табында бұзаулармен он
ұрғашы марал күнде Бұғысайда жайылатын. 1973 жылдың күзінде толық саны он
бестей марал кездестірген. Іргелес Кіші және Үлкен Қақпақ жазығында аздаған
маралдар кездескен.
Теріскей Алатауында барлық санақ бойынша алпысқа жуық марал
мекендеген. Сүмбе өзенінің түбіндегі Сарытау жоталарының солтүстік-батыс
шатқалы орманмен көмкерілген. Жергілікті тұрғындардың айтуынша маралдар бұл
жерлерде бар. Іргелес Қаратау жоталарының тек солтүстік макрошатқалдары
ғана шыршалы орман емес, оңтүстік шатқал аңғарлары да мысалы, Қабанды
аңғарыда шыршалы орманмен көмкерілген жерлерінде кездескен.
60-шы жылдары В.И. Фильюдің айтуынша маралдар жиі кездескен, бірақ
браконьерлік аңшылықтың нәтижесінде орналасу тығыздығы азайған. Ю.А. Грачев
1973 жылы сәуірде Шалкөде өзенінің жоғарғы ағысында болғанда Кетмен
аңғарының оңтүстігінен дүрбімен Қаратаудың солтүстік аңғарларын қарап бірде-
бір маралдың ізін байқай алмаған. Ол сұрастырған шопандар бұл өңірде
маралдың жоқ екенін айтқан.
1975 жылыдың қараша айында Қаратаудың оңтүстік аңғарында болған.
Жергілікті тұрғындар Қаратаудың солтүстік аңғарында ғана емес, оңтүстік
беткейінде де Қабанды шатқалында кездесетінін айтқан. Алайда бұл
шатқалдарды аралағанда ешбір марал ізін кездестірмеген. Соңғы зерттеулерге
қарағанда Қаратаудың батас бөлігінде маралдар әр келкі кезде кездеседі және
жергілікті тұрғындардың көздеуінде болады.
Кетмен тауында 40-шы жылдары өте көп болған [15] 70-ші жылдардың
басында олардың сандары күрт азайып кетті. Бірақ кейбір бөліктерде әлі де
көптеп кездеседі. 1971 жылы С. Динов Көмірші шатқалынан әрбір топта үш –
бес бастан шамамен отыз марал кездестірген. Қазіргі уақытта Кетмен тауының
оңтүстік беткейінде марал өте сирек, ол солтүстік макробеткейде біршама
бар. Ю.А. Грачев Үлкен Кетмен аңғары айманан, Дартанты, Дүлейті, Қалжат
шатқалдарынан 1973 жылы шыршалы 2200 метр биіктіктен күніне бір-екі марал
кездестірген және жиі жақан уақытта тасталған мүйіздер кездестіретін.
Маралдар бұл уақыттары теңіз деңгейінен 2200-2400 метр биіктікте таралған.
Олар көбінесе орманды мекендейді, жайылым үшін орман аралық шағын
жазықтарды пайдаланды.
Жетісу Алатауының оңтүстік бөлігінде қазіргі уақытта аз мөлшерде
таралған. Көксу өзенінің бойында 60-шы жылдары маралдар көп болған [3] В.И.
Филь 1965 жылы мұннан 1000 га 11 бас маралдан келетінін мәлімдесе В.Н.
Белеев 1968 жылы 1000 га 4 марал ғана санаған. Жетісу Алатауының солтүстік
беткейінде Бүйен өзені аңғарында марал ареалы біртегіс В. Биени мен В.И.
Филь 1967 жылы мамырда 21 марал кездестірген. Қазіргі уақытта Бүйен және
Ақсу өзендері бойында аңшылық шаруашылығы орналасқан, жоғары деңгейлі
қорғаудан бұл өңірде маралдар біршама көбейді.
1969 жылдан бастап 1972 жылға дейінгі маралдар санының бірде көбейіп,
бірде азаюы, әсіресе азюы бүкіл Жетісу Алатауының солтүстік бөлігінің
барлығына тән құбылыс. Мәліметтерге жүгінсек, бұл ауданда марал санының
азаюы әлі жалғасуда, оның басты себебі мал өсуімен заңсыз аңшылық етудің
артуы.
Теректі өзеніне марал ежелден тән болады. Теректі өзендерінің
аралығында 1960жылы қыркүйек айында шамамен үш марал, 1967 жылы оншақты
аналық марал, 1970 жылы бұл аймақта бірде-бір марал қалмаған.
Лепсі өзенінің алабында дәлірек айтқанда Үлкен және Кіші Нұра және
Киноөзек өзенінің бойында біршама марал мекен етеді. Бұл өнірде 1967 жылы
маусым айының ортасында В.И. Филь 16 марал санаған, соның ішінде 12 аналақ
марал болған. 60-шы жылдары осы өнірде маралдың тығыздығын В.И. Филь 1000
га 40 бас деп есптеген.
Орманшы Н.И. Пешков 1968 жылы арғанты өзенінің қасынан жоғарыға
көтеріліп бара жатқан 120 маралды көрген. Сол сияқты біршама саны жағынан
басым марал табындары Бірінші және Екінші Тентек өзендері алабынан
байқалады. Күнгей Алатауыдағы Жылысай шатқалында ең марал қыстауы
орналасқан. Күз айында осы өнірден аңшы В.И. Сальников 270 бас марал тобын
байқаған [3]. В.И. Филь Жылысайдан күйлеу кезінде бір кештің өзінде 89
маралды кездестіруге болатынын айта келіп, 1000 га 79 бас марал келетінін
санаған [16].
Тарбағатайда маралдар тек оңтүстік беткейінде және осы таудың шығыс
шекаралық бөлігінде кездеседі. 60-шы жылдары Тарбағатайда марал тығыздығы
1000 га 8 бастан келеді [3]. Қазіргі уақытта мұнда марал өте сирек
кездеседі. Олардың саны 1965-66 жылдары мен 1968-69 жылдары қалың қыстан
кейін күрт төмендеп кетті, маралдың көбі қар көшкіні кезінде қырылып
қалған. 1966 жылы Жалаңаш өзенінің жоғарғы ағысынан яғни шығыс
тарбағатайдың солтүстік макробеткейінде жиі марал ізі байқалған. Жалпы
жергілікті тұрғындардың мәліметі бойынша бұл өнірде марал өте сирек
кездеседі.
Алтайдың Қазақстандық бөлігінде Бұқтырма өзенінің жоғарғы ағысында
марал саны біршама көп. Ульба және Оба өзендердің аңғарында (Ертіс өзенінің
оң жақ саласы) марал сирек таралған. 60-шы жылдарға дейін бұл ауданда
маралдар өте аз болғандықтан, оларды жылда кездестіру мүмкін емес, тек жаз
мезгілінде кездестіруге болады. Сондай-ақ Қара Оба және Ақ Оба өзендері
бойынан 1970-1972 жылдары аңшы С.К. Немцев жылдың әр мезгілдерінде марал
дауысын естігенін немесе кездестіргенін Р.Байдаулетовтың мәліметтерінен
көруге болады.

1.2 Мекеменің климаттық жағдайы және фаунасы

Көптеген ғылымдардың зерттеулеріне қарасақ жылдамдығы секундына 15-20
м жететін жел көкек-мамыр айларында соғады. Жалпы өзеннің он бойындағы
желдің орташа жылдамдығы секундына 2-4 м аспайды. Қыс күндері 2-3 күн
баяу жел болуы мүмкін. Тауларда ауаның салқын кездерінде тұман түседі.
Таулы аймақта орта есеппен жылына 350 – 600 мм ылғал түседі. Ал жаз
айларында бұл мөлшер 120-300 мм –ге дейін төмендейді.
Жалпы осы шығыс бөлігінің ең жоғарғы орташа айлық температурасы 23.10
С ең төменгі температурасы қаңтар айында 9,40 С нөлден төмен.
Сонымен бірге ескерте кететін бір жағдай жергілікті жердің
температурасы сол жердің физикалық – географиялық жағдайларына, бедер
пішіндеріне, теңіз деңгейінен биіктігіне, жер бетінің сипатына,
беткейлердің экспозициясына байланысты болады.
Мысалы: теріс бедер пішіндері (шұғымалар мен ойыстарда) жаздың күндері
көтеріңкі аймақтарда ( беткейлер мен тауларға) қарағанда суығырақ болады.
Жалпы бүкіл территорияға түсетін жауын-шашынның максимальды мөлшері
жылдың жылы мезгілінде – сәуір, мамыр айларында түседі. Жылдық жауын-шашын
мөлшері батыстан шығысқа қарай азаяды. (506 мм., 228,9 мм және 212 мм).
Жалпы аймақтық климаты үнемі бақыланып отырмағандықтан нақты климаттық
зона немесе белдеуді болу мүмкін емес.
Оңтүстік батыстан, солтүстік шығысқа қарай, мәңгі қарлы және мұзды
таулардан Іле ойысының қатаң шөлдеріне дейін өзгереді.
Осы аралықтан климаттық және табиғи ландшафтық зоналардың барлық
түрлерінің алмасуын көруге болады.
Кейбір жағдайларда бір зона басқа зоналармен араласып жатады, өйткені
территорияның рельефінің күнделілігі және микроклиматтық ерекшелігі топырақ
және өсімдік жамылғысына да әсер етеді. Өзінің климаттық және
ландитафтысың ерекшелігі бойынша сипатталып отырған зона шөлейт зонасына
жатады. Бұл аймақ ерте көктемде және күздің соңында биік таулы аймақтар
қармен жабылып жатқанда жайылымдық маңызға ие болады. Дегенмен қысқы
төменгі температура, қысқы өсіп-өну кезеңі, қолдан өсіретін ағаш
тұқымдарының түрлерін шектейді.
Топырақтың ылғалдылығы оның қалыңдығына, жер бедеріне күн сәулесінің
түсуіне байланысты. Шілденің басында жауған жауын кебеді, ал құрғақшылық
жылдары топырақ 25 см және одан да терең қалыңдықта кеуіп кетеді. Өте қатты
кебетін жері көп күн түсетін қиялар.
Жыралардың жоғарғы жағында қар қалыңдығының тереңдігі қар көшкінінің
себепшісі болады. Көктем айларында жауын шашынның көп болуы қардың еруі мен
қатар көшуіне әсер береді.
Мекеменің тау бөлігінің жер бедері сайларында бұлқынған өзендер аққан,
биік таулармен, терең жыралармен сипатталады. Тауларында биік қиялар бар,
кейде қиялары 700 жетеді, шыңдары биік, жартастары биік, жартастары және
құздары көп.
Тау белдеуінің және қар жамылғысының кеңдігі әр түрлі. Қатаң
құрлықтың ауа райы қиялардағы өсімдіктердің және топырақтың тізілу
тәртібіне айтарлықтай әсерін тигізеді.
Мекеменің таулы бөлігінде мынадай топырақты - өсімдікті аймақтарға
бөлінеді.
1. Таулы – шалғынды және таулы шалғынды далалы аймақтар. Онда альпі және
субальпілік, сондай-ақ шалғынды далалық биік таулы топырақтар
құралады;

2. Таулы – орманда және орманды- далалы аймақтар, онда таулы ормандарды
және қара, қарақоңыр топырақтар, сондай-ақ таулы шалғынды
қаратопырақтар, қара сарғылт және далалық аз дамыған топырақтар.
Мекеменің таулы аумағында жер қыртысының бүлінуі және қар көшуі
байқалады, оның алдын алуда ағаштың сол сияқты бұталы өсімдіктердің үлкен
ролі бар. Жер қыртысының бүлінуі барлық жерде байқалады және ол негізінен
адамдардың шаруашылық ісіне байланысты: мал жайып, орман кесу, инженерлік
ізденістер жасамай жол салу және тағы сол сияқты.
Мекеме аумағының топырағының құрамы теңіз деңгейінің биіктігіне
байланысты жеңіл саз топырақтардың ауыр саз топырақтарға ауысады. Таулы
аумақтың қиялылығын ескерсек бұл топырақтың жуылуы және бүлінуі мүмкін.
Сондықтан ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізу және агротехникалық шараларды
белгілеу керек.

1.3 Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу
басқармасының Кеген орман шаруашылығының мемлекеттік мекемесіндегі
жануарлар фаунасы

Кесте - 1
№ сыныбы тобыры тұқымдасы түрі
Қысқаша биологиясы
және маңызы

1 СүтқоректіЖыртқыштар Иттер Қасқыр Маңында су көздері
лер Carnivore GANIS Lanes бар таулы,
Mammalian Bodice -1821 LINNAEVS Lupines шөлейтті, шөл, дала,
1758 тоғай мен ну
қамыстарды
мекендейді. Көбіне
ойлы-қырлы, бойлы
жерлерді ұнатады.
Көктем мен жазда бір
орында, ал қыста
орын ауыстырып
тіршілік етеді.
Қасқыр баспаналарын
күшіктеу және
күшіктерін баулау
кезінде ғана тұрақты
пайдаланады.
Баспаналар үшін
борсық пен түлкінің
індерін кеңейтіп
иемденеді немесе
өздері де қазады,
негізгі қорегі
жабайы аңдар, соның
ішінде тұяқтылар
(жабайы дала қойы,
арқар, марал,
қабан, ақбөкен, елік
және тағы басқаларын
айтуға болады).
Ақбөкен мекендейтін
жерлерде қасқырдың
қысы-жазы негізгі
қорегі – осы
тұяқтылар. Күндерін
қауымдасып аулайды.
Олар күндіз де түнде
де жортуылдай
береді. Қаңтар-ақпан
мен наурыздың
басында ұйығып, екі
айдан соң 2-13 ке
дейін күшік туады.
Шілде айында
бөлтіріктерін
жемтігін өз бетімен
аулауға баули
бастайды.
Халық шаруашылық
маңызы: Терісінен
ішік, жылы
аяқ-киімдер тігіледі
және бағалы олжа
ретінде әуесқой
аңшылар арасында
жоғары бағаланады.
Алматы облысы табиғи
ресурстар және
табиғатты
пайдалануды реттеу
басқармасының Кеген
орман шаруашылығы
мемлекеттік
мекемесінің 2005
жылғы санағы бойынша
219 қасқыр
тіркелген.

2 СүтқоректіЖыртқыштар Түлкілер Түлкі Қазақстанда бұл
лер Carnivore GANIS Vulpes жыртқыш барлық
Mammalian Bodice LINNAEVS Vulpes жерлерде ін қазып
1758 немесе басқа бір
аңның (көбіне борсық
пен суырдың) ескі
баспаналарын
пайдаланып
мекендейді.
Тіршілігіне қолайлы
жағдайлар іздеп, бір
орыннан екінші
көшіп-қонып отырады.
Жаппай қоныс аударуы
салқын түсе күзде
оның байқалады.
Жылына бір рет
түлейді, ал
ақпан-сәуір
айларында басталып,
күндері уыс-уыс
болып түсіп, жазда
тек қылшықтары ғана
өледі. Қысқа қарай
толық жетіледі.
Көпшілік жағдайда
жемін аулауға ымырт
жабыла шығады: қыс
пен ерте көктемде
күндіз де індерінен
шығып, қорегін іздеп
сенділіп жүре
береді. Қорегі
түрлі сүтқоректілер,
омыртқасыз
жәндіктер, аздап
шөптерін азықтар да
кездеседі.
Қаңтар-ақпан
айларында ұйығады.
6-8 күшік туады.
Халық шаруашылық
маңызы: түлкінің аса
бағалы терісі үшін
ауланатын аң.
Алматы облысы табиғи
ресурстар және
табиғатты
пайдалануды реттеу
басқармасының Кеген
орман шаруашылығы
мемлекеттік
мекемесінің 2005
жылғы санағы бойынша
144 бас түлкі
тіркелген.
3 СүтқоректіЖыртқыштар Сусарлар Борсық Орман- тоғайда,
лер Carnivore Mustelidae Meles тіпті бұйрат-бұйрат
Mammalian meles 1758құм арасындағы
ағаш-бұта өскен
жерлерде мекендейді.
Тегіс жазықтан
ойлы-қырлы тау
басында дейінгі
аралықта
кездестіруге болады.
Бәріне ортақ нәрсе
мекендейтін
жерлерінде су
көздерінің жақын
болуы. Негізінен
отырықшы: бірақта
ерте көктемде қысқы
ұйқыдан оянған соң
қорегін іздеп, ал
күзде жастары жан
жаққа тараған кезде
қоныстарын ауыстырып
отырады. Көбіне өз
бетінше ін қазады
немесе суырлардың
індерін пайдаланады.
Борсық тағам
талғамайтын жыртқыш.
Азығының құрамы жыл
маусымы мен
қоныстанған мекеніне
байланысты өзгеріп
отырады.
Күндіз-түні жемін
іздеп, толымсыз
қозғалыста болады.
Қазан айының екінші
жартысында жерге қар
мол түсіп, қатты
түсіп ұйқыға кетіп,
одан ақпанның екінші
жыртысында немесе
наурызда оянады.
Наурыздың басында
1-5-ке дейін ұрпақ
дүниеге әкеледі.
Халық шаруашылық
маңызы: Борсықтың
боялғаш терісінен
жаға, бас киім мен
кілемшелер,
қылшықтарынан бояу
жаққыштар мен түлкі
әшекей бұйымдар
жасалады. Борсықты
терісі, еті, майы
үшін аулайды.
4 СүтқоректіЖыртқыштар Иттер Шие-бөрі Өзен, көл, арық пен
лер Carnivore GANIS Lanis канал бойындағы
Mammalian LINNAEVS aureus тоғайлар мен қалың
қамыстарды
мекендейді. Елді
мекендейді маңында
да қоныстана береді.
Жыл маусымдарына
байланысты
қоныстарын ауыстырып
отырады. Жаз бен
көктемде су
қоймаларына жақын
жерлерде,
күзде-тоғай
бау-бақшаларда,
қыста тоғай мен
қалың қамыстарды
қоныстанып,
қоректенуге түнге
қарай елді
мекендерге шығады.
Көбіне қалың тоғай
ішіндегі жатақ-үй
және інде тіршілік
етеді. Бұл
жыртқыштың негізгі
қорегі ұсақ
сүтқоректілер,
құстар, бауырмен
жорғалаушылар және
қосмекенділер,
балықтар мен
насекомдар.
Жылына 1 рет
көбейеді, 4-7 күшік
туады.
Халық шаруашылық
маңызы: Жүйе бөріні
терісі үшін аулайды.
5 СүтқоректіКеміргіштер Суырлар Көк суыр Дала суыры негізінен
лер Rodentia Marmora Marmot a далалық аймақта
Mammalian Bowendich BLUMENBACH bobas көбіне бөтеге боз
1779 Muller өсетін қоныстарды
мекендейді. Жоталы
таулардың ашық
беткейлерінде
қоныстанады.
Тіршілігі күн
түзетеді. Күндіз
жайылу кезінде
індерінен өте алысқа
кетпейді. Сонымен
қатар олардың 1-2
уақытша пайдаланатын
індері де болады.
Негізгі қорекгі
шөптесін өсімдіктер.
Көк суыр бойына
жеткілікті мөлшерде
май жинап алып,
тамыз айының
ортасында ұзақ қысқы
ұйқыға кетеді. Қысқы
ұйқыдан оянысымен
іннен шықпастан
шағылысады. Бір ай
өткен соң 2-9-ға
дейін жас суырлар
дүниеге келеді.
Халық шаруашылық
маңызы: Көк суыр
терісі мен майы үшін
ауланатын өте бағалы
аң. Алматы облысы
табиғи ресурстар
және табиғатты
пайдалануды реттеу
басқармасының Кеген
орман шаруашылығы
мемлекеттік
мекемесінің 2005
жылғы санағында 261
бас суыр тіркелген.
6 СүтқоректіЖұптұяқты-ларЖабайы Доңыз Доңыз қамыс құрақты
лер ARIOPACTYLA шошқалар Sus schofaқопалар мен бұтақты
Mammalian OWEN 1848 SVIDAE GRAY Linnacus жерлердің тұрғыны
1821 деп есептейді. Бірақ
ол орманды, бұталы,
шөл аймақта, өзен ,
көл аймағынан
кездесе береді. Азық
қор аз болып,
құрғақшылық жылдары
доңыздар қолайлы
мекен іздеп 500-600
шақырымға дейін
қоныс аударып кетіп
қалады. Олардың
азықтары өсімдіктер
және жануарлар
тектес болып келеді.
Шошқалардың күйге
түсуі тамыздың
ортасынан
желтоқсанға дейін
созылады.
Мегежіндерінің
торайлауы наурыз
айынан басталып,
маусымға дейін
созылады.
Мегежіндері 4-6-10
ға дейін торайлайды.

Халық шаруашылық
маңызы: Жабайы шошқа
тұяқтылардың
ішіндегі кәсіптік
және әуесқойлық
жолмен ауланатын
аңның бірі.
Алматы облысы табиғи
ресурстар және
табиғатты
пайдалануды реттеу
басқармасының Кеген
орман шаруашылығы
мемлекеттік
мекемесінің 2005
жылғы санағында 85
бас екендігін
көрсетіп отыр.
7 СүтқоректіЖұп тұяқтыларБұғылар Елік Еліктің мекендейтін
лер ARIOPACTYLA тұқымдасы Capreolus жерлері әр түрлі
Mammalian OWEN CERVIDAE Capreolus көбіне орман тоғай
GRAY Linnacus ішінде тіршілік
етеді. Орманның ашық
алаңдарында жайылып,
ағаштар көлеңкесінде
жусайды. Адамға
жақын жүріп тіршілік
ете береді. Жаздың
ыстық күндері салқын
түскенге дейін жатып
демалады. Тек салқын
түсе жайылуға
шығады. Қыста күндіз
жайыла береді жер
ерекшелігімен жылдың
маусымына байланысты
елік 100-ге жуық
өсімдік түрімен
қоректенеді. Елік
өсімтал аң. Олар бір
жарым жасында
жыныстық жағынана
жетіліп, екі жасында
лақтайды. Олар
көбіне егізден
лақтап 6-8 ай
сүтімен
қоректендіреді.
Халық шаруашылық
маңызы: Әуесқой
аңшылық жолмен еті
мен терісі үшін
ауланатын аң.
Алматы облысы табиғи
ресурстар және
табиғатты
пайдалануды реттеу
басқармасының Кеген
орман шаруашылығы
мемлекеттік
мекемесінің 2005
жылы аңшылық есеп
беруінде 286 бас
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау
Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдаланудың теориялық негіздері
Қазақстан жануарлар дүниесінің топонимдердегі көрінісі
Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының географиясы мен оның рекрациялық маңызы
СУ ҚОРЛАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАНУ
Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын аумақтар
Орман шаруашылығы жұмыстары
Бұқпа мемлекеттік мекемедегі орман сақтау шараларды табу
Қаратау таулы жотасы
Үлкен Алматы шатқалы
Пәндер