Ежелгі Грек тіл білімі
Ежелгі тіл білімі
Ежелгі дәуірде тіл біліміне қатысты алғашқы ой-пікірлер туындай бастады. Алайда бұл түсінік өте баяу дамыды, әрі өрісі, тереңдігі жағынан да тым жұпыны болған. Соған қарамастан сол мәліметтер қазіргі тіл білімінің бастамасы, іргетасы ретінде танылады.
Ежелгі дәуір тіл білімінде ерекше көңіл бөлінген екі күрделі проблема болған. Оның бірі - атау, ат қою теориясы да, екіншісі - грамматикалық өнер проблемасы.
Мұның біріншісінде - зат атаулары қалай пайда болған, атаулардың өздері атауы болған заттармен, құбылыстармен, оқиғалармен қандай байланысы бар? Атаулардың дұрыс я теріс қойылуының қандай мәні бар? Дегендерді сөз етушілер - философтар болған және бұл проблеманы олар философияның ең мәнді саласының бірі ретінде қараған.
Ал грамматикалық өнер теориясы тілді дұрыс қолданудың ережесін, тіл бірліктерінің дұрыс қолдану орындарын, олар қандай ережелерді ұстанғанын сияқты мәліметтерді қарастырды.
Ежелгі дәуір тілі білімдеріне:
:: Ежелгі Қытай тіл білімі;
:: Ежелгі Үнді тіл білімі;
:: Ежелгі Грек тіл білімі;
:: Ежелгі Рим тіл білімі;
:: Ежелгі Араб тіл білімін жатқыза аламыз.
Ежелгі Грек тіл білімі
Ежелгі Грек тіл біліміне қатысты материалдары б. з. д. 5 ғасыр шамасынан басталады. Ежелгі грек тіл білімі Гомердің Илиада мен Одиссея жырларының тілін зерттеуден басталады. Көне заманнан сақталған бұл дастандартілі гректердін сөйлеу тілінен мейлінше алыстап, оларға түсініксіз бола бастаған соң, грек ойшылдары соны зерттеу, айкындаумен шүғылданған.Ежелгі грек тіл білімі екі кезенге бөлініп қаралады. Олар:
1. Философиялық кезең;
2. Филологиялық кезең.
Бірінші кезен б. з. д. 5 -- 3 ғасырлар арасын қамтиды. Бұл -- ежелгі грек тіл білімі қалыптасуының алғашқы кезені. Мұны қалыптастырушылар философтар болған. Олардың қатарында: Пифагор, Эпикур, Фалес, Сократ, Протагор, Диоген, Платон және Аристотель бар. Олар тіл мәселелерін лингвистикалық түрғыда емес, философия тұрғысынан сөз еткен, философияға тәуелді, соның ажырамайтын бір саласы деп есептеген және нақтылы тілдік фактілерге сүйенбей, абстракты болжаулар, философиялық тұжырымдар жасаумен шұғылданған. Бұл бағыт Греция тарихында эллинизм деп аталатын дәуірге дейін сақталды.
Ежелгі грек философтарының тілге қатысты мәселелерден ерекше сөз еткендері -- атаудын табиғаты, зат пен онын атауы арасында қандай байланыс болатыны, тілдің қайдан, қалай пайда болғаны және тілдік грамматикасы мен логика арасындагы қарым-қатынас жөніндегі мәселелерді қарастырған. Героклит бастаған философтар атау заттың табиғатына сәйкес жаратылыстан берілген, сөз -- табиғат туындысы десе, Демокрит бастаған философтар оған қарсы -- зат пен оның атауы арасында табиғи байланыс болмайды, ол екеуінің арасындағы байланыс -- шартты, кездейсок деген тұжырым жасады. Грек философтары арасында болған бұл айтыс Платонның Кратил деп аталатын диалогі арқылы біздің дәуірге жетті.
Демокрит атаулардың жаратылыстан берілген табиғи еместігіне төрт түрлі дәлел айтады. Олар тілдерде бір затты әр түрлі атаумен білдіретін синоним және атауы біркелкі бола тұра әр түрлі мағынаны білдіретін омоним сездердің болуы, сондай-ақ, көптеген заттардың тілдік атауларының болмауы, немесе зат атауларының кейде өзгеріп кететіні -- осылардыц барлығы атаудың зат табиғатына тән еместігін білдіреді деген дұрыс қорытынды жасайды.
Ежелгі грек философтарының тілге байланысты сөз еткен екінші проблемасы -- тілдің шығуы жөніндегі мәселе. Бұл мәселеде олар дұрыс шешімге келе алған жоқ. Олардың бір тобы тілді дыбысқа еліктеуден шыққан десе, екінші бір тобы ертедегі адамдардың езара келісуінен барып шыққан дегенді айтады. Тіл білімінде мұның алғашқысын дыбысқа еліктеу теориясы десе, соңғысы келісім теориясы деп аталады. Бұл екі тұжырымның екеуінің де ғылыми негізі жоқ, бірақ соған қарамастан құнды жағы бар: ол -- тілді құдай жаратты дейтін діни көзқарасқа қарсы оны дүниеге келтірген адамның өзі деген пікірді уағыздауы.
Тіл білімі өз дамуының ең биік деңгейіне Греция тарихында эллинизм деп аталатын дәуірде көтерілді. Бұл -- жыл санауымызға дейінгі 3-ғасыр мен біздің дәуірдің 4-ғасыры арасы. Тіл білімі тарихында грамматистердің Александрия мектебі осы дәуірде қалыптасқан. Бұл кезең Грек тіл білімі тарихында филология дәуірі деп аталады. Оның басты бір ерекшелігі -- грамматикалық ілімнің философияның, логиканың ықпалынан босанып, өз алдына дербес пән ретінде қаралуы еді. Грамматистердің александриялық мектебін қалыптастырып, грамматика ілімін дамудың жоғары сатысына көтерушілер -- Аристрах Самофракийский және оның шәкірті Дионисий Фракийский, Аполлоний Дискол болды. Аристрах тілдегі сөздерді есім, етістік, есімше, артикль, есімдік, предлог, үстеу, жалғаулық деп сегіз топқа бөлген. Дионисий Фракийский негізгі сөз таптарының көптеген грамматикалық категорияларын, Апполоний Дискол синтаксис мәселелерін зерттейді. Дегенмен ежелгі Грекияда морфологияға қарағанда синтаксис аз зерттелген. Александрия грамматиктері тілдің дыбыстық жүйесін зерттеумен де айналысқан. Бірақ бұл мәселеде гректер үнділер жеткен деңгейге жете алған жоқ.Тіл біліміне ежелгі гректер зор үлес қосқанымен олардың әлсіз жақтары болды. Олар:
:: тіл мәселелері алғашқыда философия, логика ғылымдарына тәуелді, соның бір саласы ретінде қаралғандықтан, тілдік категорияларды логикалық категориялармен теңестіріп қарау кейінгі заманға дейін арылмай келді.
:: тілдік категорияның өзгеріп, дамып отыратын тарихи құбылыс екеніне гректер жете мән бермеді.
:: гректер өз тілінен басқа тілдерді тіл деп санамады. Сондықтан олардың зерттеулері бір ғана тіл фактілеріне негізделді. Бұл -- олардың лингвистикалық мәліметтерінің өсуіне, жалпы тілдік теориялық терең түжырымдар жасауларына мүмкіндік бермеді.
Ежелгі Үнді тіл білімі
Үнділерден бізге жеткен зерттеулер б. З. Д. 5 ғасырдан басталады. Үнділердің өте ерте дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған "веда" деп аталатын жазба ескерткіштері (б. З. Д. 6 ғасыр). Олардың ең көне түрі "ригведа" санскритке жатады. Санскрит -- сол кездегі брахмандардың, ғалымдар мен шайырлардың өнделтен, қолданылуы зандастырылып қағидаға айналған, нормативті әдеби тілі. Ол халыктың ауызекі сөйлеу тілі пракритке қарама-қарсы қойылып зерттелген. Үнділер қасиетті, киелі деп санаған бұл "киелі" жырлар тілінде үнділерге мағынасы түсініксіз көптеген сөздер, сөйлемшелер болған. Соларды айқындау және "веда" тілін сөйлеу тілі әсерінен қорғау, оның айтылу мәнерін, беретін түсінігін өзгеріссіз сақтау мақсатымен "веданың" тілін зерттеген. Өз кезі үшін айтарлықтай жақсы, жан-жақты зерттелген мәселелер қатарына ғалымдар фонетика мен морфологияны жатқызады. Бұлар жөніндегі зерттеулер үнділердің атакты лингвисті яска мен панини жазған еңбектер арқылы біздің заманға жеткен. Яска (б. З. Д. 5 ғасыр) "веда" тілінің бес томдық сөздігін жасап, түсінік берген. Панинидің (б. З. Д. 6 ғасыр) жазған "аштадхьян" (грамматикалық ережелердің сегіз бөлімі) деген еңбегінде төрт мындай грамматикалық ереже берілген. Панини "веда" жыры тілінің дыбыстық жүйесін, сөзжасам, сөз өзгерту жолдарын жан-жақты зерттеген. Зерттеушілердің айтуынша, панини еңбегі -- тіл білімі тарихындағы біздің дәуірге жеткен тұнғыш сипаттама грамматика. Ол санскрит тілінің грамматикасы деп те аталады. Мұнда сөздер тапқа, түбірге, түрлі қосымшаларға бөлініп қарастырылған. Үнділер тілдегі барлық сөздерді есім, етістік, предлог, демеулік деп төрт топқа бөлген де, әркайсысының өзіндік ерекшеліктерін жан-жакты сипаттаған. Етістіктің шаққа бөлінуі, есімдерде жеті түрлі септік жалғаудың барлығы, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz