Философия (Оқу құралы)
С.Т.Әденов, Қ.К.Котошева, А.Н.Кудерина, А.Қ.Мәмбетов
Философия
(Оқу құралы)
Мазмұны
1. Философия пәні мен қызметі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2. Ежелгі Үнді және Қытай
философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
3. Антика
философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 30
4. Ортағасыр

... ... ..40
5. Қайта өрлеу және жаңа заман

... ... ... ... ... ... ... ..49
6. Немістің классикалық
философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59
7. ХІХ ғасыр философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..69
8. Отандық

... ... ... ..79
9. Орыс

... ... ... ... ... 95
10. Қазіргі заман

... 104
11. Онтолгия: ұғымдары мен
прициптері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 113
12. Даму диалектика
ілімі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 121
13. Философиядағы адам
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12 7
14. Адамның рухани
әлемі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...134
15. Таным теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 141
16. Қоғам философиялық талдаудың негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ...151
Аксиология. ҒТП және экология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...157
Философия: пәні мен қызметі
Философия – адамзат мәдениетінің қайталанбас және ерекше құбылысы.
Философияны мақсатты түрде оқу ойлау мәдениетінің өсуіне, өзіндік сананың
қалыптасуына, дүниежүзілік мәдениетпен өркениеттің байлықтарын тұрақты және
жүйелі игеруге, табиғат, қоғам болмысының даму заңдылықтарын түсінуге,
мамандықты саналы таңдап жетілдіруге жеткізеді.
Философия деген не? Дүниеге қашан келді? Қалай дамыды? Философия бұдан
бірнеше мың жылдар бұрын Қытайда, Үнді елінде, Египетте, Вавилонда пайда
болды. 2500 жыл бұрын (б.з.б. V ғасыр шамасында) Афин қаласындағы грек
дамократиясында классикалық түрге ие болды, ерекше білім ретінде
қалыптасты.
Дүние қалай жаратылған, бастамасы қайда? Дүние мәңгі ме? Адам
дегеніміз не, оның дүние жүзіндегі орны қандай? Ақиқат пен жалғанның ара
салмағы неде? Өмір сүрудің мәні бар ма? Адам өмірінің мәні неде? Адам
баласы қалай пайда болды? Қозғалыс мәңгі ме, әлде уақытша ма? Адам мен
жануар өмірі және олардың қатынасы қалай? Олардың өмір сүру ортасы деген
не? Осындай мәңгілік сұрақтарға жауап іздеу философияның міндеті.
Екіншіден, адамның дүниеге қарым - қатынасы сан-қилы. Осыған сәйкес
көзқарастың түрлері көп. Олардың себебін біліп ажырата білу де керек.
Дүниеге көзқарас термині ғылым тіліне, күнделікті сөзге терең енді.Ол
алғашқы рет XVIII ғ неміс философиясы мен мәдениетінде кездеседі (Кант,
Фихте, Гете), адамға тән, оны іштей реттеп отыратын, рухани құрылымды
белгілейді. Дүниеге көзқарасты анықтаудың ең жақын әдісі білім мен құндылық
қатынасты байланыстыру. Мазмұны тұрғасынан, ол адамның дүниеге және сол
дүниедегі адамның орнына қатысты көзқарас, тұтастыққа ие болған жүйе.
Байқау, сезу және ойлау арқылы пайда болатын білімге байланысты.
Білім дегеніміз объективті, біздің санамызға, іс-әрекетімізге тәуелсіз
өтіп жатқан заттар мен құбылыстардың, қатынастардың құрылымы мен
заңдылықтары, басқалармен байланысты туралы деректер жиынтығы саналса,
құндылық адамдардың, олардың әртүрлі дәрежедегі топтарының (жанұя, еңбек
ұжымы, тұрғындар қауымы, ұлт, халық, адамзат т.б.) тарихи даму сұранысына
сай сол заттар мен құбылыстарды бағалауы, өз іс- әрекеттеріне қатыстыруы
немесе ескермеуі. Осы ретте дүниеге көзқарас әрқашан объективтік білім мен
субъективтік құндылықтың бірлігі болып табылады, олар бір-бірімен
қайшылыққа келіп, бірін- бірі жетелеп отырады, дүниеге көзқарасты тереңдете
түседі, оның ғылыми объективті бастауын кеңейтіп отырады. Сондықтан білім
деңгейіне байланыстырып дүниеге көзқарастың дәрежелерін ажыратуға болады.
Астрономияда аспан әлеміндегі денелердің құрылымы мен қозғалысы
зерттелсе, математика, есептеу саласын, геометрия – математиканың бір
тарауы ретінде үшбұрыш, текше, квадрат, геометриялық дене, шар,
пирамидаларды, натурфилософия - табиғатты зерттеу ілімі ретінде теориялық
көзқарастар жүйесін қалыптастырады. Көрінген білімде әртүрлі дәрежедегі
бағалау белгісі болғандықтан, бейнелейтін затқа байланысты ғылыми, діни,
философиялық, әдептілік, саяси, экономикалық және т.б. көзқарастар
ажыратылады.
Саналы адам шамамен 50 мың жыл бұрын пайда болды деп есептеледі. Олай
болса адамдар көзқарасы осыдан бастап, әртүрде қалыптаса бастады.
Көзқарастың түрлері:
1. Жай немесе қарапайым көзқарас, күнделікті өмір қажетінен туған
білім мен құндылықтар жиынтығы.
2. Теориялық көзқарас - белгілі бір тәртіпке келтірілген, жүйеге
салынған көзқарас.
3. Ғылыми-теориялық көзқарас; дін - теориялық, бірақ ғылыми емес.
Философияны ғылым ретінде қарағанда одан: дүниетанымдық, теориялық,
әдістемелік (жалпы ғылым әдісі ретінде немесе жеке ғылымдардың әдісі
туралы) мазмұндарды ажыратуға болады.
Олар табиғатты, қоғамды, адам санасын тұтас бір құбылыс ретінде алып,
бәріне ортақ жалпы заңдылықтарды ашады, объективтік шындық жөнінде негізгі
қағидалар жүйесін қалыптастырады. Болып жатқан белгілі бір жағдайларды
жаңаша танып байқау, белгілі тәртіпте ұғынуды ұсынады.
Көзқарас әр түрде әр адамда өзінше қалыптасады. Былайша айтқанда:
прогрессивтік, реакциялық (кертартпалық), консервативтік, интернационалдық,
патриоттық, гуманистік (адамгершілік), ғылыми-сипаттарда көрініс береді.
Көзқарас дегеніміз - дүниеге белгілі бір түсінікпен қарау. Көзқарас
болу үшін сана, оның жетілуі үшін білім керек. Неғұрлым көп білу ынталану
арқылы жүреді. Көзқарас негізінен әртүрлі дәрежеде қалыптасады.
1. Сезімдік. Сезім сананы оятады. Мысалы, музыка адамды қуантады, әдемі
әсер етеді, ойды билейді, кей қайғылы әуендер адамды қайғыртады.
2. Ұғым жеке қабылдаудың бейнелерін жинақтаудан туады. Қорқу, уайымдау,
қуану күйлері (эмоциялар) бейнелердің ерекшеліктеріне әсер етеді.
3. Ұғыну, ойға салу, неге олай болды деп пайымдау алғашқы көзқарастарды
тудырады.
4. Илану (сену). Иланусыз көзқарас болмайды, сенім күресуді талап
етеді. Дін де илануды (нануды) талап етеді, бірақ ол еш нәрсенің себебін
ашпайды. Наным, сенім - көзқарастың өзегі.
5. Тұрақты пікір. Пікір тұрақталмаса көзқарастың күштілігі жоқ. Дүниеге
көзқарас бағалаудан, іс-әрекеттен ғана тумайды, объективтік шындықтың
адамға ықпал жасайтын әсерінен пайда болады. Олар: күдіктену, уайымдау,
қайғыру, мазасыздану, қорқу, ренжу, шаттану, масаттану және қуану. Бұлар
адам интеллектісі мен эмоциясына тікелей байланысты. Эмоция (сезіну,
әуестік, көңіл күйі) - әрдайым ізденістің бастамасы.
Ғалым, ақын, артист болу үшін де адамның эмоциясы (ішкі дүниесі,
сезімі) бай болуы керек. Көз - адамның ішкі дүниесінің айнасы. Тұрақты
көзқарастың екінші бір негізі теория болуы шарт.
Көзқарастың тарихи түрлері: Миф, дін, философия. Дүниеге көзқарастың
тарихи алғашқы түрі- миф (аңыз, ертегі). Мифология (гр mythos- аңыз, logos-
ілім) қоғамдық сананың түрі. Дүниені түсінудің бұл архаикалық түрі біздің
ертедегі бабаларымыздың өмірінде маңызды роль атқарды, алғашқы қауым адамын
табиғатпен үйлесімді біріктіре білді, рулық өмірді реттеп отырды. Миф
қоршаған ортаны қиял, керемет, ғажап ретінде қабылдауға мүмкіндік берді.
Миф келесі негізгі сұрақтарға жауап беруге тырысады: әлемнің пайда болуының
жолдары, жер және адам қатынасы, табиғи құбылыстар, оларды түсіну, мәнін
ашу, адам тағдырының көзі, адам қызметі және оның табыстары, намыс пен ар
мәселесі, қарыз бен борыш, этика және өнегелік т.б.
Мифтың ерекшелігі: табиғатқа адамның өз қасиеттерін беріп адам қатарына
қосуы, құдіретті құдайдың бар болуына кәміл сену. Адамдардың өзара
қатынасы және әрекеті, абстрактылық толғануы (рефлексия - сананың өз-өзіне
бағытталып, өзінің психикалық күйіне ой жүгіртуі) нақты өмірдегі
шаруашылықты практикалық бағытта дамытып апаттан қорғауға арналады. Бұл
мәселелерде мифологиялық сюжеттердің біртүрлігі және үстірттілігі басым,
яғни барлық халықтар бастауын дүниеге көзқарастың осы деңгейінен алады.
Әрбір жеке адам өз дамуында адамзат тарихын өте қысқа түрде қайталайды
деп В.И.Ленин айтқандай, мифологиялық сананы жас баланың санасымен
теңестіруге болады. Олар да өзінің саналы жан екенін түсінбей ойыншықтармен
сөйлесіп, ұрысып, әке-шешесінің өзіне істегенін оларға істеп, шын көңілмен
оларды өздеріне тең санап өмір сүреді. Балалар санасы да синкретикалық
сипатта көрінеді. Сана біртұтас қалыпта, ақыл мен сезім деңгейлері
ажыратылмаған, жақсы мен жаман істер анықталмаған күйде өтеді. Балалы үйде
ұрлық жатпайды деген қазақ халқының мақалы да осыдан туған болар. Бала тек
кейін өсе келе, шындықты айтып таяқ жегеннен кейін ғана өтірік айтуға,
кейбір ойын, іс-әрекетін жасырып қалуға, яғни ақылмен сезімде берілгенді
тежеп ұстауға үйренеді. Мифологиялық сана арқылы ғана адамдар алғашқы
қауымға бірігіп, адамдық қатынастарды дамытып жетілдіре алады. Ұрпақ
жалғастырудың не себепті өтетінін білмеуге байланысты ру мүшелерін бір
тотемнің (көбіне жануарлардың бір түрі) тұқымдары деп санап, өзара
бауырластық, теңдік, көмектесу талаптарын, кейін сүйіспеншілік, борышты
болу қасиеттерін дамытты. Биологияның тіршіліктің басқа түрлерімен және
өзара мәңгі күресу заңының шеңберінен шығып, әлеуметтік заңдылықтарға
бағынуға үлкен қадам жасады, өздерінің рухани жандық сипатын (санадағы
бейне, түсініктерге сүйеніп, жоспарлы түрде іс- әрекет жасау) жетілдіре
түсті.
Миф сананы оятады, прогресстің дамуының негізі - жазба мәдениетінің
пайда болуы арқылы дін, философияға біртіндеп өтеді. Дін - көзқарастың бір
түрі. Дін - табиғаттан тыс ғажап күштердің бар болуына негізделінген сенім.
Ол адам өміріне және қоршаған ортаға ықпал етеді. Діни көзқарас қоршаған
ортаны сезімдік, бейнелік - эмоциональдық түрде қабылдауды сипаттайды.
Дін қазіргі кезде үш дүниежүзілік діндерден: хрисиан, ислам,
буддизмнен және көптеген ұлттық діндерден: синтоизм, иудаизм, индуизм,
тәңірлік, конфуцийлік т.б. тұрады. Дін адамдардың үлкен топтарын,
халықтарды біріктіреді, және қоғамды идеялдар арқылы тұрақтандырады. Ол
мәдениеттің кеңістікте тарауына мүмкіндік туғызды және ортақ салт-
дәстүрлердің қалыптасуына ықпал етеді. Өнегелік-тәрбиелік саласында
жақыныңа сүйіспенділік, қайғысына ортақтасу, адалдықты, төзімділік,
парасаттылықты міндет деп санайды. Дін адамды адамгершілікке, тазалыққа
үйретеді.
Діни сенім заңды түрде тарихи қалыптасады. Тотемдік сенімнен
табиғаттан тыс күшке (құдай, сайтанға) сенудің арасында табиғаттың дүлей
күштеріне (найзағай, теңіз, ай, күн) сену жатыр - оны пұтқа (заттық
формадағы нәрсеге: икона, сурет, мүсіндерге) илану деп санайды. Шынайы дін
жеке заттан бүкіл аспанға, әлемдік ғарышқа табыну (тәңірге сену,
конфуциялық ілім), абстракциялық күштер күресі (зооастризмдегі жарық пен
түнектің мәңгі шайқасы, кезектеле жеңіске жетуі) идеялары арқылы жетіліп,
қазіргі әлемдік діндерде қалыптасты. Бұл негізінен сананың жетілуі,
абстракциялық ойлаудың, жақсы мен жамандық идеялдарын құрастыра білу
мүмкіндігінің пайда болуының жемісі. Идеалдар да ештен алынған жоқ, ол
реалдық адам болмысының қарама-қарсы бастауларын жинақтаудың нәтижесі.
Жамандық - адам бойындағы биологиялық заңдылықтар (тек өз қамын ойлау,
жануарлық инстинктіге бағыну, ұмтылыстарына жету үшін күшке, алдауға
сүйену т.б.), жақсылық - тәрбиеден алынған әлеуметтік заңдылықтарды пір
тұтып дамыту. Адам бойындағы реалды қасиеттер топтастырылып, бірі-сайтан
жолы, екіншісі - құдай, имандылық жолы аталып, олардың мәңгілік күресі
мойындалды. Тек қоғамда ғана адам болып туып, өмір сүре алатындық
ескеріліп, оның тұрақтылығын, бейбіт дамуын қалайды. Бірақ үстемдік етуші
әулеттер, тап пен ұлттар, елдің көңілін ішкі қисық шешімдегі мәселелерден
сыртқа аудару үшін, діндердің әртүрлі көзқарастарды ұстанатынын, бұқара
халықтың ғылыми білімінен алшақтығын пайдаланып, өздерінің саяси-
экономикалық тартыстарын діни соғыстарға аударуға тырысатындығы да тарихта
жиі кездеседі.
Діни көзқарас, сана мен сенім - қарапайым халықтың философиясы, -
деуге да болады, яғни оның қоғамға қажеттілігі әлі де жоғалған жоқ. Егер
рационалдық ғылыми білімнің әрқашан бүгінде шешімі жоқ бір нәрселерге тап
болып отыратындығын, ал сенім тек тұтастық ретіндегі көзқарастың жемісі
екенін, сондықтан жетіспеген білімді адамдар мифологиямен толықтыратынын
пайымдасақ, дінді мәңгі қоғамдық құбылыс санау орынды. Оның тәрбиелік мәні
орасан зор, себебі әрбір жаңа ұрпақ биологиялық заңдылықтардан тек өз
күшімен, ақылымен арылуы қиян, ал мемлекет тарапынан күш көрсету кері
нәтижеге жиі әкеледі. Сондықтан, оның мифологиялық бастамаларын символдар
ретінде қарап біртіндеп рационалдық күйге көшіріп, әлемдік діндердің
алшақтаған идеологиясынан құтылып, діни сенімді адам көзқарасының қажетті
бастауларының бірі санауға ұмтылған жөн. Діннің үш элементі бар: діни
түсіктер, діни сезімдер, діни табыну мен әдеп-ғұрып жоралары. Олар
әлеуметтік жағдайларға байланысты әртүрлі болып келеді. Дін дүниені екіге
бөледі: о дүние және бұл дүние. Дін өз нұсқауларын құдай атымен мәңгі-бақи
бекітпекші болатын неғұрлым консервативтік идеологияның формасы болып
табылады, яғни оны реформалау асығыстықты қаламайды.
Философия – көзқарастың бір түрі. Ертеде әр нәрсенің себебін білігісі
келгендер, діни ұғымдар мен жай ұғымдарға қанағаттанбай құбылыстардың
түбіне үңіліп, сол туралы өзіндік пікір айтты. Оларды философ деп атайды.
Философ деген сөзді алғашқы рет грек математигі, ойшылы Пифагор (580-500
б.ғ.д) енгізді. Бұл термин Еуропа мәдениетінде Платонның (427-347 б.ғ.д)
атымен байланысты. Philo- сүйемін, sophia- даналық, яғни даналықты сүйемін
деген мағынаны береді. Араб тілінде фәлсәфа деп аталады.
Философ алғашқыда әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы,
байқаушы ретінде бой көрсетті. Сондықтан, бұларды натурфилософтар деп
атады. Философияның дүниеге келуі дегеніміз - өмірлік тәжірибеде адам
сезімінің, идеалдық үміттің және әлем туралы білімнің үйлесімдігін іздеу
нәтижесінде ерекше рухтың қалыптасуы болады. Философия пайда болуынан
бастап барлық ғылымды қамтыды, яғни ғылымның ғылымы болды. Кейінірек әр пән
өз алдына ғылыми пән ретінде қалыптасты. Б.з.д IV ғ ежелгі Грекияда
теориялық логика пәні, ал б.з.д. ІІ ғ математика (Евклид геометриясы және
арифметика, астрономия (астрологиямен бірге), кейінірек филология және тағы
басқалары бөлінді, яғни ғылымды жіктеу дифференциялау (бөлшектеу)
басталады.
Әр дәуірде философиялық ілімдердің ішіндегі ғылымның құрамында әртүрлі
көзқарас болды. Эллиндік дәуірде стоиктер мен эпикуршылар философияны
логика, физика және этика деп жеке бөліктерге бөлді. Оны бақшаға теңеді.
Бақтың қоршауы - логика (логикаға танымның барлық мәселелерін, тіпті тілді
қосады), физика - оның жемістері, яғни табиғатқа байланысты (астрономиялық,
физикалық, биологиялық және т.б. білімдер). Этика - адамның тәртібі туралы
ғылым, ол философияның ұйытқысы (ядросы), ол бағыт және керекті тәртіпке
жол көрсетеді деп саналды.
Ортағасырларда Схоластикалық философияны болмыстың негізгі себебі және
жоғарғы принципі туралы ғылым ретінде түсіне бастады, сонымен бірге ол
діни ілімнің құлы болып саналды. Қайта Өрлеу дәуірінде философиясының
ерекше сапалы бөлігі болып натурфилософия (табиғат философиясы) көрінді.
Жаңа Заман философиясында жаратылыс ғылымдарының кешені қалыптасты (физика,
химия, биология және т.б.). Енді олар философия саласына тіпті кірмейтін
болды. Және де гуманитарлық ғылымдар (тарих, лингвистика, өнертану және
т.б.) бөлінді.
Философия барлық ғылымдардың әдістемелік ролін сақтап қалды. ХІХ-ХХғ
марксизмде Гегель философиясының негізінде философия пәні туралы төмендегі
түсінік қалыптасты. Философия дегеніміз табиғат, қоғам және адам санасының
ең жалпы даму заңдары туралы ғылым және қоғамдық сананың бір түрі,
көзқарастық теорияның негізі, философиялық пәндер жүйесі, адамның рухани
дүниесінің қалыптасуына ықпал жасайтын ілім. Философия пәні осылай
түсінілумен бірге ХХ ғасырда әртүрлі философиялық ілімнің негізгі
мәселесінің әртүрлі болуына байланысты, бұл сұрақтың шешу жолдары
анықталды.
Философияның негізгі бөлімдері (тараулары):
1. Онтология (ontos-тіршілік, logos-ілім) - болмыс туралы ілім.
2. Гносеология (гр gnosis-таным және logos-ілім) – таным туралы ілім.
Эписте-мология білімі.
3. Әлеуметтік философия - қоғам туралы ілім.
Философияның пәндері:
1. логика, эстетика, этика, ғылыми әдістеме, ғылымдар философиясы
(математиканың астрономияның, физиканың, биологияның және т.б. философиялық
мәселелері).
2. философиялық антропология - адам болмысы,
3. мәдениет философиясы - мәдениет әлемі,
4. тарих философиясы,
5. құқық философиясы - мемлекеттік заңдар әлемі,
6. дін философиясы.
Болмыстың бастамасы туралы сұрақ философияның негізгі мәселесі
саналады. Оны ашық түрде алғашқы анықтаған марксизм, ол монизм, дуализм,
плюрализм ұғымдарымен тығыз байланыста болды. Монизм (гр mones-біреу,
жалғыз) - дүниенің негізінде бір ғана бастама бар деп танитын философиялық
бағыт, идеалистік ілімдерде - рух, материалистік ұғымда - материя. Монистер
деп барлық дәйекті материалистерді (Демокрит, Фалес, Анаксимен,
Анаксимандр, Гераклит, Дидро, Гольбах, Маркс, Ленин) және барлық дәйекті
идеалистерді (Августин, Фома Аквинский, Кант, Гегель, Юм) санайды. Дуализм
(лат duo-екеу) - дүниенің негізі бір біріне бағынбайтын, тепе - тең екі
нәрседен - рухтан және материядан - басталады деп, материализм мен
идеализмді үйлестіруге тырысатын ағым. Плюрализм (лат. Plurais - көптік) -
дүниенің негізі бір-бірімен байланыссыз, белгілі бір бастамасы жоқ
мәндерден турады дейтін ілім. Болмыстың негізінде көптеген (жер, су, рух
т.б.) нәрселер бар деп санайды.
Дүние негізінің сапасына сай философия материализм және идеализм
болып бөлінеді.
Материализм - бұл философиядағы ағым, дүниенің негізі ретінде
материяны (табиғатты) мойындайды. Үнді философиясында материализм ежелгі
Чарвака- Локаята мектебінде, Грек философиясында Милет мектебінде,
Гераклит, Демокрит, жаңа кезеңдерде - Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро,
Фейербах, Маркс, Герцен, Чернышевский және Ленин, француз ағартушыларының
ілімдерінде дамыды. Материалистік ілім бойынша дүние, табиғат мәңгілік, ол
жаралмайды, жойылмайды да, уақыт пен кеңістікте шексіз-шетсіз өмір сүреді.
Материализм тарих дамуында бірнеше сатыдан өтті:
1. стихиялық материалистер- ертедегі Үндістанда, Грецияда құлдық қоғам
тұсында, ғылыми білімдердің әлі дами қоймаған кезінде пайда болған. Фалес
суды, Анаксимен ауаны, Анаксимандр апейрон, Гераклит отты, Ксенофан
топырақты дүниенің негізі деп ойлаған.
2. Метафизикалық (немесе механикалық) материализим XVII-XVIII ғ жара-
тылыстану ғылымдарымен, әсіресе механикамен өзара тығыз байланыста дамыған.
Механика заңдарын абсолюттендіріп, бүкіл табиғатты, тіпті әлеуметтік
құбылыстарды да механика заңдарды тұрғысынан түсіндіруге ұмтылғандықтан,
бұл материализм механистік деп аталған. Өкілдері: Бэкон, Гоббсс, Гассенди,
Спиноза, Ламетри, Дидро, Гельвецкий, Гольбах т.б.
3. Диалектикалық материализм. Маркстік материализм бұрынғы философияға
қарағанда мазмұны жағынан да, өзінің қоғамдық өмірдегі рөлі жағынан да
сапалы, жан-жақты дамыған. Материализм мен диалектиканың органикалық
бірлігіне сүйеніп қоғамдық құбылыстарды да қамтиды.
Материализмде ерекше бөлінетін бағыт - тұрпайы (вульгарный)
материализм. Олар ойлауды, сананы, психиканы материямен теңестірді,
бауырдың өтті, бүйректің сұйық дәрет шығаратыны секілді, ойда мидан шығады-
мыс деп ұйғарады. Сондықтан ойлау осы мағынасында материалдық болып
табылады. Бұл өрескел қате. Өкілдері: К.Фогт, Я.Молешотт, Л.Бюхнер (ХІХ
ғғ).
Материализмнің әлсіз жағы – сананың белсенді мәнін түсіндірмеуі,
толық дәлелдей алмауы. Материализм философиядағы үстемдік етуші ағым
ретінде демократиялық Грекия, XVII ғ Ағылшында, XVIII ғ Францияда және ХХ
ғ СССР және социалистік мемлекеттерде өмір сүрді.
Идея (гр түр, көрік). Идеализм - бұл философиядағы бағытта дүниенің,
болмыстың негізі ретінде бір идеалдық мән мойындалады. Яғни рух пен
субъектіні негіз деп, материя мен табиғатты туынды деп санайды. Олардың
пікірінше, ғылым ашқан табиғат пен қоғам заңдары, құбылыстар мен
процестердің себептері тек санамызда орын алған жүйені білдіреді.
Идализмнің екі түрі бар: субъективтік, объективтік идеализм:
Субъективтік идеализм – дүниенің, болмыстың негізі ретінде адамның
санасы, адамның менін мойындайды. Бізді қоршаған дүние біздің
түйсіктеріміздің жиынтығы деп санайды. Өкілдері Беркли, Мах, Авенариус,
Фихте, Юм, Кант, экзистенциализм және феноменология жақтастары. Мен ғана
өмір сүремін, мен бар болсам барлығы да бар, мен жоқ болсам барлығы да жоқ
болады деген субъективтік идеализмнің бағыты солипсизм делінеді. Олар
идеялар адамның ақыл-ойында өмір сүреді, материалдық заттардың бейнесі де
(идеясы) тек адамның ақыл-ойы, сезімдік түйсіктері арқылы өмір сүреді, -
дейді.
Объективтік идеализм - бұл философия ағымында дүниенің негізі ретінде
объективті өмір сүретін идеалдық мән, яғни адам санасынан сырт және
тәуелсіз өмір сүретін рух (Құдай, Абсолют, Әлемдік ақыл және тағы басқалар)
саналады. Объективтік идеализм ежелгі әлемдегі көптеген мектептерде пайда
болып дамыды. Үндіде (барлық ортодоксальдық мектептерде), Қытайда
(Конфуцийлік, даосизмде), Грекия мен Римде (Пифагор, Платон, неоплатоник
және басқалар), соңынан ортағасырда, қайта өрлеу және Жаңа заманында
жетілді. Өзінің дәйекті және аяқталған түрін немістің классикалық
философиясында (Гегель) тапты.
Негізгі материализм мен идеализм бағыттарымен бірге аралық, келісімдік
ағымдар - пантеизм, деизм, гилозоизм бар:
Гилозоизм - (гр. Hylo және zoe - зат және өмір) материяның әмбебап
тіршілігі туралы философиялық ілім. Бүл ілім түсіну және ойлау қабілетін
материяның барлық формаларында бар деп есептейді. Шындығында түйсік жоғарғы
дамыған органикалық материяға ғана тән қасиет. Грецияда Фалес пен Гераклит
ілімінде пайда болды. Антикалық гилозоизм пантеизмнің теориялық негізі
болды.
Пантеизм - (гр. pan - бәрі және tcheos – құдай). Құдайды және әлемді
біртұтас деп таниды, яғни құдай (идеалдық бастама) және табиғат
(материалдық бастама) теңестіріледі. Табиғаттан тыс құдай жоқ, сонымен
бірге Құдайдан тыс табиғатта жоқ.
Пантеизм қайта өрлеу дәуірінде пайда болды. Бұл идеяны дамытқандар:
Николай Кузанский, Джордано Бруно, ал Жаңа Заманда пантеизм идеясы Шеллинг,
Гегель, Соловьевтарда кездеседі.
Деизм - бұл философия ағымы Құдайдың бар екенін мойындайды. Әлемді
Құдай жаратқан, бірақ одан соң оның адам мен қоғам өміріне әсері де, ықпалы
да, қатысы да жоқ дейді. Ол тек өнегелік символ болып қызмет атқарады.
Деизм - объективтік идеализмнің ерекше түрі, сонымен бірге объективтік
идеализмнің материализмге өтуі жолындағы кезең болады. Деизм XVII ғ пайда
болып, ағартушылық дәуірде өте кең тарады. Оның негізін салғандар: Декарт,
Ньютон, Локк, белгілі деистердің қатарына Вольтер, Руссо, Кант, Ломоносов
және Абайды қосуға болады.
Диалектика және метафизика. Болмыстың мәні өзгермейтін, тұрақты,
қозғалмайтын немесе құбылмалы және жылжымалы бола ма? - деген сұрақтарды
шешудің негізінде метафизика мен диалектика бөлінеді. Бірақ бұл терминді
қолдану бір шама қиын, өйткені, олардың әрқайсының қалай болғанда да екі -
ежелгі грек және қазіргі замандағы - мәні бар. Сондықтан оларды қолданған
кезде қай мәнде екенін ескеру керек.
Диалектика - ежелгі грек тілінен сөзбе-сөз аударғанда - пікір таласы,
әңгіме жүргізу өнері. Бұл термин осы мәнінде ежелгі кезден Жаңа Заманға
дейін қолданылды. Термин немістің классикалық философиясында және әсіресе
марксизм философиясында екінші мәніне ие болды, атап айтқанда: болмыстың ең
жалпылама заңдылықтары және байланысы туралы ілім. Диалектиканың екі
орталық идеясы бар: барлық құбылыстардың өзара байланысы және шексіз
болмыстың өзіне тән қайшлықтары әсерінен үздіксіз дамуы.
Бұл мәнінде диалектика метафизикаға қарама-қарсы. Оның өте ірі
өкілдері: Шеллинг, Гегель, Маркс, Ленин, Бергсон. Бірақ дамудың өзі әртүрлі
түсіндірілуі мүмкін: Тұйықталған шеңбер бойынша даму (Шеллинг, Гегель)
және шексіз үдемелі қозғалыс ретіндегі даму (Маркс, Бергсон). Диалектиканың
тарихи формалары: стихиялық, идеалистік және материалистік. Стихиялық
диалектика күнделікті сезімдік тәжірибеден туындайды, дүниенің мәңгі
өзгерісіне, қайтып оралуына сүйенеді. Ол әсіресе Гераклиттің “бәрі ағады,
бәрі өзгереді” деген қағидасында анық берілген. Күнделікті өмірде барлық
адам осы пікірді ұстанады. Идеалистік диалектика, біріншіден, жеке адамдар
пікірлерінің (ойының) арасындағы қайшылықты мойындаса, екіншіден, ұрпақтар
пікірлерінің қайшылығы, тарихи дамуын анықтайды (Гегель). Оның негізгі
кемшілігі дамуды сана деңгейінен шектеуі. Материалистік диалектика дамуды
бар болмыстың қасиеті деп санап, әмбебаптың деңгейіне көтереді. Және
объективтік диалектиканы (дүниенің дамуы) субъективтік диалектиканың
(сананың дамуы) негізі деп қарастырады.
Метафизика грек тілінен сөзбе-сөз аударғанда - физикадан кейін.
Бастапқыда метафизика деп Аристотельдің философиясын, ал ортағасырдан
бастап жалпы философияны атады. Осы мәнінде бұл термин қазіргі кезде де жиі
қолданады, яғни: “Метафизика” дегеніміз философия. Жаңа заманда
метафизика термині қосымша философиялық ілім мәніне ие болды, шексіз
әлемнің өзгеруін өзіндік даму ретінде мойындамады, яғни, диалектикаға
қарама-қарсы ілім болды. Сондықтан, метафизиканы антидиалектика дейміз.
Егер бұл мәндердің арасын айырмаса, көп түсінбестік шығуы мүмкін. М:
Парменид пен Зенонды қазіргі заманда сөздің екінші мәнінде метафизиканың
негізін қалаушы деп атауға болады (өйткені, шын болмыс қозғалмайды және
өзгеріссіз болады деп алғашқы рет жариялады), бірақ оларды ежелгі грек
сөзінің мәнінде диалектиканың негізін қалаушылар деп те атауға болады (Олар
алғашқы болып философиялық идеяларды негіздеп дәлелдей бастады).
Метафизиктер деп қазіргі заман түсінігінде ХХ ғ философтарының көбін айтуға
болады.
Философия негізгі мәселесінің екінші сұрағы, адам санасының дүниені
тану мүмкіндігіне арналған. Осыған сәйкес агностизм пайда болды.
Агностицизм (а жоқ, гносис- білім деген сөзден шыққан) - объектік
дүниені тану мүмкіншілігін бекерге шығаратын философия ілімі. Дүниенің
бастамасы туралы мәселеде дүниені тану немесе болмыс пен ойлаудың
сәйкестігі қаралады. Кейбір ойшылар ақиқатты аяғына дейін тануға болмайды
деп есептейді. Олар агностицизм ағымына жатады. Өкілдері: Протогор, Кант,
Беркли, Юм. Ежелгі заманда агностицизм түріне софистика, скептицизм және
релятивизм жатады.
Софизм – ақиқат білімнің барына сенбей, елді өзіне қарату үшін мәселені
әдейі шатастырып, жалған қағиданы дәлелдеу мақсатымен құрылған ой
қорытындылары. Скептицизм - обективтік дүниені танып білу мүмкіндігіне
сенбей, күдікке көп орын беретін филсофиялық ілім (Пиррон). Релятивизм (лат
relativus - относительно, салыстырмалы) – объективтік болмысты білу мүмкін
емес деп қарайтын және барлық білімді болжам деп есептейтін философиялық
ілім. Релятивизм негізін салушылар софистер мен скептиктер саналады, ал
жаңа Заманда ол позитивизмде дамыды. Олар барлық білімді салыстырмалы
принципінде түсіндіреді, яғни оның толық еместігін, шарттылығын көп айтады
және осының негізінде қандай да болсада объективтік шындықты жоққа шығарды.
Философия ғылымының таным теориясында өзіндік ерекше ағымдар пайда
болады.
1. Эмпиризм - танымның негізінде тек тәжірибе және сезімдік түйсіктер
жатыр деп санайды. Оның негізін салған Ф.Бэкон: білімнің қайнар көзі -
тәжірибе, - дейді.
2. Рационализм - (лат ratio- ақыл) танымның негізі ақыл деп санайтын
философиялық ағым. Ол танымның басты қаруы, сонымен бірге ақиқаттың өлшемі.
Болмыстың, танымның, моральдің де негізі - ақыл. Рационализмнің негізі
антикалық философияда (Парменид, Платон және т.б. жасалады, ал философиялық
бағыт ретінде Жаңа Заманда қалыптасты. Оның өкілдері - Декарт, Спиноза,
Лейбниц. Рационализмге иррационализмде, сенсуа-лизмде (эмпиризмде) қарсы
тұрады.
3. Сенсуализм (лат sensus- сезім) - танымның көзі сезім (түйсік), ол
ақиқаттың өлшемі деп санайды. Сенсуализмнің негізі антикада (Демокрит,
Эпикур), ерекше бағыт ретінде Жаңа Заман философиясында қалыптасты
(материалистік сенсуализм - Гоббс, Локк, Дидро және т.б., идеалистік
сенсуализм - Беркли, Юм және басқалар). Ағартушылық дәуірде рационализм мен
сенсуализм философияда өте маңызды роль ойнады.
4. Иррационализм (лат irrationalis - ақылсыз, санасыз, ақыл жетпейтін)
- философиядағы ағым, танымда ақыл күшін мойындамайды, оған тіпті шек
қояды, сонымен болмыстың мәніне ақылдың жетпейтіндігін уағыздайды.
Иррационализмге субъективтік-идеалистік ілім жатады, М: Өмір философиясы
(Шопенгауэр, Ницше, Бергсон), экзистенциализм (Сартр, Камю, Хайдеггер,
т.б.) және басқалар.
Философияның қызметіне оның мақсатын анықтауда қолданылатын
дүниетанымдық, әдістемелік, теориялық ойлау, сыни-талап, аксиологиялық,
әлеуметтік, гуманитарлық, және болжаушылық міндеттерді жатқызамыз. Фило-
софияның дүниетанымдық қызметі - әлемнің тұтастық бейнесін қалыптастырудың
мүмкіндігі, оның құрылымы туралы ұғымды, ондағы адамның орнын және бірлесіп
әрекет жасау принцптерінің мәнін түсіндіреді. Философияның әдістемелік
(методологиялық) қызметі - бізді қоршаған шындықты тану әдісін жасайды.
Философия танымның ең жалпы әдістерінің және адамның шындықты игеруінің ең
түпкі тәсілдері туралы ілім ретінде көрінеді.
Философияның сыни-талап қызметі - қоршаған дүниенің және білімнің
барлығына күмән келтіру, дүниеде жаңа пайда болғанның ерекшеліктерін іздеу,
қайшылықтарын ашу, таным шекарасын кеңейту, білімді модернизациялау және
анықтығын ұлғайту. Сын басқа пәндерді ғана емес, философияның өзін де
қамтиды. Философияның аксиологиялық қызметі (гр тілінен ауд axios -
құндылық) - бізді қоршаған әлемді, заттар мен құбылыстарды әртүрлі
құндылықтар - әдептілік, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық және т.б. -
тұрғысын бағалау.
Философияның аксиологиялық қызметі әсіресе тарихтағы ұлы өзгеріс
кезінде, ортағасыр басындағы Рим империясының қирауынан кейін құндылықты
жаңа діннен іздеу, қайта өрлеудегі реформация, капитализмнің дамуының
дағдарысы (ХІХ-ХХ ғғ), социализмнің тұйыққа тірелуіне (ХХ-ХХІ ғғ)
байланысты ерекше күшейеді. Философияның әлеуметтік қызметі - қоғамның
пайда болу себебін, эволюциясын, қазіргі жағдайын, құрылымын, элементін,
қозғаушы күштерін, қайшылықтарын ашу, түсіндіру және дамуды жеңілдендіру
жолдарын көрсетеді.
Философияның гуманитарлық қызметі - гуманистік құндылықтарды және
идеяларды адамға және қоғамға енгізеді, моральдің ықпалын нығайтады,
адамның қоршаған ортаға бейімденуін, өз өмірінің мәнін табуды қарастырады.
Философияның болжаушылық қызметі - дүние мен адам туралы философиялық
білімге сүйене отырып, материяның, сананың, тану процесінің, адамның,
табиғаттың және қоғам дамуының тенденциясының жетістіктерін анықтап
болжайды. Философияның қызметтері бір-бірімен диалектикалық өзара қарым-
қатынаста болады. Олардың тұтастық бірлігі философиялық білімнің
спецификасын және мәнін көрсетеді.
Философия дүниеге көзқарас қана емес, ғылым да. Сондықтан барлық
ғылымдар сияқты дүниенің (табиғат, қоғам, сана) заңдары мен заңдылықтарын
ашуға ұмтылады. Заң дегеніміз заттар мен құбылыстардың, олардың
қасиеттерінің қайталана беретін тұрақты байланысы, ал философия дүниенің ең
түпкі заңдарын ашуды міндет тұтса, ең түпкі қасиеттерді анықтап, солардың
тұрақты байланысын табуға тырысуы керек. Ондай қасиеттерге дүние болмысының
зат және идея түрінде берілетіні жатады, сондықтан материя мен идея, болмыс
пен сана, объект пен субъект қатынастарды философиясын негізгі мәселесі
болып табылады деп алғашқы болып Ф.Энгельс айтқан. Бұл өз мәнісін әлі күнге
дейін жойған жоқ, материалистік және идеалистік көзқарасты ұстанушылар әлі
де тиянақты бір пікірге келе алмай отыр, сана мен материя қатынасы мәселесі
әсіресе адам болмысын анықтауда ерекше анық көрінеді: бірі адамды рухани
десе, бірі материалдық жан деп өзара қатаң айтысқа түседі, саясатта
қолданып іс-әрекеттерін, таптар, ұлттар, мемлекеттердің өзара соғыстарын
ақтауға тырысады.
Адам болмысының ерекшелігі руханилығында, яғни ол көрінген ісін
алдымен басында, санасында идеалдық түрде, ойша істеп кейін реалдыққа
көшіреді. Бірақ ол руханилыққа ерекше биологиялық жан ретінде және
руханилықтың көзі - қоғамдық өмір арқылы ғана келе алады. Екіншіден, қандай
істі басында жоспарласа да, ол қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаның
біздің санамыздан тәуелсіз заңдылықтарына, тарихи даму деңгейіне сәйкес
келгенде ғана реалдыққа айналады. Адам туа-бітісімен, ісінің қортындысымен
материалдықпен шектеліп отырса да рухани жандылығын жоғалпайды, сондықтан
оған ешқашан қайталанбайтын, шексіз құндылық ретінде қарау қажет, көбінесе
материалдық байлық мәселесі төңірегінен аса алмайтын саясаттың құлы етпеу
керек.
Философия және ғылым мәселесінде философия ғылымының заңдарының
ерекшелігін де ескеріп отыру керек, онда дүниеге көзқарассыз мазмұн
болмайды және оның мәселелері нақты ғылымдағыдай есеп-қисапқа келтіріле
бермейді. Сондықтан философияның заңдары жалпы бағыттылық, тенденциялық
сипатта орындалады. Және, дүниенің көрінген құбылысы өздігінен, ішкі
қайшылықтардың қарама-қарсылығынан дамитындығын ескеріп, философия өз
мәселесін қосалқы ұғымдар, категориялар байланысы, олардың бірін-бірі
толықтырып, біріне- бірі өтуі арқылы шешуге тырысады. Мұны нақты ғылымдар
ұстанатын формальдық, математикалық логика орындай алмайды, сондықтан
марксизмде диалектикалық логика ілімі пайда болды. Оның тарихи, ғылыми
мәнін соңғы кезде біз еліктей бастаған позитивтік ағымдар әлі де толық
түсіне қойған жоқ. Сондықтан саясаттың өткіншілігін, ғылымның мәңгілігін
ескеріп марксизмнің саяси-экономикалық, идеологиялық ілімін ғылыми-
философиялық жетістіктерімен шатастырмай, терең оқып-білуге ұмтылу керек.
Семинар сұрақтары:
1. Көзқарас, оның қоғамдық-тарихи сипаты
2. Мифологиялық және діни көзқарас философияның алғышарты
3. Филсофиялық көзқарастың мәні. Философияның пәні
4. Философияның негізгі қызметі. Қазіргі замандағы философияның ролі.
Философия және ғылым
Әдістемелік ұсыныстар:
Философия, оның ғылыми білім жүесіндегі орны және қоғамдағы ролі.
Дүниетаным, оның қоғамдық-тарихи сипаты. Дүниетанымның тарихи типтері: миф,
дін, философия. Мифтік дүниетанымның ерекшеліктері. Діни дүниетанымның
негізгі белгілері мен ерекшеліктері. Діннің функциялары. Философиялық
дүниетаным. Философияның негізгі мәселесі. Философиялық проблемалардың
мәні. Философия, оның функциялары. Философия және өнер. Философия, саясат,
қазіргі заман.
Бақылау сұрақтары:
1. Филсофияның пәні және қызметі, оның қоғамдағы ролін көрсетіңіз?
2. Филосфияның негізгі мәселесі. Материализм және идеализм – филосфияның
негізгі бағыттары. Философияның мағынасы және тарихы қандай?
3. Дүниеге көзқарас ұғымы. Дүниеге көзқарастың тарихи типтері: миф, дін,
философия; олардың ерекшеліктері неде?
4. Мифологиялық және діни көзқарас, филосфияның алғышарты қандай?
5. Филсофиялық көзқарастың мәні.
6. Филсофия, мәдениет пен ғылым әлеміндегі қызметі.
7. Философия, саясат, қазіргі заман.
Баяндама мен рефераттар
тақырыбы:
1. Философиялық мәселелердің табиғаты. Философия көзқарас ретінде.
2. Көзқарастың тарихи типтері, оның ерекшеліктері.
3. Философия, мәдениет пен ғылым әлемінде.
4. Филосфиялық білімнің мәні, жүйесі, құндылығы.
Филосфиялық мәтіндермен жұмыс істеу:
1. Антология мировой философии в 4-х т.М.,1969-1972 (Платон,Аристотель,
Р.Декарт, Гегель еңбектерінің үзінділерімен жұмыс істеу)
2. Лосев А.Ф.Философия. Мифология. Культура.- М., 1991
3. Мир философии: книга для чтения (П.С.Гурьевич, В.И.Столяров)
4. Рысқалиев Т.Х. Даналық пен түсініктің үлгілері (филосфия тарихына
шолу). Алматы, 1999
5. Таранов П.С. 120 философов. Жизнь.Судьба.учение. Т.1-2, Реноме, г.
Симферополь, 1997
6. Философиялық сөздік. Алматы, 1996
7. Ортега-и-Гассет Х. Что такое философия? (пер. С. исп. М., 1991)
Әдебиеттер
тізімі:
1. Алтаев Ж., Қасабек А., Мұқамбетәлі Қ. Философия тарихи – Аоматы, 2000.
2. Абай. Шығ.жинағы. Алматы,1995
3. Әбішев Қ. Философия. Алматы: Ақыл кітабы, 2001.
4. Введение в филосфию. Учебник для вузов 2-е издание М., 1997
5. Әлемдік филосфиялық мұра. 1-20 тт-Т.1-Алматы: Мектеп, 2005-2007
6. Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының философиялық
мұрасы 1-20 тт.-Т (ред. Ә.Нысанбаев.- Астана: Аударма, 2005-2007)
7. Есім Ғ. Фәлсафа тарихы – Алматы: Раритет 2004
8. Ильенков Э.В. Философия и культура. М., 1991
9. Канке В.А. Философия: исторический и ссистематический курс. Учебник
для вузов.М.,2000
10. Кассиди К.Х. От мифа к логосу. М.,1972
11. Кішібеков Д.К.,Сыдықов Ұ.Е. Философия. Алматы,2000
12. Лосев А.Ф. Дерзание духа. М., 1988
13. Мамардашвили М.К. Как я понимаю философию. 2-е изд. М.,1992
14. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік(Т.Х.Ғабитов,А.Т.Құлсари
-ева. -Алматы,-2004)
15. Мырзалы С.Қ. Философия әлеміне саяхат – Қостанай,2000.
16. Нысанбаев Ә.,Әбжанов Т. Философия тарихы – 1999
17. Радугин А.А. Философия. Курс лекций. 2-е изд. М.,1997
18. Турғанбаев Ә.Х. Философия. Алматы, Білім, 2001
19. Философская энциклопедия 6-е изд. Под.ред. И.Т.Фролова. М.,1991
20. Философия (құр. Т.Х.Ғабитов.-Алматы: Раритет 2005)
Ежелгi Үндi және Ежелгi Қытай философиясы
Философия ғылыми көзқарасатың бастауы ретiнде б.з.д. ҮI-Ү ғ.
қалыптасты, осы кезден бастап адамзат әлем туралы, ондағы өзiнiң орны мен
тағдыры туралы рационалды көзқарасқа сүйене бастады. Әлемнiң рационалды
түсiндiрiлуiне ең алғаш қадам жасағандар дүние құрлымы туралы ерекше iлiмдi
тудырды. Ежелгi Үндi астрономдары Жердiң шар тәрiздi екендiгi, оның өз
осiнен айналуы туралы ойларды айтты, математиктерi санаудың мәндi жүйесiн,
цифрларды белгiлеудi ойлап тауып, тригонометрия негiзiн қалыптастырды.
Әр дәуiрдiң, әр заманның өкiлi өз философтарын шығарды. Алғашқы кезде
философия мифологияға байланысты болды. Философия бiр жағынан мифологияға,
екiншi жағынан ғылымға қатысты дамыды.
Философия өзiнiң зерттейтiн объектiсiн ерекше қарастырды, яғни
математик бiрлiк санын неше түрлi сарапқа салып зерттейтiн болса,
философтар болмысты солай талдайтын болды. өмiр сүрудiң мәнi неде? Болмыс
деген не? – сұрақтарын талдады. Философия пайда болған кезден бастап-ақ
дүниеге көзқарас ретiнде қалыптасты, оның дамуы бiр логикаға сүйендi.
1. Шығыс философиясы: Сыни көзқарас ретiнде б.з.д. 4 мыңжылдықтың
соңында Египет, Вавилонда б.з.д. ҮIII-ҮI ғ. Үндi, Қытайда
қалыптасты. Дүниетанымда қоғам даму нәтижесiнде прогрессивтiк,
атеистiк, консервативтiк, мистикалық бағыттар дүниеге келдi.
2. Аникалық философия: мифология және жаңадан туындап келе жатқан
ғылыми болжамдарға негiзделдi.
3. Ортағасыр. Дiнге байланысты болды, оны ақыл-оймен дәлелдеуге
тырысты.
4. Қайта өрлеу дәуiрi ХIҮ ғ. ортасы –ХҮII ғ. басы. Ғылыми түсiнiктер
және эстетикалық ой-пiкiрдiң әсерi арқылы дамыды.
5. Жаңа дәуiр философиясы (реформация). Жаратылыстану ғылымына сүйенiп
адам тағдырын, оның iшкi дүниесiн зерттеудi алға қойды.
Ежелгi Шығыс деген не? Географиялық жағынан Ежелгi Шығыс
Таяу Шығыс - Вавилон, Шумер, Египет, Ассирия, Палестина;
Орта Шығыс – Үндi, Иран, Афганистан;
Қиыр Шығыс – Қытай, Вьетнам, Корея, Япония.
Ежелгi Шығыс күрделi өркениет типi, оның жалпы белгiлерiнiң сипаты:
Өркениетiнiң негiзi егiн шаруашылығы, жер өңдеу - бұл жағдайда жер мен су
мемлекеттiң меншiгiнде болды.
Мемлекеттiң құрылысында орталыққа шоғырланған бюрократтық (төрешiл,
кеңсешiл) өкiметi болды.
Мемлекеттiң, абсолюттiк өкiметтiң басқарушысы фараон, патша,
император.
Халықтың көпшiлiгi тұйықтау, шашылған ауылдық қауымда өмiр сүрдi,
мемлекетке тәуелдi болды.
Адам өзiн табиғат пен қоғамнан не объективтiк, не субъективтiк деп
бөлмейдi. Бұл жағдай жоғарғы дәрежедегi рухани мәдениеттiң спецификасын
(ерекшелiгiн) анықтайды.
Ежелгi Үндi мен Қытай философиясының ерекшiлiгi туралы жүз жылдан
артық уақыт екi түрлi көзқарас арасында (дискуссия) пікір-талас жүрiп
жатты. 1) Үндi мен Қытай нағыз философияны жасаған жоқ, олар оған жете
алмады. Сондықтан, оларды философияның алдындағы немесе дiни-философиялық
көзқарас деп атау керек дейдi.2) Үндi мен Қытай ең жоғарғы философияны
әлемге алып келдi. Батыс бұл деңгейге әлi жеткен жоқ дейдi.
Бұл секiлдi қарама-қарсы пiкiрдiң өмiр сүруiнiң себебi философияның
эталондық үлгiсi ретiнде Батысеуропалық философиямен шұғылдану вариантының
алынуына байланысы. Ал Үндi мен Қытайлықтардың ойлау тәсілi бұл жүйеге
келмейтіндіктен оны алдыңғы немесе жоғарғы философия деп атады.
Қытай мен Үндiлiк философия тәсiлiнiң Батысеуропалыққа сай келмеуiнiң
нәтижесi оларды ерiксiз Шығыс деген атпен бiрiктiрiп Батысқа қарсы
қойғызды. Шын негiзiнде әлемдiк философияның қайнар көзi екеу емес, үшеу
екенiн айту керек. Қытай мен Үндi арасындағы ұқсастық, Батыс пен Үндiге
қарағанда аз, Батыс пен Үндiлiктердi байланыстыратын олардың арғы тиегi мен
тiлi. Үндi мен Қытайды рухани туысқандастырған буддизм, ол б.з.д. II
ғасырда ғана Қытайға ендi. Көптеген философия тарихын зерттеулiшер
антикалық Батыс, Ежелгi Үндi және ежелгi Қытай үш әртүрлi, бiрақ теп-тең
рухани дүние ретiнде қарайды.
Үндi, Қытай философиясының генезисi (пайда болуы) өте күрделi мәселе,
ол олардың бай мифологиялық түсiнiгi және тәсiлдерiне қатысты. Қытайда
мифологиялық сананы қатаң салт-жоралар ығыстырады. Философияда аңыз, ғылыми-
теория, миф және логос арасындағы байланыс үзiлмедi. Қытай философиясы
мифтан пайда болған, бiрақ Грек философиясындағы секiлдi оны тастап
кетпейдi. Миф қытайлықтар үшiн танымның, өнердiң көкжиегi, ондағы ұлттық
психологияның және философияның қалыптасуының негiзi болды.
Философияның философия болып қалыптасуы үшiн ол өзiнiң мифтан және
ғылымнан бөлек ерекше-шындықты ұғыну тәсiлi мен тiлiн жасайды. Философия
терминi данышпандықты сүю, батысеуропалық мәдениеттiң негiзiнде пайда
болды. Ол ежелгi Үндi ойшыларының дүние тануы мен көзқарастарының жүйесiн
белгiлеуге аз қолданылады. Ежелгi шығыс мәдениетiндегi философияны жоққа
шығару дұрыс емес. Данышпандық бұл жерде, алдымен теориялық концепцияны
дәлелдеу емес, ақиқатты iздеуде эмпирикалық және рациональдық тәсiлдi
бiрiктiру ретiнде көрiнедi, ал жоғарғы таным және өзiн-өзi тануда сопылық
арқылы, тiкелей брахман мен дара адамның бiрлiгiне жетудi түсiну де орын
алады. Ақиқаттық жол – адамның әдептiлiкке жету жолы, ол теориялық таным
жолы емес. Ежелгi Шығыста өндiрiс тәсiлiнiң баяу қалыптасуы философиялық
ойдың дiни-мифологиялық көзқарастан, күнделiктi әдептiлiк санадан толық
арылуына мүмкiндiк бермедi.
Философияны ғылым ғана емес, дүниеге көзқарастық iлiм ретiнде
қарастырсақ және оның негiзгi ерекшелiгiнiң бiрi сыни пiкiрлердiң пайда
болуы десек, философия тарихын таптық қоғамның пайда болуы кезеңiмен
ұзартуымыз керек. Таптық қоғам еңбек құрардарының дамуы және еңбектiң
бөлiнуiнiн нәтижесi, жеке меншiктiң тарауы рулық сананың орнына жеке адам
санасының алдынғы қатарға шығуына әкеледi. Яғни ру мифологиясын өзгерту,
оны жеке адам мүддесiне ыңғайландыру қажеттiгi туады. Ал көзқарасты өзгерту
әртүрлi деңгейдегi сыннан басталады. Мифологияның жан өлмейдi деген
негiзгi қағидасын сынау, оны жүйелi түрде көрсете бiлу алғашқы философиялық
ойлардың қалыптасуының белгiсi.
Алғашқы таптың құлиеленушiлiк қоғам Шумер, Египет мемлекеттерiнде
(б.з.д. IҮ мың жылдықтың соңы) пайда болды. Алғашқы философиялық ойлар
алғашқы астрономия, космология, математика iлiмдерiмен және ескi
мифологиямен тығыз байланысты. Философия қоғамдық сананың ерекше формасы
ретiнде әлi бекiне қойған жоқ. Шаруашылық талаптары нақты ғылымдардың
дамуын қажет еттi. Вавилон математиктерi алгебра мен геометрияның бастауын
жасады: квадраттық теңдеулердi шеше білді, қазiргi уақыт өлшемдерiн ойлап
тапты (сағат, минут, секунд, т.б.), абыздардың мифтiк құдайлар туралы iлiмi
(теогония) дүниенiң пайда болуы iлiмiне (космогония) ұласты. Құдайлар атасы
– Ай, құдайлар – жұлдыздар болып саналды. Күн соларды сөндiретiн, өлiм
әкелетiн зұлымдық күш делiндi. Ай өлiп қайта тiрiлетiн, өшпес өмiрдi
бейнеледi. Олардың мәңгi алмасуы жақсылық пен зұлымдық күресi ретiнде
сипатталды. Жұлдызды космогония астрологиялық iлiмдi тудырды, оның мәнi
әлi күнге дейiн сақталып отыр. Осы көзқарастарға қарсы сыни атеистiк ойлар
туды, Вавилонның аса көрнектi әдеби мұрасы Өмiрдiң мәнi туралы құл мен
оның иесiнiң айтысы еңбегi. Оның ұмыт болған авторы дiни қағидаларды
сынап, о дүниедегi өмiр үшiн құдайларға құрбандық шалуды ақылсыздық дейдi.
Египеттiктердiң негiзгi шаруашылығы суармалы егiншiлiк және мал бағу
болды, ерекше құрылыс өнерi тас қашау, қыштан ыдыс жасау кәсiптерi дамыды.
Олар алғашқы рет күн календарын жасап, жылдың 36512 тәулiктен тұратынын
дәлелдедi, π санын, шеңбердiң диаметрге байланыстылығын, әртүрлi
пирамидалардың ауданын, көлемiн есептеп шығаруды енгiздi. Мифологиялық
мазмүндарды дiни емес, философиялық тұрғыдан түсiндiру бiртiндеп өсе түстi.
О дүниедегi мәңгi өмiрге сенудi сынап, еңбектi жеккөрушiлiктi жойып осы
дүниедегi өмiрдi түзетуге шақыраулары бар шығармалар тарала бастады. Сондай
еңбектiң бiрi Арфист өлеңi о дүниеден қайтқан ешкiм жоқ, ол туралы
адамның сезiмi мен ақылы да еш дерек келтiре алмайды, сондықтан ол
ертегiлерге сенудi тоқтатып, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz