Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Меншік қай қоғамның да сан қырлы мәселесі болып табылады. Сондықтан да меншік құқығын құқық институтыны ретінде қарағанда оны меншіктен шығатын экономикалық категория деп түсіну керек. Меншік ол тарихи қоғамның ішкі айқындауы арқылы пайда болады.

ҚР-сы Конституциясының 26 бабына сәйкес ҚР-ның азаматтары түрде сатып заңды алған, (қандай да болсын ) кез - келген мүлік жеке меншігінде ұстай алады.

ҚР- ның Азаматтық кодексінің 191-бабына сәйкес азаматтардың меншік құқығы азаматтардың жеке жеке меншігі түрінде көрінеді, жеке меншік-жеке тұлғаның, жекеленген азаматтардың меншігі.

Азаматтардың меншігі экономикалық категория ретінде жеке меншіктердің барлық турлерін қамтиды. Азаматтық құқық азаматтық мүлікке меншік қатыстылығын, оны иеленуін реттейді және қорғауды жүзеге асырады. Осындай меншік қатынастарын реттейтін нормалдың жүйеге келтірілген жиынтығы азаматтардың меншік құқығын құрайды.

Азаматтардың жеке меншік категориясы жеке дара (өзіндік) меншік ұғымына сай келеді. Меншік иесінің құқығын жүзеге асыру, яғни оның иелік етуі, (мүліктің) пайдалану және билік етуі мүліктің мүдесімен мақсатына орай заңға сәйкес шектелуі мүмкін. Азаматтық кодекстің 191-бабына сәйкес жеке меншік азаматтарының және мемлекеттік емес заңды тұлғалар олардың бірлестіктерінің меншік ретінде көрінеді.

Сөйтіп, ұжымдық меншік пен азаматтардың меншігі «жеке меншік» деген ұғым аясында беріледі. Меншік құқығы - бұл субъективті тұлғалық мағынада азамат құқығының заң нормалары арқылы жеке қорғалатын, өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша пайдалануы иеленуі, пайдалануы және билік етуі. ҚР-сы заңымен жеке меншік табиғатының арнайы ерекшеліктері бекітілмеген, меншік яғни мұндай меншік өзіндік меншік не, немесе (азаматтың еткен еңбегіне, не меншігіне негізделген ) еңбек бойынша пайда болатын меншік пе бұл арасы ашылмаған. АҚШ-тың заңдарында «жұмыскердің меншігі» деген ұғым бар. «жұмыскердің меншігі» жеке меншіктің бір түрі екендігінің көрінісі, яғни меншік иесі иелік ететін кәсіп орында міндетті түрде жұмыс істейді АҚШ-та жұмыскердің меншігі мемлекеттік меншік объектісінен емес, жеке меншіктен туындап отыр. Сөйтіп, меншік құқығының пайда болуының негізгі бастаулары деп азаматтардың қоғамдық -өндірістегі еңбегінен түсетін ақыларды айтамыз. Азаматтардың меншік құқығының пайда болуына азаматтардың әртүрлі азаматтық құқық мәмілелері негіз болады.

Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келеді. Сондықтан да меншік құқығын құқық институты ретінде қараған кезде оны меншіктен шығатын экономикалық категория деп түсіну керек.

Меншік дегеніміздің өзі материялдық игіліктерді-табиғаттың өкімдері мен еңбекті- меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи қоғамның ішкі айқындауы арқылы пайда болады.

Сонымен, меншік затты иелену, меншіктеу екен, оның өзі заттың пайдалы қасиеттеріне орай жүзеге асады, демек оны меншіктенген соң өндіріс барысында пайдаланып, оған билік етіледі. Меншіктің экономикалық қатынасы құқық нормаларымен реттеліп, меншік құқығына айналады.

Әлемдік құқықтану доктринасы мен отандық заң ғылымы меншік құқығын объективті жағдайдағы меншік құқығы деп бөлінеді. Материялдың игіліктері иелену, пайдалану және билік етуге байланыстықоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық құқық нормалары жөнінде кодекс, заңдар мен басқа да заңдық нормативтік құжаттар әңгіме болғанда шын мәнінде мәнінде объективтік мағынадағы меншік құқығы, яғни меншіктің құқық институтын құрайтын нормалардың жиынтығы екенін көреміз (мысалы: АК-тің 188-276 баптары) . Меншік құқығының объективтік нормалары негізінде нақтылы меншік иесі өз қалауы бойынша өзіне тиесілі меншікті пайдалануына және оған билік етуге құқылы екендігін, яғни сату-сатып алу, жалға беру және тағы басқа белгілі заңдық фактілердің жүзеге асыра алатындығын әңгіме еткенімізде меншік құқығының субъективті жағына тап боламыз

(АК-тің 188-бабы) .

Азаматтық кодекстің 188-бабында меншік құқығына мынадай анықтама берілген: «Меншік құқығы» дегеніміз- субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын береді.

Меншік құқығына анықтаманы субъектінің мүлікке заңға сәйкес билік етуі, оны өзінің қалауынша пайдалануы деп түсіну керек. Яғни субъектінің затқа үстемдік етуі заңдастырылған және оған толық құқылы. Осындай үстемдікке қол жеткізу арқылы меншік иесі заттың табиғат берген қасиеттерінің бәрін пайдаланы, оны өзгертуге өңдеуге билік етуге, тіпті бөтен біреуге, жойып жіберуіне толық құқығы бар. Затқа заң құжаттарында көрсетілген шекте жүзеге асады, өйткені, затқа үстемдікті шектеу меншік иесінің еркіндігіне белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді, демек затқа меншік иесінің шексіз болуы мүмкін емес.

Сондықтан да Азаматтық кодекістің 188-бабындағы меншік құқығын шектеу мұндай құқықтың шексіз еместігін көрсетеді, сол себепті де тұлғаның өз иелігіндегі затты иелену, пайдалану және билік ету құқығы заң арқылы айқындалады. Меншік иесінің өз өкілеттілігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауға тиіс міндеттен туындайды. Мұндай құқықты немесе заңды мүддені бұзу басқа түрлерде де кездесуі мүмкін, айталық, меншік иесі өзінің манаполиялық немесе басым жағдайларын пайдаланып, нарықта көрер көзге қиянатқа жол беруі мүмкін (АК-тің 11-ші бабының 3-тармағы) . Міне осындай теріс пиғылды әрекеттерге жол бермеу үшін де осындай талап заңға енгізіледі. Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зарлаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті (АК-тің 188-бабының 4- тармағы) . Азаматтық кодектің 188- бабында қаралған меншік құқығының иелену, пайдалану және билік ету тәрізді құрамдас бөліктерінен басқа оны заңмен қорғауда ескерілген. Мұндай құқық өзінің мүлкін сақтауға, қорғауға, өзге адамдардың сырттан әрекет етпеуіне тыйым салуына хақысы бар. Егер осындай құқықтары бұзылып жатса, онда ол затты қайтарып алуға, қалпына келтіруге, келген залалдың орнын толтыруға құқылы. Азаматтық кодекстің 188-бабының 5-тармағына сәйкес меншік құқығының мерзімі шексіз болады. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық кодексте көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мумкін. Меншік құқығының мазмұнын меншік иесіне тиесілі иелену, пайдалану және билік ету тәрізді. Өкілеттіктер құрайды. Бұл өкілеттіктердің әрқайсысы меншік құқығының қажетті элементтері болып табылады. Меншік иесі аталғандардың қай -қайсысын да үшінші бір тұлғаға бере алады. Тіпті үш өкілеттіктің бәрін де беріп жіберіп, өзі меншік иесі болып қала алады. Мысалы, ол заттарын теміржол, әуежай және қонақ үйдің зат сақтайтын жеріне тапсырып, өз қарауындағы затты күзетушінің илігене береді.

Кейде заң талаптарына сәйкес меншік иесінен несие берудін талабын қанағаттандыру үшін мүлкі ықтиярсыз алынуы мүмкін, онда меншік иесі әлгі үш өкілеттіктенде айырылады. Бірақ ол мұндай жағдайда меншік иесі болып қала береді. Қарызын өтегеннен кейін мүлік сатқаннан қалған қаржыны алуға құқылы, сөйтіп заттарын кері қайтарғаннан соң оны пайдалану және билік ету өкілеттігін қалпына келтіреді. Иелену құқығы-мүлікті нақты иелену мүмкіндігін заң жағынан толықтай қамтамасыз етуді жүзегее асырады ол меншік иесіне затқа іс жүзінде үстемдік етуге мүмкіндік беріп, затты пайдалану үшін маңызды алғы шарт жасайды.

Заң иеленуді заңды, заңсыз, адал ниетті және арам ниетті деп бөледі. Егер мүлікті иелену заңды негізде жасаса онда ол заңды иелену болып табылады. Яғни құқық негізінде меншік құқығы жүзеге асырылуы тиіс. Затты ( мүлікті) заңсыз иелену егер оны зорлықпен немесе заңсыз иеленуші затты кездейсоқ иеленіп, оны қайтару жөніндегі талапты құлағына ілмесе, бұл да құқық бұзу деп есептеледі. Сондай-ақ иеленуші иеленген заттың заңсыз екендігін білсе, білуге тиісті болса, онда ол арам ниетті иеленуші делінген, қарсы жақ өзінің талабын дәлелдемейінше, зат иеленуші адал алушы қтарына жатады (АК-тің 261-бабы) .

Ал, керсінше, егерде мүлік оны иеліктен айыруға құқығы болмаған адамнан тегін алынып, алушы мұны білмесе және білуге тиіс болмаса (адал алушы), мүлікті меншік иесі мүлікті иеленуге берген адам жоғалтқан не мұның екеуінен де ұрланған, не олардың еркінен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншік иесі бұл мүлікті алушыдан талап етіп алдыруға құқылы.

Азаматтық кодекстің 188-бабында иеленудің әр түрлі туралыайтылмаған тек аталған баптың 3-ші тармағында ғана бөтеннің затына құқық ретінде иеленудің жасалу жолымен тәуелділігі. Көрсетіледі. Сонымен бірге заңда ерекше негіз бар «Иелену мерзіміне» жол беріледі (АК-тің 240-бабы) . Иеленудің мұндай құқығы меншік құқығынан тұлғаның затты өз (игілігенде) билігенде нақты түрде ұстауымен ерекшелінеді. Бұл иеленудің заңдық салдары болады, яғни иеленуші мүлікке меншік құқығын алғанға дейін оны басқалардан қорғауға құқылы (АК-тің 240-бабының 2- тармағы), ал екінші жағынан, осы баптың нормалары негізінде өзінің иелігіндегі затты меншіктенуге құқық алады. Сонымен, иеленудін мерзіміне мынадай белгілер тән: а) ал иелік ететін мүлікке нақты үстемдік етеді; б) осы тұлғаның затқа адал, ашық және үздіксіз түрде нақты үстемдік етуі.

Демек, иеленудің мерзімі иелену құқығынан меншік құқығының құрамдас бір бөлігі ретінде ерекшеленеді. Оған қоса бұл иелену түрі затты иелену құқығынан да ерекшеленеді, сонымен бір мезгілде затты иелену құқығын өзгеге бергенімен, меншік иесі болып қала береді. (Мысалы: кепілдік шарты бойынша ) .

Пайдаланудың өкілеттік құқығы дегеніміз - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін. (АК-тің 188-ші бабының 2-тармағы) .

Пайдаланудың өкілеттік құқығынан жай пайдалануды ажырата білу керек. Пайдаланудың өкілеттік құқығы- затты пайдалануға құқықты қамтамасыз ететін меншік құқығы субъектісінің өкілеттілігі. Пайдалану-осы құқықты жүзеге асыру болып табылады, яғни затты нақты пайдаланып немесе қашан кіріс алғанша тұтыну. Меншік иесі өзінің пайдаланудың өкілеттік құқығын қалай жүзеге асыруды өзі шешеді. Бірақ та, Конститутцияның 6-бабын бұрмаламауы тиіс, яғни меншікті пайдалану қоғамдық игілікке қарсы келмеуі керек. Демек қоғамдық маңызы бар объектіні пайдаланғанда меншік иесі тек өзінің ғана емес, қоғамныңда мүддесін ойлауына тура келеді. Мысалы, қазақ өнерінің көрнекті шығармаларының айталық мұрагерлікке меншік иесі ретінде білдірмеуге міндетті. Меншік иесі басқа тұлғаға өзінің пайдалану құқығын беруіне толық құқылы. (мысалы: жалға, арендаға мүлік береді) . Пайдалануға өкілеттік алған тұлғаға оны өзі үшін пайдалана бастайды. (мысалы: затты пайдалану өнім алу) . Мұндай жағдайда меншік иесі өзінің өкілеттілігіне сәйкес табысты жанама жолмен түсіреді, айталық затты пайдаланудан түскен кірісті иеленеді, немесе белгілі бір пайызды еншілейді.

Заң негізінде немесе басқа да құқықтық құжаттарға орай меншік иесі өкілеттілігенен айырлуы не құқықы шектелуі мүмкін. Мәселен, тұрғын үйді не оның бір бөлігін тұрғын жай мақсатынан тыс пайдалану жағдайы заң арқылы жүзеге асады. («Тұрғын уй қатынастары туралы» заңның 41-бабы) .

Билік ету құқығы дегеніміз- мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. (АК-тің 188-бабының 2-тармағы) .

Билік етудің өкілетті меншік құқығының объектілеріне қатысты заңды мәселелер жасауға өкілетті. Мысалы, меншік иесі өзінің меншік құқығын өзгеге беріп кепілдік құқық жасап, жалға беруді жүзеге асырса, онда ол билік құқығын жүзеге асырғаны болып табылады. Билік ету құқығы арқылы мәселелер жасалған кезде меншік иесінің құқығы өзгеге толықтай не жекелеген түрде өтеді ( мысалға арендаторға иелік ету және пайдалану құқықтары беріледі) . Билік етудің өкілеттіліген жүзеге асырудың маңызды түрі меншік иесінің мүлікті өз иелігенен шығарып, басқа адамдарға беруі болып табылады. Нарықта өз орнын табу үшін меншік иесіне билік ету қажет.

Әдетте тауарлар ауыстыру үшін өндіріледі. Ауыстыру кезінде меншік иесінің құқығы сатушыдан сатып алушыға ауысады. Сондықтан да сатушытауардың меншік иесі ретінде меншік құқығын өзгертуге мүмкіндік алуы тиіс. Билік ету құқығын жүзеге асыру мақсаты меншіктің әр түрлі түрлеріне сәйкес келеді. Әдетте меншік иесі өзінің билік өкілеттігін қалайда жүзеге асыруға міндетті деген ереже жоқ. Шешімді қалай қабылдайды, қалай билік етеді оны бір өзі шешеді дей тұрғанмен ол бұл арада заңды бұрмалауға жол бермеуге тиіс емес. Әрине, кейбір жағдайда меншік иесі өзінің билік ету құқығын қоғам мүделі болғанда жүзеге асыруға міндетті. Заң мен басқа да құқықтық негіздерге орай меншік иесінің билік ету құқығы алынуы не тоқтатылуы мүмкін. Белгілі бір жағдайларда билік ету құқығы тек мемлекеттің келісімімен жүзеге асады. Мысалы: әрекет ету қаблетті шектеулі адамдармен билік ету құқығын асыру үшін келісім жасаған кезде заңды өкілінің рұхсаты талап етіледі. Билік ету құқығы затқа меншік иесі болып табылмайтын тұлға арқылы да жүзеге асады. Бұл заңның арнайы нұсқауларымен болады, немесе меншік иесімен жасалған келісім - шарт негізінде (Мысалы, теміржол жүкті иесіне беруге мүмкіндік болмаған жағдайда басқа тұлғаға тапсырады) болады.

Меншік иесі өз меншігінің игілігін көріп қана қоймай (мүлкін пайдаланудан пайда тауып, тұтыну қажеттілігін қанағаттандыру), оған меншігіндегі мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығы да жүктеледі. Айталық, күрделі жөндеу жүргізіп, сақтандыру шараларын жүзеге асырады және т. б. Егер заңда қаралмаған болса өзіне түсетін ауыртпалықты біреуге жүктеуіне болмайды. Егер мүлік заңды түрде үшінші жақтарда болса, олардың өзінің мүлкін күтіп ұстауға жұмсалған шығындарын, егер шартта өзгеше көзделмесе, меншік иесіне өтуге тиіс.

Мысалы, оған қараусыз кеткен малды ұстап баққанға кеткен шығынды айтуға болады.

Шартпен басқа да мәселелер қаралуы мүмкін. Мүлікті басқа біреуге уақытша пайдалануға берген кезде оны күтіп сақтау пайдаланушыға жүктеледі. Күтімсіз және заңсыз ұстаған адамға мүлікті күтіп ұстауға жұмсалған шығындары өтелмейді.

(АК-тің 189-бабы) .

Ауыртпалық жағдайы деп заттардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупін айтады. Иеліктен айырылған заттардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупі, егер заң құжаттарында немесе шартта ол өзгеше белгіленбесе, сатып алушы да меншік құқығы пайда болуымен бір мезгілде заң немесе шарт негізінде сол мүлікті алушының мойына жүктеледі. Мысалы, шарт жасаушылар ондай қауіпті шарт жасау кезінде алдын-ала ескереді (сатып алу сату шарты) . Яғни зат берілмей тұрып, сатып алушыға меншік құқығы ауыспай тұрғанда мәселенің басы ашылуы тиіс.

Екінші бір жағдай мерзімінің өтіп кетуіне байланысты. Мәселен, егер иелікке айырушы адам заттарды беру мерзімінің өткізіліп жіберілуі не кінәлі болса немесе сатып алушы оларды қабылдау мерзімінің өткізіліп жіберілуіне кінәлі болса кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қауіпті мерзімін өткізіп жіберген тарап көтереді. (АК-тің 190-бабының 2-тармағы ) .

Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері.

Қазақстан Республикасы Конститутциясының 6-бабында: «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қозғалады», - деп жазылған.

Азаматтық кодекс меншіктің нысанда- жеке және мемлекеттік (192 -бап) екндігін тәртіптейді.

Конституцияда меншікті екі нысанға бөліп қарау олардың мемлекетке меншік құқығының субъектісі ретіндегі қатынасының белгісіне орайластырылған. Осыған орай жеке меншкі мемлекеттік емес меншік болып саналады. Егер меншік құқығының субъктісі мемелекет болса(тікелей немесе тиісті мемлекеттік орындар арқылы ), онда әңгіме мемлекеттік меншік жөнінде болады. Ал субъект мемлекеттік емес заңды тұлға немесе азаматтар деп танылса, онда жеке меншік деп есептелінеді.

Сонымен меншікке субъектілер: мемлекет, әкімшілік - аумақтық бөліністер, заңды тұлғалар мен азаматтар бола алады.

Заң меншікті түрлерге де бөледі. Азаматтық кодекске сәйкес мемлекеттік меншіік республикалық және комуналдық болып екіге бөлінеді. (192-бап)

Меншік құқығын азаматтық құқықтың субъектілері әр түрлі негіздерге ала алады. Азаматтық кодекстің 235-бабы меншік құқығына ие болуына әдейі арналған. Бірақ та заң меншік құқығын лау негідерінің түпкілкті дәрежеде тізімін жасады деуге болмайды. Азаматтық кодекстің 235-бабында «тәсіл» ұғымы қолданылмайды (бір нәрсені жүзеге асыру кезіндегі әрекеттер немесе әрекеттер жүйесі ) . Меншік құқығы оның пайда болуымен заңды байланыстыратын заңдық фактілер негізінде алынуы мүмкін. Мұндай заңды фактілер негізделуімен көрінеде. (АК-тің 7- бабы) .

Меншік құқығын алуда бастапқы және туынды негіздерін шектеу өлшеміне бір жағдайда еркіндік өлшемі, ал келесі бір жағдайда құқық қабылдаушылық сай келеді, оның соңғысына ерекше баға беріледі.

Бастапқысына жататын талап деп мынаны айтамыз: зат бұрын болмады және меншік құқығы оған бірінші рет тағылды немесе зат бұрын болса, меншік құқығы оған бұрыңғы меншік иесінің құқығынан тәуелсіз жүзеге асады. Сондықтан да Азаматтық кодекстің бастпқы негіздеріне мынылар қатысты: жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлікке меншік құқығының пайда болуы (236-баптың 1 -тармағы ) ; өңдеу (237-бап) ; иелену мерзмі (240- бап) ; олжа(245-бап) ; қараусыз жануарлар(246-бап) ; меншік иесінен алынған мүлікті иелену (248-бап) ; көмбе (247-бап) .

Туынды негіздер меншік иесі құқығын алуда бұрынғы меншік иесінің құқығына тәуелді болуымен сипатталады. Жаңа меншік иесі пайда болуына байланысты одан бұрыңғысының құқығы бір мезгілде тоқтатылады. Алдымен меншік құқығының ие болу негіздерінің жалпы сипаттамасына тоқталайық. Меншік құқығының туынды негіздерінің пайда болуы шартқа (сатып алу-сату, заем, несие т. б. ), сондай - ақ мұрагерлікке (заң мен өсиет) байланысты, ол заңды тұлғаларды қайта құрған кездегі құқықты мирасқорлық тәртібімен жүзеге асады. Туынды негіздерге сонымен қатар мүлікті тәркілеу (АК- тің 249-бабының 4-тармақшасы), жекешелендіру (АК-тің 249-бабының 3-тармағы), реквизациялау (АК-тің 249-бабының 3-тармағы), сосын жер учаскесін алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыру (АК-тің 249-бабының 5-тармақшасы), күтімсіз ұсталған мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алынған реттер (АК-тің 249-бабының 6-тармақшасы) қатысты және заңда көзделген басқа жағдайлар да оған жатады.

Жаңа меншік иесіне тек заттың ғана меншік құқығы емес, осы затқа байланысты құқықтар мен міндеттердің барлығы ауысады. Мәселен, үй сатып алған адамға сол үймен байланысты жасалған жалдау немесе кепіл шарттары көшеді. Тағы бір мысал: мұраны қабылдап алған мұрагер мұра қалдырушының борыштарына өзіне ауысқан мұралық мүліктің нақты құны шектерінде жауап береді. Сондықтан да меншік құқығына ие болудың туынды негізіне әрқашанда мирасқорлық қасиет тән. Меншік құқығына ие болуға байланысты жаңа меншік иесі бұрыңғы менішк иесі еншілеген барлық өкілетілікті түгелдей өзіне алады деуге болмайды. Мәселен, бұл жаңа меншік иесіне қандай мүліктің ауысуына және оның иесі кім екендігіне (мемлекет, заңды тұлға немесе жеке тұлға ), жаңа иелінушінің меншік құқығы қандай болатындығына (мемлекеттік немесе жеке меншік) байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік құқығының түсінігі мен мәні
Жаңа заман құқығының негізгі сипаттары
Меншік және меншік құқығы туралы ұғымдар
Отбасы құқығының мақсаты мен қағидалары
Жеке меншік пен оны мемлекеттік реттеу сұрақтары
Отбасы құқығы пәні
Қазақстан Республикасында жеке меншікті құқықтық реттеу
ОТБАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Отбасы құқығы туралы жалпы түсінік
Меншік құқығының тоқтатылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz