Түрік қағанатының сыртқы қарым - қатынасы тарихы


Түрік қағанатының сыртқы қарым-қатынасы тарихы.
Жоспар
Кіріспе . . . 4-12 б
I-тарау. Түрік қағанатының көрші елдермен YI ғасырдың II жартысындағы саяси қарым-қатынасы
1. 1. Орталық Азиядағы геосаяси ахуал
және Түрік қағанатының құрылуы . . . 13-22 б
1. 2. Түрік қағанатының батыс саясаты . . . 22-28 б
1. 3. Түрік қағанатының шығыс саясаты . . . 27-30 б
II-тарау. Түрік қағанатының көрші елдермен VI-II жартысы
VIII-ғасырдың II жартысындағы саяси қарым-қатынасы.
2. 1. Түрік қағанатындағы ішкі саяси өзгерістер
мен қайшылықтар . . . 31-37 б
2. 2. Түрік тайпаларының араб және қытай экспанциясына
қарсы күресі . . . 38-39 б
2. 3. Түрік-соғды қарым-қатынасы . . . 40-44 б
Қорытынды . . . 45-47 б
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 48-51 б
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Қазақстанда тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасына [1] сәйкес Қазақстан тарихы, әсіресе оның ерте және орта ғасырдағы этно-саяси тарихын ендігі жерде қалай жазу керек, ол дәуірлерде құрылып салтанат құрған Үйсін, Қаңлы, Түрік қағанаты, Түргеш қағанаты, Қарлық, Қарахан т. б мемлекеттердің тарихы қалай жазылуы керек. Қайтадан жазыла бастаған «Қазақстан тарихы» авторлары бұл сауалға: « . . . Қазақстан тарихының үздіксіздігін, қазақ халқы тарихы мен мәдениетінің ежелден бастап қазіргі күндерге дейінгі сабақтастығын жаңа айқындамалар тұрғысынан ашып көрсетуге әрекеттену керек»[2], деген жауап береді. Біз міне осындай ұстанымдарды негізге ала отырып, орта ғасырда Қазақстан өңірінде өмір сүрген түрік қағандығының саяси тарихын зерттеуге талпындық.
Қазақстан тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде өзінің егемендігін алғаннан бері еліміздің халықаралық қатынастағы геосаяси жағдай күрт өзгерген кезде тарихымызды зерттеу саласында үлкен бетбұрыстар болып жатыр. Әсіресе бүгінгі күнгі Қазақстан республикасының дүниежүзілік қауымдастыққа кіру уақытында, қазақ халқының рухани өрлеуімен, тарихи санасының қалыптасу заманында өзінің көршілес және алыс халықтармен, мемлекеттермен ғасырлар бойындағы болған қарым-қатнастары мен байланыстарына деген қызығушылығы едәуір артып отыр. Осы орайда, халықаралық аспектіге ие түркі факторының белгілі ғылыми мағынаға бөленуі кездейсоқтық құбылыс емес. Өйткені, түркілер орта ғасырдың ең ірі этникалық топтарының бірі ретінде бірқатар түркі халықтарының, соның ішінде бірінші кезекте қазақ халқының қалыптасуында айрықша роль атқара отырып, адамзат тарихының ең ірі оқиғалары өткен Еуразия даласының бірқатар этностары мен мемлекеттерінің тарихында өзінің өшпес ізін қалдырды.
Ежелгі түркі мемлекетінің территориялық шеңбері қазіргі Қазақстан жерін қамтып тарихи даму жағынан қазақ халқы олардың этникалық және мәдени мұрагері болып табылуы себепті, ежелгі Түркі мемлекетінің тарихын зерттеу ісі сол төл ғылымымыз үшін ең өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Өткенімізді сараламай болашағымызды болжау қиын. Елдігімізбен мемлекетіміздің бүгіні мен болашағын оның ішкі саяси бағытымен қоса әлемдік қауымдастықтың басқа мүшелерімен қарым-қатнастардың қандай деңгей мен сапада болуы белгілейді. Тарихымызды зерттеу ісінің ғылыми, әлеуметтік, қоғамдық және ұлттық танымдық қызметтерімен қоса, бүгінгі күнгі басқа елдермен сыртқы саясатымызда қарым-қатынасымыздың тарихи тамырларымен негіздерін ашып көрсетудегі маңызы өте зор.
Осы диссертацияның тақырыбы мен мазмұнын қамтитын ежелгі Түркі мемлекетінің басқа мемлекеттермен ғасырларға созылған қарым-қатнастарымен, байланыстарын ашу арқылы ежелгі Түркі мемлекетінің діңгегін құрған қазақ мемлекетінің ортағасырлардағы Қытай, Иран, Византия мемлекеттерімен байланыстарының терең тамырлары бар екенін көрсетіп бүгінгі әлемдік қауымдастықтағы орнымен маңыздылығын жаңа деңгейде жаңғырту үшін маңызды негіз бола отырып, қазақ мемлекетінің сыртқы саясатындағы батыс пен шығыс елдерімен дипломатия саласында ғасырларға кеткен терең тарихи байланыстарының тамырларымен, бай дәстүрлерін көрсетуде маңызды фактор бола алады.
VI-VIII ғғ. өмір сүрген көшпелілердің кезекті мемлекеті Түрік қағанаты әлемдік мемлекеттер тарихында үлкен орын алады. Ұзақ уақыт бойы түрік әлемінің тарихы Кеңестер Одағында Шығыс халықтарының тарихынан, әлем өркениетінен бөлініп төмендетіліп оқытылды . Осыған байланысты Европада да көшпелілер «даланың құлдары», «жабайылар», «дамыған әлемнен тыс өмір сүрген» деген көзқарастар қалыптасқан. Олар үшің көшпелілер қоғамы тарихта жоқ қоғам болып есептеледі.
Ежелгі Түркі мемлекетінің тарихын зерттеу саласында жалпы қызығушылық болып бірқатар еңбектердің шыққанына қарамастан қазіргі уақытқа дейін бұл мәселенің бірқатар астарлары белгісіз және оның тарихын толық қамтитын арнайы зерттеу бүгінге дейін жоқ. Оның көптеген себептері бар, атап айтар болсақ, түріктер өмір сүрген дәуірден бізге жеткен жазба деректер негізінен қытай жылнамаларында сақталған. Бірақ, олар қазақ тіліне аударылып, ғылыми айналымға түсе қоймады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Түріктер туралы алғашқы зерттеуді еуропа ғалымдары бастаған болатын.
Орхон-Енисей және Талас жазбаларын, басқа да ежелгі және орта ғасыр кезеңіне қатысты мәдениет ескерткіштерін жан-жақты зерттеу VI-VII ғасырлардағы түрік халықтарының тарихына жаңа көзқарас тұрғысынан қарауға, ғалымдарға сол уақытта Түрік империясының көптеген халықтар мен мемлекеттердің тағдырында атқарған «тарихи ролі» туралы қорытындылырға келуге мүмкіндік береді.
Орталық Азия халықтарының ортағасырлық тарихын зерттеудегі қазіргі заманғы шетелдік тарихнамасының дамуына Д. Синор, К. Менгес П. Альто және басқалар негізін қалаған түрік және моңғол тілдерінің тууы туралы «алтай теориясы» басым ықпалын тигізіп келеді [3] 50-60 жылдары бұл теорияға Лондон университетінің профессоры, моңғол және түрік тілдері білім саласының белгілі маманы Джерард Клоссон (1891-1974) қарсы шықты [4] .
Түрік қағанаттары мен олардың ыдырауынан кейінгі уақыттарда Орита Азия мен Қазақстан ауқымында дүниеге келген мемлекеттердің этникалық құрамын, қазақ халқының қалыптасу процесіне дейінгі кейбір тайпалардың тілі мен бөлек әр кезеңдегі қонысы, өлкенің тарихи жағрафиясына қатысты басқа да күрделі мәселелердің басын ашып қарауға Дж. Клосонның «XIII ғасырға дейінгі түрік тілінің этимологиялық сөздігі», «Түрік-руникалық жазуының шығу тегі», «Моңғол тіліндегі ежелгі түрік сөздері» аты еңбектерінің тарихшыларға көрсетер көмегі зор.
Көне түріктер мен оларға көршілес халықтардың тілдеріне зор мән берілудің бір сыры ғалымдардың лингвистикалық деректерді өткен дәуірдің кейбір беттерінің сырын ашу үшін көмекші құрал ретінде пайдалануға тырысуына байланысты. Мысалы, неміс ғалымы А. Габен көне түрік грамматикасы мен Орхон-Енисей жазбаларын түбегейлі зерттеу ежелгі түріктердің рухани дүниесінің мәнін түсінудің қажетті шарты ретінде көреді [5]
Түрік қағанатының ішкі-сыртқы саясаты жөніндегі шетелдік ғылыми әдебиетті қазақстандық оқырман қауымға жеткізуде ерекше ерен еңбек сіңірген тарихнамашы ғалым К. Л. Есмағамбетов болды[6] . Қазақстанның ортағасырлық тарихын соның ішінде түріктер дәуірі туралы батыс деректері мен әдебиеттерін зерделей келе, ғалым өзінің көп жылғы зерттеулері негізінде жазылған докторлық диссертациясының бірінші тарауын «Төңкеріске дейінгі Қазақстан тарихы мәселелерінің ортаазиятанушы батыс мектептерінде зерттелуі» деп атаған[7] . Онда шетелдік ғалымдардың Қазақстан территориясындағы ортағасырлық мемлекеттердің, атап айтқанда, Түрік қағанатының сыртқы байланыстарына үлкен ден қойып зерттегені көрсетілген. К. Л. Есмағамбетов зерттеулеріне қарағанда, ежелгі түрік кезеңінің оқиғаларын баяндайтын жазбаша деректердің зерттелу тарихнамасы сонау XVII ғасырдағы Қытай жылнамалары мен араб шығармаларының басын қосу негізінде түрік тарихына шолу жасауға әрекет еткен француз маманы Ж. Дегиннен басталады. XVIII ғасырдың орта кезінде француз миссионерлері Маия, Гобильдер көптеген Қытай деректерін аударды. Осы аудармалардың негізінде Дегинь түрік кезеңін зерттеудің «француз мектебін» қалыптастырған. XIXғасырдың соңында Орхон-Енисей бітіктастар жазуының құпиясы ашылғаннан кейін Европа ғалымдары түрік тарихымен айналыса бастаған болатын. XIX ғасырда Вивьен де Сен-Мартен, аббат Лебон, XX ғасырдың басында (1903ж) француз тарихшысы Е. Шаванның қытай жазба деректерімен батыстық зерттеулерге сүйене отырып жазған «Батыс Түрік жөніндегі материалдар» атты еңбегі қосылды. «француз мектебінің» кейінгі жарқын өкілдері П. Пелльо, А. Кордье, Р. Груссе болды. Осылардың ішінде Р. Груссе өз еңбегінде ерте орта ғасырлардағы көшпелілерге жалпы сипаттама бере отырып, олар құрған империялар мен отырықшы мемлекеттер арасындағы қатынастар тарихын жүйелеп, анық жазған.
Түркология дәстүрін жалғастырушылар ішінде «неміс мектебі» де кеңінен танылған. Оның өкілдері- Лю Мао Цзай, Н. Маркварт, Ф. Хирт, т. б еді.
Сөйтіп, көне түрік жазбаларында араб, парсы және қытай тілді дерек көздерінде сақталған тарихи материалдарды саралап зерттеу нәтижесінде еуропалық ғалымдар Түрік қағанатының шынайы тарихын қалпына келтіруге талпынды. Орыс ғалымдарының арасынан біз зерттеп отырған мәселені бірінші болып қолға алған В. В. Бартольд [8] болды, ол “Очерки истории Семиречья “ [9] сияқты бірқатар еңбектерінде түріктердің саяси байланыстары туралы зерттеу жүргізген. Академик В. В. Бартольд Орта Азиядағы көшпелілер мәдениетін - иран тілдес тайпалармен байланыстырады. Ол теңдесі жоқ ғылыми маңызы бар түріктердің сыртқы саясаты туралы мәліметті араб-парсы, түрік жазба деректері арқылы саралап берді. Сондықтан да оның еңбегі әлі күнге өзінің ғылыми құндылығын жоғалтпай келеді.
Ал орыс синологиясының атасы Н. Я. Бичурин Орталық Азия мен Жетісуда ерте орта ғасырда өмір сүрген түрік халықтары жөнінде оның этникалық құрамы мен олардың орналасу жағдайы туралы мәлімет бергендердің бірі болып саналады. [10] .
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырда түріктерді лингвистикалық тұрғыдан зертеген түркологтар зор табыстарға қол жеткізді деуге болады. Орхон-Енисей бітік жазуын зерттеу ісіне Тараз-Талас, Есік қорғандарынан табылған заттар түріктер жөніндегі белгісіздіктерге сәуле шашқандай болды. Бұл салада түрколог ғалымдар В. В. Радлов [11], В. П. Васильев[12], Н. А. Аристов [13], С. Е. Малов [14], әкелі-балалы Сәрсен [15], Алтай Аманжоловтар [16], С. Г. Кляшторный [17], Қ. Өміралиев [18], М. Жолдасбеков [19], Қ. Сартқожаұлы [20] қатарлы ғалымдар айтарлықтай еңбек етті.
Түріктер дәуірінде жасалған заттық-рухани мәдениеттердің қазақ халқы жасаған этно-мәдени үрдістерге тым жақындығын, дәстүр жалғастығын танып білуге отандық археолог-тарихшылар ашқан жаңалықтардың орны ерекше. Академик Ә. Х. Марғұлан, К. Акишев [21], К. Байпақов[22], Р. З. Бурнашев [23] т. б. ғалымдардың еңбектері арқылы түрік қағанаты және оның мұрагерлері дәуіріндегі саяси-әлеуметтік құрылымды, мәдениетті жан-жақтылы зерттеудің негізі қалана бастады. Осы бағытта алғашқылардың бірі болып М. Ақынжанов қазақтың тегі туралы тың ізденіске барды. Ол қолында нақты дәлелі болмаса да, өз пікірін былай деп жазды: «Қазақтың халықтық негізіне алғашқы ұйытқы болған Түрік, Түркеш пен Қарлық одағы болды» [24] -деп жазды.
Түрік қағанатының саяси-әлеуметтік, этникалық және мәдени-эканомикалық тарихы кеңестік дәуірде бірқатар тарихшы-зерттеушілер еңбектеріне арқау болды. Олардың арасында А. Н. Бернштам [25], Ю. А. Зуев [26] есімдерін ерекше атап өтуге болады.
Олар өз еңбектерінде Түрік қағанаты өзіндік ерекшелігі бар жоғары дамыған қуатты мемлекет деп көрсетті.
Біз қарастырып отырған ежелгі Түркілер туралы жазылған жалғыз монографиялық еңбек - Л. М. Гумилевтың «Көне Түріктері» [27] . Л. М. Гумилев өз зерттеуінде «Түрік мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында белгілі бір дәрежеде бетбұрыс кезең болды өйткені сол кезге дейін Орта теңіз мәдениеті мен Қиыр шығыс мәдениеті, бір-бірінің дүниеде бар екенін білсе де басы қосылмаған еді»- деп дәл анықтап Түрік қағанатының басқа мемлекеттермен қарым-қатнасындағы Батыс пен Шығыс арасындағы транзиттік функциясын атап айшықтайды. Сонымен қатар ол Түрік қағанаты сыртқы қарым-қатнасында дүниежүзілік саяси процестерге белсенді қатысқанын және сол қатнастардағы негізгі фактор - Ұлы Жібек жолы екендігін айрықша атап көрсетті.
Түрік қағанаты мен Византия, Иран арасындағы саяси-экономикалық байланыс Н. В. Пигулевская [28], А. А. Иерусалимская [29], В. Ставиский [30] еңбектерінде қарастырылып, Түрік қағанаттының сыртқы саясаттағы орны, атап айтқанда, Истеми қағанның жүргізген сыртқы саясаттағы рөліне баға беріледі.
Түрік-соғды саяси қарым-қатнасы мәселесі А. Джалилов [31], О. И. Смирнов [32], Ф. М. Каршиева [33], А. М. Маликов [34] зерттеулерінде көрініс береді. Зерттеушілер түрік-соғды саяси қарым-қатынасы Орталық Азияда отырықшы және көшпелі тайпалардың өзара мәдени-этникалық байланысын нығайта түсті деген тұжырым жасайды. Кейінгі кезде бұл мәселемен жас зерттеуші А. Б. Сәрсенбаев айналысты. Ол өзінің магистірлік дисертациясында [35] көне түріктердің соғдылықтармен саяси, экономикалық және мәдени байланыстарын зерттеп, былайша қорытынды жасайды: «соғдылықтар өз көршілерінен жәбір көрсе және бастарына күн туса баратын жері Түрік қағанаты еді. Түрік қағанатын олар сауда -экономикалық жол үшін кеңінен пайдаланса түркілер өз кезегінде оларды саяси-экономикалық жағынан, әкімшіліктік өмірде кеңінен пайдаланды. Екі ел VI-VIII ғасырда өте терең араласып, IX ғасырда бір-біріне сіңісіп, соғды - этникалық атау жоғалып, түрікі тайпаларының құрамына араласып, мұсылман дініне өтті».
Түріктердің арабтармен саяси байланыстары мәселесі де аса күрделі деуге болады. Бұл мәселе жанама түрде болса да Т. И. Сеникова [36], Т. С. Саидбаев [37], Е. А. Беляв [38], О. Г. Большаков[39], А. К. Сұлтангалиева [40], Н. Д. Нуртазина [41], Е. Т. Қартабаева [42] және т. б зерттеу еңбектерінде қарастырылады. Олар араб-түрік саси қарым-қатынасы отандық тарихнамада іс жүзінде зерттелмеген деп көрсетеді. Мысалы, Е. Т. Қартабаева «Кеңестік дәуірде түріктердің шекаралас ислам елдерімен мәдени және саяси байланыстары тарихын зерттеушілер «пантүрікшіл», «панисламшыл» деп айыпталды» [43] деп түсіндіреді. Сондықтан да түрік-араб саяси қарым-қатынасын зерттеудің сәті енді түсті деп ойлаймын.
Түрік қағанатының шығыс саясатында Қытаймен байланыс үлкен орын алады. Мәселені зерттеуге Қытайдың Сүй, Тан әулеті дәуіріндегі тарихын зерттеген Лубо-Лесниченко [44], Чеканаги Али Реза [45], В. А. Вельчук [46], Х. Г. Крил [47], А. Г. Малявкин [48], бір кісідей атсалысты. Аталған зерттеушілер «Ұлы Жібек жолы бойындағы елдер белсенді сауда-саттық жасап қана қоймай, материялдық құндылықтарда алмасты . Бұл құбылыс Еуразия халықтарының ортағасырлық саяси тарихына да зор әсерін тигізді» деп тұжырымдайды.
Бауырлас қырғыз халықы ғалымдарынан аталмыш мәселеге тартқан С. Т. Табышалиев болды. 1922 жылы С. Т. Табышалиев «Ұлы Жібек жолындағы Қырғызстан» деген тамаша туындысын жарыққа шығарды [49] .
Ал жібек жолы мәселесі бойынша түріктер еліне келген византиялық елші Земарх туралы ғалым Аман Газиев еңбегінде жан-жақты қаралады [50] .
Түрік қағанатының қағандары жүргізген сыртқы саясат мәселесін жан-жақты талдап, зерделеген және өзінің еңбегін қырғыз тілінде жариялаған белгілі түріктанушы ғалым Ө. Қарауулы [51] болды.
Қазақстандық зерттеушілер де Түрік қағанатын әр қырынан зерттеуге ат салысуда. Қажаубай Сартқожаұлы [52], А. Ш. Махаева [53], Қ. Салғараұлы[54] еңбектері тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары жарық көрді.
Түріктердің шаруашылығы жайлы тың ойлар айтып, соны пікірлер жазған ғалым У. Х. Шәлекенов болды. Зерттеуші өзінің «Түріктердің отырықшы өркениеті» деген кітабында [55] «түріктер Алтай жақтан келген емес, олар өз жерінде түрік қағанатын құрған » - дейді және түріктердің шаруашылықтың әр түрінен айналысқанын археологиялық деректермен көрсетіп береді.
Түргеш қағанатының тарихын кандидаттық диссертация деңгейінде зерттеп, түргештердің көрші мемлекеттермен өзара саяси байланысын 5 тарихи кезеңге бөле отырып зертеген Ә. Дәулетханов [56] Жетісу мен Орталық Азиядағы елдердің тағдырына айрықша ықпал еткен 751 жылғы Атлах шайқасына түргештердің басқыншы Таң империясының армиясын талқандаған ұлы жеңіс деп баға береді.
Дегенмен де Түрік қағанатының саяси тарихы әлі күнге дейін арнайы жазылған емес. «Арғы атам - Ер Түрік, біз - қазақ баласы» - деп М. Жұмабаев жырлағандай түп тегіміз түріктер екені даусыз. Тек оны тани білу үшін Түрік қағанаты тарихын тереңдете зерттей білген жөн.
Зерттеу жұмысының түпдеректік қоры
- Ежелгі Түріктер тарихы осы уақытқа дейін жеткіліксіз зерттелуі мен деректік материалдарының тапшылығына байланысты күрделілік туғызуда. Дегенмен ізденістердің негізінде тақырыпты айшықтайтын деректердің бірнешеуі анықталды. Атап айтсақ руникалық жазулар ескерткіштері, археологиялық жазулар, тарихи жазбаша деректер. Тарихымызды зерттеуде бұлардың әрқайсысының ерекше орны бар. Руникалық жазбалар түрік бабаларымыздың төл туындысы. Олар Түрік қағандғының саяси құрылымы, әлеуметтік-эканомикалық және мәдени дамуына қатысты теңдесі жоқ мәліметтер беруімен құнды. Ең алдымен түрік хандары Күлтегін (732) мен Білге қаған (735) құрметіне қойылған ескерткіштер-Кашацайдам құлпытастарын атап өткен жөн. Бұл жазбалардың авторы ашина әулетінен шыққан Иолығ-тегін. Ол Түрік тілінде жазған есімі бізге белгілі тұңғыш жазушы. Тоныкөк (716), Құлшора құрметіне қойылған ескерткіш (722), Онгин жазбасы қосылатын Кошацайдам мәнерлі тексі негізінен Шығыс Түрік қағанаты жөнінде мәліметтер береді. Сонымен бірге оларда Қазақстан мен Орта Азияның батыс Түріктері тарихының оқиғаларына қатысты маңызды естеліктер бар, оларға талдау жасау тарихи-географиялық, тарихи-саяси және этнографиялық проблемалардың тұтас кешенін зерттеу жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді. Ежелгі Түрік ескерткіштері алдыңғы орта ғасырлардағы Қазақстанның мәселелерін талдап шешуде өте маңызда рол атқарады. Áiðàº, æ¾éåëi ò¾ðäå çåðòòåó, òåê Â. Òîìñåí ìåí Â. Â. Ðàäëîâòû» ò¾ðêi ðóíèêàëûº æàçáàëàðûíû» êiëòií òàïºàííàí ñî» æ¾çåãå àñûðûëäû . Келесі дерек көзіне археологиялық ескерткіштерді жатқызамыз. Ескерткіштерге ғұрыптық және зираттық (жерлеулік) түрлері, тас бетіндегі бейнелеулер (петроглифтер) мен таңбалар жатады. Түрік бабаларымыздың ұлы мұрасын зерттеуде заттай деректердің сырын ашу басты мақсаттардың бірі. Түріктік археологиялық ескерткіштер қуатты өркениеттің болғанын айғақтайтын дерек. Ал тарихи жазбаша деректерге ежелгі орта ғасырлардағы шетелдік тарихшылардың еңбектері жатады.
Түрік қағандығы жайлы деректер тарихнамасы бірнеше бағытта белгілі. Жазба деректер түп негізіне қарай мына бағыттарда белгілі:
- қытай деректері;
- араб-парсы деректері;
- сириялық (византия, грек) деректері;
Тізбектелген жазбаша деректер әр алуан уақытта және әр кездерде жасалған еңбектер жиынтығы. Үш бағытта сипатталған жатжерлік жазбаша деретердің алдыңғысы өз қойнауына мол тарихи қазынаны алып жатқаны анық. Өйткені, Қытай Түрік қағандығын саяси одақтас ретінде таныған ең алғашқы мемлекет және екеуі көрші тұрғандықтан бірде келісе алмай шекісіп қалса, бірде достасып бір-біріне сыйлық жіберіп қатынастарын үзбеген. Атап айтсақ саяхатшы Сыма Цянь, елші Чжан Цянь мәлімдемелері, «Суй әулетінің тарихы» (581-618жж. ), «Тан әулетінің тарихы» (618-906жж. ), «Тун дянь» Ду Юдың тарихи энциклопедисы, «Тайпин Хуаньюй цзи» Юэ ШИ тарихи географиялық еңбегі тектес деректер жатады.
XIX ғасырдың орта шенінде Н. Я. Бичурин (Иакинф) қытай жазба ескерткіштеріндегі түрік тайпалары туралы мәліметтерді шығаруы түркологиядағы көрнекті құбылыс болды. Н. Я. Бичуриннің енгізген деректері әлі күнге ғылыми айналымдағы негізгі деректер топтамасына жатады.
Қазақ зерттеушілерінен қытай деректерін алғаш ғылыми айналымға енгізген Қ. Салғараұлы болды. .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz