Ақсу Жабағылы қорығының табиғат жағдайлары


Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі. Қорық - ол табиғат зоналарының қызығын, құпия сырларын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің алуан түрі кездесетін орын. Қорық-халық қазынасы. Қорықтың өніп-өсуіне, жасанып-жандануына халықтың аялы алақан қамқорлығын қажет етеді.
Табиғаттың қайталанбас сұлулығы мен байлығын сол қалпында сақтаумен қатар дамытып жетілдіруде, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғап, сонымен қалпына келтіруде осы мемлекеттік қорытындының ролін айтып жеткізу өте қиын.
Мемлекеттік қорықтардың негізгі мақсаты - қорғап отырған табиғи комплексті сақтап, табиғи процестердің даму заңдылығын ғылыми тұрғыдан кеңінен зерттеу. Бұл мәселені шешу қорықтардағы ғылыми қызметкерлерге тікелей байланысты іс.
Қазақстан қорықтарында белгілі бір географиялық аудандарындағы жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, оның ішінде бірте - бірте саны азайып бара жатқан және сирек кездесетін өсімдіктер мен аң - құстар сақталуда.
Қазіргі республикамызда табиғатты және оның хайуанаттарын, қорғауға бағытталған және көлемі 576, 4 мың гегтар алты үлкен қорық бар. Соның алғашқы құрылғаны Ақсу-Жабағылы, Алматы, Қорғалжын, Барсакелмес, МарқакөлНаурызым Сиреп және құрып бара, жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғау мақсатында 1948 жылы табиғатты қорғаудың халықаралық одағы құрылды. Олар 1948-1954 жылдар арасында жер шарындағы өте сирек кездесетін хайуанаттардың тізімін жасады. Бұл документ «Қызыл кітап» деп аталады.
Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабы» бірінші рет 1966 жылы жарық көрді.
Қорықтағы жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау- көкейтесті мәселенің бірі. Оны қорғау баршамызға ортақ іс. Қорық қазынасы сарқылмас қор емес. Оны аялап, байлығын молайтуға көп үлесті қажет етеді.
Экономикамыздың бірте-бірте дамып келуіне байланысты елмізде экологиялық проблемалар туып жатыр. Сондықтан қорықтардың оның ішінде Ақсу -Жабағылы қорығын таңдауға түрткі болды.
Зерттеудің мақсаты: Ақсу-Жабағылы қорығының ғылыми тұрғыдан зерттеп, құрып бара жатқан жануар мен өсімдіктер дүниесінің қалпына келтіру жолын іздестіру.
- Батыс Тянь-Шаньның тамаша табиғатын сол қалпында сақтау және осы тау жүйесі табиғи мемлекеттерінің даму заңдылықтарын зерттеу еді.
Зерттеу міндеттері.
- арнайы қорғалатын жануарлардың түрін анықтау
- арнайы қорғалатын өсімдіктердің түрін анықтау
- арнайы қорғалатын аймақтардағы негізгі қорғалатын табиғат зоналарын айқындау.
- Зерттеу жұмысының қорытындысын шығарып, қорғау жолында ғылыми ұсыныстар беру
Зерттеу көздері: Ғалымдар мен қорықтарды қорғау саласында жұмыс жасайтын мекемелердің есептері, олардың ұзақ жылғы еңбектері.
Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, көрнекіліктерден, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысының көкейкестілігі, мақсаты, міндеті, зерттеу көздері, зерттеу құрылымынан тұрады.
Бірінші тарауда Батыс тянь-шань тауының сілемдеріне сипаттама беру. Олардың рельфіне, геологиясына, топырақ жамылғысы, климаты мен ішкі суларына, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне сипаттама беріледі.
Екінші тарауда қорықтың өзіне жалпы сипаттама. Ақсу Жабағылы қорығының географиялық орнын және құрылуына, рельфіне, геологиясына, климаты, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы қарастырылады.
Үшінші тарауда қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің түрлері және оларға сипаттама беру. Ақсу Жабағылы қорығының даму перспективасының ерекшелігі туралы мәселелер қамтылады. Қорытындыда жұмыстың нәтижесінде дайындалған деректердің қорытындылар мен ұсыныстар беріледі.
І. - Тарау. Батыс Тянь-Шань тауларының батыс сілемдерінің қысқаша
Физикалық географиялық сипаттамасы.
І. 1. Жалпы сипаты мен рельефі
Батыс Тянь - Шаньның Қазақстандық бөлігі Қырғыз жотасынан басталады. Қырғыз жотасының батыс бөлігінің Солтүстік беткейі, Талас Алатауының батыс тармағы (Тараз қаласының маңы) Ташкент маңы Алатауының Манас тауынан басталған Солтүстік-Шығыс беткейі Қазақстан аумағына кіреді.
Қырғыз жотасы да көлемі мен биіктігі жағынан үлкен тау жүйесі. Оның ең биік нүктесі - П. П. Семенов шыңы биіктігі 4566 м. Таудың Қазақстандық бөлігі одан аласа 4500 м шамасында. Тау Батысқа қарай аласара береді. Оның Солтүстік беткейі құрамалы, мүжілген тау сілемдерін елестетеді. Жотаның беті карбон дәуірінің құмтастары, әктастар мен граниттерден тұрады. Оның беті күшті тілімделген, тегіс емес. Қазақстандық бетінде альпілік жер бедері қалыптасқан емес.
Талас Алатауының Қазақстандық бөлігі - Жабағылы таулары, ол екі жотаға бөлініп Ақсу-Жабағалы өзенінің алқабын қоршайды, Солтүстік жотаның биіктігі 2600-2800 м, Оңтүстік жотада3500 м. Бұлар да ертедегі палеозойдың шөгінді эфузивтік жыныстарынан тұрады. Тау беті тілімделген, онда ертедегі мұз басудың іздері бар. Жер бедері альпілік пішінде дамыған.
Ташкент маңы Талас Алатауынан Оңтүстік Батысқа қарай орналасқан бірнеше жоталардан тұрады. Оларға Піскем, Көксу, Майдантал, Ойқайың, Өгем, Сайрам, Қоржынтау, Қазығұрт және Боралдай таулары кіреді. Олардың ішіндегі ең ірісі - Піскем, орташа биіктігі 3700-3800 м, ең биік нүктесіБетнұр шыңы 4208 м. Жота жоғарғы палеозойдың әктастарынан түзілген. Оңтүстік-Шығыс беткейі тік және қысқа, Солтүстік-Батыс беткейі көлбеу.
Піскем жер сілкіну аймағы болып табылады. Сайрам (ең биік нүктесі 4220 м), Көксу (ең биік нүктесі 3468 м), Өгем (ең биік нүктесі 3560 м) . Ташкент маңы Алатауының екінші қатардағы биік жоталары болып саналады.
Герциннің гранит және гранодиорит интрузияларының қиып өткен палеозой шөгінділерінен құралған.
Вертикальдық зоналық эфемерлі -жусанды шөлейт, астық тұқымдас - эфемерлі субтропикалық дала субальпі және альпі шалғындары зоналарын қамтиды. Тәлімі егіншілік, суармалы егіншілік, бау-бақша, мал шаруашылығы дамыған.
Қоржынтау (2839м), Боралдай (1800м), Қазығұрт (1700м) олардан аласалау. Бұлардың геологиялық тарихы ұқсас. Бәрі де жоғары палеозойдың әктасынан құралған. Оларды карст құбылыстары кең тараған. Тау беткейлері тік жартасты, жер бедері тілімделген. Жоталар прекмбрий мен полеозойдың шөгінді, метаморфтық және жанартаутекті жыныстарынан (тақтатас, әктас, құмтас, мәрмәр, гнейе, гранит, эффуззиялық жыныстар т. б. ) түзілген.
Батыс Тянь-Шаньның жоталары герциндік қатпарлану қозғалысына ұшырап тегістелу процесін өткерген.
Батыс Тянь-Шаньның батыстағы жалғасы Қаратау жотасы болып табылады. Ол Талас Алатауының батыс жағынан басталып, Боралдай, Сайрам жоталары арқылы Ташкент маңы Алатауымен шектеседі. Солтүстік батысқа қарай созылып жатқан таудың ұзындығы 400 км, орташа биіктігі 1800 м. Ең биік нүктесі Мыңжылқы тауы 2176м. Тау Солтүстік-батысқа қарай аласарып, Сарысу, Шу өзендерінің атырабында бітеді. Батыс- Тянь-Шаньның жер бедері альпілік тік жартасты, биік жоталармен бірге тау аралық ойыстардан, қыратты жазықтықтардан және құрғақшылық жағдайда қалыптасқан. Жоталарының беткейлерінде үлкенді-кішілі шатқалдармен тілімделген. Негізінен жер бедері неоген мен палеоген тұсында қалыптасқан. Кей жерлерде әлі де тау көтерілу процесі жүріп жатыр. Тянь-Шаньдағы жер сілкіністер дәлел бола алады.
І. 2. Геологиясы.
Боралдай- Қаратау жотасының Оңтүстік шығысындағы тау сілемі, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан.
Абсолюттік биіктігі 1813м (Бенейтау) . Солтүстік -Батыстан Оңтүстік-Шығысқа қарай 70 км созылған, ендірек жері батысында (25-30км), Оңтүстік-Шығысы 5-7 км. Таудың бедері тегістеу келген. Талас пен Арыс өзендерінің суайрығындағы беткейлері тіктеу, жарқабақты. Боралдайдың баурайынан Боралдай, Қиыршықты өзендері бастау алады. Тау карбонның әктасты, граеитойдті және интрузивті жыныстарынан түзілген. Етегі сұр және қоңыр топырақты эфемерлі бұталы биік шөптер басым. Беткейлері мен Шатқалдарында Түркістан аршасы, согдиана. Шетені алма, пісте, сонымен қатар жеміс ағаштары шоғырлана өседі.
Батыс Тянь-Шанның геологиясы, карбон дәуірінің құмтастары, әктастары мен граниттерден тұрады. Палезойдың әктасынан құралған. Батыс Тянь-Шаньда Карст құбылыстары кең тараған. Геологиясы Шу- Іле тауларымен ұқсас болып келеді.
Қаратау жотасының оңтүстігінде протерозойдың метаморфтанған жыныстарынан құралса, Солтүстік-Шығыс жотасы төменгі полеозойдың құмтастары мен тақтатастарынан тұрады. Екі жотаның арасындағы ойыс қызыл түсті құмдардан түзілген. Сонымен қатар мезозой мен кайназойдың әктасы, құмтастар, сазды шөгінділер кең тараған.
Негізінен Батыс Тянь-Шанның Қаратау жотасы архей, протерезой және палеозойдың дислокацияға ұшыраған қабаттарынан құралған, ол тау алды бөлігі мезозой палеоген және Неоген, Морена шөгінділерінен тұрады. Оңтүстік - Батыс бөлігі Герциннің гранит және гранодиорит интрузия-ларының қиып өткен полеозой шөгінділерінен құралған. Қаратау жотасының оңтүстігінде Девон және тас көмір жүйесі, Кембриге дейінгі гранитомды, Піскем жоталары бор жүйесі кезінде құрылған. Метаморфтық және жанартаутекті жыныстарынан түзілген(гранит, әктас, мәрмәр) .
І. 3. Климаты және ішкі сулары.
Батыс Тянь-Шанның климатына Оңтүстік Қазақстанның жылы ауа-райы оған әсер етеді. Таулардағы қар белдеуі жоғарырақ жатады. Тауларда ылғал мол болады. Тау беткейлерінде шілде айының орташа температурасы +20 0 С +25 0 С болса мұздықтардың етегінде -5 0 С-қа дейін төмендейді. Қаңтар айында орташа есеппен -16 0 С-қа шейін барады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 600-800 мм.
Ал Оңтүстік -батыс Тянь-Шаньда суық ауа массасы Сібір және Шығыс Сібірден келеді. Қысы суық, ал жазы құрғақ және ыстық болып келеді. Қаңтар айында температурасы -3 0 С -7 0 С-қа дейін барады, ол шілде, тамыз айларында 35-50 0 С-қа дейін барады.
Жылдың жауын-шашын мөлшері 600-800 болса ал оңтүстікте 1200мм дейін барады. Мұхиттардан алыс орналасқандықтан онда қуаң климат орналасқан.
Ішкі сулары боралдай, Жабағылы, Ақсу, Көксу, Машат, Піскем, Майдантал, Ойқайың және т. б.
Ақсу - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби және Сайрам аудандары аумағындағы өзен.
Арыс өзенінің сол жақ саласы ұзындығы 133 км, су жинау алабының аумағы 766 км 2 . Талас Алатауының Солтүстік беткейіндегі 4042 м биіктігі мұздықтан басталады. Суы тұщы минералды 200-400 мг/л . Ақсу өзенінің алабында Ақсу-Жабағылы қорығы орналасқан, суы негізінен егістікті және бау-бақшаны суаруға пайдаланылады. Өзен алабында ежелгі Сайрам қаласының орны бар.
Боралдай- Арыс өзенінің оң саласы Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек, Ордабасы аудандарымен ағып өтеді. Ұзындығы 130 км 2 . Қаратаудағы Ақшоқы, Арқарлы, Боралдай тауларынан басталып Ордабасы ауданындағы Шұбар ауданының маңында Арыс өзеніне құяды. Жоғарғы ағысы тау шатқалымен өтеді, аңғарында жабайы жеміс ағаштары басым. Қар және жаңбыр суымен қоректенеді. Суы тұщы минералдылық 0, 2-0, 4 г/л. Жергілікті тұрғындар Боралдайдың суын егін, бау-бақша суаруға, ауыз суға пайдаланылады. Өзеннен тікелей 10-нан астам ирригациялық каналдар тартылған.
Билі көл - Шу - талас алабындағы көл. Тараз қаласының Солтүстік-Батысында 70 км жерде, Қаратаудың Солтүстік беткейіндегі тектоникалық ойыста орналасқан. Абсалюттік биіктігі 438 м. Аумағы 85 км 2 , ұзындығы 18 км, ені 7, 5 км-ге дейін ең терең жері 8 м. Жауын шашын мол жылдары су, көл 182 млн м 3 -ге жетеді. Суы тұщы. Көл суын төңіректегі шаруашылықтар егін суаруға пайдаланады.
Бөген, бөгені - Оңтүстік Қазақстан облысында, Бөген өзенінің төменгі ағысында орналасқан. 1967 жылы пайдалануға берілген. Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан, Ордабасы, Отырар аудандарының егістігін сумен қамтамасыз ету мақсатында салынған. Аумағы 65 км 2 , ұзындығы 13 км, ені 6 км, орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 15м. Жиналатын су көл 377 млн м 3 . Арыс, Бөген өзендерінің суымен толығады. Суы тұщы. Бөген бөгенінде Шармай, Түркістан шабағы, сазан, жайын кездеседі.
Жабағылы өзеннің ұзындығы Ақсуға қарағанда екі еседей қысқа. Суының түсі тасыған уақытта сары болады, кейде ондағы саз қоспаларының әсерінен қызыл түсті де болып келеді. Өзендер басын мәңгі мұз бен қардан алады. Сондықтан да олар апрель мен июльде екі рет тасиды. Әсіресе, жазда тасығанда өзендер кейде арнасынан шығып, жолындағының бәрін өзімен бірге ала кететін кездері де болады.
Мысалы 1959 жылы Жабағылы өзені тасығанда, бұрқыраған күшті су ағыны жолындағы бұталы тоғайды ала кеткен. Қыста өзендер қатпайды, тек жиектеріне мұз қатады.
І. 4. Топырақ жамылғысы мен өсімдіктері.
Батыс Тянь-Шаньның топырақ жамылғысы, Кәдімгі сұр топырақ тау алды жазықтарының неғұрлым биігірек бөліктерін Батыс Тянь-Шаньның биіктігі 300-500 м-лік аласа таулы және қырқалы бөліктерінің 300-450 мм жылдық жауын-шашын түсетін аймақтарын қамтиды. А горизонтты бозғылт сұр түсті, гумустылығы 1, 5-2, 5% негізінен тәулігі егіншілік шағын бөлігі суармалы егіншілікке пайдаланылады.
Батыс Тянь-Шаньның таулық сұр торырақ (серозем), таулық қоңыр және сұр-қоңыр топырақ, таулы шалғынды-далалық топырақтар тараған.
Сұр торырақ Батыс Тянь-Шань тауларының биіктеу бөктерінде (мысалы Оңтүстік Қазақстан облысында) жайласқан. Тау етегінде шөлді-дала зонасының боз топрағы таулы құрғақ бұталы ормандардың күрең топрағына көшкен жеріндегі аралық белдеу болып табылады. Сұр топрақ ксерофитті шөп бұталы өсімдіктер өсетін жерде, ұзақ құрғақ жазды субтропиктік климатта, карбонатты борпылдақ жыныста дамиды. Өсімдіктердің органикалық қалдықтары тез ыдырағаннан топрақта қара шірінді аз жыйылады (1, 5 . . . 3%), бірақ гумус қабаты жұқа емес. Топрақ құрлысының (АВ-30. . 60см) орта шені белсенді бұзылу процессі нәтижесінде балшықтанған жаңғақ-кесекті түіртпекті және аллювилік карбонатты қабаты айқындалған. Топрақ ортасы сілтілі (рН 7, 7 . . . 8, 2- ге тең ) : балшықты қабат 1, 5 темір оксиді (24 %) мен лайға байыған; сіңіру сыйымдылығы -20 . . . 30 мг-экв 100г. Топрақта оның 75% кальций. Табиғи жағдайы мен құнарлығы тпрақтағы бұл зонада бағалы ауылшаруашылығы дақылдарын (суармалы жүзім, мақта, жаңғақ, т, б) өсіруге қолайлы. Тыңайтқыштар мен тиімді агротехника қажет таулық қоңыр Таулық аймақтар топырағы - бүрынғы ҚСРО тер-риториясының 29 процентін алып жатыр. Карпат, Қы-рым, Қавказ және Орал таулары, сондай-ақ Шығыс пен Оңтүстік Сібір, Қиыр Шығыс және Орта Азия таулы жуйелер беткейлерінде топырақ тік белдеулікпен жайласқан. Бірақ топырақ белдеулерінің орналасу реті кейде шатысып та кетеді: бүнда инверсия (белдеулердің теріс орналасуы), миграция (бір зонаның екіншіге енуі) және интерферен-ция (кейбір белдеулердің түсіп қалуы) байқалады. топырақ жаралу факторлар әсері таулы жерлерде, тегіс жерлерге қарағанда, айқын және шамалы аумақты жерге тиеді. Климат элементтері тау етегінен жоғарыға көтерілген сайын тез өзгереді: ауаның орта температурасы әрбір 100 м биіктікке 0, 5°-қа темендеп, жауын-шашын түсімі тек белгілі абсолюттік биіктікке (мыс, Іле Алатауында 1800 м - орман зонасына) дейін өседі. топырақ жамылғысы беткейдің экспозициясына (күн шуағына) қарай езгере-ді. топырақ. құраушы жыныстарды көбінесе қатты тау жыныс-тардың (әр текті және шақты) бүзылған материалы түзеді. Өсімдік жамылғысы гидротермикалық құбылысқа орай белдеуленіп келеді. Әр таулы облыста, етегіндегі климат жағдайына байланысты, өзіне тән биіктік топырақ зо-нальдығы қалыптасқан. Мыс, Кавказдың Шығыс беткейінде: 300 бен 800 м аралық биіктікте жапырақты ағаштар астында орманның сұр топырақтағы, 800-1200 м - шамшат ағашты орман өсетін жерде ормандық сұр топырақғы, 1200-1800 м - қылқан жапырақты орман өсетін таулы орманды күлгін топырақ, 1800-2800 м - субальпілік, 2800-3500 м-де альпілік белдеудің таулық-шалғынды топырақтары дамыған. 3500 м-ден жоғары мәңгі қарлар мен мұзарттар жатыр. Бұл тік топырақ белдеуі Іле Алатауында (Солтүстік Тянь-Шань жотасы) 3800 м-ден жоғары орналасқан. Содан солтүстік беткеймен төмен түскенде мынадай толырақ. - өсімдік белдеулерінен өтуге болады: 3800-2800 м альпілі және субальпілі шалғындар (жаз-да жайлаулар) өсетін жерде таулық-шалғынды топырақтар: 800-2000 м - орта таулы шалғынды - орман зонасы, қылқан жапырақты мен кәдімгі жапырақты аралас ормандардың (Тянь-Шань шыршасы, қайың, көктерек) күңгірт түсті таулық-ормандық тереқ күлгіндеу топырағы және таулық-шалғынды қара топыраққа ұқсас топырағы: 2000-1200 м - бітік шалғынды түрлі шөптіген масақты өсімдіктер астында күңгірт-сұр аздап күлгіндеу орман-дық сұр және сілтісізденген қара топырағы; 1400-800 м - тау етегінің дала зонасында әр түрлі шөптекті - масақ-ты өсімдіктер астында орташа гумусті қара топырақ пен күң-гірт қара қоңыр топырақтар; 800-500 м тау етегінің шөл-дала зонасында эфемерлі - масақты - жусанды өсімдіктер өсетін жерде ашық қара қоңыр, кәдімгі және ашық боз топырақтар дамыған. Таулық топырақтар жазғы жайылым, орман және ауыл шаруашылығында (тәлімі және суармалы егіншілік) және мал шаруашылығында пайдаланылады. Жалпы 655 млн га елдегі таулы топырақтар алабының 16 млн гектары егін (1, 5%) мен шабындық (1%), қалғаны - жайылым (5% тікелей, ал 21 проценті бұғылар жайы-лымы) .
Таулы шалғынды-далалық шабындық -жаз бойы өсіп толысатын, көбінесе орташа ылғалдылыққа бейімді шөптекті өсімдіктер тобы биогеоценоз. Табиғи шабындық ауа райы мен Т. жағдайы көп жылдық мезофильді шөптердің өсуіне қолайлы жерлерді жайлайды. Жайылма су қаптаған, тау бөктер-лері, далалы және шөлейт аймақтарда қаптата суары-латын жерлерде табиғи шабындық өседі. шабындықта мал жайылады, пішен шабылады және шабындық өсімдік түріне, табиғат жағ-дайына, түсіміне, қүрлықтағы жер отына қарай алуан түрлері кездеседі. Шабындық жерлерде төрт мыңнан астам өсім-дік түрлері өседі: құрлық суармалы жер, тау шабынды-ғы болады; орта есеппен шаюындықтың әр гектарынан 7-10 ц, ылғалды өңірде 12-15 ц, су жайылатын ойпан жерлер-ден 15-20ц пішен жиналады. Жыл сайын дайындалатын пішеннің 99%-ті табиғи шабындықтан жиналады. Қазақотан-да пішен шабуға жарамды 7, 3 млн. га шабындық бар, олардың гектарында 5-7-ден 8-10 гектарға дейін пішен жина-лады. Шөлді аймақта шабындық көбінесе Сырдария, Шу, Іле, Ертіс сияқты ірі езендердің атырауында ғана шоғырлан-ған, олардың әр гектарынан 10-15-тен 20-25 гектарге дейін пішен жиналады. Қазақстандағы шабындық пен жайылым қо-рын толтыру қажетті іс. Ол үшін өсімдігі сирек жерлер жыртылып, өнімі мол шөптер егіп есіріледі.
Шабыкды қара қоңыр топырақ - құрғақ даланың жартылай гидроморфты топырақ қара қоңыр топырақтардан зор қара-шірінді қабаты және ондағы көтеріңкі гумус мөлшерімен ажыратылады. Далалық және шабынды дала шөптекті-лер өсетін жерде ойпаң құрлықта, атмосфералық және жер асты суының әсерімен дамыған. Ауыр механикалық құрамды топырақтар кескінініқ төменгі бөлігі темір (II) окси-дімен глейленеді.
Шабынды қара топырақ - қара топырақты дала зонасын-да, ойпаң құрлықта тараған жартылай гидроморфты (атмосфера-жер асты суы мен қанатын), далалық неме-се шабынды далалық шептесіндер астындағы топырақ гумус қабаты үлкен, Ондағы (А) қарашірінді мөлшері қара топырақтан едәуір жоғары болады және теменгі қабатында сәл глей процесі білінген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz