Бюджеттің қорғанысқа жұмсалатын шығындарын жоспарлау және қаржыландыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

ТАҚЫРЫБЫ: Бюджеттің қорғанысқа жұмсалатын шығындарын жоспарлау және қаржыландыру

КІРІСПЕ

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында қойған біздің мемлекетіміздің кең ауқымды мақсаты тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты қазақстанды орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басылымдықтарды жүзеге асыру керек: ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның үйлесімі, шетелдік инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейі мен бірге оның нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу, республика азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты, энергетикалық ресурстар, инфрақұрылым, кәсіби мемлекет.

Осынау басылымдықтарды іске асыру мемлекеттен орасан зор қаржылық ресурстарды жұмылдыру үшін тиімді қолдануды талап етеді, ал өз кезегінде барлық қаржылық жүйені одан әрі реформалауды көздейді.

Қазақстандық бюджет республиканың стратегиялық басымдықтарын жүеге асырудың негізгі құралы болып келеді, өйткені ол елдің ең маңызды қаржы ағымдарының қозғалысын реттейді. Келешек көкжиектегі салықтың - бюджеттік сфераны реформалаудың негізгі бағыттарына салықты жақсарту және бюджеттік бағдарламалау тәсілдерін енгізу кіреді.

Кез келген елде мемлекеттік бюджет - жалпымемлекеттік қаржылардың, сондай-ақ жалпы қаржы жүйесінің басты буыны болып табылады. Ол мемлекеттің басты кірістері мен шығыстарын біріктіреді. Бюджет арқылы барлық меншік нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаражаттары және ішінара халықтың табысы жұмылдырылады. Олар экономиканы, әлеуметтік мәдени шараларды қаржыландыруға, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, мемлекеттік басқару органдарын ұстауға, жергілікті бюджеттерді қаржылық жағынан қолдауға, үкіметтік борышты өтеуге мемлекеттің материалдық және қаржы резервтерін жасауға және басқаға бағытталады. Сөйтіп, құндық бөлудің айрықша бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет өзгеше қоғамдық арналымды орындайды - жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағатттандыруға қызмет етеді. Бұл тұрғыдан бюджет экономикалық категория ретінде мемлекеттің өз міндеттерін жүзеге асыруына арналған және тиісті заңдарға сәйкес белгіленген салықтар мен өзге де кіріс көздерінің және түсімдердің есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. Бюджетке қаржы ресурстарын шоғырландыру мен пайдалану мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру қажет. Бұл ресурстар экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды, басқа белгіленген шараларды қаржыландыратын бюджеттің кірістерін құрайды.

Жалпы, Қазақстан Респуликасының бюджет жүйесі көптеген жылдар аралығындағы реформалардан кейін өзгерістерге ұшыраған. Республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру көздері анықталып, тиісінше бюджет қаражаттарынан шығыстарды қаржыландыру бағыттары анықталған, жергілікті бюджеттер қарыз алу құқығына ие.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - барлық деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыру тәжірибесіне талдау жүргізу, сонымен қатар бюджет саясаты және жүргізілген талдау негізінде бюджеттік қатынастары жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар беру.

Осы мақсатқа жету үшін мемлекеттік бюджеттің қызмет етуінің теориялық негіздерін, оның қоғамдық өндірістегі рөлін оқып зеріттедім. Бюджеттік қатынастарды қамтамасыз ету практикасын талдауды макродеңгейде жүргізу қажет. Бюджет механизмін жетілдіру бойынша ұсыныстарды беру мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің кірістері мен шығыстарының құрылымы мен құрамы, бюджетаралық қатынастардың механизмі, сол сияқты қазіргі кезеңдегі мемлекеттің бюджет саясатының негізгі бағыттары қарастырылған.

Бұл дипломдық жұмыс жазу барысында қазақстандық ғалым - экономистердің еңбектері, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, тиісті қаржы жылына арналған “Республикалық бюджет туралы” заңдары пайдаланылды.

І. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісіндегі бюджеттің экономикалық мәні мен маңызы

  1. Бюджеттің экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметі

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы “мемлекеттік бюджет” ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды /1/.

Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет.

Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптаструға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. Қаржыны орталықтандырудың арқасында ақша қаражаттары, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады.

Сөйтіп, обьективті бөлгіштік қатынастардың болуының экономикалық нысаны бола отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды, жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді .

Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.

Бюджет - біздің егемендігіміздің негізі және мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саясаттық функцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті бөлігі болып табылады. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржы саясатын тиісінше жүзеге асыру үшін қажет. Бюджет - жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Демек, бюджет қай мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық-экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым-қатынаста жатыр. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: «Бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қмтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры» /2/. Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізі - орталықтандырылған қор, экономикалық негізі - жалпы экономикалық қарым қатынас, заңнамалық белсендіруі - заң.

Кез келген басқа экономикалық категория сияқты, мемлекеттік бюджет өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты - материалдық-заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында - бюджеттік қорында затталынады. Нәтижесінде, қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөгіштік) процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің көрінісін табады. Қаржы қатынастарының белгiлi бiр жиынтығы ретiндегi мемлекеттiк бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категoриясынан ажырататын өзгеше белгiлер тең бюджет қатынастарының бөлгiштiк сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүредi. Сонымен бiрге, бюджет қатынастарына белгiлi бiр өзiндiк ерекшелiк тән, алайда ол қаржымен ортақ, өзгеше белгiлердiң шеңберiнен шықпайды.

Құндық бөлiнiстiң айрықшалықты сферасы ретiнде мемлeкeттiк бюджет мына өзгеше белгiлермен сипатталады:

1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бiр бөлiгiн оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттiлiктердi қанағаттандыpyғa пайдаланумен байланысты бөлгiштiк қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;

2) құнды жасау және оны тұтыну процесiн шарттастыратын материалдық өндiрiс қаржысынан және құнды тұтынyға қызмет eтeтiн өндiрiстiк емес сфера қаржысынан мемлекеттiк бюджеттiң айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтiң сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;

3) қоғамдық өнімнің оның тауар ныcaнындaғы қозғалысымен тiкелей байланысты емес құндық бөлiнiстiң стадиясын бiлдiредi және одан белгiлi үзiлicте жүзеге асырады, ал қаржы қатынастары материалдық өндiрiсте де, өндiрiстiк емес сферада да тayap-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.

Бюджет Кодексінде мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік берілген - ол «араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет».

Мемлекеттiк бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндiрiстiк қатынастарды бiлдiредi және оларға сәйкес келетiн нақты материалдык, - заттай түрiнде болады: бюджет қатынастары мемлекеттiң орталықтандырылған ақша қорында-бюджеттiк қорында затталынады. Мұның нәтижесiнде қоғамда болып жатқан нaқты экономикалық (бөлгiштiк) процестер мемлекеттің жұмылдыратың және пайдаланатын ақшаның ағынында өзiнiң көpiнiciн табады.

Мемлекеттiк бюджет экономикалық категория ретiнде жалпы қаржы сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың ic-қимылы, мазмұны, мәнi мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалды. Бөлгiштiк функцияның ic-әрекетiнiң өзiндiк ерекшелiгi сол, қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндiрiстiң сфералары, ұлттық шаруашылықтың секторлары, ayмaқтap, салалар, жеке шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасында бөлiнедi. Мемлекетiк бюджет арқылы бүгiнде Қазақстанда жалпы қоғамдық өнімнің шамамен 10% және жалпы iшкi өнімнің 20% бөлiнедi. Сонымен бiрге мемлекет қаржысының негiзгi буыны ретiнде мемлекеттiк бюджет бөлгiштiк функция шеңберiнде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы iшкi өнiмдi қайта бөлу; экономиканы мемлекеттiк реттеу және ынталаңдыру; әлеуметтiк саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдаланyға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды. Бақылау функциясы бюджет қорларын бөлудiң сандық үйлесiмдерiнде, олардың қоғамдық өндiрiс дамуының қажеттiлiктерiне сай келетiндiгiнде, бөлудiң ұнамсыз барысынан ayытқyын анықтау және оларды жою мүмкiндiгiнде көрiнедi.

Мемлекеттiк бюджеттiң сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категорuя және мемлекеттiң, орталықтандырылған ақша қоры ретiнде ғ aнa емес, сонымен бiрге негiзгi қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнелетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және тағы басқа өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.

Бюджеттің рөлі экономиканы ынталандырушы есебінде арнайы бюджеттік механизм арқылы іске асырылады. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Бюджеттік механизм құрылымында кірістер, шығыстар, бюджетаралық байланыстар сияқты бюджеттік қатынастар топтары және соларға сәйкес ақша қаражаттарын қайта бөлудің әр түрлі формалары мен әдістерін енгізеді. Сол себепті бюджеттік механизмде бюджеттік қатынастар көрісінің формаларына тәуелді келесі құрылымдық тізбектерді бөлуге болады, олар: ақша қаражаттарын мемлекет тарапына жұмылдыратын әдістер; әр түрлі іс-әрекет салаларына бюджеттік қаражаттар беру мен бюджет қалыптастыратынтәртіп пен формалар; ішкі бюджеттік бөлу мен қайту бөлу және олармен байланысты әдістер. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осыдан көрінеді.

* Ильясов Қ. Қ., Құлпыбаев С. Қ. «Қаржы». Алматы, 2005 ж.

Сызба 1. Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы

Мемлекеттік бюджетті−экономиканы басқару құралы ретінде сипаттай отырып, бұл құралдың рөлі объективті алдын ала анықталғанын айрықша айту қажет. Оған дәлел, біріншіден, экономикалық байланыстарды негізгі қаржы құжат арқылы формада пайдалану, екіншіден, мемлекеттік бюджеттің бөлу табиғаты негізінде оны қоғамдық өндіріске әсер ететін маңызды экономикалық құрал ретінде пайдалану. Бюджеттің мәні мен рөлі оның экономикалық құрал ретіндегі ерекшелігімен дәлелденеді, яғни ол қоғамдық өнім бөлу саласының кең пайдаланатын құндық құралы болып табылады.

Мемлекеттік бюджет - ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлудің негізгі құралы. Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді негұрлым ұтымды орналастырудың, экономика мен мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып салааралық және аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланылады.

Нарықтық механизмде мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс. 1

Мемлекеттік бюджет басқа экономикалық категориялар сияқты мемлекеттің нағыз әлеуметтік - экономикалық мәселелерін шешу үшін белсенді пайдаланады. Мемлекет бюджетті өзінің шаруашылық - ұйымдастырушылық қызметін жүзеге асыруда маңызды құралы ретінде бюджетті қолдана отырып, оның экономиканы басқару құралы ретіндегі қызметін арттырады.

Тауар - ақша қатынастарының қызмет етуі халық шаруашылығының қатынастарын жоспарлауда екі түрлі нысанда жүзеге асырылады: натуралды заттық және құндық (ақшалай) . Натуралды заттық нысан материалдық- техникалық құралдардың қоғамдық өндірістің бөлімшелері арасындағы бөліп беруді қарастырады, оларды жұмыс күшімен қамтамасыз ету; құндық- ақша қаражаттарын бөліп берудегі қатынастарды анықтауға негізделеді.

Қоғамдық өнімді бөлудің ақшалай нысанының айтарлықтай дербестігінің нәтижесінде алғашқы қалыптасқан халық шаруашылығының ара қатынасына қажетті өзгерістерге қол жеткізу үшін ерекшеленетін қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттеуге мүмкіндік туады. Құндық нысандарды (қаржылар, бюджет, несиелер және т. б. ) пайдалану мемлекетке қоғамдық өндірістің құрылымын жетілдіруге мүмкіндік беріп экономикалық үрдістердің тиімділігін жоғарылатады.

Қоғамдық өндірістің құндық құрылымын қалыптастыруда белсенді қатысушы құралдардың бірі - мемлекеттік бюджет болып табылады. Оны пайдалану халық шаруашылығының салалық және территориялық қатынастарын жетілдіруге өндірістік емес аяның даму қарқынын реттеуге, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық ресурстарын ортақ мүддеге сай қайта бөліп беруге, материалдық еңбек және ақшалай ресурстарды жақсырақ пайдалануға, ынталандыруға экономиканың барлық буындарында үнемділік режимінің сақталуына жүйелі бақылауды жүзеге асыруға және басқада әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бюджеттік қатынастарды пайдаланудың алуан түрлі бағыттары қоғамдық өндірісті дамыту мүддесінде және оның тиімділігін жоғарылату мемлекеттік бюджеттің экономиканы басқарудағы белсенді құралы болып табылатындығын көрсетеді.

Экономиканы басқарудың құралы ретінде мемлекеттік бюджетке сипаттама бере отырып, оның халық шаруашылығындағы ролінің обьективті екі фактормен алдын ала анықталғандығын баса айта кеткен жөн:

  1. Бюджеттік қатынастарды пайдаланғанда негізгі қаржылық құжат арқылы шарттастырылған нысаны экономикалық байланыстардың реттеушілігін білдіреді.
  2. Қоғамдық өндіріске ықпал етуші маңызды экономикалық тетігі ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін мемлекеттік бюджеттің бөліп берушілік табиғатымен анықталған. Бюджеттің экономикалық тетігі ретіндегі ерекшелігінің мәні оның қоғамдық өнімді бөліп беру аясындағы құндық тетік болып табылатындығында. Сондай-ақ ықпал ету аясы айрықша кең болатын халық шаруашылығы деңгейіндегі тетік болып табылатындығында2.

Осылайша, мемлекеттік бюджет экономиканы басқарудың құралы ретінде қоғамдық өндіріске жұмыла ықпал ететін құрал ретінде және қаржылық құжат, экономикалық тетік және ынталандырушы болып табылады.

Мемлекеттік бюджет өзінің көрінуі мен пайдаланылуының барлық нысандарында экономиканы басқарудың құралы ретінде айқындалады. Бюджеттік қатынастардың бөліп беру сипаты мемлекеттік бюджетті өндіріске ықпал етудің экономикалық тетігі ретінде қоғамдық прогрестің ынталандырылуына айналдыруға мүмкіндік береді; бұл тұрғыда бюджеттің әсері басқа құндық тетіктермен, яғни баға, несие және т. б. бір типті болып келеді. Алайда мемлекеттік бюджет қоғамдық өнімді құндық бөліп беру аясында шешуші орынды иеленеді және бұл оны экономикаға жалпы мемлекеттік орталықтандырылған жетекшілікті жүзеге асыратын құрал - республиканың негізгі қаржылық жоспарына айналдырады. Негізгі қаржылық жоспар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму бойынша қарастырған шараларын қаржыландыруды қаржы ресурстарының орталықтандырылған бір бөлігін пайдалану арқылы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал басқа жағынан қарасақ қосымша ішкі шаруашылық резервтерді анықтауға кәсіпорындар мен салалардың жұмыс жасауының сапалық көрсеткіштерін жақсартуға, халық шаруашылығының барлық буындарындағы үнемділік режимін жүргізуге ықпал етеді.

Бюджеттік өзара байланыстар арқылы кәсіпорындардың, ұйымдар мен халық шаруашылығының салаларының қаржылық жағдайы реттеледі, қоғамдық өнімнің ұдайы өндірістік құрылымының өзгеруі қамтамасыз етіледі, ел территориясы бойынша қаржылық ресурстар қайта бөліп беріледі.

Мемлекеттік бюджет жалпы мемлекеттік бақылаудың зор қаруы десе де болады. Нақты айтатын болсақ, бюджеттік көрсеткіштердің мақсатты сипаты бюджеттің шаруашылықпен алуан түрлі байланыстарын көрсететін материалдық өндіріс пен өндірістік емес аяның салаларындағы жұмыстың барысына бақылау орнату мақсатында пайдаланатын негіз болып табылады. Бюджет көрсеткіштерінің орындалу дәрежесінің экономикадағы үрдістердің барысын көрсетеді, ондағы пайда болып тұратын оң және теріс өзгерістерді сипаттайды.

Мемлекеттік бюджет негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылау бюджеттік бақылау нысанын қабылдайды. Бюджеттік бақылау жалпы бақылау жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде мынадай белгілерімен ерекшеленеді: тұрақты жүзеге асырылады, ”төтенше шара„ болып табылмайды, эпизодтық компания болып табылмайды, экономиканы басқару бойынша жүргізілетін барлық ұйымдастырушы жұмыстардың құрамдас бөлігі болып табылады.

Бюджеттік бақылауды жүзеге асырудың обьективтік негізі экономикалық категория ретіндегі бюджеттің бақылаушылық функциясы болады, өйткені мемлекеттік бюджет бақылашылық функциясы ықпал етудің кең аясымен және жалпылама қамтушы сипатымен ерекшеленеді, сондықтан бақылау осыған негізделген бюджеттік бақылау ықпал етудің елеулі аясына ие болады және ол қоғамдық өнім құнын бөліп берудің бюджеттік аясымен ғана шектелмейді. Бюджеттік бақылау халық шаруашылық кешенінің барлық бөлімдеріндегі істің жағдайларын саралауға мүмкіндік туғызады.

Оны жалпы алғанда, үрдісі барысында кәсіпорындардың, ұйымдардың, материалдық өндіріс және өндірістік емес ая салаларының өндірістік қаржылық жоспарларының көрсеткіштерінің орындалуын тексеріледі, оларды тиімді және оңтайлы пайдаланудың және мемлекет қарауына ақша қаражаттарының түсімдерінің толықтығы анықталады. Бюджеттік бақылауға ішкі шаруашылық резервтерді анықтаудағы халық шаруашылығының барлық буындарындағы үнемдік режимінің сақталуын ашудағы зор роль жүктеледі.

Экономиканың дамуына қарай бюджеттік бақылаудың экономиканы басқарудың құралы ретіндегі мәні де өсе түспек. Өйткені қоғамдық өндірістің ауқымы неғұрлым ірі болса, экономикалық өсу қарқыны соғұрлым жоғары болады, шаруашылық байланыстар алуан түрлі және күрделі, ол әрбір көрсеткіштің маңыздылығы жоғары болады. Сондықтан ақша қорларын пайдаланудың орындылығы мен оларды қалыптастырудың уақыттылығын бөліп беру үрдісінің барысын қатаңырақ бақылау өте маңызды.

Мемлекеттік бюджет қоғамдық өндіріске сандық және сапалық жағынан ықпал етеді. Сандық тұрғыдан бюджеттің қайта бөліп беретін қаржылық ресурстарының қатынастарымен сипатталады.

Бюджеттің экономикаға сапалық ықпал етуінің мәні бір жағынан мемлекет бюджет қаражаттарын салымдарға бағыттыу болса, екінші жағынан оларды шоғырландыру мен елдің экономикалық өсуін жеделдету, өндірістің тиімділігін жоғарлату үшін жұмсау әдістері экономиканы дамытудың қосымша ынталандырушысына айналдырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны
Мемлекет шығындарын қаржыландыру
Мемлекеттік шығындар
Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны туралы
Мемлекет шығыстар
Экономиканы қаржыландыруға бюджет шығындары
Жергілікті бюджет
Мемлекеттік шығын
Мемлекет шығындарын шектеудің аса маңызды критерийлері
Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz