Билер институтының жүйесі мен негізгі сатылары (инстанциялары)
Ж О С П А Р
КІРІСПЕ
І бөлім Билер институтының тарихи даму кезеңдеріне сипаттама
1 тарау. XV ғасырдың екінші жартысынан XVІІІ ғасырдың ортасына дейінгі
кезеңдегі қазақ хандығындағы билер институты
2 тарау. Билер институты Ресей бодандығы түсында
3 тарау. Кеңестік Қазақстандағы билер институты
ІІ бөлім Билер институтының жүйесі мен негізгі сатылары (инстанциялары)
1 тарау. Билер Кеңесі
2 тарау. Билер соты
3 тарау. Ақсақалдар соты
Қорытынды
Пайдаланылған деректер тізімі
К І Р І С П Е
Еліміз бүгінгі күні құқықтық, демократиялы ел болуға бет бұруда. Бұл
асқақ мақсатқа еліміздің өткен тарих қатпарларындағы дала демократиясының
көрінісі болып табылатын құбылыстарды танып, бүгінгі елімізде жүргізіліп
жатқан реформалардың арқауы ете білген де ғана жетеміз. Сонымен қатар бұл
еліміздің жалпы адамзат қауымдастығындағы өзіндік бет-бейнесі бар ел
екендігін танытуға мүмкіндік береді.
Және де бүгінгі таңдағы жергілікті жерлерде көрініс беріп жатқан
ұлттық-құқықтық қайта жаңғырығулардың табиғатын тануға жол ашады. Билер
институтының Кеңес дәуірінде таптық көзқарастың тезіне түсіп, сұрықсыз
түспен боялып, кертартпа, үстем таптың қол шоқпары ретінде бағаланғаны
бізге аян. Ал бүгін бұл мәселені жалпы өркениеттілік құндылықтар тұрғысымен
қарау кезек күттірмей жүзеге асыруды қажет ететін шаруа. Міне осы және
жоғарыда айтылғандар тақырыптың қаншалықты өзекті екендігін аңғартады.
Билер институтының бірнеше ғасырларға созылатын зерттелу тарихы бар.
Бұл қазақ әдет-ғұрып құқығының дәстүрлі институты туралы деректің бастауы
қытай елінің қорларында жатыр. Оны кейінгі кездерде белгілі ғалым Қ.
Салғараұлының сол елдерден әкелген және де бұрыннан бізге белгілі
еңбектерден білеміз.
Ал билер институтына қатысты деректердің жүйелі жиналуы Ресей
патшалығының қазақ елін отарлауымен байланысты. Осы тұстарда бұл
институттың әр қырын терең тануға мүмкіндік беретін материалдар кең көлемде
жинастырылды.
Кеңес дәуірінде әсіресе 70 жылдардан бастап белгілі ғылым академик
С. Зимановтың басшылығымен қазақ әдет-ғұрып құқығының институттары мен
нормалары кең масштапта ғылыми айналымға түсіп зерттеле бастайды. Осы
уақыттардан бүгінгі күнге дейін би институтын зерттеуге қазіргі кездегі
белгілі ғалымдар Н. Өсерұлы, З.Ж. Кенжалиев, С. Өзбекұлы, Н. Ахметовалар
үлкен үлес қосты.
Біз жұмыс барысында алдымызға тұтастай би институтының сұлабасын
жасауды мақсат етіп қойдық. Оған жету үшін біз өзіміздің алдымызға мынандай
міндеттерді шешуді жүктедік:
- билер институтының хандық дәуірлердегі қаймағы бұзылмай дамыған
кезеңіне;
- Ресей патшалығы тұсындағы би институтының құйтырқы саясаттың
қолшоқпарына айналып, өзінің демократиялың бет-бейнесін
жоғалтқанын сипаттау;
- Кеңес дәуіріндегі бұл жүйеге қатысты мемлекеттік саясатты және
онымен күрес жолдарын көрсету;
- Билер институтының жүйесі мен негізгі сатыларына сипаттама беру;
Жұмыс мемлекет және құқық теориясы мен тарихи кафедрасында орындалды.
Бітіру жұмыс кіріспеден, 2 бөліменен, 6 тараудан, қорытындыдан тұрады.
І бөлім. Билер институтының тарихи даму кезеңдеріне сипаттама
І тарау. ХV ғасырдың екінші жартысынан XVІІІ ғасырдың ортасына
дейінгі аралықтағы Қазақ хандығындағы билер институты
Бұл кезеңдегі билер институтына қатысты мәселені қазақтың белгілі
хандарының бірі Қасым дәуірінен бастаймыз. Қасым елі үшін үлкен қызметтер
жасаған тұлған. Оның басты еңбегі сол уақытқа дейінгі “жол жоралғыларды”
жүйелеп бір ізге салуында.
Сол туралы Шәкәрім Құдайбердіұлы “Қазақтың түп атасы” деген өлеңінде
Қасым ханды былай марапаттайды:
“Баласы Әз-Жәнібек Қасым еді,
Атағы сол соғыста асып еді.
“Қасымның қасқа жолын” сол шығарған,
Ташкеңнің алтын тағын басып еді”1.
Бұл заңда ғұлама ғалым Ә.Марғұланның айтуы бойынша құқық нормасының
бес саласы қамтылған. Олар:
1. Мүлік заңы мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері.
2. Қылмыс заңы кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына
жаза.
3. Әскери заң қосын құру, аламан еліндегі, қара қазақ, ердің құны,
тұлпар ат.
4. Елшілік жоралары майталмандық, шешендік, халықаралық қатынастарда
сыпайлық, әдпепиілік.
5. Жұртшылық заңы шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер,
жасауыл, бөксеуіл, тұтқауылдардың міндеті2.
Сонымен қатар Қазақ ордасының мемлекеттік негіздерін, адамдардың
арасындағы, рулар арасындағы қатынастарды белгіледі деген де пікір1 бар.
Қасым хан өзінің сот шешімдеріне бұрынғы ата-баба ғұрыптарына сүйенудің
қажеттілігін атап көрсетеді. Бұл ханның жолды жасаудағы ролін көрсетеді.
Сол кезге дейінгі қазақ даласындағы қалыптасқан “жол “қасқа жолдың” халық
арасына кең таралуының сыры оның хан тұсындағы билердің көкейінен шығуында
еді. Өйткені, би ханның пәрменін халық арасында дұрыс түсіндірушісі,
қамқоршысы болған. Сондықтанда бұл заң билердің, батырлардың тағы басқа игі
жақсылардың бас қосқан жиынында мақұлданған. “И как гласит предание, он на
одном из собраний знати, биев и влиятельных степных вельмож, объявил о
необходимости придерживаться многих из этих норм и использовать в
разбирательствах споров”2. Сөйтіп, ол билердің талқысынан өту арқылы өмірге
жолдама алпы.
Билер бұл заманда негізінен ру басының қызметін атқарлы. Билердің
беделі руларында зор болған. Сондықтанда қазақ хандығын нығайтуды ойлаған
Қасым хан билердің ақыл-кеңестеріне сүйеніп, ел билеуге ұмтылған. Ал
билердің беделінің неліктен артқандығына келетін болсақ, онда ол сол
кездегі қалыптасқан шаруашылық жүргізуде еді. Сондықтан да халық ханнан
гөрі, билерді көп сыйлаған.
Қасым хан тұсында билер жеке дара болмаса, тегеурінді әлеуметтік
күшке айналмаған еді. билердің бұл кездегі тағы бір ерекшелігі олар әліде
болса, ру басы, сол рудың дау-жанжалын шешуші тұлға болғандығы.
Есімхан Тәукелден туып қалған,
“Есімнің ескі жолы” деген заң шағырған1 – деп ақын
жырлаған “Еңсегей бойлы Ер Есім” де қазақ мемлекеттігін нығайтуда зор еңбек
сіңірген қайраткер.
“Ел ауында сақталған деректерге қарағанда, Қасым хан тұсында “қасқа
жолға” қосылған жаңалық: “Хан болсын, ханға лайық заң болсын: батыр болсын,
жорық жолы мақұл болсын: абыз болсын, абыз сыйлау парыз болсын, би болсын,
би түсетін үй болсын” деген ережелер екен. Бұл қазақ хандығы құрылысының
саяси-әкімшілік, әскери және сот істері жөніндегі негізгі заң сипатындағы
төрт тұғыр екені байқалады”2. Сонымен қатар “қоныс-тұраққа, мал-мүлікке,
адамар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешімдері
осы кезде сараланады”3.
Оның ескі жол аталуы туралы пікірлердің барлығы, оның бұрын
қалыптасқан “жол-жоралғыларды” өзгертпей дамытты деген пікірге4 саяды.
Енді Есім хан тұсында билердің ролі қандай болды? Соған тоқталайық.
Би әруақытта елдің қамқоршысы, дала демократиясының жаршысы, сондықтан да
билердің ролін арттыруға Есім хан да көңіл бөлген. Бізге жеткен ел
аңызындағы деректерде Есім хан билер туралы арнайы бабты заңдастырған
көрінеді: Ол мынадай: “би болсын, би түсетін үй болсын”5. Бұл заңда
адамның табиғат берген ерекше қасиеттері де ескерусіз қалмаған. Онда үстеме
құн ретінде: “өнер, құны, сүйек құны” белгіленген. Егер өлген адам батыр не
ақын-жырау немесе би болса, сол өнері үшін үстеме құн алынған”. Ол тұста
сонымен қатар билер кеңес құрып тұрған. Бұл әрине билердің сол кездң өзінде
беделді күшке айналғанын куәләндіреді.
Бұл уақыт аралығы туралы жазылған нақты фактілі еңбектердің аздығы,
әлі де болса қолға түспеуі бізді халықтың зердесінде сақталған аңыз
әңгімелердің желісімен сол кезеңнің бейнесін сомдауға итермелейді. Сондай
аңыздың желісі бізді Есімхан тұсында да билердің ролі қомақты болған деген
ойға жетелейді. И.Байзақов шығармаларында мынадай аңыз әңгіме ұшырасады:
“Қазақтың Есім ханы болған кездле, жау жорық жапан түзге толған кезде.
Болыпты Монтай атты бір әділ би, руы ойбас қыпшақ орта жүзде”1.
Есімнің жоғын жоқтайтын, оның беделін дәріптен асыратын, елін билеуде
тіреніші болған, билері де бар. Сондай биінің бірі кіші жүздегі ел
басқарушысы Жиембет жырау еді2.
Хан қорланғанда оның ашуын басуға, сабасына түсіруге жарарлық күш
билер болған. Олар өзінің тоқтау сөзін ханға көркем тілімен әшекейлеп,
жүрекке жетерліктей етіп айта білген. Жиембет бидің інісі шатақ іс
жасағанда Есім ханға келіп былай деген екен:
“Жол тосып алып кетіпті,
Қалмақтан алмақ сыйынды,
Қаһарынды басқалы
Қалың елім жиылды
Бастап келген өзге емес,
Жиембет – сынды биің-ді3.
Билер халық сүйеніші, кеңесшісі болған. Хан саясатын ру ішінде
жүргізуші. Егер ханнан би сырт айналса, халық та теріс қараған. Билер сол
кездің өзінде ханға, хансың деп қарамай ойындағысын айта білген.
Жиембет жырау:
“Еңсегей бойлы ер Есім,
Есім, сені есірткен
Есіл де менің кеңесім
Ес білген де, Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесің,
Қолтығыңа болдым демесін
Ертеңгі күн болғанда,
Елің кеңес құрғанда,
Айналып ақыл табарға
Есіктегі ебесің,
Сонда ханым не десін,
Мен жоқ болсам, Есім хан,
Ит түрткіні көресің,
Жиембет қайда дегенде
Не деп жауап бересің?”1 – деген екен.
Есім хан өзінің әкесі Тәуекел хан дербес би ретінде белгілеген
Досмұхамедті2 қатты құрметтеп сыйлаған. Оның билікшешімдерін үнемі мақұлдап
отырған. Досмұхамедтің ісіне сүйіспеншілігінің белгісі ретінде халық оны
“Дос би” деп атаған.
Есім хан халықтар арасындағы ынтымақты да нығайтуға күш салған. Және
ол елдердің де билеріне құрмет көрсетіп отырған көрінеді. Ш.Уәлихановтың
айтуынша осы ынтымақтың белгісі ретінде “Ташкентте қырғыздың көркем биіне
арнап күмбез салдырған. Ол осы күнге дейін бар, “Көкемнің көк күмбезі” деп
аталады1.
Көріп отырғанымыздай Есімхан тұсында билердің қоғамдағы атқарған ролі
жоғары болған. Бұл кезде билер өзінің руының білектей піріне айналған.
Бірақ та әліде болса билер жалпы ханға тегеурін боларлық айбынды күшке
айналмаған еді. Сонымен қатар бұл кездің ерекшелігі билердің өздеріне тән
шешендік, ділмарлық, тапқырлық деген қасиеттерінің кең құлаш жая
бастауында еді.
“Көріп отырғанымыздай Есім мен Қасымның жинақтарында қомақты” орын
әскери және елшілік нормаларға берілген. Бұл түсінікті де. Себебі, жас
мемлекеттің ең басты мақсаты – күн астындағы өз орнын табу және соны
нығайту елі2.
“Тәуке ханның “Жеті Жарғысы” қазақ халқы үшін тарихи маңызы зор
конституциялық ескерткіш болып табылады. Өйткені XVІІ ғасырдың екінші
жартысы мен XVІІІ ғасырдың басы Қазақстан үшін қилы да қиын дәуір болды. Ру-
ру, ұлыс-жүз болып бөлініп, алауыздықпен өзара дау-жанжал, қақтығысқа
белшесінен батқан қазақтарды Ресей патшалығының арамза саясаты, Шығыстан,
арқадан тынымсыз шабуылдаған жоңғар қалмақтарының басқыншылығына ұшыратты.
Осындай қиын кезеңде билік құрған Жәңгір ханның баласы Тәуке ыдырап,
берекесі кеткен қазақ халқының басын қосып, ішкі дау-жанжалды, барымтаны,
тежемелі ұсақ хандықтардың уақытша болса да ынтымаған көздемей, сыртқы
жаулармен батыл күресуге болмайтынын түсінді. Осы мақсатпен Тәуке қазақ
қоғамына ірі-ірі реформаларды енгізді.
Сондай сүбелі реформаторлық қадамы, ол қазақ әдет-ғұрып құқығын сол
қоғамның талап тілектеріне сәйкес қайта жаңғыртуы еді. Әрине бұл заңның
негізін бұрынғы ата-бабаларымыздан келе жатқан жол-жорағылар құрады. Тәуке
ханның еңбегі сонда, ол бұл заңдарға жаңа серпін, жаңа мазмүн бере алды.
Енді осы Тәуке ханның “Жеті Жарғысы” тұсындағы билердің роліне
тоқталайық. Бұл мәселеге арнайы көңіл бөлген ғалымдарда бар1. Билер Тәуке
хан тұсында үлкен әлеуметтік күшке айналды. Сондықтан да “билер кеңесі”
деген тұрақты органының өмірге келуітегін емес сияқты. Бұл кезде атышулы,
мемлекеттік дәрежеге жеткен билер де болған. Олар бәрімізге таныс Үш
пайғамбар атанған “Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер еді”.
Билер бұл кезде ру басы болумен қатар кәнігі сот қызметінде атқаралы
және халықаралық қатынаста елшілікке де тартылады. “Қаздауысты Қазыбектің,
Жәнібек Шақшақұлының елшілікке барғаны бәрімізге аян”.
Сонымен қатар белгілі билер ел басқарулы қойып тек соттық қызметпен
айналысқан деуге де болады2.
Тәуке хан билердің соттық дәстүрін сол қалпында қалдырған “законы
Тауке оставляли в неприкосновенности сложившуюся процессуальную сторону
суда, который носил устный состязательный и гласный характер”3.
Тәуке хан заманынан бастап қалыптасқан тағы бір институт –“Жүгініс”
яғни рулар арасында болған даулар мен қақтығыстарды билердің алқалық
құрамымен қарауы1.
Қорыта келгенде Тәуке заманында билер өзінің классикалық сипатына бет
бұрған. Олар: соттық, әкімшілік, ру басшысы, қажет болғанда елшілік
қызметте атқарған әмбебап институт ретінде орныға бастайды.
Соңында айтарымыз қазақ хандығының бұл кезңінде билер институты
белгілі дәрежеде эволюциялық жолдан өтті. Ру басы болған би, халықтың оң
тізесін басқан ақылшысына айналды. Кейін бойына жоғарыда аталған
функцияларды біріктірген белгілі “жүйе” болып орныға бастады. Бұл Тәуке хан
тұсында айқын аңғарылады. Бір ескеретін жәйт, билер институтына тән
“әмбебаптық” қасиет, оның ішкі мазмұнын құраған, сондықтан да ол билер
институтының өткен жолында көрініс беріп отырған.
ІІ – тарау. Билер институты Ресей бодондығы түсында
Бұл бөлімде біз билер сотының қызметіне емес, патшалық Ресейдің билер
институтының қазақ халқының тарихының аластауға байланысты жүргізген
саясатын баяндауды жөн көрді. Ал, билер сатынын председательдық
ерекшеліктері арнайы бөлімде сөз болды.
Қазақ елі Ресей отралауына өткеннен кейін-ақ империялық пиғылды
ашықта-ашық сезе бастады. Патша өкіметінің саясатының түп мақсаты, қазақ
елін өзінің ғасырлар бойы қалыптасып келген бітім-болмысынан айыруы құлдықа
айналдыру еді. Бұл отарлау пиғылындағы елдердің барлығына тән әлімсақтан
келе жатқан әдіс.
“Құлақ кесті құлға” айналдыру саясатын патшалық Ресей алғашқы кезде
бекініске салу арқылы, елге дендеп бойлаумен бастағаны баршамызға аян.
Кейін бұл әрекетті дала жұртынын саяси-құқықтық құрылымына қол салумен
ұштастырды. “Проблемы организаций суда и судебной деятельности всегда
стояла в центре политики как ханов, так и государств, проводивших политику
завовевания и подчинения Казахстана”1 деп ұлағатты ғалым, академик
С.Зиманов сот жүйесін әр уақытта отарлаушы елдердің көзінен таса қалмағанын
атап көрсетті.
“Көшпелі қазақ ұғымында мемлекеттік биліктін ең кең және шырқай
дамыған саласы – сот билігі болатын”2. Міне, қыр елінің бұл ерекшелігін
салмай таныған Ресей шенеуліктері, тұтастай құлдыққа айналдыруды осы сот
жүйесін түсаулаудан бастады.
Бұл бағыттағы алғашқы қадамын Ресей империясы “шекаралық соттарды”3
құрумен бастады. Оның әр ордадағы аясын кенейтуге күш салды. Содан кейін
патша өкіметі жармыштап белгілі істерді өз қарамағына ала бастады.
Мұның барлығы империялық пиғылдын құрт іспеттес жаймен “кеусеп
жеуінің” басы болатын. Бірден билер институтына тырнақ батыруға Ресей
патшалығы неліктен жүрексінді?
Өйткені біріншіден, қазақ еліндегі ықпалы әлі де мардымсыз еді,
сонымен қатар қашанда болса, кіші-гірім бұғау салу әрекетіне тосқауыл қоюға
дайын еркін сүйгіш халықты өзіне қарсы қойып алғысы келмеді.
Ресейдің билер институтына байланысты жүргізген саясатының
біререкшелігі сонда: бірден билер институтына тарих сахнасынан аластатпай,
әртүрлі құйтырқы әдістермен ірітіп-шірітіп, халыққа жағымсыз құбылыс
ретінде көрсету арқылы халық жадынан өшіруді ойлады.
Патша өкіметі ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде жүргізген реформаларында
сол уақытқа дейін қаймағы бұзылмай келген билер институтының кіршіксіз таза
кейпіне лаң түсірді. Осы реформалардан кейін билер сайланатын болды. Бірақ
та сол уақытқа дейін би атағы барлар, атақтарын сақтап қалды. Шын мәнінде,
сайланбалы қағиданы енгізу билер институтын бұрынғы мәйегінен айырды.
“Сайлау” деген ұлы шығыстың жұлдызы Ш.Уәлихановтың айтуы бойынша
“формальды” нәрсе. Билерді сайлау патша өкіметінің саясатын жүргізуге
онтайлы қол шоқпар билердің тарих сахнасына шығуына жол ашты. “Осылай 1824
жылдан бастап қазақ еліндегі билер сайланбалы болды, сондықтан бұрынғыдай
ел арасынан шыққан халық таңдаушылары емес, тек байлардың ғана би қызметіне
қолы жетті, себебі патша ұлықтарына пара беретін дәулетті дүниеқоңыз,
итаршы жағымпаздар, яғни халықтың емес, өздерінің айтқанын істейтін адамдар
керек еді”1. Сөйтіп өмірге атаққұмар, парақор билердің легі келе бастады.
Бұл реформалардың қадамы билер тарапынан да назарлық тудырды: “В
ведение новой судебной системы задело интересы части биев, которые не были
привличены царскими властями к судебно-административной службе. Потеряв
таким образом свое влияние в казахских родах, эти бии составили группу лиц,
недовольных политикой царской администрации в Казахстане”2.
Сонымен қазақ қоғамындағы билер тобы екіге айырылды. Далада жалпы
империялық соттың ролін арттыру, керісінше билер сотының аясын шектеу
арқылы оны жалпы сот органдарымен жақындастыруды3 мақсат етті.
Патша өкіметі бұдан кейінгі реформаларында да билер институтын тарих
санасынан аластатуды жәймен жүргізіп жатты. Бірақ та билер қазақ
қоғамындағы мәнін ХІХ ғасырдың ортасына дейін жоғалтқан жоқ.
Билер институтын ақсатуда әртүрлі құйтырқы саясат жүргізіп бақты.
Билердің қарауынан едәуір істерді алып, оны жалпы империялық соттардың
қарамағына берді. “Указом 1852 г. казахи за убийство, грабежи и барымту
представались военному суду. На деле полномочия этих судов были гораздо
шире. Не только действия неугодных элементов правосудия под указанные
категории людей, но и поощрялись любые формы деятельности военных судов,
направленной на поддержание “порядка” в казахской степи”4 және шекаралық
комиссиялардың жанына “Сорвесный мировой суд”5 құру арқылы билер сотынын
беделін түсіруді көздеді. Билердің шығарған шешімдері тек облыстық
басқарманың және округтік приказдын тарапынан шығамдар түспесе күшіне
енетін болды. “1854 жылы Зауда билері бұрынғыдай сайланбалы, яғни жоғарыдан
тағайындалатын етіп қалдырды. Оларды түгелдей тек ұлықтарға қызмет етулі
етіп бекітті. Ал ел ішіндегі халық таланттары – нағыз билердің сот
шешімдері ұлықтар бекітсе ғана жүзеге асты, әйтпесе ештеңеге жарамайтын
болды”1.
Россиядағы “Мировой суд” пен қазақ арасындағы билер тобын салыстырып
Ш.Уәлиханов:
“Решения биев могут всегда быть обжалованы, решение не мировых судей,
в известных случаях, считаются окончательными и не подлежат обжалованию 30
ст.Угол.Зак.43 ст. Граж.судопр..
...решения биев приводят в исполнение султанов, управители и старшины,
а окончательный приговор мирового суда исполнят сам мировой судья” – деп
орыс губернияларына арналған “Мировой соттың” қаншалықты күшті екенін, ал
билер сотын қазақ жерінде патша әкімшілігі қалаған кезінде бекітпей қоя
алатынын қазақ ғалымы қынжала отырып жазады”2.
Сөйтіп билерді жоғары патша ұлықтары өздеріне кіріптар етіп қойды.
Бұл бедің көңілінде аландаушылық тудырып, ал, көңілі екі ұдайы бидің
толымды билік айтуы екі талай екені белгілі. Сонымен парақор, дарынсыз,
патша өкілдеріне жағынатын жылпос билердің санын арттырды. “Связь бийских
судов с официальными органами власти и надзор за их деятельность со стороны
последних со времен привели к фактическому огусударствлению основной их
части. Все большее отражение находили в их решениях интересы колониальных
властей. Таким образом, существование бийских судов отчасти не
препятствовало планом правительства; наоборот, постепенными мерами многие
из них были превращены в разновидность местных государственных чиновников,
что нашло законодательное оформление в реформах 60-70 годах ХІХ в”1.
Ресей империясы өзінін билер институтына байланысты саясатын 1867-
1868 жылдарғы реформаларда үдете түсті. Отаршыл пиғылдағы шенеуніктері
билерге “билер соты” деген атауды да көпсінді. Міне осы реформалардан
кейін, билер соты “Халық соты” деп аталатын болды. Бұл сонау ғасырлар
қойнауынан келе жатқан тарихи сабатастықты үзуге бағытталған әрекет еді.
“Уақытша ережелер” қазақ билерінің статусын жойып, оларды чиновниктер
санатына қосумен үш жыл мерзімге сайлауда практикаға енгізді. “Халық соты”
деп аталған құрамы шешендік өнерден жүрдай, отаршылдық аппаратпен ауыз
жаласқандардын санын жаңбырдан кейін қаулап шыққан саңырауқұлақтардай
көбейтіп, лауазым шен-шекпен үшін ұлт мүддесін сатқан бюрократтардың санын
көбейтті. Мұны, С.Торайғыровтың мына өлені дәл суреттейді:
“Былтыр ол “би болсам” деп арман етті.
Сойыс қып, елге шауып, ақша текті.
Біреудің арқасында беделді боп,
Би болды, жез знакке қолы жетті”2.
“По вопросам организация судебной власти в степи в законе не было
указано на обязательность или не обязательность очистительной присяги,
распространившиеся в степи во второй половине ХІХ в., не были точно указаны
мотивы для отвода биев, срок созыва чрезвычайных уездных и мест уездных
съездов биев. Раздел о народном суде вообще ни слова не говорил о
возможности допуска адвокатов суды биев”1. Патша өкіметі ережені әдейі анық
жазбай, уақытша деп сыйыр құймышақтатып қойды. Соның салдарынан заңсыздық,
бетімен кетушілік өсті, ресми және биресми “түземдік” әкімшіліктердің саны
өсті.
“Царизм был весьма заинтересован в таком судебном аппарате, которой
способствовал провидению его колониальной политики”. Шын мәнінде билер соты
патшаны саясатын жүргізетін қол шоқтылар болды. Шешендік өнерден жүрдай,
империялық пиғылдың күйін күйттейтін, дүдәмәл “би сияқтылар” ұлыққа жақсан
болды деп толымсыз билік шығарып жатты.
Бұрынғы билердің бір ерекшелігі сол. Олар шешендік өнерді өздерінің
билігін пәрменде болуы үшін пайдаланып отырған. Және де шешендік өнер бидін
ел ортасына танылуда және оны би ретінде танудын бірден-бір алғы шарты
болатын. Сонымен қатар билердің шешіміндегі творчестволық сарын жоғалды.
Міне, билер өзінің тарихи қалыптасқан сара жолынан айырылып қана қоймай.
Оның мәнін жырлайтын ғасырлық тамыры бар “мәйегін” жоғалтты. Былайша
айтқанда “жүні жүлынған тырнады” болып қалды.
Ресей тұсындағы билердің озбырлығын, пәтуаздығын, татымсыздығын
көзімен көрген қазақтын ұлы ақыны Абайды өздеріні қара сөздерінде:
“Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінен қолынан
келмейді. Бұған бұрынғы “Қасым ханнын қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын”,
Әз Тәуке ханның күл төбенін басынағы күнде кеңес болғанда “жеті жарғысын”
білмек керек. Ол ескі сөздердін қайсысы заман өзгергендікпенен ескеріп, бұл
жаңа заманға келіспейтүғын болса, оның орнына татымда толық билік шығарып,
төлеу саларға жарарлық кісі болса керек еді, ондай кісі аз, яки тіпті жоқ”1
– деп билердің шешімдерінде бұрынғы творчествовалық нәрдін кеткені,
билердін өткен заманнан келе жатқан әдет-ғұрып құқығынын нормаларын жаңа
заманға ыңғайластырушылық өмір талабына сәйкес жаңа нормаларымен
байытушылық қабілетінің, соның арқасында әдет-ғұрыптың өміршендігі
қамтамасыз етуші күш ретіндегі сипатының тамыры өзіліп бара жатқанын
айтады.
“Сонымен, ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ билерінің екі түрі
болды. Біріншісі – ертеден келе жатқан дәстүрдің жалғастыру, яғни халық
таңдаулылары. Екіншісі – патша өкіметінің нақсүйері, халыққа жеккернішті
болса пышағы май үстінде жүрген қызметкер би, өкіметтен жалақы, халықтан
пара алушы”2.
Кейінгі уақытша өкімет тұсында да билер институты жою саясты өз
алғасын тауып жатты. Мәселенки, уақытша өкіметтін органы ретінде танылған,
билер соттары тәрізді соттардың құрылуы”3.
Ресей елінің билер институтына байланысты саясаттың тағы бір
ерекшелігі сол билер сотын қазақтың мемлекетінің паш ететін басқа да
атрибуттарымен бірге сабақтастыра кездеуінде еді.
Қорыта келгенде, ХІХ ғасырдың 20 жылдарынан бастап “құқығы шектеулі
билер соты құрылса”4, кейін билер патша ұлықтарының көңіл-күйіне қарап
қызмет істейтін “күнбағысқа” айналды. Ал Хіх ғасырдың жартысынан кейінгі
реформаларда билер соты дегенатауды тарих сахнасынан мүлдем аластатуды
мақсат етті.
ІІІ тарау. Билер институты Кеңестік Қазақстанда
Кеңес өкіметі бар күш-жігерін салып күрестіп баққан әдет-ғұрып
құқығының белді институты – билер институты еді. Кеңес өкіметі тұсындағы
билер сотының ерекшелігі, жергілікті жердегі ауыл, аймақ арасындағы дау-
жанжалды, қылмыстық әрекеттерді шешуші орган ретінде қызмет етуінде еді. Ол
кезде қыр еліндегі төрелік айтушы негізгі буын билер соты болатын.
Сондықтанда Кеңес өкіметі орнай сала қолына алған бірінші мәселесі,
мемлекеттің тірегі болып табылатын сот жүйесін құртып, оның орнына жаңа
таптық мүддені бірінші орынға қоятын сот құрылысын енгізуді қолға алды. Ал
билер сот мен қазылар сотын құртуды осы саясатпен астарластырып жүргізді.
Бірақ та Кеңес өкіметі өзінің алғашқы орнаған кезінде қабылдаған
құжатының бірі 1917 жылғы 22 қарашада “Сот туралы” деген декретінде билер
сотына байланысты мәселені қарамады. Онысы түсінікті де еді. біріншіден, ол
өкіметтің сот жүйесі осы декретпен құрылған түр. Екіншіден, халықтың
арасында әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің рухи биік еді, соған сәйкес бұл құжатта
билер сотын терістеуге жүрексінді. Бұл халықты өзінен теріс айналдырмаудың
және алғашқы әлсіз кезінде ұстанған стратегиясы еді.
Ал 1919 жылдан бастап-ақ кеңес өкіметі билер мен қазыларды өмірден
аластауға әрекет жасады. Ол жолда сан салады әдіс-тәсілдер қолданып бақты.
Осы жүргізілген саясаттың бағытын саралай қарайтын болса, онда белгілі бір
жүйелілікті аңғарамыз:
Алғашқы кезде кеңес өкіметінің билер сотының қызметін жергілікті
органдардың жіті бақылауына алуымен және билерге билік ақы төлемеуден;
Соңғы кездері билер сотының қызметін заңсыз деп тауып, қылмыстық
тәртіппен құдалаудан көрініс табады;
Сонымен қатар билер сотын құртуға, Кеңес өкіметі құрған арнайы
органдардың әдет-ғұрып нормаларын қолдануы да әсер етті. Мысалы, 1919 ж. 10
шілдедегі қырғыз “қазақ өлкесінің басқару жөніндегі революциялық комитеті
туралы” декретіне былай делінген: “Все тяжебные дела между киргизами
разрешаются по месту жительства ответчика при аульных и волостных
председателях исполнительных комитетов третейским судом1. Әрмен қарай,
“дела между киргизами разрешаются народным судом по существу дело по
обычному праву2. Ерекшелік сонда. Әдет-ғұрып құқығын арнайы үштік соттар
мен жалпы халық соттарында бірдей қолдануында еді.
Үштік соттардың құрылғандығы мақсаты жаңа ғана қалыптасып келе жатқан
кеңестік сот жүйесіне көрсету еді. Бірақ та біздің ойымызша үштік соттар
сол кездегі билер сотын ысырап шығарушы бірден-бір күш болуға тиіс еді.
Өкінішке орай, кеңес өкіметінің бұл әрекеті жүзеге аспай қалды. Керісінше,
үштік соттар билердің сотына айналып кетті. Мәсекенки: “Бай, бии и
представители мусульманского духовенства толковали декрет Советского
правительства от 10 июля 1919 года в свою пользу, утверждая, что якобы
третейский сул – это и есть суд биев. В реформированном виде”3 деп оның
құрамына еніп жатты4. Бұл әрекет ол соттарды жоюға алып келіп тірегені
баршамызға аян.
Кеңес өкіметі билердің қызметін өзінің бақылауына алу арқылы, ол
соттарға байланысты қандайда болса көңіл толқуын қолдап отырды. Бұл билер
сотының құзіретінің аясын шектеді және бұрыннан келе жатқан билердің шешім
шығарудағы шығармашылық қасиетін, яғни шешімді астарлы сөзбен
көркемдеу,билік мақсаты бітістіру деген ұстанымлардың күшін көкке ұшырды.
Өйткені, билердің ондай әрекеттерінің барлығы құзіретінің шектен шығу “өзім
білдіге” салыну ретінде бағаланды. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ресми
түрде билер сайланбады. Оларға билік ақы төленбеді. “Государство не
выплачивало последним какого-либо вознаграждения. Более того многие советы
запретили биям взимать “биилик” – оплату за судебные разбирательства. Так,
Семиреченская юридическая коллегия в 1918г. приняла постановления о
запрещении взимания “бийлика” за судебные разбирательства”1. Олардың
“билік” ақысы, мысалы: “кісі өлтіруге” байланысты істерді қарағанда
талаптың 110 бөлігін өзіне алып отырды2.
Кеңес өкіметі тұсында билер сотын сақтап қалуды қызғыштай
қорғағандарда болған. Ол сол кездегі қазақтың жоғын жоқтаушы “Алаш”
партиясы еді. Оның көрнекті өкілдері: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,
М.Дулатов, Бірімжанов т.б. билер соты олардың бағдарламаларында көрініс
тапты3. 1917 жылғы 21-26 шілде аралығында Орынборда өткен жалпы қырғыздың
жалпы қазақтың - Б.Қ. съезінде және 1917 жылғы 20-25 тамызда өткен екінші
Торғай облыстық съезде қазақ елінде бұрынғы “халық соттарының” қызмет істей
беруін жақтаған еді4. Өйткені, “билер” сотының жалпы игі ықпалы мен маңызын
біліп, оларды жаңа жағдайларда пайдаланғысы келді1.
Билер сотымен күресті Кеңес өкіметі басқа да қазақ әлет-ғұрып
құқығының институттары нормаларымен бірге жүргізді. Мәселенки, “Борьба с
барымтой велась в тесной связи с мерами, направленным на преодоление
действия и упразднения судов биев в Казахстане”2, өйткені, ол нормалар
билер сотының қызмет істеуінің материалдық негізгі болып табылатын.
Кеңес өкіметі билер сотымен күресті жиырмасыншы жылдардан кейін үдете
түсті. Мысалы: Сырдария облысында 1922 27 ақсақалдар соты болса, 1923 - 14,
1924 - 2, ал 1925 – 13 ғана қалған. Ал 1924 жылдан қылмыстық қудалауға
салса, 1928 жылдан бастап РСФСР-дың қылмыстық заңына арнайы бап енгізіп
соның аясында қудалауды жүргізді4.
ІІ бөлім Билер институтының жүйесі мен негізгі сатылары
(инстанциялары)
1 тарау. Билер кеңесі
“Өзенге бие байлатып,
Төскейге орда орнатып,
Төрткүлдеп ошақ қыздырып,
Төбел бие сойғызып,
Төменде бидің кеңесін.
Бізде бір құрар ма екеміз?”1- деп Ақтамберді жырау армандаған билер
кеңесінің елдің елдігін сақтап, іргесін берік қылқу жолында арқарғанда
қызмет ұштаң теңіз.
Қазақ қоғамында билер кеңесі өзінің аясына заң шығаруды, соттың
қызметі, мемлекеттік дәрежедегі әкімшілік және әскери істерді қарап
шешетін, елдіктің негізгі тірегі болған орган.
Билер кеңесінің тарих сахнасына шығуы, сол заманның кеменгері, ұлы
реформаторы Әз-Тәуке ханның атымен тығыз байланысты. Бұл туралы “Билер
кеңесі – Тәуке ханның жоғарғы кеңесінің органы”2 делінген. Ол тұста
мемлекеттік аппаратың құрамын да үлкен өзгерістер болады.
Атап айтқанда, басқару процессіне бұрын беймәлім болған “Билер
кеңесі” енгізілді3. Тәуке хан тарих сахына орнынан Билер кеңесін әкелді.
Бұл халықтың жуан ортасынан шыққан үздік ойлы, дарынды, тапқыр тілді, алғыр
ұйымдастырушылардың қалыс қалмауына даңғыл жол ашты. Тәуке хан әкесі Жәңгір
хан жолымен елді “коллегиялы” түрдебилеуді мақсат ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz